Оқушылардың дұрыс тамақтануын бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
4
Негізгі бөлім

1 Дұрыс тамақтанудың негіздері
7
1.1 Рационалдық тамақтану түсінік
7
1.2 Тамақтандырудың тәуліктік өлшемі және
балалардың энергетикалық қажеттілігі
8

2 Адамның денсаулығына дұрыс тамақтанбаудың әсері
11
2.1 Калория тұтынудың нормасы.
12
2.2 Азық-түліктің калориялығы
16
2.3 Әртүрлі қызметте және демалыста адамның энергиясының
жұмсалуы
17

Қорытынды
19
Пайдаланған әдебиеттер
22

Абстракт

Зерттеу мақсаттары:
1.Оқушының денсаулығына және оның ағзасына дұрыс тамақтанудың әсерін
анықтау;
2.Дұрыс тамақтану туралы оқушылардың білімдерін бағалау;
3. Оқушылардың дұрыс тамақтануын бағалау;
4. Оқушылар үшін тамақтанудың тәртібін белгілеу және дұрыс тағамдарды
анықтау.
5. Алған деректерді саралап, тұжырым жасау.
Зерттеу пәні: математика
Зерттеу нысаны: мектеп, асхана, мектеп буфеті, сынып оқушылары.
Жорамал: сыныптағы көп оқушылар дұрыс тамақтанбайды және дұрыс
тамақтанудың жолын білмейді.
Жұмыс кезеңдері:
Даярлық – әдебиетпен танысу;
Ұйымдастыру - қатысушыларды іріктеп алып, мақсаты мен міндетін анықтау.
Сауалнамалау - қатысушылардан сауалнама алу.
Талдау - зерттеу нәтижесінің өңдеуі.
Қорытынды- зерттеу нәтижелерін жүйелеу, жинақтау.
Зерттеу әдістері: сауалнамалау, бақылау, саралау және жинақтау.
Маңыздылық: Оқушылар арасында асқазан-ішек ауруларының үрдіс таралуы назар
аударарлық мәселе болып отыр. Ұзақ өмiр сүру, өскелең ұрпақтың дұрыс дамып,
өсуi үшiн тиiмдi тамақтанудың маңызы ерекше.
Зерттеу қорытындылары: Асқазан-ішек ауруларының дамуында тамақтану
тәртібінің бұзылуы, мектепте ыстық тамақтың жоқтығы, төмен сапалы
тағамдарды пайдалану болып табылады. Сондықтан тамақтану сауаттылығының
негіздерін оқушылар міндетті түрде ұстану керек.

Кіріспе.
Анам мені дүкенге тағамдарды сатып алуға жиі жібереді. Дүкенге барғанда,
сатып алушылар тауарларды қарамай ала береді, ал кейбір адамдар
этикеткасында не жазылып тұрғанын мұқият оқиды. Этикеткада не жазылған
екен? Бұл сұрақ мені ойға салды. Дүкенде йогурт сатып алған кезде, мен
этикеткасын мұқият оқыдым. Өзіме мынадай мәлімет алдым: тағамның мерзімін,
қай жерде жасалғанын, құрамын, өлшемін және мынадай жазу мені таң қалдырды:
тағамның энергетикалық құндылығы 96 ккал 100 граммға. Мен анамнан бұл жазу
нені білдіреді деп сұрадым. Анам маған : Бұл калориялар, тамақтың біздің
ағзамызға пайдалы құндылығын білдіреді,- деп түсіндірді. Мен бұл мәселені
терең зерттеуге бет алдым. Сондықтан өзімнің жұмысымды Тұтынушы қоржынының
калориялығы деп атадым.
Өмір бойы адам іс-әрекет жасайды. Ол үйлер, зауыттарды салады, егінді
отырғызып оны орады, машинамен станоктарды басқарады, ғылыми еңбек пен
романдарды жазады, басқа да іс –әрекет жасайды. Жай да жатып ештеңе істемей
адам, өзі сезбей, іс –әрекет жасап жатады, өйткені оның жүрегі соғып тұр,
дем алып жатыр, оның ағзасының әр жасушасында зат алмасу процестері жүріп
жатады. Тамақтану, дем алу арқылы адамның ағзасы жұмыс істейді. Сондықтан
адамның тамақ құрамы пайдалы, әртүрлі болу керек. Оқушыларды тексерген
кезде, олардың оннан бірі ет жемейтін екені анықталды, бұл ақуыздардың
жетіспеуіне тура әкеледі, сондықтан олар тез шаршайды, есте сақтау
қабілеттері төмендейді. Осыған орай дәрігерлер оқушылардың тамақтануына
назар аударды. Мектеп асханаларында тағамдардың сапасы және мөлшері
төмендеген. Оқушылардың астарында маңызды тағамдар: балық, жеміс-
көкөністер, айран, сүт азайған. Тамақтану Академиясының ғалымдарының
зерттеулерінен кейін оқушылардың рационы 2007 жылы жаңадан қарастырылып,
күрт өзгертілді.Ғалымдар мынадай нәтиже шығарды: әр бесінші баланың ас
қорыту мүшелері жұмысының бұзылуы, эндокриналық жүйесінің ауруы, гастрит,
кейбіреулерінде асқазан ойық жарасы пайда болған. Көп оқушыларда фолий
қышқылының, кальцийдің жетіспеуінен қан құрамының төмендігі анемия
анықталды. 2009 жылы 100 мың балалардың ішінде 15 мыңы ас қорыту мүшелері
ауруларымен ауырған.
2012 жылы мектеп оқушыларына жүргізілген тексеру оқушылардың 50%-да асқазан
ойық жарасы (язва желудка) мен гастрит (асқазан ауруы) барлығын көрсетті.
Ауру құрылымы жағынан (мектеп оқушыларындағы – ҚазТАГ) бірінші орында қан
аурулары мен қан жасайтын орган аурулары - 57% (барлық аурулардың -
ҚазТАГ). Екінші орында ас қорыту органдары – асқазандағы ойық жара және
гастриттер - 50%. Үшінші орында тыныс алу орган аурулары - 38%, - ҚР
парламент мәжілісінің әлеуметтік мәдени даму жөніндегі комитет отырысынан.
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежановтың айтуынша, 2012 жылы
дәрігерлер 17 жасқа дейінгі 4 млн 487 мың балаларды тексерген. Ең көп
ауратындар 1 жасқа дейінгі және 14-15 жастағы балалар екендігі анықталыпты.
16-17 жастағы оқушылардың арасында 18%-ның денсаулығында қандай да
ауытқулар анықталыпты. [1]
Мамандардың пiкiрiнше, адам денсаулығына әсер ететiн
әлеуметтiк факторлардың iшiнде 50 пайыз тамақтануға, 20 пайыз қоршаған
ортаның әсерлерiне, 20 пайыз тұқым қуалайтын қасиеттерге, 10 пайыз
денсаулық сақтау iсiнiң жұмысына байланысты. Ұзақ өмiр сүру, өскелең
ұрпақтың дұрыс дамып, өсуi үшiн тиiмдi тамақтанудың маңызы ерекше.
Тамақтану мәселесіне қазір көп көңіл бөлінеді, сондықтан менің
жұмысымның мақсаты:
1.Тамақтың калориялығы мен организмнің энергиялық шығындануын зерттеу.
2. Дұрыс тамақтанудың негізін зерттеу.
3. Оқушының дұрыс тамақтануын тәртібін анықтау.
Мен мына гипотезаны ұсындым: біздің сыныптағы көп оқушылар дұрыс
тамақтанбайды және дұрыс тамақтанудың жолын білмейді.
Міндеттер:
-оқушының денсаулығына және оның ағзасына дұрыс тамақтанудың әсерін
анықтау;
-дұрыс тамақтану туралы оқушылардың білімдерін бағалау;
- оқушылардың дұрыс тамақтануын бағалау;
- оқушылар үшін тамақтанудың тәртібін белгілеу және дұрыс тағамдарды
анықтау.
Осы қойылған мақсаттарға жету үшін практикумдар, сауалнамалар өткізілді.
Зерттеулердің орындалуының жоспары
Зерттеулер бірнеше кезеңмен өткізілді.
• Дайындық- әдебиеттерді қарастырып оқу;
• Ұйымдастыру- қатысушыларды анықтау;
• Сауалнама – оқушылармен сұрақ-жауап;
• Аналитикалық- зерттеулердің нәтижелерін өңдеу, талдау;
• Ақпараттық-практикалық – сынып жетекшілерінің, мектеп басшыларының,
оқушылардың зерттеулердің нәтижесімен танысуы.
Зерде жұмысы бес бөлімнен тұрады:
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- соңы;
-библиография; - қосымша.
Кіріспеде: мақсаты, міндеттері және зерттеудің гипотезасы, өзектілігі
айқындалған.
Негізгі бөлім- нақты зерттеу жұмыстың өзі, тәжірибелік зерттеуді қамтиды.
Бұл жерде тәжірибелер – бақылау - талдау мен сауалнамалар келтірілген. Осы
жұмыстың тәжірибелік және әлеуметтік маңыздылығы көрсетілген. Соңында
қорытындылар және ұсыныстар берілген.
Библиографияда 6 әдебиет тізімі мен № 1 қосымшада- кестелер,
№ 2 қосымшада – диаграммалар, зерттеулердің нәтижелері көрсетілген.
Негізгі бөлім
1 Дұрыс тамақтанудың негіздері
1.1 Рационалдық тамақтану туралы түсінік
Латын тілінен аударғанда рацион деген термин – тамақтың тәуліктік өлшемі.
Тамақ адамның ағзасында энергетикалық шығындарды толтырса және оның
қажеттілігін қамтамасыздандырса ғана рационалды болып есептеледі және
адамға пайдалы дәрумендерді сақтайды.
Мамандардың айтуынша, мектеп жасындағы балалар күніне төрт-бес рет
тамақтанып тұруы маңызды. Өйткені уақытылы тамақтанған балалардың дене
бітімі жақсы дамиды. Статистикалық деректерге сүйенсек, мектепке жаңадан
барған балалардың 35 пайызы дұрыс тамақтанбаудан түрлі созылмалы ауруға
ұшырайтыны мәлім болып отыр. Ал мектеп бітіруші түлектердің арасында бұл
көрсеткіш екі есе көп. Осы ретте оқушылар арасында тез тарайтын асқазан-
ішек аурулары мен көз көруінің нашарлауы — 50 пайыз, омыртқаның бүкірленуі
— 80 пайыз, олардың ішінде жүрек ауруларына шалдыққандар 15 пайызды
құрағанын айта кетуіміз керек. Қазір еліміздегі оқушылардың 5 пайызы ғана
салауатты өмір салтын ұстанады екен. Бұл жыл өткен сайын жастар
денсаулығының нашарлауына тура әкеледі. Мамандар бұл аурулардың бәрі дұрыс
тамақтанбағандықтан пайда болатынын айтуда. Яғни баланың сабақ арасында
жүрдім-бардым тамақтануы, асығыстықтан дайын тағамдарды жей салуы олардың
денсаулығына елеулі зиянын тигізеді.
Лаура БАЙҚОНЫСОВА, Ұлттық салауатты тағамтану орталығы департаментінің кіші
ғылыми қызметкері:
– Мектеп жасында бойдың өсіп, дене салмағының ауырлауы, қаңқа сүйек пен
оның бұлшық етінің дамуы қарқынды түрде жүреді. Жасөспірімдердің жыныстық
жетілуіне байланысты жүйке-гормондық жүйеде терең қайта құру процестері
басталатыны белгілі. Сондықтан да жасөспірімдердің тамақтануына көңіл
бөлген жөн. Оқушылар арасында асқазан-ішек ауруларының үрдіс таралуы назар
аударарлық мәселе болып отыр. Бұл аурулардың дамуында тамақтану тәртібінің
бұзылуы, мектепте ыстық тамақтың жоқтығы, төмен сапалы тағамдарды пайдалану
болып табылады. Тәртіп бойынша оқушы кемінде төрт реттік тамақтану керек.
Олар : таңертеңгілік ас, түскі ас, сәскелік ас, кешкі ас және де міндетті
түрде оның үшеуі ыстық тамақ түрінде болуы керек. Оқушылардың тамақтану
тәртібі оқу ауыртпалықтарына, спортпен шұғылдануына, еңбекке араласуына
және басқа да факторларға байланысты. Бұл жағдайда оқушылардың тамақтану
тәртібінің қатаң сақталынып, тамақты бір уақытта ішу әдетін қалыптастырған
өте дұрыс.
1.2 Тамақтандырудың тәуліктік өлшемі және балалардың энергетикалық
қажеттілігі
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы
болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін,
әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса,
өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін
емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына
байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, олардың денсаулығын
нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен
сабаққа үлгеру қабілетін аттырады.
ТМД елдерінің жетекші ғалымдары балалар мен жеткіншектер тамағының
құнарлылығының күнделікті рационының калория нормасын дайындаған-ды. Ғылыми
негізделген, жүйеленген талап бойынша 14-17 жастағы ер балалардың тәуліктік
тамақ рационының калориясы 2900 килокалориядан аспауы тиіс. Ал осы жастағы
қыздардың күнделікті тұтынатын тамағы 2600 килокалорияға тең болуы керек.
Көптеген жасөспірімдер құнарсыз тамақтанады, ас мәзірінде мүлдем
жеміс –жидектер, ет өнімдері, балық , сүт өнімдері жоқ. Бұл
жасөспірімдердің өңі жүдеу, тез шаршайды, жұқпалы инфекция ауруларымен
жылына 3-4рет ауырады.
Асты уақытымен ішіп, күнделікті ас мәзіріне жеміс-жидектерді,
жұмыртқа, сүзбе, піскен ет, балық, сүт өнімдерін молынан пайдаланып, таза
ауада көбірек серуендеп, дене шынықтырумен айналысулары қажет.
8 сынып биология оқулығынан оқыдым: тағамның энергетикалық құндылығы 6
негізгі компоненттерден тұрады. Бұл көмірсулар, майлар, дәрумендер,
минералдық заттар, ақуыздар және су.
Ақуыздар – ағзаның негізгі құрылыс материалдары. Күнделікті оқушы 75-90 г
ақуыз қабылдауы тиіс, оның 40-45г , жануартекті болуы керек. Рационда
міндетті түрде сүт , айран, шұбат, қымыз, құрт, қатық, сүзбе, балық, ет
тағамдары, жұмыртқа болуы қажет.
Көмірсулар- бұл ең маңызды энергетикалық қор, осы арқылы жүрек, ми, ішкі
құрылыс,бұлшық еттер жұмыс істейді. Оқушының рационда көмірсулардың
тәуіліктік мөлшері-300-400г аспауы қажет. Оқушы ас мәзірінде міндетті түрде
нан ,жарма, картөп, бал, кептірілген жемыс, қант болуы керек.
Майлар- бұл да организм үшін ең маңызды құрылыс материал, олар адамның дене
қызуының бір қалыпты болуына көмек береді. Майлар шұжықтарда, қаймақта,
сүтте, ірімшікте, жаңғақта болады. Тәулігіне оқушы үшін майлардін мөлшері-
80-90 г, тәуліктік рационнің 30%-ын құрауы керек. Мектеп жасындағы бала
күнделікті сары май, өсімдік майы, ет, қаймақ қабылдауы тиіс. Майлар
организмде көбінесе жинала береді.
Дәрумендер- олар тағамдарда аз мөлшерінде кездеседі, бірақ организмге өте
пайдалы (иммунитет, көз көруі және т.б.)
Минералдар- кальций, фосфор, темір, магний, калий т.б. Барлығы 30 минерал
және микроэлементтер, оларсыз организм дұрыс жұмыс істемейді. Оқушы дұрыс
жетілуі және ішкі ағзаларынынң дұрыс жұмыс жасауы үшін оқушының рационында
қажетті витаминдер мен минералды заттар болуы қажет. Оқушының тағамдарының
құрамында А, В тобы, С,Е витаминдерыне, минерал тұздар мен йод ,темір,
фтор, кобальт, селен, мыс және т.б. микроэлементтерге бай: сәбіз, тәтті
бұріш, көк пияз, картоп, алма, жұмыртқа, ірімшік болуы қажет.
Су- бұл да тамақтанудың өте пайдалы компоненттері. Күніне 1,5-2 литр су ішу
қажет.

Жыныстық даму кезеңінде ер балалар мен қыздардың ақуыз қажеттілігі әртүрлі
болады екен.
Қандай да бір жұмыс істегенде ұлдардың қыздарға қарағанда энергия
шығындануы көбірек болатыны байқалған. Ақуыздардың қажеттілігін жануартекті
және өсімдіктекті ақуыз арқылы қанағаттандыруға болады. Ақуыздар сүтте, сүт
тағамдарында, етте, балықта және жұмыртқада болады.
Баланың ағзасында бой өсу қажеттілігі рационның жоғары деңгейіне
байланысты. Оқушының тәулік рационында ақуыздың 60%-ы жануартекті ақуыз
болу керек. Ол үшін оқушының рационына: сүт -500г, 1 жұмыртқа, ірімшік – 40-
50г, балық – 40-60г, ет – 220г қажет. Бұл рацион өсіп келе жатқан ағзаға
өте пайдалы.
Оқушылардың тамақтануында көмірсулар маңызды болып есептеледі, өйткені олар
бұлшық еттерінің қызмет жасауының негізі. Оқушылардың тамақтануында
көмірсулар майлардан, ақуыздардан 4 есе артық болу қажет, тәулігіне 320–420
г . Жеңіл көмірсулар: қант, бал, варенье, кондитерлік тағамдар. Бірақ
көмірсулар майлар мен ақуыздардан асып кетсе ағзаға зиян келтіреді, баланың
бойы өспей қалады, жүректі май басып, жиі ауыра береді.
Балалардың тамақтануында майлардың пайдасы көп: олар миға, бой өсуіне ықпал
тигізеді. Организмде майлар аз болса, балалар суық ауа-райы кездерінде
ауыра береді (тұмау, вирустық инфекциялар, т. б.)
Адамның организмі тамақтан керекті энергиясын алады. Адам қанша тамақ жесе
де оның организмі жанармай ретінде тек қана энергия шығынын жабатын
тамақтың керекті мөлшерін өзіне алады. Тамақ көп желініп қалса, оның артығы
майға айналады.
Денсаулық көз қарасымен қарасақ ақуыз, көмірсу, майлардың ең тиімді
қатынастығы төмендегідей болады:
68% калория көмірсулардан түседі,
18 % калория майлардан түседі,
14% калория ақуыздардан түседі.(2-қосымша, 1-диаграмма)
2 Адамның денсаулығына дұрыс тамақтанбаудың әсері
Дұрыс тамақтанбау, тамақта майдың көп болуы ағзаға кері әсер береді.
Ас қорыту мүшелерінің жұмыс істеуі бүлінеді, зат алмасу бұзылады. Осының
бәрі бүгінгі күннің негізгі мәселесі-семіздікке әкеледі. ТМД елдерінде
халықтың 35%-50%-ында артық салмақ байқалған.
Әсіресе фаст-фудтарда дайындалған қуырылған тағамдар денсаулыққа зиян
келтіреді. Осы мәселе қазіргі кезде өзекті болып саналады, тез пісетін
тағамдар денсаулыққа қауіпті. Адамның денсаулығына зиян келтіретін
тағамдарды Джонни Боуден атап кетті:
- фри- картоп, бұл тағам барлық ресторандарда сатылады;
- тәтті пончик-донатс;
- чипстер;
-газдалған сусындар;
-шоколадтан жасалған батончиктер;
- печенье;
- құрамында химиялық қоспалары көп болатын крекерлар;
-претцельдер, т.б.
Оқушылардың көбі осындай тағамдарды жейтін екені бізге мәлім. Біздің
сыныптағы оқушылардың тамағы – вермишель Роллтон, оны суға салмай, құрғақ
күйінде жейді. Неге пайдалы тамақты жемейсіңдер?- деген сұраққа олар
былай деп жауап береді: дәмді, арзан, тез.
Дұрыс тамақтанудың ұйымдастырылуында организмге пайдалы заттардың
үйлесімді болуының маңызы зор. Диетологтар тағамдардың сәйкестігінің
таблицасын құрды. Мысалы, етті көкөністермен жеу пайдалы, қауын, сүтті
басқа тағамдардан бөлек жеу керек. (№ 1 қосымша, 4-кесте )
Біздің сыныптағы оқушылар дұрыс тамақтана ма, мен осыны тексерумен
айналыстым. Бұл үшін мен сауалнама өткіздім: интернатта тұратын оқушылар
мен қалада тұратын оқушылар арасында. Тексеру барысында мен олардың тәулік
рационын зерттедім.
Интернатта тұратын оқушылар дұрыс тамақтанатына көзім жетті, өйткені олар
4-5 рет белгілі уақытта тамақтанады. Екінші орында – қалада тұратын
оқушылар, өйткені олар сабақтан қалып қоймауға тырысып, таңғы асты асығып
ішеді. Ал сабақтан кейін ата-аналары оларды бақылай алмайды, ал балаларға
тез пісетін лапша қолайлы. Тамаққа берген ақшаларын олар біздің мектеп
буфетінде ход-дог,гамбургер, чипсыға жұмсайды.(№ 2 –қосымша,2-диаграмма)
2.1 Калория тұтынудың нормасы
Калориялықты санау - кәсіби диетологтарға қиын жағдай туғызады.
Тәуліктік рационның қажетті калориялығын санағанда мынадай факторлар
есептелу керек:
- Дене салмағы;
- Жасы;
- істейтін жұмыс түрі;
- аурудың түрі (егер адам сырқат болса)
Отырып істейтін жұмыстағы ересек адамдарға, 1 кг салмағына 40-50 ккал қажет
деп саналады. Ауыр жұмыстағы ер азаматтарға – 70-100 ккал. Қарт адамдарға
30-35 ккал жеткілікті. Ересектер үшін калориялық дене салмағынан және
бойынан есептеледі. Мысалы: әйел адамның бойы 165 см болса тамақтың
калориялығы: 50 ккал х 65 кг = 3250 ккал. Егерде әйел адам 80 кг болса: 50
ккал х 80 кг= 4000 ккал. Күндізгі рационның калориялығын нормаға дейін
түсірсе, ( 750ккал азайтса) әйел адам жүдейді. Егерде әйел адам сол бойында
50 кг салмағы болса (50ккал х 50 кг =2500 ккал), тамақтың калориялығы
жоғары болып есептеледі. Сол кезде оның дене салмағы арта бастайды. (2)-
кітаптан мен ересектер үшін жасына байланысты қанша калория қажет екенін
білдім.
Ересектер үшін калория қажеттілігінің кестесі
Жасы Әйелдер Еркектер
19-35 2200 ккал 2600 ккал
36-50 2000 ккал 2400 ккал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тамақтану гигенасы. Тамаққа қойылатын гигеналық талаптар. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақтың ұлттық тамаұтарының маңызы.»
Спорттық тағам
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСКАРУ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануы
Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері
Білім беру жүйесінің ресурстары
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
«Әскери далалық жағдайларда әскердің тамақтануына санитарлық қадағалау жүргізу және ұйымдастыру негіздері.»
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Пәндер