Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және төмендету әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері 5
1.2 Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және төмендету әдістері 8
1.3 Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерінің шетел тәжірибесі 16

2 КазАгроҚаржы АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері 22
2.2 Негізгі қаржылық көрсеткіштердің қозғалыс серпіні 26
2.3 Кәсіпорындағы тәуекелділіктерді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды
элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне
әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез
келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу
тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының
бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық
қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі
теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық
қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді
нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел
міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені
олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау.
Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша
мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады.
Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында,
ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ
банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды
әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін
жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып
алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел
жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз
болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын
қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады.
Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел
дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі
тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық
менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты
әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-
менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау
және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін
толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін
талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
беру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін
бағалау теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-
менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде
КазАгроҚаржы акционерлік қоғамының филиалы алынып, қаржылық жағдайы,
қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.
Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз
болады.

1 Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері
1.1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің
ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе
болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан
келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян,
шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі
бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар
қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің
сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты
тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық,
транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік,
саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу
мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы
тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы
процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық
тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге
тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу
қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез
құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі
төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да
валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа
валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту
қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі
себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі
мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде
жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар
және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу
нәтижесінде туындауы мүмкін.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен
байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен
түсіндіріледі. Портфельдік термині итальян сөзінен Porte foglio шығып,
инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады:
пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып
кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің,
инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық
тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар,
сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық
мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі
жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық
құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға
қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша
шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын
бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін.
Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі
кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға
өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша
айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын
еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата
алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың
төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын
еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез
өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын
пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық
бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың
негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі
болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық
тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік
тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін
ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша
төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі
және т.б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау)
–инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен
салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал
салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес
таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған
міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті
ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық
актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында
жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге
отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа
байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының қатынасы
өсуде 9,64б..
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі
ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты
ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі
мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын
болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды
орналастыруды анықтау қажет.
Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл
тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын
елестетіп көруге болады.
1.2 Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және төмендету әдістері

Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен
онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел
факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес.
Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының
деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына –
салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты
жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу
мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі бұл жобаның тәуекелі төменірек
сияқты дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе
тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес
келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады.
Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай
алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады.
Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады):
орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді
өзгермелілігімен (вариация).
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын
нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен
ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге
тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық
нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:
σ²==(x-x²)n,
(1)
мұндағы σ² - дисперсия;
x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін
күтілетін мәні;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;
n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін
сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті
көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
v=σx·100,
(2)
мұндағы v – вариация коэффициенті;
σ – орташа квадраттық ауытқу;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация
коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация
коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға
дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа
тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені
алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл
ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық
тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып
статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс
қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану)
болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді
инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша,
бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал
диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер,
инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары
бойынша бағаланады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен
қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері
есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық
даму деңгейі талданады.
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып,
рейтингтер анықталады.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл
әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс
таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды
болжамдауға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы
менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар
тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу
ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде
көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр
кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы
ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын
кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның
мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану
туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын
бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына,
олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер)
назар аударылады.
Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл
модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:
Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,
(3)
мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;
З – запастар мен шығыстар;
Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық
салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;
Ис – меншікті қаражаттар көздері;
Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық
қаражаттар;
К – қысқа мерзімді несиелер;
Р – кредиторлық қарыздыр.
Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын
сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде
негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі
көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары
арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы
болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық
өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше
модельдеу мүмкіндіктері бар.
Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға,
болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.
Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді
орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі,
өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері:
өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың
қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі,
қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру
көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.
Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін.
Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен
топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі
көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін
интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын
топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг
мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары
және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау
төмендегілерді қарастырады:
- тәуекел факторларын анықтау;
- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;
- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.
Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел
облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын
мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.
Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының
құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің
мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім
диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы,
әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.
Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары
бар:
- тәуекелсіз зона;
- минималды тәуекел облысы;
- жоғары тәуекел облысы;
- критикалық тәуекел облысы;
- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны
Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы
болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық
қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру
компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен
азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру
қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар
сферасымен түсіндіріледі.
Тәуекел-менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ
айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару
жүйесі болып табылады.
Тәуекел-менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.
Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға жету үшін қаражаттарды
пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді
қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.
Тактика – нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты
әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті ең оптималды шешім және
берілген шаруашылық жағдайда оптималды басқару әдістері мен тәсілдерін
таңдау болып табылады.
Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде екі ішікіжүйеден тұрады:
басқарылатын ішкіжүйе (басқару объектісі) және басқаратын ішкіжүйе (басқару
субъектісі).
Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді
салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері
арасындағы экономикалық қатынастар табылады. Бұл экономикалық қатынастарға
сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші,
кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және
т.с.с.
Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің
әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет
етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру
маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).
Субъектінің басқару объектісіне әсер еті процессі, яғни басқару
процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір
ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның
нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады.
Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті
ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету
бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Тәуекел менеджментінің қызмет етуінде ақпараттық қамтамасыз ету
ақпараттың түрлі типтерінен тұрады: статистикалық, экономикалық,
коммерциялық, қаржылық және т.б.
Бұл ақпарат белгілі бір ықтималдылық туралы сақтық жағдайдың тауарларға
және капиталға сұраныстың бар-жоқтығы және сұраныс мөлшері, өздерінің
клиенттері, серіктестері, бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы және
төлемқабілеттілігі,бағалар, бағамдар және тарифтер, сонымен қатар
сақтандырушылар шарттары жөнініде, дивидендтер және пайыздар туралы
мәліметтерден тұрады 3,78б..
Кез келген шешім ақпаратқа негізделеді. Ақпараттың сапасы өте маңызды.
Ақпарат қаншалықты аутқыған болса, соншалықты шешім анықты емес болады.
Ақпарат сапасы оны алған кезде бағалануы тиіс. Ақпарат жылдам ескіреді,
сондықтан ол жедел қолданылуы қажет.
Тәуекел менеджменті белгілі бір қызметтер атқарады.
Тәуекел менеджментінің қызметтерінің екі типі бар:
– басқару объектісінің қызметтері;
– басқару субъектісінің қызметтері.
Тәуекел менеджментінде басқару объектісінің қызметтеріне келесілерді
ұйымдастыру жатады:
– тәуекелді шешу;
– тәуекелді капитал салымдарын;
– тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстарын;
– тәуекелді сақтандыруды; шаруашылық процесс субъектілері арасында
экономикалық байланыстар мен қатынастарды.
Тәуекел менеджментінің басқару субъектінің қызметтеріне келесілер
жатады:
– болжамдау;
– ұйымдастыру;
– координациялау;
– ынталандыру;
– бақылау.
Тәуекел менеджментіндегі болжамдау объектінің толықтай немесе оның
бөлшектерінің қаржылық жағдайын келешекте өзгерістерін қалыптастырумен
түсіндіріледі. Болжамдау – белгілі жағдайды алдын ала көру.
Болжамдау жасалған болжамдарды тәжірибеде бұлжытпай жүзеге асыру
міндетті емес. Болжамдау ерекшелігі бағыталған беталыстар негізінде басқару
объектісінің қаржылық жағдайын дамуының түрлерін анықтайтын қаржылық
көрсеткіштерді құрудағы баламалылық (альтернативтілік) болып табылады.
Тәуекел динамикасында болжамдау өзгеріс беталысын эксперттік бағалау
есебімен өткенді болашаққа экстраполяциялау негізінде де, өзгерісті тікелей
елестете көру негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер күтпеген
кезде болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді алдын ала елестете көру негізінде
басқару менеджердің нарықтық механизм бойынша сезгіштік болуын және жедел
шешім қолдануды талап етеді.
Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру белгілі бір ережелер мен
процедуралардың негізінде тәуекелді капитал салымының бағдарламасын
өткізетін адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен
процедураларға басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын
қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту,
нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.
Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу
жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады.
Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан
шараларды қамтиды.
Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің
барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының
келусішілігімен түсіндіріледі.
Координациялау басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару
аппаратының және бөлек жұмысшының бірлігін қамтамасыз етеді.
Тәуекел менеджментінде ынталандыру қаржы менеджерлерін, басқа
мамандарды өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылықпен түсіндіріледі.
Тәуекел менеджментіндегі бақылау тәуекел деңгейін төмендету бойынша
жұмысты ұйымдастыруды тексерумен түсіндіріледі. Бақылау арқылы тәуекелді
капитал салымының табыстылығы, пайда мен тәуекелдің арақатынасы туралы,
қызмет етудің бағытталған бағдарламасын іске асыру деңгейі туралы ақпарат
жиналады. Осы ақпарат негізінде қаржылық бағдарламаларға, қаржылық жұмысты
ұйымдастыруда, тәуекел менеджментін ұйымдастыруда өзгерістер енгізіледі.
Тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар нәтижесін талдауды ұсынады.
Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы
тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу,
деңгейін төмендету.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен
түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу
мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді
инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды
сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті
қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп
жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру
қоғамына, беріп жіберумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп
жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін
төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі
принциптерге сүйенуі тиіс:
- меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
- тәуекелдің соңын ойлау керек;
- аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.
Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын
тиіс:
- берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды
түрде анықтау;
- оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
- олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып,
инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.
Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан
кіші, не үлкен болуы мүмкін.
Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын
бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын
капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және
максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа
апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:
Кр = У С, (4)
мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті;
У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;
С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық
ресурстар көлемі.

Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын
көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін
анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз
жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру
шешімін қабылдауды талап етеді
Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде
көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы
өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе
сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі
үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе
сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі және денсаулығы)
сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын
үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс
емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деңгейін
төмендету үшін түрлі әдістер қолданылады:
- диверсификациялау;
- таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
- шектеу;
- сақтандыру;
- жабу;
- хеджирлеу және т.б.
Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым
объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін
білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын,
ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс
әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне
негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды
орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен,
инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N
акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше
тәуекел деігейін N есе төмендетеді.
Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар
жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол
сапалы болжам жасап, тәуекел деңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай
ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол
үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал
салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық
ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық
емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер
болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы
болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған
тиімді.
Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті
сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып
табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына
отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие
карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар
капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады 7,181б..
Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас
тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын.
Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы
инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді
қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның
деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру –
бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ
болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері
есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.
Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық
сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы
жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық
сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай
сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың
қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды
өтеу төлеміне бағытталған.
Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында
қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы
жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі
бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар
санынан үлкен болады.

1.3 Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерінің шетел тәжірибесі

Несиелік тәуекелдерді басқаруды банктік тәуекелдерді басқару
саласында ең жақсы зерттелген мәселе ретінде қарастыруға болады. Банктік
тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі ретінде Америка Құрама
Штаттарының банктерін қарастырғанды жөн көрдім . Америка Құрама Штаттарының
банктерінде несиелік тәуекелді басқарумен несиелік комитет айналысады .
Құрылымы жағынан қарастырсақ, несиелік комитет екі бөлімнен тұрады -
несиелік саясат бөлімі (CRESCO) және несиені бағалау бөлімі (СREVСО).
СREVСО-ның функциялары : несиелік тәуекелді анықтау және бағалау,
банктегі несиелік саясатты дайындау, несиелік лимиттерді белгілеу, несиелік
портфельдің диверсификациялау критерийлерін белгілеу. Оның негізгі маңызды
функцияларының бірі – несиені табыс есебінен өтеу шешімін қабылдау, яғни
оны үмітсіз деп тану болып табылады . Осыған қоса, бұл комитет CRESCO-ға
банктің несиелік саясатын аөзгертулер енгізу туралы ұсыныс жасайды . Бұл
комитеттер тұрақты негізде жұмыс істемейді және айына бір реттен артық
құрылмайды.
Тәуекелдің дәрежесін анықтауға банк қажетті ақпарттарды жинау үшін
СREVСО мен CRESCO комитеттерінің қызметкерлері арнайы талдау жұмыстарын
жүргізеді . Олар мемлекеттік тәуекелдер мен салалық тәуекелдерді анықтап,
жиналған ақпараттардың нәтижесінде талдау жұмыстарын жүргізеді .
Несиелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру
Қаржы тәуекелін басқару туралы
Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
Қаржы тәуекелін басқару теориясы
Қаржы тәуекелін басқару
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Қаржы тәуекелін басқару («PERFECT» ЖШС мысалында)
Қаржы тәуекелі
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Пәндер