Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қымыз жанға – дауа, дертке – шипа

Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ----
----------------------------------- -------------------- 1

Негізгі бөлім ----------------------------------- -------------------------
----------------------------------- --------------2-24

1. Қымыздың шығу тарихына шолу------------------------------- --------------
------------------------1

2. Қымыздың денсаулыққа пайдасы ----------------------------------- ---------
3

3. Қымыздың түрлерінің атаулары ----------------------------------- -------
--

Қорытынды:----------------------------------- -------------------------------
----------------------------------- -------------- 25

Қолданған әдебиеттер: ----------------------------------- -------------------
-------- 26

Аңдатпа (Аннотация)

Ғылыми жоба тақырыбы:Қымыз жанға – дауа, дертке – шипа

Ғылыми жоба жазудағы негізі мақсаты:

Қымыздың адамның денсаулығына пайдасы туралы мағлұмат ашу. Қымыз
сапалы тамақ өнімі ғана емес, сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі.
Емдік сусын ретінде қолдану. Халқымыздың өткенін зерделеп,ондағы алтын
ойларды, тағлымы мол тарихи мұрасын келешек ұрпаққа насихаттау. Біздің
мақсатымыз: Қымыз туралы қазақ хақының сүйікті сусыны қымыздың емдік
қасиеті мол екенін ұғындыра отырып, бағалауға, қадірлеуге тәрбиелеу. Дені
сау балалар көп болып, өзін, елін қорғай алатын мықты азаматтар болып
табылатынын насихаттау.

Ғылыми жұмысты жазу алдында мынадай міндеттер қойылды:

- Қымыздың шығу тарихына шолу

- Қымыздың түрлеріне тоқталу

- Қымыздың емдік қасиеттері туралы мағлұмат беру.

- Қымыздың маңызын, пайдалылығын зерделеп, келешек ұрпақтың денсаулығы
жақсы, ақылды, батыл, болып ержетуге игі әсері бар екенін және біздің ата-
бабамыздың ұрпақтарына қалдырған асыл мұрасы екенін ескеру.

Ғылыми жұмыстың маңыздылығы:

Қымыз адамдардың денсаулығын жақсартып, өмірлерін ұзақ болуына,
олардың ақыл-ойының толық болуына көмектесетіні.

Қымыз қазақтың ұлттық сусыны ретінде жасөспірімдер денсаулығына
сақтауға, ақыл-ойының жақсы дамуына, дене мүшелерінің қалыпты деңгейде
дамуына игі әсері бар екенін әрі баланың бәсекеге қабілетті болып
шыңдалуына пайдалы екенін көрсету. Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің
бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс
істейді.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-
дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек
ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде,
сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.

Тиімділігі:

Ауылды жерде қазақтың әр үйінде жылқы өсіреді. Жылқыны сауып,
үйретіп. Күнделікті қымыз ішуге қол жетімділігі және балалардың психикалық,
физикалық дамуының ықпалының жоғарылығы. Жинақталған ақпараттық база
негізінде қазақтың ұлтық сусыны қымыздың ішіндегі дәрумендерімен адам
ағзасын имунитетпен қамтамасыз етіп отырса, қоғамда дені сау адамдар көп
болады

Ғылыми жоба нәтижесі:
Қымызды денсаулыққа пайдалану. Балалардың да денсаулығы мықты
болу үшін қымыз ішу керек. Қымыздың дәмі ашы болғасын балалар көбінесе іше
бермейді. Сондықтан міне осы біздің жасаған жобамызды қолданса балаларға
қымызды ішкенде дәмі тәтті болады. Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің
ата-бабаларымыз халық медицинасында асқазан, өкпе, ішек ауруларына
пайдаланып келген. Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт
елінде де емдік қасиеттерге қолданған. Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің
бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс
істейді.

Ғылыми жобаның практикалық құндылығы:
Балалардың денсаулығын сақтап, оларды ұлттық құндылықтарға үйрету.
Бие сүтінің тағамдылық құндылығы онда белоктардың, майдың және көмірсулар
және С дәрумені бар бар.
Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді:
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций бар
Қан құрауда маңызды роль атқарады

Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы:

Қымыздың денсаулыққа пайдасы мол, бірақ оны кішкентай балалар іше
алмайды. Сондықтан 150 грамм қымызға екі шай қасық Nesquik ұнтағын қосамыз.
Сонда қымыздың дәмі тәті болып өзгереді, балалар да іше алады. Күнделікті
өмірде жылқының қымызын ішіп отыру керек. Дәрігерлер қымызды безгек
ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан
құрамындағы гемоглобин көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы
жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.Адамның имунитеті
көтеріледі, ойлау қабілеті жақсарады.

Зерттеу жұмысы барысында қолданылған тәсілдер:

Кортографиялық, мұрағаттық, компьютерлік, фото айғақтар, баспасөз
материалдары және т.б.

Зерттеу кезеңдері:

06.09.14.-16.09.14-тақырып таңдау

16.09.14.-30.10.14-ғылыми жобаға қажетті әдебиеттерді табу.

06.11.14.-13.11.14- осы әдебиеттерге, жинақталған материалдарға сүйене

отырып ғылыми жобаның жазылу кезеңі.

13.11.14-20.11.14-жоба мәтінін тексеру және компьютерде теру.

20.11.14-27.11.14-жобаның практикалық құндылығын көрсету.

Кіріспе
Жылқы - малдың патшасы-демекші, жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал-жылқы. Оның пірі-Қамбар ата. Қазақ -
ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай
тәжірибесі бар. Олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден
танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар
да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен
байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды
шебер игерген. Төрт құбылада - төрт түлік деп бекерге бағаламаған.
Төрт түлік малдың пайдасы. Еті - жесең тамақ, сүті – ішсең сусын,
жүні - кисең киім, терісі - байлық, сүйегі - тұтынсаң бұйым, мінсең -
көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес.
Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген
қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ,
қымыз - пайдалы сусын.
Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымының докторы, профессор
З. С. Сейітов бұл сусын көптеген халықтарда өте ерте кезден – ақ белгілі.
Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие
сүтінен сусын ашытатынын, оның дайындау құпиясын ешкімге айтпайтынын айтты,
солсияқты ұлы орыс ақыны А. С. Пушкин де жақсы пікір айтқан. Ең алғаш
қымыздың емдік қасиетін біліп емдеген Уфа қаласының дәрігерінің бірі
Авенариус болған.Ұлы орыс жазушысы Л. Н. Толстой Самара қаласында, А. П.
Чехов атындағы Андреевск санаториясында қымызбен емделген. Ең алғашқы
санатория 1858 жылы Самара (қазіргі Куйбышев) қаласына 6 км жерден
ашылған.Қазақстанда қымызбен емдейтін емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды.

Негізгі бөлім
Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын
бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі
асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы
малы. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына
жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік
қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары.
Туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының
маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз
асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп
жазған екен. 1
Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып,
көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен
10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді.
Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт
алынады.
“Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін
айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие
сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды.
Бие сүтінен жасалған қымыз ерте заманнан белгілі және ғажайып
қасиеттерімен танымал. Қымыз бұл азық-түлік, бие сүтін ашыту арқылы арнайы
ашытқымен алады, оның құрамына сүт қышқылдық бактерия және сүт қышқылдық
ашытқылары кіреді. Тек бие сүтінен дайындаған қымыз – нағыз қымыз деп
атауға болады. Нағыз дайындалған қымыздың құрамын өте жоғары жеңіл
қорытылатын белоктарға бай, майларға және көмірсуларға, тағы да бағалы
витаминдер комплексіне, минералды және биологиялық активті заттарға бай.
Нағыз қымыздың емдік қасиеті бірқатар ауруларға шипа. Қымыз адам
организмін жасартады, тіршілік күштерін көбейтеді, денсаулықты нығайтады,
клеткалардың жаңаруына үлес қосады және бірқатар ауруларға алдын алуға
көмектеседі.
Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері.

Қымыздың құрамындағы дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе
көп. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде биенің
сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек, бие
сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар,
майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл –
бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның
зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншама.

Жылқы малының төрт түлік ішінде текті екендігін бұған дейін де
айтқанбыз. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін
қайтерсіз?!
Аурудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма?!
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
– дейді Ақтамберді жырау. Расында да, қазақ үшін қымыз-мәртебе, мінез-
құлық, сый-құрмет. Бірақ тоқырау заманында құнды сусынымыздан қол үзіп
қалғанымыз бар. Ес жиып, еңсе көтергелі ата кәсіп бие сауып, қымыз баптауды
қайта қолға алдық. Байыпты сусынды баптаудың ежелгі әдісін бүгінгі ұрпақ
қайта жаңғыртып-ақ жүр. Таңғы ас – тәңірден дей отырып, ас-ауқатты қасиет
тұтқан халықпыз. Астан үлкен емеспіз дегенді ұстансақ та талғамай жеуді
мұрат тұтқан емеспіз. Қазақтың әрбір ас-мәзірі үлкен мәнге, тәрбиеге ие
болуымен қатар, денсаулыққа пайдалы екенін қайтерсіз?! Ата-бабаларымыз
медициналық ілімі болмаса да тамақты талғап жеу арқылы-ақ өзін-өзі емдеп
жаза білген.
Олай болса, ұсынғалы отырған қазы мен-қартаның, қымыз бен шұбаттың адам
ағзасына берер пайдасын айтпауға болмайды.. Енді дастархан мәзіріндегі
ұлттық құндылықтарымызды бірге түгендесек.

Жылқы етін жемейтін қазақ жоқ

Қара күзде жылқы жығып, қысқа арнайы соғым дайындап алатынымыз да
бар. 2000-шы жылдардың басында неміс ғалымдары жылқы етінің жүрек және қан
тамыр ауруларына шипа екендігін жарыса жазды. Соңғы кездері аузымызға жиі
алатын Еуропа елдері бал қымыздың бар құпиясын біліп алған. Көл-көсір
пайдасына кенеліп, салауатты өмірдің сырына айналдырды. Кейін Германияның
Вердер қаласында арнайы жылқы байлап, еті мен сүтін емге тағайындайтын
шипажай ашылған. Немістердің бұл жаңалығына көрші елдер қатты қызығып,
сонда табиғи жолмен емделетін болыпты. Тіпті қымыздың қыр-сырын біз аштық
деп, жаңалығын жамағатқа жариялап та үлгерді. Патенттеп алуға әрекет жасап,
береке табады. Немістердің қымызды бөтелкелеп сатып, дүкен сөрелеріне
толтырып тастайтынын естіп жүрміз. Германияда қымызға деген сұраныс жоғары,
өндірісі де жақсы дамыған. Кәсіпті нәсіп еткеннің көсегесі көгеріп,
қазынасы артып отыр. Ал Қазақстан қымыз өндірісі бойынша әлі де тұралап
келеді. Ғылыми тұжырым керек, кәсіби маман керек деп, керек-жарақтың бәрін
түгендеп жүріп-ақ, көп нәрседен құр қалып жүрміз. Бәлкім бұл салада да
стратегиялық жоспарлар түзіп, аты дардай бағдарламалар тізіміне ендіру
керек шығар. Оны болашақтың еншісіне қалдыралық.

Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік Coco-cola,
Pepsi-cola тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын
ескеріп жүрген бірі жоқ. Coco-cola-ның бала денсаулығына ауыр зиян
келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым
салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы Coco-cola сусынымен
көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал –
ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен.
Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут Coco-cola сусынына салып қойса,
қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.

Pepsi-cola сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте
қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына
шалдықтырады.

Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды
бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық ету керек.

Сөйтіп, қазақтың жаз көңілі жайбарақат жүргенде ұлттық сусынымыз
немістердікі болып шықты. Тек ежелден бері бие сауып, саумал ішіп, қымыз
пісіп, қызара бөрткен қазақтың ұлттық сусынын уысынан шығарып алғандығы
өзекті өртейді. Енді әңгіменің әлқиссасында айтылған бұл жануардың еті мен
сүтіндегі пайдасына тоқталар болсақ, жылқы етінің ең басты қасиеті- жүрек,
қан тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерінің
сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол. Ағза
жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген.

Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті
жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның
түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір табиғи бальзам болған. Бай-
болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған
деседі. Таз бастықтан, тері ауруларынан, ең бастысы белсіздіктен қорғайды.

Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В
витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын
адамдардың организмінде витамин алмасуының бұзылатындығы да дәлелденген
жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.
   Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-
қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың
қызметін жақсартады. 
Қымыздың әсері бүкіл организмді өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық
процесстер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.
   Қымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай тағамның құрамындағы
белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал
жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту
бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде
тәбеттің ашылатыны сондықтан.
   Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі. Сүтқоректі жануарлардың  әрбір
түрлі белгілі бір құрамдағы сүтті жинақтап, бөліп шығарады, бұл әр малдың
тек өзіне тән қасиеті. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2-3 күндей сүт
бездері уыз бөліп шығарады, оның құрамы жөнінен жәй сүттен едәуір
айырмашылығы бар. 2

Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына
келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе
тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін
молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан зор. Ашыған
қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш
қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.
Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды
қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын,
жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық,
ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.
Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды
жақсартады. Қымыз құрамында 28 түрлі көптеген дәрумендер бар. Бұл
элементтер бие құнарлы жерге жайылған сайын арта түсетіні бар. Бие басынан
күніне орта есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге
дейін сүт береді екен.
Тағы бір ерекшелігі саумал биелерді 8 ай саууға болады, сонда
бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз
қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаса керек. Күтімі келіскен
бие тіпті бір жылға дейін сүт береді екен.

Қымызды қайнатпай сауып алған қалпында ішу керек. Егер оны
қайнатса құрылымы бұзылады. Жылқының сүтін басқа жануарлардың сүтімен,
мысалы сиырдың, қойдың ешкінің сүтімен салыстыруға болмайды. Олардың сүті
кішкене ауырлау болады. Қорытылуы өте қиын. Жылқының сүті өте нәзік,
құрамындағы май қышқылының өзі бөлек. Жылдар, ғасырлар өткен сайын қымыздың
қадір-қасиеті артып келеді. Ерте замандарда көшпелі халық үшін қымыз
таптырмас қорек көзі болды. Қыста аяздан қорғаса, жазда аптап ыстықтан
сақтады. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс
жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді.
Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен
жүрек соғысы жақсарады.

Қымыз адам денсаулығына ғана пайдалы дей алмайсыз. Түрлі дертке
шалдыққан малдарға да жылқының сүтін беріп жазуға болатын көрінеді. Мұны
мал дәрігері мамандығында оқыған бауырымнан естідім. Оның айтуы бойынша,
қымызды бұзаулардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну
белгілері байқалғанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, тауық
балапандарына А және В дәрумендері жетіспегенде, сауын сиырлардың іріңді
желінсау (мастит) ауруына ем ретінде қолдануға болады екен. 3
Бие сүтінің тағамдылық құндылығы онда белоктардың, майдың және
көмірсулар және С дәрумені бар бар.
Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді:
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций бар
Қан құрауда маңызды роль атқарады
Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 –
2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе
кем. Бұл дегеніңіз, адам ағзасына аса зиянын тигізетін холестерин мөлшері
аз, тіпті жоқ деуге болады. Бірақ, сусынды мөлшерімен ішу керек. Тым көп
ішкен жағдайда пайдалы ферменттер мен дәрумендер бір-бірімен теріс байланыс
орнатып, адамның әлсіреуі мен естен адасуына алып келеді. Аса зиян деп
қарастырылмағанымен, өз мөлшерімен ішкен дұрыс.
Сауылатын биелер негізі сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке
бөледі.
Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие.
Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие.
Қыран бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына
тайы еміп жүрген биелерді айтады. Биыл құлындағанмен тайы еміп жүргендіктен
ондай биелер, күтімі жарасса, сауыла береді. Бәрінің сүті құнарлы, емдік
қасиеттері бір, – дейді төлебилік қымыз баптаушы ертеден бері жылқы сауып
жүрген адамдар. Қай биенің сүтін алсаңыз да қасиетке толы.
Аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері
– Қымызды өкпе ауруларына тағайындайтынымыз бар. Әсіресе құрт ауруларына
таптырмас ем. Құрамы күрделі, әсері мол дәрілердің тез сіңуін қамтамасыз
етеді. Иммунитетті де күшейтеді. Медикоментозды ем 6 ай болып есептелсе,
дәрілерді қымызбен қоса пайдалану әлдеқайда тиімдірек болады. Бұл
дәлелденген терапия. Сондықтан тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті
профилактика үшін де қымызды ішіп жүруге кеңес береміз. Шипалы сусынның
дайындау әдісіне тоқталар болсақ...
Қазақстанның әр өңірінде әртүрлі дайындалады. Бізде қымыз
баптайтын ауылдар жетерлік. Бір ғана Баянтай фирмасы Айыртау ауданын
мейрамханаларын түгел қымызбен қамтамасыз етіп отыр. Мұнан басқа
базарларда, авто және темiржол бекеттерiнде қымыз сататын орындар баршылық.
Бiр сөзбен айтқанда, қымыздың түр-түрiн табуға болады.

Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінінің ысы
сіңген сабада немесе ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы қор деп
аталады. Саба мен күбіні ең кемінде бір рет ыстап отыру керек. Дер кезінде
тазартып тұрмаса ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан ескі дәм шығып тұрады.
Әжелеріміз негізінен қымыз пісетін күбіні қайыңның шірігімен ыстайды.
Киікоты піскенде оны келесі жылға жететіндей орып, кептіріп алатын болған.
Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше
түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Қымыздың пайдасы
мен ерекшілігі жайында мен өте көп айтып та, жазып та жүрмін. Қымыз қазақты
қауіпті аурулардан сақтап қалуда. Жан-жақты өсіп-өнуге, денсаулықты
жақсартуда, адамның табиғи қасиетін сақтап қалуда қымыздың рөлі ерекше.

Жылқының өзі мінсең көлік, ішсең тамақ. Жауға шапсаң қанатың.
Қуғын сүргінде аман алып шығатын сенімді серігің. Жалпы алғанда қазақ үшін
жылқының орны бөлек. Оның көркем мінезі, тұяғының дүбірі, сұлулығы, жүрісі,
шабысы, дене тұрқы, қазы-қартасы, жал-жаясы, бәрі де қазақ өмірінде ерекше
орын алады.

Қымызды қайнатпай сауып алған қалпында ішу керек. Егер оны қайнатса
құрылымы бұзылады. Жылқының сүтін басқа жануарлардың сүтімен, мысалы
сиырдың, қойдың ешкінің сүтімен салыстыруға болмайды. Олардың сүті кішкене
ауырлау болады. Қорытылуы өте қиын. Жылқының сүті өте нәзік, құрамындағы
май қышқылының өзі бөлек. Жылдар, ғасырлар өткен сайын қымыздың қадір-
қасиеті артып келеді. Ерте замандарда көшпелі халық үшін қымыз таптырмас
қорек көзі болды. Қыста аяздан қорғаса, жазда аптап ыстықтан сақтады.

Ал қазіргі таңда қымыз тек сусын емес, дәрілік зат болып табылады.
Бүгінде қызметтің көбі қимылды қажет етпегендіктен ас қорытуда көптеген
мәселелер туындап жатыр. Қан қысымының көтерілуі, холестерин, басқа да
вирустық және инфекциялық аурулар бар. Осының бәрінің алдын алу үшін
қымызды пайдалану қажет. Тіпті жаңа туған нәрестеге де ана сүтін бие
сүтімен алмастыруға болады. Ол сәбиге әрі тамақ, әрі иммунитетін көтеретін
дәрумен болады. Жас сәбиге бие сүтін сауа салып еш өзгеріске түсірмей
берген ләзім. Қымыздың ең ғажап көрінісі – оны ешқандай техникалық
өзгеріске түсірмей пайдалануында. Сүттің басқа түрлері қайнатпаса бұзылып
кетеді. Алайда, қайнату кезінде зиянды бактерияларды жоюмен бірге пайдасы
да жойылады, құрамында өзгерістер пайда болады. Оны біз сүтті пайдалану
барысында білмей де қаламыз. Қайнату кезінде сүттен қышқыл бөлінеді, ал ол
кәдімгі у. Ал бие сүтінде ондай қауіп жоқ. Өйткені зиянды бактерияларды бие
сүті өз күшімен жойып отырады. Бие сүтін қайнатпай-ақ айлар бойы сақтауға
болады. Мысалы, мен өзім бие сүтін үнемі пайдаланамын. Ол үнемі үйде
тұрады. Бір ай тұрса да, екі ай тұрса да құрамы өзгермейді. Кез-келген
уақытта іше беремін. 4

Ең бастысы қымызға тиіспеу керек, яғни оны қайнатпау керек. Қайнатса
бие сүті іріп кетеді. Ол өзі сондай бұзық сусын. Бұзық дейтінім, тиіссең
болды бұзылады. Дәмі де бүлінеді, құрамы да өзгереді, емдік қасиетін де
жояды. Әмбебеп зат жоқ дейді ғой. Ал мен қаншама жылдардан бері қымызды
зерттеп келе жатқандықтан айтар едім, қымыз – нағыз әмбебап сусын. Осы бие
сүтімен өткен ғасырларда ең қауіпті, жазылмайтын ауру саналған -
туберкулезді де емдеген, оның асқынған түрін тежеуге болады. Медицина
дамымаған, дәрі-дәрмек аз кезде қазақ халқы осы қымыздың көмегімен өкпе
ауруын емдеген. Барлық дерлік дәрі-дәрмектер біраз уақыттан соң әсер етпей
қалады, яғни күшін жояды. Ал егер емделу кезінде қымызды пайдаланса,
дәрінің дұрыс әсер ету мүмкіндігі арта түсіп, адамның ағзасы да ауруға
төтеп береді. Міне, қымыздың кереметі.

Осы бие сүтінен ісік (рак) ауруларына қарсы қосымша тамақ жасауды қолға
алып жатырмыз. Қымыз қан тамырлары ауруларына, ұйқысыздыққа қарсы бірден-
бір ем. Мені де ұйқысыздық мазалайды. Алайда мен ұйқыға жатар алдында бір
кесе қымыз ішіп аламын. Ұйқым қанып, таңертең сергек оянамын. Жанымда қымыз
тұрса менің ұйқым тыныш. Жоғарыда айтып кеттім ғой, қымыз кез келген ауруға
ем. Дәрігерге көмек. Ал үзбей пайдаланған адам барлық аурудың алдын-ала
алады. Өйткені қымыздың құрамында аскорбин қышқылы бар. Қымыздың 1 литрінде
200 мг аскорбин қышқылы бар. Бұл күнделікті пайдалануға тиіс мөлшерден 2-3
есе көп. Қымыз құрамындағы табиғи спирт қан тамырлары ауруларына қарсы
бірден бір ем.

Мен айтар едім, қымыздай пайдалы сусын жоқ. Ол керемет сусын және бәріне
ем.

Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те
есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау
сусыны деп текке атамаған.
Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық
медицинасында асқазан, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қазақ елімен қоса
көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған.
Қымызбен емдеу әдісін уағыздаушылардың бірі В.И.Даив 1843 жылдары
Орынбор қаласында әскери қызметте жүріп қымыздың шөл қандырар сусын екенін
құрқұлақ ауруының алдын алу қасиеті туралы нақты шешімін дәрумендердің
ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын.
XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу
шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде
қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас
көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді.
Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады,
астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді.
Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-
дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек
ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде,
сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.
Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері
ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып
алыңыздар.
Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы
дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың
ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге
немесе торсыққа, сабаға ашытар алдында ол ыдыстардың ішін тобылғы түтініне
ұстап, ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын
немесе жалын салып қойып, көп піседі. Қымызды пісетін таяқшаны піспек
дейді. Сабасына карай піспегі деген мәтел сабаның үлкен-кішілігіне сай
сөз тіркесі.
Алғашқы қымызды, жинап, ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімі
қымыз мұрыңдық деп аталған. Сондай-ақ күзгі соңғы қымызды. ауыл
адамдарына таттыруды сірге мөлдіретер дейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бие сүті және қымыздың құрамы мен қасиеттері
Қымыздың құрамын жан – жақты зерттеу
Қымыздың биохимиялық қасиеттерін зерттеу
Түйе сүті
Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны
Құрғақ биенің сүті
Қымызды ашытқандағы сүттін құрам бөліктерінде болатын өзгерістер
Қымыз түрлері
Құтыға құйылған қымыз
Бие сүті
Пәндер