Жұлдыз атауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Физика және П.О.Ә. кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шоқжұлдыздар-аспандағы аймақтар
Орындаған: Омарханова А. С .
Ғылыми жетекші: Мұхамедрахимова Ғ. И .
Көкшетау-2007 ж.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 3
Шоқжұлдыздар туралы астрономиялық аңыздар ... ... ... ... .. 5
Жұлдыздардың атаулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Жұлдыздардың қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Жұлдызды аспанмен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 13
Темірқазық маңындағы шоқжұлдыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
Күзгі аспан
шоқжұлдыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Қысқы аспан
шоқжұлдыздары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . 29
Көктемгі аспан
шоқжұлдыздары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 45
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Кіріспе
Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес Жұлдыздар жымыңдап, адамның
көңілін өздеріне еріксіз аударады. Шынында да, жер бетінің кез келген
орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта
Жұлдызды көруге болады. Оларды танып–білмек үшін адамдар өте ерте талпынды.
Өте ерте заманнан-ақ аспандағы жұлдыздарға, олардың қайсыбір топтарына
ат қойып, оларды тани білген. Қайсыбірде жұлдыздар белгілі бір пішін құрып,
бір затты не жануарды елестетсе, қайсыбір шоқжұлдыздың атауында ата -
бабаларымыздың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, ғарыштанулық және діни түсініктері
елес береді. Оларды есте сақтау үшін аспан ертегі аңыздары ойлап шығарылды.
Астрономия тарихын зерттеуіш орыс Д.О. Святский өз еңбектерінде дала
қазақтарының Темірқазіық пен оның маңындағы бірнеше
1-сурет
жұлдыздарды аспан қазығы арқандалған жылқы ретінде бейнелейтінін жазған.
Түркі елінің көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын жеті жұлдыз
Жетіқарақшы немесе Жетіген, моңғолдарда жеті құдай (Дархан Бурхан),
башқұрттарда Жеті қыз, эстондарда Арба, сібірліктерде Бұғы, ал Ежелгі
гректерде Аю ретінде танылған да, сол мағынаға сәкес әр елдің өзіне тән
аңыздары сақталған. Осы жеті жұлдыздың аспанда болуын қазақтар жеті ұрының
қуғыншылардан қашып, Көкті паналауымен түсіндірсе, Ежелгі гректерде аюды
аңшыдан Зевс құдайы арашалап аспанға шығарады. Сол сияқты қазақтын Үркерін
(алты батыр мен бір қыз немесе бір топ кептер) деп атаған. Уақыт өте келе
жұлдыз атаулары ескіріп, оның орнына жаңа атаулар пайда болып отырған.
Мысалы, өте ертеде Алтай түркілері және моңғолдар Орион шоқжұлдызын Үш
мыйғақ (бұғы), Гурбан марал (Үш марал) десе, кейініректе оларды Үш Құс, Үш
арқар, Садақтын үш оғы деп атаған. Ал оның қазақ халқының Үшарқар-Таразы
деп еншілеуінде сол көне түркі әрі парсы атауы елес береді...
Жұлдыздардың өзара орналасуын жан–жануарларға немесе басқа нәрселерге
ұқсатып топтастырып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген. Мысалы, Геркулес
пішіні бір тізесін бүккен адамға, Торпақ (көне түркі тіліңде Үді) – бұқаның
мүйізіне, Аққу мен Бүркіт – қанатын жая салып ұшкан құстарға ұқсайды.
Сондай–ақ Қарақұрт, Жылан, Сужылан т.б. шоқжұлдыздарының атаулары олардың
бейнелерінің өздері аттас жәндіктерге айна–қатесіз ұқсауынан туындаған.
Сонымен қатар, қайсыбір шоқжұлдыз атауларының мағыналық мәні де бар.
Мысалы, Таразы (Өлкі) шоқжұлдызының атауы күзгі күн мен түннің теңелуі
кезінде Күннің осы шоқ Жұлдызда (осыдан 2000 жыл бұрын) орналасуынан туған.
Сондай–ақ шоқжұлдыз атаулары қатарында аңыздарда кездесетін кейіпкерлер мен
жануарлар да баршылық. Мысалы, Персей, Қауыс–Мерген (Жак), Айдаһар, Кентавр
т.б.
Шоқжұлдыздар туралы астрономиялық аңыздар
Астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар)
кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық
аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан
көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі –
діни нанымдардан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шұрайлы жер
іздеп ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсыған шырақтардын ішінен
батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды
тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.
Аспанның солтүстік жартысында жұлдыздардың тәуіліктік көрінерлік
қозғалысы жетіқарақшы аңызына арқау болды. темірқазық қозғалмайтын
полярлық жұлдыз.Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан
тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Кіші Аю шоқжұлдызы
Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. бұлардын сыртын ала арқандаулы ататрды
торуылдап, жетіқарақшыны айналады. Горизонттан төмен түспей түні бойы
айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнімен
ұйықтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі
бойынша Жетіқарақшы – Қырық қарақшының (сол маңындағы майда жұлдыздар)
барлаушысы. Олар Айдасон (Капелла) мен Ағласон (Вега) деген батырлардың
аттарын (Ақбозат (Коукаб) пен Көкбозат (Фекда)) қолға түсіріп алмақшы.
Шынында да Вега мен Капелла – аспанның солтүстік жарты шарындағы бірден
көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы
Қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған.
Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені, егер Жетіқарақшы Ақбозат
пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сұлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы.
Бұл аңыздан көшпелі ел – тұрмысының сарыны байқалады.
Ежелден белгілі аңыз бойынша Таразы шоқжұлдызының қаз – қатар
орналасқан үш жұлдызы – Орион деген атақты мергеннің белбеуі. Оның
белбеуінде қанжары тұр. Мерген қарсы алдындағы тағы бұқаға шоқпарын
сілтейді. Қазақ аңызында Орион белбеуі – тізіле қашқан үш арқарды, қанжар –
көгалдай мергеннің оқтаулы мылтығын, Орион маңындағы басты жұлдыздар
(Ригель) – Көгалдай мергеннің көкшақпғын, Бетельгейзе – мерген мылтығынан
ұшып шыққан оғын бейнелейді. Ғылыми деректерде Ригель – көк түсті ыстық
жұлдыз, Бетелгейзе салқындау қызғылт жұлдыз. Бұл аңыздын құндылығы – Орион
маңындағы шашыранды тұмандық делінетін өте маңызды космсостық объектіні
мерген мылтығының аузынан шыққан түтін ретінде қарастырады. Халық арасынан
шыққан көргендер қарусыз көзге шалынбайтын түтін тәрізді тұмандықты байқап
аңызға қосқан. Үркер жайындағы аңызда үйірі қысырақ түрінде бейнеленген.
Үркер қырық күн шілдеде жерге түсіп, көкте көрінбей қалады. Сол кездегі
күн күркіреуі, үйірін іздеп, көкте кісінеп шапқылаған Көкайғырдың дүрсілі
ретінен баяндалады.
Жұлдыздардың атаулары
Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданып жүрген атауларының
48–і өте ертеден, ежелгі Египет (Мысыр), Вавилон және Грекия замандарынан
белгілі. Ежелгі грек астрономдары Гиппарх (б. д. д. 180 не 190–125 жж.),
Птолемей (90–160 жж.) шоқжұлдыз атауларын бір жүйеге келтіріп, олардағы
жұлдыздардың алғашқы тізімдерін, суреттемесін жасаған. Бірақ ол тізімде Жер
шарының солтүстік жарты шарында орналасқан елді мекендердің аспанында
көрінетін шоқжұлдыздар ғана қамтылған. Ал аспанның қалған бөліктерінің
жұлдыздарын саяхатшылар XVI–XVIII ғасырларда оңтүстікке шеккен сапарларында
шоқжұлдыздарға топтастырып, картаға түсірген.
Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары
Халықаралық астрономия одағының (ХАО) арнаулы қаулысы бойынша бекітілген,
бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31–і
аспанның солтүстік жарты шарында, 48–і оңтүстік жарты шарында, ал қалған
9–ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан.
1603 ж. Иоган Байер Жұлдыз карталары мен ғылыми әдебиеттерде әр шоқ
Жұлдыздағы жарық Жұлдыздарды грек алфавитінің әріптерімен таңбалауды
ұсынды. Әдетте, ең жарық Жұлдыз α әрпімен, одан сәл солғындау Жұлдыздар
реті бойынша грек алфавитінің келесі (грек алфавиті 4–кестеде келтірілген)
әріптерімен белгіленді. Халықаралық деңгейде шоқжұлдыз атаулары латын
тілінде қолданылады. Ұлт тілдерінде олар латын тілінен тікелей аударылып
қолданылады. Мысалы, бізге қазақ, халық астрономиясынан жақсы таныс
Жетіқарақшының астрономиялық аталуы Үлкен Аю (латынша Ursa Major, қысқаша
UМа). Сол сияқты Үшарқар –Таразы – Орион (Оrі), Қамбар – Арыстан (Leo),
Қарақұрт–Кассиопея (Саs) деп аталады.
Ал енді Жұлдыздарды Орталық Азия халықтары және оның ішінде қазақтың
қалай атайтынын қарастырайық. Жетіқарақшының қос Жұлдызы (оның
"құйрығындағы" екінші жұлдыз) Жігіт пен Қыз, Қыранқарақшы немесе Жекебатыр
мен Үлпілдек деп бірнеше түрде аталған. Олардың халықаралық астрономиялық
атауы Мизар және әл–Күр (Алькор). Ал арабтардың халық астрономиясында
Мизарды "ат", әл–Күрді "салт атты" десе, үнділерде "кемпір" мен "бала" деп
атайды. Аспанның солтүстік полюсі маңындағы Полюс Жұлдызын ежелгі түркілер
мен моңғолдар Темірқазық, Алтынқазық деп атаған. Демек, бұл жүлдыздың
осылайша аталуы оның аспанда тапжылмай тұруына әрі басқа Жұлдыздар осы
аспан қазығына – дүние тірегіне байланып қойғандай шыр айналады деген
ұғымнан шыққан.
Жарық Жұлдыздардың көпшілігінің ежелден келе жатқан өзіндік атаулары
әдетте жұлдыздардың өзінің (мысалы, Сириус – "жарқырауық, Альдебаран – "із
басушы") немесе шоқ Жұлдыз бейнелеленетін зат бөліктері мен жануарлар
мүшелерінің атауымен байланыстырылады. Мысалы, Жетіқарақшының, жеті
жұлдызының төртеуі Хорезмдік ұлы астроном Бируни (1030 жылы) "Канон
Масуди" еңбегінде аю денесіне қатысты: Мерак (β) − "қарын", Фахз (γ) –
"сан, бөксе", Маграз (δ) – "құйрық, Мизар (ζ) – "ортасы" деген мағынада
таңбаланған. Бируни өзіне шамамен мың жыл бұрын өмір сүрген Птолемейдің
жүйелеген Жұлдыз атауларын араб тіліне аударып, сәл ғана өзгерткен.
Кейініректе, астрономия ғылымы Еуропа елдеріне тараған кезде Орта Азия ұлы
астрономдардың еңбектері арабшадан латын тіліне аударылыды. Бірақ жұлдыз
атаулары сол араб тілінде қалып, латыншаға транскрипциялағанда үлкен
өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген 300–ге тарта Жұлдыздың
атауларының 15%–і грек, 5%–і латын, 80%–і араб тілінде айтылады.
Жұлдыздардың қасиеттері
Түнгі аспанға қарағанымызда Жұлдыздардың жарықтылықтары әр түрлі
екендігін аңғарамыз. Сириус, Арктур және Веға жарқырап көзге бірден түссе,
Алькордың көмескі Жұлдыз байқаймыз. Жұлдыздардың көзге көрінерлік
жарықтылығын өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жұлдыздың шама ұғымды
пайдаланалы. Мұны алғаш ежелгі грек астрономы енгізген. Ол аспандағы көзге
көрінетін Жұлдыздарды алты топқа бөліп, ең жарық Жұлдыздарды бірінші
Жұлдыздық шамаға, ал ең көмескілерін алтыншы Жұлдыздық шамаға тағайындады.
XIX ғасырдың ортасында ағылшын астрономы Норман Погсон жұлдыздық
шамасның осы заманғы шкаласын ұсынды. Бұл шкалада 5 Жұлдыздық шама (ж. ш.)
Жұлдыз жарықтылығының 100 есе өзгеруін көрсетеді. Бір жұлдыздық шама
айырмашылығы Жұлдыз жарықтылығының ~ 2,512 есе өзгеруіне сәйкес
болады.
Астрономияда жұлдыз жалтырлығы (жылтырауы) деген ұғым қолданылады. Ол
Жұлдыздың одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды
жарықтандыратын жарық мөлшерін береді.
Жарық өлшегіш аспап – фотометрді пайдаланып жүргізілген өте дәл
өлшеулер Жұлдыз жалтырлығының әрқилы болатындығын көрсетті. Сондықтан
кейбір Жұлдыздардың жалтырлығы жұлдыздық шама бойынша бөлшек және теріс
мәндермен де өрнектеледі.
Аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіленің (Сириус) көрінерлік жұлдыздық
шамасы m = −1,58; Күннің жұлдыздық шамасы m = –26,6; толған Айдың жұлдыздық
шама m = −12,7.
Бір жұлдыздың жалтырлығы жоғары, ал екінші біреуінің төмен болуы
жұлдыздың шын мәніндегі жарықтылығы туралы мәлімет бере алмайды. Себебі
жарық Жұлдыздың бізге жақын орналасуы көрінерлік жұлдыздық шамасы жоғары
болуы мүмкін, бірақ тура осындай Жұлдыздың алысырақ, орналасуы себебінен
жұлдыздық шамасы төмен болады.
1–кестеде кейбір жарық Жұлдыздардың атаулары, астрономиялық
белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют ж. ш.
туралы. мәліметтер келтірілген.
1–кесте Жарық жұлдыздар тізімі
Жұлдыз атауы Қысқаша Көтерілуі, Еңістігі,Көрінердік Абсолют
белгіле-нα δ жұлдыздың жұлдызд-ық
уі шамасы, m шама
Сириус а СМа 6 сағ 45 –1в"43' –1.58 +1,41
мин
Артур а Воо 14 сағ 16 +19'11' –0,05 –0,2
мин
Вега а Вуг 18 сағ 37 +38' 47' 0,03 +0,5
мин
Капелла а Аиг 5 сағ 17 +46° 00' 0,08 –0,6
мин
Ригедь Р Огі 5 сағ 15 –8– 12' 0,12 –7,0
мин
Процион а СШ 7 сағ ЗӨ +5' 14' 0,37 +2.65
мин
Бетельгейзе а Огі 5 сағ 52 +Г 24' 0,42 –6,0
мин
Алътаир а Акі 19сағ 51 +8" 52' 0,77 +2,3
мин
Алъдебаран а Таи 4 сағ 36 +16°31' 0,85 –0.7
мин
Альголь Р Рег 3 сағ 08 +40' 57' 1,12 –0,3
мин
Регул а Ьео 10 сағ 08 +11°58' 1,35 –0.6
мин
Кастор а Сет 7 сағ 35 –26' 19' 1,58 +0.85
мин
Темірқазық а ХІШ 1 сағ 49 +89°02' 2,02 –4.6
(Полюс жұлдызы) мин
Жұлдызды аспанмен танысу
Аспанда орналасқан жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды танып білуді кез келген
бұлтсыз ашық түні атқаруға болады. Бақлау жасалатын орын, біріншіден,
төңіректі шарлап қарауға ыңғайлы, барлық жағы ашық, екіншіден, көзге жарық
түспейтін болуы керск. Әрине, солғын жұлдыздарды көру үшін аспанда Ай
болмағаны дұрыс. Аспанмен танысу, ондағы шоқжұлдыздардың бейнелері мен
жарық жұлдыздарды іздестіруде ешбір арнаулы аспаптар - дүрбі нсмссе
телескоп қажет емес. Ең қажеттісі - аспан атласы немесе аспанның жылжымалы
картасы. Бұл карталар аспан күмбезінін жазыктыққа көшірмесі (проециясы)
ретінде жасалған. Мұнда жұлдыздардың орналасу орны астрономияда
қолданылатын сфералық координаттар жүйесінің бірі - экваторлық координаттар
көмегімен берілген. Олар — тура көтерілу (шарықтау) және -
еңістік (ауысу) координаттары. Координаттары өзгермелі болғандықтан, бұл
карталарда Күн жүйесінің денелері келтірілмейді. Олардың жыл сайынғы
координаттары арнаулы астрономиялық күнтізбелерде және жылнамаларда
жарияланып отырады. Жер өз осінен батыстан шығысқа қарай айналатындықтан,
бізге аспан кері бағытта айналатын болып көрінеді. Жұлдыздардың шығыстан
шығып батысқа батуы міне осы себептен. Астрономияда ыңғайлылық үшін
қолданылатын аспан сферасы (күмбезі) деп аталатын жорамал сфераның айналу
осі осы Жер осіне бағыттас. Оны шартты түрдс дуние осі деп атайды.
Кеңістіктегі Жер осінің бағыты аспанның солтүстік жартышарында кездейсоқ
едәуір жарық жұлдыз маңына бағытталған да, осы Поляр жұлдызының -
Темірқазықтың айналысы көзге байқалмайды. Барлық жұлдыздар оған арқандалып
қойылғандай оны айнала қозғалатын болып көрінуі де сондықтан. Жердің өз
осінен айналу мерзімі Күн тәулігінен 4 минуттей қысқа болғандықтан, әр
тәулік сайын жұлдыздар өз орындарына осыншама уақытқа ерте келіп, аспанның
белгілі бір уақыттағы көрінісі баяу өзгеріп отырады. Ал бір жыл өтісімен
жұлдызды аспан толық бір айналысты артық атқарып, бастапқы орындарына
келеді. Осы себептен жылдың әр мезгілінің өзіне тән шоқжұлдыздары бар деп
айтуға болады. Сондықтан да біз жұлдызды аспанды шартты түрде жыл
маусымдарының кешкі кездегі көрінісіне байланысты күзгі, қысқы т.с.с. аспан
деп бөліп қарастырамыз. Сонымен қатар бақылаушы шар пішінді Жер бетінде
белгілі бір ендікте орналасқандықтан, дүние полюсі көкжиекке қатысты
әртүрлі биіктікте көрінеді. Ол биіктік сол орынның географиялық ендігіне
тең. Дүние кіндігіне (полюсіне) таяу жұлдыздар өздерінің тәуліктік
қозғалысында өне бойы көкжиек үстінде болады. Оларды батпайтын жұлдыздар
деп атаймыз. Біз алдымен осы батпайтын, яғни Темірқазық маңындағы
шоқжұлдыздармен танысамыз. Содан соң жыл маусымдарының басында кешкі
уақытта көрінетін шоқжұлдыздарды сол кезеңде олардың көкжиекке қатысты
аспанның қай тұстарында орналасатынын көрсете отырып қарастырамыз. Әңгіме
болып отырған кезендердегі аспанның көріністері жеке суреттерде
бейнеленген. Ыңғайлылық үшін аспан шығыс, төбе (зенит) және батыс нүктелер
арқылы екіге бөлініп, аспанның солтүстік және оңтүстік тұстары суреттерде
бөлек келтірілгсн. Бұл суреттер жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат
сегізге сәйкес те, қысқы уақыт бойынша кешкі тоғыз, жазғы уақыт бойынша он
кезіндегі көріністі бейнелсйді. Бұл суреттерде шоқжұлдыз атаулары сандармен
белгіленген де, ал жарық жұлдыздардың атаулары келтірілген. Түнгі аспанмен
танысқанда осы суреттерде бейнеленген көкжиек тұстарын аспан тұстарына
сәйкес дұрыс бағыттап орналастырып, олардағы шоқжұлдыздарды аспаннан
іздестіргенде суретте көрсетілген жақтан қарастыру қажет.
Темірқазық маңындағы шоқжұлдыздар.
Аспанның солтүстік кіндігіне таяу аймақта Үлкен Аю, Кіші Аю, Айдаһар,
Цефей,Қарақұрт, Керік және Сілеусін шоқжұлдыздары орналасқан. Аспандағы
шоқжұлдыздармен танысуды әдетте Жетіқарақшыдан бастайды. Әрі оны басқа
шоқжұлдыздарды тауып алуда бағдар ретінде пайдаланады. Ол пішіні шөміш
тәрізді едәуір жарық жеті жұлдыз. Ескерте кететін бір жай - Жетіқарақшы
аспанның едәуір бөлігін алып жатқан Айсыз түні құралсыз көзге көрінетін 125-
ке тарта жұлдызды қамтитын Үлкен Аю (1) шоқжұлдыздарының бір бөлігі ғана
(едәуір жарық жұлдыздары). Жетіқарақшының аспандағы орналасу орны түннің
және жылдың мезгіліне байланысты. Оның әр жыл мезгілінің басында жергілікті
уақыт бойынша кешкі сағат сегізде Темірқазыққа қатысты орналасуы 2-суретте
көрсетілген. Бұдан аңғаратынымыз кешке Жетіқарақшы көктемде шығыста
"құйрығына қадала", жаз шыға төбеде төңкеріліп, күз келе "ернеуімен
шаншыла", ал қыс түсе солтүстік көкжиекте "жадағай" орналасады екен. Демек,
Жетіқарақшының аспанда орналасуын қадағалап, зерттеген адамға түнгі уақыт
пен жыл мезгілін анықтау еш қиын емес. Бұған дәлел ретінде ғалым астроном,
әрі қазақ халық астрономиясын жетік білген Хасен Әбішевтің "Аспан сыры"
атты кітабынан малшылардың жұлдызды аспанды суреттеуін келтірейік: "Біз
бұрын жылқы баққанбыз, сонда қай жұлдыз қай жерге барғанда таң ататынын
белгілеп аламыз. Жетіқарақшы - жеті жұлдыз; төртеуі алдында, үшеуі құйрыққа
ұқсап шұбатылып артында жүреді. Ол өзі бір
жерде тұрмайды, айнала жүріп отырады. Осы кезде (қыркүйектің аяғы)
іңірде батыс жақта, ал таңға жақындағанда төртеуі өрге шығады, үшеуі
төмен қарай астына түседі. Қыстыгүні таңғажақын төбеге келеді, жазғытұрым
іңірде шығыс жақжамбасқа таман еңкейеді. Наурызда Жетіқарақшы
Темірқазықтың үстіне шығып батысқа қарай өтіңкірегенде таң атады" (Оспан
Жақаев, Еңбекшіқазақ ауданы). "Күзде күн қысқарғанда биені 2-сурет
жусауында қосақтап, боз емшек қылып, сәскеге жеткізбей, күн шыға ауылға
әкеледі. Сонда үлкендер Жетіқарақшы маңдайға айналғанда биені қосақта -
дейді" (Қамза Әубәкіров, Қу ауданы). Міне, бұл үзінділерден малшылар
Жетіқарақшыны аспан сағаты ретінде қолдана білгенін аңғарамыз Үлкен Аю
шоқжұлдызының тек 20 жұлдызы ғана төртінші жұдыздық шамаға дейін едәуір
жарықтары да өзімізге таныс жеті жұддыз 1, 8 бен 2, 4 жұлдыздық шама
аралығында. Осы шоқжұлдыздың Үлкен Аю мен Жетіқарақшы және оның
жұлдыздарының аталу тарихтарына жоғарыда тоқтап өткенбіз. Оған қосарымыз
Айсыз тұнық аспанда осы шоқжұлдыздарға назар аударып қарасақ, оның солғын
жұлдыздарын да ескеріп, шынында да Аюға ұқсас пішін шығарып алуымызға
болады. Ал енді осы маңдағы басқа шоқжұлдыздарды қалай тауып алуға болар
екен соған тоқталайық. Алдымен аспаннан баршаға белгілі Жетіқарақшыны
тауып алып, оның "шөмішінің" ернеуіндегі екі жұлдызы (α мен β - сы)
арқылы түзу жүргізіп, осы екі жұлдызар асындағы кесіндіні сол түзу бойына
төрт рет салу керек. Осының арқасында біз дүниенің кіндігі маңында орын
тепкен едәуір жарық жұлдыз - Темірқазықты табамыз. Егер "шөміш
тұтқасындағы" екінші жұлдызды (Қыран қарақшыны немесе Мизарды)
Темірқазықпен қосып, оны ары созсақ, біз қазақ халқына Қарақұрт атымен
танымал Кассиопеяға (5) барып тірелеміз. Ас-трономияда орналасу орнына
байланысты Полюс (Поляр) жұлдызы деп аталатын Темірқазықтан Жетіқарақшының
тұтқасына қарай доғаша иілген солғын "Арқан" жұлдыздары олардан жарықтау
екі жұлдызбен шектелген. Пішіні ұзын сапты шөмішке ұқсайтын осы жеті
жұлдыз құралсыз көзге керінетін 20-шақты жұлдыздарды қамтитын Кіші Аю (2)
шоқжұлдызының негізі жұдыздары.
Альбрехт Дюрердің Үлкен Аю шоқжұлдызын суреттеуі. 1515ж.
Ол ежелгі грек аңызы бойынша Үлкен Аюға айналдырылған Каллистоның
қызметші қызы. Қазақтың Ақбозат (Р) және Көкбозат (у) деп атайтын
жұлдыздарының астрономиялық атаулары: Феркад пен Коухаб. Соңғысының атауы
арабтың "Коухаб әл-Шемали", яғни солтүстік жұлдызы деген сөзінен шыққан.
Ал Темірқазықтын тағы бір аты Киносура. Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат
пен Көкбозат және Қарақұрттың өзара орналасуы және
Үлкен Аю шоқжұлдызы. К. Рейссигтің суреттеуі бойынша. 1829ж.
оларды табу тәсілі 3-суретте бейнеленген. Кассиопеяның пішімі М немесе W
әрпіне ұқсас та, оған Қазақ халқының қойған аты оның қарақұртқа
ұқсастығынан шыққанын меңзейді. Кассиопея ежелгі грек аңызы бойынша Эфиопия
елінің ханшасы болса, әл-Бируниде ол әл-Курси — "тағы бар әйел" деп
белгіленіп, араб астрономы әс- Суфидің Копенгагенде сақталған
3-сурет
қолжазбасында тақта отырған ханша түрінде бейнеленген. Осы шоқжұлдыздың
жарық жұлдыздары α — Садыр (Шедар), β — Каф, δ-Рукба деп аталып, араб
тілінде "кеуде", "қол" және "тізе" деген ұғымды білдіреді. Жетіқарақшы мен
Кіші Аю аралығында басы трапеция пішінді, денесі ирелендей созылған Айдаһар
(3) шоқжұдызы орналасқан. Оның құрамына құралсыз көзге көрінетін 80 шақты
жұлдыз кіреді. Оның басындағы ең жарық (2-жұлдыздық шамадағы) γ жұлдызы
Аттинин, құйрығына таман орналасқаны Тубан деп аталады. Бұл екеуінің де
арабша мағынасы "айдаһар" деген сөз. Осылардың соңғысы қазақта Күзетші
жұлдызы екенін жоғарыда айтқанбыз. Айдаһар мен Кассиопея шоқжұлдызының
аралығында Цефей (Кефей) (4) орналасқан. Оның ең жарық бес жұлдызы шатыры
Темірқазыққа бағытталған үйшік тәрізді пішін құрайды. Грек аңыздары бойынша
Цефей Эфиопия патшасы, Кассиопеяның жұбайы, Әл-Бируниде ол Кифаус деп
аталған. Ол оны кейде мултахид — "оттай жанған" деп те атайды. Мұндағы
жарық жұлдыз α Цефейдің Әлдерамин аталуы арабтың аз-зира әл-йамин — "оң
қол" деген сөзінің латынша бұрмаланып айтылуынан шыққан. Кассиопея мен
Үлкен Аюдың "басы" аралығында Керік (6), онын нақ "тұмсығының" алдында
Сілеусін (21) шоқжұлдыздары орналасқан. Бұларда жарық жұлдыздар жоқ, оларды
тек Айсыз түндері ғана аңғаруға болады. Осы себептен болар осы маңдағы
көмескі жұлдыздарды қазақтар Қырық қарақшы деп атаған. Олай болса,
жоғарыдағы Жетіқарақшы осылардың барлаушылары болып шығады да, Қырық
қарақшы іске кірісудің ыңғайлы сәті — мырттай қараңғылықты күтіп, бұғып
тасада жатады. Поляк астрономы Ян Гевелий өзінің осы шоқжұлдызды Сілеусін
атауының себебін бұл жұлдыздарды көру үшін"сілеусіннің көзіндей қырағы көз
керек" деп түсіндіреді.
Күзгі аспан шоқжұлдыздары.
Жұлдызды аспанды түні бойы, әсіресе қысқы ұзақ түндерде қарастыратын
болсақ, онда Жердің берілген ендігінде көрінетін шоқжұлдыздардың баршасымен
танысуға болады. Бірақ біз бұл жолы тек күз айының басында кешкі мезгілде
көрінетін шоқжұлдыздармен танысамыз. Аспанның бұл көрінісі қолымыздағы
сағат бойынша (қысқы уақыт бойынша) Қыркүйектің бірінде кешкі тоғызда, он
бесінде кешкі сегізде, тағы сол сияқты әр он бес тәуліктен соң бір сағат
ертерек болып отырады. Күзгі аспан шоқжұлдыздарының аспанда орналасуы 4-
суретте көрсетілген. Ондағы алғашқы сурет аспанның солтүстік жағының,
соңғысы оңтүстік жағының көріністерін бейнелейді.
4,а-сурет
Сонымен, аспаннан алғашында Жетіқарақшыны тауып аламыз. Ол суреттегідей
бұл кезде Темірқазыктың сол жағын (батысын) ала орналаскан. Оның еңкейген
ернеуі осы мезгілдің жауынды екенін меңзейтін тәрізді. Ендігі сәтте
алдыңғы әңгімеде айтылған тәсілдер бойынша осы маңдағы батпайтын
шоқжұлдыздарды тауып алудың еш қиындығы болмайды. Олардың орналасулары 4-
суреттің алғашқысына сәйкес екендігіне де көз жеткізуге болады. Аспаннан
Қарақұртты тауып алып, назарымызды оның
4,б-сурет
астын ала оған қарай созыла орналасқан шоқжұлдызға аударайық.Бұл Персей (7)
шоқжұлдызы. Мұнда Айсыз түні 90 жұлдыз санап алуға болғанмен, олардың тек
11 —і ғана едәуір жарық 2- және3-жұлдыздық шамадағы жұлдыздар. Оларға
едәуір солғын жұлдыздарды да қоса қарастырсақ, екі қолы иілген адам
бейнесіне ұқсас пішін шығарып аламыз. Ежелгі аспан карталарында ол бір
қолына семсер, екінші қолына әйел жынысты құбыжық Горгонаның басын шашынан
ұстаған батыр түрінде бейнеленген. Әл-Бируни еңбектерінде бұл шоқжұлдыз
Баршаус — Птоломейдің Персей атауының арабша транскрипциясы және "Хамил рас
әл-гүл" — "Әл-гүлдің басын ұстаушы" деп айтылады. Пер-сейдің араб астрономы
әс-Су-фидің құрастырған жұлдыздық картасындағы бейнесі 5-суретте
келтірілген. Мұндағы Әл-гүл гректердің Горгона құбыжығының арабша айтылуы.
Осы сөз Персейдің β жұлдызының атауы ретінде қолданылады. Ал оның α жұлдызы
Мирфак — "шынтақ" деп аталады да, оның мәнісі ертеде арабтар осы жұлдызды 5-
сурет Үркердің шынтағы деп қарастыруынан шыққанын 5сурет
меңзейді. Енді Персейдің оң қолындағы Әл-гулден жоғарырақ шығыс
көкжиек үстінде доғаша иіле созылып жатқан едәуір жарық жұлдыздарға назар
аударалық. Бұл үш жұлдыз үлкен аумақты ортасында жұлдыз жоқ шаршы пішінді
төрт жарық жұлдызбен ұштасып жатыр. Осылардың алғашқылары Андромедаға (16),
соңғылары — шаршының үш жұлдызы Пегасқа (15) (Пыраққа) жатады. Андромеда
шоқжұлдызында 100-ге тарта жұлдыз бар болғанымен, олардың тек үшеуі ғана
екінші жұлдыздық шамадағы жарықтары. Көне карталарда Андромеда жартаска
шынжырлап байлаған қыз, ал Пегас қанатты аттың алдыңғы жағы ретінде
бейнеленген. Осы тұстағы төрт шоқжұлдыз гректің келесі бір аңызының
кейіпкерлері болып айтылады..." Ертеде шалғай оңтүстіктегі Эфиопия елінде
Цефей деген патшаның әйелі Кассиопея бірде өзін дүниедегі барлық әйелдер
тұрмақ су перілерінен де өткен сұлумын деп жария етеді. Мұны естіген су
перілері теңіз патшасына шағым жасайды. Мақтаншақ ханшаны жазалау үшін
теңіз патшасы Посейдон Эфиопияға үңірейген аузынан от шашқан теңіз құбыжығы
Жайынды жүмсайды. Адамдар мен жан-жануарларды жайпап елдің үрейін алған
құбыжықтан қалай құтылудың амалын ешкім таба алмайды. Жұлдызнамашының
жұлдыздарға қарап жоруы бойынша бұл үшін Цефей өз қызын Жайынға құрбан етуі
тиіс. Басқа лаж болмағандықтан, Андромеда Жайынның теңізден шығар жолында
жартасқа шынжырлап қойылады. Бірақ байғұс қыздың бақытына қарай осы кезде
Медуза атты Горгонаның басын шауып алып, оның басынан шыққан қанатты тұлпар
Пегаспен ұшып келе жатқан батыр Персей теңізден шығып келе жатқан Жайынды
көріп, онымен айқасқа шығады. Ол қоржынынан Медузаның басын шығарып Жайынға
көрсеткен кезде оның көзқарасынан теңіз құбыжығы тасқа айналады. X ғасырда
өмір сүрген араб астрономы әс-Суфи Андромеда шоқжұлдызында кіші-гірім
бұлт деп алғаш атап кеткен атақты Андромеда тұмандығы деп аталатын
галактика орналасқан. Ол Андромеданың β және Қарақұрттың α жұлдыздарының
аралығында, Андромеданың ν жұлдызының жанында, Айсыз түні көрер көзге тек
орталық нығыз, әрі жарық бөлігі ғана көрінеді. Пырақтың қалған жұлдыздары
"шаршының" оңтүстік жағын ала орналасқан. Бұл шоқжұлдызда Айсыз түні 100-ге
тарта жұлдыз санап шығуға болады. Олардың ең жарық бесеуі ғана үшінші
жүлдыздық шамадағылар болып табылады. Әл-Бируни бұл шоқжұлдызды Әл-Фәрәс әл-
муджанах "қанатты ат" деп атаған. Ал біздің Пырақ деуіміз Мұхамбет
пайғамбардың Алланың аспандағы тағының алдына баруда атқарған сапары
(мирадж) кезінде мінген қанатты жануары Бұрақ- "найзағайдай жедел"
атауынан шыққан. Мұсылман хикаясы бойынша бірде Мұхамбет пайғамбарға Мекке
мешітінің жанында ұйықтап жатқанда оған Жәбірейіл періште Бұрақпен келіп,
сапар шегуге ұсыныс етеді. Бұраққа ер салып, Мұхамбет пен Жәбірейіл
Иерусалимге аттанады. Бұрақ Иса пайғамбар креске керілген жер Морпа тауына
қонады. Мұнда Мұхамбет пайғамбар өзіне дейін болған пайғамбарлармен
(Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Иса т.б.) кездесіп, намазға қатысады. Бұлар осы
уақиғаға байланысты аспаннан түскен көрінеді. Сонан соң Бұрақты Иерусалимде
қалдырып, Мұхамбетпен Жәбірейіл жеті қат аспанға көтеріліп, ондағы Алланың
тағына келіп, Аллаға 99 мың сөз айтып әңгімелеседі. Осының бәрін тындырып,
Меккеге қайтып оралғанда, сапарының алдында тұрып кеткен төсегі әлі суып,
төңкерілген құмырасынан су әлі төгіліп үлгермеген екен. Пырақтағы жарық
жұлдыздар ежелгі карталарда екі алдыңғы аяқтары, басы, кеудесі мен
қанаттары бейнеленген аттың денесінде өрнектелген. Олардың атаулары да
қанатты тұлпарға байланысты. Мысалы, Әлгениб (γ) атауы "әл-жаннах" —
"қанат", Шеат (β) атауы "саад" — "қолдың қары" деген араб сөздерінің
бұрмалануынан. Маркаб (α) "ер" сөзінен шыққан. Және де Андромеданың α
-сінің Әл-Фәрәс немесе Сирах деп аталуы арабтың сирра әл-фәрәс "ат кіндігі"
деген сөзінен шыққан.
Ендігі кезекте біз қайтадан Жетіқарақшыға оралып, оның "құйрығының"
жалғасында орналасқан шоқжұлдыздармен танысамыз. Көзге бірден түсе кететін
жарық жұлдыз Жетіқарақшының құйрығындағы екі жұлдыз арқылы түзу жүргізіп,
оны оңтүстік батысқа созған тұста орналасқан. Аспанда жарықтығы бойынша
үшінші орын алатын бұл жұлдыздың атауы Арктур — гректің"арктос" — "аю" және
"урос" — күзетші деген сөзінен шыққан. Нөлінші жұлдыздық шамадағы осы
жұлдыз және одан жоғарыда шоқпар немесе парашютпен түсіп келе жатқан адам
бейнесін құрайтын едәуір жарық жұлдыздар Өгізші (12) шоқжұлдызына жатады.
Орта ғасырлық карталарда ол бір қолында таяғы, екінші қолында тазы иттерін
жетектеген малшы ретінде бейнеленген. Әл-Бирунидің жұлдыз тіркемінде ол
"саих"— "айқайлаушы" және авва —"ұлыйтын" деп аталған. Ал біздің Өгізші
атауымыз ежелгі гректің "бутес" — "өгіз бағушы" сөзінен алынып отыр. Мұнда
құралсыз көзге 90-ға тарта жұлдыз көрінеді де, олардың тек сегізі ғана
төртінші жұлдыздық шамаға дейінгі едәуір жарық. Өгізшінің сол жағын ала
жапырлаған майда жұлдыздардың доға тәрізді бейнесін түзетін бір топ әсем
жұлдыздар Солтүстік Тәж (37) шоқжұлдызына жатады. Бұлардың ең жарығының бір
аталуы Гемма грекше — "асыл тас"та, екінші атауы Әл-фәкка— арабтың
"жарлының тостағаны" деген ұғымын береді. Кезінде соңғы атау арабтарда осы
шоқжұлдыз атауы ретінде қолданылған да, кейін оның жарық жұлдызына ауысқан.
Осы бағыттағы, яғни Жетіқарақшының құйрығынан оңтүстікке қарай орналасқан
келесі шоқжұлдыз Геркулес (36). Бұл атау астрономияда тек он алтыншы
ғасырдан бері ғана қолданылады. Ол әл-Бируниде әл-Джаси, яғни "тізе бүккен"
деп аталған, ал көне карталарда бір тізесін бүккен адам ретінде
бейнеленген. Геркулес ең ірі шоқжұлдыздардың бірі де, онда 40-қа тарта
жұлдыздар қамтылған. Оның ең жарық жұлдыздарын түзулермен қоссақ, екі қолы,
кеудесі, екі аяғы бар адам бейнесі шыға келеді. Ең жарық жұлдыз α
Геркулестің Рас Элгете атауы арабтың "Рас әл-джаси" - "тізе бүккеннің басы"
деген сөзінің латынша бұрмаланып айтылуынан шыққан. Геркулестің шығысында
нақ төбе тұста тағы бір жарық жұлдыз көзге бірден түсе кетеді. Ол аспанда
жарықтығы бойынша төртінші орындағы Лир (11) шоқжұлдызының Вега атты
жұлдызы, Лира грек аңыздарының кейіпкері Орфейдің музыкалық аспабы. Ал Вега
арабтың ан-наср әл-Ваки — құлдыраушы бүркіт деген сөзінен шыққан. Осы екі
ұғымның нәтижесінде орта ғасырлық аспан карталарында осы шоқжұлдыз
кеудесінде музыкалық аспап бейнеленген қаршыға ретінде суреттелген. Ал
қазақ халқының ұғымында әл-Ваки Темірқазыққа арқандаулы екі арғымақтың
бірінің иесі Ағласон батыр. Лираның шығыс тұсында күзгі аспанның ең тамаша
шоқжұлдыздарының бірі Аққу (13) орналасқан. Оның пішіні бір қарағанда айқыш
(крест) тәрізді. Ал оған көз тіге бар назарымызды салсақ, Құсжолын бойлай
солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай қанатын жая самғап ұшып бара
жатқан құс төресі аққу бейнесін аңғара аламыз. Бұл шоқжұлдыз да Айсыз тынық
түні 150-ге тарта жұлдыз санай аламыз. Олар-дың 15-і едәуір жарық. Аққудың
құйрығында оның ең жарық жұлдызы орналасқан. Оның Денеб деген атауы арабтың
"занаб"— "құйрық" деген сөзінен, ал δ жұлдызының атауы Дженах арабтың
"жиенар"-"қанат" сөзінен шықса, β жұлдызының Әлбирео аталуы гректің аққу
сөзінің арабша айтылуына байланысты шыққан. Сонымен біз Жетіқарақшыдан
бастап, қайыра Пыраққа келдік. Ендігі сәтте өзіміз танысқан шоқжұлдыздардың
астын ала аспанның оңтүстігінде орын тепкен шоқжұлдыздармен танысалық.
Пырақтың алдын ала оның батыс тұсында және Аққу, Лира мен Геркулестің
оңтүстігінде Бүркіт, Жылан және Жылан бөктерген шоқжұлдыздары орналасқан.
Бүркіт (31) — Құсжолының ең әсем тұсында. Оның сүттей аппақ келбетінде
едәуір жарық сегіз жұлдыз бірден көзге түседі. Олардың құратын пішінінен,
шынында да, бүркітке ұқсас бейне шығарып алуға болады. Жалпы мұнда адам
көзінің көру шегінде байқалатын 70-ке тарта жұлдыз бар. Бұл шоқжұлдыздың ең
жарық жұлдызының Әлтаир аталуы арабтың ән-наср эт-таир —"самғаған бүркіт"
деген сөзінен шыққан. Байқағандай аспанның осы тұсында үш бірдей құс бар
екен. Осы үш шоқжұлдыздың ең жарық жұлдыздары үлкен үшбұрыш құра
орналасқан. Оны астрономияда кейде "жазғы үшбұрыш" деп те атайды. Себебі
олар жазғы және күзгі аспанның көзге бірден шалына кететін жарық
жұлдыздары. Осы үшбұрыштың шығысында (солжағында) - Түлкі Күшік, Дельфин,
Кіші Ат және ішінде Садақ атты шағын шоқжұлдыздар орналасқан. Түлкі Күшік
(35) шоқжұлдызының аспанда "пайда" болуына себепкер поляк астрономы Ян
Гевелий. Ол Аспандағы шоқжұлдыздар құрамына кірмеген бос орындарға ен
тағып, өзінің Түлкіні Бүркіт маңында орналастыруын былайша түсіндіреді:
Түлкі — қу хайуан, бүркіт сияқты қатаң да ашқарақ". Гевелийдің 1690 жылы
жарық көрген картасында оның аузына тістеген олжасы — қырғауылмен
бейнеленген. Мұнда тек 5-6 жұлдыздық шамадағы жұлдыздар ғана бар. Олардың
ұзын саны 46. Дельфин (33) шоқжұлдызы кіші-гірім ромб бейнелі төрт солғын
жұлдыздардан тұрады. Отызға тарта жұлдыздардың тек үшеуі ғана төртінші
жұлдыздық шамадағы ең жарықтары. Кіші Ат (32) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz