Электрондық оқыту құралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Элетрондық оқулықтың мемлекеттік стандарт 2010-2011 4
1.1 Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер 5
1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар 7
1.2.1 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар 8
1.2.2 ЭО-тың функцияларына қойылатын талаптар 8
1.2.3 Электрондық оқулықтың мазмұнына қойылатын талаптар 10
1.2.4 Электрондық оқулықтардың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
11
1.2.5 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар 12
1.2.6 Психологиялық –эргономикалық талаптар 13
1.3 Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет 14
2 Delphi программалау ортасы 16
2.1 Delphi ортасымен танысу 16
2.3 Delphi ортасында тест құру жаңа тест енгізу 30
3 Электрондық оқулықтарды жасау кезеңдері 32
3.1 Оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары 32
3.2 Электрондық оқулықтарды жасаудың құралдары 38
3.3 Front Page
программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40

3.4 Программалау электрондық оқулық жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қорытынды.
44
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46

Кіріспе

Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын 21
ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп
отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің
бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың
маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі
мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл
ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны
тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт
және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы
білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге
асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға,
студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға ...) қарамастан және
еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және
ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын
қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше
тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда,
мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап
тұруда қашықтан оқыту 21 ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.
Қазіргі кезеңде мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл
бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық
білім біру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр
Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны
қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар
жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек.
Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің
жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.
Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік
даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту
үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі
оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына
алып келеді.

1 Элетрондық оқулықтың мемлекеттік стандарт 2010-2011

Бұл стандартты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
комитетінің рұқсатынсыз толық немесе бөлінген түрде көбейтуге және ресми
басылым ретінде таратуға болмайды.

Қолдану саласы. Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу
басылымдарының жалпы талаптарын және оның құрылымына, функцияларына,
мазмұнына, оқу элементтеріне, рәсімделуіне, құжаттамаларына және шығу
мәліметтеріне қойылатын талаптарды анықтайды.

Осы стандарт білім беру мекемелеріне арналып жасалынған барлық
электрондық оқу басылымдары қолданылады.
Нормативтік сілтемелер. Осы мемлекеттік стандартта мынадай
стандарттарға сілтемелер бар:
ҚР СТ 34.014.-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған
жүйелерге арналған стандарттар кешені. Терминдер және анықтамалар.
ҚР СT 1087-2002. Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі.
Пайдаланушының басқармасы. Құрамына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын
талаптар.
ҚР МЖМБС 34.001.-2004. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Негізгі ережелер.
ГОСТ 7.4-95. СИБИД. Басылымдар. Шығу мәліметтері.
ГОСТ 7.9-95 (ИСО 214-76). СИБИД. Реферат және андатпа. Жалпы талаптар.
ГОСТ 7.82-2001. СИБИД. Библиографиялық жазылу. Электрондық
ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар және құру
ережелері.
ГОСТ 7.83-2001. СИБИД. Электронды басылымдар. Негізгі шығулар мен шығу
мәліметтері.
Анықтамалар. Осы мемлекеттік стандартта ҚР СТ 34.014 сәйкес терминдер
және анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша осы стандартта келесi
терминдер анықтамаларымен қолданылады:
1. Кері байланыс: Электрондық оқу басылымының сұраққа жауап бергеннен
немесе тапсырманы бітіргеннен кейін пайдаланушыға беретін
реакциясы.
2. Оқыту бірлігі: Семантикалық, синтактикалық және прагматикалық
тұтастығыі бар, бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұн
құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының
бөлігі.
3. Оқыту траекториясы: Бір электрондық оқу басылымындағы оқыту
бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер
тізбегі.
4. Оқу курсы: Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына
енгiзiлген пән, сонымен қатар қосымша және ұсынылған пән.
5. Оқушы: Мақсаты білім, үйрену және дағды алу және білімін бақылаудан
өткізу болып табылатын электрондық оқу баспасын пайдаланушы.
Ресми басылым
1. Электрондық басылым: Программалық басқару құралдары мен
құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат
тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық
көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа
ақпараттар жиынтығы.
2. Электрондық оқу басылымы: Оқытуды және білім бақылауды
автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке
бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын
анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен
қамтамасыз ететін электрондық басылым.
3. Электрондық оқулық: Құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің
жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме
беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
4. Электрондық оқу құралы: Құрамында оқу курсының ең маңызды
бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар,
энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге
нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды
дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне
мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу
басылымы.

1.1 Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер

Электрондық оқулықтарға қатысты көптеген түсініктер соңғы жиырма
жылда айтарлықтай өзгеріп отырды. Іс жүзінде ескірген тұжырымдамалар ЭО деп
саналатын электрондық өнімдерді жасауға итермелейді, бірақ шын мәнісінде,
олардың түк керегі жоқ, себебі олар ешқандай да ЭО болып табылмайды.
Сондықтан да электрондық оқулықтарға қатысты басты түсініктемелерді
нақтылап алу пайдалырақ болады.
Электрондық басылымдар (ЭБ) — графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу,
музыкалық, бейне –, сурет – және басқа да ақпараттар жинағынан, сонымен
қатар пайдаланушының баспа құжаттарынан тұрады. Электрондық басылымдар
қандай да болмасын электрондық тасымалдағыштарда – магниттік (магниттік
таспа, магнитті диск және т.б.), оптикалық (CD–ROM, DVD, CD–R, CD–I, CD+
және басқалары) орындала алады, сонымен қатар электрондық компьютерлік
жүйеде жариялана алады.
Электрондық оқыту басылымы (ЭОБ) тиісті ғылыми-практикалық білім беру
саласы бойынша жүйелендірілген материалдан тұруы және оқушылар мен
суденттердің осы сала бойынша дағдылар мен іскерлікті шығармашылық тұрғыдан
және белсенді меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. ЭОБ жоғары орындалу
деңгейімен және шығармашылық безендірілуімен, ақпараттық толықтығымен,
әдістемелік аспаптардың сапасымен, көрнекілігімен, логикалығымен және
бірізді мазмұндалуымен ерекшеленіп тұруы қажет.
Оқулық (О)— оқыту тәртібін жүйелі түрде мазмұндаудан немесе
мемлекеттік стандарттар мен оқыту бағдарламасына сәйкес келетін және
аталмыш басылым түрі ретінде ресми бекітілген оның бөлімінен, тарауынан
тұратын оқу басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО) — стандарттың дидактикалық бірліктерімен және
бағдарламасымен анықталатын мамандықтар мен бағыттардың мемлекеттік білім
беру стандарттарының тәртібіне толық сәйкес келетін жоғары ғылыми және
әдістемелік деңгейде жасалған негізгі ЭОБ. 
Оқыту құралы (ОҚ) — бұл оқулықты жартылай немесе толық көлемде
ауыстыра алатын не болмаса қосымша ретінде жүретін және осы басылымның бір
түрі болып ресми бекітілген басылым. Электрондық оқыту құралы. Гипермәтін
— бұл электрондық түрде берілген және кейбір фрагменттер иерархиясына
сәйкес бір фрагменттен екінші фрагментке өтіп отыруға мүмкіндік беретін
тармақтанған байланыс жүйесімен жабдықталған мәтін.
Интеллектуалдық ядро (ИЯ) — сандар мен символдар арқылы математикалық
операцияларды іске асыратын арнайы бағдарламалар кешені.
Компьютерлік түсіндірме — көрнекіліктерді, индукциялық ой
қорытындысын және сұрақтарға иә және жоқ сияқты жауаптар беру жолымен
ұғымдарды қалыптастыруда пайдаланылатын түсініктеме.  
Компьютерлік шешім — барынша оңай және табиғи әдіс болып отырғанымен
бұл шешім компьютердің көмегінсіз іске асырылмайтын қолайсыз есептер мен
түрлендірулерді шешуді қажет етеді.
Визуализация — суреттер, графикалар мен анимациялардың көмегімен
көрнекілік ақпарат беру.
Сонымен, электрондық оқулық дегеніміз не және оның әдеттегі
оқулықтан айырмашылығы неде? Әдетте, электрондық оқулық оқытатын,
бақылайтын, өңдейтін және негізгі ғылыми оқыту тәртібі бейнеленген басқа да
кешенді бағдарламалардан тұрады. Электрондық оқулық көбінесе әдеттегі
оқулықты толықтырып тұрады, ол әсіресе келесі жағдайларда тиімді болып
келеді: лезде қайтарымды байланысты қамтамасыз еткен кезде; әдеттегі
оқулықта іздеп табу қиынға соғатын ақпаратты тез арада табуға көмектеседі;
гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет қатарынан жүгінген кезде уақытты
үнемдеуге септігін тигізеді; қысқаша мәтінді ұсынады, әңгімелеп береді,
өңдейді (дәл осы жерде мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен
артықшылықтары айқын байқалады), тез арада, бірақ белгілі бір жеке тұлғаның
өзіндік ептілігене қарай лайықталған қарқында бір бөлім бойынша өз білімін
тексеруге мүмкіндік береді.

1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар

ЭО-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің,
құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып
табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту
ақпараты болу керек.
ЭО анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек, және қолданушының
назарын өзіне аудартатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты
қамтымау керек.
ЭО әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
ЭО-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-
әрекеттер жібермеуі үшін ЭО-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің
функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
ЭО-да имитациалық компьютерлiк моделдер оқылатын объектiлер, үрдістер
мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен
қатар, сыртқы әрекеттердiң имитациясы үшiн ыңғайлы құралдармен жабдықталу
керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның
көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуi
керек.
ЭО қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу
керек. ЭО жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке
алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы
программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭО ашық ортада
глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-
браузерлерді қолданады.
ЭО қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің
версиясын ескере автоматты түрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек.
Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭО-
ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар
пакеттері болу керек.
ЭО тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі, операциялық
жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және
тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭО-ның
жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
ЭО қолдану процесінде ЭО-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді
енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және
статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау
мүмкіндіктері болу керек.

1.2.1 Электрондық оқулықтың құрамына қойылатын талаптар

ЭО-ның құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекшi және
құжаттама енгiзiлу керек.Титулда ЭО-тың шығу мәліметтері орналасады. Шығу
мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.Тақырптамада ЭО-
ның құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі
керек.
Мазмұнда ЭО-тың мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы
бiлiмдердiң қорытынды бақылауын өткізуге қажет барлық оқу материалы берілуі
керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті, дәл, толық
және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы,
аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
Көмекшi элементi ЭО-ын жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭО-ын
iске қосылу моментiнен бастап іске қосылуын қамту керек.

1.2.2 ЭО-тың функцияларына қойылатын талаптар

ЭО-мен жұмыс жасау үшiн келесi функциялар асырылу керек:
пайдаланушының тiркелуi, берiлгендердi қорғау, навигация, контенттi қарауды
ұйымдастыру, оқылатын траекторияны анықтау, бiлiмдi бақылау және оқыту,
тестiлеу, статистикалық есеп.
Пайдаланушының тiркелу функциясы ЭО-да пайдаланушы туралы
берiлгендердi енгізу, өзгерту және жоюды қамтамасыз ету керек.
Берiлгендердi қорғау функциясы контент бүтiндiгi мен ЭО-тағы әртүрлi
материалдарға санкциалданған кірісті ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
Навигация функциясы ЭО бойынша алға және артқа қозғалудың мүмкіндігін
қамтамасыз ету керек.
Қарау функциясы тапсырмаларды орындауды, сұрақтарға жауап беруді және
білімді бақылауды өтуді талап етпей, ЭО-ның контентiмен алдын ала танысуға
мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.Оқыту траекториясын анықтау функциясы
қолмен, тесттік немесе толық таңдау негізінде жүргiзiлетiн бiлiм
бақылауларымен мiндеттi түрде оқытылу үшiн сабақтардың тізбегін құрастыруға
мүмкiндiк беру керек.
Қолмен таңдау ЭО-ның мазмұнындағы модульдерді, сабақтарды және
блоктарда нөмiрлерiн белгiлеу арқылы оқытылатын траекторияға қолмен
енгізуге мүмкiндiк беру керек.Оқу және білімді тексеру функциясы теориялық
материалды оқу, тапсырманың интерактивті орындалуын, қойылған сұраққа жауап
беру және оқу траекториясы көлемінде ағымды, аралық, рубеждік және
қорытынды бақылаулар өту мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Осы жағдайда
көптеген сұрақтарға дұрыс жауап берілмесе, білім алушы ЭО-ғы оқытудың
ағымды бірлігін қайталауға мәжбүр болады.
Тестілеу функциясы нәтижелерді тіркеу және тіркемей мүмкіндіктерімен
ЭО және оның бөлек бөліктері бойынша білім деңгейін автоматты түрде бақылау
құралдарына мүмкіндік беру керек. Ол үшін тестер оқу курсы бойынша берілген
сұрақтардың жалпы базасынан таңдалған оқыту бірлігі бойынша сұрақтарды және
жауаптар варианттарын кездейсоқ таңдау арқылы беру керек. Білім алушының
жауапты енгізу немесе өзгерту мүмкіндігі білім алушы сұрақтардың жауаптарын
енгізу техникасына емес, ал сұрақтар бойынша жауаптарына концентрация жасай
білу себебімен өте қарапайым болу керек. Тестілеудің нәтижесі экранға
шығады. Тестілеудің қанағаттандырылмайтын нәтижесінде жауабы дұрыс
берілмеген кез келген сұраққа еркін көшу ескерілу керек.
Статистикалық есеп функциясы білім алушының берілген оқыту бірлігін
меңгеру деңгейі және сұранысқа тәуелді ол туралы басқа статистикалық
берілгендер туралы нақты ақпаратты беру ескерілу керек.
1.2.3 Электрондық оқулықтың мазмұнына қойылатын талаптар

ЭО-тың контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек: 1-деңгей –
модулдер, 2-деңгей – блоктар, 3-деңгей – сабақтар. Модуль блоктан блокқа
өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар
тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі семантикалық оқу
бірлігі. Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар
логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу
басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
Сабақ минималды семантикалық бірліг және ол бірнеше оқу элементтерінен
тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-
жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқу
ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және
ақпараттық тығыздықты қаматамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио
және видео жатады.
Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты,
толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және
бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу,
тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда
мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық
құралдарды қолдану керек.
Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi
шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiндегi детальдық талдауын
қамтамасыз етуi керек. Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен
құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер
кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен
есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек.
Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен
күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға
түсiнiктемелер болуы керек.
Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды
орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім
алушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, характерi
және жауаптардың берiлу формасы бойынша вариациялануы керек.
Тесттерде сұрақтар және арасында бiр дұрыс және бiрнеше дұрыс емес
жауаптар болу керек және дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым әдiсiн
қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтар болмауы керек.
Дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын
терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс жауапқа жақын болуы
керек. Тесттерде білім алушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарындағы
әдеттегi қателiктер туралы ескертулер және сол қателiктердi жiбермеу мен
түзету туралы түсiнiктемелер қамту мүмкiн.
Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау,
есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б.
жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-
әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.
Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер
мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету
үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.

1.2.4 Электрондық оқулықтардың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар

Оқыту элементтерiне Теория, Мысалдар, Тапсырмалар, Сұрақтар,
Тестілер, Тезаурус, Анықтамалық, Графика, Аудио және Видео
жатады. Оқыту элементі Теория оқылатын сабақтың теориялық материалдарының
гипермәтiндi сипаттауына қол жеткізуге мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі
Мысалдар мысалдардың сипаттамасына қол жеткізуге імүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Тапсырмалар оқытуды басқару элементі жаттығуларға және
есептерге, сонымен қатар оларды орындау және шығару бойынша көмекке
мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Сұрақтар білім бақылау элементі
ағымды сабақ бойынша тест жүргізуге дейін интерактивті берілу және
жауаптары тексерілетін сұрақтарға мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі
Тесттер білім бақылау элементі оқытудың ағымды бірлігі бойынша білімді
өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру үшін арналған тестілеу құралына қол жеткізу
мүмкіндік беру керек:
- сабақ деңгейінде – білімнің ағымды бақылауы;
- блоктар деңгейінде – білімнің аралық бақылауы;
- модулдер деңгейінде - білімнің белестік бақылауы;
- ЭО-ы деңгейінде – білімнің қорытынды бақылауы.
Оқыту элементі Тезаурус оқытуды басқару элементi ЭОБ-да кездесетін
және олардың анықтамаларына гипермәтіндік сілтемелері терминдер және
қысқартулар сөздігіне мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Анықтамалық оқытуды басқару элементi ағымды сабақ
бойынша анықтамалыққа мүмкіндік беру керек.
Оқыту элементі Графика, Аудио және Видео оқытуды басқару
элементтерi қосымша дидактикалық материалдарға мүмкіндік беру керек. Оқыту
элементі Графика оқытуды басқару элементi схемаларға, сызуларға,
суреттерге, фотосуреттерге және бейнелерге, соның ішінде анимацияларға
мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Аудио оқытуды басқару элементi
оқылатын сабаққа қатысты негiзгi ұғымдарды, фактілерді, тұжырымдарды және
ережелерді дыбыстауға мүмкіндік беру керек. Оқыту элементі Видео оқытуды
басқару элементi оқылатын сабаққа қатысты объектiлердің, үрдістер
фрагменттерiнің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын және сабақты
оқып үйрену үшін қажет атақты ғалымдардың, саясаткерлердің және басқа
тұлғалардың сұхбатын көрсететін фильмдерге мүмкіндік беру керек.

1.2.5 Электрондық оқулықты рәсімдеуге қойылатын талаптар

ЭО-тың рәсімделуі оқу материалын жеңіл меңгеру үшін қолайлы және
эстетикалық түрде берілуіне мүмкіндік жасауы керек. Мәтіндік материалдың
көлемі білім алушыны жалықтырмау үшін сөздердің саны шектеулі болу керек.
Мәтіннің шрифті эргономикалық сипаттаудың шектеулерін ескере отырып
таңдалыну керек. Шрифтің түрі мен мөлшері сияқты мәтіндік сипаттамалар ЭО-
тағы информацияның оқылуына айтарлықтай әсер етеді. ЭО-ның беті бір-бірінен
өзгеше, қарама-қарсы болатын шрифтерді аз қамту керек. Беттің негізгі
мәтінінде кертіктері бар шрифттерді қолдану ұсынылады. Шабылған шрифттерді
мәтіннің тақырыптарында және қысқа жазуларда қолдану ұсынылады. Біркелкі
және сәндік шрифтерді қолдану тек қана қажет болған жағдайда ұсынылады.
Барлық шрифтердің кодталуы әріптерді кодтаудың мемлекеттік стандартына
сәйкес болу керек.
ЭО-тағы түстер ақпаратты жақсы және шаршамай қабылдауды қамтамасыз
және материалдың жеңіл игерілуіне және эстетикалық түрде ұсынылуына
көмектесу керек. Қара фондарда ашық түсті мәтінді тек қана ол анық
көрінетін болса пайдалануға болады, ал анық көріну үшін мәтінді түгелдей
қалың шрифтпен рәсімдеу қажет. Бетте мәтіндік информация басымырақ болса,
онда фон ақ болуы керек. Қара фон ешқандай жағдайларда болмау керек.
Шрифтің түсін стандартты қара, қою-жасыл немесе қою-көк қылып жасау керек.
Қызыл шрифті тек қана кейбір тақырыптарды және ең маңызды ақпаратты
ерекшелеу үшін пайдалануға болады.
ЭО-ның мақсаты мен міндеттеріне қатысты негізгі мазмұны назардың
ортасында болу керек. Фондық мазмұнға ең аз назар аударылу керек. Оқу
материалды көзбен қарап қабылдау жеңіл болу үшін негізгі мазмұнда абзацтар
үлкен болмау керек.
ЭО-тағы графика оқытудан алаңдатпай, оқу материалды жеңіл меңгеруге
көмектесу үшін қолданылу керек. Ұлттық және мәдениеттік ерекшеліктермен
байланысты діни, саяси және басқа материалдарды жариялауда суреттерді өте
мұқият іріктеп алу қажет. Анимациялар мен фильмдер білім алушының талабы
бойынша негізгі мазмұнына ену керек. ЭО-ң басқару элементтері білім
алушының назарын негізгі оқу материалынан жалтартпайтын, түсінікті бірмәнді
және қарапайым болулары керек.
Ашық ортада шығарылған ЭО-тар үшін графикалық объекттердің және аудио-
видео материалдың саны минималды болу керек, себебі олар компьютердің
жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі компьютерлердің
арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік параметр болып табылады.
ЭО–да көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін кез келген
анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек. ЭО-та түстердің
мәні тұрақты және түстер спектріне сәйкес болу керек. Түстер палитрасы
ассоциациялары туралы ақпарат 1-ші кестеде келтірілген.

1-ші кесте
Түстер палитрасы Ассоциация
Қызыл түс Ең активті түске жатады. Активті түстер өте
айқын қабылданады және еске өте жақсы
сақталады.
Қызыл-қызғылт сары өң Жылулық сезім шақырады. Бұл түс адамның
сыртқы әлемге кызығушылығын, адамдармен
араласуға және іс-әрекетті арттырады.
Қызғылт сары түс Максимал жылулық сезім береді.
Қызғылт сары-сары өң Денелердің бір-бірімен жақындасу эффектісін
береді.
Сары түс Жеңілдік және тірі сезім береді. Әлдеқайда
жеңіл және ауалы түрде көрінеді.
Жасыл түс Визуалды тепе-теңдік күй шақыра алады. Өзінде
сары түстің жеңілдік және тірі күйін көк
түстің ауырлық күйімен қамтиды.
Көк-көгілдір өң Уақыттың және кеңістіктің сезімін, тағы сол
сияқты салқын сезім береді. Тежелуді
шақырады. Адамдардың тәртібін рационалды және
ойластыра алатындай күйге келтіреді.
Қабылдау үшін ең ауыр деп саналады.
Көк түс Бір қалыптылық және салмақтылық сезім
силайды.
Полярлық түстер кестесі Қоңыр фонда және әр түрлі жазықтықтарда олар
бір-бірімен сәйкестенеді, өте жақсы бір
гармонияға келеді.
Сұр түс Бейберекет түс. Ол өзіне назар аудармайды,
ешқандай реакция шақырмайды, тұрақты сезім
орната алады.

1.2.6 Психологиялық –эргономикалық талаптар

Жаңа мүмкіндіктер бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңаша қасиеттерін,
әсіресе, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау түрлерін дамытуға жетелейді.
ЭЕМ-ді пайдаланушы қызметінің психологиялық табиғилығын, бағдарламаның
оқытудың мақсаттары мен қызметтеріне сай келуін, пайдаланушының ЭЕМ-де
жұмыс істеу ыңғайлылығын және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету
қажет.
Кеңінен насихатталатын және қазіргі кезде бағдарламалық қамтамасыз
етудегі достастық қарым-қатынас күткендей-ақ, бағдарламалық құралдарды
психологиялық эргономикалық жағынан қолдаудың бар екендігін көрсетеді.
Пайдаланушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру, соның ішінде
ақпаратты жан-жақты алу мүмкіндігін де қарастыру қажет.
Компьютердің экранында ақпаратты ұсыну түрлерін таңдау кезінде оқыту
қызметінің мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен қоса қолмен жұмыс істеу
кезінде мүмкін болмайтын мақсаттарға қол жеткізудің тиімді стратегияларын
іске асыру сияқты компьютер ұсына алатын мүмкіндіктерді де пайдалану қажет.

Экранда ақпарат алуға қойылатын бірқатар эргономикалық талаптарды
бөліп қарастыруға болады:
экранда ұсынылатын ақпарат түсінікті, логикалық жағынан байланысқан,
мазмұны мен фукционалдық қызметі бойынша топтарға бөлінген болуы қажет;
экранда ақпаратты ұйымдастыру кезінде артық кілттеулер мен қисынсыз,
нашар идентификацияланатын қысқартуларды қолданудан аулақ болған жөн;
экранда пайдаланушыға дағдылы терминдердің орнына ЭЕМ-ге қатысты
терминдерді аз қолдану ұсынылады;
экранға ұсыну үшін экранның шеткі аймақтарын пайдаланбаған дұрыс;
экранда дәл сол уақытта пайдаланушы арқылы өңделіп жатқан ақпарат қана
болуы керек.
Пайдаланушының назарын аудартатын эффектілерді (жылт етіп көрінулер,
тым айқын түстер, қайтарымды контраст) аса қажет болғанда және
психологиялық негізделген жағдайларда ғана пайдаланушы қызметінің жобасына
сәйкес қатаң түрде қолданған жөн.

1.3 Электрондық оқулық кімге және не үшін қажет

Қорытындылай келе, біз енді электрондық оқулық кімге және не үшін
қажет сияқты сакраментальды сұрақтарға жауап бере аламыз.
Электрондық оқулық күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың жеке жұмыс
істеуіне, әсіресе, оқытудың дистанциялық әдісі кезінде аса қажет, себебі ол
оқылып отырған материалды жеткізу кезінде басылымдық оқыту әдебиеттеріне
қарағанда материалды берудің басқа да әдістерін пайдалануға мүмкіндік
береді, мысалы, индукциялық тәсілдер, тыңдау және эмоционалдық зейінге әсер
ету және т.б.;
Оқушының қажеттіліктеріне, оның дайындалу деңгейіне, интеллектуалдық
мүмкіндіктері мен ұстанымдарына қарай бейімделуге жол ашады;
Жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеріп отыру үшін кең
ауқымды мүмкіндіктер береді;
Таусылмайтын түсіндірмелер, қайталамалар, еске түсірулерді және т.б.
ұсына отырып, сіздің ұстамды да сенімді ақылшыңыздың рөлін атқарады;
Оқулық студент үшін аса қажет, себебі бұл оқулықсыз оның жан-жақты
білім мен ептілікті меңгеруіне еш мүмкіндігі болмайды.
Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда практикалық сабақтар кезінде
аса пайдалы, өйткені, ол оқытушыға жетекші және кеңесшінің міндетін жүктей
отырып компьютерде жеке жұмыс істеу түрінде сабақтар өткізуге мүмкіндік
береді;
Оқытушыға компьтердің көмегімен оқушының білімін тез әрі тиімді бақылап
отыруға, бақылау жұмысының мазмұны мен қиындық деңгейін беріп отыруға жол
ашады.
Электрондық оқулық оқытушы үшін өте ыңғайлы, себебі ол дәрістер мен
практикалық сабақтар кезінде өзінің қалауы бойынша материалдарды ұсынуға
мүмкіндік береді, ол материал көлемі жағынан шағын, бірақ мазмұны жағынан
барынша маңызды болуы мүмкін, әрі аудиториялық сабақтардан тыс кездерде ЭО-
пен жеке жұмыс істеуге де ыңғайлы;
Адамды қажытатын үй тапсырмаларын, үлгілік есептер мен бақылау
жұмыстарын тексеруден босатады, себебі бұл жұмысты компьютерге сеніп
тапсыруға болады;
Судеттермен жұмыс істеу кезінде, әсіресе бақылау жұмыстары мен үй
тапсырмаларына қатысты даралауға зор мүмкнідік береді.

2 Delphi программалау ортасы

2.1 Delphi ортасымен танысу

Borland корпорациясы қысқа мерзім аралығында 7 негізгі нұсқаларды және
бірнеше Delphi модификацияларын шығарды. Дипломдық жұмысымның екінші
бөлімінде, біз, Delphi нұсқаларының негізгі белгілерін қарастырамыз,
себебі, менің дипломдық жұмысымның жобасы негізінен 7-ші нұсқаға
негізделген.
Delphi ортасы – бұл программисттің жоғары – тиімді жұмысын қамтамасыз
ететін күрделі механизм.
Виртуалды түрде ол бір уақытта экранда бірнеше терезелердің ашылуымен
жүзеге асырылады. Терезелер бір – бірін толық немесе белгілі бір бөлігін
ғана жауып экран бойынша орын ауыстыра алады, бұл жағдай, әдетте, мәтіндік
Word процессоры мен кестелік Excel процессоры ортасының қаттылығына
үйреніп қалған пайдаланушыда ыңғайсыздық сезімін тудыртады.
Delphi – мен жұмыс істеу дәрежесін қабылдағаннан кейін мұндай сезім
жойылады, және сіз жасап жатқан программаңыздың функционалды қасиеттерін
өзгерту үшін қажет терезелерді тез іздестіруге үйренесіз. Әр бір терезе
өзінде біршама иеленеді, яғни, нақты бір мәселелерді шешу үшін арналған.
Delphi –ді жүргізіңіз – сіз 2 – суреттегі сияқты бейнені көресіз. Онда
Delphi – дің негізгі алты терезесі бейнеленген: негізгі терезе – 1,
объектілердің тармақталу терезесі (Object Tree View) – 2, объектілердің
инспекторы терезесі – 3, браузер терезесі – 4, форма терезесі – 5 және
программа кодының терезесі – 6.
Терезелерді суреттегідей орналастыру үшін, олардың көлемі мен орналасу
орындарын қолмен өзгертуге тура келеді, себебі, әдетте программа кодының
терезесі форма кодының терезесімен толық жабылып тұрады. Алайда, өзіңіздің
ДК экранында көріп тұрған бейне мен суреттегі бейненің дәлме – дәл
максималды түрде ұқсас болуы қажет емес: терезелердің орналасуы мен көлемі
оның атқаратын қызметтеріне ешқандай әсер тигізбейді; егер де сіздің
назарыңызға кодтың терезесі түспей тұрса және сіз оны көргіңіз келсе, онда
жай ғана F12[1] батырмасын басыңыз. Ал егер F12 батырмасын тағы бассаңыз
форма терезесі активтеледі және т.с.с. – бұл батырма екілік ауыстырғыш
ретінде жұмыс істейді, ол алмакезек біресе форма терезесін, біресе
программа кодының терезесін көрсетеді.
Delphi ортасы бұл программист жұмысының жоғарғы нәтижесін қамтамасыз
ететін күрделі механизм. Delphi - өте тез дамып келе жатқан жүйе, оның ең
алғашқы версиясы – Delphi 1.0 1995 жылы жарыққа шықты. Жылдан жылға Delphi
–дің жаңа версиялары пайда бола бастады. MSDOC операциялық жүйедегі жұмыс
істейтін программалау тілдерінің арасында Delphi –дің алатын орны ерекше.
Ол кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл
Delphi –де түрлік сандық, мәтіндік, графикалық информацияны өңдеу және онын
терезесінде кез келген фигураларды қолданып, редактор мәзірін құрып, онымен
жұмыс істеу, және тағы басқа күрделі информацияны өңдеуді Windows –тағы
сияқты визуалды орындауға болады.
Компьютерлік бағдарлама – бұл файлдағы байттардың машиналық код
тізбектілік түрде көрсетілген процессордың элементарлы командалардың
жиынтығы болып табылады. Әр команда бір немесе бірнеше байттармен
кодталған.Бұл түрдегі бағдарламаны қолмен істеуге болады, бірақ қарапайым
командалардың көмегімен тікелей процессорды басқарудың күрделігінен адам
бұндай жұмысты істеуге шамасы жетпейді. Сондықтан бағдарлама жай мәтін
сияқты бағдарламалаудың тілінде жазылады. Бұл мәтін бағдарламаның негізгі
мәтін (немесе негізгі код) деп аталынады.
Бағдарламалау тілінің командалары түсінікті және көрнекті болып
табылады. Мысалы, келесі шартты мәтін екі санның қосындысының кішкентай
бағдарламасы болып табылады.
А1 және А2 жолдарға пайдаланушымен енгізілген мәндерді алу.
Бұл мәндердің қосындысын есептеу.
Нәтижесін А3 жолына орналастыру.
Толық шрифтпен белгіленген сөздер командалардың атаулары болып
табылады. Бағдарламалау тілінің жиі қолданылатын негізгі командалар
операторлар деп аталынады және әдетте олар арнайы символдардың немесе
кілттік сөздердің көмегімен жазылады. Мысалы, есептеудің нәтижесін
компьютер жадысына орналастыруы меншіктеу оператор көмегімен
ұйымдастырылады.
Бағдарламаны құрастыруына дейін бағдарлама жұмысының алгоритмін
құрастыру және ойластыру қажет. Алгоритм – тапсырманы шешу процесінің
сипаттамасы қатаң және формалды болу керек. Бағдарламаның негізгі мәтіні
компилятор деп аталынатын арнайы бағдарламаның көмегімен процессордың
нұсқау жиынына автоматты түрде аударылады. Delphi жүйесінде бұл үшін тек
бір команданы істеп немесе бір батырмасын басу процесі жетеді. Бір секунда
ішінде – компилятор-бағдарлама негізгі кодының мыңдаған жолдарын талдап,
аударады.
Delphi 7 ортасы дайын құрудағы әр түрлі бөліктеріне жауапты арнайы
бағдарламалардың жиынтығы кіретін өңдеушінің интегралды ортасы болып
табылады.
Бағдарламаның негізгі мәтіні Delphi 7 ортасында негізгі мәтіндердің
енгізілген редактор көмегімен жасалынады. Бұл редактор арнайы белгілеудің
иілгіш мүмкіндіктермен ажыратылады және жиі кездесетін құрылымдарының тез
еңгізуіне мүмкіндік береді.
Delphi 7 бағдарламаның 6 түрлі терезелер бар:
1. негізгі терезе
2. ағаш объекті терезе
3. объектілердің инспектор терезе
4. браузер терезе
5. форма терезе
6. бағдарлама-коды терезе
1. Негізгі терезе. (Сурет 1) Бағдарлама құрастыратын проектіні басқарудың
негізгі формасын негізгі терезе арқылы іске асыруға болады, ол терезенің
көлемі өзгермейді, онда бағдарламаның негізгі мәзірі, пиктографиялық
батырмалар және компоненттер палитрасы орналыстырылған.
Терезенің негізгі мәзірі проектіні басқару үшін қажетті құралдарымен
жабдықталған және де терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде
орналастырлып, оның сол жақ бөлігінде панелді басқаратын батырмалар бар.
Негізгі мәзірден басқа да кез келген панелдің терезеден алып тастауға не
экраннан басқа терезеге жіберуге болады. Ал қолданылатын панель жоқ болса,
оны анстройкадан қосып алуға болады. Панельді алып тастау үшін сол панельді
ұстап негізгі менюдің шекарасынан шығарып тастауыңыз қажет. Панельдегі
батырмалардың мәндерінің құрамын өзгерту үшін, тышқанның оң жақ пернесін
сол панельге апарып басамыз. Алдыңда көмекші меню шығады. Ол менюда
панельдердің мынадай аттарның тізімі орналасқан: Standart, View, Debug,
Custom, Component Palette, Desk Tops, Internet, Customze (сурет 1).

Сурет 1. Негізгі терезе.

2. Ағаш объекті терезесі. (Сурет 2). Бұл терезе тек 6-шы нұсқаудан пайда
болды. Ол жеке компоненттер арасындағы байланысты формада көренкі түрде
көрсетуге араналған. Оның қажеттілігі күрделі бағдарлама жазу кезінде
қажетті бағдарламаның тез іздеп табу үшін арналған. Мұнда компоненттер
сілтеуіштегі файлдар сияқты орналасады.
Бұл терезеде кез келген компоненттері бар тышқанның пернесін екі рет
бассаңыз, сол компонентке арналған OnClick оқиғасы шығады. Ал, бір рет
бассаңыз, формада сәйкес компонент белгіленеді.

Сурет 2. Ағаш объекті терезесі.

3. Объектілердің инспектор терезесі (сурет 3). Бұл терезеде екі парақ бар:
- Properties – қасиет
- Events – оқиға
Properties парақта компоненттің қажетті қасиетін орнатуыңызға болады.
Ал Events парағынан компоненттің оқиғаға деген реакциясын анықтауңызға
болады. Формаға орналастырылатын әрбір компонент параметрлер жиынымен
сипатталады: өлшемі, түсі, орнатылған орны, т.с.с. Кейбір компоненттің
өлшемін программист форма терезесінде де өзгертуге болады. Бірақ өлшемі көп
компоненттерге қажет болған жағдайда осы терезені қолданылады. Компоненттің
қасиеті формадағы көрінентін бөлігіне әсер етсе оқиғасы атқаратын қызметіне
әсер етеді. Ол үшін оқиғасы парғына келіп, қажетті қызметін таңдап,
тышқанның пернесін 2 рет бассаңыз, алдыңызға Программа коды терезесіндегі
сәйкес процедура шығады.

Сурет 3. Объектілердің инспектор терезесі.

4. Форма терезесі (сурет 4). Бұл терезе болашақ бағдарламаның бейнесі, яғни
Windows проекциясы. Басында бұл терезе бос болады, дәлірек айтқанда, онда
максимизация, минимизация және терезені жабу батырмалармен тақрыптық
жолды қамтитын рамкадан тұрады. Терезенің барлық жұмыс аймағы
координаталық сеткалардың нүктелермен толтырылған. Ол қажетті
компоненттерді дұрыс орналыстыруға арналған. Бірақ бағдарлама орындалу
барысында бұл нүктелер көрінбейді. Егер бұл нүктелер қажет емес десеңіз
ToolsEnvironment Options алып таңдайсыз.

Сурет 4. Бірінші форма –терезе.

5. Бағдарлама-коды терезесі (сурет 5). Delphi-де программа құру 2
процесстің тығыз байланысуынан тұрады:
- Программаның визуалдық көрінісінен құру;
- Программаға қажетті қызмет атқаратын код жазу процестері.
Прогрммалау код терезесі трекст программасын өзгерту және құру үшін
арналған. Бұл текст арнайы ережелер және программаның жұмыс атқаруының
сипатталуы бойынша жасалынады. Осы текст жазу ережелерінің жиынтығын
программалау тілі деп атаймыз. Delphi жүйесінде Pascal программалау
тілінің жаңартылған версиясы Object Pascal тілі қолданылады. Бұл тілді
1970 жылы Швейцария ғалымы Н.Виртон ұсынған. Уақыт өте келе Borland
корпорациясының программистері бұл тілді жаңартты.
Delphi-дің визуалды ортасы прогарммалаудың өте көп аспектісіне ие
болса да, осы ортада жұмыс істейтін кез келген программистке Object Pascal
программалау тілін білуі қажет шарт. Программалау код терезесі алғашында
тек Windows терезесінің толық түріндегі бос форматының қалыпты қызметінің
атқаратын тексттен тұрады. Программист жұмыс істей келе программаға қажетті
толықтыруллар процедуралар енгізеді. Delphi-ді жаңа қосқан кезде оның
пректісін жасамай тұрып, программа код терезесін ашқанда мынадай жолдар
шығады.
Жаңа форма үшін программа терезесіне осы толтыру автоматты түрде
қойылалды. Форма терезесі программаның сыртқы көрінісін атқаратын болса,
сол көріністің қызметін осы толықтыруда жазамыз. Ол толықтыру {$R *.dfm}
мен end арасына енгізіледі. Ал қажжетті процедураның спатталуы да автоматты
түрде енгізіледді.
Біз Unit пен Implementation арасындағы жолдарды қозғаймыз. Себебі
Delphi қажетті енгізуді өзі толтырады. Ал жасалған процедурасының біреуі
программа жасау барысында өшіруіміз қажет. Программа код терезесімен бірге
Browser терезесі де қосылады. Ол терезе программа код терезесіндегі қажетті
оператор мен процедураларды тез іздеп табу үшін арналған. Ол да сілтеуіш
сияқты қолданылады.
Delphi 7 жүйесінде, айтып кеткендей, арнайы формаларды проектілеуші
бар, оның көмегімен болашақ бағдарламаның терезелері форма түрінде
дайындайды. Проектілеуші терезелердің оптималды өлшемін таңдауға, әр түрлі
басқару элементтер мен мәзірді орналастыру және келтіруге, дайын суреттерді
қосуға, мәтінді енгізуге көмектеседі.
Құрастырылып жатқан бағдарламаның негізгі міңездемесі – тұтынушы
интерфейстің қолайлылғы, қажетті басқарушы элементтердің бар болуы және
ыңғайлылығы.
Формаларды проектілегенде бағдарлама дайын компоненттерден – машиналық
кодының бөліктері – құрастырып, оларды формаға тышқанның бірнеше шертеуімен
орналастыруға болады. Компоненттер бірнеше өзіндік панелдерге бөлінген
компоненттер палитрасында орналасады.
Delphi-дің негізгі байлығы болып компонеттер палитрасы болып саналады.
Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналастырылып, компонеттердің
функционалдылығына байланысты топ бойынша, қажетті компонеттерді тез іздеп
тауып алуға арналған парақтарға бөлінген. Әр топтың функционалдылғына
байланысты аттары бар.

Компонент – дегеніміз анықталған қасиеттері бар программист көмегімен
форма терезесіне орналастырылатын функционалдық элемент. Компоненттредің
көмегімен прогармманың бейнесі құрастырылады. Пиктографиялық батырмалар
сияқты компоненттер палитрасында өзгертуге болады. Ол үшін кез келген
пиктограммаға тышқанның оң жақ пернесін басқандағы Properties опциясын
таңдауымыз қажет.

Компоненттердің өзіндік қасиеттер жиынтығы бар, олар бір-бірінен
ажыратылған ерекшеліктермен сипатталады. Кейбір қасиеттер, мысалы Caption,
көптеген компоненттерде бар - өйткені бас атау терезеге де, батырмаға да
қажет. Кейбір қасиеттер нақты компоненттерге тән, мысалы Simpletext
қасиеті, оның құрамында қалып-күй жол компонентіне арналған мәтін болып
табылады.

Форманы проектілеу процесінде компоненттердің қасиеттері Object
Inspector көмегімен келтіріледі. Бұл категориялар және алфавит бойынша
топталған берілген компоненттің барлық қасиеттерінің тізімін көрсететін
арнайы бағдарлама.
Әр қасиеттің мәнін ауыстыруға болады, ол үшін Object Inspector-дың
қажетті жолына жаңа жолды енгізу арқылы немесе қолайлы мәндердің ашылған
тізімде керекті мәнді таңдау арқылы жасауға болады. Кей қасиеттерде
енгізілген көмекші қасиеттер бар, мысалы Font қасиеті өлшем, стиль, түс,
гарнитурасымен ерекшеленеді. Нақты компонентке арнайы жасалған және
стандартты редакторлар көмегімен осындай қасиеттерді редактілеуге ыңғайлы
болып табылады.
Қасиеттерден басқа компоненттерде әдістер – қасиеттердің мәндерін
өңдейтін бағдарламалық код - және оқиғалар – бағдарламаның жұмыс істеу
барсында анықталған іс-әрекет жасалғанда компонент қосмшадан алатын
хабарлар (мысалы, жалаудың қалпы өзгереді). Бағдарламалаушы әр компоненттің
әр қасиетіне бағдарламанң реакциясын өз қолымен түрлендіре алады.
Компоненттерді дұрыс таңдап алып және бір-бірімен байланыстыруға
арналған қасиеттердің қолдану жолымын олардың бірыңғай жұмысын дұрыс
өңдегенде негізгі мәтіннің бір де бір жолды қолмен жазбай қосмшаны жиі
құруға болады. Delphi 7 жүйесінде жүздеген дайын компоненттер бар және
көптеген тапсырмаларды шығарғанда мүмкін басқа адамдармен істелінген
бағдарламалаудың жұмсын істеудің орнна қажетті компонентті (мысалы,
Интернетте) табу пайдалырақ болады. Бағдарламаларды құрудағы компонентті
әдіс-амал дайын өңдеушілерді қайта қолдануға мүмкіндік береді және көптеген
жағдайларда еңбектің эффективтілігін жоғарылатады.
Дайын компоненттерді қолдана алмаған жағдайда қолмен бағдарламалаудың
қажеттілігі туады. Жоғара аталған мысалда А1, А2 енгізу жолдары мен А3
нәтижені шығару жолын Delphi 7-нің стандартты компоненттер түрде көрсетуге
болады, бірақ енгізілген сандардың қосуын есептеу үшін бағдарламаның
мәтіндегі сәйкес мысалы, батырма-компонентті шерткенде жұмыс істейтін
оператор керек.
Delphi – ді алғаш рет жүргізген уақытта барлық терезелердің үстінен 3
–суретте бейнеленген терезе пайда болады.

Сурет 5 - Delphi – дің өте маңызды терезелері: 1 – бас терезе; 2 –
объектілердің тармақталу терезесі; 3 – объектілердің инспектор терезесі; 4
– браузер терезесі; 5 – форма терезесі; 6 – программа кодының терезесі.

Бас терезе
Бас терезе құрылып жатқанда программаның жобасын басқарудың негізгі
қызметтерін жүзеге асырады. Бұл терезе әр уақытта экранда болады және
әрқашан оның жоғарғы бөлігінде орналасады.
Бас терезеде Delphi – дің бас меню пиктографиялық бұйрықтық батырмалар
жиыны мен компоненттер палитрасы орналасады. Бас менюдің[2] құрамында,
жобаны басқару үшін арналған барлық қажет жабдықтар бар.
Delphi – мен бастапқы танысу барысында, бос менюге сұлынбай – ақ,
пиктографиялық батырмалармен ғана пайдалануға болады.
Бас терезенің барлық элементтері арнайы панельдерде орналастырылған,
оның сол жағында басқару батырмасы орналастырылған , тышқанды
пайдалана отырып осы батырманың көмегімен элементтер орналасқан панелді
қалаған орынға орналастыруға болады. Бас менюден басқа кез – келген панелді
терезеден алып тастауға болады. Ол үшін панелді тышқанның көмегімен
батырмасынан ұстап бас терезенің аумағынан керек орынға сүйретіп әкелу
қажет. Мысал үшін 6 – суретте стандартты емес орналасқан панелдер мен
олардағы бейнеленіп тұрған батырмалар жиыны бар бас мен бейнеленген.

Cурет 6 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Е- learning электронды оқу жүйесі
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
«Молекулалық физика курсы бойынша электрондық қабықша
Оқытудың компьютерлік технологиялары
Электрондық оқыту әдістері Білімді бағалау әдістемелері
Электрондық оқыту құралдарының функционалдық сипаттамалары
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Пәндер