ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Шандаулетова Алмабике Мерекеқызы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІК ӘДІСТЕРІ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші: Алиева Д. А.

Аға оқытушы

Қостанай, 2017 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ . . . 5

1. 1 Қазақ тілін ақпаратық-технологиялар жүйесімен оқытудың дидактикалық негізері . . . 5

1. 2 Қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістер жүйесі . . . 11

ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІК НЕГІЗДЕРІ . . .

2. 1 Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдістерінің түрлері мен оны қолдану мүмкіндіктері . . . 17

2. 2 Қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың ерекшеліктері . . . 21

2. 3 Қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың тиімділігі . . . 25

2. 4 Қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың жолдары . . . 30

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 39

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 49

КІРІСПЕ

«Заманын түлкі боп шапса, оны тазы боп қу»

Адамзат өркениеті XXІ ғасырға қадам басқаннан кейін жаңадан шешуді талап ететін көптеген жаңа мәселелерге тап болды. Соның ішінде жоғарғы білім жүйесіндегі реформалардың уақыт талабына сай келмеуі маңызды орын алады.

Жиырмасыншы ғасырдың соңында ақпараттық технологиялардың және коммуникация құралдарының жоғары қарқынмен дамуы, әлемдегі ақпарат санының жылына екі есе артуына және технологиялар мен білімдердің жаңа салаларының пайда болуына әкелуі, бұл артқа қалушылықтың басты себебі болып отыр. Бұрын болып көрмеген коммуникациялардың жаңа құралдарының пайда болуы өте үлкен ақпарат қорының жиналуына әкелді, ал бүгінгі күнде ақпарат басты байлық болып табылады. Бұл ХХІ ғасырдың басының адамзат дамуының алдыңғы әуірінен ең үлкен артықшылығы.

Жаңа жоғарғы білім беру жүйесі адамдарды жоғары қарқынмен дамыған болашақта орнын табуға дайындауы керек. Яғни, тек білімділіктің деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортада тез өзгеретін экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және ақпараттық реакцияларға бейімделген интеллектің жаңа түрін, жаңа бейнені және жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыруы керек.

Болжамдық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей осы ғасырда білім беру үздіксіз процесске айналатынын көрсетті. Ол адам өмірінің әр күнін қамтиды, себебі: тек білім алу арқылы ғана ол технологиялық инновацияларға бейімделе алады, жаңа білімдер мен кәсіби әрекеттерінің көптеген бағыттарын игере алады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейту мәселесі алға қойылған міндеттердің біріне айналғаны мәлім. Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының баптарында, сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы» Заңда айтылған мәселе - мемлекеттік қазақ тілін одан әрі дамыту, жетілдіру. Осы мақсатта әр түрлі сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді тереңдете оқыту мәселесі де алға қойылды.

Интеграция мен ғаламдастырумен қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәжірибенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.

Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты - жан-жақты білімді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсі қажеттігі күшейіп келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесін тереңдету арқылы мемлекеттік тіл деңгейін көтеруге мүмкіндік бар екені айшық. Аталмыш әдістемелік нұсқауда кәсіптік қазақ тілінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін талдап, нұсқау беріледі. Интерактивтік оқыту әдістері арқылы қазақ тілін оқытудың басты ерекшелігін анықтау. Интерактивтік әдіс арқылы сабақты игертудің әдістемесін ұсыну [1, 3] .

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістерінің түрлерін анықтап, оның тиімділігі мен қолдану жолдарын көрсету.

Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • қазақ тілін оқытудың интерактивті әдістерінің түрлері мен оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың ерекшеліктерін айқындау;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың тиімділігін дәлелдеу;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың жолдарын көрсету.

Зерттеудің ғылымилығы :

  • қазақ тілін оқытудың интерактивті әдістерінің түрлері мен олны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың ерекшеліктері айқындалды;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдісті қолданудың тиімділігі дәлелденді;
  • қазақ тілі сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі. Зерттеудің негізгі дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде Өстеміров К., Оразбаева Ф. Ш., Рахметова Р. С., Мұхамеджанова А. Т. т. б. мамандардың еңбектерін атауға болды.

Зерттеудің нысаны. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін интерактивтік оқыту әдісі арқылы оқыту үрдісі.

Курстық жұмыстың зерттеудің әдістері: Қазақ тілін оқытудың интерактивтік әдістерінің өзіндік ерекшелігін, қызметін анықтау барысында ғылыми-теориялық әдістер, баяндау, талдау, сұрыптау, салыстыру, ойын элементтерін пайдалану, эксперимент, қорытындылау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, практикалық бөлім мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

І. ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ

1. 1 Қазақ тілін ақпараттық-технологиялар жүйесімен оқытудың дидактикалық негіздері

«Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқыту» атты тарауда жоғары оқу орындарында қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың дидактикалық негіздері, интерактивті әдістер жүйесі қарастырылды.

«Қазақ тілін ақпараттық-технологиялар жүйесімен оқытудың дидактикалық негіздері» тараушасында дидактикада оқыту, оқу және білім мазмұны үштігінің үнемі сәйкес болуын қарастыратыны айтылады.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуетін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.

Жалпы “Ақпараттық технология” термині ғылымда XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болған, оны Америкада XX ғасырдың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен атаған. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдай келе, біз мынадай анықтама ұсынамыз: «Ақпараттық-коммуникациялық технология» дегеніміз - мәліметтерді әр түрлі деңгейде, әр түрлі нысанда ұйымдастыруға қолайлы, жылдамдығын бірнеше мәрте арттыруға, қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы». [1, 18]

Оқу үдерісінде, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану - ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа ұмтылдырады. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан тіл үйренушінің танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды сапалы және жылдам орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа элементтерімен оқытудың мүмкіндігі жоғары. Ақпараттық технологияларды қолдану интерактивтік және бейімделу сияқты құнды қасиеттері бар білім алу ортасын тудырады. Тілдік білім алуды ақпараттандыру тіл үйренушілерге дүниежүзілік мәдениет байлықтарымен, ақпараттық ресурстармен қатынас жасауға мүмкіндік береді және шынайы мәдени коммуникация үшін жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық және білім алу ортасында тіл үйренушілердің табысты қызмет етуі олардың ақпараттық-технологиялық құзыретінің қалыптасу деңгейімен сипатталады, оның құрамында мәдени ақпарат жетекші орын алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі:

  • пəн бойынша базалық білімді меңгеру;
  • алған білімді жүйелеу;
  • өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
  • оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде əдістемелік көмек беру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Мемлекеттік тілді оқытуда соңғы мақсатты нәтиже - қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің ең негізгі тетігі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану. Бұған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6435 өкімімен бекітілген білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында: «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», - делінген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасында қабылданған білімді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру саласын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған.

Білімді ақпараттандыру күрделі де көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара байланысына да тәуелді. Бұл ғалымдар мен педагогтардың, психологтар мен әдіскерлердің, бағдарламашылар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы мамандарының күш-жігерін жан-жақты жұмылдыру уақытының келгенін көрсетеді. Білімді ақпараттандыру - қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.

Соның ішінде қазақ тілінен берілетін білім мазмұнының оқыту мен тәрбиеде шығармашылық бағдар алуына баса назар аудару қажет екендігі және де бүгінгі күнгі білім берудегі оқытудың мазмұны мен құндылығы білім алушыға күрделі жағдайда шешім қабылдай білу қабілетін дамыту, шығармашылық ойлау стилін меңгерту, қазақ тілінен алған білімін өзінің қызмет ететін саласында және басқа да жаңа салаларда тиімді қолдана білуге бағдарлау болып табылатындығы туралыи мәселелер талдауға түсті. Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқыту үдерісінде тілді оқытудың тәрбиелік функция атқаратыны, соның негізінде студенттің ішкі қабілетінің дамытылуы да бақыланып отырылатыны қарастырылды. Осы тұжырымдар негізінде қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың мынадай дидактикалық қағидалары айқындалып берілді:

  • қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудағы оқу материалдарының деңгейленіп берілуі, яғни концентризм қағидасы;
  • тілдің үйренуші және оны тұтынушы үшін ойлау құралына айналуы үшін берілетін білім мазмұны символдар сомасына айналмай, оның өмірлік қажеттілігін қамтитындай күйде болуы керкетігі ескеріле, қазақ тідін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың түсініктілігі мен кәсібилігі қағидасы айқындалды;
  • қазақ тілін мультимедиялық және компьютерлік бағдарламалар арқылы оқытудың оңтайландыру қағидасы негізге алып, нәтижелік пен уақыт шығынын және ресурстарды есепке ала отырып, нақты жағдайда және оқу актісіндегі саналы таңдау жасау жүзеге асыруды көздеу;
  • оқу күрделі және тек индивидтің ішкі белсенділігімен іске асатын психофизиологиялық үдеріс болып табылатындығы ескерілген, қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың қызметтік сипатта болу қағидасы. [5, 64]

Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру модульдерінен тұратын электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік бағдарламаларды қолдану тәжірибесі көрсеткендей, оның нәтижелі болуы көптеген факторларға, оның ішінде негізінен бағдарламаның сапалы болуына байланысты. Кейбір электронды оқу құралдарында кездестіріп жүргеніміздей, сурет немесе жазбаша мәтін түрінде ұсынылған ақпаратты тек көру немесе оқу мүмкіндігі, кей жағдайда дыбысталу, яғни тыңдалым мүмкіндігі ғана берілетін болса, ол қағазда басылған оқулықтың электронды аналогы ғана болып қала береді. Ал мемлекеттік тілді оқытуда компьютердің шексіз мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген, сөйлесім әрекетінің барлық түрін дамытуға әсер ететін, оқыту әрі тексеру модульдерінен тұратын, тіл үйренушінің өз бетімен қолдануына ыңғайлы, білім беру стандарттары талаптарына толық жауап беретін мультимедиалық бағдарламалар қажет. Қазақстандық тілдік тұлғаның бойында қалыптасуға тиісті негізгі құзыреттіліктерді назарға ала отырып, компьютерлік оқыту бағдарламаларына келесі талаптар қойылады:

1. Тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға барлық қажетті жағдайларды жасау.
2. Үйренушілердің ақпараттық және мәдениеттік білімдерін көтеру.
3. Тіл үйренушілердің логикалық, рефлексиялық ойлауын дамыту.
4. Ақпараттық ортада өзін-өзі мәдени дамытудың психологиялық алғышарттарын қалыптастыру.
5. Оқу уәждемесін арттыру және өнімді оқу-танымдық әрекетті дамыту.
6. Қазақ тілін өз бетімен автономды түрде оқу технологиясын меңгерту.
7. Эмпатия мен толеранттықты қалыптастыруға әсер ету.
8. Мәдениеттер диалогы субъектісінің тұлғасын қалыптастыруға әсер ету.

Интерактивтік технологияда оқушы белсенді субъектіге айналып, ауызша тілдік қатынас та, жазбаша тілдік қатынас та қатар жүзеге асады. Қазақ тілін модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту барысында оқушылардың теориялық, практикалық ойлаулары мен тілін дамытудың дидактикалық негіздері жүйесін құрайтын төмендегі компоненттер алынады:

Қазақ тілін оқытуды жаңа заман талап ететін сапа тұрғысынан меңгертетін дидактикалық үдерістің біртұтас мақсаты:

  • қазақ тілін меңгертуде танымдық әдістерді қолдану;
  • қазақ тілі туралы қарапайым эмпирикалық білім мазмұнын оның рухани қажетті білімге айналуына негіз болатындай етіп меңгерту;
  • қазақ тілі туралы алынған эмпирикалық білімін теориялық сана тұрғысынан «қайта өңдеуіне» жағдайлар жасау;
  • оқушының, студенттің, тіл үйренушінің қазақ тілі туралы білімін өзінің рефлексиялық жаттығулар орындауы мен жоба әдістері арқылы «қайта өңдеуін» практикалық тұрғыдан ұйымдастыру.

Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы - тілді үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен бірге оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. Бақылау жасау - адамның өзінің алдына қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын әрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру. Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады. [1, 78]

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі. Компьютердің мультимедиалық ерекшелігі тест тапсырмаларын алуан түрлі етіп, сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамти отырып, қатысым әрекетіне негіздей құруға мүмкіндік береді. Қазақ тілін ғаламтор арқылы оқыту жүйесінде қолданылып жүрген онлайн-тестілеу жүйесінің диагностикалық мақсаты - бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерді талдау, қорытынды жасау арқылы тіл үйрету үдерісінің нәтижесін, тіл үйренушінің қатысымдық құзыреттілігінің деңгейін анықтау болып табылады, ол өз кезегінде кемшіліктер мен жетістіктердің себептерін айқындауға, тіл үйрету үдерісінің әрі қарай даму болжамдарын жасауға ықпал етеді.

Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдениаралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз. Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Ақпараттық жүйе құрылымы
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz