Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері және оны түзету жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Бөлім . Эмоцияның формалары және негізгі түрлері . . . 6

1. 1 Эмоцияның негізгі түрлері . . . 6

1. 2. Жеке адам - қасиеті . . . 11

1. 3. Жеке адамның эмоциялық шеңбері . . . 13

ІІ. Бөлім. Жағымсыз эмоциялардың адам денсаулығына әсері

және оны түзету жолдары . . . 23

2. 1. Жеке адамның деңсаулығы және невроз науқастықтын пайда болу себептері . . . 23

2. 2. Жағымсыз эмоцияларды түзету жолдары . . . 28

III. Эмоция туралы психологиялық теориялар . . . 35

Қорытынды . . . 40

Қолданылған әдебиеттер . . . 44

Кіріспе

Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы - қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік бүгінгі қоғамдық жағдайға тән құбылыс болып отыр. Сондықтан психолог маман осы эмоциялардың адам бойында жағымдыларын қалыптастыру саласында еңбек етеді және түрлі себептерге байланысты туындаған немесе байқалған жағымсыз эмоциялардың денсаулыққа зияндығын анықтап, оны жою жолдарын қарастырып зерттеу бүгінгі психолог маманының негізгі міндеттерінің бірі.

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардын бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жек көрушілік тудырады Сезім түрі сан - алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамнын белгілі эмлциясына себепші болады. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек болуы эмоцияның тууына себепші келеді. Эмоция аукымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, тандану мен жеркену - мұндай сезім турлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамнын қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз ө мір-өшкен өмір ұлы ғұлама А. Науаи «Сезімсіз адам-кесек, махаббатсыз адам-есек»- деген екен. Көп сезімдерге адамнын өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялык ашырқауға» келіп, онын орнын толтыру үшін ән күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қигаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Психолагтар көп заманнаң бері осы сезім мәселесін төркінін ашумен айналысуда. XYIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ, төнірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кен оріс алды. Бұл бағыт мәні-адамдағы барша органикалық көріністердін негізі психикалық құбылыстардан деген тужырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттын ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенін ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-қайшылықтарға жауап ретінде жузеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамнын бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.

Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ онын тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл алдымен сезімінің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамнын ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердін сезімге әсері, ал органикалық процестер- эмоциянын салдары ғана.

Эмоцияның казіргі заман тарихы У. Джемстін 1884ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі-сыртқы ырықты коғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінін бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздің кайғыруымыз - жылағанымыздан; корқуымыз - калтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден» /У. Джемс/. Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі / перифириялык/ органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінін қара дүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған касірет сезімін басуға болады- мыс.

Джемс -Ланге тұжырымы бірқатар көзқарастардың пайда болуына әсер етті. Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененін әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көрді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин енбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердін көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар каһары жауын корқыту үшін керек, немесе олардын кейбірі өткен эволюциялық дамудын бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы /рудимент/. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға кауіп қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол «кандай да бір сезімнін туындауы - адамнын кезіккен жағдайға икемделе алмауынан /адаптация/. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді» - деп жазады.

Ендігі бір окшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой / когнитив/ мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердін сана үйлесімсіздігі / когнитивті диссонанс/ теориясы өз алдына. Бұл көзқарастын мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында тандау ете алмай, кұйзеліс эмоциясына тұседі, яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әррекеттін нақты нәтижесі мен көзделген ниет озара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.

Ақыл-ой үйлесімсіздігінен құтылудын екі жолы бар :

1) өз ниетінді шындыққа сәйкес өзгерту;

2) ниетке сәй болатындай әрекеттін жана жолдарын іздестіру. Сонымен когнитивтік теория адамнын сезімдік кейпін онын әрекет, қылықтарынын негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталган /В. К. Вилюнас/ эмоциялық құбылыстар тобына - жетекші ниет, яғни басталған ішкі не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол әрекеттердін орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға /үміт, ыза/, жетіскен нәтижелерге /қуаныш, өкініш/ немесе қалыптасқан не мүмкін болар ситуацияларға / катерлену, сенімді болу/ субъектін қатынасын сипаттайды. Мұндай сезімдік толғаныстар жетекші ниеттерге негізделгенінен әдейі немесе ырықты деп аталады. Осыдан, көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі бір тұрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан қутылуда пайдалы болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайда, сол сәттегі өмірлік маныздылыққа орай байқалады.

Адам не үшін күрессе, соны жан тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек. Эмоциялардың адамның дүниетанудағы алатын орнын В. И. Ленин орыс библиографы Н. А. Рубакиннің (1862 - 1946 ) « Кітаптар әлемінде » кітабына берген пікірінде « адамның шындықты іздеуі » адам эмоциясынысз еш уақытта болмағанын және болуы мүмкін емес деп өте жақсы көрсеткен.

Осы жағдайларға байланысты оны одан әрі тереңірек түсініп, зерттеу мақсатында курстық жұмысымның тақырыбын «Эомцияның негізгі қызметтері» - деп алдым.

І. Бөлім. Эмоцияның формалары және негізгі түрлері.

1. 1 Эмоцияның негізгі түрлері

Көрсеткен қасиеттерін теориялық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерін айқындауға болады. Бірақ белгілі, жақсы кейбіреулері ғана жеткілікті суреттелген. Мысалы, американдық психолог К. Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерін көрсеткен.

Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыю, ой-өрісті кеңейту, білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуесқойлық және сезім құшағында күйзелу. Тиімді, өсірсе, танымдық мотив (түрткісі) іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз. Ол монотондық жағдайда туады. Субъектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоциясы күшейеді. Таңырқау қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бірақ тез уақытта өтетін эмоция болып корінеді. Күшті танымдық мотив ретінде корінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни айқындау, білу, анықтау, көз жеткізу, т. б.

Қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктерін және негізгі түлғалық қасиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзімен қанағаттану сезімімен жене өмірге қанағаттану күйі. Оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімінен байқалады.

Эмоция азабы өмірлік мақсатқа жетуге ұмтылысқа кері әсерін тизе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйін талдау адам құңдылықтарын келеке етуіне себеп болуы мүмкін. Адамдарға азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш береді. Күшті азап аффектіге және ашық күреске айналып кетуі мүмкін. Бүл жағдайда адамның өзіндік бақылауы, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт сезіне бағытталуы мүмкін.

Ұялу эмоциясы субъектінің өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиеттеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшелігіне сәйкес емес іс- әрекеттерін жасаған кезде туады. Бұл күйзелісте субъект өзін басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтін, әлсіз, кішкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезінеді. Оған басқалар оның қемшіліктерін көріп, жеке керетіндей керінеді. Сондықтан ол басқа адамдардан өзін алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. Ұялудың жеңіл

формасы - қызару. Ұялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекеті мен қылықтарына қатты өсер етеді, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдері белсендендіреді. Өмірдегі түрлі жағдайлар ұялу мен одан адамгершілік деңгейде құтылу- тұлғалық борыш.

Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй-мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейінде туындайды. Ол өзінің мағыналылығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебіздер естіген кезде сезінеді. Ұялу мен мақтаныш эмоциясы негізінде адамда өзіне қатысты тұрақты дамуы жүреді.

Айну эмоциясы субъектінің моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектілерде, құбылыстарда немесе адамдарда туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі жөне т. б. эмоциясы сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе одан алшақ жүруді тудырады.

Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келеді, бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар. Ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жоюды немесе алшақ жүруді тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзін алшақ ұстап, өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді.

Өзін кінәлау эмоциясында адам өзінің кінәсін мойындайды, өзінің оған қатысына немесе шығынға жауапкершілігіне, басқа адамдардың жайсыздығына, жолының болмауына өзін кінөлі сезінеді. Бүл кезде ол озін-езі кінөлайды және окінеді (үлгерген жоқпын, істей алмадым, ескерте алмадым, кең пейілдік көрсете алмадым жене т. б. ), көбінесе өзінің кінәсін анықтауға тырысады (зардап шегуге көмектесу, кешірім өтіну, түсіндіруге тырысу) . Тұлғаның негізгі кемелдену көрсеткіші - ол өзінің қылығына жауап беру жөне кінә сезімін сезіну, кінәсін ақтауға тырысу.

Қорқыныш эмоциясы адамның түлғалығына немесе дене бітіміне, өміріне қауіптің төнуі кезінде пайда болады. Қауіп төну деңгейіне байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін. Адам өзінің күштілігін немесе батылдығын осы сезімдерден өткенде бағалайды.

Кез келген адамның өзінің қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейімділікте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кінәні сезінуде көрінеді. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерін анықтауға болады.

Эмоциялық күйзелістердің негізгі қасиеттері

Адамның эмоциялық өмірі бірінен соң бірі келетін күйлердің әр алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленеді. Бірақ эмоциялар әр алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгі, интенсивтілігі мен ұзақтығы. Олардың қасиеттері мен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлері мен формаларын ажыратуға болады.

Эмоцияның көрінісі - бұл әрбір күйзеліске өзгешелік пен қайталанбастық беретін сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негізінде жатқан қажеттіліктің сипатымен анықталады. Әрбір қажеттілік жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бірге жүреді. Мысалы, тамаққа деген қажеттілік эмоциялық бояудың бір типін, танымдық - екіншісін, жыныстық - үшіншісін тудырады. Сәйкесінше, боялуына байланысты эмоцияларда қажеттілік қанша болса, қажеттілік соншама болады.

Эмоциялық көріністі сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оны тікелей бастан өткізу керек.

Эмоцияның белгісі эмоция қандай болса да субъективті жағымды және жағымсыз жағына сәйкес келеді. Ол сәйкес эмоциогенді жағдаяттың пайдалы-зияндығының субъективті көрсеткіші болып табылады. Белгісіне байланысты жағымды, жағымсыз және екі жақты (амбивалентті) эмоцияларды атайды.

Жағымды эмоциялар ситуацияның жөне оқиғаның адам үшін пайдалы екендігін көрсетеді Олар қажеттіліктер қанағаттанғанда немесе осыған септігін тигізетін жағдаяпарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Біздің рахаттануға деген талпынуымыздан қанағатганбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшін сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардьщ зияндығьш корсетеді. Олар қажеттіліктердің үзақ қанағаттанбауынан және соған кедергі келтіретін жағдаяттарда пайда болады. Олар сөйкес* жағдаятгардан шығуға, жеңуге немесе жоюға бағьпталған орекеітсрді оятады. Екі жақты эмоциялар белгілі бір арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелістерді қатар алып жүреді. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасьшың күрделілігін және қарама-қайшылығын көрсетеді.

Эмоцияның күштілігі - бүл„олардың сандық сипаттамасы. Ол екі фактормен анықталады: сәйкес қажетгіліктің қанағаттанбағандық деңгейімен жөне оның қанағаттануына эсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.

Бұл жердегі зандылық мынада: қажеттілік және субъект үшін оның қанағаттануына кедергі келтірген жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай күшті болса, бүл. жердегі эмоцияның күйзелісі де сондай күшті болады. Осы факторлар арқылы адам-ның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни олардьщ күшеюіне немесе әлсіреуіне эсер етуге болады. Күштілігіне бай ланысты эмоциялардың көп түрін белуге болады. Аз көрінетін және нашар сезілетін түйсінудің эмоциялық жағынан бастап, күшті, қысқа уақыттық, бақылауға және басқаруға келмейтін аффектілермен аяқтауға болады.

Ұзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогенді жағдаяттары мен (шьшайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттілік қанағаттанбаған күйде түрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын ала өзгертіп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына эсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлері өте көп, қысқа уақыттың аффектілі реакциядан бастап бірнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы, көңіл-күйді алуға болады.

Қазіргі кезде балалар эмоциясына көп эсер ететін теледидардағы бағдарламалар мен компьютерлер. Қазіргі түрлі техникалар мен электроникалар адам тұрмысы мен өмір сүруін жеңілдетеді, бірақ ар-намысынша тырысып, биік деңгейде өмір сүру үшін не керек? Рухани, моральды қүндылықтармен байытып (жәрдем беруге, адамгершілікке, өнерге, әдебиетке, поэзияға, т. б. ), толықтыру қажет. Мысалы, адамдардың өмірін компьютермен салыстырсақ, компьютердің адамдарға қарағанда мүмкіншіліктері біршама артық. Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, оқуда тиімді (жеңідету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғызады, техникалық, экономикалық прогреске жол ашады. Бірақ та ақыл-ой еңбегін жеңілдете отырып, ол адамның жалпы дамуын шектейді, яғни ақыл-ой дағдылары тиісті деңгейге көтерілмейді. Балалардың қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестеріне тиісті тосқауыл қояды. Компьютер балалардың ішкі әлемін өз экраны сияқты тарылтады. Олардың ақыл-ойын қарапайым сезімсіз интегралды сұлбаға айналдырады. Компьютердің есінде жан, жоғары сезім туралы түсінік жоқ. Тек қана жан адам баласының ойын мынадан: өзара тақыр есептесуден сақтайды. Жан ғана адамның ақыл-ойын жоғары сезімдермен (жоғары махаббат, адамдарға ақ ниетпен қарау, әлемді сүю, т. б. ) сәулелендіреді. Дамыған жан адамның ақыл-ойын қатыгездіктен, салқынқандылықтан, адамзатқа зиян келтіретін ойлардан сақтайды. Осыны түсіне отырып, белгілі неміс жазушысы Ремарк былай деп жазған: «Мен ғажап уақытта өмір сүргенмін, талай ғылым жетістіктерінің (газ пеші, электрлі тұрмыс құралдары, т. б. ) куәгері болдым. Көп қиындықтарды ғылым арқылы жендік. Бірақ та адамдар осы уақыттың арасында өзгерген жоқ. Адамдар бір-біріне жақын болғысы келмейді және жақсармады».

Қорыта айтқанда, адамдардың сезімдерін байытуда ғылымның, техиканың түрлі жетістіктері басты рөл атқармайды. Адамдарға жоғары сезімдер ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық сезімдері қажет.

Стрестен шығудың жолдары.

Стресс кім-кімге де тән құбылыс әрі і табиғи жағдай. Стресс кезінде организм жүйесінде

бір қалыптағы тепе-теңдік бұзылады Мысалы, егер сіз жатсаңыз және тынықсаңыз, тәніңіздегі барлық қызмет жүйесі теңгеріледі, тыныштанады. Енді сіз тұрдыңыз дейік,

сіздің организміңізде манағы бір қалыпқа түскен тепе-теңдік өзгеріске ұшырай бастайды. Мидағы қан төмен қарай тебеді, сөйтіп ағзадағы күйзеліс, яғни стресс мида болады. Көзді ашып-жұмғанша осы стресті жою механизмдері іске қосылады. Мысалы, қанға күретамырларды тарылтатын және жүректің қағысын жиілететін заттар бөлініп шығады. Бұл мидағы қалыпты қан айналымын қалпына келтіру үшін қажет. Ағзадағы өзгерістер осылайша өздігінен реттеле береді. Тірі организмнің қызметінде динамикалыц тепе-тендік процесі - физиологиялық процестер жағымды жаққа қарай да, сондай-ақ жағымсыз жаққа да ұдайы құбылып отырады. Демек, стресс тіршіліктің ажырамастай бір бөлігі болып табылады.

Стресс жағдайынан тепе-теңдік жағдайға оралғаннан кейін ағза жұмсалған шығындарды белгілі қорда жинайды және қалпына келтіреді. Осының нәтижесінде. организм әр турлі стрестік жагдайларға жаттыға түседі. Организмнің ресурсының жұмсалуын және қалпына келуін тыныс алу және тыныс шығарумен салыстыруға болады. Стрестің басталу сәтін тыныс алумен ұқсастыруга болады - мұнда энергетикальқ шығындар болуға тиіс. Стрестік жайттардың әсерінен кейін қалыпқа келу тыныс шыгаруға ұқсас, бұл кезде бұлшьқ еттер мен ағзалар оттегіне және қоректік заттарға қанығады.

Сөйтіп, стрестің пайда болуы мен оның қалпына келуі тыные алу мен тыныс шығару процесіне ұқсас және тірі организмде тіршілік процестерінің негізін құрайды.

Егер қалыпқа келу жетклікті болса, онда ағза стресс туғызушының әсерінен күштірек болады. Бұл жаттықтырушы немесе физиологиялық стресс.

Егер біз стрестен кейін организмнін толық қалпына келуіне мумкіндік бермесек және оған қосымша салмақ жүктесек, ағза соңында өздігінен бұзылады. Стрестің осындай бұзғыш әсері дистресс деп аталады.

Бұдан шығатын қорытынды, стрестен кейін ағза энергетикалык шығынды толық қалпына келтіруі тиіс. Қалпына келгеп қорды қайтадан, тағы да жұмсауға тура келеді. Стресс қарқыны күшті дене еңбегімен айналысуға дайындау үшін ағзаны белсенді етеді, яғни кез келген стресс қарқынды дене еңбегін қажет етеді. Мысалы, денеге түсетін жүктемелерді алайық.

1. Физикалық жүктеме. Бұған әртүрлі температураның әсерін жатқызуға болады;

  1. Тамақтану. Әдетте шамадан тыс ас қабылдау, бұған ашығуды да жатқызады;
  2. Жыныстьқ қатынас. Бұл да денеге салмақ түсірудің бір әдісі;
  3. Нашақорлар. Бұған алкоголь, темекі, әртурліуыттарда(соның ішінде тамақтан улану) енеді;
  4. Аурулар.

Енді стресс кезінде оның орнын толтыру үшін не істеледі. Кейбіреулер стресті физикалық тәсілмен бәсеңдетуге ұмтылады - алысады немесе жүгіреді. Бұл стрестен құтылудың табиғи жолы. Басқалар тойып тамақтанады немесе, керісінше, ашығады. Біреу алкоголь ішуді дұрыс деп санаса, екінші біреу темекі тартуды жөн көреді.

Кейбірееу жыныстық қатынас арқылы жоюға тырысады. Келесі біреулері мұның бірде-біреуін қолданбайды, сондықтан оның орнына келуі қандай да бір жедел немесе созылмалы ауру арқылы білінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоция және сезім. Сезімді вербалдау
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет
Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Мазасыздану факторлары
Эмоционалдық кері әсерді зерттеу
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Эмоция және сезім тақырыбын оқыту
Қобалжудың психологиялық және физиологиялық көріністері
Мінез-құлқында ауытқуы бар жеткіншектердің өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz