Оқушыларды өнерге баулу, өнерді дамыту
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
І.Сәнді өнер
эстетикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4-7 1.1. Ұлттық ою-өрнек.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8-11
1.2. Зергерлік бұйымдарда қолданылатын ою-
өрнектер ... ... ... ... ... ... ... 11-16
1.3. Сәукеле
әшекейлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .17-18
ІІ.Әдістемелік бөлім
2.1. Сабақ кестесі (6-
сынып) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 18-19
2.2. Өнерге баулудың
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20-
22
2.3. Сабақ
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23
ІІІ.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 25
Кіріспе
Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі ең алдымен қоғамның
әлеуметтік, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге
асыру айналасында жұмыс істеу керек. Яғни қоғамның алдында тұрған
мақсаттрынан- білім, тәрбие беру жүйесінің мақсаттары, одан барып,
жекелеген мектептердің, бұл мақсаттардан жекелеген пәндерді оқыту
мақсаттары туындайды.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына
көтерілу болса, өркениетке жетуде жан—жақты дамыған, рухани бай
тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің мақсатыда сол
жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі ғылыми педагогикада оқу әрекетін қалыптастыру негізінде
оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші ықпалының пәрменділігін арттыру
көзделуде, яғни, оқытудағы басымдылық жеке тұлғаны дамыту тәрбиелеуге
беріледі.
Педагогикалық ізденіс барысында жаңа әдістерді қолдану арқылы
сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етіп қойды. Кәзіргі
кезеңде пәндердің балалар болашағына қарай таңдайтын мамандығына қарай
бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударады.
Шығармашыл , дарынды тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептің Бейнелеу өнері пәнін оқыту
әдістемесі, оқулықта берілген оқу материалдарын оқушыларға жан-жақты
ашып жеткізу мақсатын көздейді.Бұл еңбекте оқулықтағы кескіндеме ,
графика, композиция және перспектива, мүсін өнері, сәндік қолданбалы
өнері түрлерінің мазмұны сабақ түрінде көрініс тауып, бейнелеу өнерінің
мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылып отыр.
Бұл оқыту әдістемесі мектеп оқушылары үшін, студенттер мен орта
білім жүйесіндегі қызметкерлерге бейнелеу өнері пәні бойынша
әдістемелік жұмыстарға ғылыми-әдістемелік негіз бола алады. Ұстаз
әрдайым шәкіртті ынталандырып отыруы үшін шығармашылық ізденіс
үстінде болуы қажет. Шәкірт бойындағы кейбір жаттанды, құрғақ білім
алудағысын жоятын жағдай туғызу қажет. Әрбір оқушының жеке көз қарасына,
дүниетанымына тікелей әсер ету керек. Көркемөнерге деген ләзаттық
сезім шәкірт жүрегінде терең ұялауы тиіс, сонда ғана оқушылар Әр
оқушының еңбегіне талдау жасалып тиісті бағасы берілу керек.
Оқушыларды оқытумен тәрбиелеудің мақсатымен міндеті.
1.Оқушыларды салауаттылыққа баулу
2.Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуге меңгерту.
3.Пәнге деген қызығушылығын арттыру
4.Өзі бетінше жұмыс істеу қабылетін жетілдіру.
5.Баланың білім денгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту.
6.Оқушыларды ұлттық үрдісте тәрбиелеу.
7.Оқушыны білімге ынталандыру
8.Мұғалім мен оқушының қарым –қатынасы,өзі ара сенім туғызу
9.Оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру.
10.Әр оқушыға жеке әдіспен амал қолдану.
Оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу олардың физиологиялық
және психологиялық дамуына үлкен ықпал жасайды.
1.Халықтың салт –дәстүрін әдет ғұрпын үйрету, сабаққа тиімді пайдалану.
2.Оқушылардың өзі ойларын жеткізе білу.
3.Шығармашылық іздені жұмыстарын жүргізу.
4.Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.
5.Мінез-құлқын, таным- қабілетін, жеке қасиеттерін дамыту
6.Оқушылардың сабаққа ынтасын, дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды қоршаған
ортаны, табиғатты қорғауға үйрету.
7.Ұлттық салт- дәстүрін қастерлеуге баулу, тәрбиелеу.
8.Оқушыларды өнерге баулу, өнерді дамыту.
9.Туған жерді, Отанды сүюге тәрбиелеу.
І.Сәнді өнер эстетикасы.
Алғашқы қоғам даму кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен
жануарларды, тіпті адамдар бейнесін аса шеберлікпен тас бетіне немесе
сүйекке қашап, ою арқылы сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір
түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған
петрогливтерді бұған дәлел етіп айтуға болады. Петроглив дегеніміз тас
бетіне қашап салынған тас бейнелер, таңбалар. Сонау ерте дүние заманында
адамдар айнала қоршаған ортасын, өздерін қызықтырған табиғат құбылыстарын
топыраққа, балшыққа , тасқа түсіріп бейнелеген, сол арқылы табиғат
сұлулығын ұқты. Жан-жануарлардың әрекетін, мінезін зерттеді. Мұндай
ертедегі тіршіліктің табиғатынан сыр шертетін суретшілер әлемнің түкпір-
түкпірінен табылып отыр. Атап айтар болсақ Қазақстанда -Маңғыстау
түбегінде, Қапшағай маңында, Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында, тағы басқа
жерлерде кездесіп жүр. Өзіміздің туған өлкемізден табылып отырған бейнелеу
өнері ғылымға көп жаңалық әкеледі. Бұл жайлы С.Мұхтарұлының ( Шоқан және
өнер А.1985ж) кітабынан көп мағлұматтар алуға болады. Жартас бетіне
салынған шығармашылық бейнелерінің белгілі орталығы Жетісу өңірі болып
табылады. Мұндағы бейне көріністерде адамдардың түрлі жануарларға ат,
таутеке, өгіз, құлан, елік, киік, маралдарға аңшылық ету кезеңдері
бейнеленген. Петрогливтер арасында адамдар жануарлар бейнелері әр түрлі
таңба-бейнелер кездеседі. Соның ішінде ерекше көзге түсіп адамның
қызығушылығын арттыратын әр түрлі бейнелердің бірі- денесі түгіл салынып,
басынан күн сәукелесі жан-жаққа тараған сияқты бейнеленген адам бейнесі.
Күн басты құдай немесе ғарыш әлеміне жол көрсету сияқты ишараны білдіреді.
Кейінгі кезде кейбір ғылымдар мен өнер зерттеушілері көшпелі халықта
мәдениет болмаған қол тұрма сурет өнері дамымаған деген сыңаржақ пікірлер
айтып келеді. Мұның бірі Қазақстан жеріндегі жартастағы алуан түрлі
бейнелер үлгілері, Есік қорғанынан табылған Алтын адам және тағы басқа
асыл мұралар табылғаннан кейін шындыққа жанаспай қалғаны белгілі. Өзінің
тамаша қайталанбас өнер туындыларын қалдырған ата-бабаларымыздың өнерлері
әлем өнерінің ешбірінен кем түспейді. Бертін келе сурет өнерінің дамуы
арқасында сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме өмірге келді.
Қазақ қолөнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау
көне заманнан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ежелгі мәдениет үлгілері дәлел бола
алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін
қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түрік тайпаларының мәдениеті мен
төркіндестігінің айғағы. Қазақ халқы – кең байтақ республика жеріндегі көне
мәдениетінің тікелей мұрагері және сол дәстүрді жаңғыртып байытушы. Бұл
процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен
халықтардың Оң түстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқына да мәдениет жер
етті. Осылай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысымен
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері өз дамуына айтарлықтай
жоғары деңгейге көтерді. Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ
қауымының әлеуметтік, экономикалық жағдайы, көшпелі өмір бірітіндеп
отырықшылыққа көшу процессі, бұрын үстелі болып келегн тұйық
шаруашылықтың ыдырай бастауы көрші елдермен әсіресе, Россиямен сауда
қатынасын шаруашылық жәнет мәдени байланыстың арта түсуі тағы да басқа
көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Қазақ
қолөнер шеберлері көбінесе кедейлер әулетінен шыққан. Олардың белгілі бір
қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне
айналған. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнері, еңбегі тіпті ғажап
туындыларының өзі де жете бағаланбайды. Әсіресе ершілік зергерлік,
етікшілер тағы басқа ұсақ түйек бұйымдар жасайтын шеберлер көбінесе қысы
жазы бұйымын үйінде жатып істеді. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті
еңбегінің тым ауырлығының бір себебі, олардың басым көпшілігінде
жабдықталған арнайы шеберхананың болмауы. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын
шикі заты да құрал саймандары да, көшіп қонуға қолайлы шағын сыйымды болды.
Сондықтан олар жаздың күні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз
үйінде –ақ істей берді. Ал енді киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба
шана, жерағаш сияқты көлемді құралдармен бұйымдар істейтін шеберлер, темір
ұсталары, тас өңдеушілер көбінесе қысқы мекенінен кете алмай жатақта
қалады. Сондықтан бұлардың кейбіреулерінде әсіресе ұсталарда арнайы
қарапайым дүкендер болады. Ал тастан там салып құлпытас және басқа бұйымдар
қашайтын шеберлер мен үйшілердің, арбашылардың жұмыс орны қора бұрышында
шошалады немесе арнайы жасалған лапас астында орналасты. Қазақ халқында
көптеген қолөнер түрлері бар. Мысалы, ағаш ұқсату өнері, ұсталық өнер,
зергерлік өнері, сүйек пен мүйіз ұқсату өнері, тері ұқсату өнері, тас өңдеу
өнерлерін айтуға болады. Мұндай өнерлермен көнесі ер адамдар айналысады.
Әйелдер тігіншілік, тоқымашылық, кесте, терімшілік, ши тоқу сияқты сәндік
қолданбалы өнерлермен айналысқан. Қазақ қолөнер шеберлерінің қай-қайсысы
болмасын жер өңдеп, мал бағудан үзілді-кесілді қол үзе қоймаған. Оның
ішінде зергерлік өнер де Орта Азия ықпалы байқалатын батыс және оң түстік
аудандар. Әйелдерге арналған әшекейлердің бұл өңірдегі кең таралған алқа
білезік, қолтықша, тұмарша, жүзік, құдағи жүзік тағы басқа түрлерін жасауға
айтарлықтай негізгі ерекшелік бар. Қазақ шеберлері мал сүйегінен жеке бұйым
жасамағанымен оны әр түрлі үй бұымдарының беттерін әсемдеуге жиі қолданды.
Табиғи тастан әр түрлі құрылыстар тұрғызу, шаруашылық құралдарын жасау
Қазақстанның барлық өңірлерінде болған.
Қазақтың өрнекті әшекейімен істелген қолөнерінің түрлері өте көп де,
атауларыда өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны ою-
өрнек.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағанасы бір.Бұл сөздің ұғымынында
бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты ойып кесіп алып жасау,
бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіруі деген мағына жатады, көбінесе бір
өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын,
қошқар мүйіз өрнектерін ою дейді. Өрнек деп әр түрлі ою бедер, бейненің,
күйдіріп жағатын, бояп, батырып қалыптан істеген көркемдік түрлерін,
әшекейлеродің ортақ атаулары іспеттес. Сондықтан ол бірге ою-өрнек
делінеді. Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп
қарайды. Бірінші, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан оюлары.
Екінші, басқа халықтардан ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер.
Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп көңілдеріне ұнағандарын қағаз
не жарға, теріге, матаға түсіріп ойып алатын. Оюдың қиындысын үлгі дейді.
Сол үлгі бойынша оған жаңа түр буын қосып, сурет жасап ұнасым мен әдемілік
жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектердің беріп жүрген халық шеберлері
көп. Халық қолөнері шеберлерінің жасаған таңғажайып ою-өрнектері алтын,
күміс әшекейлі заттары республикамызда кеңінен таралған. Ою-өрнектің
құдіреттілігі мен мағынасын ашу және оның түрлерімен таныстыру сабақтың
білімдік мақсатында қарастырылады. Ал дамушылығында халқымыздың тұрмысында
керекті бұйымдардың эстетикалық талғамы мен, әсемділікпен жасалғандығы
түсіндіріледі.
Сондай-ақ бұрау, жону, ойып алу, құю, сызу, бояу сүйектеу, күмістеу
бедерлей секілді өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте, әр түрлі
құрылыста, мәдениет саласында, архитектура, жалпы әлем өмірінің дамуына
қолданылмайтын, іске аспайтын жер жоқ. Академик Әлкей Марғұланның сөзімен:
қазақ халқы ою-өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді - десек қазақта
өрнек түрлерінің сансыз көп күнделікті тұрмыста сіңісіп кеткенін
дәлелдейді. Мектеп оқушыларына ою-өрнектің құдіреттілгімен мағынасын ашу
және оның түрлерімен таныстыру сабақтың білімділік мақсатында
қарастырылады. Ал дамушылығында халқымыздың тұрмысына керекті бұйымдардың
эстетикалық талғамымен, әсемдікпен жасалғаны түсіндіріледі. Сондай-ақ
оқушылар ұлт өнерін қастерлеуге тәрбиеленеді.
1.1.Ұлттық ою-өрнек.
Ою-өрнек адам баласының ақыл-ойларының толып толқуымен, жүрегінің
үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар.Гүлдің, жапырақтың,
жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында берілмей, көшірілмей,
образдар арқылы ою-өрнекке айналып қолдану аясына ерекше мәнермен,
үндестікпен, әкенмен жеткен. Бұл-халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-
өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап
көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға
қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде, оларға талдау жасап, тарихқа
жазып, сызып кеткен қазақ қолөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге
жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын,
этнографтарын, археолог- ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде
В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, П.С.Паласс, И.Георгий, А.К.Гейнес, С.М.Дудин,
В.Н.Чепелевті және т.б. қосып айтуға болады.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім
алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ
қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою-өрнекті топтастырып
бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнер танушы
ғалымдарымызда бар. Олар Ш.Уалиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов,
М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бәсенов және т.б.
Тек ғалымдар ғана емес қолөнерді 1970 жылдардың аяғынан, Кеңес
өкіметінің ықпалына қарамай, өнерді сүйген жүрегінің күшімен, қолының
іскерлігімен дәріптеп, топ ортаны жарып шығып келе жатқан қолөнержің шебері-
бүгінгі жастардың ұстазы Дәркенбай Шоқпарұлы.
Ол қазақ мұражайын жөндеуден бастаған еңбегін өнердің өшіп-сөніп,
жоғалып бара жатқан түлеріне арнап, соларға зерттеуші-суретші ретіде баға
беріп, талдап, қалпына келтіріп жандандырды.
Ал бүгін таңда аталардың сабақтастығының тізгінін алған, Асан қайғы
бабамыздың қобызының үнін жалғап жаңа дәстүрге жол бастаған қазақтың
мемлекеттік көркем сурет академиясы, оның ішінде қолданбалы қолөнерді
үйретіп, оқытатын кафедрасы, ұстаздар ұжымы, кафедра меңгерушісі Данияр
Қаметханов, зергер Рым Канафин, кілемші-тоқымашы Сәуле Бапанова, қыш
шеберлері Әсет Досетов, Гүлшира Тастаева, Құрман Мұратаев.
Жаңа мемлекетте, жас елде көне өнер түріне сүйіспеншілдік, оны үйрету
процестерін көптеген елді мекендерде, ауыл-қалаларда тез дами бастады.
Мектептерде үйірмелер, арнаулы сабақтар жргізіліп, көрмелер ашылды.
Көптеген шағын кәсіпорындар, коопаритевтер киім, кілем, ағаш
бұйымдарын, теріні ұқсату, киізден жаңа тұрғыдағы, үлгідегі заттар шығарып
сата бастады.
Алматы қаласында Алатаудың көк жасыл бөктерінде Көкшоқыда шеберлер
ауылы құрылып қоныс тепті. Бұған республиканың түпкір-түкпіріндегі ұсталар,
зергерлер, кілемші-тоқымашылар, тігіншілер шақырылып, пәтер беріліп, жұмыс
істеліп шеберліктерін арттыруына мүмкіндіктер жасалды.Міне, осындай
шеберлердің арасында семей облысының Таскескен ауылынан келген
Нұрғалиевтар әулетін ерекше атап кетуге болады. Жұмағазы ақсақал өзінің
зейнеткерлігіне қарамастан бар баласын жиып, өнерді дамытып, соны
жандандыру үшін, жастарға ақылшы-ұстаз, ауыл атасы болып көш бастап отыр.
Балалары Секен, Айнұр, Айғазы бәрі қолдарынан өнер тамған шеберлер.
Қазақ халқының қолөнерінің ішінде ағашты, киізді, темірді ұқсату
оларды өңдеп, тұрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бұйымдарын
жасау тек нағыз шебер үйшілердің ғана қолынан келеді.
Үйші-ұсталар киіз үйдің сүйегін арайы дайындаған ағаштардан кептіріп,
морға салып иіп, сырлап жасаған. Иіз үйдің ағаштан құралатын бөлігіне
шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әр бір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған,
оған жүк аяқ, ағаш төсек, жастық ағаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып киіз,
үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған. Үйшілермен
қатар, көшпенділер өмірін, салты- дәстүрін көрсететін, айрықша бейнелейтін
қолөнердің бір көне көзі ершілер өнері. Жылқы малы, оның ішінде не бір
шабандоз сәйгүліктер, Құлагердей тұлпарлар қазақ баласының жаны десек, ер
жігіттің ұшар қанаты, басар тауы, алатын қамалы болып келген. Қаурысының
ұшар алдында қамдап баптаған сұңқадай көңіл бөліп, аттың жауырының
соқпастай, өкпесін қақапастай арнай ер тоқымдар, жүген, ноқта, құйысқан,
дайындатқан Сәйгүліктердің көздің нұрынан өткен сұлулығын, толықтырып,
толтырып, тұратындай күмістелген, алтынданған ер-тұрмандар, қызыл
қайыстан өргнектеліп өрілген жүген, құйысқан, өмілдірік, бедерленіп таңба
басылған тебіңгі, тоқымаларды ерекше атаған жөн.
Аталған ат әбзелдерінің бәрінде де оюдың әр мәнердегі әуелді түрлері
кездеседі. Осы орайда Абайдың жылқыға арналған өлең жолдары арқылы берген
бағасы ою-өрнекті, ат әбзелдерін толықтырғандай болады.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ,
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жонды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Дегендей ою-өрнекті ат әбзелдеріне қолданғанда ерші- ұстаз- зергерлер осы
жылқы малының сұлулық қасиеттерін өлең жолындағы теңеуге әдемілік пен
көркемдікті ұштастырып, әлгі әбзелдерге асқан шеберлікпен, әр бұйымға сай
сәйкестікпен, композициялық шешіммен жасаған.
Киіз басу өнері ең көне, ата-бабаларымыздың көшпенді өмірімен, мал
шаруашылығының өркендеп өсуімен бірге дамып, келе жатқан кәсіби өнердің бір
түрі.
Қазақтың ою-өрнектерінде бір тамаша қасиет бар. Ол – тепе-теңдік.
Формалардың жоғарғы үлгідегі жапырақ қасиетімен бір тұтастығын сақтай
отырып, сол арқылы типикалы құбылыстарға өз қасиеттерін білдіру. Көшпелі
адамның кеңістігіндегі бағдары іспеттес. Ол әлем Жаратылысы мен адам
дүниесінің өзара байланысы.
Ою-өрнектің сәндік әшекей қызметін атқару. Соған байланысты
эмоционалды көңіл-күйдің көрініс ретіндегі ою-өрнектің бір-бірімен рауажды
үлесінің жетекші орынға шығуы.
Қазақ ою-өрнектің Жаратылыс структурасы мынадай түсінік
категорияларын қамтиды:
-Ою-өрнектің орналасу тәртібі;
-Уақыт ырғағының кеңістік бойлығындағы көрінісі;
-Жоғары-төмен;
-Кеңдік пен тереңдік – дүниенің кеңдігі, т.т.
1.2.Зергерлік бұйымдардағы қолданбалы ою-өрнектер.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік
бұйымдар жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар –
сәукеле әшекейлері, сырға шолпы, шекелік, алқа, өңір-жиік, қолтықша,
тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқұғыш
ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ, ерлерге арналған – кемер белбеу,
кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісі
өте әдемі жасалды. Жоғарыда көрсетілген сәндік бұйымдар, негізінен, орыс
немесе қытай күмісінен жасалды. Күмісті, әсіресе, алтынды, асыл тастарды,
көбінесе, сәндік бұйымдар жасатушылардың өздері тауып берді. Кейбір қала
маңында мекендейтін зергерлер өз күмісінің де сәндік бұйымдар жасап сататын
болған. Зергер теңгелер мен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне қажетті
мөлшерде күміс кесектерін дайындап алатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz