Банктердің факторингтік операцияларының экономикалық негіздері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І. БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Банктердің факторингтік операциялары және олардың

экономикадағы ролі

1. 2. Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың

даму тарихы

1. 3. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары

ІІ. ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. Факторингтік операцияларды ұйымдастыру және талдау

2. 2. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау

және бағалау

2. 3. Факторингтік операциялардың құнын және табыстылығын

бағалау әдістемесі

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДА ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1. Қазақстанда факторингтік операцияларды реттеу ерекшеліктері

мен мәселелері

3. 2. Факторингтік операцияларды қаржыландыру құралы

ретінде жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпкерлік қатынастарда келісім бойынша тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып алушы өзінің міндеттемелерін келісім бойынша белгілі бір мерзім өткеннен кейін орындауды мойнына алатын жағдайлар жиі кездесіп отырады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында тауарларды жеткізіп беру және оларды төлеу арасындағы уақыт айырмашылығы түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы төлемдерді кешіктірумен немесе мүлдем төлей алмау жағдайларымен байланысты болып келеді. Сол себепті, көптеген кәсіпорындар жетпей жатқан қаржы ресурстарын басқа қаржыландыру көздерінен тартуға мәжбүр болады. Осындай қаржыландыру көзін кәсіпорындар дебиторларға деген өздерінің ақшалай талаптарын сату арқылы алуына болады. Мұндай қаржыландыру әлемдік практикада ақшалай талаптарды беру (сату) арқлы қаржыландыру, немесе факторинг, деген атауға ие болды.

Кез-келген кәсіпорын қызмет ету барысында өндірісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесімен тығыз байланысты болады. Өндіріс барысын қаржыландыру үшін кәсіпорындар қаражаттар тартудың алуан түрін қолдана алады. Осындай қаржыландыру көздерінің қатарына факторингтік операциялар да жатады.

Факторингтік операциялар еліміздің қаржы нарығында енді ғана қалыптасып келе жатқан, әлі өзінің қажетті деңгейдегі қоланысын таппаған қаржы құралы болып табылады. Осыған қарамастан, факторингтік операциялар кәсіпорынның ағымды активтерін ұзақ мерзімді қаржыландырудың тұрақты көзі бола алады. Бұған дәлел болар деректер туралы айтар болсақ, онда факторингтік операциялардың банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық (вексельдік) несиелермен салыстырғандағы біршама тәуекелсіз болып келетінін ескеруге болады. Бұл факторингтің қаржыландыру құралы ретіндегі ең басты артықшылығы және ерекшелігі.

Алайда, қазіргі таңда еліміздің несие нарығында әлі де болса банктік несиелердің үстемдік құрып тұрғанын, сәйкесінше коммерциялық және факторингтік несиелеудің маңызы төмен екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде факторинг туралы ғылыми мәліметтер жетіспейді, ал статистикалық-анықтамалық әдебиеттерде және есеп беру құралдарында факторингтік операциялар туралы ақпараттар тіпті жоқ.

Ақашалай талаптарды беру арқылы қаржыландыру өзінің негізінде несиелік сипатқа ие. Бұл мәмілелердің бұл түрін цессиядан немесе құқықты басқаға беру мәмілесінен бөліп көрсететін ең басты шарт. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес факторинг «ақша қаражаттарын талап ету құқығын беру арқылы қаржыландыру» деп анықталады. Алайда, факторингтік операциялардың түрлерін қамтитын банктік операциялар шеңберін анықтайтын заңнама біздің елімізде әлі де болса жоқтың қасы.

Осы аталған жағдайлар экономикадағы факторингтің ролінің қарастырудың өзекті бола тұра, әлі де болса толық, қажетті деңгейде зерттелмегенін көрсетсе керек.

Жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - коммерциялық банктерде және жалпы экономикалық деңгейде факторингтік операцияларды ұйымдастырудың және бағалаудың теориялық, әдістемелік және нормативтік негіздеріне сүйене отырып, факторингтің нарықтық экономикадағы ролін анықтау болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей міндеттер қойып отыр:

  • факторингтің экономикалық экономикалық негіздерін қарастыру;
  • факторингтік операцияларды ұйымдастыру және бағалау әдістемесімен таныс болу;
  • қазіргі таңдағы Қазақстанда факторингтік қатынастарды дамыту мәселелерін қарастыру.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Тараудың тақырыптары, мазмұны және теориялық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді.

Бірінші тарауда факторинг ұғымының жалпы сипаттамасы мен оның нарықтық экономикадағы маңызы, әлемдік практикадағы оның даму тарихы туралы айтылады. Сонымен қатар, мұнда факторингтік операциялардың бірнеше белгілері бойынша жіктелуі мен факторингтік келісім-шартты жүргізу тәртіптері қарастырылады.

Екінші тарауда факторингтік операцияларды ұйымдастыру барысы, банктер мен шаруашылық субъектілері арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалады. Сондай-ақ, бұл тарауда факторингтік операциялардың құнын бағалау және оны банктік несиеге альтернативті қаржы көзі салыстырмалы түрде бағалау әдістемесімен таныс боламық

Үшінші тарауда бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасындағы факторингтік операцияларды реттеу және жетілдіру мәселелерін және оларды шешу жолдарын қарастырылады.

Зерттеудің пәні. Диплом жұмысындағы зерттеу пәні ретінде нарық жағдайларында банктер мен шаруашылық субъектілері арасындағы факторингтік қаржыландыру мәселесімен байланысты экономикалық қатынастар қарастырылады.

Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісі ретінде жалпы халықаралық практикадағы және Қазақстан Республикасы жағдайындағы коммерциялық банктердің факторингтік несиелеу ерекшеліктері қарастырылады.

Диплом жұмысы барысындағы зерттеу жұмысының теориялық және әдіустемелік негіздерін отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары құрайды. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде бірнеше отандық коммерциялық банктердің мәліметтері, Қазақстан Республикасының ресми нормативтік-құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары, және басқа да ақпараттар қолданылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы - мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары Қазақстандағы факторингтік қатынастарды дамыту үшін қолданыла алады.

І. БАНКТЕРДІҢ ФАКТОРИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Банктердің факторингтік операциялары және олардың

экономикадағы ролі

Мемлекеттің қаржы-несие жүйесінде коммерциялық банктердің ролі ерекше. Коммерциялық банктер экономикадағы бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды орналастыру қызметін атқара отырып, ақша айналымының үззіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етудің негізгі буыны болып табылады. Олар несие нарығының және жалпы экономиканың барлық салаларына қызмет көрсететін әмбебап, көпқызметті ұйымдар болып табылады. Банктер несиелік ресурстардың басым бөлігін өз қолдарында шоғырландырып, өздерінің клиенттеріне алуан түрлі қызметтер ұсынады: несиелеу, депозиттер тарту, есеп айырысу бойынша қызметтер көрсету, құнды қағаздар мен валюталарды сатып алу және сату, оларды сақтау және тағы басқа операциялар. /1/

Қазіргі таңдағы коммерциялық банктер, қаржылық дәнекерші қызметін атқара отырып, маңызды экономикалық қызмет атқарады, ақша капиталының салааралық және аймақаралық бөлінуін қамтамасыз етеді. Капиталды салалар және аймақтар бойынша бөлу және қайта бөлу механизмі өндірістің объективті қажеттіліктеріне сай дамуына және экономиканы құрылымдық өзгертуге септігін тигізеді.

Коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың бір формасы - факторингтік операциялар болып табылады. /2/

Ағылшын тілінен аударғанда «factor» ұғымы маклер, дәнекерші деген сөзді білдіреді. Экономикалық көзқарас жағынан факторинг дәнекершілік операцияларға жатады. Факторингтік қаржыландыру вексельдік несиелеу операцияларымен өте ұқсас келеді, мұнда тек кәсіпорынның дебиторлық қарызы несие беруші ұйыммен кепілдік ретінде қабылданбай, тұтастай сатып алынады, яғни кәсіпорынға несие беруші ұйым мәмілелердің үшінші тұлғасы - дәнекерші ретінде қатысады. Мұндай ұйымдар әдетте арнайы факторингтік компаниялар немесе банктердің факторингтік бөлімшелері болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе «факторинг» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Факторинг - тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады. Факторингтік компания кәсіпорынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіп, оның балансындағы дебиторлық қарызды өндіріп алу құқығын өз қолына алады. Сәйкесінше, факторингтік компания өз қызметі үшін кәсіпорыннан пайыздық төлемдер талап етеді. /3/

Факторинг - қатерлі болса да пайдасы жоғары банк бизнесі әрі қаржылық маркетингтің тиімді құралы және осы заманғы экономиканың даму процесіне бейімделе алатын банк операцияларын біріктіруші формалардың бірі.

Факторингтің Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын классикалық түрі жеткізілген өнімнің төлем мерзімін ұзарту түріндегі коммерциялық несиеге негізделеді.

Шетел іс-тәжірибесі шағын және орташа кәсіпорындар үшін, сондай-ақ келешекте өндіріс көлемі өсетін, алайда дебиторлардан төлемдердің уақытылы түспеуінен ақшалай қаражатқа мұқтаж қайтадан құрылған кәсіпорындар үшін факторингтің айрықша тиімді болатындығын көрсетіп берді.

Факторингтің операцияның негізінде жөнелткен өнімі үшін жеткізушінің фактурашотын банктың сатып алуы және жеткізушінің банкке өнімді сатып алушыдан төлемді талап ету құқығын табыс ету жатады.

Сондықтан да факторингтік операция, сонымен бірге, жеткізушінің сатуын несиелеу немесе жеткізушіге фоктарингтік несиені беру деп аталады.

Факторинг бастапқыда мамандандырылған сауда делдарының операциясы ретінде, кейін сауда банктерінің операциясы ретінде пайда болды. Осы замаңғы талаптарға коммерциялық несиенің өзінше бейімделген түрңнде фокторинг немесе факторлық несие жатады. Бұл, әсіресе, соңғы екі он жылдықта жақсы дамыды. Тауар сатушысы үшін коммерциялық несиеден факторлық несиенің айырмашылығы мынада: олар сатылған тауардың төлемін қолма-қол ақшамен алса, несиеге сатуда сатушы тек вексель ғана алады. Жеткізуші алынған векселді банкте ескеріп, қолма-қол ақша алады, алайда, бұл қолма-қол ақшаның сомасы фактура-шотты сату барысындағы сомадан кеме болады. /4/

Комерцилық банктердің (шетелдердегі арнайы - факторлық - компаниялары - немесе жай ғана фактор) тиісті бөлімдерінің өз клиентерінен (тауарлармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар) төлем құжатын (ақшаны алу құқығын) сатып алуда және ол бойынша төлемдерді борышқорлардан (сатып алушылардан) кейін алуда төлеушіге қойылатын төлем талабының тізімін сатып алу секілді осындай құқықты бір жолғы сатып алу ретінде мүмкін болады. /5/

Факторингтік операциялардың қатысушыларының тәртібі келесідей:

  • коммерциялық банктің факторингтік бөлімшесі немесе арнайы факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен дебиторлық қарызды сатып алушы арнайы қаржылық мекеме. Дәлірек айтқанда, дебиторлық қарыз сатып алынады да, клиент-кәсіпорынды қаржыландыру жүзеге асырылады;
  • клиент-кәсіпорын (тауарды сатушы, кредитор) - банкпен келісім жаусаушы тұлға;
  • қарызгер кәсіпорын - тауарды сатып алушы тұлға (дебитор) .

Қарастырылып отырған операцияның мәні мынада: жабдықтаушы кәсіпорын сатып алушыға ақшасын факторинг бөлімінің шотына түсіруін талап етіп, төлем құжатын ұсынады. Соңғысына бір мезгілде құжаттын бір данасы беріледі. Бұл құжаттың негізінде ол ақшаны өзінің шотынан жабдықтаушының шотына аударады, ал, кейін сатып алушыдан төлемнің уақытылы алынуына бақылау жүргізіледі (төлем кешіктірілетін болса тиісті өсімақы алынады) . Сонымен бірге, факторинг мерзімі арқылы есеп айырысу туралы келісім шартта жоғарыда анықталған төлем бойынша мерзімі ұзартылған берешек пайда болатын болса, банк оның сомасына клиенттің есеп айырылысу шотынан факторинг шотына қалыпқа келтіре отырып, тізім құқығына (талаптарды кері табыстау) жүгінуі мүмкін. /6/

Клиенттің талап сомосының қалған бөлігі (10-30% мөлшерінде), берілген (факторингтік) несие үшін процентті шегеруге екі түрлі жолмен төленуі мүмкін яғни:

  • қарызгерден қаражаттың түскен уақытына қарамастан компания немесе банктің тиісті бөлімі анықтаған мерзімде;
  • осы қаражатты дебитордың аударғанынан кейін, яғни, жеткізілген тауардың төлемі нақты жүзеге асырылғанда.

Факторингтік қызмет көрсетудің негізгі мақсаты - клиенттің дебиторлық шотын инкассациялау және оның пайдасына тиесілі төлемдерді алу. Бұл қызметті фактор клиентке қаржыландырусыз да, қаржыландырумен де көрсетуі мүмкін.

Бірінші жағдайда банктің клиенті шаруашылық келісім шартына сәйкес мерзімде (әдетте 30 күннен 120 күнге дейін) клиенттің пайдасына төлемді алу мақсатында өнімді жөнелтіп, банк арқылы өзінің сатып алушысына шотты ұсынады.

Қаржыландырумен шотты инкассааациялау жағдайында банк клиентпен жөнелтілген тауар құнының 80-90% - ін жедел төлеу шарты арқылы фактура-шотты сатуп алады, яғни, өз клиентінің айналым капиталын аванстайды (фактура шотты дисконттау) . Жөнелтілген тауардың резервтік 10-20% - і клиентке төленбейді, сатып алушыдан оған өнімнің сапасына, бағасына байланысты кінәрат қойыла қалған жағдайда сақтық үшін жеке шотта брондалады.

Мұндай қызмет көрсетулер жұмыс істейтін кәсіпорындардың қажеттіліктерін толық өтей алады, өйткені, бұл оларға төлем мерзімі ұзартылған сатуды факторинг арқылы жедел төленетін сатуға айналдыруына мүмуіндік береді және осылайша өз капиталының қозғалысын жылдамдатады. /7/

Кәсіпорындардың дебиторлық қарызын сатып алу барысында коммерциялық банктер көп жағдайларда кері талап ету құқығынсыз операцияларды қарастырады және қарыз толық өтелгенге дейін бірқатар қызметтер көрсетеді. Банк кәсіпорынның қарызгерлерінің несие қабілеттілігі тұрғысынан бағалап, алдын-ала аванстық төлемнің мөлшерін анықтап қояды. Коммерциялық банк шотта қалған дебиторлық қарыздың қалдық сомасынан пайыздар және комиссиялық төлемдер алып отырады.

Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатуға, кәсіпорынның айналым қаражаттарын үнемдеуге, сондай-ақ ағымды активтердің айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді. Факторингтік қызметтер, бірінші кезекте, дебиторлық қарыздың уақтылы өтелмеуіне байланысты қаржылық қиындықтарға жиі кездесетін шағын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Осылайша, факторингтің кәсіпорындар үшін бірқатар артықшылықтары бар, атап айтсақ:

  • өз қызметін төлем мерзімі жеткенше факторингтік компанияның қаражаттары есебінен қаржыландыру мүмкіндігі;
  • компанияның қаржылық тәуекелінің төмендеуі;
  • факторингтік компаниядан кәсіпорыннан тауар сатып алушы тұлғаның төлем қабілеттілігі туралы ақпараттар алу.

Алайда, барлық кәсіпорындарға факторингтік қызметтер көрсетіле бермейді. Әдетте, коммерциялық банктер келесі жағдайларға байланысты факторингтік қаржыландыру операцияларын орындаудан бас тартады:

  • егер кәсіпорынның дебиторлары өте көп болса және дебиторлық қарыздардың көлемі аз ғана сомамен сипатталатын болса;
  • стандарттық емес немесе арнайы тауар өндіруші фирмалардың дебиторлық қарыздарын;
  • өз өнімін сатудан кейінгі қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың қарыздарын;
  • өздерінің сатып алушыларымен ұзақ мерзімді келісімдер жасайтын фирмалардың дебиторлық қарыздарын;
  • кәсіпорынның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің дебиторлық қарыздары бойынша.

Факторингтік операциялардың басты кемшіліктері:

  • факторингтік қызмет көрсету құнының жоғары болуы;
  • дебиторлық қарыздың иесі ауысқан жағдайда сатып алушы кәсіпорындарда (дебиторларда) кері әсерлер пайда болады. /3/

Факторингтік қаржыландырудың шарттары әркелкі болады. Кейде банк кәсіпорындарға қаржы ресурстары жетіспеушілігі жағдайларында олардың шоттарынан овердрафтық негізде қаражаттар алуына мүмкіндіктер береді, яғни кәсіпорынға берілген қаражаттар үшін кепілдік сомасын талап етпейді. Кейде банк кәсіпорын шотындағы қаражаттардың бір бөлігін мүмкін болатын зияндарды жабу үшін резерв қалыптастыруға кепілдік ретінде алып қалады.

Факторингтік қызмет көрсетуші банктер туралы қоғамның пікірі алуан түрлы болып келеді. Кейбір жекелеген тұлғалар факторингтік банктер мен компаниялар туралы критикалық пікірде болады. Дегенмен де, көпшіліктің пікірінше факторингтік операциялар өндірісті қаржыландырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Қоғамдағы мұндай қарама-қайшы пікірлердің пайда болуы факторингтік қызметтің артықшылықтары мен кемшіліктерінен келіп туындайды. Факторингтік қызметтің құны кейбір жағдайларда тым қымбат болып келуі мүмкін. Алайда, кәсіпорындар келесілерді ескерулері керек:

  • факторингтік банктер көптеген жағдайларда кәсіпорындарды коммерциялық және вексельдік несиелеумен байланысты есептік пайыздардан арылтады;
  • дебиторлық қарызды өндіріп алу шығындарын кәсіпорын толықтай банкке аударады. /7/

Фактураны дисконттаудан басқа банк клиенттің негізгі қаржы-шаруашылық қызметімен және есеп айырысуымен байланысты бірқатар өзге қызмет көрсетулерді орындайды:

  • дебиторлық берешектердің толық бухгалтерлікесебін жүргізеді;
  • есеп айырысуларды ұйымдастыру, шаруашылық келісімшартын бекіту, төлемдерді уақытылы алу және мәселелер бойынша кеңес береді;
  • өткізу нарығы, тауарлардың бағасы, келешектегі алушылардың төлем қабілеті және т. б. жөнінде ақпарат береді;
  • көлікпен жеткізу, қоймада сақтау, сақтандыру, жарнамалау және өзге де қызметтерді ұсынады.

Бұл жағдайда факторинг клиентке қаржылық (шартты факторинг) тұрғыдан қызмет көрсетудің әмбебап жүйесіне айналады. Клиент тек өндірістік функцияны ғана орындаса жетіп жатыр. Факторингтің мұндай формасында клиент өзінің штатындағы қызметкерлердің санын қысқарта алады, бұл өнімді өндіру және клиенттің банкке толық тәуелді болып қалу қаупі фактордың толық хабардар болуына клиенттің шыға алмауына әкеп соқтырады.

Факторингілік операцияның қатерлі сипаты болады. Сол себепті де банк клиентпен келісім шартқа отырмастан бұрын оның төлем қабілеттілігіне көз жеткізу үшін әлеуетті клиенттің қржылық жағдайын мұқият зерделеуі қажет: оның балансының өтімділігі, дебиторлық берешегінің құрамы мен ұзақтығы, щығарылатын өнімдерді өткізудің мүмкіндігі, өткізу нарығының коньюнктурасы, келешектегі клиенттің өнімдерін сатып алушылардың тобы және олардың төлем қабілеті секілді көрсеткіштерді талдауы керек. /8/

Бұл үшін баспасөздегі ақпарат, өз агенттерінің мәліметтері, банк клиентурасының несиені өтей алатын қабілетін зерделейтін материалдар, клиенттің бкхгалтерлік есеп берулері және өзге де материалдар пайдаланылады. Аталмыш талдау мәселе жағымды жағына қарай шешілген жағдайда екі аптаның ішінде қарастырылуы керек. клиент пен факторингілік компанияның арасынды бекілген келісімшартта шекті сома қарастырылады. Бұл сома бойынша клиентке факторингілік несие беріледі немесе құжат инкассоға қабылданады.

1. 2. Әлемдік тәжірибедегі факторингтік операциялардың

даму тарихы

Қазіргі кездегі «факторинг» деп анықталатын экономикалық қатынастар XVI-XVII ғасырлардан бастау алады және саудалық-қаржылық компаниялардың тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге кешенді коммерциялық - қаржылық қызметтер көрсету практикасының дамуының жемісі болып табылады. Тарихи тұрғыдан мұндай саудалық-қаржылық компаниялар өндірушілердің тауарларын өткізіп берумен айналысатын және нарықтық қатынастардың жаппай даму кезеңдерінде айтарлықтай маңызды роль атқарған болатын. Олар жабдықтаушылардың комиссиялық (саудалық) агенттері деп, басқаша айтсақ, факторлар деп аталатын. Олардың функциясына тауар өндірушілердің өнімдерін өткізіп беру ғана емес, сонымен қатар оларға ақшалай аванстар ұсыну және айналым капиталдарын несиелеу де кіретін. Комиссионер принципалдың атын құжаттарда көрсетпестен, өз атынан тауарды сатып, сатып алушыларға шот ұсынатын. Егер ол тауарды несиеге сататын болса, онда, әрине, ол қосымша сыйақылар алу үшін өз мойнына үлкен тәуекелді алатын.

Кейінгі тарихи кезеңдерде кейбір комиссиялық агенттер коммерциялық функциялардан бас тартып, өзінің барлық қызметін өздерінің клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетуге арнауға көшкен болатын. Сондай-ақ, уақыт өте келе факторлар жеткізіп берушілердің ақшалай талаптарын (сатып алушының берген шот-фактураларын) тікелей сатып алуға көше бастады. Дәл осы кезеңде қазіргі заманғы факторинг қалыптасқан болатын. Осылайша, саудалық қызмет ретінде пайда болған экономикалық қатынастар коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну және кепілдендіру бойынша операцияларының маңызды түрлерінің біріне айналды және олардың қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасып кетті. /9/

Факторингті экономикалық жағынан қарастыратын болсақ, ол кәсіпорындардың активтерінің өтімділігін арттыруға, сонымен қатар капиталдың айналым жылдамдығын арттыруға, осылайша нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің рентабельділігін арттыруға септігін тигізеді. Батыстық мамандардың пікірінше, бұл мәселе ең алдымен орта және шағын кәсіпорындар үшін көкейтесті сұрақ болып табылады. Факторингті қолдану көптеген жағдайларда қаржы бөлімшелерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға және сол арқылы қаржылық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға септігі тигізеді. Мұндай функцияларды кәсіпорындар, факторинг кезінде, банктерге аударады, ал банктерде мұндай қызмет, әрине, бірнеше есе тиімді жүргізіледі.

Егер де факторингтің беретін мүмкіндіктері тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда қазіргі жағдайларда факторинг өзінің кең мағынасында қазіргі күнгі менеджменттің, бірінші кезекте кәсіпорынды басқару және қаржыландыру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жұмыстары бойынша, маңызды құралы болып табылады.

Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған шет мемлекеттерде факторингтік операциялармен айналысатын коммерциялық банктер немесе мамандандырылған факторингтік компаниялар өздерінің клиенттеріне олардың ақшалай талаптарын сатып ала отырып, оларға алуан түрлі қызмет түрлерін ұсынады. /10/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Факторингтік операциялары
Факторинг - жаңа банктік қызмет ретінде
ҚР коммерциялық банктердің активтік операциялардың мәні және негіздері
Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы
Коммерциялық банктердің форфейтингтік операциялары
Банктердің халықаралық операциялары
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметінің қайтарымдылық операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz