Шәкәрім тілінің ерекшелігі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім: Шәкәрім – ақын, тарихшы, философ
1.1. Шәкәрімнің шығармашылығы хақында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ бөлім: Шәкәрім философиясының қарастыратын мәселелері
2.1. Шәкәрім философиясындағы гуманистік бағыт
... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Шәкәрім философиясындағы имандылық мәселесі ... ... ... ... ... .. 16
2.3. Ойшылдың Үш анық философиялық трактатындағы
үш анық

... ... ... .. 20
ІІІ. Шәкәрім тілінің ерекшелігі
3.1. Шәкәрім тілінің ерекшелігі мен көркемдік сипаты
... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды

... ... ... ... ... 28
Қосымша

... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
39
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына,
халықтың ерекшелігіне, ұлттық болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан,
ақын-жазушылардың туындыларын зерттеп, олардың шығармашылығын талдап,
таразылау, анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігінде дау жоқ. Ана
тіліміздің зор құдіретінен нәр алған қаламгерлер әдеби мұрамызды мазмұнды
етіп, әрі қарай дамытуды көздейтіні ақиқат. Әдебиет тарихынан көптеген
есімдер, бүкіл қауымға мәшһүр болған тұлғалар өздерінің лайықты бағасын
алды. Өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың бас кезінде үлкен шығармашылық
дәуірді бастан кешірген Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық мұрасы бай, нәрлі,
әрі құнарлы. Оны зерттеу соңғы кезде ғана қолға алынып, ақынның өмірі мен
шығармашылығын кеңінен қамтитын еңбектер енді көріне бастады. Әсіресе, ақын
жазып қалдырған бай поэзия мұрасын мұқият жинап, жарыққа шығару да үлкен
міндет. Ақынның шығармашылық еңбегінің философиялық мән-маңызына көңіл
аудару, зерттеу, оны бүгінгі күн тұрғысынан бағалау қажеттігі зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын белгіледі. Шәкәрім Құдайбердіұлын ақын, тарихшы деп
қана қарастырмай, оның мұралары терең ойшылдықпен, философиялық тұрғыдан
жазылуының негізін тану міндет.
Ғылыми жобаның мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлын қазақ әдебиетіндегі ұлы
ғұлама, кемеңгер философ ретінде тани отыра, оның философиялық
шығармаларының тақырыптық ерекшеліктерін анықтау, шығармаларындағы
имандылық, адамгершілік, ақыл-ой, сезім мәселелерін қарастырып, өзіндік
қолтаңбасын айқындау.
Осы мақсаттарды орындауда төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Шәкәрімнің философ ақын екендігін дәлелдейтін поэзиялық туындыларына
талдау жасау;
- Ш.Құдайбердіұлының көркемдік ізденістерін ашу, шеберлігін
шығармалары арқылы дәлелдеу;
- Шәкәрімнің Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі екендігін
дәлелдеп, оның туындыларын Абай шығармаларымен салыстыру арқылы ұқсастығын
анықтау;
- Шәкәрімнің гуманистік, имандылық, дидактикалық бағытта жазылған
шығармаларының философиялық мән-маңызын айқындау;
- ғұлама ойшылдың қазақ жерінің тұңғыш ғылыми жаңалығы болған Үш
анық философиялық трактатындағы үш анықтың маңыздылығын жеткізу;
- Шәкәрім тілінің ерекшелігі мен шығармаларының көркемдік
ерекшеліктерін, көріктеу құралдарының сонылығын көрсету.
Зерттеудің әдістері: Сипаттау, кешенді бақылау, хронологиялық, жүйелі-
кешенді талдау негізге алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу жұмысында жазылған
жайлар қазіргі қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін шешуге, басқа ақын-
жазушылардың шығармашылық зертханасын, поэзияны жүйелі зерттеуге өзіндік
үлес қосады. Зерттеудің практикалық құндылығы қазақ әдебиеті бойынша
дәрістер мен практикалық сабақтарда, арнайы семинар сабақтарда көмекші
құрал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жобаның теориялық және әдіснамалық негіздері: Зерттеу
жұмысының теориялық және әдіснамалық өзегі Қазақстан және шетел
ғалымдарының әдебиет теориясы мәселелері туралы еңбектеріне негізделеді.
Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеуге ат салысқан, еңбек сіңірген
ғалымдар М.Әуезов, Қ.Мұхаметханов, Ш.Сәтбаева, М.Мағауин, Ш.Елеукенов,
М.Базарбаев, Х.Сүйіншәлиев еңбектері әдістемелік бағыт-бағдар ретінде
қолданылды.
Ғылыми жобаның құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, 3 тарау, қорытынды,
қосымша бөлімдерден тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
Зерттеу объектісі: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы.
Зерттеу пәні: Шәкәрімнің шығармашылық мұрасының философиялық ой-
ағымдары.
Ғылыми болжам:
- егер де өскелең ұрпақ Шәкәрім шығармаларын шынайы сезіммен
көңілге тоқып оқыса, онда ойшыл шығармалары адам мінезін,
болмысын жақсы жаққа өзгерте алатын бірден-бір құрал болар
еді;
- Шәкәрім өзінің шығармаларына арқау еткен адамның ізгі
қасиеттерін тұла бойына билете білген, қоғамды жақсартуға
пәрменді іс атқара алатын, өнегелері елді өрге сүйрейтін
арқалы азаматтар неғұрлым көп болса, халық тарих тәлкегіне,
қиыншылықты тағдырға төтеп бере алатындай ұлттық сапаларға ие
болатын еді.
І. Шәкәрім – ақын, тарихшы, философ
1.1. Шәкәрім шығармашылығы хақында
Заманынан озып туған зор талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлы небір
аласапыранды басынан өткерсе де, тағдыр тауқыметіне қарсы тұрып, талмай
ізденіп, ерінбей еңбек етіп, соңына аса бай мұра қалдырып кетті. Ұлы Абай
өнегесін бойына сіңіріп өскен дарынды ақынның өлең-жырлары халқының рухани
қазынасына айналды, олар жас ұрпақты ізгілік пен әділдікке, береке-
бірлікке, адамгершілік пен азаматтыққа үндеумен келеді. Шәкәрім
шығармашылығының құлашы кең, үні биік. Ол өзінің дастандары, Шығыс
поэзиясының үлгісінде жазылған жырлары, орыс классиктері шығармаларын өлең
тілінде сөйлеткен туындылары, мирас болып қалған өміршең шығармалары арқылы
өзін кең тынысты кемел ақын, тарихшы, ойшыл екенін дәлелдеп берді. Оның
шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді. Шәкәрім
Құдайбердіұлының ғұмырының соңында қайғылы қазаға ұшырауы да, көмусіз, отыз
жыл бойы ойпаңда, құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес. Ең үлкен
қайғы, шын трагедия – Шәкәрімнің асыл қазынасын кеңестік идеология жарты
ғасырдан астам уақыт бойы жасырып, тұмшалап келуі. Құсадан өлген ақын жаны
бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерлерінің бірін санатқа
қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көрді. Сол
кемістіктің орны енді ғана толып отыр. Мұрағат сөрелерінде шаң басып жатқан
Шәкәрімнің бай мұрасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана толығымен еліне
қайтарылып, туған халқының рухани игілігіне айналды. Абайдың ең дарынды,
мол мұра қалдырған ізбасары, құйма ақын Шәкәрімнің шығармашылығы кейінгі
жылдары ғана көпшілік қауымның игілігіне, ғалымдарымыздың зерттеу
объектісіне айналып отыр. Еліміздің әдебиетші-ғалымдары ғұламаны көзі
тірісінде көрген адамдармен кездесіп, әңгімелесіп, мұрағаттарды ақтарып,
ақынның өзі қалдырып кеткен қолжазбаларын жинап, осы күнде ақын есімі ұмыт
қалмағандай біраз тер төгіп еңбек етті. Оларды атап кететін болсақ:
М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, М.Мағауин, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, Х.Сүйіншәлиев,
М.Базарбаев, М.Қаратаев, Р.Бердібай, Е.Букетов, Ш.Сәтпаева, Ә.Дербісалин,
Н.Келімбетов, С.Қирабаев, С.Негимов, Ғ.Есім, М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев,
А.Тілеуханова, А.Қыраубаева, Т.Жұртбаев т.б. Шәкәрімтанушылардың осы күнде
саны көбеймесе, азайған жоқ. Алдыңғы буын ағалардың игі істерін Б.Сапаралы,
Ә.Бисенғали, Б.Майтанов, Е.Сыдықов, Ө.Әбдиманұлы, Т.Шаңбай, А.Үсенова,
Б.Рахымжанов, А.Ісімақова, Ғ.Қамбарбекова, А.Еспенбетов, А.Омаров,
С.Ізтілеуова, Б.Момынова сынды философ, әдебиетші ғалымдарымыз қазіргі
кезде жалғастыруда.
Шәкәрімтану тұрғысынан келгенде Ш.Елеукенов: Шәкәрімді зерттеу –
ешқашан маңызын жоймайтын мәселе дейді [1]. Шәкәрім шығармаларын бүгінгі
күннің биігінен қарап талдап, бағалау, сөйтіп оларды өз тәуелсіздігін
қолына алған еліміздің игілігіне аса беруіне үлес қосу – біздің зерттеу
жұмысымыздың ортақ міндеті.
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен
туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға
беріледі де, онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған
ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының
аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің
жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі
болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады:
Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды,
сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм алланың берген ақылы да
бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр
түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім
[3]. Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше
ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Шәкәрім
заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы,
түрік, орыс тілдерін жетік білді.
Көрнекті әдебиетші-ғалым С.Негимов Шәкәрімнің шығармашылық толысуын үш
кезеңнен тұрады деп қарастырып, оны былайша саралайды: Бірінші кезең –
ұстазы Абай қазасына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезде Шәкәрімнің ілім-
білімге талаптанып, үңіліп, іздену жолында жүргендігі анық. Екінші кезең –
қажылық сапардан Саят қораға дейінгі аралыққа тән. Шәкәрімнің Абай айтқан
аманатқа ыждахатпен ден қойып, өзіндік байлам-байыптауларды айқындап
қоятыны – осы кез. Бұл кезең Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі,
Мұсылмандық шарты, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебектің кітап болып
жарияланып, ақынның баспасөзге араласып жүрген күндерімен сипатталады. Ақын
шығармашылығының тереңдігін танытатын үшінші кезеңдері – Саят қора кезеңі
деп атасақ, келісетіндей. 1916 жылға дейін өзіне-өзі келген, рухани бабы
келіскен қайраткерге айналған Шәкәрім сол жылдан бастап, Саят қораны сая
тұтып, дүние шаруасын кері ысырғандай оңаша ғұмыр кешіреді. Бұл Шәкәрімнің
нағыз шығармашылық кемеліне келген кезі болып табылады [4].
Оның қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, Қалқаман –
Мамыр, Еңлік – Кебек, Нартайлақ – Айсұлу сияқты оқиғалы дастандар,
Әділ – Мария романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар,
тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, 1912 ж. Семей қаласындағы Жәрдем
баспасынан Қазақ айнасы, Қалқаман – Мамыр, Жолсыз жаза яки кез болған
іс, Еңлік – Кебек, Мұсылмандық шарты, Ләйлі – Мәжнүн т.б.
шығармалары жарық көрді. 1978 ж. Ленинградта шыққан Поэты Казахстана
деген жинақта Шәкәрімнің бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен
жинағы 1988 ж. Жалын баспасынан жарық көрді. Әйгілі Ләйлі – Мәжнүн
дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар
өлеңдерін, А.С.Пушкиннің Дубровский, Боран атты шығармаларын,
Л.Н.Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриет Бичер Стоудың Том
ағайдың балағаны атты романын аударды [2].
Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме-аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен
Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың,
Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқа да қытай, араб, парсы
зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Ахат Шәкәрімұлының естелігінде
ақынның Стамбулда аялдау кезінде ертедегі Шығыс ақын-жазушы, ойшылдарының
шығармаларын түгелдей алғандығы айтылады [5]. Шығыс ойшылдарының
еңбектерінде айтылатын түрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып,
шежіре еңбек жазып шығады. Оның Иманым атты топтамасында : Баяғыда парсы
жұртында әрі білгіш, әрі ақын Хожа Хафиз деген кісі болған. Иманым қазақтың
талапты жастарын таныс қылмақ үшін оның жырын қазақ тіліне аудардым, -
деген Шәкәрім сөзін көреміз [3].
Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығарашылық мұрасын дүниеге әкелу
барысында қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық
мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы,
білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер
дәрежесіне көтерілді.

Шәкәрімнің қазақ әдебиетінің тарихынан алатын орны, оның Абай негізін
салған реалистік әдебиеттің дәстүрлерін жалғастырудағы рөлі жайында тұңғыш
ғылыми пікір айтқан адам – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Абай шығармашылығын
зерттеу, оның өмірбаянын жазу барысында М.Әуезов Абайдың әдеби мектебінен
тәлім алған шәкірттері жайында үнемі айтып отырған [6].
Шәкәрімнің рухани бастау көзі дегенде, ең алдымен Шәкәрімнің Абайдың
шәкірті екенін айту керек. Шәкәрім Абайдың немере інісі ғана емес, тікелей
рухани, шығармашылық мектебінен тәлім алған ақын деген орынды, - дейді
филология ғылымдарының докторы А.Ісімақова [7].
Шәкәрім - өз өмірін өзі жазып кеткен адам, - деп көрсетеді жазушы
өміріне жетік ғалым Қайым Мұхамедханов. Жазушының шежіре кітабында
жазғандарынан ол мысалдар да келтіреді. Мысалы: ... Ер жеткен соң сол
кісіден (Абайдан) тағылым алып, әр түрлі кітаптарды оқып, насихатын тыңдап,
аз ғана ғылымның сәулесін сездім, - деген екен Шәкәрім [8]. Тек жалпы
білім алу жағынан ғана емес, сөз өнеріне жетіліп, ақындық мұратын айқындау
жағынан да оның Абай әсерінде болғаны анық. Тек атап айтарлық жайт, Шәкәрім
Абайдың ақындық мектебінен өткен аса талантты шәкірті, сондай-ақ Абай
ағасынан ғылым-білім үйреніп, ақылын тыңдап қана қоймай, жанынан қалмай
жүріп, кісілігін үйренген, оның сынына түсіп, творчестволық жаттығудан
өткен, Абайша еңбек етіп, өмір сүруді ол өзінің бірден-бір мақсаты санаған.
Шәкәрім кейбір кемшілігін Абай творчествосы арқылы танып, одан құтылар
жолды, бетке ұстар бағдарды да Абай өнегесінен табады, одан артық білімді,
ойшыл, асқан ақын, парасатты әділ жанды ол айналасынан таба алмайды.
Сондықтан білімді де, өнерді де, асыл мінезді де тек Абайдан ғана үйренуге
болатынын мойындап, қатарлас жастарға жар салады. Абайға барып, содан
сабақ алуды ұсынады.
Кел, жастар біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өтпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық...
... Мынау Абай, бір ғалым жөн шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық...
Білімді сол кісіден ізденерлік,
Әдейі іздеп біз келдік сізге, делік,
Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге! – делік [9].
Шәкәрімнің лирикалық қаһарманы да Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның
басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға
беріледі. Бірақ, бұл құрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты
Шәкәрімде де жүрек, тіл, сөз ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық
қаһарманның көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатында ақын жаралы жүрек,
улы жүрек, жылы жүрек, долы тіл ащы тіл, тәтті тіл, улы сөз
деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның
лирикалық қаһарманы таза жүрек іздеу жолында ет жүрегін қолына алып,
сұм жүректермен айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған
кездерінде дертті жүрекке айналады.
Шәкәрім авторлық сөз жазудың дәстүрін орта ғасыр әдебиетінен
алғанымен, мағыналық жағынан Абайға көбірек жақын. Ақынның ойшыл,
философиялық толғауы Абайдың:
Өлген мола, туған жер жібермейді,
Әйтпесе тұрмас едім осы маңда, - [10]
дейтін күңіренісімен үндеседі.
Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың Ескендірі мен
Масғұты десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың,
Шәкәрімнің дастандары ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-
тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Осы жөнінде А.Тілеуханова: Абайдың
өнерлі шәкірттері реализмді жетекші әдіске айналдырды десек, әсіресе
Шәкәрім өзінің эпикалық туындылары арқылы тұрақтандырып, биік сатыға, жаңа
көркемдік сапаға көтерді, - дейді [12]. Рас, Абай ең алдымен өзінің
айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэманың өрісін
кеңейту ісіне жұмылдырды, соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда
меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының
табиғатынан да айқын көрініп жатты.
Абай маңында шоғырланған, ұлы ақынның тікелей қамқорлығын көрген
талантты жастар шығармашылығын зерттеуде, оның ішінде Шәкәрімнің
шығармашылық өнерін оқырманға танытуда белгілі ғалым Қайым Мұхамедханов
көп іс тындырды. Ол: Қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған,
елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен
Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. Өйткені, ол – Абайдың нағыз
мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда бірегейі, -дейді [13].
Абайдан дәріс алған талантты ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы ұстазының
ұлағатты істерін насихаттады, алға дамытты, жаңамен жалғастырды.
Әдебиетіміздің соны сапаға жетуіне, өзгеше тұрпат табуына ғана септескен
жоқ, оның үрдіс дамуына, бар жағынан бірдей жаңғыруына жол ашты. Рас, ол
ұлы ұстазының өріс, деңгейіне көтеріле алмады, бірақ ең алдымен оның әдеби
қызметі нәтижесінде Абай жолы, Абай үлгісі – яғни жаңа тұрпатты поэзия
бүкіл қазақ әдебиетінде жетекші орынға біржола орнықты.
ІІ. Шәкәрім философиясының қарастыратын мәселелері

Шәкәрім жай ғана ақын емес, ол – философ, ғалым, күрескер. Шәкәрім
шығармаларының сүрлеуі де тереңде. Оның шығармаларынан көркем ойдың,
танымның өлең өрнегінде бейнелі күйге түскен поэтикалық суретті түрін
көреміз. Ақын дін, адам болмысы, қоғам, тіршілік, өмір, өлім мәселелерін
қазақ әдебиетінде зерделеудің жаңаша қалпын алып келді. Шәкәрімнің
гуманистік бағыттағы шығармаларының тәрбиелік маңызы айрықша. Тіпті қандай
тарихи дәуірде де өз мәнін жоймайтын ұлы ғибрат. Кемеңгер ақындарды келешек
ғасырлармен жалғастырып жататын да осы қасиеттер, - дейді қазақ
әдебиеттану ғылымының дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым Ә.Дербісалин [17].
Шәкәрім оқу, өнер-білімді уағыздай отырып, оған да сын көзбен қарау
керектігін айтады. Оның пікірінше, шын наданға ғылым үйретудің керегі жоқ,
ол тақырға сіңірілген дән сияқты өнбей қалады. Сол тәрізді арам ниетті
адамдардың қолына түскен ғылым да пайдасыз әрі қатерлі. Шын ғылым, нағыз
ғалым болады, соны тап та, содан айрылма, ол дүниені бұзатын жалған
ғылымнан, залым оқымыстыдан аулақ бол деп кеңес береді.
Шын залымға берме ғылым, ол алар да оқ қылар,
Қаруым дер, кісі атып жер, ол ғылымды хайла етер.
Дүниені түзетуші һәм бұзушы бір ғылым,
Әрі залым, әрі ғалым – ел түбіне сол жетер, - [9]
деп ақын мәселеге терең бойлап барады. Бұл арада ақынның ағартушылық
идеясымен қатар түпсіз ойы мен дана философиясы жатыр.
Ақын туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Шәкәрімнің
бір ерекшелігі – болашаққа үмітпен, сеніммен қарауы. Оның лирикасы
ағартушылық бағытта бар бояуымен айқын көрінді. Ақынның өмірі мен
шығармашылығын зерттеуші, жазушы Мұхтар Мағауин ақынның бұл бағыттағы
еңбегі бозбала шағында, 1879 жылы жазған Жастарға атты өлеңінен
басталғанын айтады [14].
Кел, балалар, балаңды оқыт, ғылым ізде,
Қазақты бастайтұғын қару сіздер.
Партияға шашқанша осыған сал,
Қолыңда қорегің бар кезіңізде.
Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан,
Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан.
Бойың жалдап қор болма, ойың жалда
Түк өнбес алты ай жүріп алған қайдан [11], - деп ақын алуан түрлі
оқырмандарына айтар арнаулы сөздерін соншалықты нанымды әрі көркем
жеткізеді. Өлеңді оқи отырып Абайдың ержеткен соң қолына білім сәулесін ала
алмай өкінген кейпі оралады.
Шәкәрім Құдайбердиевтің бүкіл творчествосында, жалпы дүниетанымында
махаббат мәселесі оның жалпы гуманистік көзқарастарының бөлінбес бір саласы
ретінде көрініп, жаңа ғасыр басындағы бостандық идеяларына, адамдық право
туралы ойларға шебер үндеседі [18]. Шынында да, ақынның біраз туындылары
махаббат тақырыбына арналғанмен, ол шығармаларының көздейтін мәселесі
бостандық, адамдық құқықпен ұштасып жатыр. Ақынның өзі де Қалқаман-Мамыр
поэмасын жазғанда осындай мақсатты көздегенін былайша атап көрсетеді:
Қалқаман-Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі
көңілінің көзі ашықтар жазықсыз екенін біліп дұға қылса керек. Өлгенді
тірілтпесем де, өшкенді жандандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл
болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме ақсақалдар аузынан да
қалып жатыр. Сол ғашықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім [19].
Демек, оның өлгенді тірілтуіне себеп болған жай, бір кезде мансұқ етіліп,
қоғам өмірінен аластатылған адамдар ісінің соңғы тұста өзгеше танылып, өзге
бағасын алу керектігі. Ақынның бұл арада айтып отырғаны және соны айтуға
мүмкіндік беріп отырған нәрсе: ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында адам
бостандығы туралы идеялардың берік орын ала бастауы. Осы тарихи кезеңде
әйел теңдігі, махаббат еркіндігі, сезім еріктілігі мәселелерінің жалпы
адамдық құқықтың, гуманизмнің жарқын белгісі ретінде бой көрсеткені көпке
аян шындық. Міне, осы жайлар ақынның өз сөзімен айтқанда өлгенді
тірілтпесе де, өшкенді жаңғыртуына мұрындық болған. Шәкәрімнің гуманистік
бағыттағы үндеуі өз заманының талабына сәйкес туған, халқының болашағын
көздеген, жақсылықты аңсаған ақын жүрегінің, ойлы да парасатты жанның
азаматтық үні деп жазушы Мұхтар Мағауин тамаша айтқан [14].
Қорыта айтқанда, гуманистік бағыт – Шәкәрім философиясында басты
идеялардың бірі. Айналасындағы өмір құбылыстарына, замандастарының рухани
дәрежесіне қарай отырып, ақын болашақ дамудың ықтимал жолдарына көз
жібереді. Соның нәтижесінде кемшіліктен құтылудың бірден-бір жолы ғылым мен
өнер үйрену, еңбек ету, бірлікті сақтау және озық ойлы елдерден үлгі алу
деген тоқтамға келді. Осы тұрғыдан Шәкәрімді өзінің алдындағы Шоқан,
Ыбырай, Абайлардың идеялары сабақтастырып жатыр.
2.2. Шәкәрім философиясындағы имандылық мәселесі
Шәкәрім материалистік дүниетаным мен идеалистік дүниетанымның өткен,
кеткен тарихынан мол хабардар, әрі осы екі танымның мән-мағынасына өзіндік
сыншылдық көзқараспен қарай білген үлкен аумақтағы қайталанбас ойшыл
тұлғадағы ақын. Ислам діні бойынша оқулық мәніндегі Мұсылмандық шартын
жазған Шәкәрім өлеңдерінде Құран қағидаларының көрініс табуы сондайда
табиғи құбылыс. Құранды тұтастай жатқа біліп қана қоймай, Құранды мақамдап
оқудағы өз заманындағы бірнеше үлгіні қатар игеруімен байланысты болып
келеді. Ақылдық пен алғырлық осылайша абыздықпен астасып жатыр деп
М.Мырзахметұлы өз ойын түйіндейді [20].
Бала күнінен бес уақыт намазға жығылып, Алланы бір, пайғамбарды хақ,
құранды шын деп өскен Шәкәрім ақын дәретсіз жер баспаған, күндіз-түні
жалғыз ием жаратқан Алланы есінен бір сәт те шығармаған, болыс болып, ел
басқарып жүрсе де әділдігінен таймаған, қайраты мен ақылын қатар ұстаған
аса сабырлы жан болыпты [20]. Ақын өзінің Шошыма, ойым, шошыма атты
өлеңінде:
Шошыма, ойым, шошыма
Келмейді жындар қасыма.
Таһараты жоқ сайтан,
Жоламас менің қасыма.
Қажыма, ойым, қажыма,
Қарама тозған жасыма.
Адаспасаң ақ жолдан,
Қонады бақыт басыңа. [11]
Ақын осы бір кішкентай ғана өлең жолдарымен мол дүние айтты, денесі
таза, жаны пәк, көңілі мөлдір жанның айналасы тұрмақ, маңына да жын-
шайтанның жоламайтынын, ондай пендесін Алланың жарылқап, бақытты ететінін
терең толғады. Шәкәрім Құдайбердіұлының қатты ескеріп айтқан тағы бір
күрделі мәселесі – ол әр мұсылман өз ажалымен талқаны таусылған күні,
Алладан шынымен пәрмен келген мезгілде пәни дүниеден бақи дүниеге өтуі
керек екен. Өзіне-өзі қол жұмсап, ажалынан үш күн бұрын өмірден өткен
адам ислам дініне қарсы келген болып табылады, ол кісі бес уақыт намаз,
отыз күн ораза ұстағанмен, діні бөтен кәпірлердің қатарында болмақ.
Шәкәрімнің иман туралы ой-толғамы да назар аударарлық. Ақын сау ақыл
менің иманым, аламын соған сыйғанын - деп ашық айтқан. Демек, оның сенері
– имандылық. Оған жетудің жолы – ақыл. Иманға нандыратын – ақыл. Әрине,
имандылыққа тек ақыл арқылы жету деген мәселе талас тудырары сөзсіз. Бірақ
мәселе онда емес, сөз ақынның иман туралы өзіндік концепциясында. Ақын бас
ұрған ақиқат ождан, шын иман, - адаспайтын айқын жол - адамдық, кісілік.
Атақ, пайда іздемей, - Ойыңда мақтан жоқ болса, - Қиянатты көздемей, -
Қанағатқа тоқ болса - пұтқа табынған мәжусидің өзі әулиемен тең . Дүние
қуып, пайда іздеген, алдау-арбаумен күн өткізген молда мешітте мың жыл
отырса да бейіштің есігінен сығалай алмақ емес. Ақынның ұғымында бар кінә
иманын малға айырбастаған молдада ғана жатқан жоқ. Бұл күнде алланың аяты
да, пайғамбардың хадисі де бұзылған. Бұзған бірді-екілі адам емес, бүкіл
қауым. Және дін бұзған, ізгі уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз
Мұхамед үмбеті ғана емес дейді ақын [22].
Дін табиғаты, ождан туралы тағы айта келе Шәкәрім: Алла тағала
пенделеріне тура жолды ұқтыру үшін әрбір заманда пайғамбарлардың қайсы
біреулеріне кітап жіберген. Оның үлкен төртеу: бірі – біздің
пайғамбарымызға жіберген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz