Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесі


Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын
оқыту әдістемесі
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. 1 Бейорганикалық қосылыстарды оқытудың негізгі әдістері
1. 2 Модульді жүйе бойынша оқыту
1. 3 Ойын әдістері
Ғарыштық сайыс ойыны
Брейн ринг ойыны
Химиялық лото
1. 4 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы
генетикалық байланыс тақырыбы бойынша химиялық турнир
1. 5 Бейорганикалық қосылыстарды деңгейлеп оқыту әдісі
1. 6 Тест
Қортынды
Кіріспе
Бейорганикалық қосылыстар 300 000 асады. Осындай толып жатқан бейорганикалық қосылыстарды жеке- жеке зерттеу мүмкін емес, сондықтан олрды ұқсас қасиеттеріне қарай топтарға (кластарға) біріктіріп оқиды.
Жай заттар көп емес, олар аллотропиялық түр - өзгерістерді қосып есептегенде 500- дің маңайында болады.
Барлық бейорганикалық күрделі заттар өздерінің құрылысы мен жалпы ұқсас қасиеттеріне қарай 4 негізгі кластарға бөлінеді., бұлар: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар деп аталады. Сонымен бейорганикалық химияны оқығанда кездесетін 300 мыңнан астам химиялық заттардың қай - қайсысы болса да жоғарыда аталған бейорганикалық қосылыстардың негізгі 4 кластарының әйтеуір біреуіне жатады.
Енді оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар кластарын осы ретпен жеке - жеке қарастырайық. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесін қолдана білуге үйрету.
1. 1 БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЛАСТАРЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Миллиондаған қосылыстарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Бұлар туралы оқу материалы зат және химиялык реакция жөніндегі алғашқы ұғымдарды тереңдетіп, одан әрі дамытады.
Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіре әсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен және басқа заттармен жұмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.
Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.
Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі, білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайда-ланады.
Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.
Оқушылардың химиялык тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардың құрамы мен қасиеттері тұрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттілік, химиялық формулалар және теңдеулер құрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.
Заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тәсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, бір-бірімен шарттастығы, құрамы мен қасиеттеріндегі қайшылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми көзқарастар қалыптасады.
Оқу-тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едәуір мол орын беріліп келеді.
1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-класта басталып 8-класта аяқталды. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылды. VII класта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалды. Бұл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге және қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мұның кемшілігі оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.
1953-1962 жылдары Д. М. Кирюшкиннің VII класқа арналған оқулығында алдымен негіздер, қышқылдар содан соң оксидтер және тұздар оқылатын болды. Өйткені оксидтердің химиялық қасиеттері қышқылдарға және негіздерге қатынасы арқылы ғана берілуі мүмкін.
1970 жылдардың соңында химия бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізілді. Бейорганикалық қосылыстар VII класта жеке тақырып ретінде оқытылмайтын болды. Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегі тақырыбына, қышқылдар мен тұздар туралы мәліметтер сутегі тақырыбына, негіздер су тақырыбына көшірілді. Олар туралы білім VIII класта қорытылып бір жүйеге түсірілді. Ең соңғы жаңартылған бағдарламада білімді қорытындылау VII класқа ауыстырылды.
Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом-молекулалық ілімнің сатысында қалып отырды. Алмасу реакцияларының ақырына дейін жүру жағдайларын, иондық механизмін қарастыру мүмкін болмады.
Орта мектептегі бейорганикалық химияның мазмұны мен құрылымын түбірлі өзгерткен Н. С. Ахметов және Л. М. Қузнецова оқулығында бейорганикалық қосылыстарды оқып үйренудің атом-молекулалық деңгейі және жеке тақырып түріндегі деректі материалдары шығып қалды. VII класта «Химияның алғашқы ұғымдары», «Атомның құрылысы» тақырыптарынан кейін «Химиялық айналулар» «Заттарды жіктеу» тақырыбында қышқылдар, негіздер және тұздардың химиялық реакциялары электрон - иондық тұрғыдан қарастырылады.
1. 2 МОДУЛЬДІ ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Сабақ тақырыбы заман талаптарына сай жаңарып отырса, оқушыларға оның әсері ерекше болады. осы орайда оқыту үрдісінің жаға технологияларының бірі - модулді оқытуды өз тәжірибемде пайдаланудамын, ол өзінің тиімділігін көрсетіде. Модулді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды қамтыуға, олардың біліміндегі олқылықтарды дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар сабақ үстінде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Мұғалімнің басқаруымен олар бір - біріне көмектесіп, ортақ тапсырмсалар орындайды, ортақ есептер шығарады, топтық зертханалық тәжірибелер жасайды. Мұндағы негізгі мәселе - оқушының өзіне деген сенімін тудыру, өзін - өзі басқаруға ұмтылдыру, өзін - өзі сыйлауға, құрметтеуге ынталандыру.
Осыған орай 8- сыныпта «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі мағлұматтарды жинақтап қорытындылау» тарауын модулді жүйемен оқытудың жоспарын құрдым.
- Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздардың жіктелуі, құрамы аталуы.
- Оксидтердің химиялық қасиеттері.
- Қышқылдардың химиялық қасиеттері.
- Негіздердің химиялық қасиеттері
- Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар арасындағы генетикалық байланыс.
Жалпы модулдеу жүйесі бойынша өтілген сабақтарға мынадай мақсат қойылды:
Білімділік. Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары жөніндегі білімдерін жүйелеп, тереңдету, қортындылау.
Дамытушылық. Химиялық тәжірибелер жасай отырып, заттарды бір - бірінен ажырата білу, химиялық формуласын құрастыру, теңдеу құру, бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты игеру біліктерін дамыту.
Тәрбиелік. Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Бірінші сабақта оқушылар сабақтың тақырыбымен, оның мақсатымен, сабақта пайдаланатын оқытудың модулдік жүйесінің құрылымымен (оған ену, одан шығу жолдары) және әр сабақта пайдаланатын әдіс - тәсіл түрлерімен (сабақ түрі - ойын, тест, сынақ) таныстырылады.
Кіріспе бөлімінде берілетін білім дәріс сабағының жоспары бойынша оқушыларды қатыстыра отырып, тірек - сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздардың жіктелуі, құрамы, аталуы
№і тірек-сызба арқылы оқушылар белгші жіктеуді (. анықтамасы, құрамы, аталуы) қайталайды (металдар жөне оның қосылыстары көк түспен, ал бейме-талдар және оның қосылыстары қызылмен беріледі) . Әр түрлі класс өкілдері арасындағы генетикалық байланысты түсіну үшін жинақтаушы тағы бір тірек-сызба құрастыруға болады. Ол тірек-сызба алғашқы сабақтардан бастап біртіндеп құрастырылып, соңғы сабақта толық құрастырылып бітеді. Оны әр мүғалім өз ізденісіне, оқушыларының қабылдау деңгейіне байланысты өр түрлі құрастыруга мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл сызбаны мақалада қысқартып отырмыз. Бұнда оқушылар білімі белгілі бір жүйеге келтіріледі. Тірек-сызбаны пайдаланып оқушылар металдар мен бейметалдардың генетикалық қатарын салыстырып, ұқсастығын табады.
а) қатардың құрамы бойынша (жай зат, оксид, гидроксид, тұз) ;
ө) химиялық реакция бойынша бір қатардан екіншіге өтуді қамтамасыз ететін (қосылу, алмасу, орынбасу роакциялары) айырмашылығын анықтайды;
б) химиялық элемент бойынша (металл, бейметалл) ;
в) сөйкес оксидтер, гидроксидтердің қасиеттері бойынша.
№№2, 3, 4 тірек-сызбалар арқылы оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар-дың алыну өдістері мен химиялық қасиеттері түсіндіріледі (қажетті зертханалық тәжірибелер демонстрацияланады) .
Осы тірек-сызбалар арқылы сабақты оқушыларға түсіндіргенде бейорга-никалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланысқа көбірск назар аударылады.
Сабақтың соңында төмендегі жалпы жұмыстарды оқушыларға орында-тып, оның жауабын талдау арқылы тақырыпты бекітуге болады.
1-тапсырма. Төмендегі берілген формулалардан оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздарды бөліп, оларды атаңыздар.
НСІ, К, О, NаОH, Са(ОН) 2 , К 2 СО 3 НNО 3 , Ғе(ОН) 2 , SO 2 , Н 2 SO 4 , Ғе 2 О 3 ,
МgS0 4 , ҒеSO 4 .Одан мына сұрақтарға жауап іздейміз.
- Неліктен К20, SO2, Ғе2О3, заттарын оксидтерге жатқыздыңыздар?
- Б ерілген қышқылдар, негіздер, тұздар құрамында қандай ұқсастық бар?
- Қышқыл мен тұз, негіз бен тұз құрамында қандай айырмашылық бар?
- Қандай жағдайда берілген қосылыстарда жақша ішінде рим цифры көрсетіледі?
Оқушылар оқулықты пайдалана отырып жауап береді.
2 - тапсырма. Мына заттардың формулаларын құрастырып, тиісті кластарға бөліңіздер, мыс (ІІ) хлориді, мгний гидроксиді, күкіртті қышқыл, күкірт (VІІ) оксиді, натрий сульфаты, кальций оксиді, ортофосфор қышқылы, темір (ІІІ) гидроксиді.
3-тапсырма. Оқушылар жазбаша жұмыстан кейін өздері жазған заттарды көзбен көргені дұрыс.
Тәжірибе көрсетілетін үстел үстіндегі ыдыстағы заттарды кластарға бөліп қойыңыздар. (4 окушы шығып оксидтерді, негіздерді, қышқылдарды, тұздарды бөліп қояды, формуласын, атын айтады. )
4-тапсырма. Барий металл екенін біле отырып, оның қосылыстарының генетикалық қатарын құрыңыздар, атын атап, заттардың қай класқа жататынын анықтаңыздар:
Ме →МеО → Ме(ОН) 2 →МеSО 4
Ва →ВаО →Ва(ОН) 2 →ВаSО 4
5-тапсырма. Төмендегі заттар арасынан фосфордың генетикалық қатарын құрайтын заттар формуласын тауып, бөлек жазыңыздар:
Nа, Н 2 SО 4 , Р 2 О 5 , РbС1 2 , S, Н 3 РО 4 , РbО, КОН, Р, Na 3 РО 4 ,
Фосфордың генетикалық қатарын құрып, заттарды атаңыз, класын анық-таңыздар.
Модулді жүйемен оқытудың бір ғана кіріспе бөліміндегі дәріс сабағының үлгісі көрсетілді. Дәріс барысыңда және сабақты қорытындылауда орындала-тын тапсырмалар оқушылардың танымдық, есте сақтау, ойлау қабілетін арт-тырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
1. 3 Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары тақырыбы бойынша ойын сабағы.
Тақырыбы: Ғарыштық сайыс
Сабақ барысы:
Мұғалім: Балалар бізге ғарыштық безендірілген хат келіпті. Хатты ашып оқимын.
«Құрметті химияны оқитын жер тұрғындары! Ғарыштық тойға басқа планеталармен қоса сіздерді сайысқа шақырамыз. Сіздерді химиялық сайыс және көптеген қызықты мәселелер күиуде».
Мұғалім: Сонымен, сіздер шақырулысыздар, бірақ ғарыштық кеме барлық класс оқушыларын сиғыздыра алмайды. Сайысқа тек 10-12 оқушы ғана бара алады. ғарыштық сайысқа химиялық білімімен қаруланған, дарынды оқушылар ғана қатысады.
Бұл ғарыштық сайысқа Жер, Венера, Марс, Юпитер, Сатурн сияқты планеталар қатысады.
Химиялық элементтер ғаламшарымыздың барлық бөліктерінде табылған. Яғни планета және олардың барлық спутниктерінде, жұлдыздарда, басқа галактикалар мен жұлдыз аралық бөліктерінде табылған.
Соған орай біздің мақсатымыз: Өз класымызда сайыс жүргізу арқылы білімді де жүйрік топты бөліп алу болып табылады.
1 - сайыс «Химиялық қайталау»
Қатысушы топтарға кезекпен термин сөздер беріледі. Топтар өз кезегінде термин сөздерге сипаттама береді. Ұсынылатын термин сөздер: жай және күрделі заттар, қышқылдар, негіздер, тұздар, оксидтер, негіздік оксид, қышқылдық оксид, индикатор, бейтараптану реакциясы, сілті концентрациясы.
2 - сайыс «Химиялық ғажайыптар»
Әрбір топ тәжірибе көрсетеді.
1 - топ «Барлық гұлдер гұлдесін» тәжірибесі.
Стақанда фенолфталейінмен сәңдәрәлген қағаз түссіз гүлдер орнатылған. Гүлдерді ас содасының ертіндісімен себеді., көз алдымызда гүлдің түсі таңқурай түске боялғанын байқаймыз.
2- топ «Көңілді санауықтар»
Көрсетілім үстелінде 3 стақан тұр. Біреуінде 1-3 тамшы фенлфталин; екіншісінде 2-3 тамшы қышқыл; үшіншісінде 2-3 тамшы метилоранж бар. Оқушы стақандардың біреуіне сілті құяды, ертіндіде таңқурай түс пайда болады. Екінші стақандағы ертіндінің жартысын бірінші стақанға құяды, ертіндінің түсі таңқурай түстен түссізге, ал екінші стақандағы ертіндіні үшінші стақанға құйғанда - ақшылт қызыл түс пайда болады.
3 - топ «Химиялық сәлем»
Оқушы қолын суға батырып, алақанына 1 тамшы диэтилэфирін тамызып, спиртовкаға жақындатқанда эфир жанады, оқушының алақанына зақым келмейді.
3 - сайыс «Слайдты көрсетілім»
Кодопленка көрсетіледі.
Тапсырма: Заттардың формуласын жазу.
1 - топ қышқыл формуласын
2 - топ негіз және сілті формуласын
3 - топ тұздың барлық формуласын
H 2 SO 4 , MgCl 2 , CuSO 4 , H 2 O, HCl, Fe 2 O 3 , NaOH, Al 2 O 3 , H 2 S
Жауабы: 1 - топ H 2 SO 4 , HCl, Н 2 СО 3 , H 2 S
2 - топ Са(ОН) 2 , NaOH, Fe(OH) 3 , Al(OH) 3
3 - топ MgCl, CuSO 4 , Al(NO 3 ) 3 , ZnCl 2
4 - сайыс «Практикалық»
- тапсырма:CuSO4және NaOН ерімейтін негіз Сu(ОН) 2алынды.
- тапсырма:Қолда бар реактивтерден бейтараптану реакциясын өткізу. Реакция теңдеуін жазу.
- тапсырма:СаО - нен Са(ОН) 2алу және оның негіз екенін дәлелдеу.
5 - сайыс “Үшіншісі артық”
Тапсырма: Кеспелер әрбір жолда үш заттың біреуі сол класқа енбейтінін сызыңыз.
ВаО CO 2 CaO
HNO 3 HCl NaOН
Na 2 SO 4 H 2 SO 4 BaCl 2
Са(ОН) 2 Al(OH) 3 Al(NO 3 ) 3
P 2 O 5 SO 2 MgO
Жауабы:
ВаО CaO
HNO 3 HCl
Na 2 SO 4 BaCl 2
Al(OH) 3 Са(ОН) 2
P 2 O 5 SO 2
6- сайыс “Бақытты билет”
Кеспелер бойынша тапсырма: тапсырманың шартын құру және оны есептеу.
1 - топ: Mg + H 2 SO 4 → MgSO 4 + H 2
2 - топ: СuO + H 2 SO 4 → CuSO 4 + H 2 O
3 - топ: Егер х= 0, 060 моль, m r = 250г болса, еріген заттың массасы қандай?
Жауабы: m= 15г
7 - сайыс «Қандай болмасын заттармен әрекетке түсемін»
Тапсырма: берілген заттардың қайсысы өзара әрекеттеседі.
Са 2 және H 2 O; MgО және HCl; SO 3 және СО 2
К 2 SO 4 және HCl
СО 2 + H 2 O → НСО 3
MgО + 2HCl →MgCl 2 + H 2 O
К 2 SO 4 + 2HCl →КCl + H 2 SO 4
Сайыстың қортындысы: сайысты жеңген топ ғарыштық тойға шақырылу билетімен марапатталынады.
Сабақ соғында: жалпы бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары тақырыбы бойынша білімді тексеру жұмысы өткізіледі.
Қатысушылардың үстелінде кеспелер таратылады.
І - нұсқа
1. СО 3 2- 2. Mg(ОН) 2 3. SiO 2 4. Fe 2 (SO 4 ) 3
ІІ - нұсқа
1. РО 4 3- 2. HMnO 4 3. CuO 4. FeSO 4
- 1- жолдан қышқыл қалдығының атын, формуласын табыңдар.
а) хлорид; б) сульфат; в) карбонат; г) фосфат
2- жолдан сол затқа сай оксидтің формуласын тап
3- жолдағы қосылыспен әрекеттесетін заттардың формуласын көрсетіңіз
а) H 2 O; б) КОН; в) HCl; г) О 2
4 - жолда - көрсетілген заттардың алыну схемасын көрсетіңіз.
а) SO 2 + Fe(OH) 2 →
б) FeО + H 2 SO 4 →
в) Fe + ZnSO 4 →
г) Fe 2 О 3 + H 2 SO 4 →
Брейн ринг. (Капитаңдар сайысы)
1. Бір-біріне сұрақтар қояды.
2. Генетикалық байланысты жатқа жазады.
3. Есеп шығарады.
1. Мыс (II) оксидінен мысты тотықсыздандыру үшін 1, 2 л сутегі (қ. ж. ) жұмсалды. Сонда қанша грамм мыс бөлінеді?
2. Массасы 27 г алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегінің (қ. ж. ) қандай көлемі бөлінеді?
3. Мөлшері 1, 5 моль Бертолле тұзы ыдырағанда (қ. ж. ) қанша көлем оттегі алынады?
4. 4, 8 г оттегінің көлемі қандай?
Құпиясөздің кілтін ашыңыз. (Жалпы сыныпқа сауалнама)
1. Ак металл айналады тыным таппай, 2. Бірі жанып, бірі қолдап жануды
Жүргендей су бетінен орын таппай, Екі элемент бізге бұрын танылды.
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады Өрт болып еді, қосылысын көп адам
Оқушым, ал ойланғын қойма таппап. Свндіруге алыпі соған ағылды.
(Натрий) (Сутегі, оттегі, су)
3. Қышқылға түстім, жок болдым. 4. Қышқылға құлап қызардың
Сілтіге түстім, от болдым. Раушан гүлдей шырайлы.
Айтыңдаршы, балалар Секірдің де сілтіге
Неліктен мен «шоқ» болдым? Сарғалдақтай сарғайдың.
(Фенолфталейн) Тек тұрсаң да әдемі ең
Алкызыл түсің арайлы
Айтшы өзің кім едің ?
(Метилоранж)
- Иісі дәмі де жоқ ұсталмайды
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ
Ол болмаса отын да тұтанбайды
Қолды қарауытып көмір боп, шоқ
(оттегі)
Тоң май деп ұстап жүрме кетіп
Денеңді күйдіретін күлдіретіп
Ертіндісі мөп- мөлдір, судан тұнық
Алатын майға қосып, сабын етіп
(натрий гидроксиді)
бұл сабақ мұғалімнің кіріспе сөзімен ашылады. Мұғалім жоғары сыныптарда биология пәнінің генетика бөлімінсн
ата-ана - > ген -> ұрпақ
Р♀♂ - ху - хх 1; ху сызбасымсн танысатынын, ал бүгінгі сабақта
жай
заттар -> атом, молекула
күрделі (оксид, негіз, кышқыл, тұз) сызба-
сы бойынша білімдерін жүйелеп, қорытындылайтынын айтады. Сабақты бағалау нөмірленген ұпай санымен анықталады.
Оқушылар екі топқа бөлініп, казақ халқының ұлттық ойын үлгілерін негізге алып, білім сайысына түседі.
1. Сырыққа шығу - «Әркімнің өзі шыгар биігі бар».
Атом тобы. Молекула тобы.
1. Атом. 1. Жай зат.
2. Молекула. 2. Күрделі зат.
3. Химиялық реакция. 3. Формула.
4. Оксид. 4. Оксид.
5. Негіз. 5. Негіз.
6. Қышкыл. 6. Қышқыл.
7. Тұз. 7. Тұз.
2. Алтын қабақ ату - «Өнер - ағып тұрған бұлақ, ілім - жанып тұрган шырақ».
Тақтаға формулалары берілген қосылыстарды ажыратып, теріп жазу: СuО, Са(ОН) 2 „ Na 2 SО 4 , Н 2 О, Н 3 РО 4 , СО 2 , МпSО 4 , NaОН, СаСО 3 , LiОН, Н 2 SО 4 ,
АgС1, Н 2 S, Аl 2 О 3 .
Тұз - Негіз -
Қышқыл - Оксид -
3. Тал отырғызу - «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен оскен тал жақсы». Төменде берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазу. а) Са→СаО →Са(ОН) 2 → СаСО 3 (әктас)
ә) С →СО 2 → Н 2 СО 3 →СаСО 3 →Nа 2 СО 3 (сода)
4. Күш сынасу - «Б ілегі күшті бірді жыгады, білімі күшті мыңды жыга-ды ».
Екі топқа да реакция теңдеулері бойынша есептеуге арналған қарапайым есептер беріледі.
1. 6 кг көмір жанды. Түзілген көміртегі (IV) оксидінің (қ. ж. ) көлемін табыңыздар.
2. 10 кг натрий гидроксиді бар ерітіндіні бейтараптауға жұмсалатын күкірт қышқылының массасын есептеңіздер.
5. Арқан тартыс - «Асу бермес асқар жоқ».
Екі топ мүшелері жарыса сөзжұмбақты шешуге кіріседі
1. Орта Азиядағы ұлт.
2. Кек қайтару.
3. Тірі ағзаны құрайтын
ең ұсақ бөлшек.
4. Жыртқыш жануар.
5. Тескіш құрал.
6. Үй жиһазы
.
1. Химиялық элемент.
2. Өскін.
3. Сан
4. «Арық» сөзінің антонимі.
5. Таңғы намаз.
«Химиялық лото» ойыны
Оқушылар алдын ала химиялық элементтердің формулалары жазылған дөңгелек пішіңці үлестірмелер дайындайды. Мысалы, (СаО), (^\) , (НСТ) > Ш 2 о) . Көдімгі лото ойыны сияқты әр оқушының қатты қағаздан жасалған
тақтайшалары болады. Тақтайшада негізгі 4 кластың түрлі формулалары жазылған баганалар бар
Ескерту:
заттардың жанында қасиеттерін сипаттаитын немесе алынуы жөнінде реакция тендеулері жазылуы керек. Мысалы, 1-қатардағы 1-формула:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz