Тал тұқымдасының гүлдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1.1 Талдар туысына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Шілік тұқымдасының практикалық және биологиялық маңызы ... ... ... ...5
1.3. Талдар тұқымдасының шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4 Терек туысына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.5 Теректің маңызды
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
1.6 Тораңғыл
тал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 20
1.7 Талдың маңызды
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25

Кіріспе
Талдар тұқымдасы – бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік
еңдіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір
түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді
(карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар.
Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық
гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әр түрлі особьтарында (екі
үйлік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2 – ден 30 – ға дейін, кейде
оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс
жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы.
Тұқымбүрлері өте көп болып келеді.
Жалпы талдар Қазақстанда Тобыл Есіл атырабында, Солтүстік Қазақстанда,
Ақтөбе облыстарында, Сарыарқаның батысында, Шымтезекті жерлерде, өзен
алқабында, ылғалды шабындықтарда өседі. Оның биіктігі 1 метрге дейін
жетеді. Шыбық тәрізді жіңішке бұтақты, жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы
бұтақтары сарғылт, қоңыр, түксіз болады. Сонымен атап айтқандай шілік тал
туысына жататын өсімдіктің бір түрі болып келеді. Олар Қазақстанның барлық
аймақтарында да өседі. Олардың кейбір түрлері Қазқастанның қызыл кітабына
енгендері де бар. Сонымен қатар ең бағалы, ең көркем деген түрлері де
кездеседі. Жалпылап айтқанда, Қазақстан өзі көптеген өсімдіктердің сан
алуан түрлеріне бай. Соның ішінде талдар тұқымдасын атап айтқан жөн
болар.

Негізгі бөлім
1.1 Талдар туысына жалпы сипаттама
300 – ге тарта түрлерден және көптеген гибридтік формалардан тұрып,
оның ішінде 170 – дей ТМД елдерінің флорасында, 46 Қазақстанда таралған.
Талдар ылғал сүйгіш екі үйлі, дара жынысты ағаш, ірі бұта өсімдіктері.
Кәдімгі қалыпты құрылыстағы гүл серіктері жоқ, олардың орнына екі
шырындықтары (нектарниктері) болады. Энтоморфильді өсімдіктің бір түрі
болып саналады. Түрлерін анықтап білуде кедергілер туғызатын полиморфты
туыс. Өйткені, табиғат жағдайында өзара будандасу нәтижесінде көптеген
аралық гибридті формалар түзейді. Аталық сырға гүлінде біреуден бірнешеуге
дейін ұзын жіпшелі тычинкалары орналасады.
Аналық сырға гүлшоғырында екі жемісжапырақшаларының бірігуінен
түзілген екі аналық аузы бар паракарпты 1 пестигі болады. Гүлдері жапырақ
жарғанша немесе жапырақ шығуы мен бір мезгілде гүлдейді. Аталық гүлінің
формуласы: *Р0А2-30G0. Аналық гүлінің формуласы: *РOАOG(2). Жемісі
қауашақ. Тұқымы көп, сыртында ұзын түктері, қанатшалары болады. Тал
туысының шаруашылықта табиғатта үлкен маңызы бар. Оларды өзен жағаларын,
сусымалы құмдарды тоқтатып бекітуге, әр түрлі үй заттарын кәрзеңке,
шарбақ, балық аулау құралдырын (снасти) тоқуға пайдаланады. Киіз үй
сүйектерін кереге, уықтар, шаңырақ т.б жасауға қолданылады. Медицинада
дәрі ретінде маңызы бар глюкозид, салицин заттарын пайдаланады. Солтүстік
өңірлерде бағалы мал азығы. Бал беруші өсімдік, сәуір – мамыр айларында
гүлдейді. Талдар өте ұзақ эволюция жасаған ертедегі өсімдіктер тобына
жатады [1].

1-сурет. Талдар тұқымдасын сәндік мақсатта пайдалану

1.2 Шілік тұқымдасының практикалық және биологиялық маңызы.
Тал туысына жататын аласа бұтаның бір түрі. Қазақстанда Тобыл, Есіл
атырабында, Солтүстік Қазақстанда, Ақтөбе облыстарында, Сарыарқаның
батысында, Шымтезекті жерлерде, өзен алқабында, ылғалды шабындықтарда
өседі. Оның биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Шыбық тәрізді жіңішке бұтақты,
жас бұтақтары түкті, бірнеше жылғы бұтақтары сарғылт қоңыр, түксіз болады.
Ұзындығы 2 – 8 см, ені 0,3 – 1 см, көп жапырақтарының екі беті де түкті
болады. Гүлі ұсақ, өте көп, гүл сырғасы жапырағынан бұрын дамиды. Мамыр
айында гүлдейді. Жергілікті жерде шілікті отын ретінде пайдаланып келеді.

2-сурет. Тал тұқымдасының гүлдері

Тал тұқымдасына жататын ағаш не бұта. Негізінен Солтүстік жарты шарда
өсетін 350 (кейбір деректерде 600 – дей) түрі бар. Қазақстанның барлық
өңірлерінде кездеседі. Оның 46 түрі белгілі. Соның 3 түрі мыналар болып
саналады: дәріжапырақты талдар, липский талдары, және тікенекті – жапырақты
талдар. Тек Қазақстанда ғана өсетін эндемиктер өзен, көл, бөген
жағалауларында көбіне қалың тоғай құрап өседі. Биіктігі 15 – 30 сантиметр.
Жапырағы қысқа сағақты, бүтін жиекті, қандауыр тәрізді. Гүлі болмайды,
шашақ гүл сырғасына (аналық, аталық) топталған. Көбінесе жапырағы шыққанша
гүлдейді. Бұтақ шоғыры иілген жалпақ пирамида тәрізді, жайқалып өседі.
Көпшілік түріне протогения (гүл аталығының ертерек пісіп жетілуі) тән
тұқымынан немесе бұтағын кесу арқылы, ал мәдени түрлері қалемшелеу арқылы
көбейеді, жәндіктер (негізінен аралар) арқылы тозаңданады. Жемісі – көп
тұқымды қорапша. Талдар тез өседі, 30 (кейде 75 – 100) жылдай жасайды. Діңі
жеңіл әрі жұмсақ, тез шіриді. Ағаш қабығын, жапырағын, бұтағын жабайы аңдар
(бұлап, кәмшат, қоян т. б) мен үй жануарлары, ал бүрін, сырғасын құстар
(құр, шіл) жақсы жейді. Талдар елді – мекендерді көгаландыру, құм бекіту,
топырақ эрозиясына қарсы егістікті қорғау үшін егеді. Сүрегі құрылыста,
целлюлоза – қағаз өнеркәсібінде пайдаланылады. Сондай – ақ талдар – шіркелі
өсімдіктер болып саналады.

3-сурет. Ақ талдың гүлденуі

Талдар тұқымдасы – бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік
еңдіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір
түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді
(карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар.
Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық және аналық
гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), әдетте әр түрлі особьтарында (екі
үйлік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2 – ден 30 – ға дейін, кейде
оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс
жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы.
Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар.
Тұқымның түп жағында бір топ талшығы болады, эндоспремі болмайды [2].
Талдар тұқымдасына 400 – дей түр жатады, олар үш туыстың құрамына
кіреді: терек (тополь – Populus, 25 – 30 түр), тал (ива – Salix, 350 – 370
түр) және чозения (Chosenia, 1 түр).
Тал туысы (ива – Salix). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР – дың
флорасында 170 – тей түрі және көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал
Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейбір жағдайларда
теректердегі секілді, гүлдің түп жағынан қоршап тұратын диск болады.
Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған.
Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның
өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық
сақталған. Аталық сырғасында 1 – ден бірнешеуге дейін аталықтары болады.
Аналық сырғаларында аналығы (гинецей) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы
болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен
бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады. Оларға насекомдардың
ондаған түрлері келіп қонады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері
будандауға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы,
барлық уақытта айқын бола бермейді.
Шыбықтарынан қарзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар (снасти)
тоқуға болады. өзен жағасында және кішігірім аралдарда өсетін қадама
талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материалдар
дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді
және вегетативтік жолмен көбейеді. Сондықтан да оларды құмды бекіту
мақсатында өсіреді.
Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал
беретін өсімдіктің бір түрі болып табылады.
Чозения туысының (Chosenia), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар.
Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі.
Чозения тал туысына өте жақын болып келеді [3].

1.3. Талдар тұқымдасының шығу тегі
Талдар тұқымдасы – Populus және Salix (бұларға жанасып тұратын
чозениямен бірге) күмәнсіз бір – біріне жақын туыстар. Шамасы олар
эволюциялық дамудың 2 дербес – анемофильді (Populus туысы) және
энтомофильді (Salix оған жанасып тұратын чозениямен бірге) тармақтарын
береді. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты болса
керек. Мұны ешкі талдың және теректің Гималайлық түрінің гүлдерінде
кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дәлелдей
түскендей. Талдар тұқыммдасының арғы тектерінде гүлсеріктерінің болғаны, не
болмаса дәлелденбеген. Талдар өте ертеде пайда болған тұқымдас, олардың
қалдықтары бор дәуірінің үстіңні қабаттарында талдар өте жиі кездеседі;
неогенде олар солтүстік ендіктің қоңырдай климатты зонасының барлық жерінде
дамудың ең шарықты биігіне көтерілген. Неогендік түрлері қазіргі кезде
тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне ұқсас. Палентологиялық
мәліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабықтұқымдастармен,
олардың арғы тегі болып табылатын формалармен генетикалық тұрғыдан тікелей
байланысты болған деген пікір мақұлдауға итермелейді. Сонымен бірге талдар
тұқымдасының гүлдері (яғни талдардың өздері де), жабық тұқымдастардың
жоғарғы деңгейде маманданған, формаларының редукцияға ұшырауының негізінде
пайда болған деген көзқарас бар. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар
тұқымдасымен жақындастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің
дәндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы (хохолок волосков), тұқым
бүрінің, гүл түйінінің түбінде орналасуы және басқа да белгілері талдар
тұқымдасымен ұқсас. Ғалымдардың бір бөлігі талдар тұқымдасын шегіргүлдер
тұқымдасымен (тұқымдары қабырғаға жанасып орналасқан) жақындастырады. Одан
әрі талдар тұқымдасын жыңғылдар тұқымдасымен, екеуіне ортақ бір тектен
параллель дамыған деген пікір айтады.

4-сурет. Талдардың алуан түрлілігі

1.4 Терек туысына жалпы сипаттама
Терек туысы (тополь) – Populus. БОР – дың флорасында 30 түрі, ал
Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки)
тұрады, олардың түп жағын қиғаш воронкаға ұқсас – бокал тәрізді орган –
диск қоршап тұрады. Ол не редукцияға ұшыраған гүлсерігі, не болмаса гүл
тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған мүше. Аналық гүлініңде түп жағында,
жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жемісжапырақшадан
түзілген, бокал тәрізді диск болады. Гүлінің формуласы: *Р0 А0 G (2) ; *Р0
А 12 – 20 G0 . Терек туысына 100 – ге тарта түрлер жатып, оның ішінде 26
түрі ТМД елдерінің флорасында, 18 Қазақстанда кездеседі. Түрлерінің
шоғырланып негізгі таралу орталығы Солтүстік Америка мен Шығыс Азия елдері.
Терек екі үйлі, дара жынысты биік ағаш өсімдігі. Жапырақтары жай, жалпақ
ьүтін алақанды, жұмыртқа, бүйрек формалы немесе телімді, кейде бір өсімдік
бойындағы қысқа және ұзын өркендерінде әр түрлі пішінді келеді, ұзын
сағақшалы, кезектесіп орналасқан. Ерте түсіп қалатын қосалқы жапырақшалы.
Теректің тағы бір ерекшеліктері: өркендерінің ұшар басында қыстап шығатын
бірнеше қабатты қалпақша тәрізді, жабысқақ шайырлы қабыршақ қабықпен
қоршалған наңыз бүршіетері орналасады. Сүрегі жұмсақ өте тез өседі.
Гүлдері аталық және аналық сырға гүлшоғырына біріккен. Гүлдерінде
тісті гүлорам жапырқшалары және қабыршақты гүл серігі болады. Аталық гүл
көп тычинкалы, оның төменгі жағын гүл табанының жалпайып өсуінен, немесе
гүл серігінің редукциялануынан пайда болған дөңгелек табақша (диск) қоршап
жатады. Аналық гүлі біріккен екі жеміс – жапырақшасынан түзілген паракарпты
бір пестиктен тұрып, оныңда төменгі жағын кесе немесе бокал тәріздес диск
қоршап тұрады. Анемофильді өсімдік [4].
Жемісі екі немесе төрт жақтаулар арқылы қақырап ашылатын қауашақ.
Тұқымы майда, түп жағында шоқ талшығы болып, желмен таралады. Вегетативтік
тәсілмен жақсы және тез көбейеді. Терек шаруашылықта өте бағалы ағаш
өсімдігі. Сүрегі (ағаштағы) жұмсақ келеді. одан әр түрлі қажетті жону
заттарын (ағаш қасық, шөмшім, күрекше т. б) жасайды. Қағаз жасау
өндірісінде маңызы бар. Отын есебінде пайдаланылады. Тез өсетін сәндік
ағаш, көгаландыру мақсатында өсіріледі. Қазақстан флорасында, облыс
көлемінде таралған кейбір түрлеріне тоқталамыз.
Бұл туысқа көктерек (осина – Populus tremula), қара терек
(тополь черный, немесе осокарь – Populus nigra) және т. б жатады.
Теректердің көптеген түрлері тез өсетін, ағашы жұмсақ, оңай кесілетін
болғандықтан құнды болып табылады. Ағашы негізінен сіріңке жасауға, әр
түрлі үйге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланады (қасықтар,
шөміштер); қағаз өнеркәсібінде де, сиректеу құрылыс материалдары ретінде де
пайдаланылады. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын көгалдандыруға
бірден – бір таптырмайтын сәндік өсімдік. Теректер желмен тозаңданады.
Көктерек өте кең таралған орман құраушы порода. Солтүстікке дейін жететін
орманды алқаптарында өседі.
Бұтақтарында дөңгелек, жұмырлау келген жалпақ алақанды, шеттері ірі
тісті, ұзын сағақшалы жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақ
сағақшалары жапырақ алақанына оңай қозғалмалы болып бекінген. Сондықтан да
қатты жел кезінде жапырақтары шайқалып, дірілдеп тұрады. Соған қарай оны
дірілдеуік терек деп те атайды.
Терек тез өсіп – жетілетіндіктен шаруашылықта көбірек қолданылатын
ағаштардың бірі. Оның шаруашылық пайдасы алуан түрлі. Мәселен, ол
пайданалануға қарағай мен еменнен гөрі үш – төрт есе ерте жарамды болады.
Ол құрылыс материалы, қағаз – целюлоза өнеркәсібіне шикізат болады. Терек
сүрегінен жасанды жібек алынып, сіріңке, мебель, фанера өндірісінде де
кеңінен қолданылуда. Оны тек құрылыс материалы емес, картон жасау, жоғары
сапалы қағаз жасау, декоративті фанере жасауда да пайдаланады. Италияда
одан тоқылған мата, кәрзеңкелер де шығарылады. Ал жапырағының бөліп
шығаратын фитоцидтерінің де пайдасы бар.
Сәнді, бой түзеп өсетін әсем ағаштардың бірі – теректің қоршаған
орта ауасын тазартудағы пайдасы ұшан – теңіз. 25 жылдық теректердің жазғы 5
ай ішінде 44 килограммға жуық көмір қышқыл газын сіңіретіндігін айтсақ, бұл
жөнінен онымен тең келер өсімдікті оңай таба қоймайсыз. Вегетациялық
кезеңінде 25 жылдық теректің бір гектары 12 тоннаға жуық оттегін бөліп
шығарады [5].
Теректі орманы аз және ағаш сүрегін сырттан әкелетін аудандарда
өсірумен адамдар ерте кезден – ақ айналысқан. Терек пайдалануға ерте
жетілетіндіктен, яғни 20 – 30 жылда пайдалануға толық жарамды болғандықтан,
ал ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талдар тұқымдасына жалпы сипаттама
Гүлдің құрылысы
Ағаштардың биіктігі және желектерінің декоративтік қасиеттері
Гүл бөліктерінің орналасуы
Алабота тұқымдастар
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Тараз қаласындағы 2000 орындық оқушылар сарайын көкжелектендіру
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пәндер