Марқакөл қорығының флорасы мен фаунасын қорғау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
: КІРІСПЕ. .
МАЗМҰНЫ:
: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
МАЗМҰНЫ: 1
: Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары.
МАЗМҰНЫ: 2
:
  1. марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының физико-географияЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 1
: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының географиялық орналасуы PAGEREF _Toc193267374 \hне определена.
МАЗМҰНЫ: 2. 2
: Геологиясы мен рельефі . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 3
: Гидроклиматтық жағдайы . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 4
: Топырағы және өсімдіктері . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 5
: Фаунасы және жануарлар дүниесі . . .
МАЗМҰНЫ: 2. 6
: Қорықтың орнитофаунасы . . .
МАЗМҰНЫ: 3
: МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ . . .
МАЗМҰНЫ:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
МАЗМҰНЫ:
:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Марқакөл қорығының флорасы мен фаунасын қорғау. Табиғи ландшафттарды сақтау және қорғау проблемаларын қарастыру.

Мақсаты: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі жағдайына талдау жасап, табиғат қорғау ісіндегі рөлін анықтау.

Жұмыстың міндеттері . Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының рельефі, климат жағдайларына, фаунасы мен флорасына сипаттама бере отырып даму болашағын зерттеу.

Зерттеу объектісі. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы.

Зерттеу әдістері. Зерттеу пәні: Қоршаған ортаның сапасын басқару

Мәліметтер көзі. мерзімдік басылымдар, оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, Марқакөл ұлттық табиғи қорығының мерзімдік есептері, ғылыми конференция материалдары.

Жұмысты жазу барысында қолданылған әдістер:сипаттама беру, салыстырмалылық, экологиялық мәліметтерді талдау.

Ғылыми жаңалығы. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жалпы жағдайы мен ондағы табиғат қорғау мақсатында жүргізіліп отырған шараларға жинақталған мәліметтер негізінде салыстырмалы талдау жасау және қорықтың сол аймақтың табиғаты мен экологиясына тигізіп отырған пайдасын анықтау.

Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі жағдайы туралы жинақталған теориялық, статистикалық салыстырмалы материалдарды студенттер мен оқушыларға теориялық және тәжірибелік мәлімет көзі ретінде пайдалануға ұсыну.

Диплом жұмысының деректемелік базасы ретінде арнайы әдебиеттер, энциклопедиялық сөздіктер, мерзімді баспасөз материалдары пайдаланылды.

Диплом жұмысын келешекте Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда, мектептерде өлкетану үйірмелерінің жетекшілеріне қосымша мәлімет беретін деректі материал ретінде пайдалануға болады.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1 Қазақстанның ерекше қорғалатын территориялары

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдыпмауға мүмкіндік туады.

Кез келген мемлекет ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясының негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі-ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар-табиғатты қарғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1, 6-2, 0%-ын құрайды.

Кең байтақ қазақ жерінде алуан түрлі табиғат жағдайларын - таулы тундрадан бастап құрғақ субтропикті климатты өңірлерді кездестіруге болады. Ішкі құрлықтық орналасуы жағдайы негізгі физикалық-георграфиялық процесстерді кездегі ландшафттар ерекшеліктерін ажыратады. Сан алуан табиғи жағдайлар шаруашылықтың әр қилы түрлерін айқындайды. Жер бетінде және жер қойнауында өте бай табиғи ресурстар шоғырланған, сонымен қатар Қазақстан өсімдік және жабайы фаунаға өте бай мемлекет.

Қандай табиғат байлықтары, мейлі, ол өсімдіктер әлемі немесе түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделген тіршілік ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын молайту ісі бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені қазіргі өркендеген өнеркәсіп ауыл шаруашылығы мен көліктің қарқынды көбеюі оларға өзінің кері ықпалын тигізуде. Мұндай жағдайда адами-техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде ұштастырып, қайткенде де тығырықтан алып шығар жолды ойластырған жөн. Яғни табиғатта болатын түрлі экологиялық процесстерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафттарды қамқорлыққа алу шаралары ұйымдастырылады.

Қазақстан жері жасыл өсімдік әлемімен жабайы жануарлар дүниесіне бай өлке. Олардың ішінде біздің елімізге тән жануарлар мен өсімдіктердің көп түрлерімен қатар сонау мұз дәуірінен бізге жеткен ежелгі түрлер және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлер де аз емес. Қайткен күнде де, олардың жойылып кетпеуіне жағдай жасап, қадағалауымыз керек. Бұл мәселелердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішінде ең тиімдісі қорықтар мен табиғи саябақтарды, мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен жануарлар саябағын ашу.

Жануарларды сақтап қолудың ең басты жолы- адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білім мен мәдеиеті. Әрбір азамат өзінің туған өлкесімен оның байланыстылығының иесі ретінде сезіне отырып табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.

Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы формасы - қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзлік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық ұйымдастыру Х1Х ғасырдың бас кездерінен басталғаны белгілі.

Сурет 1. Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларының картасы

Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарқындыы дамуы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Қолайсыз экологиялық жағдай табиғи жүйелердің бұзылуына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде бұзылған табиғи территориялардың маңызы артып келеді.

Атмосфераның экологиялық тепе-теңдігін, адам денсаулығын, табиғаттың ұсталмаған бөліктерін саналы түрде сақтап, оларға кері әсер етпеу үшін, ғылыми - техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет.

Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездеседі. Біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150 түрі, құстың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік етеді. Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі белгілі болды. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - «жер жанаты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр. (22)

Қазақстан аймағы мен Орта Азия Республикаларында қорық құру жұмыстары Октябрь революциясынан кейін ғана дами бастады. 1919 жылы шілдеде Орынборда Қырғыз басқару аймағы бойынша эволюциялық комитет құрылған, ал 1920 жылы 26 тамызда Қазақ Автоном Социалды Республикасын, 1936 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасын қайта құру туралы КСРО қаулысы қабылданды. Ол жас Республика Орта Азия табиғатын қорғауда алғашқы қадамдар жасады. (7)

Бұл салада Қазақстан Республикасы соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп, келді. 1962 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны қорғаудың бірнеше нақты шаралары көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерін сақтау. Сонымен бірге 1972 жылы Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуға үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрынғы Қазақ ССР Министерлер Советінің соңғы жылдары қабылданған бірнеше арнаулы қаулылары дәлел бола алады. 1969 жылы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 жылы 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 жылғы 12 шілде де «Қазақ ССР - інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының қорықтарында қол жеткен табыстары мен орын алып отырған кемшіліктер мен оларды жоюдың нақты жолдары да айқын көрсетілген. (23)

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жерінде 10 қорық, 8 ұлттық бақ құрылған: Баянауыл, Алтынемел, Іле Алатау, Қарқалы, Көкшетау т. б. және көлемі 4288 мың гектарға жететін 50- дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектердай 6 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіштері бар. Оған Павлодардағы көне заманнан бері бойындағы шырыны жойылып кетпей өсіп - өніп келе жатқан ағаштары бар «Гусиный перелет», Шыршалы Іле Алатауы т. б. кіреді. Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның тек осы аймаққа тән өсімдіктерінің далалық аймақтарда 1600 түрі мен сирек кездесетін эндемик өсімдіктері тіркелген. Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58 -і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100 -і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Сондай -ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ескерткіштерімен құнды. Ақсу - Жабағалы қорығы сияқты кейбір қорықтар ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық одағының құрамына енген. Олардың тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанатар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындардың бұрынғы атақ - даңқын арттыра беру мақсатында зор көлемдегі ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Республиканың жер құнарын, орман мен тоғайларының әсем келбетін бұзбай, өзен - көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесінің қымбат қазынасындай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру - бүгінгі күннің талабы. (8)

Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.

Кесте 1. Қорықтардың саны

Қазақстанның Қызыл кітабы

Өткен ғасырдың 60 -шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемін қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жазылды. Қызыл кітап -бұл қауіп -қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Мүк, қына, саңырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдігі бар кітап, 1981 жылы академик Б. А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді. Академик И. О. Байтулин жетекшілігімен ботаниктердің дайындаған өсімдіктер Қызыл Кітабының екінші басылымы жуық арада жарыққа шығып та қалады. Оған өсімдіктердің 400 түрі енгізілген.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана) . Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір дансына 360 теңге айып төлейді (2001 жылы 12 қыркүйектегі Н 1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы) .

Сирек кездесетін өсімдік түрлері Қазақстанның 10 қорығы мен 8 ұлттық парктерінде, сонымен қатар көптеген арнайы қорықшаларында, ал мәдени жағдайда -ботаника бақтарында қорғалады. Дегенмен, егер республикамыздың әрбір азаматы оларды қорғаудың маңызын саналы түрде жете ұғынбаса, біздің керемет тірі асылдарымызды ешқандай айып пен тыйым салу құтқармайды.

Оқушылардың, студенттердің, әрбір азаматтың міндеті -өз өлкесінің сирек кездесетін өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға жағдай жасау керек. Шын ықыласпен берілген әуесқойлар өз қаласы немесе ауылы маңында өсетін қызықты өсімдік түрлерінің жағдайын үнемі бақылап, көптеген пайдалы жұмыстар жүргізсе болар еді. Белгіленген жерлерде фенологиялық бақылаулар жасап, қарқынды гүлдеуі мен жеміс салуын және санын есептау жұмыстарын жүргізуге болады.

Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау

Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі -табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.

Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж. ) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250 -ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер -табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.

1960 -1970 жылдардағы “Жасыл революция”, жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауда жабайы түрлерді, мысалы Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты. Тек Азия елдерінің өзінде ғана “Жасыл революция” нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард доллорға, күріш -1, 5 миллиард АҚШ долларына артқан.

Жабайы түрлер -дәрі -дәрмектердің маңызды көзі. Қазіргі кезде осы мақсатта шамамен 5 мың өсімдіктердің түрлері қолданылады. Олардың жалпы бағасы 40 миллиард доллар. Шипалы қасиеттері бар өсімдіктердің көптеген түрлері әлі медицинада қолданылмай келеді.

Биоалуантүрлілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардың толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті -тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары болса, соғұрлым оны құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады, ал ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосфераның алуантүрлілігі, олай болса оның тұрақтылығы және т. б. қасиеттері түрлердің, популяциялар мен экожүйелердің санына ғана емес, тіршілік ету орталарына, рельеф формаларына, климаттың типіне, табиғат белдеулеріне, геохимиялық аймақтар, ландшафттар және басқа да құрылымдық бірліктердің ерекшеліктеріне де байланысты.

Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады.

Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзалардың түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10 -30 млн. жыл. Түрлердің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер -“тірі қазбалар” да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн. жыл (силур дәірінен бері), жалаңаш тұқымды ағаш -гинкго дәуірінен бері 150 млн. жыл тіршілік етіп келеді. Жануарлардың ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептеліп келді. Бірақ 19380жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Жалпы алғанда жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді, сондықтан түрлердің жойылуы оған қарма -қарсы басқа жаңа түрлермен компенсацияланбайды.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.

П. Ревелль мен Ч. Ревелльдің (1994) болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін, олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жауарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуына 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30 -35%), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік болуы (2%) тұр.

Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың (барлық санының 8%) африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интродукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі салдары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік немесе басқа да байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше түрдің тіршілік әрекетін бұзуға әкеліп соқтырады.

Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың қажеті жоқ. Олардың саны белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалыпына келе алмайды. Ірі омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсақ омыртқалылар үшін шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50 мың дара, өсімдіктер үшін бірнеше мың дара. Адам қызметінің нәтижесінде ағзалардың жойылуына кейбір мысалдар келтірейік.

1988 жылы Солтүстік теңізінде түлендердің жойылуы байқалды. Болжамандар бойынша, мұның себебін табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылыунан іздеу керек: теңіз суларының биогенді элеметтермен байытылуы алтын балдырлардың күрт артып кетуіне әкеледі. Осының нәтижесінде судағы оттегінің мөлшері кеміп кеткен (өлген балдырлардың ыдырауының нәтижесінде) . Ал мұның өзі түлендердің өліміне әкеліп соқтырған.

Көптеген жануарлар автомобиль жолдарында өледі. Автомобилист 10 мың км жүріп өткенде 1, 5 млн-ға жуық бунақденелілердің дараларын жояды. Транспорт дөңгелегінің астында жылына 6 млн. бақалар, 120 мың қояндар, 100 мың кірпілер өледі.

Ішкі су қоймаларының артуы нәтижесінде көптеген жануарларға жойылу қаупі төніп отыр. Ертеде бай балық шаруашылығымен ерекшеленетін Арал теңізі іс жүзінде бағалығынан айырылды. Азов және Каспий теңіздерінде балық өндіру 10-12 есе кеміп кеткен. әсіресе, бекіре тәрізділердің саны шектен тыс аулау мен браконьерлік себебінен күрт төмендеген. Сонымен қатар, судың улануы, оттегінің кемуі, қышқылдық жаңбырлардың әсеріне бекіре тәрізді балықтардың аурулары 1980 жылдардан бері кең етек алып отыр. Адамның барлық ірі ауқымды іс- әрекеті биологиялық алуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактылері белгілі. Адам рельефті, өзен арналарын өзгертеді, батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетті ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.

Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйлердің түрлік алуантүрлілігінің кемуі басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Қазақстан аумағындағы қорықтар
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Бастапқыда қорық аумағының ауданы
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Ақсу-Жабағылы
Ақсу-жабағылы қорығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz