Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1 Қазақстанның Қызыл кітабы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.2 Балықтар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Қазақстанның Қызыл кітабына енген балықтар түрлерінің систематикасы және сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

КІРІСПЕ

Омыртқалылар зоологиясы хордалы жануарларды, олардың шығу тегін, дамуын, және қазіргі жағдайын жан-жақты зерттейді.
Омыртқалылар зоологиясы пәнінің міндеті - хордалы жануарлардың көптүрлілігін, олардың шығу тегін, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарымен, тіршілік ету ортасымен, ол ортаға белімделуімен, таралуымен, тарихи даму заңдылықтарымен, экологиялық топтарымен, биосферадағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру. Типті және оның кластарын қазіргі системаға сәйкес, төменгі сатыларынан жоғарыларына дейін зерттеу әрбір топтардың ерекшеліктері туралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың пайда болуы мен туыстық ара-қатынастарын, құрылысы мен органдар жүйесінің эволюциясын және олардың функционалдық байланыстарын қадағалауға да мүмкіндік береді. Ол өз ішінен бірнеше ғылымдарға бөлінеді. Алдағы кезде біз осы ғылымдардың бірі балықтардың жалпы сипаттамасын, сонымен қатар саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтарғының халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.) түрлерін қарастырамыз.
"Қазақстанның Қызыл кітабы" - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қауіпі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.
Мысалы: Мысалы: Сырдария бекіресі түрінің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек. Арал қаязын қолдан өсіріп, балықтарды қорғаушы құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек. Таймен балығын артына ұрпақ қалдыруға дайын балықтардың табиғи уылдырық шашатын жеріне аман-есен жетуіне қамкорлық жасап, өрістеу кезінде қорғау қажет. Шортантәрізді ақмарқаның қолдан өсіру биотехникасын зерттеп, оны республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып, сондай-ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек. Арал албыртының оның әуесқойлық аулануын шектеу қажет. Балқаш алабұғасының популяцияның жағдайын қадағалап, оңашаланған суларда қорықтар ұйымдастыру керек.

2.1 Қазақстанның Қызыл кітабы
Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, Деректердің Қызыл кітабы (Red Date book) деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым - зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Оның бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті.
"Қазақстанның Қызыл кітабы" - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қауіпі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.[1]
Бірінші басылымы.
"Қазақстанның Қызыл кітабының" бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы - жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы - сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
* балықтың 4,
* қосмекенділердің 1,
* бауырымен жорғалаушылардың 8,
* құстардың 43,
* сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.
Екінші басылымы.
"Қазақстанның Қызыл кітабының" толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
* балықтардың 16,
* қосмекенділердің 3,
* бауырымен жорғалаушылардың 10,
* құстардың 58,
* сүтқоректілердің 42
түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
* жәндіктердің 96,
* шаянтәрізділердің 1,
* ұлулардың 6,
* құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.[1]
Үшінші басылым.
"Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы "Жануарлар", оның бірінші бөлімі "Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген."Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория - жойылып бара жатқан;
2-категория - саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория - сирек кездесетін;
4- категория - ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория - қалпына келтірілген түрлер деп берілген. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген.
"Қазақстанның Қызыл кітабының" әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.[2]

2.2 Балықтар туралы түсінік.
Балық - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180 түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау,су қоймаларынан, мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар - 2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70% болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. [1]
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ - тыныс алу органы. Балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді. Балық - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі.
Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады.[2]

2.1 Қазақстанның Қызыл Кітабына енген балықтар.
1.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Бекірелер (Acipenser)

Бекіретәрізділер
Бекіре тәрізділер (лат. Acіpenserіformes) -- сүйекті балықтардың шеміршекті-сүйекті балықтар класс тармағына жататын отряды. Бекіре тәрізділер -- мезозой эрасының юра кезеңінде пайда болған балықтардың ежелгі тобы. Олардың 2 тұқымдасы (бекірелер, ескектұмсықтылар), 4 туысы, 25 түрі (оның ішінде Сырдария тасбекіресі, Арал бекіресі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген) бар. [1]

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Бекірелер (Acipenser)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Арал бекіре (Acipenser nudiventris)

Арал бекіресі
Арал бекіресі (Acіpenser nudіventrіs) - бекіретәрізділер отрядының бекірелер тұқымдасына жататын балық.
Каспий және Арал теңіздерінде кездеседі. Балқашта жерсіндірілген. Дене тұрқы 210 см, салмағы 60 кг-дай .Аталығы 9 - 13, аналығы 13 - 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын шашу үшін сәуір - қараша айларында өзендерге өрлейді. Өзендерде қыстап шығып, наурыз - мамыр айларында су температурасы 10 °С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршақ топырақты жерлеріне шашады. Тіршілік ортасына сәйкес Арал бекіресінің қорек құрамы өзгеріп отырады.
Арал бекіренің еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр, сондықтан кезінде өте көп ауланған. Арал бекіре қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996). [1]
30-шы жылдары бекіренің Арал популяциясынан жылына 620 т балық ауланып тұрды. Кейінірек (1963-1968 жж.) аулау 6-9 тоннаға дейін қысқарды. Бекіренің қоры 1936-1937 жылдары болған эпизоотия салдарынан көп қырылуынан тым азайып кетті. Сондай-ақ Сырдария суын шаруашылық мақсат үшін реттеу әсер етті. Іле популяциясының саны оны кәсіптік жолмен аулауға жеткен жоқ. 1955-1982 жж. мұнда жылына 6-32 т көлемінде ауланғаны белгілі болды.
Негізгі шектеуші факторлар: Іле және Сырдария өзендерінің суларын реттеу. Арал теңізінің суалуы және тұздануы.
Бекіренің өсу қарқыны Арал теңізінде, Балқаш көлдегіге қарағанда, нашар: соған сәйкес 7 жасында - 4-5 және 7-9 кг, ал 17 жасында - 14-16 және 18-20 кг. Ең ірілерінің мөлшері Арал бассейнінде: ұзындығы 2 м-ден аса, салмағы - 50-60 кг, жасы - 30-да; Балқаш бассейнінде соған сәйкес - 1.7 м, 35 кг және 25 жас.
Қолға алынған жоқ. Мүмкін, қолда өсіру әдісі барлық бекіреге тән болуы керек.
Қабылданған қорғау шаралары: Аулауға тиым салынған. Қазақстанның, Түркменияның және Өзбекстанның Қызыл кітаптарына енгізілген.
Қажетті қорғау шаралары: Генофондысын сақтау үшін криобанкасын даярлау, қолда өсіру жұмыстарын ұйымдастыру, балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіру қажет.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар: Елімізден тыс жерлердегі таралуы мен санын анықтау, қолда өсіру, генофондысын сақтау жолдарын зерттеу керек. [2]
2.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класc Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Тасбекірелер (Pseudoscaphirhynchus)

Тасбекірелер
Тасбекіре (Scaphіrhynchіnae) - бекіре тұқымдасына жататын балықтар. Дене пішіні лайлы ағысты суда тіршілік етуге бейімделген: басы күрек тәрізді жалпақ, көздері кішкентай, оның есесіне сезім мүшесінің қызметін атқаратын ұзын мұрттары жақсы дамыған. Ерекше сауыт құрайтын қырлы сүйектері денесін механикалық жарақаттанудан сақтайды.
Тасбекірелерді 2 туысқа жіктейді: америка Тасбекіресі және ортаазиялық Тасбекірелер. Соңғысының Арал теңізі бассейнінде тіршілік ететін 3 түрі кездеседі. Үлкен Әмудария Тасбекіресі (Pseudoscaphіrhynchus kaufmannі), денесінің ұзынғы 58 см, салм. 760 г-нан 2,5 кг-ға дейін. Кіші Әмудария Тасбекіресінің (P. hermannі) ұзындығы 30 см-дей. Үшінші түрі - Сырдария тасбекіресі. Орта Азия Тасбекірелері 5 - 7 жасында жыныстық жағынан жетіледі.
Уылдырығын (15 мыңға дейін) су темпиратурасы 14 - 16 С˚-қа жеткенде, наурыз - сәуірде өзен арнасындағы қиыршық құмды және майда тасты қайраңдарға салады. Су түбіндегі майда омыртқасыздармен (хирономидтердің, жылғалықтардың, біркүндіктердің дернәсілдері) және балықтардың уылдырығымен қоректенеді. Бұл 3 түрде қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.[3]

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификацияcы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Бекіретәрізділер (Acipenseriformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Бекірелер (Acipenseridae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Тасбекірелер (Pseudoscaphirhynchus)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Сырдария тасбекіресі (Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi)

Сырдария тасбекіресі
Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадарияның сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан аса уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен бекітілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құрық желісінсіз, 27 см жетеді; қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, геномын сақтап, қолдан өсірудің биотехникасын жолға қою керек. [3]
3.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Майшабақтәрізділер (Clupeiformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Майшабақтар (Clupeidae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Майшабақтар (Alosa)

Майшабақтар
Майшабақтар - майшабақ тектестер отрядының тұқымдасы. Денесі екі бүйірінен қысынқы, ұршық тәрізді, ұзындығы, әдетте, 35-45 см, (өткінші нысандарында 75 см-ге жететіндері кездеседі). Құрсақ жүзу қанаттары кейбіреулерінде болмайды. Басында сейсмосенсорлы өзекшелері жақсы дамыған. Көпшілік түрінде құрсағының қақ ортасында өткір қабыршактардан тұратын қыры болады. 190-ге тарта түрі су қоймаларында көп тараган. Әсіресе, тропикалық суларда алуан түрлі болса, қоңыржай және суық суларда түрлері аз болғанымен, саны көп.
Майшабақтар тұқымдасына (СІиреeidае) -- негізінен теңіздерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады. Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майшабағы -- Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста Жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңіздеріне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырық шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтарын тайыз жерлерге шашады. Уылдырықтары ауыр, сондықтан су түбіне шөгіп, оның түбіндегі заттарға, көбінесе балдырларға бекінеді. Әрқайсысы 40 мыңнан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып, шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң, солтүстікке ауысады.
Майшабақтар -- Каспий мен Қара теңізде өте көп болады. Бұл теңіздердегі майшабақтардьщ тіршілік ету тәсілі де түрліше. Мысалы, Еділ майшабагы (Саsріоlоsа vоlgеnsіs) және қаражонды майшабақ (С. Kсеsslеri) жыныс органдарының жетілу және семіру кезінде теңізде болады да, ал көбею үшін өзенге шығып, өзен бойымен бірнеше жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділ майшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше барлық өмірін теңізде өткізетін Қаспий пузанкасы (С. саsріа) дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді (миграциялайды).
Қиыр Шығыс суларында, жоғарыда айтылған мұхит майшабағынан басқа майшабақтарға жақын сардинка ивасы (Sагdіпорs теіапозіісиз) деген балық тіршілік етеді. Бұл кәдімгі теңіздік, кеңінен миграциялайтын, Советтік Приморья жағалауларына көктемде ерте келетін балық. Сардинкасы теңіз жағалауына қоректенуге келеді де, қысты теңіздің оңтүстігінде өткізеді.
Балтық теңізі мен Қара теңізде килька (Sргаtеltа sргаttus), ал Каспий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька (Сlиреопеllа dеlсаtиlа) деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ шабақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын балықтар. СССР-де балық аулау кәсібінде майшабақтар бірінші орын алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Майшабақтәрзділер (Clupeiformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Майшабақтар (Clupeidae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Майшабақтар (Alosa)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Еділ Майшабағы (Alosa kesslerіvolgensіs)

Еділ майшабағы
Майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий т-нен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр. Арқа қанаты біреу. Республика суларында, өзендердегі уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі. Табиғи көбеюіне қамқорлық жасап, қолдан өсіру биотехникасын іске асыру қажет.[3]
5.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификация
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Шортантәрізді ақмарқалар (Aspiolucius)

Тұқылар (Cyprіnіdae) - тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка мен Мадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар - кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т.б.). Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т.б.). Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас - өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Тұщы су балықтары. ТМД теңіздері мен өзен-көлдерінде 120 түрі белгілі. Уылдырығын өсімдіктерге, топыраққа, суға шашады. Тұқы балықтар, (қаракөз, табан, сазан, оңғақ балық т.б.) кәсіпшілік балықтар түрі болса, тұқы, мөңке, дөңмаңдай көбейту мен жерсіндіру балықтары.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Таксондық классификациясыыы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тип Хордалылар (Chordata)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Класс Балықтар (Pisces)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Отряд Тұқытәрізділер (Cypriniformes)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұқымдас Тұқылар (Cyprinidae)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Туыс Шортантәрізді ақмарқалар (Aspiolucius)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Шортантәрізді ақмарқа (Aspiolucius esocinus)

Шортантәрізді ақмарқалар

Тұқытәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық, туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі. Амудария мен Сырдария су алқабының өзендері, каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қосмекенділер калсы
Қызыл кітап
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Омыртқалы жануарлар – құстар
Қызыл кітап туралы
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Марқакөл қорығының флорасы мен фаунасын қорғау
Ақсу - Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды
Ескекаяқтылар отряды
Пәндер