Мұрын қуысы
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1 Тыныс алу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
2.1.1 Мұрын
қуысы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
2.1.2
Көмей ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.1.3 Көмей шеміршектері.

... ... 9
2.1.3.1 Жүзіктәрізді
шеміршек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...9
2.1.3.2 Қалқанша

... ... ... ... 9
2.1.3.3 Ожаутәрізді

... ... ..10
2.1.4 Көмей қақпашығы

... ... ...10
2.1.5
Кеңірдек ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1.6
Бронхтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1.7
Өкпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Сыртқы тыныс
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..19
2.2.1 Тыныс алу қозғалыстарының
биомеханикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 19
2.2.2 Өкпенің жалпы сыйымдылығы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2.3 Дем алу және дем шығару.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2.4 Тыныс алу механикасы.

..23
2.2.5 Тыныс алу
орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
9
Кіріспе
Тынысалу ағзалары дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттетін
жеткізіп, дем шығарған кезде көмірқышқыл газын шығару үшін қызмет етеді.
Суда тіршілік ететін жануарларда тынысалу мүшелері қызметін бірінші ішектің
арнаулы тетіктері болып табылатын желбезектер атқарады. Оның жан-жағында
саңылаулар (желбезектер саңылаулары) түзіледі, олардың жиектерінде біраз
қантамыр капиллярлары бар күлтелер болады. Желбезек саңылаулары арқылы
өтетін су желбезектерді шайып, соның нәтижесінде оттегі судан алынып,
тікелей қанға өтіп, ал көмірқышқыл газы суға бөлініп шығады. Жануарлар суда
тіршілік етуге көшкеннен кейін су арқылы тыныс алатын мүшелер - желбезектер
ауамен тыныс алатын - өкпеге ауысады. Бұлай ауысу біртіндеп жүреді.
Мәселен, қосмекенділер ерте личинка кезінде желбезектермен, ал ересек
кезінде өкпемен тыныс алады. Құрлықта тіршілік ететін жануарларда
жорғалаушылардан бастап желбезектер өздерінің маңызын жоғалтып, басқа
мүшелер түзуге жұмсалады да, ал тынысалу қызметін желбезектер сияқты
бірінші ішектен өсіп шығатын өкпе атқара бастайды. Сүтқоректілерде тынысалу
мүшелері алдыңғы ішектің вентралді қабырғасынан дамып бүкіл өмір бойы
онымен байланысын сақтайды. Адамда да сақталатын тынысалу және асқорыту
жолдарының жұтқыншақта айқасуы да осымен түсіндіріледі. Тынысалу актісін
іске асыру үшін таза ауа ағынының тынысалу бетіне баруын, яғни айналысын
қамтамасыз ететін тетік қажет. Осымен байланысты, өкпеден басқа тынысалу
жолдары болады, атап айтқанда: мұрын қуысы мен жұтқыншақ (жоғарғы тынысалу
жолдары), содан соң көмей, кеңірдек және бронхтар (төменгі тынысалу
жолдары).
Бүл жолдардың ерекшелігі олардың қабырғаларының қатты тіндерден (сүйек
пен шеміршек) қүралуында, сол себепті қабырғалары босаңсымайды да, қысымның
оңнан теріске қарай күрт өзгеруіне қарамастан дем алып, дем шығарғанда ауа
еркін қозғалады.
Ішке жұтылатын ауа мұрын (немесе ауыз) қуысы және жұтқыншақ арқылы
көмейге өтеді. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың құрылысы жоғарыда асқорыту
жүйесін сипаттағанда баяндалды. Мұрын қуысының сүйекті арқауы остеология
бөлімінде қарастырылды. Бүл жерде біз тынысалу жолының бірінші бөлігіне -
мұрын қуысына тоқталамыз.
Негізгі бөлім.
1. Тыныс алу түсінігі
Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ
түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан
қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қоректік
заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере
алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше
минуттің ішінде өліп қалады. Олай болса, оттегі адам өмірі үшін аса
маңызды. Организмде оттегінің қоры жоқтың қасына бары бірнеше минуттік
қана. Сондықтан тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі
тиіс. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың
ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем
алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады.
Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа
айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан
өкпе орындайды [1].
Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада,
өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан
ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте
әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді.
Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі
міндеттерінен басқа да қызмет атқарады. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты
түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Көк еттің
(диафрагманың) дем алып, дем шығарғанда көтеріліп және төмен түсуі ас
қорыту мүшелеріне қысымдық әсер етіп, ішек-қарындарға уқалау (массаж)
іспетті әсер етеді. Егер адам терең дем алса, бұл әсер күштірек болады.
Кеуде қуысындағы өкпе сығылып және босау арқылы жүрекке, қолқа, өкпе
артериялары, жоғарғы және төменгі қуыс веналарына да, ас қорыту
мүшелеріндегідей әсер етеді де, жүрек қанды сорып алуына көмектеседі [2].
Мұнымен қатар, дем алу ырғағы жүйке жүйесі арқылы да организмге әсер
етеді. Нәрестелерде тыныс аритмиясы деген ерекшелік болады: дем алғанда
пульс жиілеп, дем шығарғанда және пауза кезінде азаяды. Тыныс аритмиясы,
әсіресе жыныстық жетілу кезінде жақсы байқалады. Ересек адамдарда мұндай
әсер болғанымен балалардағыдай айырмашылық онша көп емес.
Тыныс ырғағының аз да болса, қанның қысымына, капиллярлық қан
айналысына да ықпалы бар. Өз еркімен тәжірибеге қатысқан студенттерде дем
шығарғанда қолдың бұлшық еттерінің күші аздап көбейгені байқалған. Тыныс
ырғағы көздің жарық сезімталдығына да аздап әсер етеді.
Тыныс ырғағы адамның миының қызметіне де, әсер ететінін білу
педагогтер үшін аса маңызды. Кейбір күнделікті бақылауда орын алатын
жағдайларды естеріңізге алыңыз: адам аса зор ықыласпен тың тыңдағанда дем
алу сәл уақытқа кідіреді. Дем шығарғанда ынта күшейеді, ал дем алған сәтте
төмендейді. Тыныс алу жиілігі жоғары болғанда, айталық, ашуланғанда адам
көңіл қойып, бар ынтасымен ойлана алмай қалады. Мұндай жағдайда ол өзін-өзі
басып, тыныштандыруы тиіс. Тыныш отырып, қалыпты ырғақпен демалғанда
адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Сондықтан сабақ оқып жатқанда, оның
алдында баланың көңілін өзгертетін әсерлер болмауы тиіс. Осыған байланысты
гигиеналық талаптар бойынша мектепте қиын пәндердің алдына дене шынықтыру
сабағын қоюға болмайды. Кей кезде баланың сабағының нашар болуы оның мұрын
қуысында пайда болып өсіп кеткен аденоидтарға (мұрын қуысындағы бездердің
өсуі) байланысты болады. Аденоидтарды алып тастағаннан кейін басының
ауырғаны, кейбір балалардың түнде төсекке дәретке отыруы, т.б. басылады,
ұйқысы жөнднлнді, сөздері анық болып, сөйлеу қабілеті дұрыс дамиды [3].
Тыныс алу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын
қамтамасыз ететін өзара байланысты көптеген үрдістерді айтады. Оттегінің
қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамындағы органикалық
заттардың тотығуы нәтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет
энергия пайда болады. Мұнымен қатар тотығу барысында көмір қышқыл газы
түзіледі. Бұл газ уақытында сыртқа шығарылып тұрмаса көптеген тіршілікке
қажет үрдістер тоқтап денеде су тұрақтылығы (изогидрия), жылу тұрақтылығы
(изотермия) бұзылады да адам өміріне қауіп туады. Демек, организм ауадан
үздіксіз оттегін алып, ұдайы көмір қышқыл газын сыртқа шығарып тұрса ғана
өмір сүре алады.
Тыныс алу негізінен бес кезеңнен тұрады:
1) сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп,
өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;
2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы
газдардың алмасуы;
3) газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;
4) тін мен қан арасында газ алмасуы;
5) ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
Бұл – биохимиялық үрдіс. Тыныс алудың алғашқы 4 кезеңін физиология,
соңғысын биохимия зерттейді [4].
2.1.1 Мұрын қуысы
Дем алғанда ауа өкпенің жұмсақ тінімен жанасуы үшін шаңнан тазарып,
жылынып, ылғалдануы қажет. Бұл мұрын қуысында, cavitas nasi, іске асады,
сонымен қатар бір бөлігі сүйекті, екінші бөлігі шеміршекті каңкадан
түзілген сыртқы мұрынды, nasus externus, ажыратады . Остеология бөлімінде
атап өтілгендей, мұрын қуысы мұрын қалқасы, septum nasi, (артқы жағынан
сүйекті, ал алдыңғы жағынан шеміршекті) арқылы екі симметриялы жартыларға
бөлінген, олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың, nares,
көмегімен атмосфера ауасымен, ал артқы жағынан хоандар арқылы жұтқыншақпен
қатысады. Қуыс қабырғалары, қалқасы мен қалқандарының шырышты қабықтары
танаулар аймағында терімен қосылып, ал артқы жағында жұтқыншақтың шырышты
қабығына жалғасады.
Мұрынның шырышты қабығы (грекше гһіпос - мұрын, осыдан ринит - мұрын
қуысы шырышты қабығының қабынуы) жұтатын ауаны өңдейтін бірқатар
тетіктермен жабдықталған.
Біріншіден, кірпікшелі эпителимен жабылған, оның кірпікшелері тұтас
кілемше түзіп, оған шаң-тозаң шөгіп қалады. Кірпікшелердің толқынды
жыбырлауы нәтижесінде шөккен шаң-тозаң мұрын қуысынан шығарылады.
Екіншіден, шырышты қабықта шырыш бездері, glandulae nasi, орналасқан,
олардың шығаратын секреттері шаң-тозаңды орап, оның шығарылуына жағдай
жасайды, сондай-ақ ауаны ылғалдандырады. Үшіншіден, шырышты қабық вена
тамырларына бай, олар төменгі қалқанда және ортаңғы қалқанның төменгі
жиегінде түрлі жағдайларда ісінетін үңгірлі денелерге ұқсас қалығы өрім
түзеді; олар зақымданғанда мұрыннан қан кетеді. Бұл түзілістердің мұрын
арқылы өтетін ауа ағынын жылытуда маңызы зор [5].
Сипатталған шырышты қабықтың тетіктері ауаны механикалық жағынан
өңдейді және ортаңғы, төменгі мұрын қалкандары мен мұрын жолдары деңгейінде
орналасады. Сондықтан - мұрын қуысының бұл бөлігі тынысалу бөлігі, regio
respiratoria, деп аталады. Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде, жоғарғы қалқан
деңгейінде, иіс сезу мүшесі түрінде, өтетін ауаны бақылауға арналған тетік
бар, сондықтан мұрын қуысының жоғарғы бөлігін иіс сезу аймағы, regio
olfactoria, деп атайды. Бұл жерде иіс сезу нервінің нервтік ұштары - иіс
сезу анализаторының рецепторын құрайтын иіс сезу жасушалары жайғасады.
Мұрын жанындағы қойнаулар, sinus paranasales, ауаны желдетуге қосымша
тетік қызметін аткарады, олар да мұрынның шырышты қабығының тікелей жалғасы
болып табылатын шырышты қабығымен астарланған. Бұл "Остеология" бөлімінде
сипатталған: 1) жоғарғы жақсүйек (гаймор) қойнауы, sinus maxillaris,
қаңқаланған бас-сүйектегі кең гаймор куысы тесігі кішкене саңылаудан басқа
жерде шырышты қабықпен жабылады; 2) маңдай койнауы, sinus frontalis; 3)
тұтастай sinus ethmoidalis-ті құрайтын торлы сүйек ұяшықтары, cellulae
ethmoidales; 4) сынатәрізді койнау, sinus sphenoidales.
Тірі адамның мұрын қуысын карағанда (риноскопия) шырышты қабық қызғылт
түсті. Мұрын қалқандары, мұрын жолдары, торлы сүйек ұяшықтары әрі маңдай
мен жоғарғы жақсүйек қойнаулары керінеді. Мұрын қалқандары мен мұрын
жанындағы қойнаулары шырышты қабықтың бетін ұлғайтады, онымен жанасу
жұтатын ауаның жақсы өңделеуін қамтамасыз етеді. Сүйектерден құрылып,
гиалинді шеміршектермен толықкан ("Остеология" бөлімін қараңыз) мұрын қуысы
ауаның еркін айналуына жағдай жасайды.
Мұрын шеміршектері мұрын қапшығының қалдықтары болып табылады және
жұптасып мұрынның бүйір қабырғаларын (бүйір шеміршектері, cartilagines nasi
laterales), мұрын қанаты мен мұрын қалқасының қозғалмалы бөлігін
(cartilagines alares majores et minores), сондай-ақ мұрын қалқасын - оның
тақ шеміршегін (cartilago septi nasi) түзеді. Мұрынның терімен жабылған
сүйектері мен шеміршектері сыртқы мұрынды, nasus externus, құрайды. Онда
жоғарыда орналасқан мұрын түбірін, radix nasi, төмен қараған мұрын үшын,
apex nasi, және орта сызықта қосылып алға қараған мұрын арқашығын, dorsum
nasi, түзетін екі бүйірін ажыратады. Мұрынның бүйір жақтарының жүлгелермен
бөлінген төменгі бөліктері мұрын қанаттарын, alae nasi, түзеді, олардың
төменгі жиектері мұрын қуысына ауа өткізетін танауларды шектеп түрады. Адам
танауы жануардікі, соның ішінде приматтардікі сияқты алға қарай емес, төмен
бағытталған. Сондықтан жұтатын ауа ағыны маймылдардағыдай тура артқа емес,
жоғары қарай, иіс сезу аймағына келіп, жұтқыншақтың мұрындық бөлігіне қарай
доғат әрізді ұзақ жолдан өтеді, ал бұл ауаның өңделуіне жағдай жасайды.
Шығатын ауа төменгі мұрын жолымен тура төмен кетеді [6].
Шығыңқы сыртқы мұрын адамға тән ерекшелік болып табылады, өйткені
ондай мұрын тіпті адамтәрізді маймылдарда да болмайды. Бұл, сірә, адамның
тік жүруіне және шайнау қызметінің әлсіреп, түсінікті сөз сөйлеудің пайда
болуынан бет қаңқасының түрленіп, өзгеруіне байланысты болу керек.
Жұтылған ауа хоандар арқылы жұтқыншақтың мұрындық, одан кейін ауыздық
бөлігіне, одан әрі көмейге келеді. Ауызбен де тыныс алуға болады, ауыз
қуысында ауаны бақылап, өңдейтін тетіктер болмайтындықтан, ауызбен тыныс
алатын адамдар жиі ауырады. Сондықтан мұрынмен тыныс алуды қадағалау керек.
2.1.2 Көмей
Көмей, larynx, IV, V және VI мойын омыртқалары деңгейінде дәл тіласты
сүйегі астында, мойынның алдыңғы жағында орналасып, бұл жерде сыртқы жабын
арқылы айқын білінетін қырат түзеді. Көмей, артында жатқан жүтқыншақпен,
көмей кіреберісі, aditus laryngis, деп аталатын тесік арқылы тікелей
қатынасады. Көмейдің жандарынан ірі мойын қантамырлары өтеді, ал көмей
алдыңғы жағынан тіласты сүйегінен төмен жатқан бұлшықеттермен (mm.
sternohyoidei, sternothyroidei, omohyoidei), мойын шандырымен және қалқанша
бездің үлестерінің жоғарғы бөліктерімен жабылған. Көмей төменде кеңірдекке
жалғасады .
Адам көмейі - тамаша музыка аспабы сияқты. Көмей арқылы шығатын ауа
дауыс байламдарын тербелтіп, соның нәтижесінде дыбыс пайда болады. Нерв
жүйесі арқылы басқарылатын ауыз қуысы, тіл, жұтқыншақ және көмейдің
бұлшықеттері жиырылуы нәтижесінде көмейдегі дауыс байламының керілуі, ауа
өтетін қуыстың шамасы мен пішіні музыка аспаптарындағыдай емес, өзгеріп
отырады. Адам осы арқылы адамтәрізді маймылдардан өзгешеленеді, олар ән
салып, сөз сөйлеу үшін қажетті тыныс шығарғандағы ауа ағынын реттеп отыруға
мүлде қабілетсіз. Тек гиббон ғана азды-көпті музыкалық дыбыс шығаруға
қабілетті ("гиббон гаммасы"). Оның үстіне маймылдарда тері астында созылып,
резонатор қызметін атқаратын "дауыс қаптары" күшті дамыған. Ал адамда олар
рудименттік түзілістер болып табылады (көмей қарыншалары). Біртіндеп
күшейген модуляциялар арқылы маймылдың дамымаған көмейі адам көмейіне
айналып, дамымаған ауыз мүшелері "біртіндеп жекелеген дыбыс шығаруды
үйренгенше" (К. Маркс және Ф. Энгельс. соч., 2 - изд., 20, с. 489) мыңдаған
жылдар керек болды.
Көмей өзіндік музыкалық аспап болуымен қатар қозғалыс аппараты
принципімен қүрылған, сондьщтан онда шеміршектер түріндегі қаңқаны, олардың
байламдар мен буындар түріндегі қосылыстарын және шеміршектерді қозғалтып,
соның нәтижесінде дауыс саңылауы көлемі мен дауыс байламдары керілуі
дәрежесін өзгертетін бұлшықеттерді ажыратуға болады (7-сурет) [7].
2.1.3 Көмей шеміршектері.
2.1.3.1 Жүзіктәрізді шеміршек,
Жүзіктәрізді шеміршек, cartilago cricoidea, гиалинді, жүзік пішінді,
артқы жағынан жалпақ табақшадан, lamina, және алды мен бүйірлерінен
доғадан, arcus, тұрады. Табақшаның жиегі мен бүйір бетінде ожаутәрізді және
қалқанша шеміршектерімен қосылуға арналған буын алаңшалары болады (8, 9-
суреттер).
2.1.3.2 Қалқанша шеміршек
Қалқанша шеміршек, cartilago thyroidea, көмей шеміршектерінің ең
ірісі, гиалинді, алдына карай бұрыш жасай тұтасатын екі табақшадан,
laminae, тұрады. Бала мен әйелдерде бұл табақшалар дөңгелектене қосылады,
сондықтан оларда ересек еркектердегі сияқты бұрышты шодыр болмайды. Жоғарғы
жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік - incisura thyroidae superior, болады.
Әр табақшаның қалыңдаған артқы жиегі, ұзын жоғарғы мүйізге, cornu superius,
және қысқа төменгі мүйізге, согпи inferius, созылады; соңғы мүйіздің ұшында
іш жағынан жүзіктәрізді шеміршекпен буындасуға ар-налған алаң жатады.
Қалқанша шеміршектің әр табақшасының сыртқы бетінде қиғаш сызық, Н-пеа
obliqua, (m. sternothyroideus пен m. thyro-hyoideus бекитін жер) байқалады
[8].
2.1.3.3 Ожаутәрізді шеміршек
Ожаутәрізді шеміршектердің, cartilagines ary-tenoidea, дауыс байламдары мен
бұлшықеттеріне тікелей қатысы бар. Олардың негіздері, basis, lamina
cricoidea-ның жоғарғы жиегінде орналасқан, ал ұштары, apex, жоғары қараған
пирамидаларға ұқсайды. Алдыңғы бүйір беті барынша кең. Негізінде екі өсінді
жатады: 1) алдыңғы өсінді (серпімді шеміршектен) дыбыс сіңірлері бекитін
орын болғандықтан processus vo-calis (дауыстық) деп аталады; 2) ла-тералды
бұлшықеттік өсінді, processus muscularis, (гиалинді шеміршектен) оған
бұлшықеттер бе-киді.
2.1.4 Көмей қақпашығы
Көмей қақпашығы, epiglottis s. cartilage epiglottica aditus la-ryngis
алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан жапырақ пішінді
серпінді шеміршек тінді табақша. Ол төмен қарай" тарылып, көмей
қақпашығының сабақшасын, petiolus epiglottidis, түзеді. Қарама-қарсы кеңдеу
шеті жоғары қарайды. Көмей жаққа қараған дөңесті-ойысты дорсалды беті, өн
бойына шырышты қабықпен жабылған; төменгі дөңес бөлігі көмей қуысына қарай
шығып тұрады және tubercullum epiglotticum деп аталады. Тіл жаққа қараған
алдыңғы немесе вентралды беті, тек жоғарғы бөлігінде ғана байламдар бекуден
бос болады.
Көмей байламдары. Көмей тіласты сүйегі мен қалқанша шеміршек арасында
керілген membrana thyrohyoidae көмегімен тіласты сүйегіне ілініп түрған
сияқты, соңғы membrana thyrohyoidea тақ байламнан, lig. thyrohyoideum
medianum және тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері мен қалқанша шеміршектің
жоғарғы мүйіздері арасында керілген жұп байламдардан, ligg. thyrohyoidea
lateralia, түрады, олардың ішінде кішкентай дәнтәрізді шеміршек, cartilago
triticea орналасады. Тіласты сүйегімен көмей қакпашығы да байланысқан, ол
онымен lig. hyoepiglotticum байламымен және қалқанша шеміршекпен lig.
thyroepiglotticum арқылы қосылады.
Жүзіктәрізді шеміршек доғасы мен қалқанша шеміршек жиегі арасында
ортаңғы сызық бойымен серпімді талшықтардан тұратын берік байлам - lig.
cricothyroideum созылып жатады. Бұл байламның латералды талшықтары
жүзіктәрізді шеміршектің жоғарғы жиегінен басталып, медиалды бүрылып, артқы
жағында cartilago arythenoidea-мев қосылады; бұл будалар lig.
cricothyroideum-мен бірге жоғары қарай жіңішкеретін conus elasticus түзеді.
Оның жоғарғы бос жиегі дауыс байламы болып табылады. Дауыс байламы, lig.
vocale, алдыңғы жағынан қалқанша шеміршек бүрышына, артында ожаутәрізді
шеміршектің processus vocalis-іне бекиді. Байлам бір - біріне параллелді
сарғыш түсті серпімді талшықтардан тұрады. Балалар мен жасөспірімдерде,
ересектерде жоғалып кететін айқасатын серпімді талшықтар да болады. Дауыс
байламының медиалды жиегі үшкір әрі бос, байлам латералды және төмен қарай
тікелей conus elasticus-қа ауысады [9].
Дауыс байламынан жоғары және оған параллелді, жұп кіреберіс бай-ламы,
lig. vestibulare, жатады. Ол төменнен көмей кіреберісін шектейтіндіктен
осылай аталған. Көмей шеміршектері арасында байламдардан баска қалқанша
және ожаутәрізді шеміршектердің жүзіктәрізді шеміршекке жанасатын жерінде
буындасулар жатады.
1. Қалқанша шеміршектің төменгі мүйіздері мен жүзіктәрізді шеміршек
арасында көлденең айналу білігі бар үйлесімді буын, art. cricothyroidea,
түзіледі. Бұл буында қалқанша шеміршек алға және артқа қарай козғалып,
ожаутәрізді шеміршектен алыстап, не оған жақындайды, сол себепті олардың
арасында орналасқан дауыс байламы, ligamentum vocale, бірде керіліп
(қалқанша шеміршек алдыға қарай еңкейгенде), бірде босаңсиды.
2. Әрбір ожаутәрізді шеміршек негізі мен жүзіктәрізді шеміршек
арасында вертйкалды біліктік, жүп artt. cricoarytenoidea жатады, аталған
білік бойында ожаутәрізді шеміршек айналады.
Бұл жерде сырғымалы қозғалыстар - ожаутәрізді шеміршектердің бір-
бірімен жақындасуы және бір-бірінен алыстауы мүмкін.
Көмей бұлшықеттері (10-сурет) көмей шеміршектерін козғалысқа келтіріп,
оның қуысы мен дауыс байламдары арқылы шектелген дауыс саңылауы енін,
сондай-ақ дауыс байламдары кернеуін өзгертеді. Сондықтан олар қызметі
жағынан мынадай топтарға бөлінеді: 1) тарылтқыштар (констрикторлар); 2)
кеңейткіштер (дилятаторлар); 3) дауыс байламдарының кернеуін өзгертетін
бұлшықеттер. Кейбір бұлшықеттерді аралас типті болғандықтан ана топқа да
мына топқа да жатқызуға болады. Олардың барлығы да көлденең жолақты еркін
бұлшықет тінінен құралған. Бірінші топ бұлшықеттеріне жататындар:
Латералды жүзіктәрізді бұлшықет, т. cricoarytenoideus lateralis,
жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және кейін қарай өтіп,
ожаутәрізді шеміршектің pocessus muscularis-іне бекиді. Proces-sus-ті алға
және төмен тартады, соның салдарынан processus vocalis медиалды бүрылып,
дауыс байламдары жақындасып, олардың арасын-дағы саңылау тарылады (бұл
кезде дауыс байламдары біршама керіледі).
Қалқанша көмей бұлшықеті, т. thyroarytenoideus - шаршы"пішінді
бұлшықет. Қалқанша шеміршек табақшаларының ішкі бетінен басталып,
ожаутәрізді шеміршектің processus muscularis-іне бекиді. Ана немесе мына
жақтағы бұлшықеттер жиырылғанда дауыс байламдарынан іле-шала жоғарылап
көмей қуысы бөлігі, regio supraglottica, тарылады да, ал сол кезде
processus vocalis вентралды бағытта тартылып, соның салдарынан дауыс
байламдары біршама босаңсиды.
Көлденең ожаутәрізді бұлшықет, т. arytenoideus transversus - тақ
бұлшықет, ожаутәрізді шеміршектердің дорсалды ойыс беттерінде жатады.
Жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектерді жақындастырып, дауыс саңылауының
артқы бөлігін тарылтады [10].
2.1.5 Кеңірдек
Кеңірдек, trachea (грекше, trachus - бүдырлы) көмейдің жалғасы ретінде
VI мойын омыртқаның төменгі жиегі деңгейінде басталып, V кеуде омыртқасының
жоғарғы деңгейінде аяқталып, сол жерде екі - оң және сол жақ бронхыға
бөлінеді. Кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы, bifurcatio tracheae
деп аталады. Кеңірдектің үзындығы 9 - 11 см, орташа көлденең диаметрі 15 -
18 см (11-сурет).
Кеңірдектің топографиясы. Мойындық бөлімі жоғары жағынан қалқанша
безбен қамтылып, артқы жағынан өңешке жанасады, ал бүйір
жақтарында жалпы ұйқы артериялары орналасады. Қалқанша без қылтасынан басқа
кеңірдекті алдыңғы жағынан mm. sternohyoideus пен sternothyroideus жабады,
бұл бұлшықеттердің ішкі жиектері ажырасатын ортаңғы сызықты ғана жаппайды.
Аталған бұлшықеттердің оларды жабатын шандырларымен қоса артқы беттері мен
кеңірдектің алдыңғы беті арасындағы кеңістікті, spatium pretracheale,
борпылдақ шелмай мен қалқанша без қантамырлары (a. thyroidea ima және
веналық өрім) толтырады. Кеңірдектің кеуделік бөлімін алдынан төстің
тұтқасы, айырша безі, тамырлар жауып түрады. Кеңірдектің өңеш алдында
орналасуы оның алдыңғы ішектің вентралды қабырғасынан дамуына байланысты.
Кеңірдектің құрылысы. Кеңірдек қабырғасы фиброзды, сақиналы
байламдармен, ligg. annularia, қосылған 16-20 толық емес шеміршекті
сақиналардан, cartilagines tracheales, тұрады; әрбір сақина шеңбердің 23
бөлігін ғана алып жатады. Кеңірдектің артқы жарғақты қабырғасы, paries
membranaceus, жалпайған және онда көлденең және бойлық, тыныс алғанда,
жөтелгенде және т. б. жағдайларда кеңірдектің белсенді қозғалысын
қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшьщет тіні будалары болады. Көмей мен
кеңірдектің шырышты қабығы кірпікшелі эпителимен (дауыс байламдары мен
көмей қақпашығының бөлігін қоспағанда) жабылған және лимфа тіні мен шырышты
бездерге бай [2].
2.1.6 Бронхтар
Оң және сол басты бронхтар (bronchus, грекше - тынысалу түтігі),
bronchi principales dexter et sinister, bifurcatio tracheae тұрған жерден
тік бұрыш жасай шығып, сәйкес өкпенің қақпаларына келедіі Оң жақ бронх сол
жақ бронхтан кең, өйткені оң өкпенің көлемі сол өкпенің көлемінен үлкен.
Сонымен қатар сол жақ бронх оң жақ бронхқа қарағанда екі есе үзын, оң жақ
бронхта 6-8, ал сол жақ бронхта 9-12 шеміршекті сақина болады. Оң жақ бронх
сол жақ бронхқа қарағанда тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы
сияқты болады. Оң жақ бронх арқылы арттан алға қарай доға тәрізденіп v.
cava superior-ға қарай бағыттала, vena azygos өтеді, сол жақ бронхтың
үстінде қолқа доғасы жатады. Бронхтардың шырышты қабығының құрылысы
кеңірдектің шырышты қабығының қүрылысымен бірдей (12-сурет).
Тірі адамда бронхоскопия кезінде (яғни көмей мен кеңірдек арқылы
бронхоскопты енгізіп, кеңірдек пен бронхтарды қарағанда) шырышты қабық
сұрғылт түсті, шеміршекті сақиналар жақсы көрінеді. Кеңірдектің бронхтарға
бөлінетін жеріндегі шығып түратын қыр, сагіпа қалыпты жағдайда ортаңғы
сызық бойында орналасып тыныс алғанда еркін ығысып тұруы тиіс [1].
2.1.7 Өкпе
Өкпе, pulmones (грекше - pneumon, осыдан өкпенің қабынуы -пневмония),
кеуде қуысында, cavitas thoracis, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында,
омыртқа бағанасының алдыңғы бетінен, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін
созылатын көкірек аралықпен, mediastinum, бір-бірінен бөлінген өкпе қабында
орналасады. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді (шамамен 10%), әрі біршама
қысқа және кең. Бұл біріншіден, көкеттің оң күмбезінің сол күмбезінен
жоғары тұруына (бауырдың көлемді оң үлесінің әсерінен), екіншіден, жүрек
солға ығысыңқырап орналасып, сол өкпенің енін азайтуына байланысты.
Әрбір өкпе, риіто, бүрыс конус пішінді, оның төмен қараған негізі,
basis pulmonis және дөңгелектенген ұшы, apex pulmonis, деп аталады. Ол
алдыңғы жағында I қабырғадан 3 - 4 см жоғары немесе бүғанадан 2 -3 см
жоғары тұрады, артқы жағында VII мойын омыртқасы деңгейіне жетеді. Өкпенің
ұшында осы жерден өтетін бүғанаасты артериясы қысымынан пайда болатын
кішкене жүлге, sulcus subclavius, байқалады. Өкпенің үш бетін ажыратады:
төменгі беті, fades diaphragmatica, жанасып жататын көкеттің жоғарғы
бетінің дөңестігіне сәйкес ойыс келеді, кең қабырғалық беті, fades
costalis, араларында жатқан қабырға аралық бұлшықеттермен қоса кеуде қуысы
қабырғасы құрамына енетін қабырғалардың ойысына сәйкес дөңес келеді,
медиалды 6eTi,facies medialis, ойыс, көп жерінде жүрекқаптың бедерін
сақтайды. Ол көкірекаралыққа жанасатын алдыңғы бөлікке, pars mediastinalis,
және омыртқа бағанасына жанасатын артқы бөлікке, pars vertebralis,
бөлінеді. Беттер жиектермен бөлінген: негіздің төменгі үшкір жиегі, margo
inferior, ал facies medialis пен costalis-ті бір-бірінен бөлетін жиегі,
margo anterior, деп аталады. Әрбір өкпенің медиалды бетінде оның ортасынан
жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы, hilum pulmonis, орналасады. Ол арқылы
бронхтар мен өкпе артериясы (сондай-ақ нервтер) өкпеге енеді, ал екі өкпе
венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады, барлығы қосылып өкпе түбірін,
radix pulmonis, қүрайды. Өкпе түбірінде бронх дорсалды орналасады, өкпе
артериясының орналасу қалпы оң және сол жақтарда бірдей емес. Оң өкпе
түбірінде a. pulmonalis бронхтан төмен, ал сол жағында бронхты қиып өтіп,
одан жоғары жатады. Өкпе веналары екі жағында да өкпе түбіріндегі өкпе
артериясы мен бронхтан төмен орналасқан. Артқы жағында, өкпенің қабырғалық
және медиалды беттерінің бір-біріне ауысатын жерінде үшкір жиек түзілмейді,
әрбір өкпенің дөңгелектелген бөлігі бұл жерде кеуде қуысында омыртқа
бағанасының жанында (sulci pulmonales) орналасады [1]
Әрбір өкпе саңылаулар, fissurae interlobares, арқылы үлестерге, lobi,
бөлінеді.
Екі өкпеде де болатын бір қиғаш саңылау, fissura obliqua, едәуір
жоғарыдан (үшынан 6-7 см төмендеу) басталып, одан қиғаш көкеттік бетіне
түсіп, өкпе затына тереңдей енеді. Ол әрбір өкпеде жоғарғы үлесті төменгі
үлестен айырып түрады. Бұл саңылаудан басқа оң өкпеде тағы да екінші,
горизонталды, IV қабырға деңгейінде өтетін саңылау, fissura horizontalis,
орналасады. Ол оң өкпенің жоғарғы үлесінен ортаңғы үлесті қүрайтын
сынатәрізді бөлікті айырады. Сөйтіп, оң өкпеде үш үлес болады: lobi
superior, medius et inferior. Сол өкпеде тек екі үлесті ажыратады: жоғарғы,
lobus superior, және төменгі үлес, lobus inferior, ол жоғарғы үлеске
қарағанда көлемді болып келеді. Оған бүкіл көкеттік беті және өкпенің
алдыңғы жиегінің төменгі бөлігінде жүректік тілік, fissura cardiaca
pulmonis sinistri, жатады, ол жерде өкпе жүрекпен ығыстырылып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz