Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I. ҚАЗАҚ КҮРЕСІ . . .

1. 1 Қазақша курес және оның даму тарихы . . .

1. 2 Қазақша күрес техникасының негіздері . . . 1. 3 Күрестегі жан - жақты дайындық . . .

II. қАЗАҚША КҮРЕСТЕГІ СПОРТШЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ және СПОРТТЫҚ МАШЫҚТАНУ ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ . . .

2. 1 Қазақ күресінің техникалық дайындығы және әдіс тәсілдерінің үйретілуі . . .

2. 2 Қазақ күресі арқылы жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру амалдары . . .

2. 3 Спортшының машықтану процесін жоспарлау және өткізу . . .

III. ҚАЗАҚ КҮРЕСІН ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .

3. 1 Қазақша күресті жетілдіру үшін жарыс ұйымдастыру . . .

3. 2 Жаттығу гигиенасы және жарақаттанудың алдын алу . . .

3. 3 Төрешілік ету ережелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

3

5

5

11

17

20

20

34

38

48

48

52

54

58

60

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Спортшыларды дайындаудың отандық жүйесінің алға басушылығы мамандардың кәсіби дәрежесі деңгейімен, дарынды спортшылар мен жаттықтырушылар санымен мамандардың ғылыми әлеуеттілігімен, яғни спорттық нәтижелердің одан әрі өсуі үшін барынша келешегі бар болып табылатын бағыттағы технология мен әдістемені ұсынуға қабілетті мамандардың ғылыми потенциалын қамтамасыз ету.

Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрлері баяғы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән -мазмұнын жойған жоқ.

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі - қазақ күресі. Көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрестің түрі. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етілген. Мұнда белбеуден қос-қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден, қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.

Қазақ күресі- халқымыздың ежелгі спорттарының бірі. Онда, грек - рим, самбо күрестерінің айла-тәсілдері кездеседі. Күрестің бұл түрінен жарыстар 1938 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы спартакиадалық жарысқа 1938 жылы барлық салмақ категориялары қатысты[1] .

Республиканың алғашқы жеңімпаздары Құрманбаев, Досқалиевтер (Алматы) болды. 1940 жылы 5 салмақ категориясы анықталды, 1944 жылдан бері қазақша күрестен Қазақстан чемпионаты өткізіліп келеді. Ал 1973 жылдан бері қарай Орта Азия мен Қазақстан біріншілігінің өтуі дәстүрге айналып келеді. 1973 жылдан бері екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж. Қуанышбаев атындағы жүлде үшін осы күрес түрінен дәстүрлі жарыс өткізілуде. Қазақша күрес ережелері мен айла тәсілдерінің бекіп, дамуына әйгілі спорт шебері, атақты палуан Әбілсейіт Айтханов зор еңбек сіңірді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы П. Матущак пен М. Болғанбаев қазақша күрес туралы оқулық жазып шығарды. Қазіргі кезде қазақша күрес ҚР-ның қазақ күресінің федерациясының шешімі бойынша қазақ күресі деп жаңартылды. Осы жаңаруымен 7 салмақ категориясы бойынша әр түрлі денгейдегі жарыстар жас және жыныс ерекшеліктеріне байланысты өтуде.

Күресушілер қозғалған кезде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері қажет.

Күрес үстінде шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласынан ұпай алуға тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-теңдіктен шығарғанда балуанның өзі де тепе-теңдікті сақтай алмайды өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады.

Күрескен кезде балуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табанымен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Жалпы ауырлық орталығына түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады[2] .

Әдебиетті оқып, зерттеу балуанның спорттық күресті жақсы меңгеріп кетуіне көмектесетін әдістердің бірі болып табылады. Теориялық мәліметтерді оқып-үйрену балуанның дүниетанымын кеңейтіп, спортпен одан әрі айналысуға қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты: Машықтану процесінде техника - тактикалық элементтеріне үйрету және жетілдіру барысында дұрыс, қолайлы оқыту әдістемелерін таңдап алуларына ықпал тигізу.

Зерттеудің міндеттері: Балуанның арнайы дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту, адамгершілік, жігерілік қасиеттерін қалыптастыру, күрес жайында арнайы білім беру, күрестің техникалық және тактикалық элементтерін меңгерту, кимыл ептілігі мен дағдысын меңгерту.

Зерттеу объектісі: Машықтану сабағында шұғлданушыларды, еңбек етуге жақсы, қабілетті ұрпақты даярлау процесі.

Зерттеу пәні: Балуандардың жас ерекшеліктеріне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруді қадағалау және жүзеге асыру әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер машықтану жаттығу сабақтарында біздің зерттеу жұмыстарында көрсетілген әдістемені қолданса, онда қазақ күресіне дайындау жұмысының сапасы артып, қазақ күресінің мәртебесі біршама денгейгі көтерілер еді.

Дипломдық жұмысқа қолданған зерттеу әдістері: анализ, синтез, тарихи монографиялық, индукция, дедукциялық әдістері .

Зерттеудің теориялық және методологиялық базасы.

Философиялық принциптерді таңу, жүйелілік, бірізділікті камтамасыз ету.

Ғылыми жаңалығы: Қазақ күресі пәні жоғарғы оқу орындарында тереңірек оқытылып, талданады және қазақ күресін әлемге айгілі спорт түрі ретінде танытады.

Практикалық маңыздылығы: Оқу - машықтану сабағында қолданылған жалпы және арнайы жаттығулар жас ұрпаққа келешекте кажетті кезде практика жүзінде қолдана алуына мүмкіндік туғызады.

Диплом жұмысының кұрылымы:

Кіріспе

3-бөлімнен түрады

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

I. ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

  1. Қазақша курес және оның даму тарихы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқпен жасайтын әдіс
Қазақ күресінде қолданылатын сөздік қорлар
Қозғалыс сапалары кезеңдері
Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі
ГРЕК – РИМ СТИЛІНДЕ БАЛҒЫН БАЛУАНДАРДА КҮШ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Мектеп оқушыларының қалыптасуындағы дене тәрбиесінің рөлі
Дене дайындығының ерекшеліктері
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz