Тәжікстандағы Ислам терроризмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Экстремизм мен терроризм мен күресу әдістері. Халықаралық ынтамақтық

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

1- ТАРАУ. ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ АНЫҚТАМАСЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Терроризмнің анықтамасы және мәні

1. 2. Халықаралық террористік және экстремистік топтар және негізгі түрлері

1. 3. Терроризмге қарсы күрестің құқықтық негізі

2-ТАРАУ. ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

2. 1. Аймақтық және әлемдік экстремизммен күрес

2. 2. Халықаралық терроризммен күресудегі халықаралық ынтымақтастық және күрес практикасы

3- ТАРАУ. ҚР-ДАҒЫ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУ

3. 1. Қылмыстық істер бойынша құқықтық ынтымақтастық туралы ҚР-ң қол қойылған шарттары мен терроризммен күресу туралы заңы

3. 2. Интерполдың ҚР-да қызметі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі өзіміздің ақиқатымызбен баяндалған. Терроризм өзінің пайда болу түрлерінде ауқымы жағынан ең қауіптілердің біріне айналды, қоғамдық-саяси және моральдық мәселлердің алдын ала айтып болмайтын зардаптарымен адамзат ХХІ-ғасырға аяқ басты. Терроризм әлі де болса көптеген елдер мен азаматтарға қауіп төндіруде, үлкен саяси, экономикалық және моральдық шығындарға ұшыратуда, бұқара халыққа қатты психологиялық қысым жасауда, қаншама жазықсыз адамдардың өмірін алып кетуде.

Терроризм қазірдің өзінде халықаралық жаппай сипатқа ие. Жақын уақыттармен салыстыра қарағанда терроризм жергілікті құбылысқа айналды. ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары ол жаппай құбылысқа айналып үлгірді. Терроризмінің жаппай ауқымын кеңге жаюы - бұл адамзаттың бүгіндері бетпе-бет кездесіп отырған даусыз жайт.

Терроризмнің пайда болуы көптеген адамды құрбан етеді, ғасырлар бойы қайта қалпына келтіру мүмкін емесе рухани, материалдық құндылықтарды жояды. Ол әлеуметтік және ұлттық топтардың арасында бір бірін жек көрушілік және сенімсіздік тудырады. Террорлық әрекеттер олармен күресетін халықаралық жүйені құру қажеттілігіне алып келді. Көптген адамдар, топтар, ұйымдар үшін терроризмді мынадай мәселелерді шешудің тәсіліне айналды: саяси, діни, ұлттық. Терроризм ешқандай да дау-дамайға қатысы жоқ, кінәсіз адамдардың құрбан болу ықтималық қылмыстық күш көрсету түріне жатады. Қазіргі терроризмнің пайда болуының ауқымы мен қаталдығы, олармен бәрінен бұрын құқықтық әдістемелермен үздіксіз күрес жүргізу осы алынған тақыраптың өзектілігін нақтылайды.

2001 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында және осы күнге дейін бүкіл әлемде болып жатқан трагедиялық оқиғаларға қарап халықаралық қоғамдастықтың басты міндеті болып тұр. Терроризмнің түрлерін және алғышарттарын зерттеп болашақта біздің мемлекеттімізде осындай қылмысқа жол бермеуге мүмкіншілік береді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты- терроризмнің нақты және оның түсініктемесінің мазмұнын ашып көрсетіп, терроризмге қарсы халықаралық-құқықтық және ішкі мемлекеттік әдістерін жан-жақты зерттеу. Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай келесі міндеттер қойылған:

  • Халықаралық аренада терроризмнің қалыптасқан жағдайын жан-жақты қарастыру;
  • «Терроризм» анықтамасының негізгі элементтеріне сипаттама беру;
  • Терроризмге қарсы бекітілген халықаралық - құқықтық доктриналарды зерттеу;
  • Ішкі мемлекеттік механизмге қатысты ҚР-ның терроризмге қарсы туралы заңнамаларын жан-жақты зерттеу;
  • Терроризмге қарсы күреспен айналысатын ҚР-ның мемлекеттік органдарының қызметіне сипаттама беру;
  • Интерполдың ҚР-да қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;

Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың объектісі халықаралық терроризмнің түсінігі, түрлері және күресу жолдары болып табылады.

Зерттеу пәні. Дипломдық жұмыстың пәні болып халықаралық терроризмнің ұғымының анықтаумен байланысты халықаралық және ішкі мемлекеттік тұрғыдан күресу механизмдерін анықтау саласындағы қатынастар табылады.

Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын орындау барысында тарихи шолу, салыстырмалы- құқықтық талдау, сараптама және синтез сияқты әдістер қолданылады.

Қорғауға шығарылатын ережелер.

  1. Халықаралық тәжірибеде қалыптасқан халықаралық-құқықтық құжаттарда терроризмге қатысты әртүрлі анықтамалар бекітілгендіктен, терроризм ұғымына қатысты нақты анықтама беру қажет.
  2. Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының терроризммен күрес туралы заңы арақатынасты зерттеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен терроризммен күрес саласында жүзеге асырылып жатқан әрекеттерін қарастырып оларға баға беру.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Дүниежүзілік тарихта терроризм мәселесі ғасырлар бойында бет алған. Әр түрлі мемлекеттердің өзінің сыртқы және ішкі саясатына жүзеге асыру барысында ішкі даулар орын алған болатын. Кей кезде осы даулар террористік актілерді жүзеге асыру мен мемлекеттің саясатына зор әсерін тигізген.

Қазіргі таңда алып мемлекеттердің саясатына қарсы көптеген террористік топтар өзінің қарсылығын білдіреді. Терроризм мәселесі тек қана мемлекеттердің ішкі мәселесі болмай халықаралық қауымдастықтың ауыр мәселесіне айналды.

Жоғарыда айтылған мәселені зерттеу үшін осы жұмыстың авторы келесі ғалымдардың еңбектерін зерттеп қолданды. Осы мәселені зерттеген белгілі ғалымдардың ішінен Антонян Ю. М. “Терроризм” атты еңбегінде терроризм мәселесіне тарихи шолу жасалынған. “Международное уголовное право в документах” Кудайбергенов М. Б., “Международное сотрудничество в борьбе с преступностью” Султан К., “Организация Объединенных Наций и сотрудничество государств международной борьбе с терроризмом” Абаков М. М., Шестоков С. В. еңбектерінде халықаралық терроризммен күрес барысында мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы жазылған. Бұл авторлар терроризм мәселесіне тарихи зерттеу жүргізіп, сонымен қатар қазіргі таңдағы терроризм мәселесіне сипаттама берген.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы.

Дипломдық жұмыста қарастырылған көзқарастар мен ақпараттарды халықаралық терроризм курсы бойынша жоғарғы оқу орындарында дәріс оқыған кезде пайдалануға болады деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл жұмыс терроризмен куресу мәселесімен тәжірибе жүзінде айналысып жүрген мамандар үшін пайдалы болатыны туралы айтуға болады.

I ТАРАУ. ТЕРРОРИЗМНІҢ АНЫҚТАМАСЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1. Терроризмнің анықтамасы және мәні

Терроризм (латынның terror- қорқыту, қорқыныш сөзінен шыққан) - күштеу, террорлық әректер жолымен қандай да бір мақсатқа жетуге бағытталған жекелеген тұлғалар мен ұйымдардың әрекеттері болып табылатын халықаралық қылмыс болып табылады.

Қазіргі терроризмнің ұйымдасқан қылмыстық белгілері бар. Айтылған нәрселер террорлық ұйымдарды құқықтық зардаптары жағынан ұйымдық және олардың мүшелерінің зиянды екіндігін мойындатуға мүмкіндік береді. Қазіргі қылмыстық заңдарға, сондай-ақ халықаралық тәжірбиеге сүйене отырып террористерге қарсы ұлтшылдық әскери қылмыстар тұрғысанан пайдаланылған қатысушлардың жауапкершілігі туралы ережелерді мақсатты түрде қолдану. Бұл дегеніміз -террористік ұйымға немесе топқа қатысатын әрбір адам ұйымның барлық жасаған әрекеттерін мойнына алады деген сөз. Егер де террористер өз елінің шеңберінен шықпаса, онда жауапкершілік ұлттық заңдылық ережелері бойынша жүргізіледі. Терроризм туралы істерді қарастырған кезде тек қана нақты әрекеттерге дем берушілер, қолдаушылар, ұйымдастырушылар туралы мәселелелерді ғана емес, сондай-ақ террорлық ұйымдардың құрылу мәселелерін де қарастырған жөн, бұл мемлекетке қарсы саяси, экономикалық, дипломатиялық санкцияларды болуы ықтималл қолдану тұрғысынан халықаралық ауқымда терроризммен күрес бағыттары үшін ерекше маңызды болып табылады.

Субъективті сипаты жағынан терроризм - бұл әрдайым да ойланып жасалған қылмыс. Осымен қоса террористің ойы қаскүнемділік болып табылады. Егер өлтіру жағдайында екі жақты болса - қылмыскер және оның құрбаны, ал терроризмі әрекетінде үшінші жағы да бар - үкімет органдары немесе қоғам, бұларды террорлық ұйымдар немесе террорист тартады.

Террористің құрбаны оны қызықтырмауы мүмкін ол мақсат емес, ол тек амал ғана. Олардың әрекеттері өздерінің мақсаттарына (саяси, жеке басының және т. б. ) қоғамдық назарды өздеріне аударту, халық пен үкім өкілдерін қорқыту, өздерінің саяси, діни неме өзге де көзқарастары арқылы жетуге бағытталған. Осымен қоса құрбан болатын адамдарға немқұрайлылық пайда болуда, бұл қатты жауыздыққа, күнәсіз адамдардың жаппай сипатына, кездейсоқ адамдардың өліміне әкеліп соғады.

Терроризмнің себептері - бұл тек қана күш көрсету, олжау жинау, кек қайтар және т. б. ғана емес. Бүгіндері терроризм айтарлықтай деңгейде саяси ұғымға айналды және терактілер жасаудың себептері де айтарлықтай деңгейде саяси және жинқы қалыпқа айналды. Әрине, терроршылардың арасында қылмыскерлер де бар, олар үшін саяси талаптар қою тек бет перде ғана, болмаса олар саясаткерлердің, діни ұйымдардың қолындағы қаруы болып табылады. Осындай қылмыскерлердің бірі aгда, оны Рим папасының өміріне сатпы алған, Терроршылардың жауапкершілігін азайту және малықаралықтан қылмысты шығару жағдаларында саяси терроризм саяси қылмыстан әдеттегі қылмысқа айналады.

Терроризм - бұл үкіметті (қоғамды, мемлекетті) заңға қарсы күштердің қойған талаптарына шешім қабылдауға мәжбүре ету мақсатында алдын ала ойластырылған және дайындалған заңға қарсы күш қолдану немесе жеке немесе оның мүлкі тұрғысанан осындай әрекеттің ықтималдылығы болып табылады.

Терроризм дәстүрлі қылмыстардың қатарына жатады, бұл оны талқылауға ең бастысы келісілкен бағамдар мен олармен күрес әрекеттері үшін халықаралық-құқықтақ біркелкі ұғымдарды жасауға біркелкі тәсілді қажет етеді.

Терроризм халықаралық қылмыс түрі ретінде әртүрлі талқылауларды тудырады. Ол саяси, болмаса әдеттегі қылмыс ретінде қарастырылады. Бүгіндері әлемнің заңгерлерінің арасында мәселенің мәні бойынша үлкен түсіністік пайда болды. Терроризмнің көптеген мәселелері бойынша құбылыс ретінде де халықаралық қылмыс ретінде де - белгілі бір бірлікке қол жеткізілді, бұл терроризмінің адамзатқа төндіріп тұрған қаупінің тұрғысынан алып қарағанда өте маңызды болып табылады.

Саяси жағынан мемлекеттік терроризм деген ұғым жие ұшырасады. АҚШ-тің Гренадқа, Ирактың Кувейтке, Израйлдың Ливанға қарсы әрекеттері осылайша сипатталған болатын1.

Көбінесе саяси сипаттар заң мамандығымен сәйкес келмейтін жағдайларға кездесіп қалып отырамыз. Саясат қылмысты, террорлық болуы мүмкін, бірақ бұл қылмыстың нақты құрамын қалыптастыру үшін негізі болып табылмайды. Аз ұлттарға қысым көрсету моралдық және саяси тұрғыдан террорлық деп сипатталуы мүмкін. Ұлыбританияда терроризмді Солтүстік Ирландяиның күш қолдану және өзге рұқсат етілмеген әрекеттерімен байланыстырады, ал Израилде терроризм Палестина Азаттық Ұйымының әрекеті болып есептелінеді және т. б.

Егер де осы әрекеттер заңда немесе келісім шарттар терроризм ретінде қарастырылмаған болса, онда жауапкершілікті мойнына алатын қылмыстың құрамы да болмайды. Яғни дәл құқықтық сипат қажет. Бір мемлекеттің әскери күшін аймақты жаулап алу мақсатында екінші бір мемлекетке қолдану - бұл басқаншылы, мұнда да терроризмнің орны мен бөлшектері болуы мүмкін.

Тұтастай адам топтарын, тұрғын үйлерді жойып жіберетін қылмыскерлердің әрекеттері терроризм ретінде тек осындай әрекеттерді мемлекет немесе ресми ұйымдар емес, террорлық ұйымдар немесе жекелеген тұлғалар жасаса терроризм деп саналады. Дегенмен бұл нақтыламаны тек белгілі бір келісіммен, жоғарыда келтірілген мемлекеттік терроризм ұғымын ескере отырып қабылдауға болады. Осы жағынан чешен жауынгерлерінің республиканың басшылығының деңгейінде рұқсат етілген әрекеттері және жекелеген дала командирлерінің бастамасы бойынша терроризм ретінде сыныптауға болады.

Терроризмнің моральдық-психологиялық жағы олардың жауыздығы, жоғарғы деңгейдегі әдепсіздігі, амалдарға, басқаруға деген сауатсыздықтарын көрсетеді. Терроризм адамның негізгі құқығын жоққа шығарады - өмірін алады, орынды, уаықтты, шабуыл жасау тәсілдерін таңдаған кезде кез-келген шектеулерді жоққа шығарады. Осыған қоса құрбан болатын тұлғаның жасы, жынысы және өзге ерекшеліктері ескерілмейді. Шабуыл жасау нысандары балалар, әйелдер, қарттар, аурухана, мектеп, әйелдер босанатын емханалар, балаларға арналған мекемелер, тұрғын үйлер болуы мүмкін. Ең бастысы - қорқыныш ұялататын әсерлер туғызу, психологиялық қысым көрсету, өзі туралы мәлімдеу және осы арқылы алған қойған мақсаттарына жету.

Терроризмен күрес шараларының жүйесі жасау үшін біздің еліміздің аймағында оның жайылуына мүмкіндік беретін жайттарды есепке алудың да маңызы бар. Әрекет етудің өзіндік көзі мен сипаты бойынша бұл жайттар сыртқы және ішкі, сондай-ақ объективті және субъективті болып бөлінуі мүмкін.

Терроризмнің жайылуына әсер ететін сыртқы жайттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- таяу және алыс шетелдердегі террорлық құбылыстардың артуы;

- шектес жатқан мемлекеттердегі әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақсыздық;

- олардың кей біреулерінде қарулы қақтығыстардың, сондай-ақ бір біріне деген аймақтық шағымдарының бар болуы;

- бірқатар шетелдік арнайы қызметтерді және халықаралық террорлық ұйымдардың стратегиялық қойылымдары;

- Қазақстанға кіріп-шығуға және оның шекерасының сақталып тұрған «анықтылығына» деген сенімді бақылаудың жоқтығы;

- шектес жатқан бірқатар мемлекеттерде қарудың «қара нарқының» болуы. 2

Терроризмнің ішкі жайттарына мыналар жатады:

- елдегі заңсыз қару «нарығының» бар болуы және оны алудың оңай болуы;

- әкімшілік-бақылау құқықтық тәртіптердің босаңсып кетуі немесе олардың болмауы;

- қылмыс ортасының жаппай болуы және иерархиялығы;

- идеологиялық және рухани өмірлік бағыттардың көптеген адамдарын жоғалту;

- әлеуметтік қатты наразы болуы, азаматтардың көп бөлігенің қорғалмауы;

- жабығы және әлеуметтік қаталдану, қоғамдық фрустрация, үкімет пен заң беделінің түсіп кетуі және дұрыс өзгерістердің қабілеті мен мүмкіндігіне деген сенімдер;

- азаматтарды қоғар жөніндегі құқық қорға және әлеуметтік-мемлекеттік органдардың нашар жұмыстары;

- қоғамдағы саяси мәдениеттің төменгі деңгей;

- қаталдық пен күшті дәріптеу (кино, теледидар, баспасөз, әдебиет) 3.

Жоғарыда айтылғандардан басқа мемлекеттік органдар өздерінің күштерін террорлық бағыттардың алдын алуға жұмылдырулары қажет. Террорлық ұйымдардың қалыптасуының қуатты алғы шарттарын әзірлеп шығарулары тиіс. Шекараларды күшейту, шетелдік ұйымдарға бақылауды арттыру қажет, бұлардың бәрі де үшінші елден экстремизмнің көшуінің алдын алу үшін қажет. Белсенді жастар саясатты, жұмыссыздықтардың санын азайтуға бағытталған шаралар жән ежетілген әлеуметтік-экономикалық мәселелері қоғамдағы әлеуметтік келеңсіздіктерді азайтуға бейімділік танытуы тиіс.

1. 2. Халықаралық терроризмнің негізгі түрлері

Әлем мен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың негізгі түрлері Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық әскер трибуналдарының жарғыларымен анықталған. Олардың жалпы мәні 1946ж және 1947 жылдардағы Бас Ассамблеяның арнайы шешімдерімен бекітілген болатын. Қылмыстың бірінші тобына әлемге қарсы қылмыс жатады. Оларға мыналар жатады: жоспарлау, дайындалу, шиеленістіру немесе басқыншылық соғыстарын халықаралық келісім-шарттарды немесе бекітілген құжаттарды бұза отырып жүргізіу, жалпы тұрғыдан алып қарағанда осындай әрекеттердің -кез-келген түрін жүзеге асыруға бағытталған қастандықтар жатады.

Екінші топқа әскер қылмыстар, яғни соғыс заңдары мен ережлерін бұзулар жатады. Әскери тұтқындарды немесе теңіздегі адамдарды өлтіру немесе қорлау; кепілдіктердегі адамдарды өлтір; қоғамдық немесе жеке меншік мүліктерді тонау; ауылдар мен қалаларды ешқандай да мақсатсыз талқандау, ақталмайтын әскери қажеттіліктер мен осыған ұқсас әрекеттер. Трибуналдық Югославияға арналған Жарғысы осы тізідім толықтырып нақтылайды, оған биологиялық сынақтар, әркери тұтқындар мен азаматтарды жаудың қарулы күштерінде қызмет етуге мәжбүрлеу қосылады; азаматтарды кепілдікке алу және әскери тұтқынды немесе азаматтық тұлғаның қалыпты теңіз өндірісіне деген құқықтарынан айыру. Мұның барлығы да 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорға туралы Женева конвенциясынан алынды. Сыйынатын жерлерді, қайырымдылық, оқу орындарын біле тұра бұзуға, тарихи ескерткіштерге, көркемдік және ғылыми шығармаларды талқандауға тыйым салынады.

Үшінші топқа адамзатқа қарсы қылмыс жатады, олар: адам өлтіру, жою, құлдыққа айналдыру, жер айдау және саяси, нәсілдік немесе діни қалыптарына қарап оларға зорлық-зомбылық көрсету. Тізім Югославия мен Руандаға арналға трибуналдардың жарғыларымен толықтырылған, оларға түрмеге қамау, зорлау, сондай-ақ терроризм жатады.

Айтылған нәрселерді барлығы да 1977 ж Еуропа Кеңесі қабылдаған терроризммен күрес жөніндегі Еуропа Конвенциясымен бекітілген. 4 Тізім гаранат, бома, зымыран, автоматты қаруларды, және де қауіпті құралдарды пайдалауға байланысты құқық бұзушылықпен толықтырылған. Мұның бәрі де кездейсоқ жайт емес. Терроризм күн өткен сайын қауіпті де кең етек алып бара жатқан құбылысқа айналуды. Сондықтан да оным күрестегі ынтымақтастық өзекті болып табылады. Еуропалық конвенция осы қылмыстың түрлері туралы өз пікірін ұсынады. Ол қылмыс ретінде террористік әрекеттерді жасау әрекетін немесе осындай қылмысты жасайтын немесе жасауға әрекет жасаған тұлғаның сыбайласы ретінде көрсетеді. Көптеген жағдайларда терроризм саяси күш болып табылады. Сондықтан да Еуропалық конвенцияда осындай қылмыстың ешқайсысы да саяси тұрғыдан қарастырылмайды деп келісілген болатын. Басқаша сөзбен айтқанда террорды саяси мақсатта пайдалану барлық жағдайларда да қылмыс болып табылады. Айтылған нәрселерден басқа да конвенциялық қылмыстар да бар. ионных преступлений. Оларға мыналар жатады: құлмен сауда-саттық және құлдыққа айналдыру; адаммен сауда және жезөкшелікті үшінші тұлғалар арқылы жүзеге асыру; әдепсіз жарнамаларды және баспаларды дайындап сатуға шығару; ақшаларды қолдан жасау; есірткілермен заңсыз сауда-саттық жасау; мәдени құндылықтарға деген жеке меншік құқығын заңсыз енгізу, шығару және беру. Аймақтық деңгейде өзге де конвенциялық қылмыстар белгіленуде. Парақорлықтың кең етек алып кетуіне байланысты 1996 жылы Латын Америкасы үкіметтік бизнесті жоюдаға ынтымақтастық туралы конвенцияға қол қойды5. Мемлекет пен халықаралық қауымдастық үшін қауіп нәрсе соңғы жылдары халықаралық терроризм болып келеді.

Кез келген террористік әрекет үш бөлшекке ие екендігін білу қажет:

Терроршыны, оның құрбанын (шабуыл жасау нысаны), сондай-ақ әсер етудің нысаны болып табылатын тұлғалар. Террорлық әрекеттердің басты мақсаттарының бірі осы қылмыстың әрекеттің тікелей құрбаны болып табылмайтын жеке тұлғаларға пихологиялық әсері болып табылады.

Қорқыныш ұялату - терроризмнің барлық түрлерінің қажетті бөлшегі болып табылады. Көптеген жағдайларда терроризмнің әрекеті болып есептелінеді, егер де ол саяс мақсатта жүзеге асатын болса (халықаралық қатынастардың күрделенуі, мемлекеттік тәртіптің тұрақсыздануы, ішкі және сыртқы скаясатқа әсері және т. б. )

Дегенмен бүгінгі күннің талабы қарастырылп отырған мәселені толықтай бағалауға айтарлықтай түзетулер енгізуді қажет етеді. Қазіргі кезде террористік әрекеттер ретінде нысандарды қару қолдану арқылы басып алу болып табылады - мейлі ол саяси талаптар қойылсын қойылмасын немесе қылмыстық сипатта болсын болмасын оған байланысты емес.

Қорғалу нысанындағы терроризмі - бұл оның қызметіне заңсыз араласу, саяси және қылмыстық негізде тұлғаларды жоюға бағытталған, әлдекімнің жеке мүлігін құрту, жағдайды тұрақсыздандыру, үкіметті, әлеуметтік топты, жекелеген адамдарды қорқыту, әрі осындай әрекеттер арқылы материалдық пайда табу немесе заңға қарсы көшіп-қону болып табылады. Мұндай әрекеттер қорғалатын ныстанда да сондай-ақ оған көрші жатқан аймақта да жүзеге асуы мүмкін.

Қазіргі заманғы терроризм мынадай түрлерде танылады: халықаралық терроризм (халықаралық деңгейдегі террористік әрекеттер) ; ішкі саяси терроризм (үкіметке қарсы, елдің ішкі қандай да бір саяси топтарына қарсы, немесе тұрақсыздандыруға бағытталған террористистік әрекеттер) ; тек қана жеке бастың қамы үшін жасалған қылмыстық терроризма.

Типтерге бөлудің негізі қолданылатын күштің, оның ауқымының, нысанының, себептерінің сипаты болуы мүмкін.

Терроризмнің үш түрін мақсатты түрде бөлу: қылмыстық, саяси және патологиялық

  1. Қылмыстық терроризм пайда табу мақсатында жасалған әркеттер, өмірге, бостандыққан, жеке тұлғалардың ар намыстарына, жеке мүліктеріне және т. б. қарсы жасалған қастандық болып табылады.
  2. Саяси терроризм өзінің негізінде саяси себепке ие, яғни құрылым жатқан тәртіпке қарсы оппозициясы, үкімет органдармен дау-дамайға бару.
  3. Патологиялық терроризм естен адасудың зардаптары болып табылады.

Тәжірбие көрсетіп отырғанындай, жақын уақытқа дейін террористік әрекеттердің нысандары негізінен самолеттер болып келген еді. Бірақ соңғы жылдардың оқиғалары терроризмнің бір орында тұра бермейтіндігін көрсетті. Әуе көлігінде терроризммен күрес тәжірбиесі, жаңа техникаларды жарылғыш заттарды табу асбаптарын пайдалану осы саладағы қылмыстың осындай түрін айтарлықтай қысқартты. Террористік әрекеттердің нысандары маңызды да өте маңыздың нысандар, сондай-ақ өте жоғары нысандар болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды6.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризммен күресудің құқықтық негіздері
Тәңіршілдік және ислам: қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі синкретизм мәселесі
Терроризмнің дінмен арақатынасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Ресейдегі ҰЛТТЫҚ ТЕРРОРИЗМ
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Бүгінде, экстремизм және терроризм мәселесі
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz