Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-педагогикалық факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ішкі ағзалар Сплахнология

Орындаған: 050113-Биология
мамандығының ІІ курс

Студенті: Калиева Д.С
Тексерген: Шакиржанова И.С

Көкшетау 2010

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .4

2.1 Ас қорыту
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4

2.2
Тіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.3
Асқазан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2.4
Бауыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.5 Тыныс алу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .13

2.5.1
Көмекей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.6 Зәр шығару жүйесі және жыныс
мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.6.1
Қуық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.7 Ішкі секрециялық бездер
(эндокринология) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22

Кіріспе

Ішкі ағзаларға ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс ағзалары мен
ішкі секрециялық бездер жатады. Бұл ағза жүйелері көкірек, құрсақ және
жамбас қуысында жатқандықтан ішкі ағзалар деп аталады.
Ас қорыту жүйесі ұзына бойы жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы
қоректік заттармен тығыз байланысты. Бұл ағзалар арқылы сыртқы ортамен
организм арасында зат алмасу процесі өтеді. Ас қорыту аппаратының бірінші
бөлімі ауыз қуысынан басталады. Бұл көмей тесігі арқылы жұтқыншақпен
байланысады, одан кейін өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек, ең соңынан тік
ішекпен аяқталады. Ас қорыту аппараты топографиялық орналасу жағдайына
қарай бас, мойын, көкірек, құрсақ және жамбас бөліктеріне бөлінеді.
Тыныс алу аппаратты мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, өкпе
болып бөлінеді. Олар газ алмасу, дыбыс шығару міндетін атқарады.
Несеп шығару аппаратына қос бұйрек пен несепағар, қуық және несеп
жолы жатады. Бұлар ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттар мен суды
сыртқы ортаға бөліп отырады.
Жыныс аппараты аналық және аталық жыныс мүшелері болып бөлінеді.
Аталық жыныс мүшелері: ен, еннің қосалқысы, шәует қуықшасы, шәует бауы,
аталық несеп жолы мен ұма.
Аналық жыныс ағзалары орналасуына қарай ішкі және сыртқы мүшелерге
бөлінеді. Ішкі мүшелерге әурет, оның қосалқысы, жатыр, жатыр түтіктері,
қынап жатады. Сыртқы жыныс мүшелері үлкен және кіші жыныс еріндері мен
несеп жолынан түзілген. Ішкі мүшелерді (жыныс аппаратынан басқа) атқаратын
қызметіне қарай зат алмасу процесіне қатысатын мүшелер деп те атайды.
Себебі, ас қорыту аппаратындағы тағам қорытылып, ерітінді түрінде қан
құрамымен жасушаларға барады. Осының нәтижесінде пайда болған қуат организм
жұмысына қолданылады. Зат алмасу процесінде организмде керексіз заттар да
пайда болады. Егер олар тез шығарылып отырмаса, организмде улану қаупі
туады. Несеп жүйесі, тері бездері, өкпе, тік ішек т.б. ағзалар керексіз
заттарды сыртқа шағарып, уланудан сақтап отырады.
Жыныс мүшелері түр сақтау немесе көбею қызметін атқарады. Сондықтан
да аналық, аталық жыныс мүшелерінің құрылысы мен маңызы бір – біріне ұқсас.

Негізгі бөлім
2.1 Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту ағзаларының құрылысы қоректенетін тамақ ерекшеліктеріне
қарай түзілген. Мәселен, тек өсімдік пен не етпен қоректенетін жануарлардың
ас қорыту ағзаларының жануарлардың ас қорыту ағзаларының құрылысы ерекше
[1].
Ас қорыту жүйесінің әр бір бөлігі түрлі қызмет атқаратындықтан
құрылысы мен пішіні де түрліше болады. Оның жалпы ұзындығы 8 – 10 метрге
дейін жетеді. Тағамды мұқият майдалау, шайнау ауыз қуысының қызметі болып
есептеледі. Осыған байланысты ас қорыту ағзаларының ішінде тек осы
бөлігінің негізі сүйектен түзілген [2].
Ас қорыту ағзаларының көбі қуысты, олардың кенересі үш қабаттан
түзілген. Олар кілегейлі, біріңғай салалы ет және сірі қабаттары [3].
1. Кілегейлі қабаты ( tunica mucosa) барлық ас қорыту ағзаларының ішкі
бетін астарлап, асты қорыту және оны сіңіру қызметтерін атқарады. Сондықтан
да кілегейлі қабат өте күрделі эпителий, жазық ет және кілегейасты
қабаттардан түзілген. Мұндай құрылыс ішектің оңай созылып, кеңейіп тұруына,
ішіндегі тағамның қорытылуына жағдай жасайды. Бұл қабатта қан, лимфа
тамырлары мен жүйке талшықтары тарамдалып жатады. Кілегейлі қабаттар
өздерінен сәл (секрет) шығарып тұратын бездерге де бай [4].
Эпителий кілегейлі қабаттың ішкі бетін жауып жатады. Бұл көп қабатты
(ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште) және бірқабатты эпителий ( қарындарда,
ішектерде) болып бөлінеді: кілегей қабатта бірыңғай салалы ет талшықтары да
болады. Осы ет талшықтары арқылы эпителий қабаты кілегейасты қабатымен
байланысып тұрады. Дәнекер тіннен түзілген кілегейлі қабат ет қабатына бос
жабысып тұрғандықтан, оның қатпарлана жиырылып жатуына себепші болады. Егер
осы қабат болмаса, кілегей қабат қимылсыз тегіс жатады ( тіл, иек, қатты
таңдай). Кілегейлі қабатта қарапайым түзілген бездер көп. Олар кілегей
сұйықтық шығарады. Ас қорыту бездерінің кейбіреуі ас қорыту жүйесінен тыс
орналасқан, бірақ өздерінің арнаулы түтіктері арқылы ас қорыту ағзаларымен
тығыз байланыста болады. Мәселен, үш жұп сілекей, бауыр және қарынасты
бездері шыққан сөлдерін арнаулы түтік өзектері арқылы ауыз қуысы мен
ұлтабарға құяды [5].
2. Ет қабаты (tunica muscularis) кілегей және сірі қабаттарының
аралығында орналасқан. Ас қорыту жүйесінің жоғарғы бөліктері ған көлденең
жолақты ет тінінен түзілсе, қалған бөліктері өңештің ортаңғы бөлігі, қарын,
аш ішек және тоқ ішек ағзаларының қабырғасы бірыңғай салалы ет тінінен
түзілген. Бұл ағзалардың ет талшықтары негізінде екі бағытта орналасқан.
Ішкі талшықтары – көлденең, сыртқы талшықтары – ұзына бойы жатады. Тағам
осы ет талшықтарының жиырылуына байланысты жылжиды және механикалық түрде
сөлдермен араласып қорытылады. Жылпақ ішек қимылын толқынды
(перистальтикалы) қимыл дейді [6].
3. Сірі қабаты (tunica serosa) ішкі ағзалардың сырт жағын қоршап,
қорғаныс қызметін атқарады. Оның ішінен қарынға, ішекке тамырлар мен
жүйкелер өтеді. Бұл қабат кілегей болып, ағзаның сыртын ылғалдап тұрады
[7].
Ауыз қуысы (cavitas oris) жоғарғы жағынан – таңдаймен, төменгі
жағынан – тіласты, жақасты еттерімен, екі бүйірінен – ұрт етімен, алдынан –
ауыз қуысын жауып тұратын еріндерімен, ал арт жағынан – жұтқыншақ қуысына
жалғасатын көмей тесігімен шектелген. Көмей (аран) тесігі үстіңгі жағында –
жұмсақ таңдай, бүйірінен – көмей доғасы, астынан тілдің түбірімен шектеліп
тұрады [8].
Ауыз қуысы ауыздың кіреберісі және өз қуысы болып екіге бөлінеді.
Ауыздың кіреберісінде тіл, қызыл иек пен ерін және ұрт еттері орналасқан.
Ауыз кіреберісінің ауыз тесігі арқылы ауыздың өз қуысына жалғасады [9].

2.2 Тіл

Тіл (1ingua) қимылды келген етті ағза. Оның үсті, екі бүйірі
және
астыңғы беті кілегейлі қабықшамен жабылған. Жүйке талшықтары мен қан
тамырларына өте бай. Тіл шайнау процесімен бірге дәм сезу мен сөйлеу
қызметіне де қатысады. Тіл үш бөлікке бөлінеді. Оның артқы тіл асты
сүйегіне бекіген жерін – тіл түбірі, алдыңғы бос бөлігін – тіл ұшы, үстіңгі
бетін – тіл арқасы деп атайды [1].

Тіл арқасы дәм емізікшелеріне өте бай. Бұларға жүйке ұштары түйісіп,
дәм сезу процесін жүргізеді. Олар жіпше, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақша
және орлы емізікшелер [2].
Жіпше емізікшелер өте көп. Олар тіл арқасын тұтас жауып жатады.
Сондықтан тіл үсті мақпалға ұқсайды. Олардың арасында саңырауқұлақ тәрізді
емізікшелер шашыраңқы орналасқан. Орлы емізікшелер тілдің түбірінде орын
тепкен, олардың саны 7 – 11 дейін жетеді. Жапырақша емізікшелер тілдің екі
жиегінде анық көрініп жатады. Олардың соңғы үшеуі дәм сезу қызметін атқара,
жіпше емізікшелері жалпы сезу қызметін атқарады. Тіл түбірінде лимфа
түйіндері де шоғырлана жатады [3].
Тіл еттері екі топқа бөлінеді, оның біріншісіне – бас сүйектерінің әр
жерінен басталып, тілге тіркелетін еттер жатса, екіншісіне тілдің меншікті
еттері жатады. Тілге тіркелген еттерге: иекасты, тіласты, біз өсінді еттері
жатады. Иекасты еті ауыз қуысының астыңғы диафрагмасын түзеді. Тіласты еті
жиырылғанда тілдің артқа және төмен тартады. Біз өсінді еттері тілді артқа
тартып және жоғары көтеріп тұрады [4].
Тіс (dens) ауыз қуысының жоғарғы және төменгі тіс ұяларында
орналасқан. Тіс сүт тістер және тұрақты тістер болып бөлінеді. Ересектерде
тұрақты тіс саны 32. Жоғарғы жақ сүйегінде 16, төменгі жақ сүйегінде 16
тістен, ортадан оң, не солға қарай санасақ, 8 тістен орналасқан. Оларды екі
қорек тіс, бір үшкір тіс, екі кіші азу тіс, үш үлкен азу тіс деп атайды. Ең
соңғы азу тіс ақыл тіс деп аталады. Ол басқа тістерден соң шығып, ерте
түсуі, тіпті мүлдем шықпай қалуы да мүмкін [5].
Тіс сауытынан, түбірінен және жіңішке мойнынан тұрады. Төменгі азу
тістері екі түбір, ал жоғарғы азу тістері үш түбір, қалғандары бір түбірден
түзіледі. Тістер қызметіне, құрылысына қарай әртүрлі: күрек тістер, үшкір
тістер, кіші азу тістер, үлкен азу тістер [6].

Сілекей бездері үш жұп болады: шықшыт, тіласты, жақасты. Олардың
шығаратын сөлін сілекей сөлі деп атайды. Ал олар өз аттарына сай жерде
жатады [7].

Шықшыт безі (g1andu1a parotis) сілекей бездерінің ішіндегі ің ірісі,
пішіні үш бұрышты, салмағы 30 грамға жетеді. Ол тері астында, құлақ
қалқанының алдыңғы жағында шайнау етінің біраз бөлігін жауып орналасқан.
Бұл без сыртынан қатты қапшықпен қапталған, оның өзегі ұрт етінен өтіп,
жоғарғы екінші үлкен азу тіс тұсынан ауыз қуысына ашылады. Шықшыт безінің
сілекей сұйықтығы белокқа бай. Сондықтан оны белок безі деп те атайды [9].
Тіласты безі (g1andu1a sublingualaris) ауыз қуысының кілегейлі
қабатымен жабылып, тіл астында жатады. Салмағы бс грамм. Оның сілекей
жолдары тіл астындағы қатпарға 10 – 12 майда түтікшелер арқылы ашылады [3].

Жақасты безі (g1andula submandibularis). Салмағы 15 г. Ол жақасты
етінің астында орналасқан. Осы жерден сілекей жолы басталып, ауыздың
диафрагмасынан өтіп, тіл астына шығады [5].
Жұтқыншақ (pharynx) мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан.
Ол ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып, мұрын тұсынан,
бас сүйегінің негізінен басталады да, ІV мойын омыртқасының тұсынан өңешке
жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр, дәнекер тінге
толы кеңістік болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне
жағдай жасайды [7].
Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуыстарымен шектеліп жатуына
байланысты мұрын, ауыз және көмекей бөлімдері дейтін үш бөлімге бөлінеді
[4].
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі жұтқыншақтың жоғарғы мұрын қуысына тұтас
келген күрделі құрылысты бөлігі. Ол хоана тесіктері арқылы мұрын қуысымен
байланысып, ауыз қуысына жұмсақ таңдай мен тілше арқылы бөлініп тұрады. Бұл
бөлігінің екі бүйірінде ортаңғы құлақпен байланыстырып жатқан екі түтігінің
тесігі болады [9].
Жұтқыншақтың ауыз бөлігі жұтқыншақтың орта бөлігі, ол көмей тесігі
арқылы ауыз қуысымен жалғасып тұрады. Оның артқы іргесі мойын омыртқаларына
тұстас жатады [5].
Жұтқыншақтың көмекей бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі, жіңішкере
барып, өңешке жалғасып кетеді. Мұның алдыңғы жағында көмекей тесігі және
оның аузын жауып тұрған қақпақшасы жатады [8].

Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік. ІV мойын
омыртқа тұсынан басталып, көмекей мен кеңірдектің артқы жағынан жүріп
отырып, көкірек қуысында қолқа тамырларының артымен көкіректен өтіп, ХІ
көкірек омыртқа тұсында асқазанға жалғасады. Өңеш қабырғасы үш қабаттан
түзілген. Ішкі жағынан астарлап жатқан кілегейлі қабаты эпителийден
түзіліп, ұзына бойы қыртыстанып жатады. Өңештің басталар, орта бөлігінде
және төменгі диафрагмадан өтер тұста тарылып келген жерлері бар[2].

2.3 Асқазан

Асқазан (gaster) немесе қарын ас қорыту жолының ең кең бөлімі. Сырт
пішіні иілген қапшыққа ұқсас, ол диафрагма күмбезінің астында, құрсақтың
сол жағында жатады. Асқазанның оңға қарай бұрылып, жіңішкерген білігін
пилорикалық, дөңес келген сол жағын үлкен иін, ал оң жағындағы ойыс жерін
кіші иін деп атайды. Осы үлкен және кіші иін тұстары қан тамырлары мен
жүйкелерге өте бай. Асқазан жоғарғы жағынан өңешке жалғасады. Асқазанның
төменгі жағында он екі елі ішек, артында талақ, қарынасты безі және сол
бүйрек жанасып жатады [3].

Асқазан кіреберіс бқлігінен, түбінен, денесінен және шығаберіс
бөліктерінен тұрады. Асқазанның кіреберіс бөлімі өңештің жалғасқан жерін
қамтиды. Түбі деп өңешпен қосылар жерінен сәл жоғары жатқан, дөңестеу
келген бөлігін айтады. Ал асқазанның шығаберіс төменгі жақ бөлімі, ол оңға
қарай иіліп, беломыртқаның тұсында он екі елі ішекке жалғасып кетеді.
Асқазан байламдары арқылы жоғарғы жағынан диафрагмаға, шығаберіс бөлігімен
құрсқақ қабырғасына бекиді де қалған бөлімдері бос жатады. Асқазанның
сыйымдылығы орта есеппен 3 л, ұзындығы 25 – 30 см, ені 4 см – ге, ал толған
кезде созылып, кейде кіндікке дейін жетеді [1].
Асқазанның сырт пішіні тұрақсыз, себебі, тек толу нәтижесінде ғана
емес, санымен бірге жалпы адамның ден құрылысына және жас ерекшеліктеріне
де байланысты. Әйелдерде асқазан қиғаштау орналасқан [3].
Асқазан үш қабаттан тұрады: кілегейлі қабаты қатпарланып жатады, ал
толған кезде жазыла бастайды. Беті бір қабатты сөл шығаратын эпителийден
түзілген, онда көптеген түтікше бездер орналасқан. Түтікше бездер екі түрлі
жасушалардан түзілген. Оның ішкі – негізі без жасушалары оны белсендіретін
тұз қышқылы шығарады. Қарынның шығаберіс бөлімінде қоршаушы без жасушалары
байқалмайды, сондықтан бұл бөлімі әлсіз сілтілі таза пепсин сөлін шығарып
отырады [5].
Асқазанның ет қабатының ет талшықтары үш бағытта жатады. Сыртқы
талшықтары ұзына бойы, ортаңғысы көлдеңнен, ішкісі қиғаш талшықтардан
түзілген. Асқазанда белоктар мен майлар, көміртектері, асқазан сөлі мен тұз
қышқылының әсерінен жойылып, өлтіріліп отырылады. Белгілі дәрежеге дейін
қорытылған тағамдар ас қорыту жүйесінің келесі бөлігі – аш ішекке қарай
өтеді [9].
Аш ішектер (intestinum tenue) асқазаннан басталып, тоқ ішекке
жалғасады. Аш ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі болып есептеледі. Оның
ұзындығы тірі адамда 5 м, ал өлген адамда (босау нәтижесіне байланысты) 7 м
– ге жетеді. Аш ішек он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек деп аталатын үш
бөліктен тұрады. Соңғы екеуі шажырқай арқылы құрсақ қуысының артқы
қабырғасына тіркеліп бекіп жатады [8].
Он екі елі ішек қарынның шығаберіс бөлімінен басталады да оңға қарай
иіліп, одан сәл төмен түсіп, ІІ бел омыртқа тұсында аш ішекке ауысады. Бұл
ішектің жалпы сырт пішіні доға тәрізді иіледі. Он екі еі ішектің осы орта
жерінде қарынасты безінің түтіктері ашылып жатады. Оған қарынасты безінің
түтіктерінен басқа өт жолының түтігі де келіп алынады. Бұл ішектің ұзындығы
27 – 30 см немесе он екі елідей, сондықтан оны он екі елі ішек деп
атайды. Ішектің ені 4 – 5 см, ішінде көптеген қатпарлары қалады [2].
Аш ішектің шажырқайлы бөлігі өзінің кейбір ерекшеліктеріне қарай:
жоғарғы аш ішек жіне төменгі мықын ішек болып бөлінеді [1].
Аш және мықын ішек. Аш ішек он екі елі ішектен жоғары (І, ІІ) бел
омыртқалар тұсынан басталып, бірнеше иірімдер жасап келіп, оң мықын
астауына, төменгі (ІV бел омыртқа тұсына) аяқталады. Бұл ішектің ұзындығы 5
м, қорамы алғашқы бөлігінше кеңдеу – 4 – 8 см болса, төменгі бөлігінде
таралып 2,5 см болады. Аш ішек сірі қабықшасымен толық қоршалып жатады [5].
Аш ішек мықын маңында мықын ішекке жалғасады. Мықын ішек жамбас
астауында орналасқан. Бұл ішектердің алдыңғы бетін шарбымай тегіс жауып
тұрады. Ішектің бұл бөлімдері де басқа басқа бөлімдері тәрізді сірі, ет
және кілегейлі қабаттардан түзілген. Сірі қабаты ішектің сыртын қоршап,
шажырқайға ұласады да ішектің құрсақ қабырғасына бекітіп отырады. Бұл ет
қабаты зынша және сақиналы талшықтардан түзілген. Еттердің жиырылуына
байланысты ішек толқынды қимылға келіп, қоректік заттардың сөлімен
араласып, қорытылып әрі ішек бойымен жылжып отыруына себеп болады. Аш және
мықын ішек бөлімдерінде лимфа тінінен түзілген шашыраңқы немесе топтанған
фолликулалар да болады. Олар ішек бойында қорғаныш қызметін атқарады [2].
Тоқ ішек (intestinum crassum) ас қорыту саласының соңғы бөлігі ол
құрсақ қуысының оң жақ мықын бөлігінде аш ішектің тоқ ішекке қосылған
жерінен басталып, артқы өтіс тесігімен аяқталады. Тоқ ішектің ұзындығы 2,5
м, басталар бөлігінде қорамы 8 см болса аяқталар бөлігінде 4 – 5 см болады
[7].
Тоқ ішектің құрылысы аш ішекке қарағанда ерекше, ол аш ішекті қорщай
жиектеп тұрған шеңберге ұқсайды. Тоқ ішектің қабырғасы кілегей, ет және
сірі қабаттарынан түзілген. Тоқ ішектің атқаратын жұмысы – қорытылмай
қалған тағам қалдығын жылжытып, суды кері сіңіріп, нәжісті қалыптастырады.
Ет қабаты көлдеңнен және ұзына бойы ет талшықтарынан жинақталған. Тоқ
ішектің негізінде соқыр ішек пен оның құрт тәрізді өсіндісі (аппендикс),
өрлеме бөлігі, көлдеңнен бөлігі, тік ішек болып бөлінетін алты бөліктен
тұрады [2].
Соқыр ішек (сеасит) жамбастың оң ойысында жатады, ені 5 – 6 см,
ұзындығы 6 – 8 см. Бұл тоқ ішектің кеңейіп келіп, қапталған бөлігі,
сондықтан оны бүйен деп те атайды. Ішіндегі қатпарлары айшық тәрізді. Соқыр
ішектің түбіне ұзындығы 2 – 12 см – ге жететін құрт тәрізді өсінді жалғасып
жатады. Ол ас қорытуға қатыспайдыоның соқыр ішекке ашылған аузы өте тар
болады [6].
Тоқ ішектің өрлеме бөлігі (colon ascendenes) көтеріліп келіп,
бауырдың астыңғы жағынан оңға иіледі де көлденең бөліміне ауысады.
Көлденең жиекті ішек (colon transversum) арт жағынан құрсақ
қабырғасына шажырқайымен беки отырып, сол жақтағы бүйректің алдымен
төмендеу бөліміне ауысады, төмендеген жиекті ішек құрсақтың сол жақ
қабырғасымен төмен қарай түсіп, сол жамбас ойысына дейін барады да, тоқ
ішектің қима бөлігіне ауысады [3].
Тік ішек (colon rectum) тоқ ішектің соңғы бөлігі, ол кіші жамбас
қуысында орналасқан. Бұл сегізкөз ттұсынан басталып, өтіс тесігімен ьітеді.
Оның ұзындығы 16 – 18 см, қорамы 4 – 5 см аралығында болады [1].
Қарынасты безі (pancreas) асқазанның астыңғы жағынды ІІ бел омыртқа
тұсында сірі қабықшамен жабылып жатады. Қарынасты безінің салмағы 70 – 80
г, ұзындығы 20 см, оның басы, денесі және құйрық бөлімдері болады. Бас
бөлімі жуандап он екі елі ішектің иініне кіріп орналасқан. Денесі бел
омыртқаға көлденең келіп, асқазанға жанаса жатады. Құйрық бөлімі көк
бауырға дейін жетеді. Қарынасты безінің жоғары бетіндегі ұзынша саймен
талақ артериясы өтеді. Қарынасты безі екі міндет атқарады: ферменті бар
асқорыту сөлін шығару, екіншісі қанға инсулин гармонын шығару [5].

2.4 Бауыр

Бауыр (hepar) адам денесіндегі ең үлкен без, оның салмағы 1,5 кг – ға
дейін барады. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында, көкет күмбезінің астында
төменгі қабырғаларға таяу жатады. Оның түсі қызғылт қоңыр, консистенциясы
жұмсақ. Бауырдың жоғарғы және төменгі беттері, алдыңғы және артқы жиектері,
оң және сол бөлімдері болады [2-5]. Оның үлкен бөлігі оң жақ қабырғалар
астында, аз бөлігі сол жақ құрсақ бөлігінде орналасқан. Бауырдың алдыңғы
жиегі терң тыныс алғанда ғана қабырға астынан байқалады. Оның үстіңгі
дөңес бетінде бауырды үлкен және кіші бөлімдерге бөліп жатқан орақ тәрізді
сіңірі орналасқан [6]. Осы сіңір байлама арқылы бауыр көкетке ілініп, бекіп
жатады. Жоғары беті дөңес, ал төмені беті ішкі ағзалардың орналасуына
байланысты ойыс келеді, онда алдынан артқа қарай қатар жатқан екі сай
бар[3]. Оң жағындағы ұзынша сайда өт қапшығы жатса, сол жақ ұзынша сайында
жұмыр сіңірі орналасқан. Бауырдың арт жағына жанаса төменгі қуысты вена
өтеді. Оған бауыр веналары ашылады. Ұзынша сайлардың арасындағы көлденең
сай бауырды шаршы және құйрық бөліктеріне бөледі. Осы көлденең сай тұсын
бауыр қақпасы деп атайды. Бауыр қақпасынан бауыр артериясы мен қақпа венасы
кіреді де өт жолымен лимфа тамырлары шығады. бауырдан шыққан бауыр өзегі өт
шығарып отырады. Бұл өзек қапшық өзегімен жалғасып, жалпы өт өзегін түзеді
де қарынасты безінің өзегімен бірігіп он екі елі ішекке ашылады [5]. Бауыр
сірі қабықшасымен үш жағынан қапталып, бірнеше сіңір байламдары мен
диафрагмаға бекіп бос тұрған бөлігі жұмыр сіңірге көшеді. Жұмыр сіңір
ұлыұтым солып кеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Жұтқыншақ,көмей,өңештің құрылысы, тамақтың өту процесі
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Асқазан-ішек жолдарының секрециясын зерттеу әдістері
Тамақ аурулары
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Пәндер