Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мекеме «Қостанай гуманитарлық колледжі»

Мамандығы: 0101000 « Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

ҚУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘНІ: «Дене тәрбиесі»

ТАҚЫРЫБЫ: «Қимыл-қозғалыс ойындары мектепке дейінгі ересек топ балаларының дене бітімінің дамуына ықпал ететін негізгі құрал»

Оқушы: Умурзакова М. С. 4 МДТ-10 тобы

Жетекші: Жайлибаева Ж. А.

Қостанай-2018 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және

қимыл-қозғалыс ойындары 5

1. 1 Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама 5

1. 2 Бала тәрбиелеудегі қимылды ойындардың маңызы 9

2 Қимыл-қозғалыс ойындары, мектепке дейінгі ересек топ

балаларының дене бітімінің дамуына ықпал ететін негізгі құрал 12

2. 1 Ойын іс-әрекетінде баланың дамуы 12

2. 2 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының дене бітімінің

дамуын ұйымдастыруындағы қимыл-қозғалыс ойындарының

орны 15

Қорытынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Қосымшалар . . . 27

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мен физикалық денсаулығы мықты болып қалыптасуы ерекше орын алады. Дәл осы жаста мақсатты бағытқа көзделген педагогикалық әсер ету нәтижесінің арқасында денсаулығы, жалпы төзімділігі, жұмыс қабілеттілігі мен өмір тіршілігі және тағы да басқа қасиеттері, жеке тұлға болып дамуына қажетті басқа да қырлары қалыптасады.

Ересек жастағы топтарда балалардың қимыл - қозғалыс белсенділігі әртүрлі болып келеді. Көптеген спорттық жаттығуларды орындаудың жаңа түрлерін меңгеруден басталады. Хатха-йога жаттығуларының қалпы күрделене түседі, тазарту тынысы, кейбір дана жаттығулары, хуа-то, ушу сияқты түрлеріде қосылады. Ересек топтағы балалардың даму деңгейінің жетістігі олардың мектепте оқуға дайын екендігін және алға қарай жетілдіруді жоспарлауды көрсетеді

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идиологиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» - деп айтқандай, Қазақстан Республиасының Білім туралы заңында: білім алушылар мен тәрбиелеушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстар, ұлттық ойындар, семинарлар, конференциялар сондай-ақ, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу көрсетілген.

Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи-әлеуметгік сипаты. Қазақстанда ойын теориясының қалыптасуы. (Н. Құлжанова, А. Байтұрсынов, М. Турыскелдина, Т. Иманбеков, Г. Дұкенбаева, Б. Арзанбаева)

ТМД елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балалар ойыны туралы зерттеулер (Е. И. Тихеева, Е. А. Покровский, А. П. Усова, Д. В. Менджеринцская, Н. Я. Михайленко, А. К. Бондаренко және т. б) .

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен оқу-танымдық іс-әрекеттер балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасау әдетін қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру қажет.

Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.

Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.

Курсттық жұмыстың мақсаты: Қимыл-қозғалыс ойындары, мектепке дейінгі ересек топ балаларының дене бітімінің дамуына ықпал ететін негізгі құралын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1. Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл-қозғалыс ойындары мәселесін қарастыру.

2. Қимыл-қозғалыс ойындары, мектепке дейінгі ересек топ балаларының дене бітімінің дамуына ықпал ететін негізгі құралын анықтау.

Зерттеу объектісі: Қимыл-қозғалыс ойындар күн тәртібінде.

Зерттеу пәні: «Мектепке дейінгі ересек топ балаларының дене бітімінің дамуына ықпал ететін негізгі құрал».

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл-қозғалыс ойындары

1. 1 Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама

Алты жаста балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0, 5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21, 5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, нысананы көздеп заттарды дәл лақтыруды сенімді орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

Алты жаста саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш т. б. ) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен сипатталады.

5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам алты жастағы бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты себебі - өзара түсіністік пен әсерлену.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол ересектерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.

Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Тұлғалық мотив жетекші мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады

Бес жастағы кезең мектеп жасына дейінгі баланың құрбы-құрдастарымен (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрлі қарым-қатынасының бір мезгілде байқалуымен сипатталады. Ересектерге қарағанда құрдастары бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу немесе ойын іс-әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және ересектердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста ересектердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.

5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.

Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды.

Бұл кезеңнің жаңа құрылымы - мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі: мінез-құлықта импульсивтік және ашықтық пайда болып, тәртіп нормалары мен қағидаларында көрінеді, дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі еркін ұстай білу дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу т. б. ) де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға болады.

Рөлге бөлінетін ұжымдық ойын арқылы балалар іс-әрекетті жоспарлауға және жүйелілігін сақтауға, жағдайлардың демеуші ықпалын және қалыптасқан әсерлерін жеңуге қабілетті болады. Саналы әрекеттер жасау қабілеті пайда болады. Ересектердің іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы балаларға түсінікті бола бастайды.

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Жалпы алып қарағанда бұл құбылысты сыртқы мінез-құлқын анықтай бастайтын баланың ішкі психикалық жан-дүниесі, ойындағы әрекеттер жоспары деп тануға болады.

Нақты мақсат қалыптаса бастайды. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады, өз ойымен іс-әрекет жасауға қабілетті. Осы құбылыстар баланың психикалық дамуында - қатынас, таным, еркіндік, мотивациялық салаларында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде ересектердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы баланың түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Бес жастағы кезеңде өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды. Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Ересектер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің жобасы пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небәрі көрнекі-бейнелі ойлау ғана. Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған.

Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші зат арқылы елестете білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады. 5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, 5-6 жас кезеңінде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.

1. 2 Бала тәрбиелеудегі қимылды ойындардың маңызы

Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланын дене күші артады, қолы қатайып, денесі шындала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылык дағдылары калыптасып шындалады. Ұстамдылығы, жағдайларды салыстырып бағдарлау іскерлігі жетіле түседі.

Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшык еттері бірдей қызмет етеді де, сонын нәтижесінде олар бірқалыпты жетіледі. Алайда қимыдды ойындардың маңызы тек мұнымен ғана шектелмейді, олар сондай-ақ балалардың жан-жақты өсіп-жетілуінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, ойынын зор тәрбиелік-білімдік күші жекелеген гимнастикалық жаттығуларға қарағанда жоғарырақ тұратын күрделі әрекет, баланың жеке басын тәрбиелеудегі ең жақсы құрал деп саналады. Баланың ойын үстінде сергек де ширақ болатынын, сезімтал келетінін, бар ынта-ықыласымен ойынға беріліп кетенін білеміз.

Қимылды ойындар зеректілікке, байқағыштыққа, зейінділікке, қиялдауға, дұрыс сезімдердін дамуына мүмкіндік жасайды.

Бала өзінің тен құрбылары арасында олармен тен сезінуге тиіс. Ойындағы белсенді әрекет балалардың күшіне деген сенбеушілікті, ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды. Қимылдарды дәлме-дәл орындау батылдық, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және коллективте өзінін тиісті орнын алуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың доппен, шеңбермен, жіппен секіру, тас лақтыру және басқа да заттармен ойнайтын көптеген қимылды ойындарында ережені балалардың өздері белгілейді. Қай жағдайда болса да келісім барлык ойнаушылар үшін заңды ереже болып табылады.

Бұл дәстүрлердің тәрбиелік мәні үлкен. Балаларды тәртіптілікке шақырады, ез беттерімен келісе білуге, келісіп әрекет жасауға, көпшіліктің пікірімен санасуға тәрбиелеуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі қимылды ойындар арқылы алуан түрлі міндеттерді шешуге болатындығын көрсетеді. Ал ол үшін бұл ойындарды балалармен күнделікті жұмыста кенінен қолдану керек.

Қимылды ойындарды пайдаланған кезде дидактикалық принциптерді: қолайлылықты, жүйелікті, бірізділікті, белсенділікті, парасаттылықты сақтау керек.

Бұл ойындар жинағында «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған ойындар іріктеліп алынады.

Ойындар, әрбір жас тобы үшін балалар қимылының басымдылық процесіне қарай орналастырылған: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу.

Мысалы, жас ерекшеліктері әртүрлі топтарда пайдаланылатын, жұртшылыққа кейіннен белгілі «Аққу-қаздар» деген ойындар балаларға мынадай нәрсені ескеру керек: қаздар жайылып жүрген кезде шөп жұлып жейді, су ішеді. Осы қимылдарға еліктеп бала еңкейеді, мойнын созады, басын артқа қарай шалқайтады т. б. сюжетті ойындарды мұндай қимылдар үшін әртүрлі уақытта себеп табуға болады.

Жасына қарай бөлінген әр топтың ішінде де бұл принцип сақталған. Мысалы, кішкентай балалар алғашқыда, негізінен балалардың қимылына жағдай жасайтын, жүгіруге, секіруге, ынталандыру міндетін атқаратын ойындар берілген. Ол одан кейін қимылдың сапасына талаптар қоятын ойындар орналастырылған. Мысалы, алғашқыда балаларға сәл биіктіктен секіретін, одан кейін бір орнында тұрып, екі аяқпен алға қарай жылжып секіретін ойындар беріледі.

Ересек балалар топтарында терең орларға, жоғарыға, жүгіріп келіп және бір орнында ұзындыққа секіруге жаттықтыратын ойындар іріктеліп алынған. Айналып тұрған секіргіш жіп арқылы секіреді.

Естияр балалар мен ересек балалар топтарында «Кеглилер» (ағаш қадаларды ағаш доппен құлату), «Қар дөңгелектер» және жүріп бара жатқан нысанаға лақтыруға тапсырма беріледі. Мысалы, «Аңшылар мен қояндар» ойыны.

Мектепке даярлык тобына балалар үстел үстінде ойнайтын ойындар («ұшқыш қалпақтар») және басқада дәлдікті ғана арттыратын емес, сондай-ақ қимылдар шоғырландыратын, соққының қаншалықты күші болатынын есептеуге, соққыны белгілі бір нысанаға бағыттауға үйрететін ойындарды ойнайды.

Қимылды ойындардың бәрі сайып келгенде балалар қимылының жеңіл де әсем, батыл да сенімді болуына бағытталған.

Ойынның мазмұнын, ережесін балаларға анық айтып беру, ойындағы қимылдарды дәл де айқын орындау үшін тәрбиеші балалармен жұмыста пайдаланылатын қимылды ойындарды жақсы білуге міндетті.

Қимылды ойындардың әсері көп жағдайда ойынның алдына қойылған міндеттердің ауыр-жеңілдігіне және дене күшінін дәрежесіне байланысты болады. Ойын көп күш-қуат жұмсауды талап етіп, бала организмін қатты жұмыс істеуге мәжбүр етуіне карамастан, олар әдетте қуанышты, жақсы көніл-күй тудырады. Алайда бұл қуанышты көңіл-күй баланың дұрыс дамып жетілуіне оның алдына белгілі бір күш жұмсауды талап ететін, бірақ орындай алатын, міндет қойылған жағдайда ғана дұрыс көмектеседі.

Балалардың істеген әрекеті процестің өзінен сондай-ақ оның нәтижесінен болсын, бірлесіп істеген іс-әрекеттің сергек немесе күйініштерінен болсын, бәрібір оған қуаныш әкелуі керек.

Мұндай жағдайда олар тағы да ойнай беруді сұрайды, ал одан ересегірек балалар топтарында өз беттерімен де ойнайтын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек топтарында қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Балабақша балаларының дене дайындығы
Айналадағы әлеммен таныстыру сабағында қимылды ойындар арқылы бала белсенділігін арттырудың педагогикалық ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі баланың ойынына теориялық сипаттама жайлы
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру форма – Ойын
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
Ұлттық ойындарға анықтама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz