Таңбалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі МКҚК

Курстық жұмыс
Компазиция пәні бойынша
Тақырыбы: Таңбалар

Орындаған: Жәлел М.

Жетекшісі: Мамбетова Ұ.С

Қорғауға рұқсат ________________

Колледж директоры _________________
Ыдырысова Қ.Ғ

Көкшетау 2013 ж.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І-тарау.
1. Таңбалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
2. Таңбалардың
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
3. Ши тоқу
өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
4. Шиді тоқу тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

Кіріспе

Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас,
жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің
ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит,
неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты
дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік
Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік
[[Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен
Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар.Америка құрлығында жартас
өнерінің ескерткіштері Канада, АҚШ, Аргентина, Чили мен Бразилияда
кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі П. жалпы адамзат мәдениетінде
маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де П-
тер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр
Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен
шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан
кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен
жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Басты сюжеттері адамдардың
шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін
сипаттайды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу
тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды.
Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция
сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе
үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды
болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен
байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден
астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр.Солардың
ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен,
Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы,
Теректі-Әулие, т.б
Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша,
ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау
көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен,
жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып,
олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие
болған.Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал
табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің
өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын
айқындап, мәні мен маңызын аша білу – ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің
ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн.
Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар –
ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл
аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады.
Жетісуда 50-ге жуық тасқа таңбаланған ескерткіштер бар. 50 жылдардың
аяғында Тамғалыда тасқа таңбаланған суреттері бар әулие жер табылды. Ол
жерде қола дәуіріне жататын және ерте көшпенділер мен түркілердің
кезендеріне жататын 4000 жуық туристердің көз алдына жалғыз және топтық
бейнелер: архарлар, тау ешкілер, жылқылар, марал-бұғылар, тұрпандар,
сәйгектер, сонымен қатар, үй жануарлары- түйелер, жылқылар, бұқалар,
иттерді кездестіруге болады.

Бұрынғы Медведка кенішіндегі петроглифтер
Бестерек селосынан солтүстік-батысқа қарай 10-12 шақырым жерде
орналасқан. Экспозициясы вертикальді кеңістіктерде салынған. Суреттер тас
тақталарда жинақы орналасқан, сондықтан фигуралар жүйесіз салынғандай,
сюжеттер мен көріністер кезектесіп тұрғандай әсер аласыз. Жаяу және аттылы
садақшылардың жабайы аңдарды аулау көрінісін аяқталған композицияға
жатқызуға болады. Аң аулау көріністері өте көп: аңшылар қарапайым және
трапеция тәрізді садақтардан атып жатыр. Бір суретте аңшы бір қолымен
күрделі құрамды садақты, ал екінші қолымен аттың басына кигізіген ноқта
тізгінін ұстап отыр. Мұнда таутекелердің, бұғылардың, жыртқыш аңдардың
көптеген суреттері бар. Петроглифтер ертедегі адамдардың сан қырлы әрекетін
бейнелейді. Суреттер ерте темір дәуіріне жатады. Табылған кезде жақсы
сақталған.

Әдебиеттер:
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі. -
Өскемен: Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік
қоры.
Күмiстегi петроглифтер
Жұма, 21 желтоқсан 2012Республика игілігі Тамғалы петроглифтерімен
толықтырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Тамғалы Петроглифтері
ескерткіш күміс Монетасын айналымға шығарды. Бұл жаңа монета Республика
игілігі монеталар сериясынан алтындатылған жəне бояу баспасы бар Тамғалы
археологиялық ескерткішінің петроглифтері салынған. Монеталардың бет
жағында (аверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетінде сургуч мөрмен
көмкерілген Қазақстан Республикасының елтаңбасы жəне мемлекеттік тілде
ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ жəне ағылшын тілінде NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN
деген жазулар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде
тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге Көк тəңірі петроглифі
бейнеленген.
Тамғалы Петроглифтері монеталарының пішіні төрт қырлы, олардың бет
жəне сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталар 925 сынамды күмістен
жасалған, массасы 50 грамм
(24 грамм), көлемі 40,1 х 40,4 мм. (31,0 х 31,2 мм.), дайындау сапасы –
proof, таралымы – əрқайсысы бес мың данадан, номиналы бес жүз теңге. Әр
Петроглифтің үш тілде нөмірлік сапа сертификаты бар.

Жартастардағы өрнектер
Өткеннің сан алуан тарихи ескерткіштерінің ішінде жартастағы өрнектер
(андрондық мәдениетті қараңыз), бедерлер мен әшекейлер көрнекті орын алады.

Қазақстан аумағында тас немесе металл құралдармен жартастарға ойып
салынған суреттер - петроглифтер деп аталатын
ескерткіштердің бірінші бұл түрі ерекше тараған. өздерінің көркемдік
құндылығы жөнінен орны бөлек жартастағы "полотнолар" ертеден өздеріне
ескілік көздері мен өнері әуесқойларының назарын аударған .
Қазақстандағы жартастағы бейнелер туралы еске салулар XI ғ. атақты
ортағасырлық ғалымы әл-Бируниге тиісті, ол қимақтар еліндегі жергілікті
халықтың табынатын нысандары қызметін атқарған жұмбақты суреттер туралы
айтқан. Қазақстанда бүгінде жартастағы бейнелердің 130-дан астам ірі
жинақталған орны бар. . Алайда бұл ақтық цифрлар емес, өйткені алғашқы
адамдардың ежелгі ғибадат орындары туралы жаңа деректер жыл сайын түсіп
жатады.
Бәрінен көп петроглифтер жоғарғы Ертіс, Балқаш бойынан, Жетісудан
және Оңтүстік Қазақстаннан табылды. Мұнда Батыс Алтайдың, Іле, Жоңғар
Алатауларының және Қаратаудың көрікті шатқалдарының сілемдерінде "шөлдік
күнге күю" деп аталатын темір мен марганец тотықтарының тамшыларынан
жиналған жылтыр қабыршақтармен жабылған жартастар мен қойтастар мол.
Петроглифтер тек мұнда ғана емес, олар республиканың басқа
аудандарында, мәселен, Орталық Қазақстанда, Маңғыстауда көп.
Органикалық құрылымдар мен күн сәулесі қуатының күрделі әрекеттесуі
нәтижесінде пайда болған жартастардың қара жылтыр беттері тастағы жазуларды
іздестіруде тамаша жолсілтер бола алады.
Ертедегі суретшілер өз өрнектеріне тастарды әрдайым көбірек күн көзі
түскен таудың оңтүстік және шығыс еңісінен таңдаған; "тотықтың" қара
фонында қашалған ашық сурет ерекше айқын көрінеді . Қазақстандағы ежелгі
өрнек салушылардың XIX ғасыр петроглифтердің жинақталған ірі аудандары -
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан туралы көптеген жаңа деректер әкелді.
Республиканың шығысында - Тарбағатай, Нарын, Қалба, Монрақ және Сауыр
тауларында өткен ғасырдың 40-50 жылдары "сурет" алереяларының тізбегі
табылды. Бейнелеудегі ұнамды тәсілі бұлдыр кескін болды . Мұндай суреттерді
жасау барысы көбіне үш кезеңнен тұрады: алдымен жонғыш-белгі салушымен
кескінің ұзындық нобайы жасалады, содан кейін құралдың өткір ұрғы бөлігімен
бейнелеу шегіндегі тотықтың (патина) қара қабыршағы алынады және, ақырында,
бүкіл бұл тереңдетілген бұлдыр кескін қосымша өңдеуге-тегістеп қырнауға
салынады. Пішінді қашаумен немесе науашалы оюмен, әлде бүкіл бұлдыр кескін
аумағында нүктелі қашаумен жасалған суреттер жиі ұшырасады . Кейбір
бейнелеулерде өрнектеудің бір емес, екі-үш техникалық әдістері қолданылған
.

Жартастардағы бейнелердің көпшілігін б.д.д. 2-ші, 1-ші мыңжылдықтардың
шеберлері жасаған. Олардың арасында
Теректідегі , Тесіктастағы және Қараүңгірдегі бұғылар өрнектері, сондай-
ақ Орталық Қазақстандағы Тесіктас үңгірінің төбесіндегі сол аңдардың қызыл
бояулы суреттері бар. Алайда, олар, сірә, қазақстандық петроглифтердің көзі
бола алмайды. Кейінгі палеолитке жататын Ленадағы тамаша шишкиндік жазулар
және таяуда ашылған Оралдағы Қап үңгіріндегі мамонттардың бояулы
суреттерінің галереясы Қазақстанда да уақыты жеткенде тас дәуірі адамының
алғашқы өнер үлгілері табылатынына үміттенуге мүмкіндік береді.
Жартастардағы өрнектердің басты нысаны адамды қоршаған жануарлар
әлемі және де ол күн сайын аң аулауда және күнделікті өмірде бетпе-бет
келген оның бейнелері болып табылады .
Жартастағы өнердің мағынасын ашуда әлі де ақтаңдақтар көп, өйткені
тастағы оймаларда тұрмыстың жай суреттері, қазір ғана орын алған
оқиғалардың сызбалары ғана бейнеленбеген . Жартастағы бейнелер - ертедегі
адамның оған таныс жануарлар әлемі образдары түрінде білдірілген, оны
қоршаған шындық туралы жинақталған мифтік түсініктерінің жемісі. Басқаша
айтқанда, петроглифтерде ежелгі нанымдар көлеңкесі арқылы өткен алғашқы
адам мен малшы өмірі бейнеленген , мұнда құдай деп танылған шындық пен
болашақ туралы армандар тұтасып кеткен. Табиғат күштеріне толық тәуелділік,
оның түсінігі бойынша, өзіне аман-есендік, туған-туысқандарына денсаулық
және аңшылық кәсіпшілігіне табыс әкелуге тиісті жаратылыстан тыс күштермен
адам табиғатты толтыруға әкелгенде, бұл түсініктердің тамыры терең
тұңғиыққа кетеді.
Уақыт өте келе жартастардағы өнер жаңа сюжеттермен және бейнелермен
толыға түсті. Оларда аңшылық өмірдің стихиясы, солярий ғибадаты мен
құнарлылық ғибадатының рәміздері нақты көрсетіледі, ақырында, суреттер
мифтердің, эпикалық аңыздардың
ауызша мәтіндерін сыйпаттады. Алуан түрлі өсімдіктерге бай және мөлдір
тау бұлақтары мол көрікті сайларда кейде тіптен жүздеп, мыңдап
жартастардағы суреттер кездеседі . Мұндай орындар рулық ғибадатхана,
өзіндік діни храмдар ретінде пайдаланылды, бұл жерлерде рулық және тайпалық
табиғат оянуларының мерекелері өткізілді, түрлі діни рәсімдер орындалды.
Тастағы ежелгі суреттердің ең бір тартымды орны Алматы қаласынан
батысқа қарай 170 шақырым жердегі Су-Іле тауларының оңтүстік-батыс
бөлігіндегі Таңбалы сайынан кездеседі. А.Г.Максимова 1957 жылы зерттеген
жартастағы оюлар сюжеттерінің ерекшелігімен және байлығымен мамандардың
бірден назарын аударды. Бұл сайдағы кемінде мың сурет зерттелінді. Олар
қола дәуірінен басталып, түріктер уақытына дейінгі кезге дейін созылған екі
мыңжылдықтың барысында жасалды.
Жатқан бұғыларды бейнелеу сыйпаты жөнінде топтардың бірі аң
стиліндегі скиф-сақ-сібір бұйымдарымен тығыз қабысады және болжалды түрде
ерте темір дәуіріне жатқызыла алады. Басқа суреттер, мәселен, далалық
бөкендер немесе жабайы өгіздер әлі стильдендірумен қиындатылмаған және,
бәлкім, скифтік-сақтық торевтиканың көркем прототипі болып табылады.
Аңдар мен үй жануарлары, аң аулау көріністері бейнелерінің арасында
табыну сыйпатындағы желілер тобы ерекшеленеді. Бұл - "билеген адамдардың"
қол ұстасып әндеткені, қасиетті ағаштар көлеңкесіндегі күн әлпетті
адамдардың ірі мүсіндері, және аң терілерін киінген және қолдарында дабылы
бар бақсылар орындайтын жоралғы қимылдар көріністері .

Көптеген жылдарын ежелгі тастағы жазуларды зерттеуге арнаған
А.П.Окладников ертедегі эвенкі әңгімесінің қызықты жазбаларын келтіреді.
Эвенкілер жылына бір рет мерекеге
жиналып, оның басты оқиғасы "аулау, аңшылық сәттілік, бақыт" болған
ерекше ғұрып еді. Бұғы терілерін жамылған, басына мүйіз байлаған аңшылар
рулық қасиетті орындарда-тастарда, жартастарда және ағаштарда аңдарды таң-
тамаша қалдырған сиқырлы билерді бірнеше күн орындаған.
Көне көздің бұл әңгімесі Тамғалы сайындағы би билеуші адамдардың
жұмбағына жарық түсіріп қоймайды, сонымен бірге аңшылық дуа мен кәсіптік
табынудың ежелгі дәстүрлерінің таңданарлық өміршеңдігін баса көрсетеді.
¦жымдық билердің мұндай көріністері айтарлықтай кең тараған. Олардың
Жетісудың
Шолақ тауларының жартастарынан көруге болады. Жақында мұндай сурет
Жуалы шұңқырындағы Габаевка селосына жақын жердегі жартастан табылды.
Сондай табынушылық идеялары Сібір мен Кавказдағы, ‡ндістан мен Африкадағы,
Скандинавия мен
Шығыс Европадағы басқа да ежелгі тайпалар мен халықтарға бірдей жақын
болған. Оларда шын мәнінде ертедегі адамның психикалық құрылымының белгілі
бір тарихи дәуірмен бірлігі көрініс тапқан.

Бірақ салт жоралық билер тек аң аулау тақырыбымен ғана байланысты
болмаған. Жоғарғы Ертіс, Қаратау қыраттары жартастарындағы бейнелеулер
сияқты, Тамғалыда наным-сенімнің тағы бір шеңбері ертедегілердің түсінігі
бойынша, көктемгі молшылық пен құнарлылықтың сиқырлы күшін білдіретін
май - мамыр ағашы төңірегіндегі мейрам айқын көрінеді. Тамғалы
сайындағы жартастарда қашалған адам кейіпті тәңірі космогония идеясын, күн
бейнесінің құнарлылық пен гүлденген табиғат
табынуымен тығыз байланысы туралы түсінікті білдіреді . Жартастағы
суреттерде тарихи дамуының түрлі кезеңдеріндегі
адамның рухани өмірі туралы, және де басқа тарихи түпнұсқалар әдетте
жұмған аузын ашпайтын жақтары туралы аса бай ақпарат жасырынған.

Ши тоқу – өне кәсіп Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай
отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі
өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан
бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу
өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар
өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде
ерекше маңызға ие болған. Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені
ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті
қу шидің өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта
орнын
айқындап, мәні мен маңызын аша білу – ата-бабаларымыздың тек
біліктілігінің ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген
жөн. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік
шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши
өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте,
суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің
сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте
берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде
кәдеге асты. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақтан бастап, киіз үйдің құрамдас бөлігі
ретінде, қоршау ретінде де қолданылған ши оған салынған әдемі ою-өрнегімен,
келісті бейне-суретімен үй ішін де безендіріп тұратын. Мұндай кереметтерді
жасауда шебердің жұмысы алдымен жиналған шидің сабағын қабығынан аршып,
оның жарамды, жарамсызын бөліп алумен басталады. Негізінен ши бұйымын
сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар – ақ ши, ораулы ши және шым
ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз-өз
орнымен қолданылады. Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына
салуға, құрт-ірімшік жаюға өре ретінде, сондай-ақ үйдің төбесін сыларда
біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ шиді қолданған. Ақ ши дегеніміз –
қабығынан аршылған, оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ өре ши деп те
атаған. Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши
немесе ораулы ши деп атайды. Әр тұсынан өрнек сала оралған бұл ши түрі
көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни үй ішін безендіріп, ою-өрнекпен, түрлі
бейнемен суреттелген. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің
керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған. Біркелкі оралған өрнекті шиді
шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде жез ши деп те атау ерте уақыттағы жез
оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-
су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде пайдаланған. Өрнектеп шым ши
тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл
саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін
композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық
ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып
бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі
жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын шаршы ою деп те
атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек,
үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің
бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді
түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши
екені белгілі. Бұрындары ши орау және тоқу технологиясын жас қыздар апа-
әжелерінің жанында отырып-ақ меңгерген. Осылай бұл өнер кәсіп ретінде
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты
белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы
жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға
немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі
жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге
арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге
бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп
тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Сондықтан көбіне бұл арқалықтың биіктігі
120-130 см шамасында болады. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен
иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір-біріне қарама-
қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек
қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см
болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең
сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі
қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады.
Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден қабаттап бекіту шарт емес, оны үш
шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат
деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде
шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Мұның шидің екі шеті қалың болып, тез
тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін
қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау
деп атайды. Ал кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін шиді
айналдыра тұтуды ши ұстау деп атайды. Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі
– тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау. Екіншісі – жаңа өрнек
үлгісімен орау. Шеберлер ши бетіне салған түрлерін жүзтеру деп аталады.
Шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін көбінесе
пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Бұл
белгілеуді сызу деп атайды. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге
түрлі-түсті жүннен орап үлгі салып, түр шығарады. Оралған шиді, салынған
белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды шеберлер
тізу деп атаған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де
пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі,
тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған
шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына
әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін
салқындатуға жақсы. Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп
безендіру, түр салып тоқу ісі – ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып
келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен
өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп,
пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес.

Ши тоқу – бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша,
ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау
көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен,
жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып,
олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие
болған.Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал
табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің
өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын
айқындап, мәні мен маңызын аша білу – ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің
ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн.
Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік
шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши
өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте,
суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің
сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте
берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде
кәдеге асты. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақтан бастап, киіз үйдің құрамдас бөлігі
ретінде, қоршау ретінде де қолданылған ши оған салынған әдемі ою-өрнегімен,
келісті бейне-суретімен үй ішін де безендіріп тұратын. Мұндай кереметтерді
жасауда шебердің жұмысы алдымен жиналған шидің сабағын қабығынан аршып,
оның жарамды, жарамсызын бөліп алумен басталады.
Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар –
ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл
аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады.
Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт-ірімшік
жаюға өре ретінде, сондай-ақ үйдің төбесін сыларда

біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ шиді қолданған. Ақ ши
дегеніміз – қабығынан аршылған, оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ өре ши
деп те атаған.
Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши
немесе ораулы ши деп атайды. Әр тұсынан өрнек сала оралған бұл ши түрі
көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни үй ішін безендіріп, ою-өрнекпен, түрлі
бейнемен суреттелген. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің
керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған.
Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде жез
ши деп те атау ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған болса керек. Өн
бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау
ретінде пайдаланған.
Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының
маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі
барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою,
бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі
ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының
ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын шаршы ою деп
те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек,
үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің
бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді
түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши
екені белгілі.
Бұрындары ши орау және тоқу технологиясын жас қыздар апа-әжелерінің
жанында отырып-ақ меңгерген. Осылай бұл өнер кәсіп ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
мұра болып отырған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі
ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады.
Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе

бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы
ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып
тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі.
Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге
ыңғайлы болуы тиіс. Сондықтан көбіне бұл арқалықтың биіктігі 120-130 см
шамасында болады. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас
немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір-біріне қарама-қарсы
орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы
бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады
да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың
үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады,
осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда
төрт шиден қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып
байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат деп атайды. Тоқылған
шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40
см болуы керек. Мұның шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына
себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды.
Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды. Ал кереге
сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін шиді айналдыра тұтуды ши
ұстау деп атайды.
Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі – тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне
сала отырып орау. Екіншісі – жаңа өрнек үлгісімен орау.
Шеберлер ши бетіне салған түрлерін жүзтеру деп аталады. Шиге өрнек
саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін көбінесе пышақпен,
қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Бұл белгілеуді сызу
деп атайды. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі-түсті жүннен
орап үлгі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің таңбалық сипаты
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу петроглифтерінің зерттелуі
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Семиотика - таңбалар мен таңбалық жүйелер туралы ғылым
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы
Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
Химия тілі
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Таңба және оның түрлері. тілдік және тілдік емес таңбалар
Пәндер