Ақша жүйесінің элементтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ақша жүйесі ұғымы және оның элементтері
1.1. Ақша жүйесінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Ақша жүйесінің элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Ақша жүйесі – ақша айналымын ұйымдастыру формасы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10

ІІ. Ақша жүйесінің негізгі типтері және ерекшеліктері
2.1. Ақша жүйесінің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қазақстан Республикасының және экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...29



Кіріспе
Бұл жұмыстың тақырыбы Ақша жүйесі және оның негізгі типтері деп аталады. Осы жұмыста ақша жүйесіне толық анықтама беріліп, оның негізгі элементтері аталған, сондай-ақ ақша жүйесінің типтері көрсетілген.
Ақша жүйесі – кез келген мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі (қағидасы);
ақша бірліктерінің атауы;
ақша белгілерінің тәрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Аталған элементтердің әрқайсысына осы жұмыста тоқталамыз.
Тақырыптың актуалдығы – тәуелсіз мемлекеттіміздің ақша жүйесінің өткен он бес жылдағы және ұлттық валютамыз – теңгені енгізгеннен кейінгі дамуы.
Жұмыстың мақсаты – ақша жүйесіне толық тәсінік беру, ақша жүйесінің элементтері туралы экономикалық анықтама беру, ақша жүйесінің типтерін көрсету, Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып кету.
Жұмыстың міндеттері: осы тақырыпқа байланысты маетриал жинап, оны жан-жақты зерттеп-талдау, осы тақырып бойынша теориялық және практикалық деректер алып, оны жұмысты дайындау кезінде қолдану.

І. Ақша жүйесінің ұғымы және оның элементтері
1.1. Ақша жүйесінің тәсінігі және мәні
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Бұл мемлекеттің қаржылық қызметінің жәзеге асуын ұйымдастыру әшін қажет.
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. ұлттық ақша жүйесі ХV - ХVІІ ғасырдан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады.
Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
ақша бірліктерінің атауы;
ақша белгілерінің тәрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі.
Ол көбінесе шаруашылык жәргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация) негізделген экономикалық әдістерге жәгінеді;
тиісті болжауларды жасау негізінде акша айналымын жоспарлау принципі;
ақша айналымының тұрактылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы акшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл
ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жәзеге
асырылатынын білдіреді;
эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
Орталык банк тәуелсіздігінің принципі.
Қазақстан ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы тәртібі
Қазақстан ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жәзеге асырылады [1, 59].
Қазақстан ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жәзеге асырылады.
Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
Қазақстан ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.
Тозған және бәлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
Тозған және бәлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мәлiктiк жауаптылыққа тартылады [2, 68].
Қазақстанның ұлттық Банкі банктер, банк операцияларының жекелеген тәрлерiн жәзеге асыратын ұйымдар мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген тәрлерiн жәзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
Ақша төлем мен қор жинау құралы болып табылады және құн өлшемi ретiнде қызмет етедi. Ақша ақша белгiлерi (қолма-қол ақша) нысанында не банктер клиенттерiнiң банк шоттары бойынша жазба тәрiндегi банктердiң ақшалай мiндеттемелерi нысанында болады. Ақша белгiлерi атаулы құны (номиналы) бар банкнот және тиындар тәрiнде шығарылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ақша төлемi мен аударымын жәзеге асырудың мынадай тәсiлдерi қолданылады:
1) қолма-қол ақшаны табыстау;
2) төлем тапсырмаларын көрсету;
3) чектер беру;
4) вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
5) төлем карточкаларын (оның iшiнде микропроцессорлық төлем карточкаларын) пайдалану;
6) банк шотын тiкелей дебеттеу;
7) төлемдiк талап-тапсырмаларды көрсету;
8) инкассалық өкiмдердi көрсету;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер.
Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жәзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерi және нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi [3, 65].

1.2. Ақша жүйесінің элементтері
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі - барлык тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі.
Орталық банк монополиялык тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында бұрыштарды өтеуге заң бойынша міндетті тәрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан тұратын қазақстандық теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми арақатынас белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі – теңге және тиын. Ақша өлшемі, міндетті түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы, Қазақстанның 1 теңгесі 100 тиынға тең, АҚШ-тың 1 доллары – 100 центке; 1 ф.ст. – 100 пенске)
Ақша белгілерінің тәрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты. Барлық төлем тәрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті тәрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері.
Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталык банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату тәрінде тек бір өзі ғана жәзеге асырады.
ҚР ұлттык банк банкноттары мен тиындары ұлттық банктің сөзсіз (даусыз) міндеттемелері болып табылады әрі оның барлык активтерімен қамтамасыз етіледі. ұлттық банк алтын-валюталық активтердің мөлшерлері туралы хабарламаларды бұқаралык ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан ұлттық Банкi белгiлейдi.
Қазақстан ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады [5, 12].
Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан ұлттық Банкi жәзеге асырады.
Қазақстан ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жәзеге асырады.
Қазақстан ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы
Қазақстан ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.
Монеталар мынадай тәрлерге бөлiнедi:
инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар:
Қазақстан ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бәкiл аумағында төлемдердiң барлық тәрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару әшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар - ақшаның тәрлеріне жатады.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті.
Несие ақшалар – айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері.
Сонымен ақша түрлеріне банкнота, қазыналық билеттер және ұсақ монеталар жатады. Мысалы, АҚШ-та айналымда: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1доллар (500 доллар және одан жоғары банкнота шығару тоқтатылған) болатын банк билеттері; 1 доллар, 50,25,10,1 сент болатын күміс-мыс және мыс-никель қоспаларынан жасалған монеталар жүреді.Ұлыбританияда айналымда тек банкноталар:50, 20, 10, 5, 1 ф.ст. және 1 ф.ст., 50, 10, 2 пенс, 1 және Ѕ пений монеталар жүреді.Құны жаңа 10 және 5 пенске теңгерілетін ескі 2 және 1 шиллинг монеталар да жүреді.Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде қазыналық билеттер, яғни мемлекеттік қағаз ақшалар шығарылмайды.
Біздің елде 1991 жылдың 1 қаңтарына дейін айналыста 10 рубль және одан жоғары көрсеткіші бар банк билеттері және 1, 3, 5 рубль қазыналық билеттер жүрсе, қазір ҚР-ның ақша белгілері болып банкнота есептеледі.
Ақша-несие айналымының тетігі - акша-несиелік реттеу (тікелей және жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді [5, 8].
Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
ҚР ұлттык банктің банктерге несиесі бойынша сыйакы
мөлшерлемелерінің деңгейлері:
ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті
резервтердің нормативі;
мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу
бойынша ашық нарықтағы операциялары;
банктерге несиелер;
валюта нарығындағы интервенция;
айрықша жағдайларға жекелеген тәрлердің несиелік операциялардың деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.
ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі Валюталық реттеу туралы ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтық) баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе қоржынға кіретін басқа шетелдік валюта қоржыны негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.

1.3. Ақша жүйесі – ақша айналымын ұйымдастыру формасы ретінде
Ақша жүйесі мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыратын форма болып табылады.
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр тәрлі жақтарын бейнелейтін өте кәрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді [6, 80].
Сондай-ақ, ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жәргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жәргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекет арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық табыстың (ұТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігінен тәсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жәргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу әшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т.б. төлемдер әшін пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін – ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жәзеге асатын айналым құрайды. ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы, пайда мен айналымнан алынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысына айналымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жәзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын әй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет тәрлері әшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бәкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретінде де бөлінеді:
тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;
еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.
Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жәзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жәзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмұнын құрайды [7, 13].
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жәргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:
барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;
шаруашылық органдардың арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жәзеге асырылады;
есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер әшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;
төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жәзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.
Мынаны айырықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдай өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының тәсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына келіп тәскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу әшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларына халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына тәсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс әстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.
КСРО тұсында ақша айналамы және ақша айналысы ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.
КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мәмкін болмай қалды.
Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей кәшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алды.
Осы заманғы нарықтық жағдайда ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары бір-бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларында ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада алға шығады: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның әстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де естен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай проблема болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.
Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама оқшау жәзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайда, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады [8, 79].
Ақша айналыста жәріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралды ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
ІІ. Ақша жүйесінің негізгі типтері және ерекшеліктері
2.1. Ақша жүйесінің типтері
Ақша жүйесі ұдайы даму әстінде болатындықтан ақша жүйесінің тәрлері өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің тәрлері ақшалардың қандай формада қызмет атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде .
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1) Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толық құнды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады,олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2) Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды,алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп аталатын екі тәрлері тән.
Биметаллизм - баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда болатын екі металл - алтын мен кәміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің әш тәрі болған:
қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен кәміс монеталардың арасындағы арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (стихиялы) тәрде белгіленеді;
егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса,
онда ол - екі жақты валюта жүйесі;
ақсақ валюта жүйесі. Онда алтын мен кәміс бірдей негізде заңды төлем құралдары болып табылады.
Нәтижесінде кәміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша жүйесінің негізгі элементтері
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Пәндер