Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы
көпсалалы колледж

Педагогика пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Экологиялық мәдениетке тәрбилеу
жолдары

Орындаған: Шоқанова А.А.
Тексерген: Мұхамеджанова Г.С.

Көкшетау 2007 жылы
Мазмұны
I. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Экология ғылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
ІІ. Негізгі бөлім
1. Экологияльқ тәрбиенің негізгі мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
2. Экологиялық тәрбие және білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Эклогиялық мәдениетті қалыптастыру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .13
4.Табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
5. Экологиялық қауіптен қорғану қауіпсіздік принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
6. Экологиялық білім және тәрбие беру оқушылаға танымдық қызығушылығын қалыптастырудың басты көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кріспе бөлім
Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі , өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтарының өмірі туралы болып отыр.
(Ш. Айтматов)
Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажаиып туындысы. Адам табиғатқа тәуелді. Сондықтан өзінің өмір сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл жасайтын, аяулы армандарын жүзеге асыратын ортасы, күн көріс көзі болып табылатын, табиғатқа адамның қалай болса солай емес, аялай есіркей қарауы – оның перзенттік міндеті.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердін біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оныц көлеңкесінде қалып қойды. Адамның табиғатқа әсері мьңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді, сондай-ақ,топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалыньң күрт темендеуіне әкеліп соқты, көп жагдайларда орны толмас зардаптар калдырды. Экологияльқ дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде де тез өріс алып бара жатқан дағарыстық жағдайларды кез келген аймактардан көруге болады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім еліміздің экологиялық жағдайы мені қатты толғандырады.
Қазіргі кезде Жер планетасын адамзаттың тіршілік ортасы ретінде сақгау проблемасы адамдарды аса толғандыруда. Бір минуттық пайдасы немесе сауатсыздықтарына байланысты көпшілік болашақ туралы ойлағысы келмейді. Ерте ме, кеш пе, табиғат адамдардан өзінің ақысын алады. Бұл ақы өте қымбат және өте ауыр болуы мүмкін. Қазірдің өзінде біздің Республикамыздың көптеген аудандарында тұрғындарды табиғатты қорғау калыпты жағдайларын қалпына келтіру үшін оның заңдары мен принциптерін міндетті түрде білу қажет. Сондықтан біздің ортақ үйіміз - Жер, ондағы байланыстар жөніндегі білім жеке адам, өз өміріміз бен қоғамды саналы тұруға көмектеседі; олар ұлы табиғаттың құрамды бөлігі екенін әркімге сезінуге көмектеседі.
III мыңжылдық басында экологиялық түсініктер жоғары саяси деңгейге жетіп экологиялық білім, материалдық өндіріс пен рухани мәдиениеттің
дамуын анықтайтын дәрежеге жеткен кезде қазақ тіліндегі экология оқулығы мен оку құралдарының болмауы - елімізде болашақ мамандардың экологиялық сауатсыздығы мен экологиялық мәдениетсіздігіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға шиеленіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді. Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу, есімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлердің толықтай жоғалу қоршаған ортаның шектен тыс ластану қаупі төнді. өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, енді адамдардың денсаулығына кесерін типзе бастады.
Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу, бұзылғандардың қалпына келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, ауаға, жерге, суға, есімдіктер мен жануарлар дуниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абыройлы міндеті болып саналады.
1. Экология ғылымы
Экология терминнің 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Демек, бұл біршама жас ғылым, сонымен қатар экология қазір қауырт өсу кезеңін басынан кешіріп отыр. Экология (грекше oicos - мекен, үй және 1оgоs - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген кептеген анықтамалар бар, дегенмен, осы заманғы зертеушілердің басым көпшілігі экология - тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін биологиялық ғылым.
Адамзат - тіршіліктің бір бөліп. Ол тірі табиғатың дамуы нәтижесінде пайда болған. Оның қазіргі жетістіктері мен ұзақ тағдыры біздің планетамыздағы өмірдің жалпы жүйесіне тәуелді.
Көп мөлшерде энергия пайдаланушы және техникамен қаруланған қазіргі адамзат - Жердегі табиғатқа әсер етуші өте қуатты күш болып саналады. Егер бұл іс-әрекеттер табиғат заңдарымен санаспаса, онда мьңдаған жылғы байланыстар бұзылып, апаттық, жағдайлар пайда болады.
Сондықтан қазіргі кезде экология ғылым ретінде осы пайда
болып отырған қиындықтан шығатын жол іздеуге көмектеседі. Осы
байланыстарды заңдылықтарын ашу негізінде адамдар өздерін қоршаған
ортамен қарым-қатынастарын қалай ұйымдастыру және оны
қалай өзгерту керектігін, өздерінің техникалық құралдарын қалай пайдалану
және қандай принциптер бойынша әрі қарай дамыту керектігін тереңірек
түсінеді. Бұл мүмкіншіліктер көбіне қоғамның қоғамдық кұрылысына, яғни
адамзат қоғамының байланысына тәуелді.
Жалпы айтқанда экология - тіршілік орны туралы ғылым.
Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX - ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX - ғасырдың аяғымен XX - ғасырдың басы болып саналады.
Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Гиппократ, Аристотель сияқты философтар мен табигат зерттеушілерінің еңбектерінен кереміз.
Экологиялық мәселелерді зерттеуге Қазақсхан ғылымдары да көптеген зерттеулер жариялап, оқу құралдарын шығарып, өз үлестерін қосып келеді.
Сонымен экология - қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жагдайларын, олардың өзарақатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым. Ал экологиялық тәрбие дегеніміз - жеке тұлғаның табиғатқа деген эмоциялық - сезімдік көзқарасы мен қоршаған ортаға адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерімен қарауы.

II. Негізгі бөлім
1. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты
Бүгінгі күннің талабына сай егеменді республикамыздың білім беру
жүйесінде пәндерді экологияндыру жапай қолға алынуда. Сонықтан әр пән
оқытушысы өз сабағында экологиялық мәдениетті көтеруі тиіс.Экологиялық
мәдениетке тәрбиелеу үшін экологиялық тәрбиенің маңызы зор.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
1. Экологиялық нормалардың ережелердің қажетілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу
2. Қоршаған ортаға жауапсыздық пен қараушыларға жол бермеу
3. Жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру
а) тұлғаның мінез-құлқында;
ә) қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде және жақсартуда;
б) экологиялық білімді насихаттауда;
в) ең алғашқы кәсіби еңбекте.
Оқушылардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүниетану көзқарасын қалыптастырады.
Табиғатты аялап, оның қызығын көре білген халқымыз табиғат заңдылықтары мен оның сиқырлы сырларын да жақсы білген. Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер өнер адамдарының, өнерпаз халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Ата - бабамыздың аялап келген, кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету экологиялық тәрбиенің басты мақсаты.
Әдебиет – тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық мәні
тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) қалыптастыруға себебін тигізіп әсер беріп, адамдығын қалыптастырады.
Әдебиет арқылы экологиялық тәрбиеге, әдебиеттегі басым көңіл аударатын, әділ тақпақтар, әсемдікті жырлайтын ойын өлеңдер, мәдени деңгейін көрсететін айтыс өлеңдер, әдептілікті уағыздайтын термелер, ертегілер, әдет-ғұрыптар, әдемілікті, әсемдікті бейнелейтін әзілдер тағы басқалары зор ықпалын тигізеді.
Сондықтан экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - экологиялық білім беру, табиғат тамашаларын қадірлеу, әдебиет арқылы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
2. Экологиялық тәрбие және білім беру
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы Б¦¦ деңгейінде ұйымдастырылған (Юнеско) Адам және биосфера деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - Табиғат - адам - қоғам жүйесіндегі қарым-қатынасты адамдардың ғылыми негізде игеруі кезеңінде қалыптасады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыпты қалыптастыра отырып, адам – қоғам – табиғат арасындағы толық үйлесімдікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді әр адамның санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына, қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қанға сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. өкінішке орай, аға ұрпақтың сана-сезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем нашар екендігін айтпасқа болмайды. Олардың көбі табиғатқа байлық көзі немесе табыс көзі ретінде қарайды. Осы кері әдеттен жас ұрпақты сақтандырып, олардың ойы мен бойы таза болуларына күш салуымыз керек. Қысқасы, экологияны табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбағанда ғана қорғауға болады.
Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімінің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, сарамандық іс-әрекетке білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық білім беру адамдардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның эмоциялық - сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.
Болашақ ауыл шаруашылық мамандарына экология бойынша деректер беріп қана қоймай, табиғатқа деген қарым-қатынастық жаңа көзқарасын, санасын, мәдениетін қалыптастыру басты мақсат болуы керек. Сондықтан экологиялық білім берудің белгілі бір әдістемелік жүйесі жасалуы қажет.
Экологиялық тәрбиелік функция адамдарды табиғатқа деген жанашырлықты, жауапкершілікті сезінуге баулиды. Экологиялық сана экологиялық білімнен тұрады. Ол адамдардың дүниетанымының маңызды кұрамдас бөлігі ретінде экологиялық тәрбие беру үрдісінде дамиды.
Көп жағдайда экологиялық оқу-тәрбие жұмысының төмендігі мұғалімдердің кәсіби мамандығының нашарлығы жайлы көп айтылады. Оның үстіне кейбір мектептердің көбі өте ауыр халді бастан өткеріп отыр. Осындай мектептен келген балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру үлкен міндет.
Табиғатқа мейірбандықпен қарау, оны тағылықпен бүлдірмеу, оған суық қолдардың білгенін істеулеріне жол бермеу – адамдық міндет. Бұған бала алдымен отбасында, одан соң мектепте тәрбиеленеді және ондай қасиеттер баланың бойына айтудан, сөзден гөрі, іс арқылы оңайрақ және тұрақты болып дариды. Балалар күнде үйдегі мал-жанға қарап, жас төлдердің сүйкімділігін сезініп, қылығын қызықтап отырса, құстарға жем шашып, балапандарды бақыласа, кейбір қала балалары сияқты үркіп, жатырқап тұрмай, жақсы көріп, бауыр басып өседі. Мұғалімдер оқушыларды хайуанаттар бақтарына апарып, аң, құс, түрлі жабайы және су жандарымен, өсімдіктермен таныстырып, оларға байланысты қызықты мәліметтерберіп отырса, балаларды көшет, түрлі гүл егуге қатыстырып, өсіп-өнгенін, әсіресе, жеміс ағаштарының гүл ашып, мжеміс бергенін қадағалатса, мұндай көрнекі, практикалық тәрбиенің әсері күшті болмақ.
Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам, арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық білім беру мақсаты мен міндеттерін, мазмұның дидактикалық негіздерін жолға қою керек. Әсіресе, аграрлық жоғары оқу орындарында экологияны оқытудың үздіксіз білім беру ұстанымының негізі қалануы қажет. Студенттердің үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір- бірімен сабақтастығы сақталуы тиіс.
Студенттердің экологиялық сауаттылығын, мәдениетің, танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытушының білімі мен педагогикалық шеберлігі
үлкен ықпал жасайды.
Экология сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі - студенттердің экологиялық санасын көтеру, интеллектуалдық қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балаларды дамытудағы басты құралдарының бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым-түсініктерін байытатын жалпы және ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені екендігі жөніндегі нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады.
Экологиялық білім деңгейін көтеруде ақпарат құралдарының, радио-теледидардан берілетін хабарлардың, дәрістердің көмегі үлкен. Интернеттен алынатын экологиялық деректер студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға қызмет етеді.
Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетіне негіз қалайтын қызықты үйірмелер: семинар, баспасөз маслихаттары, дөңгелек үстел, кештер экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Сонымен қоса, экологиялық білім беру бағытындағы халықаралық байланыстарды, шетелдік әдістемелік нұсқауларды зерттей отырып, еліміздің жоғары деңгейде экологиялық білім беру жүйесін құруға ұмтылатын жағдай туды.
Жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін арттыруда өлкетану материалдарын пайдалану ерекше рөл атқарады. Оқыту процесін дала
жағдайларында, сыныптан және мектептен тыс жағдайларда өткізу.
өзен жағасында, өскен өсімдіктер арасында, табиғи жағдайларға
байланысты сабақтар өткізу. Жергілікті жердің табиғатын оқушы жастар
өте жетік білулері қажет. Ал табиғат сол жерде тұратын халықтардың
асыраушы анасы, тіршіліктің қайнар көзі. Сондықтан туған жердің
табиғат ерекшеліктерін жетік білу өте пайдалы екенін күнделікті
өмір көрсетіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану
материалдарын қолданудың маңыздылығын көптеген педагог-ғалымдар
бұрынғы кездерде атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда:
К.Д.Ушинский, А.Я.Герц, Д.Д.Семенов, В.В.Половцев, В.П.Вахшеров,
Л.С.Севрух, И.И.Полянский Қазакстан Республикасы ғалымдарының
арасынан К.А.Айтмағанбетова, Ә.Бірмағанбетов, К.Жүсіпов,
И.Нұғыманов және т.б.
Экологиялық білім берумен тәрбие берудің теориялық -практикалық сапасын көтеру жағдайында өлкетану сабақтарын өткізудің маңызы зор екені анықталды. өлкетану материалын пайдаланған кезде ең үлкен жетістік - айналаны, қоршаған сыртқы ортаны қорғаудың қажет екені бірден айқындала түседі. Сонымен бірге, биосферада болатын табиғи биологиялық - экологиялық
құрылымдардың қалай пайда болатыны ғылыми - теориялық негіздерден
айқындалды.
Экологиялық - биологиялық білім мен тәрбие беру процесінде туған жерді, өлкені зерттеу, талдау, зерделеу мен өлкетану материалдарын пайдаланудың педагогикалық құндылығы туралы ұлы чех ғалымы, педагогы Я.А.Коменскийдің, француз педагог-ғалымы, ойшылы Ж.Ж. Руссоның, орыстың ұлы ғалымы И.В.Ломоносовтың ғылыми - теориялық еңбектерінде толық жазылған. Туған өлкенің табиғатын ғылыми - педагогикалық негізін құрған және дамытқан К.Д.Ушинский еді.
Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғары сыныптарында
жүргізілетін пәндер де (математика, физика, химия, биология, экология, география, қазақ тілі, сурет, еңбек сабақтарында) биосфера компонентері (жер, су, ауа, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа) өлкетану материалдарын пайдаланған кезде осы жоғарыда көрсетілген пәндерді меңгеруді жетілдіре түсетіні байқалады. Сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берудің нақты міндеттерінорындауға мүмкіндік береді.
Өлкетану материалдарын пайдаланғанда жоғары сынып мұғалімдерінің өздерінше де қолайлы жағдайлар туғызып отыратыны айқындала түседі.
Өлкетану материалдарын оқу-тәрбие процестерінде пайдаланған да туған өлке табиғатын, оның биологиялық ресурстарын, даму заңдылықтарын, түсініп білуге жол ашылатыны байқалады. өлкетану материалдары жас жеткіншектердің биосфера компонеттеріне (жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі, атмосфера, ауа) дұрыс қарағанда, оларды қорғауға, аялауға өте үлкен түснік береді.
Өлкетану материалдарын пайдалағанда жас жеткіншектердің ақыл-ойының және экологиялық, эстетикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің маңызы арта түсетіні толығымен анықталды.
Өлкетану материалдарын пайдаланғанда нақты экологиялық - биологиялық білім мен тәрбие беруге көмектесетіні айқындалды. Сондай-ақ оқушылардың қызығушылықтарының артатыны байқалды. Ойлау өнерін дамытып, ауызша сөйлеу процестерін арттыра түсетіні белгілі болды. өзінің туған ауылының биосферасын сүю, оны аялау, қорғау туған жеріне тек қана
экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы өлкетану материалдарын пайдалана отырып жүргізген де ғана айтарлықтай қорытындылар алынады. өлкетану материалдарын пайдалағанда, маусымдық өзгерістерді анық байқап, ақыл - ойларының дами түсетінін байқаймыз.
Өзінің туған жеріне, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп, фенологиялық бақылау жасауда, жас жеткіншектер нақтылы экологиялық білім мен тәрбие алып қана қоймай, олар биосфераның қалай пайда болғанын, дамығанын және қазіргі кездегі жағдайын біледі. Биосфераның үздіксіздігі, биосфераның біртұтастығы, биосфераны танып білуге болатындығы туралы өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты білім деңгейлеріне қарай, қарапайым
философиялық түсініктерді меңгере алады.
Өлкетану материалдарын экологиялық-биологиялық білім мен тәрбие беруге пайдалағанда экологиялық білімділікті жетілдіріп, бақылаушылық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік алады.
өлкетану материалдарын пайдалағанда дүниетанымды терең түсінуге, адамгершілік қасиеттерді жоғарылатуға үлкен үлес қосатыны айқындала түсті.
өлкетану материалдарын пайдалағанда мына төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіншілік тудыратыны көзіміз жетті:
- жоғары сынып және бастауыш сынып оқушыларына, биосфера компоненттеріне (жер, су, жануарлар дүниесі, өсімдік әлемі, атмосфера, ауа) логикалық сезімінен әрекет ету арқылы қабылдауларына мүмкіндік береді;
- жас жеткіншектерді айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортаны бақылауға және оның қарапайым экологиялық құбылыстарындағы қызықты процестерді түсінуге үйретеді. Биосфера компоненттеріне (жер, су, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі) ұқыпты қарауға, ер жеткен кезде оларды жүйелі түрде пайдалануға, кейбір объектілерді молайтуға, айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортаны аялай білуге тәрбиелейді. Жас жеткіншектерді еңбек етуге баулитыны сөзсіз.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде өлкетану материалдарын пайдалану барлық мектептерде жүргізілуі қажет.

3. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру кәсіпкерлік және нарықтың шаруашылық заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыруды қажет етеді.
Мектепте алынған экологиялық білім негіздері жоғары мектепте әрі қарай тереңдетіп, жастарға өмірі мен қызметінде дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады.
Тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын барынша игілікті де ұқыпты пайдалану - бүкіл адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселе. Мәселен, Қазақстан Республикасының Конституциясында (30 тамыз 1995 жыл) қоршаған ортаны қорғау - әрбір қазақстандық азаматтың төл міндеті екендігі аталса, Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 жолдауында аса пәрменді шаралардың бірі - қазақстандықтардың өсіп өркендеуі қауіпсіздігі және экологиялық ахуалы екендігі атап көрсетілген. Сондықтан біраз ауқымды мәселелер атқарылып, көптеген жоғары, арнаулы оқу орындарында Табиғатты қорғау, Экология пәндері бойынша дәрістік
курстар енгізілді. Орта мектептерде бұл пән бойынша алғашқы танымдық білім беріле бастады.
Ендеше, бұл саладағы белсенділікті жетілдіру үшін экологиялық мәселелерді түрлі ғылыми бағытта қарастырған бірегей зерттеу еңбектердің мәні зор. Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сан-салалы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрып, күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі айнала қоршаған ортамен байланысты болады. Шығыстың даңқын жаћанға мәшћүр еткен Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Иассауи гуманистік ой жаратылысты сүю, оны құрметтеу идеясымен астасып жатса, батыс философ-ағартушылары Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрэпер дүние сырын ашқан еңбектерінің біразында табиғат тылсымдары құбылыстарына бойлайды. Мәселен, Дарвин Табиғаттың заңдарын біз неғұрлым зерттеп білген сайын, ғажайып құбылыстардың болуы бізге соғұрлым мүмкін тәрізденеді деп таңырқаған.
Жаратылыс әлемінің сұлулығы байлықтары, әлем мен кеңістіктің құдіретті рухы адамзаттың көңіл-күйін, денсаулығын, сүйіспеншілігін, ынтықтығын дамытады.
Жалпы біздің халқымыздың өмірі табиғатпен қосарлана байланыста өткен, ашық аспан астында киіз үйді пана етсе, аязбен боранды, ыстық пен жаңбырлы түндерде табиғат аясында тіршілік еткен, экологиялық тәрбие, табиғатты аялау, қадірлеу бала жастан өмірге шыр етіп келген сәттен бастап
қалыптасқан.
Адам - табиғат перзенті. Адам табиғаттан жеке дара тыс өмір сүре алмайды.. Сол табиғаттың жанды көріністері бірталай адамзат құдайға ғана табынып қоймай, су, жер, ай т.б табиғат элементтеріне де сыйынып, жалбарынған.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру ісі табиғи ортаға жанашырлық көзқарасты қорғау мен көркейтуді, сұлулығын ұғынуды, жауапкершілікті және саналы қарым-қатынасты қалыптастыруды жүйелі жүргізу деп ұғынған жөн. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп жетілуіне жас өспірімдердің көздерін жеткізу - бүгінгі таңның өзекті мәселесі.
Қазіргі кездегі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерін де жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін адамзат ретінде тәрбиелеу. өйткені әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен орта мектепте қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын аныктайды.
Экология ұғымы үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылым саласы. Былайша айтканда, экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми -теориялық негізі. Демек ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.
Табиғат - сұлулықтың өмірбақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К.Д.Ушинскийдің Табиғат дауыс- дыбысын, үнін ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс, табиғатпен ерегесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды дегеніне құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті. Солай екен, жер тағдыры - ел тағдырын ойлап, қаласақ та, қаламасақ та ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртуге тиіс.
4. Табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Адамдар ерте заманнан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамалар
Тәрбиенің түрлері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты
Тұлғаның экономикалық мәдениеті
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Мотивацияны ынталандырушы әдістер
Пәндер