ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Ұлпа (немесе ткань) дегеніміз -тарихи қалыптасу барысында бірыңғай
жасушалардан және туынды заттардан түзіліп, өзіне тән морфологиялық және
биохимиялық қызмет атқаратын дене бөліктері.
Адам ағзасындагы ұлпалар кұрылысы және қызметіне қарай: эпителий
ұлпасы, ішкі орта ұлпалары, бұл шыкет ұлпалары және жүйке ұлпалары деп төрт
топка бөлінеді. Бұла ағзаның эмбриогендік дамуы кезінде ұрықтың үш
жапырақшаларынан (қатпаршақтарынан) пайда болады.
Эпителий ұлпасы. Бұл ұлпа эпителийлі жасушалардан түзіліп, дененің
сыртқы және ішкі ортамен шектелетін беттерін қаптап жатады, сондықтан оны
шеқаралық ұлпа деп те атайды. Мысалы, денедегі іші қуыс мүшелерді (ішек,
қарын, қан тамыр-лары және т.б.) астарлап, ағзаның сыртқы жағьн қаптап,
корғаныш және өнім шығару қызметін атқарады. Терінің үстіңгі түлейтін
қабаты тығыз болғандықтан, тереңірек орналасқан жасушаларды қорғайды. Ал
ішек түтігінің ішкі кілегейлі қабырғасын астарлайтын эпителий ұлпалары
тағамның қатты бөлшектерінің әсерінен ішектің жарақаттануынан, ауру
қоздырғыш бақтериялардың ішкі ортаға енуінен сақтайды. Демек, ішек
эпителийі "тамақтандыру" қызметін атқарады, яғни қорытылған ас қанға
эпителий арқылы сорылады. Тіршілік әрекетіне қажетті заттарды бөліп
шығаратын да эпителий жасушалары бар. Олардың әсерінен бөлінген заттарды
өнім (секрет), ал өнім бөлетін жасушаларды без немесе өнім жасушалары.
(секреторлы жасушалар) деп атайды. Сөйтіп эпителий ұлпаларының маңызды
қызметтерінің бірі — өнім (секрет) бөлу.
Эпителий жасушалары белгілі бір бағытта жетілген жасуша, сондықтан да
олар бөліне алады. Олар бөліну арқылы жасушалар тобын немесе қабаттарын
түзеді. Сөйтіп эпителий жасушалары үнемі осылай жаңарып отырады.
Жасушалардың, әсіресе ағза сыртында (теріде) орналасқан тобы үшін мүндай
касиеттің манызы ете зор. Осы қасиетке байланысты тері түлеп, жарақаттанған
кезде калған жасушалар қайта өсіп жетіледі. Эпителий ұлпасы дәнекер
ұлпасымен қабаттасқан кезде олардың аралығын жарғақша (мембрана) бөледі,
сондай-ақ эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасын тығыз байланыстырып тұрады.
Дәнекер ұлпасынан қан ішкі жарғақша арқылы эпителий ұлпасына жетеді.
Эпителий жасушаларының қарама-карсы жақтары болады, сондықтан орналасуына
байланысты жасушаның сыртқы (апикальды) және ішкі (базальды) бөліктері
айкьн көзге түседі.
Эпителий ұлпасының пішіні мен қабаттар саны олардың қай мүшелерде
орналасуы мен қызметіне қарай бөлінеді: бір және көп қабатты больш келеді
(18-сурет). Бір қабатты эпителийдің жазық, аласа призмалы және биік
призмалы болып бөлінеді.

18-сурет. Шеқаралық (эпителий) ұлпасы:
а — бір қабатты жұмыр эпителий; б — бір қабатты текше тәрізді эпителий;
в — бір қабатты жазык эпителий; г — көп қабатты эпителий.
Жазык эпителий. Мұндай эпителий кейбір мүшелердің ішкі қабатын (өкпе
альвеолдарының ішкі бетін, дене қуысын) астарлайды және көп бүрышты
жасушалардан құралады.
Аласа призмалы эпителий. Мұндай эпителий коптеген бездердің сыртқа
шығарғыш түтіктері мен бүйректің зәр жинау түтіктерінің қуысын астарлап
жатады, мұндағы жасушаларының биіктігі мен ені бірдей.
Биік призмалы эпителий. Мұндай эпителий ішек-қарынның және басқа да
кейбір мүшелердің қуыстарын астарлайды, бұл жасушалар басқа-лардан
биігірек, торт, алты қырлы призма тәрізді больш келеді.
Кейбір қабатты эпителийлер пішні мен биіктігі әр түрлі жасушалардан
түзілген коп қатарлы эпителийден құралады. Мұндай эпителийде призма тәрізді
жасушалар үстіне ала орналасады да ұршык тәрізді немесе сүйірленіп
сұғынып жатады. Олардың биіктігі бірдей болмағандықтан, ядролары әр түрлі
деңгейден көрінеді. Көп қатарлы эпителийлер көптеген мүшелердің — тыныс
жолдарының, аналық жыныс мүшелерінің зәр шығару түтігіндегі қабырғасын
астарлайды. Жұлынның орталық түтігін, тыныс жолдарын және жатырдың
кілегейлі қабықшасын және т.б. астарлайтын бір қабатты эпителийлер және
жасушасының сыртқы бөлігінде кірпікшелері болатын эпителийлер де болады.
Көп қабатты эпителийдің екі тобы: көп қабатты шағын эпителий жене көп
қабатты призмалы эпителий бар. Терінің үстіңгі қабатын, ауыздың,
жұқткыншақтың және қынаптың сілемейлі қабықшасын көп қабатты шағьн эпителий
астарлап жатады. Kөп қабатты призмалы эпителийдің пішіндері алмұрт тәрізді,
олар басқа қабаттарда (көздін; дөнекер ұлпасыньщ қабықшасында) болады.
Қызметіне қарай тері корғаныш және қоректену (трофикалық) эпите-
лийлерге жіктеледі. Эпителий ұлпасының өнім бөлетін жасушаларын безді
эпителий дейді. Анығырақ айтқанда, құрамында белгілі бағытта жетілген
жасушалары, әр түрлі заттары бар сұйықтық өндіріп, оны бөліп шығаратын
эпителийлер — безді эпителийлер. Егер бөлінетін зат ағза үшін пайдалы
болса, оны өнім (секрет) деп, зиянды болса, бөлінді (экскрет) деп атайды.
Аскорыту сөлі, сілекей, бауыр өті, майлы түзілістер, гормондар, және
басқа заттар өнімдерге жатады. Тер, зәр қышқылы т.б. бөлінді болып
табылады. Безді эпителийден "без", деп аталатын арнаулы мүшелер түзіледі.
Без бір немесе бірнеше жасушадан бөлінуі мүмкін. Ішек эпителийінің
құтыша тәрізді жасушалары бір жасушалы бездерге жатады. Сілекей безі, ұйқы
безі тәрізді арнаулы түтігі бар без мүшелері көп жасушалы без болып
табылады. Бездердің қай-қайсысында болса да өнімді жасушалар бөліп
шығарады. Өнімнің бөлініп шығуына қарай бездер үш топка бөлінеді.
Олар: бұзылмайтын (мерокринді), қалпына келетін (апокринді) және
жойылатын (голокринді) бездер деп аталады.
Бұзылмайтын немесе мерокринді бездер. Мұнда жасушаның цитоп-лазмасын
бұзбай өнім түзіледі де, ол құбылыс қайталанып отырады. Ішек бездері —
бұзылмайтын бездер.
Қалпына келетін немесе апокринді бездер. Мұндағы өнім жасушаның үстіңгі
бөлімі мен цитоплазма бөлімдерінің бұзылуы арқылы пайда болады. Алайда
жасуша цитоплазмасы тез қалпына келеді, өнімнің жинақталуы қайталанып
тұрады. Адамда сүт және тері бездері осындай қалпына келетін бездерге
жатады.
Жойылатын немесе голокринді бездер. Өнім ядро мен цитоплазманың
бұзылуынан түзіледі, сөйтіп без жойылып кетеді. Тереңірек қабатта жатқан
шел қабықшалы заттардан өсіп жетілетіндіктен, без жасушалардың үстіңгі
жағында бұзылады.
Сөйтіп, бұзылмайтын және қалпына келетін бездерде өнімді бөліп шығару
жиірек қайталанатын болса, жойылатын бездердің жасушалары өнімді бірақ рет
бөліп шығарады.
Дәнекер ұлпасы. Бұл ұлпа сыртқы ортамен тікелей байланыспай, ішкі
ортаның бір қалыпты жұмыс істеуін сақтап, коректік, қорғаныштық, тіректік
және т. б. қызметтер атқарады. Дәнекер ұлпасы ішкі орта ұлпаларына жатады,
өйткені олар ағзаның, ішкі бөлігінде орналасады. Олар: қан, сарысу, болбыр
дәнекер ұлпалары, торлы ұлпа, бояу (пигмент) ұлпасы, май ұлпасы, тығыз
дәнекер ұлпасы, серпімді ұлпа, шеміршек және сүйек ұлпасы.
Ішкі ортада орналасқан ұлпалар (дәнекер ұлпасы) эпителий ұлпаларымен
салыстырғанда құрылыс жағынан ерекше. Дәнекер ұлпаларының жасушаларында
аралық заттар күшті дамиды.
Сырттай қарағанда құрылыс қатты сүйек пен сұйық қалыптағы қанның
арасында жалпы ұқсастықты болуы мүмкін емес тәрізді. Алайда бұл ұлпалардың
пайда болу тарихының қызметі мен морфологиясына зер сал. Үңілсек, олардың
біртұтас топқа жататыны айқын байқалады. Мезенхима ортаңғы ұрық қабатынан —
мезодермадан, ал барлық дәнекер ұлпалары мезенхимадан пайда болады,
сондықтан да дәнекер ұлпалары ешқашан жалпы қабат түзе алмайды, оның үстіне
бұл топтағы ұлпаларда жасуша аралық заттардың мөлшері көп болады да
жасушалар сирек орналасады.
Ұрықтык қабаттардың арасы мезенхимаға толып, ішкі зат қызметін атқа-
ратын ортаға айналады. Алайда мезенхима ұрықта үнемі біркелкі болмайды, ол
дереу ұлпалар мен мүшелерді өзара байланыстыратын зат түзуші бөлім-дерге
бөліне бастайды. Сөйтіп мезенхимада коректік (трофикалык) және тіректік
(механикалык) қызмет пайда болады. Осы қасиеттеріне байланысты дәнекер
ұлпалары, жоғарыда аталғандай, бірнеше түрге бөлінеді. Сүйек пен шеміршек
тірек қызметін атқарса, қан — коректендіру (коректік зат тасымалдау)
қызметін атқарады.
Шеміршек ұлпасы. Ересек адамдарда шеміршек сүйек буындарының бетін
қаптап, қабырткалардың үштарын, кеңірдекті, жұтқыншақты, ауатамырлы және
құлақ қалқанын құрайды. Шемірпіек ұлпасының құрамындағы негізгі зат пен
аралық заттар өте тығыз болғандықтан, шемір-шекке қан тамырлары өте
алмайды, сондықтан ол шеміршек үсті (регісһо-ndrium) арқылы шашыранды
(дифузиялы) жолмен қоректенеді. Шемір-шектер аралық заттың құрылысына
байланысты жылтыр, серпімді және талшықты шеміршек болып үшке бөлінеді.
Жылтыр (немесе гиалинді) шеміршек. Бұл — шеміршек ұлпаларының ең
негізгі, көп тараған түрі. Жылтыр (немесе гиалинді шеміршектің тығыз,
серпімді және мөлдір болатыны белгілі, оны сүтқоректілердің ересек
ағзаларынан буындардың бетінен көре аламыз және қабыртқалардың ұштары,
кеңірдек және т.б. мүшелер сондай шеміршектен құралады (19-сурет).

19-сурет. Жылтыр (гиалинді) шеміршек:
1 — шеміршекүсті жасушылары; 2 — шеміршек жолақтарының арасындары
жасушалары; 3 — негізгі заттары.
Серпімді шеміршек — жылтыр шеміршекке қарағанда солғындау, сары түсті.
Мұндағы серпімді талшыктар заттың базафильді бөліктеріне таралып, соларды
торлап жатады. Құлақтың қалқаны, кенірдектің кейбір шеміршекті сақиналары
серпімді шеміршектен құралады (20-сурет).

20-сурет. Серпімді шеміршек:
1 — шеміршекүсті жасушалары; 2 — шеміршек жасушалары; 3 — негізгі
заттан серпімді жіпшелері.
Талшықты шеміршек. Шеміршектің бұл түріндегі негізгі заттың коллагенді
талшықтары шоғырланып жатады. Оның жылтыр шеміршектен негізгі айырмашылығы
осы. Талшықты шеміршек жылтыр шеміршекке немесе қалыптасқан дәнекер
ұлпасына ауысқыш келеді, омыртқааралық байланысқа талшықты шеміршекте
қатысады (21-сурет).

1 — коллогенді жіпщелер; 2 — серпімді жіпшелері; 3 — мақрофагтар; 4 —
фибробластар.
Торлы ұлпа. Бұл ұлпа құрылысы жағынан мезенхимага ұқсас болады. Торлы
ұлпаның жасушалары жұлдыз тәрізді өсінділері арқылы бірімен-бірі жалғасып
жатады. Қан жасайтын мүше — көкбауыр (талақ), сарысу түйін-дері (түйін
бездер) және жілік майының негізі торлы ұлпадан құралады. Торлы ұлпа кейбір
тамырлардың эндотелийімен қосылып, торлы ұлпалы-эндотелийлі жүйе түзеді,
бұл жүйенің физиологиялық, яғни ағзаны дерттен қорғауда маңызы зор (23-
сурет).
Май ұлпа. Домалақ пішінді, ядросы жасушаның шетін ала орналасатын,
болбыр дәнекер құрамындағы май жасушаларынан түзілетін ұлпа — май ұлпа. Май
ұлпасы, әсіресе шелге, бүйрек маңьна жиналады (24-сурет).
Бояу немесе пигментті ұлпа.
Ұлпаның бұл түрі цитоплазмасында бояуы бар жасушалардан түзіледі. Олар
көз алмасының тамырлы қабатында, түстіқабатта, ен калтасы төңірегінде,
бөтек аймағында, сүт бездерінің емізік ұшы төңірегінде және т. б.
орналасады (25-сурет).
Тығыз дәнекер ұлпа. Бұл ұлпаның ерекшеленген және ерекшеленбеген екі
түрі болады, бұлардың аралығында болбыр ұлпа орналасады. Тығыз дәнекер
ұлпаның ерекшеленбеген түрі болбыр ұлпа тәрізді жүмсақ та серіпімді болады.
Ал ерекшеленген түрі тығыз әрі қатты қос қатардан тұрады. Тырыз дәнекер
ұлпадан будалар мен шандырдың қабықшалары түзіледі (26-сурет).
Серіпімді ұлпа. Құрамында қоймалжың зат пен серпімді талшықтар көп
болғандыктан, созылып, қайтадан қалпына келе алатын ұлпа. Серіпімді ұлпа
тығыз дәнекер ұлпасына ұқсас. Ол қан тамырларының қабырғасында (әсіресе
қолқада) және т. б. болады.
Бұлшықет ұлпасы. Жиырылып, қысқара алатын көлденең жолақты, бірыңғай
саланы және жүрек бұлшыкеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы
адамның еркіне қарай, ал бірыңгай салалы және жүрек бұлшықеттерінің
ұлпалары өздігінен жиырылып, босаңсиды. Аталған бұлшықет ұлпаларының
қызметінің нәтижесінде адам козғалып жүре алады және ішкі мүшелер мен қан
тамырлары жиырылып, созылады.
Бұлшықеттер ұлпасының қызметі өзін құрайтьн жіп тәрізді
миофибриллаларзға байланысты. Әрбір миофибриллардьщ жуандап , қыскаруы
және жіңішкеріп ұзаруы арқылы жіп тәрізді талшыктар қажетті қызметін
атқарады.
Бірыңғай саласы бұлшықет. Пішіні ұршық тәрізді сопақшаланып созылған
бірыңғай салалы бұлшыкет жасушаларынан бірыңғай салалы бұлшықеттер
түзіледі. Бұлар тек кейбір мүшелерде, мысалы, қуыктың қабырғасында
жасушалар тармақтанып, тармақшалары біріне-бірі косылып, тұтас талшыққа
айналады.
Біріңғай салалы бұлшыкет омыртқаларда, теріде және ішкі мүшелерде
болады. Ішек, өңештің ортаңғы бөлігі жатыр, несеп шығару түтікшелері,
бездер мен тамыр жүйелері (жүректен баска) бірыңғай салалы бұлшықеттен
құралады. Өте сирек орналасатын жасушалары бар, әр түрлі тереңдікте
шоғырланған бірыңғай салалы бұлшыкеттердің жасушалары бірінің кеңейген
бөлігіне екінісінің жіңішке бөлігі сәйкес келіп, біріне-бірі жалғасып
жатады (27 -сурет).
27-сурет. Ішек қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет: а — бұлшықет
жасушалары ұзына бойына қарай қыркылган; б— бұлшықет жасушалары көлденен
қиылғандағы көрінісі.
Бірыңғай салалы бұлшыкет зақымданған жағдайда бастапқы қалпына келе
алады. Ондайда ерекшеленбеген дәнекер ұлпаларының есебінен мезенхималык
туынды ретінде жаңа жасушалар түзіледі.
Көлденең жолақты бұлшықет. Бұлар жасушалардан емес, біріне-бірі
сабақталып және тез бөлінетін бұлшықет талшықтарынан құралады. Талшықтардьң
ұшы доғал, жиегі тегіс, жалпы көрінісі жұмырланып келеді
Көлденең жолақты бұлшықет бірыңғай салалы бұлшықеттен гөрі шапшаң да
күшті жиырылады, бірақ тез шаршайды. Қаңқаның қалың бұлшыкеттері, тіл, көз,
жұткыншақ, өңештің жоғары бөлігі, көмекей бұлшыкеттері көлденең жолақты
бұлшықеттен құралады.
Зақымданған көлденең жолақты бұлшықет тек төменгі сатыдағы омыртқалылар
— балықтар мен амфибияларда ғана қайтадан толық қалпына келе алады
(регенарцияланады). Сүтқоректілерде де регенерация кұбылысы байкалады,
бірақ толық дәрежеде өтпейді, мұның нақтылы себебі күні бүгінге дейін
бәймәлім болып отыр.
Жүрек бұлшықеті. Мұнда бұлшықет талшықтары шоғырланбай, тармақтанып,
тармақтардьң ұштары бірімен-бірі жалғасу арқылы тор түзеді. Сөйтіп жүрек
бұлшықеттерінің талшықтары бір жерде біріне-бірі тығыз екінші жерде сирек
орналасады да аралықтарына дәнекер ұлпалар толады. Жүрек бұлшықеттерінің
бір ерекшелігі — бұлшықет талшықтарында көлденең сызаттардың болуы.
Ал сызаттар миофибриллолар тобын әр түрлі деңгейде қиып өтеді, алайда
олардың атқаратын қызметі әзірге беймәлім. Мұндай сызаттар картайған сайын
көбейе түседі, сірә сызаттар бұлшықет талшықтарын жасушалар орынға бөлетін
болса керек.
Жүрек бұлшықеттері қаңка бұлшықететеріне ұксас болғанмен құрылысы өте
күрделі. Жүрек бұлшықеттерінде де бұлшықет талшықтарының саркоплазмалык
ядрось қанка бұлшықеттеріяікіндей, мүнда ді миофибриллалар етеді. Жүрек
бұлшықеттерінде миофибрилде; талшыктың жиегіне жақын орна ласады жене
ядросы орталыкт болады. Мүны "Жүрек бұлшықетіні күрылысы" деген тақырыпта
толығырақ оқып-танысасыздар.
Жүйке ұлпасы. Жүйке жүйесіні қүрылысы өте күрделі, сыртқы
тітіркендіргіштерді кабылдауға жәі: оларды ағзаға өткізуге бейімделген
ұлпалардан құралғандықтан, жүйі жасушасы жүйке жүйесінің негіз құрам бөлігі
больш табылады. Жүйке жасушасы тармақталады да сол тармақтары арқылы
мүшелерді бірімен-бірін және орталык жүйке жүйесімен байланыстырып тұрады.
Сондыктан жүйке жүйесімен танысу үптітт жеке жүйке ұлпасын біліп алған жөн.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушасы — нейроннан (грекше: neuron — жуйке) және
соған косымша нейролгиядан (грекіие: glia—желім) құралады. Жүйке жасушасы
жүлдыз алмүрт пішіндес болып келді. Атқаратын қызметіне байланысты жүйке
жасушасы козғаушы немесе моторлы және енім бөлетін (секреторлы) жасушаларға
бөлінеді.
Нейрон. Тітіркендіргіштердің өрекетін қабылдап, оны ұқсату арқылы
дененің әр түрлі мүшелеріне немесе нейрондарына өткізетін, белгілі бір
бағытқа бейімделген жүйке жасу-шалары нейрон деп аталады. Нейрон-дардан
жүйке жүйесінід орталықтары және ұштары бар жүйелі мүшелер құралады. Бір
нейроннан екінші нейронға лүігіл өсерінщ өтуін білдіретш бөлік орталык, деп
аталады. Орта-лықтардың қабаттары ядролы және кабықшалы болып келеді.
Ядролы орталықтар нейрондардың ретсіз жиынтығынан құралып, бірімен-бірі
байланысады. Қабықшалы орталық-тар мидың белгілі бөлігінің үстіңгі қабатын
түзіп, тұтас қабатка айналады. Мұндай нейрондардан түзілген бірнеше
қатарлар жи қыртысы деп аталады.
Нейронның денесі және тармақтары болады. Цитоплазма, ядро органоидтар
және тек өзіне ғана тән арнаулы түзілістер денеде орналасады. 5 Нейронный
тармақтары — ақсон немесе нейриттен және дендриттен тұрады (29-сурет).
Нейронның ұзын 5 талшықты жасушасы — ақсон (латынша: axis — өсінді), ал
тармақталған қысқа талшықтары дендрит (грекше: dendron — тартақталган) деп
аталады. Ақсон жіңішке, ұзындығы бірнеше сантиметрден 1—1,5 метрге дейін
жететін, жан-жаққа таралатын жүйке жасушасының тармағы.
Нейрон денесі үшы жіңішкеріп бітетін жасуша айналасындағы қысқа
тармақтар — дендриттермен жалғасады.
Нейронда өзінен таралатын тармақ санына байланысты әр түрлі аталады.
Егер тармақтар саны көп болса, онда мультиполяры (көп ұшты), екі тар-мақты
болса, биполярлы (екі ұшты), бір тармақты болса, униполярлы (бір ұшты)
нейрондарға бөлінеді. Мультиполяры нейрондардың жасушалары кеп бұрышты
(немесе сопақша), кейде дөңгелек пішінді болып келеді (30-сурет).
Мультиполярлы нейронның тармақтары жасушаның жан-жағына таралады,
тармақтардың көптігінен дендриттер саны жасуша денесінің көлемінен артық
кетеді. Бұған жұлынның қозғалтқыш нейронын мысал ретінде келтіруге болады.
Нейрон дендриттерінің жұлын сүр затына көп тармақталып таралатыны соншалық
тіпті ондағы басқа нейрондардың тармақтарымен байланысып, шымшытырық тор
түзеді.
Биполярлы нейронның тармақтары нейрон денесінен екі жаққа қарай
таралады да қарама-карсы жақтағы тармақтың біреуі дендрит арқылы козуды
шеткі жақтан жасушаға қарай, екіншісі ақсон арқылы козуды миға өткізеді.
Омыртқалы жануарлардың иіс сезу мүшесі мен кез торлы қабықшаларындағы,
сондай-ақ бунақ дене эпидермисіндегі сезімтал жасушаларды биполярлы
нейрондарға мысал етуге болады.
Униполярлы нейронда бір ғана тармақ болады, бірақ екі саладан құралады.
Ол салалардың біреуі шеткі мүшеге, ал екіншісі орталык жүйке жүйесіне қарай
бағытталып жатады. Сондықтан Мұндай нейрон бастапкы кезде екі тармақты
болып дамып, кейш екі тармақ бірімен-бірі косылып, бір тармақты нейронға
айналса керек. Жоғары сатылы жануарлардың аралык ганглийлері униполярлы
нейрондарға жатады.
Нейрофибрилдер мен жолақты заттар (тигроидтар) да жүйке жасушасының
ерекше түзілістері болып табылады.
Нейрофибрилдер. Жасуша денесі мен дендриттерде тордың жиілігі соншалык,
көзге киіз тәрізді болып көрінеді, бұлар өте жіңішке жіп тәрізді жүйке
тармақтары.
Нейрофибрилдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітінділердің физикалық теориясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі туралы ұғым. Деңгейлер иерархиясы
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Бағалы қағаздар және олардың түрлерін талдау (Темірбанк АҚ мысалында)
Алель Агро ЖШС құс фабрикасынан алынған құс шаруашылығы сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Экологияның абиотикалық факторлары
Пәндер