Парсы тілінен енген сөздер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады[1, 3 бет] .

Тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын (өзіндік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазіргі қазақ тілі фонетика, лексикология, морфология, синтаксис, стилистика, диалектология болып бірнеше салаға бөлінгені мен, осылардың барлығының да тексеретіні -сөз[2, 5 бет] .

Сөз-өте күрделі құбылыс. Тілдегі сөздер бір-бірімен дыбыстық ерекшелігі мен құрылым-құрылысы жағынан ғана емес, білдіретін мағынасы жағынан да қилы-қилы. Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз-белгілі бір құбылыстың аты. Сол себептен, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілі мағынасы бар. Өмірдегі заттар мен құбылыстар сөздер арқылы бейнеленіп, сөз мағыналары арқылы топшыланып барып ұғынылады. Бірақ құбылыстар мен заттар тілдегі сөздерге ешбір тәуелсіз дербес өмір сүреді [3, 5 бет] .

Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді[2, 3 бет] .

Жұмыстың нысаны ­ Жазушы Тахауи Ахтанов «Боран»романы.

Жұмыстың мақсатымен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

  • Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
  • Кірме сөздер, сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
  • Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;

Жұмыстың жаңалығы. Бұл жұмыста жазушы Т. Ахтанов “Боран” романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:

  • Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
  • Кірме сөздер, сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
  • Мақал - мәтелдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі анықталды;

Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

Антоним, синоним, омоним сөздердің стильдік қызметі

Антоним

Ғалым А. Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде: «Антонимдер (гректің anti-қарсы, onyma-ат, есім сөздерінен алынған) -тұлғалық жағынан әр алуан, мағыналық құрылымы жағынан бір-біріне қарама-қарсы айтылатын лексикалық бірліктер. Антонимдік парадигма құрылуының мәнісі, оларды бір-бірімен қарама -қарсы қойып салыстыру мүмкін болуы, осыған сәйкес құрамында жұп сөз болуы қажет. Егер пардигмалық қатардағы сөздің бірі болмаса, екіншісі өзі антоним бола алмайды, яғни кез-келген лексикалық бірлік антоним деп танылу үшін, оның қарама-қарсы жұп құрайтын сыңары болуға тиісті. Мәселен, бар-жоқ, аш-тоқ, кел-кет, алға-кейін, аз-көп, азап-рахат, ақ-қара, ақымақ-ақылды т. б. »-деп жазады.

Қазақ тіл білімінде антонимдерді алғаш арнайы зерттеп, сөздігін құрастырған, тілдік табиғатын терең ашып көрсеткен, ғалым Ж. Мусин былай деп жазады: «антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықты мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек екен. Егер олардың бірі мағына қарама-қарсылығы жағынан сәл төмен, не сәл жоғары болса, онда олар антоним бола алмайды».

Тіл білімінде антонимдердің табиғаты құрылымдық, семантикалық және қолданыстық ерекшеліктеріне қарай сипатталады.

Құрылымдық ерекшелігіне байланысты: бір түбірлес және әр түбірлі антонимдер деп бөлуге болады. Бір түбірлес антонимдер -бір түбірге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы негізінде, екіншілік мағынаның пайда болуы арқылы жасалады.

Әр түбірлі антонимдер -әр түрлі түбірдің негізінде жасалады, тіл-тілде көптеп саналады, болмыстағы қарама-қарсы ұғымдардың аталуы әр түрлі таңбалық негізде жасалатындығының өзі танымның бір сипатты белгісі.

Семантикалық ерекшелігіне байланысты: контрарлы, контрадикторлы, векторлы деп бөлінеді.

Қолданыстық ерекшеліктеріне байланысты антонимдерді екіге бөлуге болады: жалпытілдік және контекстік антонимдер»-дейді[4, 102-104 бет] .

Ғалым Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы «Қазақ тілінің стилистикасы» атты еңбегінде: «Көркем мәтінде антонимдер-жалпы адам танымында, оның ішінде дүниені ғылыми және көркем тануда үлкен орын алатын құбылыстар. Өйткені дүниенің құбылыстары, оқиғалары белгілі бір сапаға ие болу үшін, келесі бір өзіне тең жүйедегі нәрсемен салыстырылуы тиіс. Соның нәтижесінде ғана қарама-қарсы ұғым жасалып, ол екі қарама-қарсы ұғым дамудың қарама-қайшылығын танытатын диалектикалық даму жолын көрсетеді», -деп жазады[3, 8-9бет] .

Ғалым Әділбекова Жеңіскүл Қуандыққызы 2007 жылы қорғаған ‟Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықты мағынаның көркем мәтіндегі көріктеуіштік қызметі” деп аталатын кандидаттық диссертациясының авторефератында: « Антонимя құбылысы нақты тілдік жүйеде көрініс тапқанымен, оның қалыптасу себептері адамның ойлау әрекетінің жалпы заңдарымен тікелей байланысты. Логикалық анықтағыш-сөздікте қарама-қарсы ұғымдардың екі түрі көрсетілген: контрадикторлы және контрарлы деп бөліп, антонимге мынадай сипаттама береді:

Антоним сөздер арқылы берілетін қарама-қарсылық ұғымының заңдылықтарын ашу бір жағынан, қарама-қарсы құбылыстардың мәнін ашатын диалектика заңына сүйенуді, екінші жағынан сол тілде сөйлеуші адамның ойлау ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Сондай-ақ, адамзаттың әрекет үстіндегі түрлі қарама-қайшылық процестерін қабылдау қабілеті мен оны жеткізе білу білу тәсілдерін қарастыруды негіздейді»[5, 8-10 бет] .

Найманбай Айнұр Рахымбердіқызы 2010 жылы қорғаған «Антонимдік қатынастардың көркем прозадағы қолданысы (Ғ. Мұстафин шығармалары негізінде) » атты кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Антонимдердің стилистикасы, синтаксистік қызметі кеңестік тіл білімінде ХХ ғасырың 50-жылдарынан бері қолға алынып, зерттеу нысанына айналып келеді. Қазақ тіл білімінде антонимдер алғаш рет ғалым Ж. Мусиннің еңбегінде кеңінен қарастырылған. Бұл ретте ғалымның қазақ тіл білімінде антонимдер теориясының дамуына қосқан үлкен үлесін көрсетіп, ғалымның антонимияға арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе ретінде алғаш назар аударғандығын, қазақ тілінде тұңғыш антонимдер сөздігін шығарып антонимиялық қатынастарды әр түрлі: лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты зерттегенін ерекше атап өткен орынды сияқты. Сондай-ақ антонимия мен қарама-қарсылық мәселесі қазақ тіл білімінде диссертациялық дәрежеде зерттеушілер: С. Төлекованың «Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер» (Алматы, 1974 ж. ), Т. Әбдіғалиеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категория» (Алматы, 1998 ж. ), Ғ. Резуанованың «Қазақ тіліндегі көп мағыналы сөзден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлар» (Алматы, 1999 ж. ), А. Жүсіповтің «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» (Астана, 2004 ж. ) т. б. еңбектерінде қарастырылған» [6, 6 бет] .

Жазушы Т. Ахтанов “Боран” романындағы антоним сөздердің қолданысы

Зат есімге байланысты антонимдер

  1. Қысқыжайылымның мөлшерлеп өлшеп-пішіп қойған (“Боран”, 5 бет) .

Қыс -ең суық жыл мезгілі[ҚТТС, 564 бет] .

Жаз - ең ыстық жыл мезгілі[ҚТТС, 245 бет] .

  1. Қай жердіңотықандай, суықандай, бәрін жатқа біледі (“Боран”, 5 бет) .

От- қызуы аса күшті лаулаған жалын[ҚТТС, 642 бет] .

Су- өзен, көл, т. б. түзетін мөлдір сұйық зат[ҚТТС, 742 бет] .

  1. Жаңыл Қоспанға «Шалдыңұлы да, қызы дабар. Қаламүшжан жөнінде құлақ қағыс қылсайшы», -деп еді (“ Боран ”, 9 бет ) .

Ұл- халық қамын ойлайтын ер азамат[ҚТТС, 857 бет] .

Қыз- ұрғашы жынысты сәби, әйел бала[ҚТТС, 550 бет] .

  1. Мінайдардың Қаламүштен үлкен екіқыз, бірұлыбар (“ Боран ”, 63 бет) .
  2. Аздап бойы жылыған Қоспан оқта-текте қалғып кеткендей, қайсы бір кездеөң мен түстіңарасындағы халге ұшырайды (“ Боран ”, 33 бет ) .

Өң- адамның ұйықтамаған ояу кезі[ҚТТС, 655 бет] .

Түс -ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі көрініс, бейне[ҚТТС, 835 бет] .

  1. Күндізқасына жақындауға арланып, түндекеліп қол салатын жігіттер (“ Боран ”, 26 бет ) .

Күндіз- түнге қарама-қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы[ҚТТС, 430 бет] .

Түн- тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы[ҚТТС, 833 бет] .

Үстеуге байланысты антонимдер

  1. Қасболаттың Қоспанға деген ықласыүйдеғана еместүздеде мол (“ Боран ”, 5 бет ) .

Үй- адам тұратын баспана[ҚТТС, 866 бет] .

Түз- үйден сырт жер дала[ҚТТС, 829 бет] .

  1. Бірақ қылшық жүнінің арасына ызғарлы жел кеулеп кірген қой бүрсеңдеп, боранға қарсы беттей алатын емес, алдыңғыларыбүйірлеп, шегіншектеп тұрып қалады да, кейінгілерітопырлап соларды ықтайды (“ Боран ”, 7 бет ) .

Алдыңғы -бірінші кезектегі, алдағы[ҚТТС, 40 бет] .

Кейінгі- арт жақтағы, соңғы, артттағы[ҚТТС, 362 бет] .

  1. Ұйтқыпалды-артынораған қараңғылық бірде бозамық тартып, қайта түнеріп тереңіне тарта береді (“ Боран ”, 18 бет ) .

Алды -арты- бір нәрсенің бас аяғы, бар болғаны[ҚТТС, 41 бет] .

  1. Әрі - беріденсоң көзі қарауытып, барлық қой бір тұтас толқынға айналып, соның бір жағын шегерсе екінші жағы басып бара жатқандай елестейді (“ Боран ”, 40 бет ) .

Әрі -әрмен қарай, әрі таман[ҚТТС, 91 бет] .

Бері -әрі сөзіне қарама-қарсы, бермен, жақын, жуық, таяу[ҚТТС, 127 бет] .

  1. Артышыңырау құз, алдынанқұлап әрменжатқан ауыр салмақ - қыбырлап жылжып келе жатқан қалың нөпір, Қоспан бар нәрменің салп тіресе де сүйемдеп жарға қарай ығыстырып келеді (“ Боран ”, 40 бет ) .

Алды- белгілі бір нәрсенің қарама-қарсы жағы[ҚТТС, 40 бет] .

Арты- белгілі бір нәрсенің қарсы жағы[ҚТТС, 58 бет] .

  1. Көкжиек кеңіп, алыс-жақыныайқындала бастады (“Боран”, 102 бет) .

Алыс- қашық, ұзақ[ҚТТС, 44 бет] .

Жақын- арасы алыс емес, таяу[ҚТТС, 253 бет] .

Етістікке байланысты антонимдер

  1. Су алып берген, қазан астына от жағыпкіріп - шығыпжүрген әйелдер бәрі де бірнірседен үріккендей, ұрланып аяғының ұшымен басады(“Боран”, 13 бет) .

Кіру -ену, келу, бару[ҚТТС, 438 бет] .

Шығу -шығып кету, кетіп қалу[ҚТТС, 932 бет] .

  1. Үйгекірседе, сыртқашықсада, сайрап жатқан Қоспанның ізі (“Боран”, 13 бет) .
  2. Міне биыл бір күнашылып, бір күнжауып, алысқа аттатпай қора маңын тақырлатып кетті (“Боран”, 9 бет) .

Аш- жабылған, бекітілген нәрсені ашыққалыпқа келтіру[ҚТТС, 75 бет] .

Жап-бір нәрсені ашық қалдырмау, бекіту [ҚТТС, 268 бет] .

  1. Ертеңнен кешке дейінжүк тиейді, жүк түсіреді(“Боран ”, 18 бет ) .

Тие- жүк пен басқа да ірілі уақты затты арба-шанаға, машинаға арту, салу[ҚТТС, 802 бет] .

Түсірулі- жоғарыдан түсіріліп қойған, түсіп тұрған[ҚТТС, 836 бет] .

Сын есімге байланысты антонимдер

  1. Ақдаланы жапқанқарабұлт жоғары көтеріліп түсі күлгін тартып реңі жұмсарған (“Боран ”, 101 бет ) .

Ақ- сүттің қардың түсіндей аппақ түс[ҚТТС, 75 бет] .

Қара- көмірдің, күйенің түсіндей аққа қарама-қарсы түс[ҚТТС, 477 бет] .

Қорыта айтқанда, Т. Ахтанов “Боран” романы тілін талдау барысында 17 антоним сөз теріліп, талданды. Әр антоним сөздер сөз таптарына байланысты жеке топтарға топтастырылып, мағыналары ашылды.

Синонимдер

Тілімізді байытатын, сөздік қорымызды молайтып, тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі-синонимдер. Синонимдерді жан-жақты зерттеп, құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікірлеріне мысал келтіретін болсақ. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылады, өйткені кез келген суреткер өз ойын жеткізуде мағыналы сөздер арқылы береді. Кез келген ақын, не жазушы шығармасында бір сөздің бірнеше синонимін қолдана отырып, көркем әдебиеттің тіл байлығын, көріктілігін, мәнділігін ұғындыра отырып, жеткізуге тырысады. Мұндай сөздер, яғни, синонимдер-әсіресе, поэзия тілініңм қажетті бір құралы болып саналады.

Профессор Р. Сыздықова синонимдердің көркем сөзде қолданылуына байланысты былай дейді: «Синонимдер-тек мағыналас келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стилдік құрал. Синонимді көріктеуіш қызметте жұмсау, әсіресе поэзияда кең орын алады. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан: синонимдік қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта т. т. ) айтылмақ ойға ұтымды келетін варианты алынады, ол ұтымдылық сөздік модальдық реңкіне, тіркесу қабілетіне, айналасындағы сөздер мен дыбыстық үндесуіне қарай жұмсауына байланысты» [3, 7бет] .

Ғалым А. Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Синонимдік парадигмаға енетін атаулардың ішкі мағыналық құрылымындағы арнай семалар типтеріне байланысты: сөздің мазмұндық мәнін анықтайтын семалар, эмоционалды-экспрессивтік мән білдіруші семалар, стильдік мән көрсетуші семалар болып бөлінеді. Атау мазмұнының құрамындағы осы семалар синоним сөздердің әр түрлі болып бөлінуінің басты шарты ретінде қызмет атқарады. Осы қасиетіне байланысты синоним түрлері оқулықтарда: мағыналық синонимдер, стильдік синонимдер, мағыналық-стильдік болып үшке бөлінеді.

Мағыналық синонимдер -болмыстағы заттар мен құбылыстардың ерекше номинативтік белгілерін, аздаған ерекше мағыналық реңін таңбалау үшін, ойды анық, нақты білдіру үшін жұмсалатын сөздер.

Стильдік синонимдер сөздердің белгілі бір стиль түріне қарай қолданысы арқылы анықталады. Синонимдік қатарға енетін сөздердің бірі тек ғылыми стильге, бірі қарапайым сөйлеу тіліне, немесе көркем әдеби стильде жұмсалуы мүмкін.

Мағыналық стильдік синонимдердің ерекше семаларында эмоциялық-экспрессиялық коннатациялық мағына мол болады. Синонимдердің лебіздегі қолданысы күрделі, тілді меңгерудің қиындығы да осы синонимдерді қолданудан анық байқалады» [4, 95-96бет] .

Ғалым Бегалиева Ляззат Бегалиевна өзінің «Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат атаулары бойынша) » атты кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш терең зерттеген, синонимге толық анықтама берген, жүйелі зерттеген ғалымдардың бірі - Ә. Болғанбаев. Ол синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналарын, олардың қолданылу дәрежесіне байланысты бөлінген. Тіліміздегі жалпы синонимдердің тұлғалық, мағыналық, функционалдық қызметтеріне орай бөлінген белгілері осындай. Ғалымның қолтаңбасы ізімен қазіргі қазақ тілі оқулықтарындағы лексикология бөлімдерінде синоним сөздердің ғылым анықтаған баста-басты мағыналық айырмашылықтарын профессор Б. Сағындықұлы таразылап көрсетеді:

1. Синонимдер мағыналық аясы жағынан бір- бірінен жоғары -төменді, артық кем болып ерекшеленеді.

2. Синонимнің біреуінің мағынасы тар, екіншісі кеңірек болады.

3. Синонимдер бір бірінен мағыналарының аз-көбіне қарай да ажыратылады. Яғни синонимдік қатардың бір сыңары көп мағыналы болса, екінші сыңары бір мағыналы болып келеді.

4. Синонимдер мағыналарының деректі немесе дерексіз болып келіп дәрежесіне қарай бір -бірінен ерекшеленеді.

5. Синонимдердің сөз тудыруға қабілетті не қабілетсіз болып келуіне байланысты өзгешеленді[7, 6 бет] .

Ғалым Зекенова Шолпан Зекеновна өзінің «Омоним және синоним мағыналы бейвербалды амалдардың эмотивті-коммуникативтік сипаты» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Тілші-ғалымдар Ғ. Қалиев пен Ә. Болғанбаев: «Синонимдер тілдің кемеліне келіп, қаншалықты жетілгендігін, оның образдылығы мен дамығандығын көрсететін көрсеткіш деп есептейді. Адамның ойлаған ойын, көңіл -күйі мен көзқарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет атқарады. Олар белгілі бір ойды тоғыз саққа жүгіртіп, тілді соншама оралымға келтіреді», -дей келе, синонимдерді қолданудың негізгі тәсілдерін көрсетеді. Осы тәсілдерді негізге ала отырып, бейвербалды снионимдердің мәнмәтініндегі қолданысы төмендегідей анықталды:

  1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған мәтінде бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады.
  2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайластырылып та кете береді.
  3. Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним қатарма қатар қолданылады.
  4. Синонимдердің жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та қолданатыны сияқты, қосарлап та пайдаланылады.
  5. Мағыналы екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейту үшін қолданылады. Мұндай сөз қолданысы тіл білімінде плеоназым немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
  6. Синонимдер жеке сөздер ғана емес, фразалық тіркестерде де жиі ұшырасады.
  7. Синонимдер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, бір -бірімен араласқан күйде де жұмсалады.
  8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі -парафраза. Бұл сөздің мәнісі-жеке сөздің орнына оның түсінігін сипаттап беру[8, 15-16 бет] .

Жазушы Т. Ахтанов “Боран”романындағы синоним сөздердің қолданысы мынадай:

Мағыналық синонимдер

  1. Қоспанға дегенде ұлық басын кішік етіп, ықлас, ілтифатетумен келеді (“ Боран ”, 4 бет ) .

Ықлас, ілтифат - Бір нәрсеге істеуге ұмтылушылық, бейіл қоюшылық [ҚТСС, 616 бет] .

  1. Соңғы он-он төрт жылдан бері қой соңында келе жатқан Қоспан бұл тіршіліктің тәсілінежетіліп, машықтаныпалған еді (“Боран ”, 5 бет) .

Жетіліп, машықтанып - Өсіп, дамып қатарға қосылу[ҚТСС, 260 бет] .

  1. Табиғатпен бірге қатқыл көңлі жібіп, жаны бусанып, көкірегінүнсіз, дыбыссызкүй кернейді (“ Боран ”, 6 бет ) .

Үнсіз, дыбыссыз - үн шығармай, дыбысын білдірмеу [ҚТСС, 588 бет] .

  1. Тағы да қойны суықжалғыздық, жетімдіккеле жатты . . . (“Боран”, 16 бет ) .

Жалғыздық, жетімдік - Жалғыздық, дара қалушылық [ҚТСС, 238 бет] .

  1. Үйдің ішіндегі әр заттықағып-сілкіпсығырайған терезенің алдына кеп үңіле қарап екі төбе қып үйіп жатыр (“Боран”, 16 бет ) .
  2. Қару-жарағы, киім-кешегінеқылау түсірген жоқ, қанша жорықта жүргенде ыстық тамағын тоңазытып көрген емес (“Боран”, 46 бет ) .

Қару-жарақ - құрал - сайман керекті құрал[ҚТСС, 355 бет] .

  1. Азап-мехнаттыңбәрі артта қалды ғой (“Боран”, 105 бет ) .
  2. . . . Ағайын-туғандарынаралап мауқын басып келгесін Қоспан қызметке тұруға бұрын өзі істеген ауаткомге барды. (“Боран”, 141бет ) .

Ағайынды, ағайындас, аталас, әулеттес, бауырлас, қандас, туыстас рулас. Негізінен бір-бірінен қыз беріп, қыз алыспайтын туысқандық қарым-қатынас. [ҚТСС, 152бет] .

  1. Осы бір дозақ түндеқауіп-қатер, азап-мехнатпен қоса ауыр-ауыр ойлар кешті. (“Боран”, 204 бет ) .

Қауіп-қатер- тосыннан кездесетін қиындық, қорқынышты жағдай. [ҚТСС, 360 бет] .

Стильдік синонимдер

  1. Биыл кысаумалы, төкпеліболып, қойын ұзатып әкете алмай жақын төңіректі шиырлап тастап еді (“ Боран ”, 3 бет ) .

А умалы, төкпелі - тұрақсыздық [ҚТСС, 92 бет] .

  1. Егер екі достың арасысынып, жарылыпбарып кайта жалғасса - бұрынгыдан бетер жымдасып кететін кезі болады (“ Боран ”, 4 бет ) .
  2. Содан кейін шанағаазық-түліктиеп, артынан Қаламүш келеді (“Боран”, 6 бет ) .
  3. Осындай жан ұшұрған алас-қапастаүзіліп-жыртылыпқай-қайдағы ойлардың ұштығы елестейді (“ Боран ”, 10 бет ) .
  4. Оларды ілгері жылжытайын деп атпен омыраулай бергенде, тұтасып, ұйысыптұрған қой қақ жарылып кейін қарай лоқси жөнелді (“ Боран ”, 13 бет ) .
  5. Ел-жұртқатын - бала мұхиттың арғы бетіндей алыста қалды

(“ Боран ”, 115 бет ) .

7. Дүние-мүлік, киім-кешек, қонақ-қопсы бәрі Сәбираның мойнында.

(“ Боран ”, 45 бет ) .

8. Қасболат Сәбираны мына үстіндегі үйінен, осы үйдегі бап пен күтім, дүние-мүлкінен ажыратып көрген емес. (“ Боран ”, 45 бет ) .

Қорыта айтқанда, Т. Ахтанов “Боран” романы тілін талдау барысында 18 синоним сөз теріліп, талданды. ‟Қазақ тілінің синонимдер сөздігін” пайдалана отырып әрбір синоним сөздердің мағынасы ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді.

Омонимдер

Омонимдер -(гректің homos-бірдей, onyma-ат сөзінен алынған) тұлғасы бірдей, мағынасы мен мазмұны мүлде бөлек сөздер. Омоним сөздер әртүрлі ұғымдарды бір дыбыстық таңбамен белгілейтін тілдік бірліктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОҢҒОЛ ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
Қазақ және түрік тілдерінде қолданылатын ортақ кірме сөздердің мән-мағынасы, атқаратын қызметі және түп-төркіні
Түркі тілдерінен енген сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздер
Араб тілінен енген діни сөздердің лексикасы
Кірме сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Араб тілінің қазақ тіліне әсері
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz