Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау . . . 8

  1. Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау «Қазақстан темір жолы» АҚ сипаттама . . . 8
  2. Жүк тасымалдауға арналған программаны жасау жолдары . . . 10
  3. Вагон сипаттамасы . . . 12
  4. Жүк тасымалдауды құжатпен дайындау . . . 13
  5. Жүк тасымалдау құнын анықтау жолы . . . 13

2 «Қазақстан Теміржолына» арналған программаның құру ортасы . . . 14

  1. Delphi программалау ортасы . . . 14
  2. Компоненттер және оның қасиетттері мен оқиғалары . . . 26
  3. Ақпараттық қамтамасыз ету . . . 32
  4. Техникалық қамтамасыз ету . . . 35

Қорытынды . . . 37

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі - бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде - ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді. Біз өмір сүріп отырған ғасырға - ұшақ, поезъд, автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, электрондық техника сияқты - ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән.

Дипломдық жоба тақырыбының актуалдығы қазіргі компьютерлік технология даму кезінде темір жол көлігі арқылы жүк тасуды рәсімдеу жұмысын жеңілдету үшін, темір жол көлігі арқылы жүк тасуды ақпараттандыру программмасын жазу. Менің ойымша жаңа ғасырға сай, біз құрастырушы программалардың жаңашыл технологияларын ұсынуымыз керек. Сонымен біз тұтынушы мен пайдаланушыларды қызықтырып оларға көп жеңілдіктер жасаймыз.

Ақпарат жүйесінде теміржол көлігінің қолданылуында жүк ағымдары тиімді болу керек, жүк айналым құрылымын тіркеу және жүк тасу, ай мезгілдерінде де үзілмей іске асырылып, дамуы арта түсуі керек. Осындай күрделі есептер компьютермен оңай шешіледі. Нәтижесінде теміржол көлігін тиімді пайдалануға әсер етеді.

Жұмысымның басты мақсаты қазіргі компьютерлік технология даму кезінде темір жолымен жүк тасымалдауды ақпараттандыру программасын жазу болып отыр. Сондықтан біз «Қазақстан темір жолы» АҚ зерттеу обектісі ретінде алып, оның деректеріне сай программа құруымыз қажет. Менің ойымша жаңа ғасырға сай, біз құрастырушы программалардың жаңашыл технологияларын ұсынуымыз керек. Сонымен біз тұтынушы мен пайдаланушыларды қызықтырып оларға көп жеңілдіктер жасаймыз. Поезъд мемлекетіміздің шаруашылығың ең ірі салаларының бірі екені белгілі. Сонымен қатар көптеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бұл дипломдық жобаның бірінші бөлімінде темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау «Қазақстан темір жолы» АҚ сипаттама жасалу қажет. Онда жүк тасымалдауға арналған программаны жасау жолдарын қарастыру қажет. Олар: жүк және оның сипаттамасы, аагон сипаттамасы, жүк тасымалдауды құжатпен дайындау. Онымен бірге осы жобаның негізі мәселесі жүк тасымалдау құнын анықтау жолының формуласын табуым қажет.

Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау програмасын жасауға арналған қосымша Delphi программасы туралы теориялық мәлімет жазуды дұрыс деп есептедім. Бұл дипломдық жобаны жасау үшін Delphi программасы қолданылды. Бағдарламаның негізгі мәтіні Delphi 7 ортасында негізгі мәтіндердің енгізілген редактор көмегімен жасалынады. Бұл редактор арнайы белгілеудің иілгіш мүмкіндіктермен ажыратылады және жиі кездесетін құрылымдарының тез еңгізуіне мүмкіндік береді.

Delphi 7 жүйесінде, айтып кеткендей, арнайы формаларды проектілеуші бар, оның көмегімен болашақ бағдарламаның терезелері форма түрінде дайындайды. Проектілеуші терезелердің оптималды өлшемін таңдауға, әр түрлі басқару элементтер мен мәзірді орналастыру және келтіруге, дайын суреттерді қосуға, мәтінді енгізуге көмектеседі.

Ал екінші бөлімінде есептің қойылымы оның ішінде енгізу және шығару берілгендерін атап жазу қажет және программалық қамтамасыз ету мен ақпараттық қамтамасыз ету, техникалық қамтамасыз ету мәселесін де толық қарастыруды жөн көрдім.

Үшінші бөлімде өзімнің нақты зерттеулер жасау қажеттігін көрсетем деп жоспарладым. Ол құрастырылған программамен бірге жүру қажет болғандықтан программаның әр терезесін суретпен көрсетіп, қосымшаларға сілтемелер жасау қажет. Олар программаның орындалу шарттары мен тағайындалуы. «Темір жол арқылы жүк тасу» программасының орындалуы, накладная бетінің орындалуы және жүк тасымалдау құнын есептеу терезесінің орындалуы.

Құрастырылып жатқан бағдарламаның негізгі міңездемесі - тұтынушы интерфейстің қолайлылғы, қажетті басқарушы элементтердің бар болуы және ыңғайлылығы.

Сондықтан мәліметтер базасы - қиылысқан сілтемелері бар кестелердің жиынтығы болып табылады. Одан универсалды түрде жазба топтарын алу, оларды өңдеу, өзгерту және жою үшін арналған бағдарламалар қолданылады, олар мәліметтер базасымен басқару жүйесі немесе қысқаша МББЖ деп аталады.

Әртүрлі деректер қорын басқару жүйесінің функционалды мүмкіндіктері кең диапозонда, ауқымда жатыр. Кейбір комплексте бағдарламалаудың арнай тілдер, сонымен бірге визуалды өңдеудің толық жүйелер, күрделі есептің генераторлар, аналитикалық модульдер қосылған. Олар ондаған мың тұтынушылардың мәліметтермен бір мезгілді жұмысын қолдай алады. Басқа деректер қорын басқару жүйесінің тек базалық жиынтығы болды (кестелерде мәліметтердің сақталу және сұраныстың қанағаттандыруы) . Оларды қолданғанда өңдеушілер есепті құру, ыңғай көру және мәліметтер базасының құрамын редактілеу жұмысын қолмен бағдарламалауға мәжбүр болады.

Қазіргі дағдарыс кезіндегі осындай ауқымды мекемелердің жұмысының жағдайы біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайына да әсер етуде. Онымен қоса әлемдік теміржол жүйесінде Қазақстанның теміржол көлігі ерекше орында. Теміржол көлігінің автоматтандырылған басқару жүйесін жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттырудағы әлеуметтік-экономикалық бастапқы тапсырманы орындау, жүктасымалдау процессінің сапасын арттыру, уақытты, еңбек және материалдық қорды жоғалтпау, дербес жағдай да поездардың, вагондардың тұрып қалмауын қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге автоматтандырылған жұмыс орнын енгізу- теміржол көлігінің өндірісіндегі жұмыс нәтижесін жақсартады.

Сонымен, жаңа технологиялардың дамуы есептеуіш техника әдістерін кеңінен енгізу, сонымен қатар шығарылатын есептеуіш техникалар санын өсіру және оның сапасын жоғарылау, компьютерлердің көптеген ғылым облыстарында кеңінен қолдануына мүмкіндік жасады. Қазіргі кезде көптеген ғылыми - техникалық мақсаттардың табысты шешімі ЭЕМ шапшаң қолдануына тәуелді болады. Осыған тіреле келе менің жасаған жұмысым қоғамның қазіргі кездегі дамуына сай орындалды деген ойдамын.

1 Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау

1. 1 Темір жолы көлігі арқылы жүк тасымалдау «Қазақстан темір жолы» АҚ сипаттама

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ. ) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1992-1996 жж. ) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.

Екінші кезеңнің (1997-2001 жж. ) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.

Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.

2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы мерейтойына жетті. Осы жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабаты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты.

30-шы қарашада Арқа стансасында мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолдың ашылуы өтті. Бұл жол арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Алтынсарин-Хромтау темір жол желісі арқылы жылына 160 миллион доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі жолдарымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9, 5 миллион тонна жүк тасылды. Бұл жылы станцияның әлеуетін арттыруға 3, 5 миллиард теңге бөлінді. Осындай қаржы бөлу арқылы 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, вагондарды алмастыру орыны жарақталды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ең алдымен, еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасына үлесе алмауының салдарынан болар, темір жол небір қиын кезеңдерді басынан өткерген жылдары Қазақсан теміржол саласын қайта құрылымдау шеңберінде «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылды. Бұл саланың еңсесін көтеріп, нарық релсіне қою үшін қоғамдағы болып жатқан оңтайлы өзгерістер жағдайды түбегейлі өзгертуді, қайта жаңғыртуды, жаңа басқару құралдарын қажет етті. Демек, 2003 жылы теміржол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде «НК «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның жүк вагондарын инвентарлау негізінде бұл компания құрылған.

Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» АҚ төл компанияларды, сонымен қатар сыртқы ұйымдарды жылжымалы составтармен қамтамасыз ете отырып, ҚТЖ вагон пакінің негізгі иегері болып табылады. Сондай - ақ компания өзінің вагон жөндеу депосының негізінде вагондарды жөндеу және қазіргі талаптарға сәйкес өзгертуді жүзеге асырады, көліктік - экспедиторлық қызмет көрсетеді, ең бастысы еліміздің көліктік потенциалының дамуына септігін тигізе отырып, нарықтағы жаңа сегменттерді ширақ меңгеруде.

Осы күнгі көлік нарығында бұл компания жоғарғы жағдайда, компания вагондарының инвентарлық паркі 60 000 бірлікті құрайды, сондай - ақ Қазақстан төңірегі бойынша теміржол жүк тасымалдауының жартсынан көбі «Қазақстан темір жолытың» жүк паркімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда вагондардың жеке операторларының қызметін атқару және дамыту үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Негізінен бұл таукен - металлугия, мұнай өндіруші және мұнайтеххимиялық кешендер.

Сондай - ақ, тәуелсіз компаниялардың-операторлардың жүк вагондарын толықтыруға белсенді қатысатынын да ұмытпаған жөн. Қазақстанның экономикалық өсу тенденциясы мен халықаралық сауда байланысының кеңейуі теміржолдағы жүк ағымының ұлғайуына әкелетінін ескерер болсақ, бұл тенденция жалғасын табады деп пайымдауға болады.

Сондықтан жүк вагондардың қызметін автоматтандыруға осы дипломдық жоба арқылы өз үлесімді қосамын деген үміттемін.

Теміржол көлігінің автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі мақсаты:

  • өндірістік бөлімнің жұмыс оперативті басқару және жоспарлаудың барлық түрлерін тиімділендіру және саладағы жұмысты басқарудың сапасын жетілдіру әсіресе оның тасымалдау жұмысын;
  • өсіп келе жатқан жүктасымалының көлемін меңгеру және саланың техника-экономикалық жұмыс көрсеткіштерін жасқарту;
  • негізгі қорларды, материалдық және еңбек ресурстарын қарқынды пайдалану.

Теміржол көлігінің автоматтандырылған басқару жүйесін біртіндеп жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттырудағы әлеуметтік-экономикалық бастапқы тапсырманы орындау, жүктасымалдау процессінің сапасын арттыру, уақытты, еңбек және материалдық қорды жоғалтпау, дербес жағдай да поездардың, вагондардың, локамативтердің тұрып қалмауын қамтамасыз етуге болады.

Қазіргі уақытта көлік саласында персональды және кіші ЭЕМ-ды қолдану кеңеюде. Бұған байланысты автоматтандырылған жұмыс орны құрылады. Автоматтандырылған жұмыс орнын енгізу, теміржол көлігінің өндірісіндегі жұмыс нәтижесін жақсартады.

  1. Жүк тасымалдауға арналған программаны жасау жолдары

Жүк және оның сипаттамасы

Өндірістің және ауыл шаруашылығының барлық өнімдерін таурлар деп атайды. Тауарларды транспортқа тағайындалған жеріне жеткізілуіне тапсырылғаннан бастап жүк деп аталады.

Жүк сипаттамасына тек қана физико-химилық қасиеттері ғана емес оның массасы, көлемі, атмосфералық қысымға қабілеттілігі, қоршаған ортаға әсері, қауіп дәрежесі және оның оранған сырты оның сапасы мен көлемі жатады.

Жүк тасымалдау кезінде және сақтауда сыртқы факторлардың әсерінен - механикалық, климаттық, биологиялық -сапалық және сандық өзгерістер болады. Сондықтан жүк тасымалдау және оны сақтау кезінде осы факторларға көңіл бөлген жөн. Транспортқа түсетін жүктер үш топқа бөлінеді:

  • Шикізат
  • Жартылай фабрикаттар
  • Фабрикаттар

Ал барлық жүктер негізгі, тиеуші және толысқан, тез бүлінетін, тірі жануарлар деп бөлінеді.

Жүктің тарасы және орауы

Жүк тарасы және орауына қарау үш топқа бөлінеді. Олар жүктің бірлігі болып та саналады.

1) тарада тасымалданатын;

2) жартылай бөлек деталдармен қорғалған тарада тасымалданатын;

3) тарасыз тасымалданатын;

Тара дегеніміз дайын өнім орналастырылатын құрылғы. Ол қолдануға арналған, қосымша және транспорттық деп бөлінеді.

Жүктің маркировкасы

Жүктің маркировкасын келесі шарттарды қанағаттандыру қажет:

  1. Әр жіберілген жүк онықталған жолмен тағайындалған жерге бару қажет
  2. жүк бірлігімен ұқыпты жұмыс істеу керек
  3. Жүк жинақты сақталынған түрде жеткізілу керек

Жүк бірлігі:

  • тарада тасымалданатын жүктер
  • жартылай бөлек қорғалған тарада тасымалданатын жүктер
  • тарасыз тасымалданатын жүктер

Ауыспалы комплекске мәліметті өңдеу интегрированды поездың табиғи беті есепке алу принципінің толықтығы мақсатын қоюындағы жолдық қатары салынған есеп негізі жиналғаны төменде көрсетілген.

Жүктін барын жіберу автоматтандырылған бақылауының үзілмеуі, түйіндер, бөлімдер және вагонағымдарын реттеу кеңесі оперативті жіберу станциясы. Динамикалық моделдерін ұйымдастыруымен поездерін алмастыру және полигонды жолдарда вагондарды, оперативті сұранымдар бойынша әр қилы басқару анықтамасын жіберу, түйінін және қолданылған парк вагондары. Оперативті автоматтандыруды есепке алу және поездердің өтуі туралы есеп беруін құрастыру және жол арасындағы вагондар, түйіндерін және вагонды парктерін қолдану.

Вагонды жүктен босатуылуы күткен ақпарат түседі жүк тасуын қамтамассыздандыру толық автоматтандыру. Оперативті қамтамассыздандыруын орналастыру және поездердін бөлек категория жұмыстарын және вагондарды (рефрижераторды қозғалмалы құрамы маршуттарын жіберу, ірі тонналық конотейнерлер және т. б. ) . Поездерді формалдау жоспарын орындау бақылауы, әрқай поезд жүгін формалдау жоспарына сәйкес тапсырыс тексерісі.

Вагон номерлер тізімдерін поездер орындары телеграмма - табиғи бетін ауыстыру (жүкті түсіру - жүктеу оперативті вагонды хабарлама негізі ЭЕМ толық құжат формалданады) . Түйінді қалған мәліметті дайындау және жүктеу ресурстарын ауақысымы, вагонағымдарын реттеу шешімін тандау мәліметі. Диспечерлік аппарат бөлімдерін қамтамассыздандыру және поездер құрамдарының барлық қажетті ақпараттар жолы.

Есеп айырылысу вагонағымы туралы мәлімет шығыс массивін дайындау және желі корректировкасы және поезд формалдау жолдық жоспары. Күндік кезек жоспары поездын қортынды мәліметін дайындау және поезд жол жұмысы келесін реттеу.

1. 3 Вагон сипаттамасы

Вагондар конструкциясы жүктің сақталғандығына, жүкті тасымалдау жылдамдығына, тасымалдау эффективтілігіне және жүк көтерімділігі мен сыйымдылығына әсер етеді.

Жүк вагондар паркі жан-жақты -жабық, платформа, жартылай вагон және арнайы деп екіге бөлінеді.

Жан-жақты вагондарда барлық жүктер болуы мүмкін. Ал арнайы вагондарда цистерндер, изо-
терминдік, дәнтасу, ұнтасу, цементтасу, т. б. арнайы заттар тасуға арналған.

Жүктеу әдісі бойынша ашық және жабық деп екі топқа бөледі.

Жүк вагондарының негізгі сипаттамасы жүк к-өтерімділігі.

Вагонның салыстырмалы жүк көтерімділігі 1 м' кузовтың геомериялық көлемге кеолетін тоннаның жүк көтерімділігі болып келеді.

Жүк көтерімділігі мен сыйымдылығы салыстырмалы жүк көтерімділігі болған жағдайда ғана толық қолданылады.

Темір жолмен жүк тасымалдаужоспарын құрастыру кезінде жүктеудің техникалық нормасымен вагонның статикалық жүктеу көрсеткіштері қолданылады.

Вагонның техникалық жүктеуі- осындай вагонның типіне жүк көтерімділігі мен сыйымдылығы толық жүктейтін жүктің міндетті саны.

Вагонның статикалық жүктеуі-бір вагонға орташа келетін жүктелген жүктің тоннасының саны.

Жүкті тасымалдау жоспарланғанда вагонның статикалық жүктеуі вагондардың техникалық нормасына және төрттік, алтылық, сегіздік вагондар қатнасында берілген жүкті тасымалдау кезінде негізделеді:

, (1)

Мұнда - - төрттік, алтылық, сегіздік вагондар тасымалдауға қатысатын сәйкес үлесі,

- Вагонның төрттік, алтылық, сегіздік техникалық жүктеуі.

Вагонның статикалық жүктеуі келесі формуламен есептейді:

Equation. 3, (2)

мұнда Equation. 3 тоннамен жүктің толық саны,

- жүктелген вагондар саны.

1. 4 Жүк тасымалдауды құжатпен дайындау

Жүк тасымалдауды кезінде теміржолмен жіберуші арасында келісім шарт болады. Оны накладная деп атайды. Оны ЭЕМ-да есептеуге ыңғайлы.

Накладная- негізгі тасымалдау құжаты. Ол жүкті тағайындалған жерге дейін бірге апарылады. Ол жүк жіберушімен толтырылады және жүкті жіберілгенде және жүк бергенде де қолына беріледі. Накладнойды дұрыс толтырылған жағдайда ғана жүктің сақтылғандығы және жеткізілуі дұрыс қамтамасыз етіледі. Онымен қоса накладнойды дұрыс толтырылған жағдайда жүк тасымалдаудың құны дұрыс есептелінеді. Осылай накладной заңды және есептік мәнде қолданылады. Накладнойда міндетті түрде кол қойылып штемпелмен растау қажет.

Жолдық ведомость- қаржылық-есептеу мәнде берілетін құжат. Онда жүкті жеткізген күнгі мерзім және жүріп өткен станциялардың берілгендері тұрады. Жолдық ведомость пен накладной тағайындалған станцияға дейін жүкпен бірге жүреді. Бару қажет станцияға жеткен соң қабылдаушы оған қол қою қажет. Жолдық ведомостқа қарап жүрген жолмен тасыған жүктің көлемін және есептеудің дұрыстығы мен жүкті уақытында әкелгені туралы ақпарат аласыздар.

Жүкті қабылдау квитанциясы-жіберушіден жүкті тасымалдауға қабылдағанын дәлелдейтін заңды құжат.

1. 5 Жүк тасымалдау құнын анықтау жолы

Жүк тасымалдау құнын келесі формуламен есептейді:

Tk=Tb*Th*Sb*Js/1000 (3)

Мұндағы

Tk -жүктің тасымалдау құны, Tb- тасу бағасы (км*тонна),

Th- тасу ара қашықтығы (км), Sb- сый ставкасы, Js- жүк салмағы; (кг) .

2 «Қазақстан Теміржолына» арналған программаның құру ортасы

2. 1 Delphi программалау ортасы

Borland корпорациясы қысқа мерзім аралығында 7 негізгі нұсқаларды және бірнеше Delphi модификацияларын шығарды. Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде, біз, Delphi нұсқаларының негізгі белгілерін қарастырамыз, және 7-ші нұсқаны толығырақ талдап оны анығырақ сипаттаймыз, себебі, менің дипломдық жұмысымның жобасы негізінен 7-ші нұсқаға негізделген.

Бірден атап өтетін жағдай, нұсқалардың мүмкіншіліктері өсу бойынша құралады: нөмір бойынша кіші нұсқаның барлық әрекеттерін үлкен нұсқа да жүзеге асыра алады, бірақ керісінше емес.

Бірінші нұсқа

Delphi - дің бірінші нұсқасы 1995 жылдың мамыр айында шықты, ол уақытта Windows 95 әлі жоқ еді (алайда, Windows NT бар болды) . Бұл 16-бірлікті Windows 3. 1 - дің бақылауында жұмыс істейтін жалғыз ғана нұсқа. Оның ішінде, әртүрлі объектілі - бағытталған тілдерден және негізінен С++ тілінен алынған объектілердің жаңа үлгілері бірінші рет пайдаланылды. Бұл үлгі өте революцияшыл болып табылғандықтан, сол уақыттағы Turbo Pascal - дың кеш шыққан объектілері қажетсіз болып қалды (олардың мүмкіндіктерін толығымен жаңа үлгі алмастырды), ал жаңа үлгінің өзі класс атауын қабылдады.

Класстар шапшаң түрде динамикалық жадыны пайдаланды, соған байланысты тілдің нотациясы біршама өзгерістерге ұшырады, ал тілдің өзі Object Pascal деген атауға ие болды. Turbo Pascal - мен салыстырғанды оған әртүрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сонымен қатар:

Ашық массивтері мен ұзындығы айнымалы болып келетін массивтерді подпрограммаларға жіберу үшін арналған конструкторлары енгізілген;

Функция үшін ішкі Result айнымалысы енгізілді және функция қайтаратын нәтижелерді;

Функция қайтаратын нәтижелердің типіне арналған шектеулер алынып тасталды;

Ерекше жағдайларды өңдеу үрдісі енгізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдау шарты
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
Көлік саласын дамыту мәселелері
Темір жол көлігі географиясы
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі аж
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің жағдайы мен транспорттық тасымалдау қызметін зерттеу
ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ЖҮК ВАГОНДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz