Жанама тамыр



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ДАМУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... 4
Өсімдіктің вегетативті мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
Тамыр – өсімдіктің вегетативтік мүшесінің бірі ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.3 Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЮІ ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Көбею туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
Вегетативті жолмен көбею ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – өзіне ұқсас ұрпақ ағзаларының сан
жағынан артуы. Барлық ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де, көбейеді. Әрбір
ағза белгілі мерзімде өмір сүреді. Алайда жер бетінде өсімдіктер мен
жануарлар құрып кетпейді. Көбеюдің нәтижесінде олар миллиондаған жылдар
бойы өмір сүруде.
Көбею өсімдіктердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Ол өсімдіктер
санының өсіп, түрдің сақталып және табиғатта таралуын қамтамасыз етеді.
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер вегетативтік, споралар, ал жалаңаш және
жабық тұқымды өсімдіктер өсімдіктер оған қоса тұқымдары арқылы да көбейе
алады.
Көбеюдің бір-бірінен принциптік айырмашылығы бар екі түрі белгілі:
жыныстық және жыныссыз.
Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: вегатативтік және нағыз жыныссыз.
Кейбір сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің осы екі түрінің арасында
айқын шекара болмайды.
Вегетативтік жолмен көбейгенді аналық организмдегі және онан пайда
болған индивидтердегі хромосом сандары бірдей болады.
Вегетативтік көбеюі талломның, тамырдың, сабақтың, бөліктері
арқылы жүзеге асырыллады. Ол өсімдіктердің регенерацияға қабілеттілігіне,
яғни өсімдіктің бір бөлігінен тұтас роганизмнің пайда болуына негізделген.
Бір жасушалы өсімдіктерде ( балдарларда, бактерияларда) вегатативтік көбеюі
жасушаның тең екіге бөліну арқылы жүреді, ал коллониялы және көп жасушалы
өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы,
саңырқұлақтарда мамандаған бір жасушалы құрылым арқылы жүзеге асырылады.
Жабық тұқымды өсімдіктерде вегетативтік көбеюі сабақтың,
жапырақтың бөліктермен және бүршектері арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге
төсімдіктер тамыр сабақтары, түйнектері, сабақтың өзгерген түрлері арқылы
да вегетативтік жолмен кобеюі алады. Ауыл шаруашылығ практикасында көкеніс,
жеміс-жидек және сәндік ретінде өсірілетін өсімдіктерді қолдан көбейтудің
мынадай бөліктері пайдаланады: түйнектерін
( картоп, георгин); тамыр сабақтарын (құртқашаш - флокс); мұртшаларын
(бүлдірген) баданаларын (пияз, қызғалтақ); тамырдың атбасын шие көптеген
мәдени жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелерімен, иілген сабақтармен,
сонымен бірге телу арқылы да көбейеді.

1. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ДАМУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

1. ӨСІМДІКТІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ

Қазіргі кезде жоғары сатыдағы өсімдіктер жер шарына кең таралып, өскен
ортасының тіршілік жағдайларына қарай бейімделген. Құрлықта тірішілік
ететін өсімдіктердің денесі жер астындағы және жер үстіндегі бөлігі деп
екіге бөлінеді. Өсімдіктердің екі бөлігінің бір – бірінен айырмашылығы бар.
Сабақ ауа ортасында орналасады және ол екеуі әр түрлі қызмет атқарады.
Сөйтіп, жоғары сатыдағы өсімдіктерде атқаратын қызметі және
морфологиялыққұрылысы әр түрлі мүшелер қалыптасқан.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде мүшелердің екі тобы бар. Олар:
вегетативтік және генеративтік. Вегетативтік мүшелерге тамыр және сабақ пен
жапырақтан тұратын өркен, генеративтік мүшелерге көбею қызметін атқаратын
мүшелер жатады.

2. ТАМЫР – ӨСІМДІКТІҢ ВЕГЕТАТИВТІК МҮШЕСІНІҢ БІРІ.

Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі
вегетативтік мүшесінің біреуі. Тамырға радиальды симметрия тән,ол
салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше. Оның негізгі қызметі –
өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және топырақтан қоректенуін қамтамасыз
ету.
Тамыр және тамырлар жүйесі.
Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік
мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде
цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң  геотропизм
бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы –
тамырда  жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр
оймақшасымен  жабылған.
Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол 
сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің  жер астындағы
мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы
тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың  қызметін 
экзогенді  жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде
ризоидтар жоқ. Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде,
жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада жоқ.
Тамырда  көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер  жетілген.Жанама
тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы
бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы
бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.
Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі, морфологиялық
ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді. Шығу тегіне қарай
тамырлардың үш типін ажыратамыз. Олар: негізгі тамыр, жанама тамыр және
қосалқы тамыр. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі. Қосалқы
немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер
асты метаморфоздары – түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. Негізгі
және қосалқы тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және одан кейінгі
өстері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады.
Тамырлар жүйесі деп, бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын
айтамыз. Тамырлар жүйесінің үш типін ажыратамыз. Бірінші – кіндік тамырлар
жүйесі.

1-сурет.Тамыр типтері:
1. Негізгі тамыр. 2. Жанама тамыр. 3. Қосалқы тамыр. 4. Сабақ.

Мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі тамыр
пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан екінші, үшінші және одан арғы
өстер түзетін жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің
үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы бойынша жанама тамырлардан
айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары
сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар
бөлімінің қос жарнақтылар класының баысм көпшілік өкілдеріне тән.
Екінші – қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар жүйесі. Мұнда негізгі
тамыр нашар жетілген, қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.
Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп, басымдық білдіреді.
Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе, астықтарға тән, ол сирек
жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.
Үшінші – аралас тамырлар жүйесі. Мұндай тамырлар жүйесінің құрамына
негізгі тамыр, жанама және қосалқы тамырлар енеді. Бұлар қос жарнақты
шөптесін өсімдіктерде жиі кездеседі.
Тамырдың сыртқы құрлысы оның морфологиясына жатады.
Өсімдіктің басқа органдарымен салыстыра отырып, эволюциялық тұрғыдан
қарағанда тамыр өсімдіктердің құрлыққа көшуіне байланысты ең соңынан
келіп пайда болған орган. Тамырлары неғұрлым тереңге кетсе, онда
өсімдіктер соғұрлым жерге берік орналасып және өзіне керекті
қоректік затты жеткілікті қабылдайды. Сондықтан да жапырақты –
сабақты өсімдіктердің нағыз тамыры топырақта жатады: тамырдың өскен
ортасы азды көпті біркелкі болғандықтан, оның морфологиялық құрлысы
да біркелкі болады.
Н е г і з г і т а м ы р деп тамырдың ұрықтан өсіп шыққан
түрін атайды. өсімдік сабағы мен негізгі тамыр аралығындағы
учаскені т а м ы р м о й ы н ы дейді. Ол – сабақтың топыраққа кіре
берісіндегі бірден жіңішкеріп кеткен жері. Тамыр мойынынан бастап
алғашқы жапыраққа дейінгі, яғни тұқым жарнағына дейінгі, сабақтың
бөлігін г и п о к о т и л ь, яғни т ұ қ ы м ж а р н а ғ ы н ы ң а с т
ы ң ғ ы қ ы л т а с ы деп атайды.
Негізгі тамыр, өсімдік түріне қарай, әрқилы келеді:
1) кейбір өсімдіктің негізгі тамырының ұш жағы аздап
бұтақтанғанымен, жіңішкелігі тамыр мойнынан бастап ұшына дейін
біркелкі жіп тәрізді бітеді. Сондықтан мұндай тамырды ж і п т ә р і
з д і тамыр деп атайды. Мұндай тамыр, мысалы зығырда болады.
2) Көптеген өсімдік түрлерінің негізгі тамыры онша
жетілмейді, немесе бірте- бірте жойылып кетеді, егерде мұндай
негізгі тамыр жойылмай өсе берсе, өзінің айналасындағы жанама
немесе қосалқы тамырлардан ешбір айырмашылығы болмайды. Тамырдың
мұндай түріен
ш а ш а қ т а м ы р дейді. Шашақ тамыр көбінесе астық тұқымдас
өсімдікке тән болады.
3) Қайсыбір өсімдік түрінің негізгі тамыры өте жақсы
жетіледі. Мұндай тамырды б і л е у т а м ы р немесе к і н д і к т а
м ы р деп атайды. Бұл кезде негізгі тамыр өзінен шыққан жанама
тамырға қарағанда әрі ұзын әрі жуан болады да, білеуленіп көзге
бірден түседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктің тамырлары осындай кіндік
тамырға жатады.
4) Бірнеше өсімдік түрлерінің негізгі тамырларының
клеткаларына қоректік заттар жиналып, жуандап түрін өзгертеді және
сыртқы пішіні кәдімгі тамырға мүлде ұқсамайды. Сырт жағынан
қарағанда не шалқан тәрізді (қызылша, шалғам, т.б) не биемшек
тәрізденіп кетеді ( сәбіз, шалқан, шомыр, биемшек, т.б)
Ж а н а м а т а м ы р. Негізгі тамырдың перицикл қабатынан
өсіп бұтақтанып, жанама тамыр шығады. Жанама тамырлар бой конусына
таяу жерден пайда болып алғашқы қабықпен эпиблема астында көміліп
жатады, біртіндеп соңынан сыртқа шығады. Осы жолмен пайда болған
жанама тамырлар алғашында негізгі тамырмен жарыса жатады, біраздан
соң оның ұшы топыраққа еніп бұрынғы бағытын өзгертіп, көлбеп
кетеді. Әлгі бой конусына таяу жердегі перициклден пайда бола
бастаған жанама тамыр ұшы алғашқы қабықпен эпиблеманы үңгіп сыртқа
шыққанша, оның ұшындағы өскіш бөлімі алға қарай ұзарыпта үлгереді.
Сонымен алғашқы жанама тамыр сыртқа шыққанша негізгі тамырдың ұшы
оншақты см ға жетеді. Жанама тамырлар акропетальды жолмен пайда
болып отырады.
Бірлі - жарымды қияқтар мен астық тұқымдас өсімдіктердің
жанама тамырлары флоэма бөлімінің тұсынан шықса, көпшілік
өсімдіктердің жанама тамырларының ұшына таяу жерде орналасқан
перицикл клеткаларынан пайда болады және бұлардың барлығы ксилема
элементтерінің сәулелері қалай орналасса, өсіп шыққан жанама
тамырлар да соған сәйкес болады. Өсімдіктегі жанама органдардың осы
сияқты белгілі тәртіппен орналасуын ортостихия деп атайды. Қосалқы
тамыр – құрлысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында
болатын перицикл қабатынан өсіп шыққан тамыр. Қосалқы тамырдың
құрлысы да, қызметі де – негізгі және жанама тамырлардыкіндей.
Қосалқы тамыр дара жарнақты және көпжылдық қос жарнақты шөптесін
өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы
қалтасынан пайда болады. Қосалқы тамыр жатаған сабақты өсімдіктер
буынының топыраққа жанаса жатқан бетіндегі жапырақ сағағының түбіне,
сондай-ақ тамыр сабақтардан да өсіп шығады. Пияздың түбіртегі,
капустаның көсеу сабағы сияқты түрін өзгерткен, қысқарған
сабақтардан да қосалқы тамырлар өсіп шығады.
Тамыр ұшының қаншалықты жіңішке болуына қарай оймақша да
соншалықты кіші; лупа немесе микроскоппен қарамаса, көзбен жай
қарағанда әрен ілігеді. Суда өсетін балық қоты жәнге басқаларда
оймақша болмайды бірақ бұлардың тамыр ұшын сыртынан қаптап тұратын
жұп – жұқа қалташығы болады. Қалташықтың маңызы толық зерттеліп
біткен жоқ. әйтседе кейбір ғалымдардың жорамалы бойынша, қалтаның
маңызы тамыр ұшындағы тірі клеткаларды судың сілтілік әсерінен,
оларнды ұсақ жәндіктердің зақымдауынан қорғау болу керек.
Тамыр оймақшасының өне бойы түлеп отыратын сыртқы
клеткалары мен калитпроген арасында орналасқан тірі паренхималардың
ішінде ұсақ-ұсақ крахмал дәндері болады, оларды с а қ т а у л ы к
р а х м а л деп атайды.
Тамыр аймақтары. Жас тамырдың морфологиялық және анатомиялық
түзілісі бірдей болмайды. Бірақ сыртқы, ішкі құрылыстары жағынан
өз ара айырмашылықтары болады. Осы тұрғыдан алғашқы жас тамыр үш
аймаққа – мөлдір аймағы, сору аймағы және қоңырқай аймағы болып
бөлінеді.
Тамырдың бой конусынан бастап оның түктенген бөліміне
дейінгі аралықты мөлдір аймақ деп атайды. Жас тамырдың түктеніп
тұрған бөлігін сору аймағы дейді. Осы түктері арқылы тамыр
айналасындағы топырақтан суды және онда еріп жүрген минерал
тұздарды және басқа да қоректік заттар ерітінділерін өзіне қарай
слорып алады.
Тамыр түктерінен кейінгі сабаққа қарай орналасқан тамыр
деңгейі қ о ң ы р қ а й а й м а қ деп аталады.
Тамыр системасы. Бір өсімдіктің тамырлар жиынтығын тамыр
системасы деп атайды. Тұқымнан өсіп шыққан негізгі тамырды және
одан пайда болған жанама тамырларды ұрықтық тамыр системасы деп
немесе алғашқы тамыр системасы дейді, ал жапырақтан және сабақтан
пайда болған түрлерін қосалқы тамыр системасы деп атайды.

3. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы.

Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ашық тұқымдылардың, жабық
тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының
тамырына тән алғашқы құрылыс. Тамырдың өсімдік ұрығынан өсіп
шыққанннан бастап, оның соңғы жасаушы ұлпасы – камбий пайда болғанға
дейінгі бөлімдерін тамырдың алғашқы антомиялық құрлысы дейміз.
Алғашқы қабықтың сыртын эпиблема қаптап, ішін эндодерма астарлап
жатады. Осы екеуінің арасындағы кілең паренхималық клеткалардан
тұратын тамырдың қалың қабаты – алғашқы қабық делінеді.
Э п и б л е м а – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық
ұлпа. Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі, жұқа қабықты
паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады. Эпиблеманың негізгі қызметі
өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды
сорып, оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу. Эпиблеманың бұл
қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікелей байланысты.
Тамыр түктері түлеп түскеннен кейін, оның астынан э к з о д е р
м а қабаты пайда болады. Бұл қабаттың барлық клетка қабықшаларынан
суберин сіңіп, соның салдарынан олар тозданады да, қорғаныштық
қызметін атқара бастайды.
Алғашқы қабық клеткаларының бәрі де домалақтау келген
паренхималық клеткалар.
Алғашқы тамырдың ішкі құрлысы негізінен алғанда бір беткей
кілең паренхималық клеткалардан тұрады. Бұлардың астында жатқан бір
қабат бөлімін э н д о д е р м а деп атайды.
Эндодерманың сосуд-талшық шоғының ксилема сәулелеріне таяу
жатқан жеріндегі кейбір клеткаларының қабықшалары барлық жағынан
бірдей қалыңдамайды. Оларды өткізгіш клеткалар деп атайды. Сол
клеткалар арқылы су және ондағы минерал заттардың ерітіндісі
орталық цилиндрдегі ксилемма элементтеріне оңай өте алады.
Орталық цилиндрдің ең сыртқы қабаты п е р и ц и к л деп
аталады. Перицикл клеткаларының бөлінуі арқылы, бұдан жанама
тамырлар өсіп шығады; сондықтан да мұны кейде перикамбидий деп те
атайды.
Шеңберлік камбий клеткалары ішкі өзек жағына қарай ксилема,
сыртына – флоема элементтерін бөліп шығарады. Бұл – тамырдың
анатомиялық соң,ы құрлысына жатады.
Тамырдың қызметі. Тамыр арқылы өсімдіктер өзіне керекті
суды және ондағы еріген азотты және азотсыз минерал заттарды
вегетациялық дәуірі ішінде үздіксіз қабылдап отырады.
Т а м ы р д ы ң а з о т т ы с і ң ң р у і. Ауаның құрамында азот
көп болса да, оны сол күйінде барлық жоғарғы
Топырақтағы азотт байланысқан күйде түрлі қоспа заттардың
құрамында органикалық азот, аммиак тұздары және селитралар түрінде
болады.

2. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЮІ

2.1. КӨБЕЮ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Көбею туралы жалпы түсінік. Барлық тірі организмдер сияқты
өсімдіктерге де қоректену, тыныс алу, қимыл, тітіркену, өсу, даму және
көбею сияқты қасиеттер тән. Бұл қасиеттер бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Осының ішінде көбею өзінің биологиялық мәні тұрғысынан басқа қасиеттерден
ерекше. Өйткені көбею кезінде негізінен аналық особьке ұқсас жаңа
организмдер пайда болады.
Көбею — тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ
қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбею
барысында өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь сандарының артып, өз
ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті
түрлерге тән. Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты, олардың таралу
кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды не кемітпейді.
Әр қилы өсімдіктердің көбею мерзімі де біркелкі болмайды: бір
өсімдіктердің көбею мерзімі сол особьтың өсу мерзімі тоқтағаннан кейін ғана
басталады (мысалы, бір жылдық гүлді өсімдіктер мен көп жылдық шөптесін
өсімдіктерде) ; кейбір өсімдіктер көбейе бастағаннан кейін де олардың
бойының өсуі тоқтамайды (мысалы, толып жатқан көп жылдық өсімдіктерде);
қайсыбір өсімдіктердің өсу процесі тоқтағаннан соң бірнеше жылдан кейін
ғана көбейеді(мысалы, бамбукта) .
Сонымен қатар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің көбею қарқыны да
біркелкі болмайды: а) барлық бір жылдық, кейде көп жылдық (мысалы,
түйежапырақ, сасыр, бамбук және т. б. ) өсімдіктер вегетациялық дәуірінің
ішінде бір-ақ рет жеміс беріп көбейеді; мұндай өсімдіктерді монокарптық
өсімдіктер дейді; ә) барлық көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер
(ағаштар мен бұталар) кемеліне келіп, жасы толысымен жыл сайын жеміс беріп
көбейеді, ондай өсімдіктерді поликарптық өсімдіктер дейді.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею
және вегетативтік көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс
жасушаларының қосылуынан пайда болады.
Жыныссыз жолмен көбею . Организмнің гаметалары қатынаспастан тек
дене мүшелері бөлініп, өзінше жеке организмге айналатын болса, оны жыныссыз
көбею дейді. Жыныссыз көбею екі түрлі болады: нағыз жыныссыз көбею және
вегетативтік көбею.
Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз - өзіне ұқсас ұрпақ ағзаларының сан
жағынан артуы. Барлық ағзалар оның ішінде өсімдіктер де көбейеді. Әрбір
ағза белгілі мерзімде өмір сүреді. Алайда жер бетінде өсімдіктер мен
жануарлар құрып кетпейді. Көбеюдің нәтижесінде олар миллиондаған жылдар
бойы өмір сүруде. Өсімдіктердің көбею мерзімі мен көбею қарқыны әртүрлі.
Кейбір өсімдіктердің мысалы; түйежапырақ сасыр, бамбуктың шөптесін және
сүректі өсімдіктерге қарағанда көбею қарқыны әлдеқайда бәсең болады.
Өсімдіктер көбейетіндіктен жаңа орындарға көшіп мекен ауыстырып өрісін
кеңейтеді. Өсімдіктердің арасында көбеюдің қарапайым түрі –жыныссыз көбею
кең таралған. Жыныссыз жолмен көбею өсімді мүшелері арқылы жүреді. Мысалы:
балдырлардың денесі бөлшектерге бөлініп, олардың әрқайсысы дербес одан соң
жынысты жолмен көбейетін өсімдікке айналады.

2.2. ВЕГЕТАТИВТІ ЖОЛМЕН КӨБЕЮ

Вегетативтік жолмен көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке
қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз.
Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердің барлық топтарында кең
таралған. Бір клеткалы балдырлар мен бактериаларда вегетативтік көбею
клеткаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Колониальды балдырларда,
олардың клеткаларыныңвегетативтік көбеюінен жас колониялар пайда болады.
Көп клеткалы балдырларда вегетативтік көбею, олардың талломдарының
кездейсоқ бөліктерге бөлінуі арқылы жүреді. Жіпшелі көкжасыл балдырлардың
кейбір түрлері (носток, анабена) гетероцисталары арқылы көп клеткалы
гормогонияларға бөлінеді. Көбеюдің мұндай қарапайым тәсілі тек төменгі
сатыдағыларға ғана емес, суда тіршілік ететін кейбір гүлді өсімдіктерге де
(сужапырақ, мүйіз жапырақ, егеушөп) тән. Осылай көбею нәтижесінде XIX
ғасырда Еуропаға енген Канада су жапырағы су қоймаларында кең
таралғандықтан, жергілікті тұрғындар су чумасы деп атаған.
Саңырауқұлақтардың вегетативтік көбеюдің қарапайым жолы - мицелидің
жеке учаскелерге бөлінуі, бүршіктенуі арқылы жүрсе, арнаулы маманданған
түрі кондиилер, оидийлер және хламидоспоралардың пайда болуы көбеюдің
вегетативтік жолынан жыныссыз жолында өтпелі түрі ретінде қарастырылады.
Қыналар денесінің арнаулы бөліктері – соредийлері, кейде сирек
изидийлері, ал бауыр мүктері өнімтал бүршіктері арқылы көбейеді.
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі оның регенерациялық қабілетіне
негізделген. Регенерация (латынша регенерацио - жандану, қалпына келу) –
өсімдік денесінде жетіспейтін мүшелердің немесе тұтас өсімдіктің өсімдік
денесінің жеке бөліктерінен, тіпті жеке вегетативті клеткасынан қайта
қалпына келуі.
Вегетативтік көбею кезінде аналық өсімдіктен пайда болған жас особьтар
жиынтығы клон деп аталады. Гүлді өсімдіктерде клонда тамырсабақтың
бұтақталған ескі бөліктерінің біртіндеп бұзылуынан, каудекс, кіндік
тамырдың партикулдануынан, сол сияқты жер беті және жер асты столондарының
ұшындағы түйнектер мен жуаншықтардан жас өсімідктер бастамасы ретінде
жетіледі.
Жоғары сатыдағы сабақты – жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр
сабақтары, мұртшалар, желілері, түйнектері, столондары, жуашықтары, өнімтал
бүршіктері арқылы табиғи вегетативтік жолмен көбейеді.
Көптеген сүректі өсімдіктер және біраз шөптесін өсімдіктердің
кейбіреуі тамыр атпалары (тамырдың эндогенді қосалқы бүршіктерінен өскен
жас өркендер) арқылы көбейеді. Эндогенді бүршіктер жанама тамырлар сияқты
перициклден жетіледі. Қосалқы бүршіктерден өсіп шыққан жас өркендер тез
көбейіп, тез тарайды. Мәдени түрінде мұндай өсімдіктер тамыр атпалары
арқылы көбейтіледі. Тамыр атпалары арқылы көптеген сүйекті жемістер – қара
өрік, шие, алма, сол сияқты терек, тал, көк терек, қандағаш, серігүл, сиыр
бүлдірген көбейеді.
Тамыр сабақтары арқылы көбею негізінен көп жылдық шөптесін
өсімдіктерге тән. Тамырсабақты өсімдіктерге: жыланқияқ, папоротник, селеу,
қамыс, қоңырбас, қияқ, жатаған бидайық, адыраспан т.б. өсімдіктер жатады.
Бұлардың жер астындағы өркендерінің буыны жіне буын аралықтары бар.
Буындағы бүршіктерден жас өркендер өсіп, вегетативтік көбеюді қамтамасыз
етеді. Қысқарған тамырсабақтарда бүршіктер жиі орналасады да, олардың жер
бетіндегі өркендері де жиі шоқтанып жатады. Ұзарған тамырсабақтарда
бүршіктер сирек орналасады, сондықтан олардың жер бетіндегі өркендері де
сирек. Ұзарған тамырсабақты өсімдіктер жан – жаққа тарамданып, тез арада
жайылып өседі.
Көптеген жатаған өсімдіктер мұртшалары арқылы, ал төселмелі сабақты
өсімдіктер желілері арқылы көбейеді. Жатаған өсімдіктерге ақ бас беде, қой
бүлдірген, қазтабан, жатаған, сарғалдақ, тас бүлдірген т.б. жатады.
Жатаған өркеннің топырақпен жанасқан буынынан қосалқы тамыр жетіліп,
осы жердегі жапырақтың қолтық бүршігінен жас өркен шығып, көбеюін
жалғастырады. Жатаған өркендердің буын аралықтары өліп, жас өсімдікпен
аналық өсімдіктің байланысы үзіледі. Жас өсімдік те, аналық өсімдік те өз
алдына жоғарыдағыдай көбею жолын қайталайды, яғни әр қайсысынан жаңа
мұртшалар – жатаған өркендер жетіледі.
Төсемелі желі сабақты өсімдіктерде оның ылғалды топырақпен жанасқан
жерінде жатаған өсімдіктердегі сияқты қосалқы бүршіктерінен жас өркендер
пайда болады. Желі сабағы арқылы көбею асқабақ тұқымдастарының өкілдеріне
тән. Мысалы, қолдан отырғызған асқабақ, қауын, қарбыз, қияр желілеріне
өсімдік вегетациясының соңында ылғалды топырақ төгіп, сонымен жанастыру
арқылы көбейтуге болады.
Вегетативтік көбею қызметін атқаратын түйнектер – тамыр мен өркеннің
түр өзгерістері. Түйнектердің өзі жер бетіндегі түйнектер және жер
астындағы түйнектер болып бөлінеді. Бұлардың бет жағындағы орналасқан
бүршіктерден (көзше) жас өркендер өсіп шығады. Түйнектері арқылы жер
алмұрты, цикламен, альпі қоғажайы, нарғызгүл және т.б. өсмідіктер көбейеді.
Өнімтал бүршіктер – кейбір папоротниктерде, мүк тәрізділер мен гүлді
өсімдіктерде вегетативтік көбею қызметін атқаратын арнайы мүше.
Өсімдіктерде олардың мөлшері тым көп болғандықтан, тұқым сияқты шашылып,
қолайлы ортаға түссе, тез өсе бастайды. Осы сияқты өнімтал бүршіктер кейбір
шықшылдақтар жапырағына, папоротниктер жапырақ жиегіне, жүйкелеріне тән.
Кейбір өсімдіктерде өрімтал бүршіктер түрі өзгеріп жуашық немесе түйнекше
түрінде кездеседі.
Табиғи вегетативтік көбеюді адам өз мақсатына пайдаланып,
вегетативтік көбейту жолымен мәдени өсімдіктерді өсіреді.

Табиғи вегетативтік көбею. Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі
табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі
сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті, яғни жетіспейтін органдарын
орнына, қалпына келтіру қабілеті соғұрлым күшті болады. Мысалы, бір
клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас клетка
пайда болады да, бұлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Мұны
да табиғи вегетативтік көбею деп есептейміз. Немесе көп клеткалы және
клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ
үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Я болмаса,
мүк, плаун (су шырмауық), селагинелла дейтін өсімдіктердің ересек талломы
немесе өркені қурап қала береді де, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар
өзінше жеке өсімдікке айналып, табиғи жолмен көбейеді. Сол сияқты,
папоротник пен жылбұрын сияқты, кейбір жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
де табиғи вегетативтік жолмен, екі түрлі тәсілмен көбейеді: 1) мүк және
плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері қурап қалып,
олардан өсіп шыққан өркендері әрмен қарай өсіп көбейеді; 2) сонымен
қатар, кейбір папоротниктің жапырақ бетінде пайда болған қосалқы бүршіктері
үзіліп түсіп, бұлар да әрмен қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке
айналады.
Тұқымды өсімдіктердің бір және екі жылдық түрлері ғана табиғи
вегетативтік жолмен көбейе алмайды, ал көп жылдық шөптесін және сүректі
өсімдіктердің барлығы да табиғи вегетативтік жолмен жолмен көбейе береді.
Бұлардың арасынан табиғи вегетативтік көбеюдің мынадай түрлері кездеседі:
Өркен бөліп көбею. Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болған
өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты деген
өсімдікті алуға болады. Балықоты көбінесе ағынсыз суда өседі, оның қыстан
аман сақталып шыққан бірнеше данасы ғана жазда аз күннің ішінде тынық судың
жарты гектардай бетін жауып кетеді.
Жер бетіндегі өркендерден көбею. Кейбір өсімдіктер өзінен жер
бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға мұртшаларынан,
томаша өрбіндерінен (шыбықтарынан), сұламалы бұтақтарынан өсіп көбейетін
өсімдіктер жатады. Мұртшаларынан көбейетін өсімдіктер жатады.
Мұртшаларынан көбейетін өсімдіктердің бірі – қойбүлдірген, қара бүлдірген.
Томаша өрбіні дегеніміз – өсіп тұрған сүректі өсімдіктердің
діңсабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі
оның орнында қалған түбірінен өсіп шыққан жас шыбықтар. Томаша өрбінінен
жөке ағашы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр оймақшасы
Тамырдың анатомиялық құрылысы
Тамыр жайлы жалпы түсінік
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу жайлы ақпарат
Тамыр және тамырлар жүйесі туралы
Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлықжүйе
Тамыр-түйнек құрылысымен танысу
Тамыр және тамырлар жүйесі
Ботаниканың бөлімдері
Көп жылдық дәрілік өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері
Пәндер