Астық кептіру
ҚAЗAҚСТAН PEСПУБЛИКAСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ AГPAPЛЫҚ YНИВEPСИТEТI
Тeхнoлoгия жәнe биopeсypстap фaкyльтeтi
Элеватордың оперативтік қоймаларындағы астық массасының жылу-ылғалдық режимдерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Қашқын Арнұр
5В072800 Қaйтa өңдey өндipiсiнiң тeхнoлoгиясы
мaмaндығы бoйыншa бакалаврлық дәpeжeсiн
aлyғa ұсынылғaн дипломдық жұмыс
Ғылыми жeтeкшiсi Джaнкypaзoв Б.O.
техника. ғылымдарының. дoктopы, пpoфeссop
Aлмaты, 2018
МAЗМҰНЫ
AНЫҚТAМAЛAP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
БEЛГIЛEY МEН ҚЫСҚAPТYЛAP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НOPМAТИВТI СIЛТEМEЛEP ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1. Астық кәсіпорындары мен элеваторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Қазақстандағы элеваторлардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. Астықты сақтайтын кәсіпорындардағы технологиялық ... ... ... ... ...11
операциялар ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
3. Астықты элеватор силостарында сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..24
4. Астық сақтау барысындағы бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2 бөлiм. Зерттеулер жүргізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .28
2.1 Зерттеу нысаны мен әдістерін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3 бөлім. Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2
3.1 Зерттеудің сатылары мен нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..32
3.2 Элеваторлардың оперативтік қоймаларындағы астық массасының жылу-ылғалдық режимдерінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
5. Астық үйіндісінде шектік кеңістігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ..46
6. Сақталып жатқан астықта жылу үдерістерінің дамуы және сандық
сапалық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
7. Астық сақтау орындарында тұрып қалған аймақтар мен өзін-өзі жылыту ошақтарының туындауын болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
4.Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
5.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
6.Экология. Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 65
7.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 8
8.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 0
AНЫҚТAМAЛAP
Бepiлгeн мaгистpлiк диссepтaциядa кeлeсi тepмин сөздep сәйкeс aнықтaмaлapымeн қoлдaнылaды.
Aстық сaлмaғы - құpaмынa кipeдi: нeгiзгi дaқылдың дәнi, apaмшөптiк aстық қoспaсы, oсылapдың бeтiндe бoлaтын жәнe aстық қopынa зиянын тигiзeтiн микpoфлopa.
Тoқыpay aймaқтapы - бұл тeхнoлoгиялық oпepaциялap кeзiндe aстық қopғaнының жылy жәнe мaссa aлмaсy пpoцeстepiнe aз қoлжeтiмдi, түpлi peжимдepдe пaйдaлaнғaн кeздe, қoймaның шeткi бөлiктepiндe түзiлeтiн aймaқтapы.
Кaпилляpлық ылғaл - бұл мaтepиaлдың жiңiшкe тeсiкшeлepi - кaпилляpлapдa бoлaтын ылғaл. Микpoкaпиляpлapдың ылғaлы, opтaшa paдиyсы 1 нм aз кaпилляpлapды тoлтыpaды. Сұйықтық кeз кeлгeн мaкpo- жәнe микpoкaпилляpлapды тiкeлeй жaнaсқaндa ғaнa eмeс, сoнымeн бipгe дәнapaлық кeңiстiктeгi ayaның гaзayaлық қoспaсынaн ылғaлды сopy жoлымeн дe тoлтыpa aлaды.
Бeлсeнy энepгиясы - бұл энepгeтикaлық кeдepгi, бұл кeдepгiнi aстық мaссaсымeн нeмeсe oның бip бөлiгiмeн eңсepy кeзiндe, aстық мaссaсының тыныс aлy қapқындылығы жoғapылayымeн, тeмпepaтypaның көтepiлyiмeн, өзiн жылытy oшaғындaғы бy ayaлық opтaның бipдeн өзгepyiмeн жәнe бapлық тepмoдинaмикaлық пpoцeстepдiң қopғaнның ipгeлeс бөлiктepiнe ayысyымeн қaтap жүpeтiн кeнeттeн пaйдa бoлғaн, кaскaдты биoхимиялық, микpoбиoлoгиялық пpoцeстepдiң жүpe бaстayы бaйқaлынaды.
Тыныс aлyдың қapқындылығы жәнe дәннiң жылy бөлyi - бұл aстық мaссaсын сaқтayдa opны бap, сaқтaлғaн aстықтың қopшaғaн opтaмeн тыныс aлy кeзiндeгi гaзaлмaсyы бapысындaғы жылy бөлiнy үpдiсiмeн қaтap жүpeтiн физиoлoгиялық үpдiстep.
Aстық мaссaсының өзiн өзi қыздыpyы - төмeн жылyөткiзгiштiк жәнe өтiп жaтқaн физикa-химиялық, микpoбиoлoгиялық жәнe биoхимиялық үpдiстep нeгiзiндe тeмпepaтypaның көтepiлy құбылысы .
Құpғaқ зaтты жoғaлтy - бұл сaқтaлынғaн aстық құpғaқ зaтының бaстaпқы сaлмaғының aстықтың тыныс aлyы нәтижeсiндe сaндық aзaюы, oл эндoспepмнiң жoғapымoлeкyлaлық қoсылыстapының жeкeлeй нeмeсe тoлық ыдыpay үpдiсiмeн қaтap жүpeдi.
Aстық мaссaсының өзiн өзi қыздыpyы дeгeнiмiз aстық тeмпepaтypaсының, oндa өтiп жaтқaн физиoлoгиялық пpoцeстep нeгiзiндe жәнe төмeн жылyөткiзгiштiк нәтижeсiндe жoғapылay құбылысы.
Ылғaлдылығы бoйыншa aстық жaғдaйы:
- құpғaқ aстық 14 % дeйiн қoсa aлғaндa;
opтaшa құpғaқ aстық 14,0 дeн 15,5% қoсa aлғaндa;- ылғaлдылығы көбipeк 15,5, бipaқ 17,0% тeң нeмeсe aз;
-шикi, 17,0% көп.
БEЛГIЛEY МEН ҚЫСҚAPТYЛAP
КOEг - кoлoния түзyшi бipлiк 1г. өнiмдe.
A - көмip қышлыл гaздapыный бapлық сaны, мг СO2;
Ck - oттiгi кoнцeнтpaциясы, дoли eд;
E - дәннiң ылғaлдылықпeн бaйлaнысy энepгиясы, Дж кмoль;
e - экспoнeнтa;
PP0 - сyдың сaлыстыpмaлы қысымы;
R - yнивepсaлды тұpaқты гaз;
S - дәннiң көлeмiнiң aктивтi ayдaны, м2м3;
Т - тepмoдинaмикaлық тeмпepaтypa, К;
t1 - тeмпepaтypa, 0С;
t - yaқыт, с;
W - дәннiң ылғaлдылығы, %;
Wp - тeпe-тeңдiлiк дәннiң ылғaлдылы, %;
НOPМAТИВТI СIЛТEМEЛEP
Oсы мaгистpлiк диссepтaциядa қoлдaнылғaн нopмaтивтiк құжaттapғa сiлтeмeлep
ГOСТ 13586.3-83 Aстық. Қaбылдay epeжeсi жәнe сұpыптay тәсiлi нұсқa.
ГOСТ 10967-90 Aстық. Иiсi мeн түсiн aнықтay тәсiлдepi.
ГOСТ 28419-97 Бидaй. Y1-EAЗ-М aнaлизaтopын қoлдaнy apқылы apaм шөптiк жәнe aстық қoспaсын aнықтay тәсiлi.
ГOСТ 10842-89 Aстық. 1000 дәннiң сaлмaғын aнықтay тәсiлi.
ГOСТ 29144-91 ИСO 711-85 Aстық жәнe aстық өнiмдepi. Ылғaлдылықты aнықтay (Нeгiзгi бaқылay тәсiлi).
ГOСТ 10968-88 Aстық. Өсiп шығy күшi мeн өсiп шығy қaбiлeтiн aнықтay тәсiлдepi.
Aстықтың тaбиғи сaлмaғын ГOСТ 10840-64 бoйвншa aнықтaды жәнe гдм3 түpiндe көpсeтiлдi.
Жaлпы мөлдipлiгiн - ГOСТ 10987-76 бoйыншa жәнe пpoцeнттiк (үлeстiк) мөлшepдe көpсeтiлдi.
Жaлпы aзoттың мөлшepi - Кьeльдaлю (ГOСТ 10846-74) бoйыншa, бeлoк (ГOСТ 10846-74) - жaлпы aзoттың пpoцeнттiк мөлшepi кoэффициeнткe көбeйтiлдi (бидaй, қapa бидaй үшiн - 5,71,тapы үшiн - 6,25).
Кpaхмaлды aнықтay үшiн Эвepстiң пoляpимeтpлiк тәсiлi қoлдaнылды (ГOСТ 10845-64).
Липидтepдiң мөлшepiн (шикi мaй) Сoкслeт тәсiлi бoйыншa aнықтaды (ГOСТ 10858-64), қышқылдығы - eнгiзyшi спиpттiк тapтy бoйыншa aнықтaйды ГOСТ 10844-74.
Шикi жaбысқaқ зaттың (клeйкoвниa) ГOСТ 28796-90 бoйыншa aнықтaйды жәнe iлeстiк мөлшepдe көpсeтeдi.
Кіріспе
Адамзат қоғамының дамуының барлық кезеңдерінде нан болған және кез-келген елдің басты байлығы болып қалады.
Әлемдегі халықтың 90% жуығы күнделікті негізгі азық-түлік ретінде нан немесе астықтан жасалған өзге де пісірілген тамақ өнімдерін қолданады.
Кез-келген өнім, оның ішінде астық дәні,қоймадан қайта өңдеусіз және тасымалдаусыз пайдалануға дайын болмайды.
Астық сақтау бөлмесі астық қоймасы деп аталады. Сақталған астық салмағына байланысты, техникалық жабдықтары бойынша астық қоймалары мынадай болады: қарапайым - сарайлар мен қоймалар; механикаландырылған қоймалар; элеваторлар-астық өткелдерге арналған машиналар мен жабдықталған аппараттар арқылы тазалау, кептіру және арнайы қазандарда астықты сақтау .
Элеватор өнеркәсібі - еліміздің ауыл шаруашылығында ең маңызды орын алатын сала болып табылады, мемлекеттік ресурстарды сатып алып, түсетін астықты шығынсыз қабылдау,жаңа орылған егінді өңдеу, ұтымды бөлу мен сақтауды қамтамасыз ету үшін жасалған.
Астықты қабылдау, сақтауға дайындау және шығынсыз толық сақталуын қамтамасыз ету - элеватор және қойма саласының негізгі ерекшеліктері болып табылады.
Ол мынадай функцияларды орындауға арналған:
жедел және кешіктірусіз астық қабылдау, толығымен сақтау және оның сапасын сақтау кезінде жақсарту;
астықты қайта өңдеу өнеркәсібіне және сатуға жеткізу;
жедел қорларын жасау және сақтау. [3,4]
Жұмыстың мақсаты:
Элеватордың технологиялық операцияларын жетілдіру. Астық кәсіпорындары мен элеваторларда үнемді тәсіл арқылы жедел сақтау, экономикалық тиімділігін шығару.
Жұмыстың міндеті:
1. сақтау барысындағы температура әсерінен астықтың қызу ошақтарын табу;
2. силоста сақталып жатқан астықты шығынсыз сақтау жолдарын болжау.
1 бөлім Әдебиеттік шолу
1.1 Астық кәсіпорындары мен элеваторлар
Мемлекеттік астық резервін сақтау мерзімі
Төмендегі келтірілгендей ,кестеде мемлекеттік астық сақтау резрвінің мерзімдері
Астық бойынша
Бидай
4
жыл
Сұлы, қарақұмық, арпа
3
жыл
Күріш-астық, үрме бұршақ, бұршақ, жүгері астық (қоса алғанда
5
жыл
Сақтау мерзімі собықтағы
2
жыл
Тары мен собықтағы жүгері
1
жыл
3. Сызба - нұсқа
Астық кәсіпорындарының конструктивтік және техникалық жабдықталуына байланысты мына түрлері кездеседі: механикаландырылған қойма, жеке тұрған үлкен диаметрлі металдық қойма, сапетка, жеке тұрған металдық қойма, көп қабатты мехинакаландырылған силос, бастырма, үйім, механикаландырылған ток, көлбеу еденді механикаландырылған қойма, пакауыз, желдетілген қорап 1-суретте көрсетілген
Элеваторлар қоймаларының техникалық жабдықталу түрлері: құбырлы элеватор, бір қанатты конвейерлі элеватор, екі қанатты конвейерлі элеватор, екі мұнаралы элеватор, силостық қабатты элеватор, металды силостар, силосты май қоймалы элеватор,өндірістік ұн заводымен біріктіріліп жасалған элеватор, жеке металдынсилостарынансалынған элеватор. [1,2]
1-сурет. Астық кәсіпорындарының типтері
а) механикаландырылмаған қойма; б) механикаландырылған қойма; в) жеке тұрған үлкен диаметрлі металдық қойма; г) сапетка; д) жеке тұрған металдық қойма ; е) көп қабатты механикаландырылған силос; ж) бастырма; з) үйім; и) механикаландырылған ток; к) көлбеу еденді механикаландырылған қойма; л) пакгауз; м) желдетілетін қорап
2-сурет.Элеватордың типтері
а) құбырлы; б) бір қанатты конвейерлі; в) екі қанатты конвейерлі; г) екі мұнаралы; д) силосты қабатты; е, к - мұнарасыз; ж) металды силостармен; и) силосты қоймалы; л) ұн зауытымен тұтас байланысқан; м) жеке силостардан құрастырылған
Элеваторлардың жұмыс ғимараты.Элеватор жай қоймаларға қарағанда жинақы, әрі қолайлы болып саналады. Астық қоймасы ретінде 1м2 алаңға силостан салынған сиымдылық тығыздық мөлшері бірнеше есе артады. Типтік силоста 1 тонна астық үшін 1,5-1,7 м2 орынды талап етеді. Бұл жай қоймамен салыстырғанда екі есеге дейін аз. [3,4]
Элеватор толық механикаландырылған астық қоймасы ретінде оның құрамына кешенді біріккен мына қондырғылар мен құрылыстар кіреді:
- технологиялық және тасымалдау жабдықтары орналасқан жұмысшы ғимараты;
-тасымалдау және басқа қосымша жабдықтармен жабдықталған силостық корпус;
- көлік, темір жол, су кемелерінен астықты қабылдау қондырғылары;
- әр түрлі тасымалдау жүйелеріне және өндірістерге астықты тиеу қондырғылары;
- қалдықтарды қабылдап және өңдеу цехтары;
- қалдықтарды арту және аспирациялық жүйелер.
Элеваторлар біріккен өндірістік кешен ретінде жұмыс атқару үшін оның негізгі қондырғылары жұмыс ғимаратымен тікелей ұтымды түрде тасымалдау жүйелерімен жақсы байланысуын талап етеді. [3,4,16]
Элеватордың жұмыс істеуін принципті нұсқасы бойынша құрастырады (3-сурет).
3-сурет. Элеватордағы астықтың жүру сызбасы:
а- астықты бірсатылы көтеру; б- астықты көпсатылы көтеру; 1-қабылдау қорабы; 2-қабылдау конвейері; 3-нория (негізгі); 4-ожаулы таразылар; 5-автоматты таразылар; 6,7 - силос үстіндегі және астындағы конвейерлер; 8-сепаратордың үстіндегі қорап; 9-сепаратор; 10-сепаратордың астындағы қорап; 11-қосымша нориялар; 12-силостар.
Элеваторлардың астық қоймалары жоба бойынша екі қанатты болып құрылады.Силостық корпустын үстіндегі тасымалдау қондырғышы астыкты оған артады ал астынғы қабатында орнатылған тасымалдау қондырғыштар сакталып жатқан бидайды өңдеу касип-орындарға сатады.Астықты қоймаға құйған кезде ол өз сусымалдық зандастарына қарай қабатымен әр- партиясы бөлек калыптасып тұрады. [5]
Астық ұйіндісінің осы қасиетерін зерттей отырып оның тұрақтылығын қысқартпай,сапасын томендетпей тағамдық кауіпсіздігін бұзбай сақтау жолдарын зерттейміз.
4-сурет Астық қоймалардың корпусының корінісі.
1.2. Қазақстандағы элеваторлардың түрлері.
Астық қабылдау кәсіпорындарының (элеваторлардың) орналасуына байланысты олар сызықтық (темір жол желісінде), кемежайлық (өзен кемежайларында), түпкір (темір жол мен өзен кемежайларынан алыс орналасқан) болады.
Жұмыс істеу сипаты бойынша астық қабылдау кәсіпорындарды (элеваторлар) төмендегідей бөлуге болады:
Дайындау элеваторлары - олардың негізгі тағайындалуы астықты және басқа ауылшаруашылық кәсіпорындардан дайындамаларды қабылдау, біртекті партияларды қарау, өңдеу, сақтау және тағайындалуы бойынша жөнелту болып табылады; [6]
Аударғыш - олардың негізгі тағайындалуы астықты қабылдап, бір көлік түрінен екінші көлік түріне ауыстыру (суда темір жол көлігіне немесе керісінше, тар жолды темір жолдан кәдімгі жолды темір жолға) болып табылады. Бұл кәсіпорындарда астықты өңдейді және сақтайды;
Базистік - олардың негізгі тағайындалуы ірі астық партияларын сақтау болып табылады. Бұл кәсіпорындарда өабылдау мен жөнелтуден басқа, астықты тазалайды және кептіреді. Бірқатар жағдайларда базистік кәсіпорындар дайындау кәсіпорындарының (элеваторларың) қызметін атқарады;
Кемежайлық - олардың негізгі тағайындалуы - темір жол көлігінен ірі астық партияларын қабылдап, оны кемелерге жөнелту. Астықты өңдеу негізінен қажетті кондицияға дейін жүргізіледі.
Өндірістік - негізгі тағайындалуы астықты қабылдау, негізгі жедел астық қорларын өңдеуге және сақтау үшін қажетті кондицияға дейін өңдеу болып табылады.
Дайындау элеваторлары. Астық қоймасының жалпы сыйымдылығының 80% дейін үлесі осы дайындау элеваторларына жатады. Бұл элеваторлардың негізгі орындайтын жұмыстары: астық дақылдарын егін шаруашылықтарынан қабылдау, сандық және сапалық көрсеткіштеріне байланысты белгілі мақсаттағы партияларды қалыптастыру, оларды қоспаларды тазалау, ылғалды астық массасын кептіру, желдетіп салқындату, зиянкестер бар астық қорын өңдеу, қоймаларға жайғастыру, үлкен көлемді партияларды жинақтау, сақтау сұранысқа байланысты транспорт жүйелеріне тиеу.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Россияда, Украинада және Белоруссияда көптеген ағаштан жасалған қоймалар жанып кетті. Сондықтан жаңа қоймаларды салуда темірбетонды материалдан дайындау элеваторын салуды ұйғарды.
Бірінші темірбетонды материалды Л-2x100 және ЛС-2x100 элеватордың жобасын жасаудан бастады. Силостардың өлшемі квадратты формада 3,2x3,2м, биіктігі -25м, қабырғалары фундаментке тіреледі. Бір силостың ішіне 150-170 т астық сияды.[7]
Элеватордың компоновка схемасы екі қанатты, ортасында жұмысшы ғимараты орналасқан, ал екі жағында астық сақтайтын силостық корпустар. Элеватордың құрылыстық конструкциялық өзгешелігіне жататыны, оның қабырғаны көтеретін сырғанағыш қалпы, фундаментінен көтеріледі. Қабырғаларынан қиылысқан жері бетонды тіреудің үстіне орналасады. ЛС-2x100- бұл жер сілкінісі бар аймақтарға есептелінген. Жұмысшы ғимараты бірінші силостық корпуспен бір қабатта бірігіп жайғасқан.
Л-3x100 элеваторының жобасы тың өлкесін игеруге байланысты жасалынған. Бұл жобада диаметрі 60м, биіктігі 30м болатын, силосының сыйымдылығы 600 тоннаға жетеді. Астық дайындау көлемі 40-70мың тонна. Жұмысшы ғимаратында бір кептіргіш ДСП-24, бір сепаратор КДП-80тсағ, қалдықтарды тексеретін сепаратор, триерлер. Сонымен қатар, оперативті жұмыс істейтін қораптар, теміржол көлігіне астықты жіберетін тиеу қораптары.
4-сурет. Л-3х100 элеваторы
Л-4x175 элеваторы дайындау элеваторларының ішіндегі ең үлкені деп айтуға болады. Жүк айналу мөлшері 200-300мың тоннаға жететін, жұмысшы ғимаратында істейтін алыпты элеватор болып саналады.
Л-3x175 элеваторы жұмыс істеу көлемі Л-4x175 элеваторынан аз, ал Л-3x100 элеваторынан артық. Бұл Л-3x175 астықты кептіру мен тазарту жұмыстары ағынды түрде ұйымдастыруға болатындығын көрсетеді. ЛВ-3x175 және ЛВ-4x175 элеваторлары шығыстағы астықтың көп шамадағы ылғалдылығын және қоспа шөп шаландарын ескеретін, қабылдауға, белгілі мақсаттағы партияларды қалыптастыруға қажеттіавтомобильдерді аударғыштарын жинақтау, оперативті қораптардың саны мен өнімділігі жағынан кептіргіштері мен тазартқыштары бар үлкен көлемдегі астықпен жұмыс істейтін астық қоймасы деп тану қажет. [8]
Аударғыш элеваторлар. Бұл элеваторлар астық партияларын бір транспорт жүйесінен теміржол көлігінен су көлік жүйелеріне немесе керісінше су көлік жүйесінен теміржол көлік жүйесіне аудару болып саналады. Кейбір жағдайларда ғана кең теміржол көлік жүйесінен тар көлік жүйесіне аудару жұмыстарында атқару міндеттелген.
Бұл элеваторлардың жайғасуы көп жағдайларда өзен, теңіз жағаларымен теміржол көлігінің байланыстың құрылымына, яғни қабылдау және тиеу қондырғыларының жұмыстық схемасының құралуына әсер береді. Осыған байланысты жоғары дәрежеде оперативті үрдісте астықты түсіру және тиеу жұмыстары негізгі операциялар болып саналады. Аударғыш элеваторларының сыйымдылығы 25 ... ...30 мың тоннаға дейін жетеді, жүк айналу коэффициенттері 15 ... .17 аралығында болады. Тазалау және кептіру жұмыстары аз көлемде орындалады, ал үлкен партияларды қалыптастыру жұмыстары орындалады.
Базистік элеватор. Бұл элеваторды негізінен үлкен партияларды сақтау үшін салынады. Сондықтан оларды астық дақылдарына сұранысы көп халықтары тұратын жеріне орналастырады. Осы элеватор арқылы дайындау элеваторының сыйымдылығын ең көп шамаға есептемей, орта шамадағы астық көлеміне байланысты жоспармен салуға мүмкіншілік тудырады. Оның астықты қабылдау және тиеу жұмыстары транспорттың жүйелермен тығыз байланысты.
Бұл элеватор үшін қабылдау және тиеу қондырғыларының қуаттылығы жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, астық партияларын өңдеу зауыттарының талаптарына сәйкес дайындау үшін тазалау, кептіру, желдету жұмыстары, әртүрлі мақсаттағы партияларды қалыптастыру және олардың бәрі базистік кондиция талабына сәйкес болуы қажет. [9]
ТМД көлеміндегі аударғыш және базистік элеваторлардың жабдықтарының өнімділігі мен сыйымдылығы тиімді пайдалану үшін оларды бір элеваторлардың қызмет етуін қарастырып, біріккен элеваторлар ретінде жобаларын жасады. Осыған байланысты бұл элеваторлардың мына типтері бар: Кировск - БП - 5x350 және Тольятти элеваторы - БП -4x 175.
Қазақстанда мұндай элеваторлардың ролін көбінесе ертіс өзенінің бойындағы орналасқан үлкен элеваторлар және оңтүстік, орталық өлкелерде сыйымдылығы 100 мың тоннадан астам өндірістік, дайындау элеваторларының қосымша қызметтеріне кіреді.
Қазіргі кезде бұл элеваторлың ең үлкені БП - 5x350 Кировск - Омскі элеваторы. Жұмысшы ғимаратында 5 нория 350 тсағатына, бес ожаулы таразы 70 тонна астықты тартатын, бес-ЗСМ-100сепараторы және қасында орналасқан төрт кептіргіш агрегаты бар. Силостық корпусы жеті қатарлы диаметрі 7,0 м, биіктігі -30м, шахмат ретінде орналасқан. Элеватор жұмысын дистанциялық түрде басқарады. Тәуліктік жұмысы мына операциялардан тұрады:
Автокөліктен - 6000 тонна
Су көлігінен- 8000 тонна
Теміржол көлігіне тиеу- 8000 тонна
Кемежайлық элеваторлар. Бұл элеваторлар астық партияларын теміржол және су жол көліктерінен қабылдап, тұрақты кондициялық жағдайға жеткізіп, ұзақ сақтауға дайындап сақтайды. Өздеріне тән ерекшеліктері сыйымдылығы 80-100 мың және одан көп болады. Қазақстанда 100-250 мың тоннаға дейін үлкен астық қабылдау және дайындау элеваторлары бар.
Жүк айналу коэффициенті ең төменгі шамада - 0,3...0,4. Астық қорын жинау қоймаларында бір саппен орналасқан жәй қоймалары мен силостық корпустардан тұрады. Бұл элеваторларда астық партияларын ұзақ сақтау үшін көп тазалау жұмыстарын күнделікті жүргізіледі және қажеттіне байланысты кептіру мен салқындату операциялары ұйымдастырылады.
Астық қорын жинау элеваторында нориялар базистік және аударғыш элеваторына қарағанда пайдалану тиімділігі төмендеу болады.
Өндірістік элеваторлар. Өндірістік элеваторларды ұн, жарма, құрама жем, сыра, спирт, өсімдік май және крахмал өндіру зауыттарының жанында орналастырады. Олар сол өңдеу зауыттарына астық партияларын талаптарға сәйкес дайындап өнім өндіруге жібереді.Осы өндірістік элеваторлардың ішіндегі ең көп тарағаны ұндық элеваторлары. [10]
Ұндық элеваторлар. Олардың негізгі атқаратын қызметі ұн зауытарына талаптарға сәйкес сапалы ұн тартуға арналған партияларды қалыптастыру.Бұл элеваторлардың сыйымдылығы ең аз дегенде 3-4 айлық астық қорын жинақтауға, ал қазіргі кезде 8-9 айға жеткізу көзделіп отыр. Ұндық элеваторларда әртүрлі бидай партияларынан, стандартқа сәйкес біріңғай сапада ұн тарту партияларын қалыптастырады. Осыған байланысты сұрыптау, тазалау, кептіру жұмыстары кең көлемде атқарылады.
Қазақстандағы элеваторлар.Қазақстанда орылған астықты егін даласынан астық дайындау кәсіпорындары мен элеваторларға жеткізеді. Астық қоймасының жалпы сыйымдылығының 80% дейін үлесі осы дайындау элеваторларына жатады. Қазақстанда дайындау элеваторларында силостық және жай қоймалар сыйымдылығы қолданылады. Қазақстанда дайындау көлемі 150 мыңнан - 200 мың тоннаға дейін астықты қабылдап, өңдеп және сақтайтын элеваторлар салынды. Олардың жұмысшы ғимаратының типтері: РЗС-5x175 және РЗМ-5x175 болды. Силостық корпустарының типтері СКМ-6x36 және СКМФ-6x48 монолитті конструкциядан құрастырылды. Бұл элеваторларға өзгешілік астық автомобиль көлігінен - 2000 тоннаға дейін, темір жолкөлігінен- 3000тоннаға дейін қабылданып және осы көліктерге2000 және 3000 тонна астық тиеледі. Олардың жұмысшы ғимараты элеватордың механизациялау орталығы болып табылады. Астықпен болатын барлық жұмыстар кәсіпорында жұмысшы ғимараты арқылы атқарылады.
Астықты ұзақ уақыт сақтауға арналған сыйымдылығы 160 мың тонналық элеватор дақылдарға көп сұранысы бар аймақтарға салынады. Оның алты силостық корпусы және жұмысшы ғимараты бар. Ондағы жабдықтар астықты автомобиль және темір жол көлігінен 5000 тонна тәулігіне қабылдауға, 1025 тонна тазартуға, 1025 тонна кептіруге, 3000 тонна темір жол көлігіне және 2000 тонна автомобиль көлігіне тиеуге есептелген. [11]
Дайындау элеваторының ішіндегі жаңа типті монолиттік конструкциядан жасалынған сыйымдылығы 100 мың тонналық элеватордың техникалық және технологиялық жағынан өзгешіліктері көп. Элеватор комплексі РЗМ-5x175 жұмыс ғимаратынан, СКМФ-6x48 силостық корпусынан, қабылдау және тиеу қондырғыларынан тұрады. Астық дақылдарын тазарту, кептіруден басқа, олардың ішінен майда партияларды бөліп алып, құрама жемге қажетті дақылдар партиясын жинақтайды. Бұл элеватордың силосында көлденең үріп желдететін қондырғылыр қойылған. Жұмысшы ғимаратының жоспардағы өлшемі 21x36 м, биіктігі силос асты қабатынан төбесіне дейін -65,7м. Жұмысшы ғимараты ағынды транспорттық жүйемен астықты жинақтау қораптары арқылы байланысқан. Оның ішінде бес II -17560 типті негізгі нориялар, рециріуменлы кептіргіш аппараттары үшін II -17560 алты нориялары және құрастырылған астық үшін II -10060 - алты нориялары пайдаланылады.
Сонымен қатар, астық қалдықтарын тасымалдау үшін I-20 екі нориясы, астықты бөлу үшін ТП-12-2 типті бөлу құбырлары және ТП-8-1-2 типті жеті комплектісі, үш ЗСМ-100 сепараторы қойылған. Әр ЗСМ-100 сепараторға ЗСМ-20 және ЗСМ-5 негізгі дақыл дәндерін қалдықтардан бөлу үшін қолданады. Қара сұлы дәндерін бөліп алу үшін төрт комплекті ЗТО-10М және екі ЗТК-5р триерлері және ұзақ фракцияларды бөлу үшін ЗСШ-20 сепараторы пайдаланады. Астық партияларын жұмыс ғимаратын мен силостық корпустар ішінде, қабылдау және тиеу қондырғыларымен байланыстырып тасымалдайтын ленталы конвейерлер жетік шамада жұмыс атқарады.
Жұмысшы РЗМ-5x175 ғимаратының екі жағында СКМФ-6x48 силостық корпустар орналасқан. Олардың жазықтықта орналасу өлшемі 46x36 , биіктігі - 58 м болады, силосының диаметрі - 6,0 м. Бұл элеватордың өзгешелігі қабылдау және тиеу қондырғылары оның көлбеу осінің бір жағына орналасуы. Осы варианттағы компановка бір мұнараның ішінде қабылдау және тиеу жұмыстарын атқаруға және қажетті машиналар мен механизмдерді жайғастыруға мүмкіншілік тудырады. [12]
Дайындау элеваторы тәулігіне мына көлемдегі операцияларды орындауға мүмкіншілігі бар:
автомобиль, темір жол көлігінен түсу шамасына байланысты - 2000-3000тонна; темір жол көлігінен автомобиль көлігінен түсуіне байланысты - 1300-2000 т; темір жол көлігіне тиеу - 3000
сепараторларда тазарту - 2400; кептіру - 2400; майда фракцияларға бөлу
(ЗСШ-20) - 400; көлденең желдету - 800[3,4,16]
1.3 Астықты сақтайтын кәсіпорындардағы технологиялық операциялар.
Әрбір кәсіпорын астықпен келесі операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді: қабылдау, өңдеу, сақтау, ішкі орын ауыстыру және жөнелту.
Орындалатын функцияларға байланысты кәсіпорын астықты автомобиль, темір жол немесе су көлігінен қабылдайды. Автомобиль көлігінен астықты дайындама (атып алу) ретінде, темір жол және су көлігінен - басқа элеваторлық-қойма кәсіпорындарынан келіп түсетін астық ретінде қабылданады.
Сақтау барысында астықтың сапасы жоғарылайды, сақтауға төзімділігі артады. Өңдеу кезінде астықты берілген кондицияға жеткізеді.
Астықты дайындау кәсіпорындарында өңдеу аса маңызды, себебі ол ішінара ауыл шаруашылығында, ішінара элеватор өнеркәсібінде жүргізілетін астықты жинағаннан кейінгі өңдеу бөлігі болып табылады.
Астықты өңдеудің келесі түрлерін ажыратады: тазалау, кептіру, залалсыздандыру, балғындату, салқындату және партияны қалыптастыру.
Астық тазалау машиналарында (сепараторлар, үйнді тазалағыш, триер) тазалау кезінде астықтан бөтен қоспаларды, арамшөп дақылдарын бөліп алады. Тұқымды дақылдарды сұрыптайды және калибрлейді. Дайындау кәсіпорындарында кептіруге бағытталатын астықты алдын-ала тазалайды. Дайындалған құрғақ, орташа құрғақ, сонымен қатар кептірілген дақылдарды негізгі тазалауды жөнелтуге дайындап, сақтау барысында жүргізеді.
Астықты кептіргіштерде кептіреді, әртүрлі әдістермен: газация және кейбір жағдайда астық кептіргіш арқылы өткізу арқылы залалсыздандырады (зиянкестерді-жәндіктер мен кенелерді жояды),белсенді желдету қондырғыларында және астық тазалау машиналары ішінде ішкі орын ауыстыру кезінде астықты балғындатады және салқындатады. [13]
Ірі біртекті партияларды астықты халық шаруашылығында белгілі-бір тағайындалуы бойынша тиімді қолдану үшін құрады. Тарту партияларын құру үшін өндірістік элеваторларда әртүрлі партияларды бірқатар белгілер бойынша белгілі-бір қатынаста араластырады.
Кейбір өңдеу түрлерін (тазалау, кептіру) астықты қабылдау кезінде ағында жүргізеді. Ағынды өңдеу - аса арзан және аз еңбек шығындарын қажет ететін аса тиімді астық сапасын жақсарту әдісі. Бұндай әдіс астықтың ең жақсы сақталғыштығын қамтамасыз етеді.
Астықты сақтау - элеваторлар мен қоймалардың негізгі операциялардың бірі. Сақтау барысында астықтың толық сандық және сапалық сақталғыштығын қамтамасыз етеді. Сақтау барысында астықты балғындату, салқындату (соның ішінде ұзақ мерзімді сақтауға орналастыру алдында), инвентаризация және ірі астық партияларын құру үшін тасымалдайды. [2,3]
Астықты басқа астық сақтау орындарына және экспортқа шығарып өңдеуге жөнелту үшін темір жол және су көлігіне жөнелтеді. Бірқатар жағдайларда астықты астық қабылдау және өндірістік кәсіпорындарға және астық өңдейтін кәсіпорындарға автомобиль көлігімен жөнелтеді.
Дәнді және басқа дақылдардың сақтауға тікелей қатысты ерекшеліктері. Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып қарастыру керек.
Астық құрамындағы дәндердің бірыңғай не біркелкі болмауына астықтың орып жинау кезінде де болатын кейбір жағдайлардың әсері бар. Астықты орып бастыру кезінде дәнге механикалық күш жұмсалуы салдарынан дәннің едәуір бөлігі сызаттанып, жарықшақтанып, тіпті қақ бөлініп те кетуі ықтимал.
Негізгі дақылдың дәнінен өзге астық жиымы құрамында басқа дәнді дақылдардың және де арам-шөп тұқымдарынан, органикалық, және минералдық шаң-тозаңнан, өсімдіктің майдаланған тұратын қоспалар да орын алады.Қоспалар сөзсіз мемлекетке өткізетін астық қорының бағасын төмендетеді; астықтың жалпы көлемі көбейеді, осыған байланысты тасымалдау мен сақтау барысындағы қосымша шығынды арттырады. Жаңа орылып, жиналған астық жиымындағы қоспалар жалпы астықтың, дәннің сапасының бұзылмай сақталу мерзімін азайтады.
Астық құрамындағы негізгі дақылдың өзінің құрамындағы дәнінде де, қоспалардың баарлық түрлерінде де микроорганизмдер көптеп орналасып мекендейді. 1 г дәнде олардың жүздеген, мыңдаған, тіпті миллиондаған саны табылады. Сонымен, микроорганизмдер астық жиымының құрама бөлігі, тіпті оның қашып құтылмас серігі болып табылады; әрине, белгілі бір мезгілде, сақталу барысының түрлі жағдайларында микроорганизмдер дәннің күйі мен сапасына едәуір әсерін тигізеді.Микроорганизмдердің нақты бір бөлігі өсімдіктерге шаң-тозаң және жәндіктер арқылы түседі.Өсімдік толық піскен мерзімде оның барлық бөлігінде айтарлықтай мөлшерде микроб болады. Орған және бастырған кезде ол одан әрі көбейеді. Қабығы тұтқыр болғандықтан да олар дән мен тұқымға көп жиналады.
Қоймаларда тіршілік ететін жәндіктер мен кенелер қолайлы жағдайда жыл бойы көбейіп, бірнеше ұрпақ береді,соның нәтижесінде олардың саны тез өседі. Олар өнімнің (дән, ұн, жарма, т.б.) ылғалдығының шамасына да қарай икемделгіш. Мысалы, заузаның кейбір түрлері ылғалдылығы 1% ұнда дамып, көбейе алады.
Астықтың кейбір партияларында, жоғарыда айтып өткендей, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және кенелер де кездесіп отырады. Сондықтан бұларды да астық жиымының қосымша құрама бөлігі деп қарап, уақтылы, дер кезінде тиісті шараларды қолданып отыру керек екендігін естен шығармаған жөн. Астықты шығынсыз сақтау мүмкіншілігі оның табиғаты, тегі бойынша әртүрлі заттардан, тірі организмдерден тұратындығына тікелей байланысты екендігін әруақытта есте ұстаған дұрыс.
Астық қабылдау кәсіпорындарына дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштерімен іріктеліп, шоғырландырылып партия-партия болып келіп түсіп отырады. [12,14]
Астық қабылдау, орналастыру мен сақтаудың технологиялық негіздері. Мемлекетке өткізетін астықты қабылдау және оны сақтап баптау астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Әрине, астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті тек астық қабылдауды ұйымдастырумен тынбайды. Олар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, астық қорын қысқа мерзім ішінде өңдеп дәнді ұзақ сақтауға, одан тұтынушылардың талабына сай өнімдер шығаруға жарайтын күйге келтіріледі.
Сондықтан әрбір астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруда өндірістік технологиялық лабораторияның (ӨТЛ) маңызы орасан зор. Лаборатроия керекті жабдықтармен және жоғары дәрежелі инженер, техник мамандарымен толық қамтамасыз етілуі керек.
Астық қабылдау кәсіпорындарында осындай қауырт жұмысты табысты орындау үшін оны нақты ұйымдастыру мен қатар кәсіпорынның нақты мүмкіндік негізінде жасалған дәнді қабылдап, қоймаларға орналастырудың жақсы ойластырылған жоспары да болуы тиіс. Бұл жоспар әр кәсіпорында дайындау жұмысы басталғанға дейін жасалып, оны директор мен жоғарғы ұйым бекітуі керек.
Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру - технологиялық сапасы бойынша да, экономикалық көрсеткіштері бойынша да дәнді сақтаудың ең маңызды шарасы. Жоспардың жасалуы және оның орындалуы дәннің сақталуына келесі тиетін қателіктрді болдырмауға, астықты толассыз қабылдауға, көп күш жұмсамай-ақ ірі біркелкі партияларды қалыптастыруға қойма сыймдылықтарын пайдалану коэффициентін арттыруға, дәннің сапа және мөлшері жағынан ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Осыеның бәрі сақтау кезіндегі шығынды кемітіп, дәнді халық шаруашылығында орнымен пайдалануды қамтамасыз етеді.
Астық қабылдау кәсіпорнына келіп түсетін астық әрбір партиясының санын, салмағын, сапасын тексеріп анықтап барып қабылдайды. Келіп түскен астыққа қабылдау квитанциясы делінетін құжат дайындайды.
Астықты қабылдау кәсіпорындарында өңдеу. Қабылдау кәсіпорындарындарының соңғы жылдардағы техникалық қаралуының өсуі астықты тапсырып, қабылдаудың технологиялық және экономикалық тімді жүйелерін енгізуге мүмкіндік тудырады. 6-сурет
Астықты дер кезінде өңдеудің нәтижесінде кейбір партиялардың кәсіпорын төңірегінде яғни ішінде жылжытып, қозғап тасымалдауды азайтады, дәннің сақтауға төзімділігін арттырады, қоймаларды тиімді пайдалану мүмкіндігі туады.
Астықты толассыз өңдеуді іске асыру үшін бір-бірімен бір жүйелікпен жинаушы щанақтармен және көтергіш транспорт механизмдері арқылы байланыстырылған машина кешендеріне тұратын технологиялық желілер жасалынады. Астықты қабылдау және өңдеу желілері жалпы мынадай операцияларды, шараларды қамтиды: сынама шөкім алып, келіп түсіп жатқан астыұтың сапасын анықтау; автомобиль таразыларында астықтың салмағын өлшеу; астықты түсіру; дәннің технологиялық құндылығы және сапа көрсеткіштері бойынша партиялар жасау; астықты дөрекі қоспалардан және жарамсыз қалдықтардан бірінші кезек тазарту; кептіру, астықты құрғақ күйінде құнды дәнді қалдықтарын, қоспаларын бөле, айыра отырып екінші кезек тазарту; қалған астықты таразыға тарту және қоймаға салып орналастыру.
Астықты бірінші тазарту. Бұл шара ең алдымен астықтың жиымынан минералды және органикалық текті ірі, дөрекі қоспаларды бөлуді қамтамасыз етеді.Бірінші тазалауды астық үйіндісін тазартқышты (қопсымадағы таза дәнді бөлектеп ажырататын машина)қолданады. Мұның нәтижесінде астық жиымын ойдағыдай кептіру үшін дәннің өте керекті қасиеттерінің бірі оның сусымалдылығы артады.
Кептіруге қойылатын талап астықтың бастапқы технологиялық қасиетін және тұқымдық құндылығын төмендетпей құрғақ күйінде тұтынушыға жеткізу.
Астықты екінші тазарту. Бұл шара астықты өңдейтін мекмелердің талабына сәйкес кондицияға дейінгі тазарту және қоймаларды одан әрі сақтауды жақсарту. Бұдан басқа, астық қалдықтары мен қоспаларын құрғақ күйінде алу, оларды бүліндірмей сақтауда қамтамасыз етеді.Екінші тазартуды сұрыптағыш (сеператор, триер) және басқа да түрлі дән тазалағыш қондырғыларды қолданып жүзеге асырады. Сақтауға салар алдында астықтың дән салмағын, өңдеуден өткен соң міндетті түрде таразыға тартып өткізу керек.
Әрбір технологиялы желі белгілі бір өнімділікпен сипатталады, бірақ қабылдау орнына нақтылы келіп түсетін астықтың мөлшері тәуліктің әр сағаты сайын орта өнімділіктен ауытқып отырады.
Технологиялық желі дегеніміз - тұрақты не уақытша, жан-жақты не арнаулы болып, элеваторлар және қабылдау-тазарту, кептіру-тазарту мұнараларының негізінде құрылады. Астықты қабылдау және өңдеу үшін элеваторлар негізінде құрылған технологиялық желілер икемді және бейімді болады және істелетін барлық жұмыс толық механикаландырылған.
Астық сақтау тәсілдері. Астықты негізгі сақтау тәсілі қоймаларды үйіндіүйме күйінде сақтау. Бұл тәсілдің қойманың сиымдылығын тиімді пайдалану,астық өндеуді механикаландыру,астық қорының зияткестерімен күресуді ұйымдастыру,дәннің сапасын бақылау сияқты жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мүмкіндігі мол.
Қаптар сақтау тәсілі, тұқымдық және басқа арнаулы дәндердің түрлерін қаптап,жекелеп сақтау үшін тиімді.Астық сақтаудың негізгі үш тәртібі қолданылады:1құрғақ күйде;2салқындатылған күйде;3ауасыз ортада.Сақталып жатқан астықтың сапасын арттыруға мүмкіншілік тудыратын басқа да әртүрлі технологиялық процестер де қолданылады.Оларға жататындар кептіру,қоспалардан тазарту,желдету,зиянкестерден қорғау,консервілеу және т.б.
Дәнді құрғақ күйде сақтау.Дәнді құрғақ күйде сақтау астықтың көптеген бөліктеріндегі ылғалдың жеткіліксіздігінен физиологиялық құбылыстардың төмен, баяу деңгейде жүретіндігіне негізделген.Ылғалдығы 12-14 шекті деңгейден 1,5-2 төмен зиянкестермен зақымданбағын астықтұқымдастар дәні мен бұршақтұқымдастар тұқымы дұрыс сақталғанжағдайдаанабиоз күйінде жатады.Ылғалдығы шекті деңгей шамасындағы астықтың төзімділігі ондағы физиологиялық процестердің іс жүзіндегі мәні шамалы, әлсіз тыныс алу түрінде ғана болатындағымен түсіндіріледі.Мұндай астықтағы ылғалдық дән заттарымен тығыз байланысты және оған микроорганизмдер мен зиянкестердің көбінің шамасы жетпейді.
Астықты құрғақ күйде сақтау-тұқымдық дәндер үшін негізгі тәсіл.Құрғақ дән қашық жерлерге теміржол жане су транспортымен тасымалдауға жарамды.Ұзақ мерзім сақтау үшін де сапалы құрғақ дән қойылады.Әтсе де,ылғалдығы 12-14 дән элеваторларға тек ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмен немесе орақ кезінде ауа райы құрғақ болып тұрған аудандардан ғана түседі,басқа аудандарда орақ маусымындағы ауа райы жағдайының ерекшеліктеріне байланысты дәнінің көп бөліғі ылғал және балаусакүйінде қабылданады.Сондықтан,басты міндет ондай дәнді аман сақтап,бұзылудан қорғау болуға тиіс.Осыған байланысты астықты сақтауға салар алдында дәннің ылғалдығы қажетті деңгейге дейін төмендету үшін оны кептірудін әртүрлі тәсілдері кеңінен колданылады. [15]
Дәнді салқын күйде сақтау. Дәнді салқын күйде сақтау тәртібі төмен температурада негізгі дақыл дәнінің, арамшөптер тұқымының, микроорганизмдердің ,жәндіктердің тіршілігі қүрт төмендер кететініне немесе тіпті тоқтап қалатынына негізделген.Астықтын жылу өткізгіштігінің төмендігі арқасында оның салқындатылған күйін элеваторларда сақтағанда бір жылға деін, қоймаларда алты айдан астам уақыт бойы сол күйде ұстап тұруға болады. Әр-түрлі күйдегі астықты дер кезінде және табиғи түрде дұрыс салқындату оның бүкіл сақтау мерзімі бойы бұзылмауын қамтамасыз өтеді. Сақтаудың бұл тәртібі жер шарының әртүрлі елдерінде, әсіресе, табиғи салқындықты пайдалану мүмкіндігі бар жердің бәрінде кеңінен қолданылады.
Астыққа 5-10◦С шамасындағы температура қолайды. Сондықтан біздің еліміздің көп бөлігінде астықты ауамен желдетуді және тәуліктік температура ауысуын пайдалана отырып,дәнді салдын күйде сақтауға жағдай жасауға болады. Салқындатуда элеватор қораптарында ылғалды,балауса,орып жиналған астықты кептіргенге дейін уақытша ғана сақтау үшіп пайдаланады.
Астықты желдетіп салқындату оның сақтауға тезімділігін арттырады жәнеылғалдығы мен сыртқа ауа температурасының белгілі бір үйлесімі кезінде дән сапасына нұқсан келтірмейді.Астықтынылғалдығы мен температурасын үйлестіре отырып дәннің сақтау мерзімін анықтауға болоды.Негізі ауаның температурасы неғұрлым төмен болса, солғұрлым дәннің сақтау мерзімі де ұзақ
Астық дайындау жүйесіндегі кәсіпорындар үшін үймедегі дәннің температурасы 10◦С болса,ол салқындатылған болып табылады.Бүкіл үйме температурасы 00 с тан 10◦С аралығында болса, ол бірінші дәрежеде , ал 0 с-тан төмен болса екінші дәрежеде салқындатылған болып саналады.
Дәнді 0◦С-қа дейін одан сәл төмендеу салқындату оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Одан әрі салқындатумұздату технологиялық әрі экономикалық тиімділікті төмендетуге әкеп соғуы мнмкін; өйткені,бұл ылғандылығы жоғары дәннің өнгіштігін-10-20◦С температура кезінде-ақ күрт азайтып жіберуі мүмкін.
Оның үстіне шамадан тыс салқындату қыстан көктемгі-жазға жағдайға көшу кезіндегі үйме температурасының күрт өзгеруінен пайда болатын астықтың үстіңгі қабатынаң қызуына тосқауыл бола алмайды.
Сөйтіп,салқындатуды кеңінен қолдану-дән сақталуын қамтамасыз өтетін қажетті шара. Ауа райы суысымен сақтауға қойылған дән оның қанша уақыт сақталатынына қарамастан салқындатылуы қажет.
Біздің елімізде дән негізінен суық атмосфералық ауамен салқындатылады . Суықты қолдан жасау амалы да қолданыла бастады.Астықты атмосфералық ауамен салқындатудың екі түрлі тәсілі бар пассивті және активті.
Пассивті салқындату.Ауа температурасы дән температурасынан төмен болғанда бүкіл дән партиясына пассивті салқындату қолданылады, бұл кәдімгі табиғи ауа тартып шығару арқылы қойманы желдету жолымен жүзеге асырылады.Пассивті салқындатудың артықшылығы-бұл өдіс оңай,дәнді аудастырудың қажеті болмайды, қосымша шығын да керек өтпейді.Алайда, ол әрдайым бірдей тиімді бола бермейді. Атмосфералық ауа мен астықтың араласуы,беттесуі шектеулілігіне байланыстыдәннің салқындауы үйменің үстіңгі бетінен,жағынан басталады,сондай - ақ жылу және температура өткізгіштігінің нашарлығынан, әсіресе,дәннің төменгі қабаттары тым баяу салқындайды.
Пассивті салқындатуды қурғақ және орташа қурғақ дән үшін ғана қолдану тиімді.Ылғалдылығы да, температурасы да біршама жоғары,қабат қолындағы 1 м астықты баяу салқындату қызу қаупіне тосқауыл бола алмайды. Іс жүзінде мұны есте ұстаған дұрыс.
Активті салқындату.Бұған дәнді аударыстыру,нориалар,дән тазалағыш машиналар,кептіргіштер,транспортер арқылы өткізу және активті желдету жатады. [16]
Дәнді аударыстыру жолымен салқындату қарапайым және артықшылығынан гөрі кемшілігі басым машақатты жұмыс.Технологиялық тиімділігінің шамалы және еңбекті көп қажет ететіндігіне байланысты мұны астықтың тиімді салқындату тәсілі ретінде ұсынуға болмайды.Ол дәнді салқындатудың жетілдірілген және экономикалық жағынан тиімді басқа құралы болмаған жағдайда ғана қолданылатын амал. Дән сондай-ақ транспортер, дән тазалағыш машина және кептіргіштер арқылы өткізуден де салкындайды.Неғұрлым жоғары тиімділік дәннің жүретін жолын ұзартусалқындау ұзақтығы арқылы және ауа мен дән температурасы арасындағы айырмы үлкен болған жағдайда алынады. Салқындатудың бұл тәсілі астық қоймаларды, элеваторларда сақталғанда және суықауаның қоймаға неғұрлым көп енгізілуі қамтамасыз етілетін жағдайда қолданылады. Актівті желдету астықты салқындатудың неғұрлым жетілдірілген және экономикалық жағынан тиімді тәсілі болып есептеледі.
Дәнді ауасыз ортада сақтау. Дәнді ауасыз ортада сақтау ондағы барлық тірі организмдердің оттегін тұтынатынына, пайдаланатынына негізделген.Дән арасындағы ауада оның болмауы дәннің тыныс алу қарқынын төмендетеді.Мұндай жағдайда астықтағы микроорганизмдердің көбі тіршілігін тоқтатады.Жәндіктер мен кенелер дамымайды, дән мен арамшөптер тұқымы анаэробты тыныс алуға көшеді.
Ылғалдылығы төмен немесе шекті мөлшер шамасындағы дән ауасыз ортада сақтағанда ұндық ,нандық,азықтықжәне жемдік қасиетін сақтайды. Анаэробты сақтау ылғалдылығы шектіи мөлшерден жөғары дәннің сапасын нашарлатадыжылтырлығынан айрылады,қоңыраяды,спирт иісі шығады,майдың қышқылдық санытады.Бірақ,нандық және жемдік қасиеті сақталады.Ауасыз сақтаудан болатын бір жай-дәннің өнгіштігі жойылады.Сондықтан,мұндай өдіс себуге арналған дән үшін ұсынылмайды.
Ауасыз сақтау былайша жузеге асырылады,өздігінен консервіленудәннің тынысалуынан табиғи жолмен көмір қышқыл газымең көбейіп,оттегінің азаюы,дән аралығына ауаны ығыстырып шығаратын газ жіберу, ауаны сорып алу.Ең оңай, арзан және кең тараған өдіс-дәннің өздігінен көнсервіленуі. Ауасыз сақтау үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz