Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР


КІРІСПЕ

1-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ . . .

  1. Заңды тұлға ұғымы және түрлері
  2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

2-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ . . .

  1. Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату
  2. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары және құрылтайшылар
  3. Құрылтайшылардың өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне

құқықтары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен тығыз байланысты. Бұл еңбек заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын (жалпы ережелерін) кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады.

Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылымды және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында: "Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бүл шаралар өсіп-есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет" деп атап өтті. Президенттің осы сөздері мемлекеттің "жаңа әлемдік экономикалық парадигмаға сай болу үшін жеке меншік секторы мен ұлттық капиталдың белсенділігіне көмектесуге, ынталандыруға жоне толықтыруға" міндеті туралы бүған дейін айтқан ойын растады.

Заңды тұлғаның құрылымының өзін, оның ұғымын, белгілерін, осы феноменнің даму тарихын, сол сияқты ұйымның жекелеген нысандарының құқықтық жағдайын зерделеуге, шын мәнінде, әрі ғылыми-теориялық, сол сияқты оқу-қолданбалы, кешенді әрі арнаулы кең көлемді еңбектер арналған. Қазақстанда бұл мәселелерге Басин Ю. Г., Грешников И. П., Диденко А. Г., Жакенов В. А., Жанайдаров И. У., Маметова Р. А., Мукашева К. В., Покровский Б. В., Сүлейменов М. К., Ташмұхамбетова Ш. Ж., Худяков А. И. жэне басқа авторлар өз еңбектерін арнаған.

1-Тарау. Заңды тұлға ұғымы, түрлері және құқық қабілеттілігі.

1. 1. Заңды тұлға ұғымы және түрлері

АК-тің 33 бабының 1 тармағының 1 бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жэне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Мұндай анықтама тым дәстүрлі болып табылады. Салыстыра кетейік: заңды тұлғалар деп оқшау мүлкі бар, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алатын және міндеттер атқара алатын, сотта, төрелік сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады (ҚазКСР АК-тің 23 бабы) . Тағы бір нұсқаны көрелік: заңды тұлға деп меншігінде, толық шаруашылық иелігінде немесе жедел басқаруында оқшау мүлкі бар, өзінің міндеттемесі бойынша осы мүлкімен жауап беретін және сотта, төрелік сотта өз атынан сөз сөйлейтін ұйым танылады. Заңды тұлғалар мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие бола алады (АЗН-нің 11 бабы, 1 тармағы) .

Сонымен, жаңа Кодексте ұсынылған анықтама іс жүзінде 1963 жылғы АК-тің, сол сияқты 1991 жылғы Негіздерінің идеясы мен рухын сақтап қалды. Бұрынғыдай біз заңды тұлғаның өз атынан құқықтар мен міңдеттерге ие болу мүмкіндігі туралы, оның іс жүргізушілік құқық субъектілігі туралы сөз етілгенін көреміз. Сондай-ақ, Негіздермен қатар, анықтамаға заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша оқшау мүлкімен жауаптылығы туралы ереже де "ауысты".

Аталмыш анықтама уақыт сынынан өтіп, қоғамдық шындықты көрсетеді деген қорытынды еріксіз туып отыр.

Біздің пікірімізше, көрсетілген анықтама тек қана белгілерден (сыртқы белгілерден) тұратындықтан және заңды тұлғаның мағынасының өзін, мәнін ашпайтындықтан ең сәтті болып табылмайды.

Азаматтық құқық оқу пәні ретінде, әдетте, оқу әдебиетінде айтарлықтай толық баяндалған оның келесі белгілерін ашып көрсетеді:

  • ұйымдық бірлікті;
  • мүліктік оқшаулануды;
  • дербес мүліктік (сондай-ақ "азаматтық-құқықтық" деген сөз

қолданылады) жауапкершілік;

• азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу 1

Заңды тұлғаның белгілері туралы сөз етіп, біз шын мәнінде, заңды анықтамаға жүгінетініміз, оларды содан шығаратынымыз анық. Мұндай жағдай негізделген болып танылуы екіталай, өйткені анықтама белгілерді емес, пәннің мән-мазмұнын ашуға тиіс. Анықтама - бұл белгілі және жете ұғынып болған терминдердің (сөздердің) көмегімен белгісіз терминнің (сөздің) мағынасын анықтау. Сондықтан заңды тұлға ұғымын құрастыру жөнінде айта отырып, осы мәселені шешуге жаңа ыңғайларды жасау қажет болып көрінеді.

Бұған соңғы жылдары жарық көрген бірқатар еңбектер арналған. Мәселен, заңды тұлға және оның белгілері ұғымы мәселесі бойынша қатаң ұстанымды И. П. Грешников білдірді. Ол кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың Азаматтық кодекстерінде заңды тұлғаның құқықтарымен ұйымдастырудың сипаттамалары мен пәндік белгілерінің тек жай ғана атап көрсетілуі орын алған деп атап өтеді. Мұндай белгілеуді анықтама деп есептеуге болмайды, өйткені анықтаманы тұжырымдаған заңгерлер тұлға ұғымына емес (және де оған зейін салмайды), олар үшін қазіргі шындыққа

жүгінеді 3 .

Белгілі дәрежеде бұл мәселелер оқу әдебиетінде де көрініс табады. Мәселен, В. С. Мартемьянованың редакциясымен "Шаруашылық құқық" атты оқулығында заңды тұлға мәнін кәсіпкер тұлғасы арқылы түсіндіру мүмкіндігі қарастырылады. "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" Заңынан кез келген кәсіпорынның, жеке, сол сияқты мемлекеттік және муниципалды кәсіпорынның мәнін бүгінде осы тұлға білдіреді деген қорытынды шығаруға болады 4 . Е. А. Сухановтың редакциясымен "Азаматтық құқық" атты оқулығында "мақсатты мүлік" теориясы пайдасына дәлелдер келтіріледі 5 . Және де бұл ойды Е. А. Суханов бұған дейін де ұсынған болатын. Мәселен, өзінің "Система юридических лиц" атты еңбегінде ол кәсіпорынды белгілі бір ұйымның синонимі ретінде түсіну дұрыс емес екенін атап өтіп, назарды ұйымдық белгілерден мүліктік белгілерге кешіруді ұсынады. "Заңды түлға - белгілі бір күйіндегі ұйымдасқан ұжым ғана емес, бірінші кезекте оның құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) дербес коммерциялық қызмет үшін бөлінген "тұлғаландырылған мүлік" болып көрінеді", - деп жазады ол 6 . Мемлекеттік меншіктің оның "жалпы халықтық" сипатын бір мезетте белсенді жариялау кезіндегі үстемдігі заманында астында белгілі бір негізі болған "еңбек үжымы" теориясы қазіргі уақытта өзін толығымен жоққа шығарды 7 . Сонымен қоса, Е. А. Суханов әділ жазып кеткендей, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бір тұлғаның, яғни бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар компаниялардың таралуы заңды тұлғаның мәнін басқаша түсіндіретін өзге де теорияларға зейін салып қарауға мәжбүр етеді. Соңғы дәлелмен де, әсіресе біздің де ұлттық заңнамамызда бұған дейін және қазіргі уақытта да "бір тұлғаның компаниясы" көзделетін жәйтті есепке алсақ, келіспеске болмас.

Ю. Г. Басин заңды тұлға ең алдымен мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тәжірибелік мәнге ие екенін көрсетіп, сөйтіп тағы бір рет оның мүліктік оқшаулану секілді белгісінің ерекше маңыздылығын атап өтеді. "Заңды тұлғаның құрылтайшылары өзінің кәсіпкерлік қаупін өзі үшін жол беруге боларлық деп есептейтін қаржы көлемімен шектеу мүмкіндігіне ие" 8 .

"Мүліктік оқшаулану - заңды тұлғаның негізгі белгісі, одан оның дербес мүліктік жауапкершілігі келіп шығады" - Р. А. Маметованың пікірі осындай 9 . Осыған ұқсас көзқарасты К. В. Мукашева білдіреді 10 .

Әрі келтірілген пікірлердің үзілді-кесілді екендігімен, біздің пікірімізше, әрқашан келісуге болмайды, дегенмен, заңды тұлға ұғымын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, мүмкін, нақ мүліктік мәселелерге негізделу қажет екендігін атап кеткен жөн 11 . Алайда оны тек қана оқшау мүлік жиынтығы ретінде түсіну, сөзсіз, қажетті дәрежеде осы феноменнің мәнін бейнелей алмайды. Өйткені мүліктің оқшаулануы екі немесе бірнеше қатысушылар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде шартқа қатысушы ортақ мүліктегі үлесін өзге де қатысушылардың келісімінсіз иелік етуге құқылы еместігіне қарамастан жаңа заңды тұлғаны құрусыз нақтылы мақсатқа жету үшін өздерінің мүлкін біріктірген кезде қарапайым серіктестікті құруда да орын алады. Сөйтіп, бұл мәселеде өзге де аспектілерді ескерген жөн.

Бұған дейін айтылғандай, азаматтық құқық заңды тұлғаның белгілерінің бірі ретінде ұйымдық бірлікті бөліп көрсетеді. Заңды тұлғаның мәнін ашудағы оның рөлі аса зор деп есептейміз. Осыған орай, біздің пікірімізше заңды тұлға өзінің ұйымдық жағынан пісіп - жетілуімен ерекшеленеді.

Бұл белгінің екі жақты мағынасы бар. Бір жағынан (сыртқы жағынан пісіп - жетілуі) - бұл заңды тұлғаның заңмен көзделген ұйымдық - құқықтық нысандарының бірінде құрылуы мен қызмет жасауы. Мәселен, АК-тің 34 бабы коммерциялық заңды тұлғалар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив түрінде құрылуы мүмкін екендігін белгілейді. Коммерциялық емес заңды тұлғалар мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылық кооператив, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңнамалық актілермен көзделген өзге нысанында құрылады. Бұл дәлелді өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларды АК-пен көзделген ұйымдық - құқықтық нысандарға өзгертуді міндет еткен ҚР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы (Жалпы бөлім) " Қаулысының 4 тармағы айғақтайды.

Екінші жағынан (ішкі жағынан пісіп - жетілуі) - бұл, шын мәнінде, заңды тұлғаның өзінің міндеттері мен функцияларын орындауға қабілетті тұтастық ретінде айқын ішкі құрылымымен ерекшеленуінен, өзінің басқару органдарына ие болуынан және т. б. тұратын ұйымдық бірлік болып табылады. Егер заңды тұлғаның сыртқы пісіп-жетілуі заңнамамен белгіленсе, ішкісі - заңнамамен және құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

Заңды тұлға ұғымы мен белгілерімен байланысты тағы бір жайтқа назар аударайық. Заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелуге дейін құрылған деп есептеле алмайды. Құрылтай шартына қол қою және (немесе) жарғыны бекіту - бұл әлі заңды тұлғаны кұру емес, тек құрылтайшылардың ниеті ғана.

Ал мемлекеттік тіркелу фактісі - бұл оның "тууы" фактісі. Қаншалықты әдеттен тыс болғанымен, бірақ мемлекеттік билік органының актісі (Президент Жарлығы, Үкімет Қаулысы) негізінде заңды тұлғаның пайда болуы кезінде ол осы актінің күшіне енуі сәтінен емес, бұл ұйымның белгіленген тәртіптегі мемлекеттік тіркелу сәтінен құрылған болып есептеледі.

Осыған орай АК-тің 42 бабының 1 тармағының тұжырымы қарсылық туғызады: заңды тұлға әділет органдарында тіркелуге тиіс. Біздің пікірімізше, "тиіс" деген сөз міндеттің болуын ұйғарады. Іс жүзінде, тіркелу бойынша міндет әзірге құрылмаған "заңды тұлғаға" (немесе "заңды тұлғаға" қатысты) жүктеледі. АК-тің 42 бабының 1 және 3 тармақтарын бір тармаққа біріктіріп, келесі редакциясында баяндаған дұрыс: заңды тұлға оның мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап құрылған деп есептеледі. Мемлекеттік тіркелу тәртібі заңнамамен айқындалады.

Сонымен, дәл мемлекеттік тіркелу фактісі және тек сол ғана заңды тұлғаның пайда болуы турасында сөз етуте негіз береді . Бұл ыңғай, біздің пікірімізше, занды тұлғалар және олармен айтарлықтай ұқсас азаматтық құқықтың өзге де феномендерімен, мысалы заңды тұлғаны ұйымдастырусыз толық серіктестік пен қарапайым серіктестік арасында, бір тұлғаның компаниясы және жеке кәсіпкер арасында анық шекара өткізуге мүмкіндік береді. 1994 жылғы Азаматтық кодекс алғаш рет ҚР заңнамасында заңды тұлғаларды екі топқа бөлді: коммерциялык және коммерциялық емес.

34 бапқа сәйкес өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс табуды көздейтін ұйымдар (коммерциялық ұйымдар) жатқызылады. Коммерциялық емес ұйымдар мұндай мақсат ретінде кіріс табуға ие емес және алынған таза кірісті қатысушылар арасында үлестірмейді. Коммерциялық ұйымдар тізбесі

жабық болып табылады: олар тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив нысанында құрыла алмайды. Коммерциялық емес ұйымдар нысандары да АК-те аталған, бірақ олардың тізбесі ашық: олар заңнамалық актілермен көзделген өзге де нысандарда құрыла алады.

Ғылыми әдебиетте заңды тұлғаларды көрсетілген топтарға бөлуде өзгеше тұрғыдан қарауға талпыныстар жасалуда. Мәселен, И. П. Грешников коммерциялық және азаматтық ұйымдар арасындағы негізгі айырмашылық ұйымдық - құқықтық нысанынан емес және қызметінің көлемі мен сипатында емес, оның құрылтайшыларының ниеттерінен тұрады деп есептейді 13 .

Іс жүзінде бұл жіктелімге жаңа позиция тұрғысынан қараудағы өзінің талпынысы туралы мәлімдей отырып, автор оны негіздеп, заң шығарушыға белгілі ыңғайларды пайдаланады - кіріс табу және оны қайта үлестіру: шаруашылық серіктестіктер нысанындағы азаматтық бірлестіктерді құру үшін шынайы еркіндік беріп, ұйымдық - құқықтық нысанды ғана емес, негізінен қызмет түрі мен бағытын негізге ала отырып, салықтар бойынша жеңілдіктер беру қажет 14 .

Осы ретте автормен келісе отырып, біз сонда да азаматтық құқық проблемасын салық заңнамасы проблемасымен араластырудың негізі жоқ деп есептейміз. Азаматтық кұқық салық жеңілдіктері мәселелерін шеше алмайды, өйткені олар кұқықтың осы саласы пәнінен тыс тұрады. Сонымен қатар, автордың кейбір тұжырымдарының қисыны толық жүйелі емес болып көрінеді.

Мәселен, заңды тұлғаға оның қызметінің түрі мен бағытын негізге алып, салық жеңілдіктерін беруді ұсына отырып, ол егер, бірлестіктер, мекемелер, қорлар, ассоциациялар қандай да бір нысанда өздерінің мүшелері арасында пайда тауып, оны үлестірсе, онда олар коммерциялық құрылым болып танылуы керек деп атап өтеді. Және керісінше, егер серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар пайда табумен байланысты емес қызметті жүзеге асырса және тапқан кірісті қатысушылар мен құрылтайшылар арасында үлестірмейтін болса, онда мұндай ұйымдарды коммерциялық емес (азаматтық) ұйымдарға жатқызған жөн 15 .

Бұл тезис, біздің пікірімізше, бұған дейінгі пікірдің қисынына толық сәйкес келмейді. Мәселен, автор аталмыш ереже (ұйымдарды түрлерге бөлу -С. К. ) ең алдымен қазіргі салық салу жүйесімен байланысты екендігін атап өтеді 16 . Алайда егер салықтар бойынша жеңілдіктер заңды тұлғаның кызметінің түрі мен бағытын есепке алуымен берілуге тиіс болса, онда заңды тұлғаларды қандай да бір түрге жатқызудың қажеті қандай?

Өзінің зерттеуінің нәтижесінде автор тым ортақ проблемаға негізінде заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлудің дәлелділігіне келуге тиіс еді деп көрінеді.

Өкінішке орай, қазақстандық ғалымдар заңды тұлғаларға арналған өз еңбектерінде, әдетте, мұндай бөлудің қажеттілігіне тым болмағанда қысқаша негіздеме келтірмей, оның маңыздылығына көрсетумен ғана шектеледі. Ал бұл мәселе шынында да өте қызықты болып табылады.

Біздің пікірімізше, ұйымдарды түрлерге бөлудің заңдық маңызы келесілермен негізделе алады:

  1. АК-ке коммерциялық ұйымдар нысандарының ерекше тізбесін, ал коммерциялык, емес ұйымдарда - өзге де заңнамалық актілерге енгізудің туындаған тәжірибелік қажеттілігімен;
  1. қайсыбір ұйымдар үшін әртүрлі салық режимін орнату қажеттілігімен;

3) заңды тұлғаның оның қатысушылары арасында таза кірісін үлестіру мүмкіндігі туралы мәселені айқын және бір мағыналы шешу қажеттілігімен.

Ю. Г. Басин "анықтап айырудың ең сенімді өлшемі пайданы қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндігі болып табылады" деп атап өтеді. Оның пікірінше, егер заңды тұлға заңға немесе құрылтай құжаттарына орай қатысушылар арасында пайданы үлестіруге (дивиденттер төлеуге) құқылы болса, оңда ол дивиденттердің кезекті төлемдерінің төленетініне қарамастан коммерциялық ұйым болып танылуы тиіс. Егер де заңды тұлға заңнама немесе құрылтай құжаттарына орай дивиденттерді төлеуге құқылы болмаса, онда ол коммерциялық емес ұйым болып танылуы тиіс. Және оның бүкіл пайдасы, егер ондай пайда болса, жарғылық мақсаттарға жетуге бағытталуы тиіс.

Көрсетілген дәлелдер таласты болмауға тиіс деп ойлаймыз. Ең алдымен "заңға немесе құрылтай құжаттарына орай құқылы" деген айналымға назар аударған жөн. Одан Ю. Г. Басиннің ұйымның құрылтай құжаттарында қатысушылар арасыңда таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы шарт болған негізде ғана оны коммерциялық деп тану мүмкіндігіне жол беретіні көрінеді. Алайда мүндай ыңғайда мекемені, егер оның құрылтай құжаттары таза кірісті қатысушылар арасында үлестіру мүмкіндігіне жол бергенде коммерциялық заңды тұлға деп тануға толық негіз бар. Іс жүзінде олай емес. Егер мекеменің құрылтай құжаттарында көрсетілген ескертпе орын алса, бұл оны коммерциялық ұйымға айналдырмайды, бірақ мұндай мекеменің мемлекеттік тіркеуге қабыл алмауға негіз болып табылады. Егер де қандай да бір себептермен осы секілді заңды тұлға тіркеуден өтіп қойған болса, бүл факт АК-тің 158 бабының 1 тармағына құрылтай құжаттарының немесе АК-тің 161 бабына сәйкес олардың тиісті бөлімдеріндегі құрылтай құжаттарын жарамсыз деп тану негіз болып табылады. Басқаша айтқанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттары заңнамалық актілерінің нормаларына қарағанда қатысушылар арасында таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы мәселеге өзге ыңғайлардан тұра алмайды. Коммерциялық заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрыла алатыны белгілі. Егер алғашқы үш нысандарға қатысты таза кірісті үлестіру мүмкіндігі туралы мәселе туындамаса, мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісін пайдалану егжей -тегжейін тиянақты қарастырылуға тиіс. Біздің пікірімізше, кірісті үлестіру мәселесінде екі жағдай түйінді болып табылады:

  1. осы кірістердің меншік иесінің ауысу фактісі;
  1. таза кірісті үлестіру туралы шешім қабылдау тәсілі.

Бірінші жағдайға орай мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүлікке

меншік құқығына ие емес екендігін атап кетейік. Құрылтайшылар табыс еткен (жалпы ереже бойынша) мүліктің, осы заңды тұлғалардың қызметінен алынған кірістің, сондай-ақ өзге де заңды тәсілмен басқа да мүліктің меншік иесі болып табылатын шаруашылық серіктестіктен, акционерлік қоғамнан және өндірістік кооперативтен оның айқын айырмашылығы осында. Сондықтан қатысушылар (акционерлер, мүшелер) арасында таза кірісті үлестіру осы кірістердің меншік иесінің өзгеруі болып табылады. Және осы тұрғыдан мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алған таза кіріс бөлігінің оның бірден бір қатысушысы болып табылатын тұлғаға бағыт алуы да - үлестіру.

Заң тұрғысынан мемлекеттік кәсіпорындар кірісінің "тағдыры" мүлдем өзгеше. Бұл жерде тиісті бюджетке төленуі тиіс таза кірістің үлесі өзінің меншік иесін өзгертпейді. Бүл жағдайда әңгіме негізінен үлестіру туралы емес, осы үлесті кәсіпорыннан алып, тиісті бюджетке тапсыру туралы болуы

мүмкін. Осыны растау мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 41 бабының 2 тармағында орын алған: қазыналы кәсіпорынның сметадан тыс алған кірістері тиісті бюджетке төленуге тиіс.

Екінші жағдайдың да маңызы зор. Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив алған таза кіріс бөлігін үлестіру және үлестіру тәртібі туралы шешім қатысушылардың (акционерлердің, мүшелердің) жалпы жиналысымен, яғни осы заңды тұлғаның органымен қабылданады. Басқаша айтқанда, АК-тің 37 бабының 1 тармағына сәйкес бұл заңды тұлғаның шешімі болып табылады. Ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын кірісінің үлесі өкілетті органның ҚР Қаржы министрлігімен (сол секілді жергілікті органмен) келісіліп жыл сайын белгіленген таза кірісті үлестіру нормативінде тіркеледі жэне тиісті бюджеттің кірісіне аударылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 27 бабының 2 тармағы) . Қазыналы кәсіпорынның үлесін үлестіру тәртібі өкілетті органмен анықталады (Сол жарлықтың 38 бабының 3 тармағы) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Мемлекет - aзaмaттық құқықтың субъектiсi pетiнде
Азаматтық құқық туралы ақпарат
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz