Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI НЕГIЗГI ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

1. 1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде . . . 5

1. 2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризм саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк . . . 8

2. 3 Туризмдағы жаһандану және оның Қазақстан Республикасының экономикасына зардабы . . . 22

3 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРIНIҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ . . . 36

3. 1 Орталық Азия елдерiндегi халықаралық туризмнің мiнездемесi: негiзгi мәселелері және перспективасы . . . 36

ҚОРЫТЫНДЫ. ……. 43

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ . . . … . . . . . . … . . . 46

КІРІСПЕ

Халықаралық туризм бүгінгі күні қарапайым қоғамдық құбылыстан, әлемдік экономикалық тізбектің ажырамас бір бөлігіне, әрі қарқынды дамып келе жатқан негізгі бір саласына айналды. Өзінің тез дамыу мен өсімі жағынан мамандар оны қазіргі ұрпақтың экономикалық феномені атауын берді. Статистика бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір мен 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сондықтан, осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу негізінде туризм саласының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, дамыған елдердегі туризмді ұйымдастыру мен дамыту тәжірибесін ескере отырып отандық туризмді жандандырудың жолдарын анықтау мүмкіндігі туады.

Туризмді дамыту жолында елімізде бірнеше шаралар жүргізілуде, солардың ішінде 2007-2010 жылдар аралығындағы бағдарлама, 2007-2012 жылдарға арналған бағдарлама мен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы 27 қаңтарындағы жолдауында дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10пайызына дейіні тиесілі болса, ал бізде 1пайызға да жетпейтіндігін атап өтіп, туризм өсімінің нүктелерін зерттеуді тапсырған болатын [1] .

Бүкіл әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2012 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851, 6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2012 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді [2] .

Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Зерттеу жүргізілген орыны: Кокшетау қаласы, «Департамент Туризма и Спорта» туристік фирмасы.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНЫҢ ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI НЕГIЗГI ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

1. 1 Халықаралық туризм аймақтық дамытудағы фактор ретінде

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономика да туристік сала-аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.

Туризм - мемлекетті әлемге мәшһүр қылудан бөлек, көл-көсір табыс көзі.

Көптеген елдерде туристік бизнес жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сыртқы сауда балансынбелсендіруде маңызды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде туризм саласы экономиканың маңызды көлік және байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі және басқада салаларға ықпалы зор. Оның әсері оң не теріс болуы мүмкін.

Кесте 1 - Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері

Оң аспектілері
Теріс аспектілері
Оң аспектілері:

- жұмыс орындарын құру;

-халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы;

-урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды;

-әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету;

-мәдени құндылықтар, мәдени

ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру;

-жергілікті өнім өндірушілердің

тауарлары мен ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы;

-табиғи кешендердің көбеюі;

-өңірдің тартымдылығының артуы.

Теріс аспектілері:

-халықтың әртүрлі топтарының қызығушылығын коммерциялау және полияризациялау;

-білікті емес еңбек үлесінің көбеюі;

қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар;

-мәдениеттің коммерциализациялануы;

нақты туристік бағыттың табиғилығының жоғалуы;

- жергілікті халық пен туристердің арасындағы келіспеушілік, қақтығыстардың болуы.

Оң аспектілері: Ескертпе - Автор құрастырған.

Туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты: бастапқы инвестициялар; туристік қызметтерге деген сұраныс; туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі; шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі. Туристік қызметтердің қолжетімділігі, олардың сапалылығы және алуан түрлілігі саяхаттаушылардың демалыс нысанын таңдауда маңызды фактор болып саналады.

Елімізде жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алатын қызметтерді көрсететін туристік компаниялар желісі дамыған. Туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздері «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңында анықталған [8] . Осы заңға сәйкес туристік қызмет туристік агенттер қызметі және туристік операторлар қызметі болып бөлінеді. Туристік өнімдерді қалыптастыруға, дамытуға және ол өнімдерді туристік агенттер мен туристерге сатуға рұқсаты бар заңды тұлғалардың қызметін туристік операторлар қызметі деп атайды. Туристік операторлар қалыптастырған туристік өнімдерді дамыту мен сатуға рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлғалардың қызметі - туристік агенттер қызметі.

X. Криппендорф берген анықтамасында, «туристік қызмет - туристік кәсіпорындар қызметінің, сонымен қатар туризм саласындағы жеке және мемлекеттік саясаттың жүйелілік өзгеруі және шоғырлануы». Туризмнің алғашқы және барынша толық анықтамаларының бірін Берндегі университет профессорлары Фрунзикер мен Крапф берген, кейіннен бұл анықтаманы туризмнің халықаралық ғылыми-сараптамалық ассоциациясы қабылдаған. Олардың пікірінше, туризм - адамзаттың жол жүруін, саяхатқа шығуын айқындайтын, ешқандай табыс табумен байланыссыз құбылыс.

Туристік бизнес - бұл туристік өнімді өндіру үшін нысанды кәсіпорындары бар өндіріс орындары. Туристік бизнес қандай тауар мен қандай қызмет түрін орындауды, қандай көлемде, қандай бағамен сату қажеттігін анықтайтын ұғым [22] .

Туризмнің әртүрлі түрлерін дамытудың келешегін бағалау әдісіне төмендегі зерттеу кезеңдері кіреді:

1. Рекреациялық мүмкіндіктерді зерттеу.

2. Туризмнің қолданыстағы түрлеріне талдау жасау.

3. Қолданыстағы туристік бағыттарға талдау жасау.

4. Туризмнің жаңа түрлерін дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

5. Туризмнің жаңа түрлерін дамытуда қажеттіліктерді маркетингтік зерттеу, соның ішінде ұзақ мерзімді сұранысты анықтау.

6. Туризмнің келешегі зор түрлерін(соның ішінде турбағыттар) және оларды дамыту үшін қорларды бағалау.

7. Қауіп-қатерлерді бағалау.

8. Туризмнің осы түрі үшін басты бәсекелес елдердің туристік әлеуетін бағалау және туризмнің осы түрінің сырттан келушілер туризмі ретінде қолданылу мүмкіндігін анықтау.

9. Экологиялық өріске әсерін анықтау.

10. Туризмнің осы түрінің экономикалық тиімділігін анықтау.

Шетелдік тәжірибелер туристік бизнесті дамытудағы жетістіктер туризм саласы мемлекет деңгейінде қалай қабылданатындығына, мемлекет тарапынан қаншалықты деңгейде қолдау табатындына және туристік саланы табысты жүргізудің кепілі, кез келген мемлекеттің бюджетін толықтыру көзі болатындығына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр.

Туризм көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдерінің кайнар көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін де бұл экономика секторы маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында көптеген туризм түрлерін және туристік қызметтің формаларын дамыту үшін ресурстары мен мүмкіншіліктері жетерлік.

Қазақстан республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады және қоғам өміріне өз ықпалын тигізеді (сурет 1) .

Сурет 1. Туризмнің экономикадағы ролі

Туристік қызметтердің ұйымдастырылуы мен оларды жетілдірудің ұтымды жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды туризм нарығындағы кәсіпкерлік субъектілердің туристік қызметтер көрсетуге деген казіргі қатынастарынан бастадық.

Өкінішке орай, Қазақстан және дамыған еуропа нарығында да туризмде көрсетілген қызметтің сапасына көп көңіл бөлінбейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс өтіліне сүйене отырып, іс әрекет жасайды.

Көптеген туристік кәсіпорындар осы саладағы түбегейлі ғылыми зерттеулерсіз және сапалы іс-шараларсыз пайдаларын жоғарылатуға мүмкіндіктері болмай, клиенттері мен қызмет өндірісінің көлемін кеңейте алмады [13, 58 б. ] .

Туризм саласындағы жоғары деңгейдегі сұраныстың пайда болуы осы саладағы ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шараларды жоспарлауға көп көңіл бөлу керектігін негіздеді.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орта кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кезде кажетті зерттеу құралдары, «ноу-хау», немесе тәжірибелі жұмыстарды атқаруға жұмысшыларды жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жарнама жүргізуді, өткізуді және нарықты зерттеу мен өнімді жетілдіру әрекеттерін жасайды. Бұл қызмет көрсетудің көптеген салаларында колданылады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігі үшін маркетингті қолдануына алып келеді, яғни бәсекелік күресте жетістікті қамтамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялык маркетингтік жоспар құрады.

Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша: «Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді» - деп тұжырымдауға болады.

Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни, туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.

Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі. Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады [14, 69 б. ] .

Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал, бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас (мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.

Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.

Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.

Кесте 2 - Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері

Туризмді ұйымдастырудың үлгілері
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер
Реттелу ерекшеліктері
Қаржылану жағдайы
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Еуропалық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Италия, Испания, Франция және т. б.
Реттелу ерекшеліктері: Мемлекеттік рет-теу институттары, жеке реттеу инс-титуттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Азиялық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Түркия, Египет, Тунис, Марокко, Қытай және т. б.
Реттелу ерекшеліктері: Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар
Туризмді ұйымдастырудың үлгілері: Қазақстандық
Ұйымдастыру үлгілері таралған елдер: Қазақстан Республикасы
Реттелу ерекшеліктері: Басым түрде мем-лекеттік реттеу институттары
Қаржылану жағдайы: Мемлекеттік қар-жылар, жеке қар-жылар

Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет, Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 2) . Бұл үлгідегі елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.

1. 2 Орталық Азия елдерiнiң аймақтық халықаралық туризмның саласындағы ынтымақтастық және әрiптестiк

Посткеңестік кеңістіктегі саяси ахуалға, заманауи талаптарға сай әскери жағдайға байланысты Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымы Келісімінің құрылуы айтулы оқиға болып табылды. ҰҚҰК мақсаттары ұйымның жарғысына сәйкес бейбітшіліктің нығаюы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, ұжымдық негізде тәуелсіздікті қорғау, территорияның тұтастығы мен мүше мемлекеттердің егемендігі және мемлекеттердің саяси амалдар негізінде жеткен жетістіктерінің басымдықтарынан тұрды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Орталық Азия, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету сияқты ауқымды мақсаттарды шешуге бағытталған перспективалы халықаралық аймақтық ұйым болып табылады.

Мемлекеттердің сыртқы шекарасы қауіпсіздігінің бейтараптандырылуы мәселелері аталған ұйымның бірқатар құжаттарында қарастырылады, бұлардың ішінде ерекше орынға 2002 жылы қабылданған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясы ие. Бұл ретте ШЫҰ шеңберіндегі басты бағыттардың бірі болып: аймақтағы бейбітшілікті қолдау және қауіпсіздік пен сенімді нығайту; халықаралық ұйымдарда және халықаралық форумдарда жалпы қызығушылыққа сай сырқы саяси мәселелерді шешудегі ортақ көзқарасты табу; терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы бағытталған біріккен шараларды, ұйымдастыру және жүзеге асыру; қарусыздандыру және қарулануды бақылауға алу мәселелері бойынша келісімдерді күшейту.

ШЫҰ өз кеңістігінде ғана емес тұтас әлемдегі қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады және оған өзіндік үлесін қосуы қажет. Бұл халықаралық ұйым аймақтық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына белсенді түрде ат салыса отырып, барлық мемлекеттердің қызығушылықтары мен ықпалын тең дәрежеде ескеруі, сондай-ақ мұндай маңызды шараға қатысушы барлық мемлекеттер мен бірлестіктермен сындарлы ынтымақтықта болуы шарт.

Ресей Федерациясының ОБСЕ мүшесі екендігі белгілі. ОБСЕ қызметінің негізін құрайтын қорытынды актіде халықаралық құқықтың маңызды принциптері бекітілген, мемлекеттік қатынастар осы принциптерге негізделуі қажет. Актіде сонымен қатар еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ортақ әдістер де белгіленген. Аталған ұйым Таулы Қарабах, Абхазия және Днестр маңындағы әскери қақтығыстардың қалыпқа келтірілу үрдістерінде белсенді қызмет атқарды. Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басым бағыттары принциптерді сақтауды бақылау, мемлекеттердің ынтымақтастық стандарттары мен нормаларын қадағалау, қақтығыстарды қалыпқа келтіруде мәмлеге келу, қарулануды шектеу және тыйым салу, сенімді нығайтудан тұрды.

Ресей әскерлерінің Оңтүстік Осетияға жасаған Грузия агрессиясын тойтарғаннан кейін Оңтүстік Осетиямен бірге Солтүстік Кавказ аймақтарындағы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм құру қажеттігі туындады. Бұл 2009 жылы 17-қыркүйекте Мәскеуде Ресей Федерациясы мен Оңтүстік Осетия және Абхазия Республикасымен Достық, ынтымақтастық және өзара көмек Келісіміне қол қоюға әсер етті. Келісім бойынша бұл мемлекеттердің мәселелерінің шешілуінде алдымен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі бірінші орында тұрды.

Халықаралық заңгерлердің пікірінше осылайша ТМД, ОДКБ, ШОС және ОБСЕ территорияларында халықаралық-құқықтық негізде посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттердің территориялық тұтастығы бірегей халықаралық қауіпсіздік жүйесі мен халықаралық аймақтық қауіпсіздік жүйесі шеңберінде қамтамасыз етіледі.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Yкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзірбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлданды.

Қазақстан мен Әзірбайжан халықтары арасында достық байланыстарды кеңейтуге және олардың өмiрiмен, тарихымен және мәдени мұрасымен жақсы танысуға ықпал етуге ниет бiлдiре отырып, туризм халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi нығайтудың, iзге ниет бiлдiрудiң және қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын түсiне отырып, халықаралық құқықтың жалпы қабылданған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

  • мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады және дамытады.
  • Қазақстанның және Әзірбайжанның туризм саласына күрделi қаржы салуды, сондай-ақ туристерге қызмет көрсету мақсатында бiрлескен кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын туристiк ұйымдары арасында ынтымақтастық орнату және оны дамыту саласындағы өздерiнiң туризмдi басқаратын мемлекеттiк органдарының қызметiн қолдайды.

Өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес және өзара негiзде екi мемлекет арасында туристiк алмасумен байланысты шекаралық, кедендiк және өзге де рәсiмдерiн оңайлатуға ұмтылады:

  • туристiк көрнектi орындар болып табылатын табиғи және мәдени ресурстарды қорғаумен әрi сақтаумен байланысты ұлттық заңнама туралы;
  • қонақ үйлердi және туристердi орналастырудың басқа да құралдарын басқару тәжiрибесi туралы ақпаратты қоса алғанда туризмдi басқарудың мемлекеттiк органдарының арасында статистикалық, анықтамалық-ақпараттық, жарнамалық және туризм саласындағы басқа да материалдармен алмасуға жәрдемдеседi.

Тағы айта кету мәселесі ол 2012 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы туризм саласындағы қатынастарды дамытуға және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал жасауды қалай отырып, туризм саласындағы қатынастар Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық қатынастарды нығайтуда маңызды және қажетті аспектіні құрайтындығын мойындай отырып, Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы туризм саласындағы қатынастарды кеңейту үшін негіз қалауға ниеттене отырып, өмендегілер туралы келісті:

Мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Уағдаласушы Тараптар мемлекеттері арасындағы туристік қатынастарды жылжыту мен дамыту үшін Уағдаласушы Тараптар қажетті шараларды қабылдайды, туристік агенттіктердің және туристік қызметпен айналысатын басқа да құрылымдар мен ұйымдардың қолдауымен туристік ағынға ықпал етеді.

Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің туристік салаларына инвестициялар тартады. Уағдаласушы Тараптар халықаралық тәжірибеде қабылданған туризмнің барлық түрлерін (мәдени туризм, ауыл туризмі, экологиялық туризм, ұйымдасқан және жеке туризм) дамытуға ықпал етеді.

Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттеріндегі туризмге қатысты мәселелер бойынша ақпарат, оның ішінде статистикалық ақпарат алмасуды жүзеге асырады, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың өзара келісіміне негізделген туристік көрмелерге өзара қатысуды көтермелейді.

Қазақстандықтар үшін визасыз кіруге рұқсат етілген елдердің қатары артты. Бүгін Астанада Қазақстан мен Сербия арасында визалық режимді жою туралы құжатқа қол қойылды. Сербия президенті Борис Тадич қазақ жеріне алғашқы ресми сапарын жасады. Мәртебелі мейманды Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты өркендетуді көздейтін өзге де құжаттарды бекітті.

Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бастауы десе де болады. Себебі екі елдің дипломатиялық байланысы қағаз жүзінде 1999 жылы орнағанымен, арадағы қарым-қатынас деңгейі көңіл көншітпей келді. Осы уақытқа дейінгі сауда айналымы небәрі 18 млн долларды құраған. Сондықтан да Президенттер екіжақты кездесуде ең алдымен экономикалық байланысты қарқындату жайын қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: Екі жақты әрекеттің жемісті бағыттары ретінде өңдеу, көлік және транзит, құрылыс салаларын да айтуға болады. Сондай-ақ фармацевтика, өнеркәсіп, туризм, шағын өнеркәсіп салаларында Сербияның жинақтаған тәжірибесі мол болғандықтан, екі ел арасындағы осы салаларда қарым-қатынас жанданады деп сенеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Шығыс Қазақстан Облысының туризмдік дамуы
Аймақтық туризм экономикасы
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz