Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Қазақсатан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-педагогикалық факульт еті
Биология және ОӘ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің
түрлері
Орындаған: 5B011300 -
Биология мамандығының
IIкурс студенті:Ақтай. Н.Р
Тексерген: Биология
кафедрасының биология
магистрі, аға оқытушы Шакиржанова И.С
Көкшетау 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 Негізгі бөлім
1.1 Қызыл кітап туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4 1.2 Қазақстанның Қызыл
кітабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Көкшетау өңірінің
кемірушілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8 1.4 Кемірушілер
отряды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .9 1.5 Тиіндер тұқымдасы
(Sсіuridае) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11 1.6 Қаптесертектестер
тұқымдасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.7 Қосаяқтар тұқымдасы (
Dipodidae) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.8 Аламандар тұқымдасы
(Cricetidae) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
1.9 Мензбир суыры (Marmota menzbieri)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.10 Құндыз ( Castor fiber ) ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1.11Сабаншы ( Otocolobus
manul немесе Felis manul) ... ... ... ... ... ... ... . ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Кіріспе
Жұмыс өзектілігі. Кемірушілер сүт қоректілердін, ішіндегі өте көп және
кеңінен тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңға жуық түрі
бар, жер шарының барлық бөліміне тараған организмдер. Дене мөлшеріне қарай
ұсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін
жануарлар. Осыған байланысты тісінің құрылысында өзгешіліктері болады.
Шошақ тісі болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек
тістері мен шөпті тістеп жұлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар
тұқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бұдырлы болады. Күрек
тістерінің, кейбір түрлерінде азу тісте-рінің де түбірі болмайды. Сондықтан
тістері өмір бойы өсіп отырады. Қатты өсімдік тектес азықтармен
қоректенуік байланысты ішегі өте ұзын және барлығында да бүйен болады,
Корегінің көпшілігі шөп немесе ағаш қабықтары болатындарының (қояндардың)
бүйені ұзын болады да, ал дәндермен қоректенетіндерінің (тышқандардың)
бүйені қысқа болады.Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына
байланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады.Кемірушілердің ішінде жер
бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері
бар.Кемірушілердің көпшілігінің терісі құнды болады. Сондықтан олардың
кәсіптік маңызы үлкен. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің
зиянкестері болып есептеледі. Енді біреулері адамға қауіпті аурулар (оба)
таратады. Кемірушілер отрядына көптеген тұқымдастар және түрлер жатады [1].
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітабына енген кемірушілердің
ерекшеліктерін сипаттау, табиғаттағы маңызын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Кемірушілердің түрлерімен танысу.
2. Кемірушілердің таралу аймағын анықтау.
Негізгі бөлім
1.1 Қызыл кітап туралы түсінік
Қызыл кітап – халықаралық табиғат одағының Қызыл кітабы -
халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға
азайып, не жойылып бара жатқан түрлер енгізіледі. Сондықтан да айрықша
қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.
Жануарларды Халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі XX ғасырдың бас кезінде
қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың
Халықаралық конференциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан
Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау
одағының (ХТҚО) Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның
бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томында құстардың 312
түрі туралы деректер берілді.
Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4
категорияға топтастырылды. 1966-1971 ж.ж. Қызыл кітапқа тіркелген түрлер
туралы мәліметтер қайта толықтырылып, екінші басылымы 1972 жылы 3 басылымда
жарияланды. 1978-1980 ж.ж. төрт басылымы бес том болып жарық көрді. Оның
бірінші томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79
түр тармағы, екінші томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, үшінші
томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі,
төртінші том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал бесінші томы
жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980
жылдары бұрынғы томдар негізінде Қызыл кітап қайта шыға бастады. 1983
жылы шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген.
Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде
қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы
Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97 түрі, құстардың 37 түрі
дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген.
Жануарлар немесе өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің аталған, Қызыл
кітабына енуі ең беделді халықаралық табиғат қорғау мекемесінің бұл
түрлерді күнбе-күн қамқорлыққа алу керектігін мойындағанының белгісі болып
саналады. Бұл халықаралық Қызыл кітапқа тіркелген түр мекендейтін әрбір
табиғаттың осы бір қазынасын сақтап қалуда адамзат алдында рухани жағынан
жауапты [1].
1.2 Қазақстаның Қызыл кітабы.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан
бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының
міндеті болудан қалды, себебі әрбір биологиялық түрді жоғалту тек
адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар
қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне, адамзат баласының
толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен конференцияда
дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған
биологиялық әртүрлілік туралы конференцияның қабылдануы дәлел.
Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында
бекітіліп, осы жылдың аяғында оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші
бөлімі жарық көрді. Бұл кітапты шығару үшін 1991 жылғы басылым негіз болды.
Бірақ төрт жылда жануарлар дүниесінде де және ол жайындағы біздің
хабарымызда елеулі өзгергені соншама, оларды есепке алмаса барып тұрған
қиянат еді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жасалған және Республика аумағында сирек кездесетін, саны азайып
келе жатқан әрі құрып кету қатері төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер
түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтерді, оларды зерттеу, қорғау, өсімін
молайту және ұтымды пайдалану жөніндегі қажетті шарлардың жиынтығы бар
негізгі құжат болып саналады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мемлекеттік кадастрының
құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына
Қазақстан Республикасының аумағында құрғақта, суда, ауа мен жер қыртысында
еркін жағдайда тұрақты және уақытша мекендейтін жануарлар (сүтқоректілер,
құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, сондай-ақ
ұлутектілер, жәндіктер және басқалары) мен өсімдіктердің түрлері
(түршелері, популяциялары) тіркеледі. Саны мен тіршілік жағдайы олардың
тектік қорының молаюы мен сақталуына қатер төндірмейтін шекке жеткен
жануарлар мен өсімдіктер түрлері (түршелері, популяциялары) Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына шығарылуы жатады. Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында ерекше қорғауға алынады. Қазақстан
Республикасының заңдарына көзделгеннен басқа жағдайда, бұл түрлері аулауға
бүкіл республика аумағында тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен
өсімдіктер түрлерінің жойылып кетуіне, сандарының азаюына және тіршілік
ететін ортасының нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол бермейді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жануарлар мен өсімдіктер сол
немесе өзге түрін енгізуге және оның мәртебесін айқындауға санының қипасыз
азаюы, таралу аймақтырының қысқаруы, тіршілік ету жағдайының қолайсыз
өзгеруі туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шұғыл
шаралар қолданудың қажеттігі туралы дәлел келтіретін кез-келген басқа да
деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау
одағының тізіміне (ХТҚО-ның Қызыл кітабы) енген сирек кездесетін және
жоғалып кету қаупі бар жануарлардың түрлері Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізілді [2].
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар мен
өсімдіктерді құрту арқылы немесе олардың тіршілік ететін орындарының көбеюі
және қоныс аудару жағдайын бұзу арқылы елдің табиғат байлықтарына зиян
келтірген кінәлі кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар белгіленген
тәртіппен орын толтырады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген заңсыз ауланған
жануарлар мен жиналған өсімдіктер және олардан жасалған өнімдер белгіленген
тәртіппен қайтарып алынады, ал бұзылған табиғи орта тікелей кінәлылардың
есебінен қалпына келтіріледі.
Қазақстанның Қызыл кітабы табиғат қорғаудың негізгі іргетасы,
экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қызыл кітаптың соңғы басылымында тіркелген әрбір жануар қазіргі
кездегі санының жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған
бес категорияның біріне жатқызылады.
І категория. Жойылып бара жатқандар: Жоғалып кету қаупі бар түрлер
мен түршелер, соның ішінде жойылып кеткендер болуы мүмкін, себебі олар
туралы бірнеше жылдар – 50 жылдан астам уақыт – бойына ешқандай деректер
жоқ.
ІІ категория. Саны азайып бара жатқандар: Саны әлі де болса
салыстырмалы түрде жоғары, бірақ өте күрт төмендеп, жақын арада жойылып
кетушілер категориясына қосылатын түрлер.
ІІІ категория. Сирек кездесетіндер: Қазіргі кезде жойылып кету қаупі
жоқ, бірақ өте аз кездесетін немесе территориялы шектеліп, табиғи және адам
қызметінің әсерінен тіршілік ортасының қолайсыз өзгеру нәтижесінде жойылып
кететін түрлер.
IV категория. Белгісіздер: Тіршілігі толық зерттелмеген, ал саны мен
популяция жағдайы алаңдатушылық тудыратын, бірақ мәліметтердің
жетіспейтіндігінен оларды жоғарыда айтылған категорияларға жатқызуға
болмайтын түрлер.
V категория. Қалпына келгендер: Қорғау жұмыстарын қолға алу
нәтижесінде енді қауіп туғызбайтын, бірақ оларды кәсіптік пайдалануға
болмайтын және популяциялары тұрақты бақылауды қажет ететін түрлер.
1.3 Көкшетау өңірінің кемірушілері
Көкшетау – қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған
шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды.
Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай
Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау,
Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді
таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай,
Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл,
Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз,
Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер
орналасқан. Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы
ұзақ және аязды. Жылдық орташа температура 0С шамасында. Жылдық жауын-
шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында
жауады.
Көкшетау қаласынан 60 км жерде Көкшетау ұлттық табиғи саябағы
орналасқан. Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі.
табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен
жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді.
Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ
қоян, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш
құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай,
жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан
қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті
қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Ал
кемірушілерден Тиінтектестер тұқымдасының, қаптесертектестер тұқымдасының,
қосаяқтар мен аламандар тұқымдасының өкілдері мекен етеді.
1.4 Кемірушілер отряды
Кемірушілер (лат. Rodentia) – сүтқоректілер класының ең көп
тараған отряды. Қазір олардың дүние жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 2500-дей,
ал Қазақстанда 15 тұқымдастың (ұшарлар, тиінтәрізділер, құндыздар,
жайралар, саз құндыздары, қарақастар, жалмандар, тышқандар,
жалғанқосаяқтар, қосаяқтар, алып көртышқандар, атжалмантәрізділер,
бұзаубастар, құмтышқандар, қаптесерлер) 82 түрі кездеседі. Кеміргіштер
республиканың барлық аймақтарында кең тараған, тек таудағы мәңгі мұз басқан
жерлерде ғана кездеспейді. Осыған орай кеміргіштерде маусымдық түлеу
қабілеті жақсы жетілген. Дене пішіні, тіршілігі алуан түрлі – 5 см-ден
(кішкене қаптесер) 130 см-ге (теңіз доңызы) дейін, ал салмағы 6 г-нан
(ергежейлі тышқан) 8 кг-ға (су шошқасы) жетеді. Тері жамылғысы жақсы
жетілген, көпшілігінде үлпілдек, кейбіреулерінде тікен тәрізді инелерге
(жайра) айналған. Алдыңғы аяқтары 5 не 4 башпайлы, артқысы 3 – 5 башпайлы.
Басқа сүтқоректілерден ерекшелігі – екі жұп күрек тістері өте үлкен, қашау
тәрізді, ұдайы өсіп, бір-бірімен (асты мен үсті) қайралып, өткірленіп
отырады. Күрек тістерінің беткі қабаты қатты эмаль, ал қалған бөлімдері
жұмсақтау дентин қабатымен қапталған. Тісінің формуласы: І
Көпшілігі жер үстінде, кейбіреулері жартылай суда (құндыз, ондатр,
саз құндызы, су тышқаны), жер астында (алып көртышқан, соқыртышқан, т.б.)
және ағаш діңінде (ұшар, тиін) тіршілік етеді. Өздері ін қазады, не басқа
жануарлардың індерін пайдаланады, ұя да жасайды, кейде ағаш қуыстарын да
баспана ретінде пайдалана береді. Көпшілігі жыл бойы белсенді, кейбір
түрлері (сарышұнақтар) құрғақшылық жылдары жаз айларында да қысқа мерзімді
ұйқыға, енді біреулері (суыр, сарышұнақ, қосаяқ, қарақас) қысқы ұйқыға
кетеді. Өсімдік тектес азықпен қоректенеді, араларында жәндіктер және майда
жануарларды қорек ететіндері де бар. Кейбір кеміргіштер қысқы азық қорын
жинайды (борша тышқан, аламан, атжалман, қарақас, тиін, т.б.).
Кеміргіштердің биологиялық бір ерекшелігі — жыныстық жағынан тез
жетілетіндігі (майдалары 2-3 айда, ірілері 1-2 жылда), яғни жылына 3 – 4
рет көбейіп, бір өсімде 3-15 жас кеміргіштер туады. Қолайлы жылдары
кеміргіштер саны өте жылдам өссе (10-100 есе), кей жылдары әр түрлі
індеттерден жаппай қырылатын кездері де байқалады. Майда кеміргіштер 1,5-2
жыл, ірілері (суырлар, құндыз) 4-7 жыл тіршілік етеді. Кеміргіштердің
табиғатта және адам өмірінде алатын орны өте үлкен. Көптеген түрлері ін
қазып топырақ құнарлылығын арттыруға және өсімдік жамылғысын өзгертуге
қатысады; шаруашылық мәні зор: тиін, ондатр, суыр, құндыз, т.б. жұмсақ
терісі үшін көп ауланады; егістікке, жеміс ағаштарына, жайылымға, орман
өсімдіктеріне, азық-түлік қорына көп зиян келтіреді; құмтышқан, суыр,
сарышұнақ, егеуқұйрықтар оба, туляремия, лейшманиоз, лептоспироз сияқты
табиғи ошақты ауруларды айналаға таратады.
Қазақстанда кеміргіштердің 10 түрі (көк суыр, үнді жайрасы, жалман,
бесбармақты ергежейлі қосаяқ, Гептнер ергежейлі қосаяғы, үшбармақты
ергежейлі қосаяқ, бозтүсті ергежейлі қосаяқ, алып көртышқан, Роборовский
атжалманы, сары алақоржын) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Кемірушілердің систематикасы
Сыртқы систематика. Осы уақытқа дейін кемірушілерді қоянтектестермен
бірге Glires деген отрядқа біріктірген. Бұл концепттен біржол бас
тартқаннан кейін, қазіргі уақытта осы классификацияны қолдайтын биологтар
шыға бастады. Кейбіреулері кемірушілерді секіргіштер отрядымен де
біріктіруді құптайды. Бірақ та бұндай ойлар көп дау туғызады.
Ішкі систематика. Дәстүрлі жіктеу бойынша кемірушілер үш отрядастына
бөлінеді: Тиінтәрізділер, Тышқантектестер және Жайратектестер отрядасты.
Бірақ соңғы кезде кемірушілер отрядының систематикасы әлдеқайда күрделі
екені байқалады.
Тиінтәрізділер отрядасты (Sciuromorpha)
Аплодонт (Aplodontiidae)
Тиіндер тұқымдасы (Sciuridae), сонымен қатар тиін (Sciurus)
жәнесуыр (Marmota)
Құндызтәрізділер отрядасты (Castorimorpha)
Құндыздар тұқымдасы (Castoridae)
Гофер тұқымдасы (Geomyidae)
Тышқантектестер
Жайратәрізділер отрядасты (Hystricomorpha)
Агути тұқымдасы (Dasyproctidae)
Пакаран тұқымдасы (Dinomyidae)
Сегізтістілер тұқымдасы (Octodontidae)
Шиншиллалар тұқымдасы (Chinchillidae)
Жайралар тұқымдасы (Hystricidae)
Жерқазушылар тұқымдасы (Bathyergidae)
Тышқантәрізділер тұқымдасы (Myomorpha)
Қосаяқтар тұқымдасы (Dipodidae)
Тышқандар тұқымдасы (Muridae)
Тышқантәрізді атжалмандар тұқымдасы (Calomyscidae)
Аламандар тұқымдасы (Cricetidae)
1.5 Тиіндер тұқымдасы (Sсіuridае)
Тиінтектестер тұқымдасы (Sсіuridае) Австралия мен Антарктидадан басқа
барлық материктерде тараған 288 түрді біріктіреді. Тиінтектестердің қазба
қалдығы солтүстік жарты шардың олигоцен қабатынан белгілі. Дене тұрқы 6 см-
ден (тышқантәрізді тиін) 60 см-ге (суыр) жетеді. Тері жамылғысы қалың әрі
жұмсақ несе сирек, қылшықтәрізді (жер тиіндері). Көздері үлкен. Артқы
аяқтары алдыңғыларына қарағанда 2 есеге жуық ұзын. Алдыңғы аяқтарында 4-5,
артқыларында 5 саусақ болады. Аяқтарындағы 4-ші саусағы ең ұзыны. Құйрығын
түк басқан. Ұрт тістері брахиодонтты немесе гипселодонтты типті, түбірі
бар. Әртүрлі ландшафттарда мекендейді. Негізінен күндіз белсенді.Қорегі
өсімдіктектес азықтар, кейде наскомдар мен майда омыртқалылар. Кейбір
түрлері ұйқыға кетеді. 1-ден 15-ке дейін жалаңаш және соқыр ұрпақ туады.
Жеке, кейде шоғыр құрып тіршілік етеді. Қазақстанда 13 түрі мекендейді.
Тиіндер тұқымдасына жататын саршұнақтар мен суырлардың да көптеген
түрлері жер бетінде тіршілік етеді. Бұған жататын түрлердің көпшілігі
індерде бірнешеуі бірігіп, топтанып көбінесе далалы және таулы жерлерде
мекендейді. Бұлардың тиіндерден айырмашылығы — жылына бір-ақ рет көбейеді.
Олар шөптермен және астықтардың дәнімен қоректенеді. Сондықтан да бұлардың
көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Сондықтан оларға қарсы аяусыз
күрес жүргізіледі. Сонымен қатар саршұнақтар мен суырлар адамдарға оба және
басқа жр,палы ауруларды жұқтырады. Қысқы ұйқыға қоректік шөптері қурап
кеткен жылдары жаздың ішінде де жата береді. Заволжье, Қазақстан даласында
және Орта Азия жартылай шөлді даласында мекендейтін сары саршұнақтың
(Сіtеllиs fulvиs) қысқы ұйқысы ерекше ұзын болады. Сары саршұнақтар егістік
жерлерден қашығырақ мекендейді, сондықтан ауыл шаруашылығының қауіпті
зиянкесі болып саналмайды. Жыл бойына төрт ай ғана активті тіршілік етеді.
Саршұнақтардың терісі басқа өкілдерінін, терісіне қарағанда өте құнды және
сапалы болады.
Тиіндер (лат. Sciurus vulgaris)
Тиіндер (лат. Sciurus) — тиінтәрізділер тұқымдасының бір туысы.
Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін 40-тан
астам түрі белгілі. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік
аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының қарағайлы ормандарын
мекендейтін 1 түрі – кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) бар. Оның тұрқы 16 –
28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді,
құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына
кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ
қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір
жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды. 2 жаста
жыныстық жағынан жетіліп, ақпан – наурыз айларында ұйығады. Жылына 2 рет
(әр жолы 3 – 10) балалайды. Тиіндер терісі үшін ауланады[2].
1- сурет. Тиіндер (лат. Sciurus vulgaris)
Сарышұнақтар (лат. Spermophilus)
Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, тиіндер
тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл, шөлейтті
аудандарды мекендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты сарышұнақ, үлкен
сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, кіші сарышұнақ және реликт сарышұнақ) бар.
Бұлардың тұрқы 14-40 см, құйрығының ұз. 4-25 см, салм. 100-150 г. Жалпы
түсі — сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың. Құлақ
қалқаны кішкентай, көзі үлкен, алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан
қысқалау, артқы аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында да, сол
жағында да 5 азу тісі, төм. жағында 4 азу тісі болады. Тіршілік әрекеті
көбінесе күндіз басталады, ін қазады. Жылына 6-9 ай ұйықтайды. Шөптесін
өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден
14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5-6 жыл тіршілік етеді. Сарышұнақ — дәнді
дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын таратады. Сарышұнақтың кәсіптік
маңызы бар, терісі бағалы түрі – зорман [3].
2 - сурет. Сарышұнақтар (лат. Spermophilus)
Суырлар (лат.Marmota)
Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер
тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қазақстанның орманды даласында, шөлді
жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры (Marmota
bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata)
және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30-60 см, құйрығының
ұзындығы 10-25 см, салмағы 3-8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде
қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін
жолдары 8 м-дей, бірнеше (1-6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік
етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына
бір рет наурыз – сәуір айларында көбейіп, 15-20 жыл тіршілік етеді. Дала
суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен
бас киім, сырт киім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz