Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 Негізгі бөлім
1. 1 Өсімдіктер дүниесі 3
1. 2. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы 4
1. 3 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 5
2. 1. БИОСФЕРА ЖӘНЕ АДАМЗАТ 13
2. 2. Биосфераның және ондағы тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар 16
2. 3. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі 24
2. 4. Адамның өсімдіктерге әсер етуінің негізгі формалары 28
Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс өте жақсы дамуымен бірге адамзаттың табиғатқа әсері де өсіп отырғаны мәлім. Табиғат байлықтарын үнемді қолдану мен оны қорғау ғылыми негізде қолға алынып келеді. Өсімдіктер экологиясы ғылымы биологияның бір бөлімі ретінде дамып келе жатыр. Осы жүйеде адам мен қоршаған ортаның байланысы биологиялық және қоғамдық заңдылықтарға бағынатыны мәлім. Қазіргі кезде өсімдіктер экологиясы табиғаттағы өсімдіктер жамылғысын қорғау мен сақтау, үнемді пайдалануды шешуге арналған мәселелерді жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын жүргізуде маңызы артып келеді. Жалпы өсімдіктер экологиясына қатысты тақырып материалдарының орналастырылуы мен берілу жүйесі студенттердің қоршаған орта мен табиғатта, әсіресе өсімдіктер ағзасында өтіп жатқан құбылыстар мен үрдістердің біртұтастығын, заңдылықтарымен өзара байланыста қарап, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсатына бағытталған. Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен - жерден, судан, өсімдіктер өлемінен, жануарлар дүниесінен, Жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі. Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (Жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) көне дәуірден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждық-тарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады. Тіршіліктің негізгі көзі ретінде саналады.
Биосфера - тіршілік тірегі. Ол адамзат баласымен және ондағы қоғаммен тығыз байланыста болады (биосфера - адам - қоғам) . Сонымен биосфера дегеніміз - біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат баласы жасағн жоқ, ол адамзат баласының пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған. Биосфсра көптеген компоненттерден тұрады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы да, құдіреттісі де - жер, оңың үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері - адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады. Кең байтақ қазақ жері, қазақ елінің көркеюі мен құлпыруы болашақ жастардың қатысуымен ғылыми тұрғыда жүретініне біз сенімдіміз. Сондықтан да, жас мамандар қоршаған ортаның гүлденіп жайнауына ат салысу барысында өсімдіктердің экологиясына да баса назар аударса деген тілек білдіре отырып, аталған оқулық патриоттық сезімдерін оятып, ғылымға деген талпыныстарына қанат береді деп үміттенеміз.
- Өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктер (Plantae) [2] - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар) . Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік - тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. 20 ғасырдың ортасына дейін өсімдіктерді төмен сатыдағы (бактериялар, балдырлар, кілегейлілер, саңырауқұлақтар, қыналар) және жоғары сатыдағы өсімдіктер (ринийлер, мүктәрізділер, псилофиттер, плаунтәрізділер, қырықбуындар, қырыққұлақтәрізділер, ашықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер не жабықтұқымдылар) деп бөлді. 20 ғасырдың аяғында бактериялар мен саңырауқұлақтар өз алдына жеке патшалық болып бөлінді. Соңғы жүйеленім бойынша өсімдіктер 3 патшалық тармағына жіктеледі:қызыл балдырлар, нағыз балдырлар, ұрықты не жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады. Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165-170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор. Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84, 5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15, 3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1, 2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің - 2500-2800 түрі өседі, олардың да 210- 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400-3600 түрінің - 540-570 түрі де эндемик өсімдіктер.
1. 2 Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормаңдар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында - мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер - шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мүңдай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с. е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған. Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т. б. жатады. Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған. Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған. Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Қайыңдыдағы шыршалар. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
1. 3 Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы - саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы - қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы - жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4, 8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін - эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңтүстік Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын - Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 - 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 - 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 - 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі бірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген. Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ - республика жер аумағының 2, 04%-ын алып жатыр, 54Әс. е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қалаларының маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т. б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемі - сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі - қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті далалық экожүйелер таралған. Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аумағы 110, 2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і - эндемиктер. Негізгі басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді:қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін - бозды белдем; қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем-күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-бозды дала; шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем - ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлді аймақ - жалпы аум. 124, 6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 - 2800 түр бар, олардың ішінде 200 - 215 түрі - эндемиктер. Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер - аум. 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14, 7%-ы. Өсімдік жамылғысы астық-тұқымдасты - жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды; орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер - аум. 51, 2 млн. га, немесе республика жерінің 18, 9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған; оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер - аум. 30, 3 млн. га, немесе Қазақстанның 11, 1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты - жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі - эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән; тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер - аум. 3, 2 млн. га немесе Қазақстанның 1, 2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі; тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер - аум. 11, 6 млн. га, немесе республиканың 4, 3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Қазақстан аумағы 18, 6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 - 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 - 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 - 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 - 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша) ; май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай) ; қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 - 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар. [1] Өсімдіктердің табиғатты маңызы өте зор. Біздің планетамызда өсімдіктердің кездеспейтін жері жоқ, өсімдіктер жануарлармен салыстырғанда өте кең таралған, сондықтан олар биосфераның шекарасын анықтайды. Өсімдіктердің жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы үлкен. Олардың бірі органикалық заттар түзсе (автротрофты өсімдіктер ), екіншілері оларды ыдыратып (гетеротрофты өсімдіктер), жер қойнауына минералдық заттарды, ауаға СО
2
газын қайтарады. Жасыл өсімдіктер жапырақтан тамырлары арқылы суда еріген минералдық заттарды, жер беті бөліміндегі (өркен) устьице арқылы СО
2
газын фотосинтездің ішкі заты ретінде қайтадан қабылдайды. Осы ретпен табиғатта заттар айналымы жүзеге асады. Жасыл өсімдіктердің аноганикалық заттардан күн сәулесінің тікелей әсері арқылы органикалық зататр түзу процесі фотосинтез деп аталады. Жасыл өсімдітер фотосинтез процесі нәтижесінде органикалық заттар түзіп содан өздері қоректенеді, сөйтіп жер бетінде органикалық қосылыстардың қорын жасайды. Фотосинтездің жер бетіндегі жылдық өнімі 10
10
т-ға жетеді. Сөйтіп ол планетамызда тіршіліктің қайнар көзіне айналады. Жердің қатты қабатының (литосфера) үгілуінен өсімдіктің негізгі өсу орны (субтраты) болып табылатын топырақ жамылғысы түзіледі. Бұдан өсімдік су және еріген минералдық заттарды қабылдайды. Ауа қабаттарының (атмосфера) тіршілікке қолайлысытропосфера қабаты. Өсімдіктер ауадан О
2
қабылдап, онымен тыныс алса СО
2
органикалық қосылыстар түзудің шикі заты ретінде бойына сіңіреді. Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т. б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда
эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т. б. ) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т. б. ) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11, 4 млн гектар жерін (4, 2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтауда да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқанжапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман-тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, субтропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. . [4] Оларға геоботаникалық жағынан Еуразияның қылқан жапырақты орманы (Оңтүстік Алтай), Еуропа, Сібірдің орманды даласы (Солтүстік Қазақстан), Еуразия даласы ( Еділ- Жайық, Мұғалжар-Торғай, Есіл-Нұра, Қарағанды, Ұлытау- Сарысу, Жайсан бойы), Азияның шөлді аудандары (Тұран ойпаты, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) кіреді. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz