Лифт кабинасы


1
![]()
2
![]()
3
![]()
4
![]()
Аңдатпа
Дипломдық жұмыста жолаушылар лифтінің жетілдіру негіздері
келтіріледі. Жиілікті реттегіші бар асинхронды қозғалтқышты таңдау негізі
және оны талдауы анықталды. Жұмыс жүйесіндегі әртүрлі режимдердегі
өтпелі процестер зерттеліп және таңдалды. 4MTКH200LB8 қозғалтқышы және
ATV71LD48N4Z жиілікті түрлендіргіш таңдаулары жасалған.
Жолаушылар лифтінің электржетек басқару жүйесі өңделген және
MATLAB программалық ортада жұмыстың динамикалық режимде
тексерулері келтірілді.
«Экономикалық бөлім» тарауында жұмыс жобасында техникалық -
экономикалық негіздемесі орындалған.
«Өміртіршілік қауіпсіздік» тарауында лифт жүйесін басқару
мекемесіндегі құрылғылардың адамға физикалық және психологиялық
жүктемесін бағалау, ондағы цехтың ауа алмасуын және оның еселігіне есеп
жүргізу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автоматты өрт сөндіру жүйесін
есептеу мәселелері қарастырылған.
Аннотация
В диплoмнoй рaботе привoдится обоснование модернизации
пассажирского лифта. Приводится
обоснование и
анализ выбора
асинхронного электрoдвигатeля с частотным регулированием.
Проанализированы и исследованы переходные процeccы при различных
рeжимаx рaботы cиcтемы. Произведен выбор двигателя 4MTКH200LB8 и
частотного преобразователя ATV71LD48N4Z .
Рaзрaботана сиcтeма yправлeния элeктpоприводoм пассажиpскoго лифтa
и проведены исследования динaмического режимa работы в программной
срeде MATLAB.
В разделе «Экономическая часть» пpoведено тexникo-экономичecкое
обoснование выпуcкнoй рабoты.
В разделе «Безопасность жизнедеятельности» производится оценка
физической и психологической нагрузки оборудования на человека в
организации управления системой лифта и расчет на вентиляцию цеха и его
коэффициент, рассмотрено пожарная безопасность и расчетная задача
автоматической пожарной системы.
5
Annotation
In the diploma, provides a rationale for the modernization of the passenger
elevator. The substantiation and analysis of the choice of the asynchronous motor
with frequency regulation. Analyzed and studied the transients under different
operating systems. Produced selection of the engine 4MTKH200LB8 and frequency
converter ATV71LD48N4Z.
Developed a system of control of electric passenger elevator and studied the
dynamic mode in software environment MATLAB.
In the "economic part" conducted a feasibility study for the final work.
In the section "Safety" is assessed physical and psychological load of
equipment on the person in the organization of the control system of the elevator
and the calculation on the ventilation plant and factor considered fire safety and
design problem of automatic fire system.
6
Мазмұны
Кіріспе
11
1
1. 1
1. 2
1. 3
1. 4
1. 5
2
Жолаушылар лифтінің электр жетегіне құрылғы, классификация және
негізгі талаптарын көрсету
Лифт және оның жұмысы, құрылғыларына негізгі мәлімет
Лифттің классификациясы
Жолаушылар лифтінің электр жетегіне қойылатын негізгі талаптар
Лифттің негізгі жетегін жетілдіру
Жобалауға қойылатын тапсырмалар
Жолаушылар лифтінің электр жетегін өңдеу
12
12
21
23
26
28
29
2. 1
Жолаушылар лифтінің
электр
жетегін жобалаудың бастапқы
29
деректері
2. 2
Электр жетектің статикалық кедергісінің моментін және қуаттың
алдын ала есептелуін есептеу
30
2. 3
2. 4
2. 5
2. 6
2. 7
2. 8
2. 9
2. 10
Токтың бағытын және электр жетектің түрін таңдауларын негіздеу
Электр қозғалтқышты таңдау және редуктордың беріліс саның
анықтау
Жұмыс машина электр жетегінің көрсетілген статикалық моментін,
инерция моментін және қатаңдық коэффициентіне есептеу
Қозғалтқышты қызуы мен өнімділігіне алдын ала тексеру
ЖТ таңдау және лифттің басқару жүйесі
ЖТ - ті қолдану арқылы лифт жұмысын сипаттау
Тежеуіш кедергіні таңдау және оның қуатын есептеу
ЖТ-АҚ жүйесіндегі қозғалтқыштың жиілік және кернеу есептелуі
35
36
37
41
43
45
48
50
2. 11
Электр жетектің статикалық сипатын есептеу.
қозғалтқыштың табиғи сипаты
Асинхронды
51
2. 12
Қозғалтқыштың тежеуін және іске қосылуын қамтамасыз ететін қосу
схемасы параметрлерінің есептелуі
52
2. 13
Электр жетектің энергетикалық көрсеткіштерін есептеу
54
3
Электр жетегінің құрылымдық сызбасын
параметрлерін есептеу
құру
мен оның
55
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
4
4. 1
4. 2
4. 3
Электр жетектің механикалық жағының құрылымдық сызбасы
Энергияның электр механикалық түрлендіргіштің құрылымдық
сызбасы
Электр энергиясын түрлендіргіштердің құрылымдық схемасы
ЖТ-АҚ жүйесі орнатылған электр жетегінің құрылымдық сызбасы
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі
Лифт жүйесін басқару мекемесіндегі құрылғылардың адамға
физикалық және психологиялық жүктемесін бағалау.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автоматты өрт сөндіру жүйесін
есептеу.
Лифт жүйесін басқару мекемесіндегі цехта ауа алмасуына және оның
еселігіне есеп жүргізу.
7
55
56
57
59
63
63
64
67
5
5. 1
Экономикалық бөлімі
Жабдықтың өндірістік қуатын есептеу
71
71
5. 2
5. 3
Жолаушылар лифтінің автоматтандырылған
капиталды шығының есептеу
Еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы сұрақтары
электр
жетегінің
72
73
5. 4
Электр қуаты, жабдықтарды жөндеуге және жолаушылар лифтінің
автоматты электр жетегі тиімділігіне кеткен шығынды есептеу
76
5. 5
Жалпы үнемділік есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
8
77
78
79
Белгілеулер мен қысқартулар
АТТ - арқан тартушы тегершік
ПӘК - пайдалы әсер коэффициенті
ЛББ - лифтті басқару бекеті
АҚ - асинхронды қозғалтқыш
ЖТ - жиілік түрлендіргіш
ЖО - жұмыс органы
БҚ - беру қарқындылығы
ЖТ-АҚ - жиілікті түрлендіргіш - асинхронды қозғалтқыш
ҚИ - құрылғы интенсивтілігі
ЕИМ - ендік - импульстік модуляция
ЭҚК - электр қозғаушы күш
ҚЕЛҚП - құрылғының ережесі және лифттерді қәуiпсiз пайдалану
АЭЖ - автоматтандырылған электр жетегі
АРЖ - автоматтық реттеу жүйесі
9
Кіріспе
Қазіргі таңда қаламызды тік тасымалдау көлігіңсіз өзімізді елестету
қиын. Адамдардың үлкен саны үшін лифт шаруашылығының қалыпты
жұмысы, қалыпты өмірдің синонимі болып табылады. Лифт жұмысының
сапасы және көтеру механизмдері және олардың сенімділігі тұрғын
қауіпсіздігі және қоғамдық ғимараттарды қамтамасыз ету ісі, негізгі
аспектілерінің бірі болып қалады, сондықтан үздіксіз дамыту және лифттің
жабдықтарын жетілдіру қажет.
Лифт - тік тасымалдау көлігі, тұрғын және өндірістік үй - жайлардағы
жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған. Өнеркәсіпте және
күнделікті өмірде лифттік электр жетекті қолданудан, тік тасымалдау
көлігінің ең кең таралған түрі - лифт болып анықталады.
Соңғы уақытта қалалардағы ғимараттар қабаттарының жоғарылауы,
сонымен бірге лифттер қозғалысының жайлылығына бақыланатын үрдістері,
қозғалыс басқару процесс жүйелерінің күрделенуіне әкеледі. Қазіргі заманауи
микропроцессорлық басқару жүйелерінің дамуының нәтижесінде қазіргі
уақытта бұл мәселелер ойдағыдай шешіліп жатыр.
Қазіргі заманғы лифт - бұл күрделі электр механикалық құрылыс,
орнатылған бағдарлама бойынша жартылай автоматты режимде жұмыс
жасайды. Лифттің жұмыс бағдарламасы жолаушылар әрекетімен, мекен -
жайымен, кабина орнымен (бос немесе бос емес) және лифт басқару жүйесі
көмегі бойынша реттелетінімен анықталады.
Лифттің басқару жүйесі жолаушылардың қауіпсіз және жайлы қозғалыс
мәселесін шешу керек. Қозғалыс мүмкін үдеумен, қажетті жылдамдық және
сезінерлік жұлқыну болмау тиісті жүзеге асырылу керек. Қажетті берілген
талаптарды орындау үшін әр түрлі құрылғы (датчик) арқылы кабинаның
орнын және қозғалыс жылдамдық мәліметін алу керек.
Бұл дипломдық жобада жолаушылар лифтінің автоматтандырылған
электр жетегі қаралады. Жолаушылар және жүк лифттерінің әр түрлі үлкен
құрылымдық нұсқаларына қарамастан олардың басты жабдығы электр жетек
болып табылады.
Есепке механизмің айрықша құрылымы, қозғалтқыш таңдау, және оған
жиілік түрлендіргіш және қуат есептеу, басқару жиілігі және т. б. қарастыру
кіреді.
Осыған байланыста осы жобада жолаушылар лифтінің жиілікті -
реттемелі автоматтандырылған электр жетегі АЭЖ ұсынылады.
10
1
Жолаушылар лифтінің электр
жетегіне
құрылғы,
классификация және негізгі талаптарын көрсету
1. 1
Лифт және оның жұмысы, құрылғыларына негізгі мәлімет
Жолаушылар және тасымал лифттердің конструктивті нұсқаларының
көптеген түрлеріне қарамастан, олардың негізгі жабдығы: кабина, жүкшығыр
(лебедка) көтергіші, арқан, қарсы салмақ, қозғалтқыш, электр механикалық
тежеуіш құрылғы және басқару аппараты болып табылады. Лифттің барлық
жабдықтары шахтада және ғимараттың жоғарғы және төменгі бөліктерінде
орналасқан. Лифт - (ағылшын тілінен lift көтеру) шахтада қондырылған,
қатаң бағыттауышы бойынша кабинаны немесе платформаны вертикальді
қозғалысқа келтіретін әдеттегі үздіксіз қозғалысты стационар көтергіш.
XX
ғасыр басында электрлі лифттер кең қолданысқа ие болып, жетек
түрлері басқаша лифттерді істен шығара бастады. 1920 жылдары қазірде кең
қолданысқа ие болған жетекші арқаны бар тегершіктер, бірдей айналымы бар
жүкшығырлар шыға бастады. Ресейде лифт құрылысы тек 1917 жылы
революциядан кейін дами бастады, тасымал және жолаушылар таситын орта
мақсатты лифттермен қатар лифттердің арнайы түрлері дайындалып
шығарыла бастады.
Машиналы бөлменің лифт құрылғысында орналасуы ғимараттың
архитектуралық ерекшеліктеріне, сонымен қатар оның мақсатына
байланысты. Мысалы: ғимарат конструкциясы лифт жабдықтарының
салмағын көтере алмайды; лифт жұмысынан шыққан шу мен вибрация (діріл)
кейбір бағыттағы жұмыстарға әсер етеді; одан кейін, өзінің шектеулі салмағы
бар, биіктігіне байланысты үлкен және кіші биіктігі, ірге ауданы бар, типі
телемұнара сияқты биік ғимараттарды салу үшін жабдық салмағына қатаң
талап қойылады. Сондықтан машина бөлмесін төмен орналастыру арқылы
ғимарат конструкциясынан салмақта азайтады. Лифттің машина бөлмесінде
орналасқан жабдықтарын қарастырайық[3] .
Лифт құрылысының машина ғимаратында: лифт кабинасында
қозғалтқыштан күш беретін жүкшығыр орналасқан.
Жүкшығырдың екі түрі болады: барабанды және жетекші арқаны бар
тегершік.
Көтерілу биіктігіне байланысты үлкейетін, соған сәйкес машина
бөлмесінің көлемін үлкейтуді қажет ететін барабанның едәуір көлемі
салдарынан барабанды жүкшығырлар заманауи лифттерде сирек
қолданылады. Лифттерден үйкелу тегершігі бар жүкшығырлар кең
қолданысқа ие болды. Тегершік үйкелісінің аумақты көлемі көтеру биіктігіне
байланысты емес.
Жетекші арқаны бар тегершікте арқан (трос) сына тәрізді
(клиновидный) жолда орналасқан. Тегершікпен және негізгі арқан арасындағы
байланыс үйкеліс күші көмегімен жүзеге асады.
11
а - барабанды түрі, б - жетекші арқаны бар тегершігімен; 1, 5 - арқандар,
2 - барабан, 3 - ауытқитын блок, 4 - жетекші арқаны бар тегершік.
Сурет 1. 1 - Жүкшығырлар
Кабина аспасын (подвеска) ыңғайлату үшін және тегершікпен негізгі
арқан арасындағы үйкелісті күшейту үшін бұрып апаратын (отводной)
тегершік қолданылады. Сол арқылы арқан бірнеше рет есіледі. Заманауи
жылдам лифттерде жүкшығырлар ретінде тұрақты тоғы бар электр
қозғалтқыштар қолданады. Содан соң машина бөлмесінде басқару щиті
орналасқан. Күш беретін щитте лифтті басқару схемасы, дабыл
(сигнализация) схемасы, электр қозғалтқышты басқарудың күш беру бөлігі,
тоқ күшінің артуынан және қысқа мерзімге тұйықталудан электр
қозғалтқышты және электр аппараттарын қорғау торабы және т. б. орналасқан.
Лифт құрылғысының электр бөліктеріне қуат көзі кірмелік құрылғысы
арқылы жүзеге асады. Заманауи лифтте қолданылатын кірмелік құрылғылар
лифт жұмысынан шыққан кедергілерді желіге жібермейтін фильтрмен
жабдықталған. Қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс арттырған кезде лифт
жолаушылары қауіпсіздіктеріне қойылатын жоғары талап жылдамдықты
шектеуіш көмегімен қамтамасыз етіледі. Заманауи шектеуіштердің өз
механикалық қаруына қоса 25 - 40%-ға жылдамдық көтерілген кезде, сына
тәрізді ұстағыштарды іске қосуға бағытталған, сына тәрізді ұстағыштар іске
қосылмай тұрып лифтті тоқтатуды қамтамасыз ететін қосымша құрылғылары
болады. Бұл кабина төмен немесе жоғары қозғалыс кезінде жылдамдық
берілген нормадан тыс көтерілсе электр тежеуіш іске қосылуын қамтамасыз
етеді[2] . Лифттің құрылғылары 1. 2 - суретте көрсетілген.
12
![]()
Сурет 1. 2 - Лифт құрылысы
Кабинаның есігі. Кабинаның автоматты есігі кабинаны пайдаланудың
қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жармалардың қалпы (ашық немесе жабық)
электр ажыратқышпен бақыланады.
Кабина есіктерінің жетектері арқылы кабина есіктері ашылады. Ол
тетікке орнатылған жай жүретін жол бұрамдық редуктордан тұрады. Резеңке
бәсеңдеткіштердің (амортизатордың) жетектері кабина есігінің арқалығына
орнатылған. Электр қозғалтқышты қосқанда, оның роторының айналуы сына-
қайысты (ремень) беріліс арқылы бәсеңдеткіш бұрамдық білікке және жай
жүретін жолға червяк ілінісі арқылы беріледі. Ролигі бар иінтірек иіні
қозғалыс кезінде жартылай шеңберді сипаттайды және ролик тірекке тірелу
кезінде қозғалыссыз бекітілген кареткадағы кабина есіктерді жармамен бірге
каретканы сызғыш бойымен қозғауға мәжбүрлейді.
Бұл қозғалыс екінші кереғар бағытта қозғалатын жармаға арқан арқылы
беріледі. Кабинаның есігі және шахта бір мезгілде ашылады.
Рычагтың бұрылу бұрышы жұдырықшалардың қондырылуына
байланысты, олар осылай берілуі тиіс, ашық есік кезінде көлденең күйінде ± 5
мм-ге тоқтап, ал жабық күйінде тіректегі жарылысқа қарсы штифті тоқтату
үшін максималдық көтерілуі керек. Жетектің жұмысы қалыпты режимде
тұрғанда тіреулерге тетіктің отырғызылуына рұқсат етілмейді. Жұдырықша
тетіктің төлкесіне мықтап бекітіледі де, тетігімен бірге айналысқа түседі,
керек кезде ажыратқыштарға (кезек-кезек) әрекет жасайды және электр
қозғалтқыштың сөнуіне түрткі береді.
13
![]()
Егер есікті жабу кезінде, жарма есіктің арасында жолаушы немесе басқа
да заттар қалып қойған жағдайда, электр қозғалтқышты реверске ауыстырып
қосатын жетектің арнаулы құрылғысы болады. Құрылғы төмендегіше жұмыс
істейді: Жетекті қосқанда, тетік есікті жабуды серіппенің күшімен жүзеге
асырады, жармалардың жүрісін баяулатады, ал шахта есіктерін жабу жарма
массасының әсерімен жүзеге асады.
Ол жармалардың қатынас жолындағы кедергілердің пайда болуында
тоқтайды, дегенмен тетік қозғалысы жалғасады. Сонымен қатар тірек
шабынымен және штифт (бүркеншіксіз шеге) арасында саңылау көрінеді және
мұнан былай штифт тірек шабыны (скосы) бойынша сырғанап, иінтірек
ролигінің төлкесіне түседі және иінтірек иықшасынан басады. Серіппе
сығылады, иінтірек екінші иықшасы және рамка арасынан микроөшіргішке
әсерін тигізетін саңылау көрінеді.
Рамканы өшірген жағдайда тетіктің әсерінен босатылады.
Микросөндіргіштің штифті қозғалтқыш жетегінің есігін ауыстыру үшін
серпін береді. Есік қайтадан ашылады. Кабина есігінің жабық жармалары
тетіктің барынша көтерілген жағдайында, штифт әйнектелген кабина есігін
жылжытуға мүмкіндік бермейтін бекіткіш құрылғының рөлін атқарады. Бұдан
басқа, қауіпсіздік белгісі болып табылатын, жармаларды ашуға мүмкіндік
бермейтін жиналмалы тіреу орнатылған. Жолаушыларды эвакуациялау
кезінде кабинадан серіппе сығылады, тіреу айналады.
1 - сына, 2 - бағыттаушы, 3, 10, 14 - иінтіректер, 4 - жұдырықша,
5, 16 -байланыс құрылғысы, 6, 11- арқандар, 7 - жалғастырғыш (муфта),
8 - тегершік (шкив), 9 - тегершік білікшесі (валик шкива),
12 - жылдамдық шектеуіш, 13 - жүк, 15 - созып кигізетін (натяжной) блок.
Сурет 1. 3 - Жылдамдық шектеуіш және сына тәрізді ұстағыштар
жұмысының принциптік сұлбасы
14
![]()
Ұстағыштар жылдамдық шектеуіші іске қосылған кезде және кабина
жылдамдығының қозғалысы төменге қарай күшейген кезде кабинаны
тоқтатуға және ұстап қалуға арналған.
Ұстағыштар - сына тәрізді, серіппе астындағы, бірқалыпты тежеу.
Ұстағыштар жылдамдық шектеушімен бірге қызмет етуге арналған және
лифтпен қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты түйіннің бірі болып
саналады.
Ұстағыштар
конструкциялары бойынша төрт бірдей сыналану
(заклинивания) механизмі және ұстағыштарды іске қосатын механизмдерден
тұрады.
Сыналану механизмі қалыбына байланысты тігінен орын ауыстыратын,
сонымен бірге бағыттаушыға жақындай түсетін тежеуіш табаннан тұрады,
тежеуіш табанның негізгі элементі корпуста орналасқан серіппе және сына
болып табылады.
Қосу механизмі білікке бекітілген екі сына иінтірегінен тұрады,
қайтарылмалы серіппе, реттеуіш сомын (гайка) орнатылған біліктер тарту
күшімен бекітілген, иінтірек арқанмен жылдамдық шектеуішті ұстағыш
қосуға арналған механизммен біріктіреді.
Жылдамдық шектеуіші іске қосылған кезде ұстағышты қосуға арналған
механизм иінтірегіне бекітілген арқан қозғалысы тоқтатылады, одан кейін
кабина төмен қарай қозғалған кезде біліктер бұрылады, ал тарту күші арқылы
білік те бұрылады, біліктің бұрылуына иінтірек те қосылып бұрылады, осылай
сына механизмін іске қосады.
Тежеуіш табанды жоғары көтерген кезде, бағыттауыш басын жұмыс
үстімен оған тигеннен кейін серіппе қалпын өзгертеді, бұл сынаны бұраған
кезде қажетті тежеуіш күшпен қамтамасыз етеді, тежеуіш табанның
қозғалысы реттеуіш түйреуішпен (шпилька) шектеледі, сол арқылы
бағыттауыш басының сығылу күші және тоқтау кезіндегі тежеу күші соған
сәйкес өзгермейді, қозғалыстағы кабинаның қуат көзі өшірілген кезде ол
тоқтайды, тарту күшіндегі планка өшіргіш аунақшасын (ролик) басады, электр
қозғалтқышын өшіруге сигнал береді.
Ұстағыштардан кабинаны алу үшін өз салмағының іс-әрекетімен
кабинаны, тежеуіш табанды көтеру керек, сонда серіппе төмендейді және
ұстағыш тетіктері бастапқы күйге оралады.
Машина бөлмесінен төмен жартылай қабат - блок бөлмесі орналасқан.
Блок бөлмесі барлық лифттерде орындала бермейді, негізінде үлкен
жылдамдықты және үлкен биіктікке көтерілетін барлық заманауи лифттерде
блокты орналастыру үшін қызмет атқаратын (бұрып апаратын тегершік) блок
бөлмесі болады. Блок бөлмесінде жылдамдық шектеуіш орналасқан. Бұрып
апаратын тегершік (отводной шкив) техникалық құжаттамаға сәйкес шахтада
механикалық құрылғыларды орнатуға мүмкіндік береді[3] .
Лифт жұмысы барысында кабина шахтада орын ауыстырып отырады. Шахта
бұл ғимараттың ішінде (сыртында) орналасқан тігінен ойылған орын.
Шахтада
15
келесі
лифт
құрылғылары
орналасқан: бағыттауыштар
бекітілген
кронштейндер. Бағыттауыштар кабина орын ауыстыруын тиянақтауға
арналған, шахтаның қозғалмайтын элементтеріне тән қарсы салмақ пен
кабинаның тұрақты өзара қалпын қамтамасыз ету үшін де қызмет етеді.
Бағыттауыш кабинаның беріктігімен және оның бекітілуі жылдамдық кезінде
қарастырылған 10% арттыратын, 10%-ға оның жүк көтергіштігін арттыратын
жүкпен кабина ұстағышына отырғызылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Шахта есігі. Шахта есігі шахтаға бөгде адамдарды кіргізбеуге арналған.
Шахта есігі - жылжымалы, автоматты, қозғалысқа келтірілетін есіктер
арқалық, ендік (поперечина), тіреу және табалдырықтан тұрады. Тіреудің
жоғарғы бөлігіне арқалық және ендік, ал астына табалдырық бекітіледі.
Арқалықта түйреуіш жарма көмегімен бекітілген кареткалар қондырылған
сызғыш орнатылған. Әр каретка сызғыш бойымен аунақша арқылы қозғалып
отырады. Мойынтіректер (подшиники) кареткалардың сызғыштан ауытқу
немесе көтерілу мүмкіндігін жойып отырады. Сызғыштың еңкіштігі
есіктердің өз салмағының ықпалымен жабылуын қамтамасыз етеді.
Жабық күйінде әр карета құлыппен жабылады. Құлып тілі (защелка)
жармасының тірегі болып бақылау блок негізіне бекітілген пластина қызметін
атқарады. Пластинада есік жұмысын электрлі бақылау элементтері - екі
микроөшіргіш, екі иінағаш (коромысла) және планка орнатылған. Құлып
каретканы тек жарма жабық кезде жабады.
Көрсетілген шахта есігі механизмдерінің қалпы жабық және
құлыпталған есік қалпына сәйкес келеді. Кабина тоқтап тұрған кезде құлып
жармасы кабина есігінің беті (щека) және белдікті бұру аспабы (отводка)
арасында орналасады. Жетек жұмысы іске қосылуымен шахта есігінің
құлыптары ашылады. Жетек иінтірегі, кабина және шахта есігі айналуы
синхронды болады.
Құлып ашылған кезде, құлып тісі тісімен тірелген иінағаш иықшасы
төмен ауытқиды, сонымен микро өшіргіш итергішін босатады, оның
байланысы басқару тізбегін үзеді, құлып ашық кезінде кабинаның іске
қосылуын істен шығарады.
Кронштейн кареткасының қозғалысы басталысымен иінағаш
босатылады, ол төмен түседі және екінші микро өшіргіш итергішті босатады.
Осылай бір уақытта екі жарманың ашылуын бақылап отырады. Есіктің
жабылуы және құлыптануы жоғарыда сипатталғанға кері тәртіпте
орындалады.
Кабина салмағын және пайдалы салмақ бөліктерін теңестіру үшін қарсы
салмақ қолданады. Қарсы салмақ салмағы кабина салмағына тең 0, 4-0, 5
пайдалы жүк салмағы қосылады. Қарсы салмақ шахтада бағыттауыш
көмегімен қозғалады. Қарсы салмақ бағыттауышына кабина кронштейн
бағыттауышына қойылатын талаптар қолданылады. Лифт кабинасы
жолаушыларды немесе жүкті ғимараттың бір деңгейінен басқа деңгейіне
тасымалдау үшін қолданылады. Кабина тірек және купеден тұрады, олар
16
қалыңдығы 1, 4 см металл табақтан, ағаш - жоңқаланған немесе пластикалық
плиталардан жасалады. Жолаушылар,
жүк жолаушылар,
емханалық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz