Көнерген сөздер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы тілінің стилдік ерекшелігі

Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент Қанапина С. Ғ.

Орындаған: Шалғын Айнұр Жанабылқызы.

Қостанай 2015 ж

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2-4

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 5-25

1. 2. Көнерген сөздер, кірме сөздердің қолданысы . . . 25-31

1. 3. Фразеологизмдердің стильдік қызметі . . . 31-45

II. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

2. 1. Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі . . . 45-54

2. 2. Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, қайталама сөз) . . . 54-66

2. 3. Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісі . . . 66-70

Қорытынды . . . 70-71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71-73

Кіріспе

Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал. [Жолшаева М. С. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн. ]

Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам дейді. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын шығу төркінін, қолдану қабілетін күнделікті қарым -қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып зерттейді.

Сөз байлығы- лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Лексикология тілдегі сөз қорының мынадай жақтарын зерттейді: сөзге қатысты мәселелер; лексикалық бірліктердің түрлері; сөз қорының құрылысы; лексикалық бірліктің қызметі; сөз қорының дамуы мен толықтырылуы; Лексикология сөздердің ірі топтарын да өрісті зерттейді деп ғалым Болғанбаев көрсетіп кеткен болатын.

Сөздердің қалыптасуына, өзгеруімен дамуына қатысты заңдылықтарды тарихи лексикология зерттейді.

[Ә. Болғанбаев. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», 3бет]

Жұмыстың өзектілігі - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» романы жарық көрген тұста оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болып, әдеби сында да жоғары бағаланды. «Ұлпан» романының ерекшелігі оның басты кейіпкерлерінің тарихта болған тұлғалар екендігінде. Бұл шығарма идеялық-көркемдік тұрғысынан ерекшеленетін туынды.

Ғ. Мүсірепов өз шығармашылығында жігерлі де ақылды, сұлу да адал, мейірімді де қайсар, белгілі бір мүдде жолында өз жанын пида етуге бар, өр рухты да, ер мінезді, мәрт те нәзік, бір сөзбен айтқанда қаһарман әйелдер туралы үзбей жазған суреткер.

Жазушы шығармашылығында осындай қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі де, шыңы да іспеттес болып, әдебиетімізге Ұлпан бейнесі келді. Ұлпанның бір бойында жоғарыдағы әйелдердің баршасына тән драма да, трагедия да, қайраткерлік те, қаһармандық та бәрі-бәрі шынайы тоғысқандай. Жазушы өз шығармашылығында үзбей орын алып келген әйел кейіпкердің барлық қасиетін бір бойына жинақтаған Ұлпан бейнесін, әйел Ұлпанды ұлы образ, әрі ұлы тұлға, әрі ұлы әйел деп есептейміз. Романда қазақ қызының ісі де, қылығы да, сөзі де айқын танылады. Ұлпан бейнесі қазақ әйелінің жиынтық, көп планды бейнесі. Осы образдың ішкі тінінде қазақ әйелінің феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, шырақты сүттей ұйытып мейірімге бөлер аналық қадір-қасиеті де жатыр.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шығарма тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

  • Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
  • Көнерген сөздер, кірме сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
  • Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, қайталама сөз) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;

Жұмыстың нысаны - Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы.

Курстық жұмыста қолданылатын әдістер:

- Баяндау;

- Теориялық тұжырымдарға сүйену.

Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы

Антонимдер

Жалпыхалықтық тілімізде антонимдер, көркем шығарма тілінде жиі кездеседі. Бұлай болуы олардың мағыналық табиғатының тіл реңділігін туғызуға арналған деуге болады.

Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің ‟1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ. Мүсірепов ‟Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында” деп айтқан болатын.

Ғалым Т. Бекниязов: « . . . антонимдер ақынның айтар ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап, өлең әсерін күшейтумен қатар оқырман мен авторды бір ұғымға ортақтастырып тұратынына» назар аударған. [Есіркепова К. Қ. 1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі, 26 бет] .

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.

Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал - мәтелдерден жиі кездестіруге болады [Қанапина С. Ғ. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі, 7 бет] .

Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі.

Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.

Ғалым К. Аханов ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, 29 - 30 бет] .

Ғалым Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: ‟ Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын - сапасын, артық - кем қасиетін, мөлшер - көлемін салыстырып, бір - біріне қарама - қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң - мырза, қапа - ырза, қайғы - шат, тұнық - ылат, тірі - өлі, паң - мүлайым, жұмсақ - қатты, т. б. ”

Тілдегі антонимдер қарама - қарсы құбылыстарды біріне - бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер мақал - мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог - ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев былай көрсеткен:

1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден.

4. Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір - біріне қарама - қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік - тіл қысқа , қарға адым жер - ит өлген жер [Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. 47 бет] .

Антонимдердің ерекшеліктері:

Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:

1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама - қарсы бағасының атауы болып табылады.

2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық - жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.

3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай - ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.

4. Антонимдер - семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама - қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.

5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.

6. Бір - біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. - сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады.

Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды - көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады [Оразбаева Ф. Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі, 49-51 бет] .

Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.

Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.

Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар - жоқ) және түбірлес (жанды - жансыз, таныс - бейтаныс) лексемалар енеді.

Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама - қарсылық бар. Олардың өздерін іс - әрекетке байланысты туындаған қарама - қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.

Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді. [Оразбаева Ф. Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А., Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж. Қазіргі қазақ тілі, 51 бет] .

Сын есімге тән антонимдер мынадай:

1. Бірақ осы күні иесіз жер бар ма, бір иесі бар шығар, - деп «түрікпен» Мүсіреп аз кідіріп қалып еді. [Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 6 бет]

2. - Ақ құр, қара құрларын санамаған екенсіз, Мүсеке! (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 7 бет)

3. Сорлының зары арлыға кездескей деп жіберіп еді . . . ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 7 бет)

4. Әттең, ашынғандықтан болса да азды-көпті асқақтай сөйлегенің де болды. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 8 бет)

5. Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар деген бар ғой. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 8бет) Қазақ соғыстарында жаралану көп те, өлім аз болады. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 12 бет)

7. Үйдің оң жағында кереге басына көлденең асып қойған ұзынды-қысқалы екі-үш найза, бір-екі садақ, қынабында тұрған қылыш, кісе . . . ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 30 бет)

8. Үлбіреген ақ саусақ емес, әрі іске үйреніскен қолдары сенімді де оңтайлы қимылдайды. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 38 бет)

9. Сенің «Алғашқым» деген күйің болса, менің «Соңғым» дейтін күйім осы кыз Ұлпан. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 54 бет)

10. Арзан-қымбаттылық дегеннің мәні басқада екенін түсіндіргісі келіп бір отырды да, Мүсіреп онысын іркіп қалды. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 66 бет)

11. Биыл бай болсаң, ендігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп - оңай. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 73 бет)

12. Бұл үлкен адамның кішірейгені ме, кішкене адамның үлкейгені ме? (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 77 бет)

13. Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады? (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 80 бет)

14. Су киімдеріңді шешіп, түйенің қомында құрғақ бірдемелерің болса киіп алыңдар. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 102 бет)

15. Құл да емес, емес те емес, тәуелді де емес, тәуелсіз де емес . . . ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 143 бет)

16. Келімді-кетімді қонақты есептемесек, өзімізге одан аз салсақ та мол жететін. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 182 бет)

17 . Әр қоғамның қоржын аумас теңбе-тең қалыпта тұруға тиісті ішкі-сыртқы құрылысын бұздырмайтын өз заңы бар. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 230 бет)

Зат есімге тән антонимдер:

  1. Жиырмаға келмеген бала жігіттің сөзінденәрде, зәрде бар екен. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 8 бет)
  2. жақта да бар. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 21 бет)
  3. Бұдан жиырма жыл бұрын хандық жойылған кейін, жаугершіліксаябырлап, бейбітөмірдің іргесі бекіне бастаған еді. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 13 бет)
  4. -Ұлма, қызба, - деп сұрады Ұлпан. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 79 бет)
  5. Он ауыл Сибанныңеркек-әйелітүгел жиналыпты. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 89 бет)
  6. Қолдарына көп түсе бермейтін аға бидің ауылына неше жылғы сүр болғаны даулар, өтірігі-шынымененді есейе бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 109 бет)

7. « Өңім бе, құдайым түсім бе?» (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 137 бет)

8 . Обалы менің мойнымда еді, сауабы сол жеңгелеріңдікі. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 171 бет)

9. - Қолдау да болған жоқ, қарсылық та болған жоқ, - деді Ұлпан. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 185 бет)

10. Бүгінгі досыңды ертеңгі жауым деп санау керек. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 230 бет)

Үстеуге қатысты антонимдердің қолданысы:

1. Біреуі алдарақ , екеуі кейінірек . (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 7 бет)

2. Айқас шегі солқылдап біресе оңтұстыққа , біресе солтұстыққа қарай ойысып қалады. Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» (21 бет)

3. Есеней бүгін ерте жатты, кеш тұрды. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»31 бет)

4. Артынан келген адамдарға осы араға үй тіккізуге, сусын әкелуге бұйрық берді де, суы жылы сор көлге күні-түні шомыла берді. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 31 бет)

5. Жарықтық ертелі-кеш иеді де тұрады . . . (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 38 бет)

6. Сөзбен көп қайталанып айтылған ойлар әрі-беріден соң құлағыңа кірмей қояр еді. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 64 бет)

7. Осымен алғашқы беташар сөздер екі араны алыстатпаса жақындастыра алмай тоқталып қалды. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 69 бет)

8. Өрелі ат деп бір алдыңғы аяғынан, бір артқы аяғынан шалыс шідерленген атты айтады. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 70 бет)

9. Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 81 бет)

10. Туа үйреніскен кең даласындай кең жайылған шай дастарханы айналасында әзіл - қалжың, сыр алысу - сынасу, алыстау, жақындау сияқты тіршілік ауыс - түйістің бәрі де өзінің әдепті жүйесін тауып сыпайы сөйлеп отырды. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 93бет)

11. Түйе біресе алдына қарай, біресе кейін қарай итеңдеп барып шөкті әйтеуір. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 96 бет)

Етістікке тән антонимдер

1 . Бұл жолғысы не қосыл , не бөлін , бойыңды көрсет дегені еді. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 17 бет)

2. - Бұлар аттарын жатқызып-тұрғызып жүргенде біз де қарап тұрмаспыз! - деді. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 18 бет)

3 . - Мен сізге достық сөз айттым: оқ атарда көзінді уқаласаң, оғын далаға кетеді . . . кетпеді ме? (19 бет)

4. Хан сайлай ма , сайламай ма , ол елдің өз жұмысы. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 20 бет)

5. Тірі қалса көзін қайтарармын, өлсе - құнын. (21 бет)

  1. -Тұренді, отыренді, шалқай, еңкей! - деп қанша әурелесе де «түйесі» көне беретін. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 32 бет)
  2. Дауысынансезілер-сезілмесқатқыл үн қосты. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 51 бет)
  3. Есеней марал жайындағы қуанса да, аяқталуынанаразы болып қоңырайып қалды. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 53 бет)
  4. Жақсын, жақпасын түгел тыңдап ал!( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 62 бет)
  5. Әлдененіқадағалап, әлдененіелемеуде жоқ. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 62 бет)
  6. Ән тілімен, күй тілімен айтылған арман да, өкініш те, сүйіну, күйінуде қайталаған сайын бойыңа тереңдей тарап ерітіп әкетеді екен. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 65 бет)
  7. Кәрі денеқызындыдасуынды. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 73 бет)
  8. Әйел ашулансажеңіледі, еркелесежеңедіемес пе, Есеней жеңілді де қалды. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 130 бет)
  9. - Біресеқұрметтейміз, біресеқорлаймызда зорлаймыз. ( Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» 187 бет)

Қорыта айтқанда, тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шғармаларында көп қолданыста.

Ж. Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігінде» антонимдерге әр түрлі бағыттта анықтама берген.

1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер-антоним деп аталады.

2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі қолданылады.

3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар қолданылғанда айқын аңғарылады. [Қанапина С. Ғ. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі, 7 бет] .

Талдауға түскен шығармада сын есімге қатысты антонимдер-17; зат есімге тән-10; үстеуге тән-11; етістікке тән 14 антоним сөз теріліп алынып, талдауға түсті.

Синонимдер

Ғалым Ф. Ш. Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Кез келген тілді алсақ, синонимдер-сол тілдің тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық - тілдік қарым - қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді». [Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер, 52 бет]

Тұлғасы басқаша болғанмен, мағынасы бір - біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті синонимдер деп атаймыз. Синоним сөзін грек тілінен (synonimon) аударғанда ‟қатар атау” деген мағынаны білдіреді. Тілдегі синонимдер - сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып отыруымен де ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Ж.Аймауытов шығармаларындағы тарихи сөздердің қолданылуы
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
Абай – көркем сөз өнерінің шебері
Лиро-эпостық жырдағы көнерген сөздердің лингво-танымдық мәнін ашу
ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздерге текстологиялық талдау жасау
Тілдің актіив және пассив лексикасы жөнінде
Халықтық тіл- әдеби тілдің алғашқы бастауы
Тарихи шығармалар тілінің лексикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz