Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Қазтамақ тұқымдасы
(Ceraniaceae) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5
1.2 Қазтамақ тұқымдасының түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1 Зығыр тұқымдасы (Linaceae)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Зығыр тұқымдасының түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Қолданылуы және емдік
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1
2.4 Зығыр және оның тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
3.1 Адыраспан тұқымдасы
(Нarmalaсеае) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2 Кәдімгі
адыраспан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 24
3.2 Адыраспанның тіршілік орны.
Таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып
табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың
міндеттеріне өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының
әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады. Систематика осы бөлімдердің біріне
жатады. Систематика түрлердің алуан түрлілігін және осы алуан түрліліктің
себептерін зерттейтін ғылым. Систематиканың міндеттеріне флорографтар
сипаттап жазған барлық түрлерді біздің түсінуімізге жеңіл, ғылыми сиcтема
жасауға пайдалану болып табылады.
Флорографтар сипаттап жазған, көптеген тәсілдердің тұтастай сериясының
негізінде систематика жақын түрлерді біршама рангасы жоғары систематикалық
топтарға туыстарға,тұқымдастарға және т.б. біріктіреді.
Алдағы кезде біздің қарастыратынымыз Geraniales қатарына жататын
өсімдіктердің тұқымдастарымен ,туыстарымен, оларға кіретін түрлерімен,
сонымен қатар практикалық маңызын қарастырамыз.
Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты, біраұта
өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топырақтың
түзілуіне қатысады, климатты өзгертеді.
Адамзатқа қажетті тамақ өнімдерін әртүрлі шикізаттарды өсімдіктерден
аламыз. Тамақ өнімдері жоғарғы мәдениетпен дамудың қажетті негізінің бірі
болып қана қоймай, сонымен бірге тіршіліктің де негізі болып табылады.
Сондықтанда адам баласының одан асқан жауапты міндет жоқ.
Төменде қарастыратын Ceraniales қатарының өсімдіктері. Ceraniales
қатары 3 тұқымдасқа жіктеледі: қазтамақ тұқымдасы (Ceraniaceae), зығыр
тұқымдасы (Linaceae), адыраспан тұымдасы (Harmalaceae).
Қазақстанда Қазтамақ тұқымдасының қазтамақ, құтаншөп және
биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Ал зығырдың
Қазақстанда 1 туысы ғана өседі.
Мақсаты: Geraniales қатарының морфологиялық құрылысымен, түрлерімен,
географиялық таралу аймақтарымен, қолданылуымен және практикалық маңызымен
танысу.
І. Негізгі бөлім
1.1 Қазтамақ тұқымдасы- Ceraniaceae
Қазтамақ тұқымдасының көпшілігі – шөптесін өсімдіктер, кейде ішінара
бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі. Қазтамақ тұқымдасы негізінде
қоңыржай аймақта таралған. Қосжарнақты. 10 туысқа жататын 800-дей түрі
белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын)
туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Біржылдық түрлері жіңішке кіндік тамыр
жүйелі болып, топырақтан тез жұлынады. Далалы және шөл далалы жерлерде
өсетін кейбір көпжылдық түрлерінде негізгі тамырлары түйнек тәрізді болып,
ол қор жинаушы қызмет атқарады. Орманды, шалғынды және далалы жерлерде
өсетін көптеген түрлері жанама тамырлары болатын жақсы дамыған
тамырсабағымен ерекшеленеді. Түйнегі крахмалға бай пеларгония түрлері
белгілі. Жер беті сабақтары әдетте тік орналасқан.
Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті. Жапырақтары кезектесіп
немесе қарама-қарсы орналасқан. Көбінесе жапырақтары екі түрлі: тамыр
жағындағысы ұзын сағақты және сабақта орналасқан жапырақтары қондырмалы
болып келеді. Сабақта орналасқан жапырақтарының тақтасы саусақ салалы
немесе қауырсынды тілімделген. Кейбір түрлерінде жапырақтарының жиегі тісті
болып келеді. Құрғақшылық мерзімі кезінде жапырақ тақтасының түскенінен
кейін жапырақ сағақтары жануарларға жем болмау үшін кейде ұзындығы 3-5 см-
лі инеге айналады (инелі қазтамақ).
Қазтамақтардың жоғарғы гүлді гүлшоғырлары шатырша типті гүлшоғырына
айналады (пеларгония)
Гүлдері қос жынысты, көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап
жатады. Тостағаншасы 4-5, түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады.
Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы
біреу. Жемісі-бес тұқымды.[1]
Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада
қолданылады, араларында арамшөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік
үшін де өсіріледі[2].
1.2 Қазтамақ тұқымдасының түрлері
Қазтамақ (Ceranium)- қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп
жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде, өзен аңғарында,
орман, тау бекейлерінде өсетін 15 түрі бар. Биіктігі 10-80 см. Сабағы тік,
сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп
орналасқан. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып,
кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айларында гүлдеп, шілде-қыркүйекте
жемістенеді. [2]
Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында,
сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С витамині мен геранин
(эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы,
шалғын қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы дәрілік өсімдіктер.
Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке
байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге сондай-ақ
баспамен ауырғанда, тамақ шаюға, сүйек сынғанда ваннаға, түсе бастаса шашты
жууға пайдаланылады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. [9]
Қан қызыл қазтамақтың ашық қызыл жалғыз гүлі бар. Оның сабағы мен
жапырақтары вегетацияның соңына қарай қызылдау түске енеді.[2]
Тегіс жапырақты қазтамақтың биіктігі 70 см дейін жетеді, ал Роберт
қазтамағы ең кішкентайы-бар жоғы 30 см-ге жетеді.[5]
Жыл сайын отырғызылған қазтамақтар қоюланып, қалыңдай түседі,
сондықтан оны ағаштың астына немесе талдың астына отырғызды, ол тек
көркемдеу үшін ғана емес, сонымен қатар ылғалды сақтайтын болады. [8]
Қазтамақ жаз бойы, маусым айынан бастап гүлдейді. Көп сортты
қазтамақтың ішінен көлеңкелі бақшаға және күн сәулелі алаңға арналғанын
табуға болады.
Қазтамақтың көбеюі тұқыммен де, вегетативті, көктемде және күзде
телімдеу арқылы да болады.[9]
Қазтамақтың тұқымы жаз соңында піседі. Тұқымның формасы тырна мен
көкқұтанның тұмсығына ұқсас, сондықтан аты geranion-тырна дейді.
Декоративті гүл өсімдігінде қазтамақты түймедақ, мыңжапырақ және т.б. орта
жазық табиғи флорасындағы өсімдіктермен қолданады.
Сонымен қатар, қазтамақ - болме, бақша және саябақ мәдениетіндегі ең
әйгілі өсімдіктердің бірі. Ол бөлме, офистің терезе алдында, гүлзарларда,
бақта, саяжайда өте әдемі көрінеді. Ол өте жағымды энергетикасымен Сізге,
туысқандарыңызға, өміріңізге жақсы әсер беріп, өмір бойы Сізді жақсылыққа
жетелейді. Көпжылдықты өсімдіктер жатады.[11]
Қазтамақ - гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең әйгілісі. Ашық ауада
қазтамақты біржылдық өсімдік ретінде жәшік, себеттерде отырғызып, терезе
алдында қолданады. [12]
Жабық бөлмелерде оны бөлме мәдениеті ретінде терезе алдында күн
сәулесінде отырғызады. Үй бақшасында өсірілетін қазтамақтардың негізгі
типтері мынадай:
Жай бақшадағы қазтамақ пен аймақтық қазтамақ- пеларгония –bortorum.
Гүлзарларда отырғызу үшін сатылатын өсімдік, шағын, көбіне ғажайып
жапырақтары бар, қына бояулы жолақтары бар, жапырақтары үш түсті болуы
мүмкін, сонымен шеттері күміс түсті не ақ болады. [13]
Марта - Вашингтон қазтамағы (Pelargonium domesticum) қыс бойы гүл
сатушылар, себетте гүлдеп тұрған күйінде сатады.
Бұл қазтамақ жоғары температураға бейімделмеген, ашық ауада
өсірілмеседе, бақша қазтамағы сияқты нәтиже бермейді.
Шырмауық жапырақты қазтамақ-жапырақтары шырмауыққа ұқсас қазтамақ, бұл
қазтамақ жүзім өрімі сияқты өседі, тегіс, жұмсақ жапырақты және гүл
жапырақтары сопақ және тығыз болады.
Барқыт жапырақты қазтамақты Еуропада, терезе алдарында жәшікте, гүл
ыдыстарында, ілулі себеттерде көруге болады, өрімдерінің ұзындығы 2 не одан
да көп фут болады. [4]
Жұпар иісті қазтамақ - Pelargonium gravolens иісі қатты қазтамақ.
Pelargonium crispum-лимон иісі бар жұпар иісті қазтамақ; Pelargonuim Fugran-
мускатты жаңғақ иісі бар қазтамақ; Pelargonium odoratissimun - алма иісі
бар жұпар иісті қазтамақ; Pelargonuim tomentosum-жалбыз иісті. Бұл өсімдік
өте кең иісті жапырақтары бар, көбінесе құрғақ иіссулар мен гүлді шайға
аромат композициясына қолданылады. Жұпар иісті қазтамақ - тамаша бөлме
өсімдіктері, әдемі жапырақтары бар, бұл өсімдіктердің гүлдері кішкентай
болса да, бәріне ұнайды.[6]
Маскитті қазтамақ - жаңа өсімдік, қазтамақтың бір белгілі түріне басқа
гендерді енгізу арқылы алынған түрі-москитті өсімдік-Pelargonium-нің
енгізілген гендері бар жұпар иісті өсімдік түрі, олар цитрноллы эфир майын
өндіру үшін қолданылады. Цитронеллы эфир майын алу үшін жапырақтарын ұсақ
қылып үгітеді.[3]
Қазтамақ эфир майы. (Эфирное масло герань(Pelargonium graveolens))
Қазтамақ майы нерв жүйесіне әсер етеді, жабырқау мен депрессияға қарсы,
көңіл көтеруі, нервті-психикалық қызметін қалыптастырады, жұмыс қабілетін
көтереді, гормон балансын қалыпқа келтіреді, климакс кезеңінде жағымды әсер
етеді. Сұйықтықтың ағзада қалыпты мөлшерде болуын қадағалайды. Теріге жақсы
әсер етеді, теріні жасартады. Ревматизм, артрит кезінде ауырсынуды басады.
Қан құрамындағы қант мөлшерін азайтады, қатерлі ісік клеткаларының өсуін
тоқтады.[5]
ІІ. Зығыр тұқымдасы- Linaceae
Көп жылдық шөптесін өсімдік. Жербетінде (негізінен, Солтүстік жарты
шарда) кең тараған. 10 туысы, 250 түрі белгілі. Қазақстанда 1 туысы - зығыр
өседі. Зығыр тұқымдасының биіктігі 20-120см. Жапырақтарының шеті тұтас,
кезектесе орналасқан. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, 5 ұялы, көкшіл, сары,
күлгін, қызғылт, ақ түсті болады. Тостағанша, күлте жапырақшалары
қабаттаса, кейде бұралып орналасқан. Аталығы 4-5 оның жіпшелері бірігіп
сақина құрайды. Өздігінен тозаңданады. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, шілде-
қазанда жемістенеді. Жемісі-қауашақ, кейде сүйекті жаңғақ. Тұқымы жалпақ
сырты жылтыр келеді. Зығыр тұқымдасының тұқымынан 42-45% май алынады, ол
тағам және дәрі жасау үшін, көбінесе техникалық мақсатқа (лак, олифа, су
өтпейтін маталар алу үшін) пайдаланылады. Зығыр талшығынан тоқылған маталар
жоғары бағаланады. Зығыр тұқымдасының майынан қалған күнжарасынан малдың
сүтін көбейтетін бағалы мал азығы алынады. Кейбір түрлері (мысалы: көп
жылдық зығыр және алатостаған жапырақты зығыр) әсемдік үшін өсіріледі. [1]
2.2 Зығыр тұқымдасының түрлері
Зығыр (Linum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көпжылдық
шөптесін өсімдіктер туысы, тігінді талшықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230-
ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың
солтүстік шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр
топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50-100см, гүлшоғыры –шатыр
тәрізді шашақ.
Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктердің жоғарғы жағында
шоғырланып өседі. Жемісі-қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін,
негізінен, дақылдық зығыр (L.usitatissitut) өсіріледі. Олардың ішінде кең
тарағаны: салалы (талшықты) зығыр майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр т.б.
[2]
Салалы зығыр - бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі
- 40С салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75-90 тәулік. Өздігінен
тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін. [4]
Майлы зығыр (шашақты зығыр) –бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет
етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150
тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы зығырдың тұқымында 52%-ке дейін май
болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға
және тағамға пайдаланылады.[6]
Зығыр күнжарасы- өте құнарлы мал азығы, талшығының бір гектарынан 7-11
цт өнім алынады. Зығыр тұқымы мен майын медицинада, талшығын кенеп мата,
брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланылады. Маусым айынан гүлдеп,
шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары:
Сибиряк, Авангард, Қарабалық-3, ВИР-1650, т.б. Негізгі зиянкестері:
зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер. Аурулары: актракноз, фузориоз.[3]
Бұйра зығыр (Linum humile)-зығыр туысына жататын бір жылдық өсімдік. Ол
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қара және
қоңыр топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 30-70см. Тамыры жуан, жақсы
жетілген. Екі кейде бірнеше сабақты, қалың жапырақты түптеніп өседі.
Көгілдір, көк түсті гүлдері өздігінен тозаңданады. Маусым шілде айларында
гүлдейді. Қауашағы бірнешеу, дәнінің ұзындығы 5-7мм. Бұйра зығыр құрамында
42-45% май болғандықтан май өнеркәсібінің құнды шикізаты. Ол лак, олиф,
бояу, су өтпейтін маталар жасауға және медицинада, техникада қолданылады.
Зығыр майы тамаққа да пайдаланылады. Зығыр күнжарасы құнарлы мал азығы, ал
сабанының ұнын шошқа сүйсініп жейді.[7]
Австриялық зығыр – (лен австрийский L austriacum).
Көп жылдық өсімдік, Жерорта теңізінде және Европаның оңтүстік
облыстарында кездеседі. Гүлдері бес күлтелі әдемі көкшіл түстес, гүлдері
гүлшоғырына біріккен, биіктігі 50см-ге дейін. Гүлденуі мамыр-шілде
айларында басталады.
Егеубас зығыр (лен жестковолосистый –L.hirsutum)
Бұл түр Австриялық зығырға ұқсас. Айырмашылығы ақшыл көк күлтелерінде
қара дақтарының болуы.[13]
Сары зығыр (Лен желтый-L.flavum L.)
Ол Балкан аралында және Шығыс Европада кеңінен таралған. Оның аралы
Чехословакияға дейін жетеді. Жылы, ашық, шалғындық жерлерде өседі. Биіктігі
20-40см. Гүлдері ашық-сары, диаметрі 3см. Маусым-шілде айларында гүлдей
бастайды. Көбеюі тұқым арқылы. [11]
Лён крупноцветковый- (L. granditlorum)
Отаны – солтүстік шығыс Африка. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары
тік, бұтақтануы моноподиалды, жалаңаш, биіктігі 60см. Сабақ жапырақты
отырмалы, жапырақ шеті линия түрінде, өткір сирек тісті, ашық жасыл,
сабақта тығыз орналасқан. Гүлдерінің диаметрі 3см, бес мүшелі, дұрыс гүлді,
ашық қызыл түсті гүлшоғырына біріккен, тек күннің көзінде ашылады. Тұқымы-
құрғақ, бес ұялы қорапша көптеген тегіс тұқымдары бар.
1г-да 300 тұқым бар. Мәдениетте 1820 жылдан бастап қолданылады. Негізгі
түрі сирек қолданылады, оның түрлерін көбінесе мәдениетте қолданады. [9]
Көпжылдық зығыр (Лен многолетний. L. perenne)
Ресейдің Оңтүстік Европалық бөлімінде, Сібірде, Орталық Азияда,
Орталық Европада, Балканда жабайы өседі.
Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 50см. Жапырақтары ұсақ, кезектесіп
орналасқан. Гүлдерінің түсі көк, диаметрі 2см. Маусым-шілде айларында
гүлдейді.[3]
Лён таврический (L.tauricum Willd)
Таралу аймағы Европаның оңтүстік-шығыс облысы. Бұл түрдің гүл сабағы
едәуір үлкен 50 см дейін жетеді. Шатыр гүлшоғырында 10-20 салыстырмалы
үлкен сары гүлдері бар.[8]
Лён тонколистный (L.tenitolium)
Зығырдың бұл түрінде сабағы қатая бұтақталған, биіктігі 15-50 см дейін
жетеді. Жапырақтары үшкір, жарғақ тәріздес, шеттері аздап иілген. Гүлдері
ірі, диаметрі 2см-ге дейін. Жұмсақ буынға ақ, қызғылт және ақшыл гүлдері
жиналған, олар гүлсағақта орналасқан. Гүлдеуі маусымның ортасынан басталып,
шілденің аяғына дейін. [2]
Мәдени зығыр (Лен культурный)
Бұл бір жылдық шөптесін өсімдік. Жіңішке сабақтарында ланцет тәрізді
ұсақ жапырақтары кезектесіп орналасқан, гүлдері бес мүшелі аспан түстес,
жиі ақ түсті, сабағының биіктігі 50-70 см. Гүлдегеннен кейін дөңгелек
қорапша түзіледі, оның 8-10 қоңыр, жылтыр жалпақ тұқымдары бар. Гүлденуі
маусым - тамыз айларында. Мәдени шалғындықтарда кездеседі, кейде жабайы
өседі.
Зығыр тас дәірінен бастап мәдени өсімдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz