Құбырдың материалы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілер мен қысқартулар . . . 5

Төлқұжат . . . 6

КІРІСПЕ . . . 7

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ . . . 9

1. 1 Оңтүстік Қазақстан Облысының табиғи-климаттық жағдайлары . . . 9

1. 2 Оңтүстік Қазақстан Облысының топырағының геологиясы және гидрографиясы . . . 9

1. 3 Жалпы мәліметтер . . . 10

1. 4 Сумен қамту жүйесінің қазіргі жағдайы . . . 10

1. 5 Құрылыс алаңының сипаттамасы . . . 12

ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 14

2. 1 Су тұтынудың есебі . . . 14

2. 1. 1 Су тұтынушылардың құрамы және су тұтыну нормалары . . . 14

2. 1. 2 Есептік су мөлшерлерін анықтау . . . 14

2. 2 Су көзін таңдауды негіздеу . . . 22

2. 3 Сумен жабдықтау жүйесі мен схемасын таңдау . . . 23

2. 4 Су құбыры тораптарын жобалау . . . 24

2. 5 Су құбыры тораптарының есебі . . . 25

2. 5. 1 Жолдық және түйіндік су мөлшерлерін анықтау . . . 25

2. 5. 2 Сақиналы желілер учаскелеріндегі есептік су мөлшерін анықтау . . . 28

2. 5. 3 Құбырдың экономикалық тиімді диаметрін анықтау . . . 29

2. 5. 4 Сақиналы су құбыры тораптарының гидравликалық есебі . . . 31

2. 5. 5 Сақиналы су құбыры тораптарын өрт кезінде су мөлшерін өткізуге есептеу . . . 31

2. 6 Пьезометрлік сызықтардың белгілерін және еркін тегеуріндерін анықтау . . . 32

2. 7 Су құбыры тораптарын бөлшектеу . . . 33

2. 8 Реттеуші және су қорын сақтаушы құрылымдар . . . 34

2. 8. 1 Таза су резервуарының есебі . . . 35

2. 8. 2 І-ші көтерімді сорғыш станциясы . . . 37

2. 8. 3 Су мұнарасы багінің көлемін анықтау . . . 38

2. 8. 4 ІІ-ші көтерімді сорғыш станциясы . . . 40

2. 9 Санитарлық қорғау аймақтары . . . 41

2. 10 Суды залалсыздандыру . . . 42

ІІІ. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ . . . 43

3. 1 Өндірістік бөлмелерді желдету . . . 43

3. 2 Электрлендіру . . . 44

3. 3 Арнайы зерттеу бөлмелеріндегі жасанды жарықты есептеу . . . 45

3. 4 Жеке басты қорғау құралдарымен алғашқы көмек . . . 46

3. 5 Еңбекті қорғау бойынша жалпы іс-шараларды жүргізу . . . 46

3. 6 Өрт қауіпсіздігі . . . 47

3. 7 Өрт сөндіру құралдары және сигнализациясы . . . 48

ІV. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . . 52

4. 1 Қойылған міндеттерді шешу . . . 53

4. 2 Сумен қамтамасыз ету мәселелері және ресурс тапшылығы . . . 54

4. 3 Табиғат пайдаланушыдан алынатын төлемді есептеу . . . 55

V. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 58

5. 1 Сумен қамтамасыз ету жүйесінің мақсатын анықтау . . . 58

5. 2 Сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысқа кеткен құнын анықтау . . . 58

5. 3 Пайдалану шығындарын анықтау . . . 59

5. 4 Судың өзіндік құнын анықтау . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесі мөлшерлік құжаттарға сілтемелер жасалған:

ҚР ҚНжЕ 4. 01 - 02 - 2009. Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және ғимараттар.

ҚР ҚН 8. 02 - 05 - 2002. Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және бағалардың жинақтары. 1 - жинақ. Жер жұмыстары.

ҚР ҚН 8. 02 - 05 - 2002 . Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және бағалардың жинақтары. 22 - жинақ. Су құбыры - сыртқы желілер.

Анықтамалар

Дебит - скважинаның су беру өнімділігі.

Меншікті су мөлшері - су құбыры тораптарының 1 м ұзындығына келетін біркелкі үлестіретін су мөлшері.

Тегеурін шығыны - су құбыры кедергісіне байланысты арынның жойылуы.

Транзиттік су мөлшері - су құбыры учаскесінен ағып өтетін су мөлшері.

Үйлестіру - тегеурін шығындарын теңестіру.

Вантуз - ауа шығаратын құрылғы.

Реттеуші құрылымдар - арынды су мұнарасымен таза су резервуарлары.

Активті реакция - сутегі иондарының концентрациясы.

Түйін - су құбыры тораптарының түйіскен нүктесі.

Су тұтыну тәртібі - суды тұтынудың уақытқа байланысты өзгеруі.

Бір қалыпсыздық коэффицент - су тұтынудың бірқалыпсыздығын сипаттайтын коэффицент.

Сатылы және интегралды графиктер - тәуліктік сағаттары бойынша, су мөлшерінің өзгеруін көрсететін сызулар.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы;

ҚНжЕ - құрылыс нормалары және ережелері;

q - шаруашылық және ауыз су тұтыну мөлшері;

Q тәу. орт. - тәуліктік орташа су мөлшері;

N - су тұтынушылардың саны;

Q тәу. max. - тәуліктік максимал су мөлшері;

Q сағ. . орт. - сағаттық орташа су мөлшері;

К сағ - сағаттық бірқалыпсыздық коэффиценті;

Q сағ. max. - сағаттық максимал су мөлшері;

q м - меншіктік су мөлшері;

q ж - жолдық су мөлшері;

Σ l - барлық учаскелердің ұзындықтарының қосындысы;

q m - түйіндік су мөлшері;

Δh - үйлестіру;

Δq - түзелткіш су мөлшері;

q ш - шоғырланған су мөлшері;

А - меншікті кедергі;

S - учаскенің кедергісі;

К - түзелту коэффиценті;

V - су қозғалысының орташа жылдамдығы;

d - құбырдың диаметрі;

СҚ - су құбыры тораптарының құдықтары;

Нр - резервуардың биіктігі;

W р - резервуардың көлемі;

Паспорт (құжат)

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 1
Орналасқан жері
Шымкент қаласы, Асар мөлтек ауданы
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 2
Су көзі
Жер асты сулары
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 3
Су тұтынушылардың түрлері
Халық, жеке меншіктегі малдар және жергілікті өндіріс орындары
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 4
Мөлтек ауданға берілетін тәуліктік максималь су мөлшері, м 3 /тәу
306, 9
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 5
Су құбыры тораптарының жалпы ұзындығы, км
61, 727
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 6
Құбырдың материалы
Пластмасса
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 7
Құбырдың диаметрі, мм

160, 125, 110, 75, 50 және

25

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 8

Сумен қамтамасыз ету құрылымдары:

1-ші көтерімді сорғыш станциясы

2-ші көтерімді сорғыш станциясы

Таза су резервуарлары

Тегеурінді су мұнарасы

Бактерицидтық қондырғы

2

1

2

1

1

Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 9
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің сметалық құны, млн. тенге
35988990
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 10
1 м 3 судың өзіндік құны, тенге
52, 3
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің төлқұжаты: 11
Жүйенің өтелу мерзімі
3, 2

КІРІСПЕ

Ауыз сумен қамтамасыз ету - адам өмірі деңгейін арттыруға, тұрғын ел пункттеріне жақсы жағдай жасауға, өндіріс және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған тұрмыстық сфераның маңызды бөліктерінің бірі. Ауыз сумен қамтамасыз ету деп, әртүрлі тұтынушыларды қажетті сапалы сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар мен санитарлық шаралар комплексін айтады.

Жалпы сумен қамтамасыз ету жүйесі су көздерінен және су алу ғимараттарынан, сорғыш станциялары мен су тазартқыш комплекстерден, магистральды су құбырларынан, резервуарлардан және басқа да қондырғылардан тұрады.

Қазіргі ауыз сумен қамтамасыз ету - инженерлік құрылыстардың кеңейтілген комплексі. Су құбырлары құрылыстарының жобалануындағы, салынуындағы және эксплуатациясындағы ғылыми-техникалық прогресінің маңызды элементтері гидравликалық есептің жаңа әдістерін кеңінен қолдану, прогрессивті конструкцияларды және құрылыс жұмыстарының жетілген өндірістік технологиясын қолдану. Электронды есептеу машиналарын және су құбырларын пайдалануының оптимальды режимі үшін, басқару жүйесіне автоматтандыруды енгізу.

Ауыз сумен қамтамасыз ету табиғи қорларды қолдануға бағытталады. Суларда, бұл да басқа табиғи қорлардың түрі сияқты шектелген. XXI - ғасырдың ең басты проблемаларының бірі бұл халықты қажетті мөлшерде таза ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тұщы су көздері аз болғандықтан, оның өзіндік құныда жоғарылап жатыр. Су қорын дұрыс пайдалану және оны сарқылудан сақтау мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Оған мысал ретінде үлкен қалалар мен өндіріс орындарында пайдаланылған суды тазалап бірнеше рет қайта пайдалану қатаң қадағалануда. Бұл суға көзқарастың ойлы және үнемді қатынасының қажет екенін анықтайды.

Құрылыс масштабының кеңеюі, өндірістің, энергетиканың, ауыл және коммуналды шаруашылықтардың тез қарқынмен өсуіне байланысты және осыған сәйкес барлық халық шаруашылықтары бөліктерінде су қолдану біршама өсуде. Өндірістің барлық бөліктерінде су қолдануды ғылыми негізделген тұрғыдан шамалау, біздің еліміздің әр түрлі аудандарының тұрмыстық-экономикалық дамуы аспектілерінің бірі болып табылады. Қазіргі қалалардың, өндіріс орындарының және энергетикалық шаруашылықтардың, тұрғын елді-мекендердің қажетін өтеу үшін өзінің сапасы жөнінен ГОСТ 2874-82 «ауыз су» немесе өндіріс технологиясы талабына қатаң түрде сәйкес келетін көп мөлшерде сулар қажет. Бұл маңызды халық шаруашылығы есебін шешу үшін сумен қамтамасыз ететін түпкілікті су көздерін таңдау, оларды ластанудан қорғауды ұйымдастыру, тазалау ғимараттарының құрылысын салу талабы тұр. Әртүрлі мамандар су құбыры құрылысының есептелуінің жаңа тәсілдерін ұсынды, суды тазалаудың принципиальды жаңа тәсілдерімен технологиялық схемалары жасалынды. Су өткізу жүйесінің жұмысын бақылауға және басқаруға ЭЕМ, автоматика және телемеханика кеңінен ендірілуде, бұл пайдалану жұмыстарын біршама жеңілдетеді.

Су құбырларын жобалау және салу кезінде құрылыс жинау жұмыстары құнын төмендету, металдар, энергетикалық қорлар және дефицит материалдарды үнемдеу, құрылыс сапасын жоғарылату, индустриализациялау және сенімділігін арттыру жұмыстары сұрақтарына көп көңіл бөлінеді. Бұған еңбек өнімділігін арттыру, комплексті механизацияны кеңінен өндіру, жиналмалы темір-бетон құрылымдарын қолдану, металл емес құбырларды қолдану, құрылыстар мен жүйелерді пайдаланудың тәртібін жетілдіру жолымен жүреді.

Республика тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету - бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеттердің бірі. Таза су мәселесі - жалғыз Қазақстанға ғана тән емес. Жаһандану дәуіріндегі жер шарындағы басты күрделіліктердің бірі - осы, тіпті таза суды былай қойғанда, су жетіспеушілігі де белең алуда. Соңғы онжылдықтардағы жер шарындағы су ресурстарының жағдайы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызуда.

Мұның өзі және де негізсіз емес сияқты. Өйткені, адамдар саны, өндіріс орындары көбейген сайын суды пайдалануға деген сұраныс мөлшері де өсе түсуде. Дегенмен тұщы су қоры көлемі шектеліп, өзендер мен су кешендерінің тазалығы сақталмай, уақыт өткен сайын ластана түсуде.

Соның салдарынан тіршілік нәрі - су өте қымбатқа түсіп, пайдалануға жарамсыз болып, қатер төндіруде. Қазақстандағы жер үсті су қоры жылына орташа есеппен алғанда 539 текше километр, оның ішінде 190 текше километр өзендер мен көлдерде жинақталған.

Теориялық және әдістемелік негізі - ҚР ҚНжЕ 4. 01 - 02 - 2012. Сыртқы тораптар және ғимараттар; ҚР ҚН 8. 02 - 05 - 2011. Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және бағалардың жинақтары. 1 - жинақ. Жер жұмыстары; ҚР ҚН 8. 02 - 05 - 2013. Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және бағалардың жинақтары. 22 - жинақ. Су құбыры - сыртқы желілер; ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01 - 01 - 2011. Құрылыс климатологиясы; ҚР МЖМБС 5. 03. 016 - 2013. Жоғарғы оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі. Негізгі қағидасы.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Казсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығының Оңтүстік Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №1359 «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттерін су шаруашылық жөніндегі мемлекеттік кәсіпорындарына ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес құрылған.

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 1992 жылдары Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж) . Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Оңтүстік Қазақстан облысы жер көлемі 117. 4 шаршы км. Облыстың шығыс бөлігі Тұран алқабында, ал батыс бөлігі Тянь-Шань тауының бір бөлігінде орналасқан. Облыс жер бедеріне қарай төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс-жазықтық, жазықтық-оңтүстік және таулы оңтүстік-шығыс-таулы бөліктерге бөлінеді.

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңтүстігінде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

Оңтүстік Қазақстан облысының климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешеленеді. Жазы ыстық және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Жылдық орташа температурасы 8-14°C аралығында болады. Жылдың ең суық айы-қаңтар. Бұл айда орташа температура оңтүстікте -0°C - тан солтүстікте 0°C - қа дейін. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте +24°C, оңтүстікте 35°C шамасында. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 мм, жартылай шөл аймақтарда 250-300 мм, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 мм. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жаз айларында болады.

1. 2 Оңтүстік Қазақстан Облысының топырағының геологиясы және гидрографиясы

Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т. б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т. б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61, 5 млн м³), т. б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48, 2 км²), Қызылкөл (17, 5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т. б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

1. 3 Жалпы мәліметтер

«Шымкент қаласы, Асар Мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету» жұмыс жобасын «МПК-Проект» ЖШС 15. 08. 2005 жылғы №22 келісімі негізінде орындалған.

Тапсырыс беруші Оңтүстік Қазақстан обьлысы Мемлекеттік басқармасының құрылыс бөлімі. Жұмыс жобасы 28. 02. 2006 жылы №18-77/2006 қалыпты мемлекеттік тексеруден өтті. 21. 03. 2007 жылы №4 келісімге сәйкес «Шымкент қаласы Асар Мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету» жұмыс жобасының түзетілуі «МПК-Проект» ЖШС арқылы орындалды. Тапсырыс беруші Оңтүстік Қазақстан обьлысы Мемлекеттік басқармасының құрылыс бөлімі. Жұмыс жобасы өзгеріссіз қалады, ал сметалық іс қағаздар сәйкестендірілген түзетулермен АВС-4 кешенді бағдарламасында орындалған.

1. 4 Сумен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы

Қазіргі кезде Қазақстан республикасының елді мекендерін ауыз-сумен қамтамасыз ету мәселесіне үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде.

Елді мекендердегі халықты ауыз- сумен қамтамасыз ету үшін жер бетіндегі (өзендер, су қоймалары, көлдер, каналдар) және жер асты суларын пайдаланады.

Жер бетіндегі су қорлары республика территориясында біркелкі таралмаған. Жер бетіндегі су корлары жылына 539 км 3 құрайтын болса, жер асты суларының қорлары барланған мәліметтер бойынша 16, 04 км 3 құрайды. Оңтүстік Қазақстан облыстарында да су қорлары өте тапшы. Оңтүстік Қазақстан облыстарында елді мекендердегі халықты ауыз-сумен қамтамасыз ету үшін скважиналарды, кұдықтарды, бұлақтарды және жер бетіндегі суларды пайдаланады. Сумен жабдықтау жүйелері орнатылған немесе су көздеріндегі судың сапасы нашар кішігірім елді мекендерде суды көлікпен тасиды.

Облыстағы пайдаланып жатқан көптеген скважинадағы артезиан суларының сапасы «Таза су» стандартына және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Орталықтандырған сумен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендерге құдықтардың суын пайдалануда. Құдықтардағы сулардың сапасы ауыз суға қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Құдықтардағы сулар көбіне тұзды, кермектігі жоғары және әр түрлі бактериялар болады. Құдықтардағы және жер бетіндегі сулардың сапасының нашар болуына байланысты ауылдық елді мекендердің халқы көбіне сары аурумен, дезинтериямен және де басқа аурулармен ауырады.

Облыстағы көптеген скважиналар мен құдықтардың иелері жоқ, санитарлық бақылаулар жүргізілмейді. 20-30 жыл және одан да көп ұзақ жылдар бұрын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайларының нашарлауына байланысты облыс бойынша ауыз - сумен қамтамасыз ету дәрежесі төмен болып отыр.

1990 жылдары қаржының жетіспеуінен оларды жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілмеген немесе шамалы көлемде ғана жүргізілген. Бұрын салынған жүйелердің қондырғылары мен жабдықтары тозған және ескірген. Су құбыры тораптарының көптеген бөлігі ұзақ пайдаланудың әсерінен және уақтылы жуылмағандықтан тотыққан. Олардың ішкі беттеріне әртүрлі шөгінділер өсіп кеткен. Олардың әсерінен суды тасымалдаған кезде судың былғануы мүмкін. Су құбыры тораптары 60-70% дейін ескірген. Оларды ауыстыруға, жөндеуге көптеген қаржы керек. Облыстағы қалалар мен ауылдарда үзіліспен немесе графикпен су берілуде кездеседі. Кейбір елді мекенде су беру тәулігіне бірнеше сағат болса, басқаларында түнгі уақыттта су берілмейді. Қазіргі су құбырлары тотығып шіріген.

Олардан су ағып шығып, шығын болып жатады. Пайдаланған суды есептеу жүйесін ұйымдастырмай табиғи суды үнемді пайдалану мүмкін емес. Суды есептейтін құралдарды орнатудың арқасында бір адамның су тұтыну нормасы 350 литрден 102 литрге дейін кеміген. Есептеу құралдары орнатылмаған елді мекендерде су тұтыну нормасы «Құрылыс нормалары және ережелері» құжат бойынша қабылдануда. Елімізде «ауыз - су» бағдарламасының қабылдануына байланысты, тек қана ақырғы жылдары ауыз-сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалауға және құрылыс салуға қаржы бөлінді. Қазіргі кезде елді мекендерді толығымен сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалауға, құрылысын салуға және қайтадан жөндеуге мемлекет тарапынан көптеген қаржы бөлінуде. Өнеркәсіптің, құрылыстық дамуы, қала, ауыл жолдарының көптеп салынуы басқа табиғат байлықтары сияқты су байлықтарының сапасын төмендеуіне, оның қорының азаюына әсер етеді. Мысалы, кейбір өзен суларында ауру тудыратын бактериялар, әртүрлі улы және радиоактивті заттар кездеседі. Теңіз суларын бактериологиялық, химиялық және радиоактивтік қоспалар ластайды. Ғылыми - техникалық прогрестің дамуы мен халық санының әсері су көздеріне де елеулі әсерін тигізеді.

Адам баласы дамуының өткен кезеңдерінде тұщы су тапшылығының қазіргі кездегідей қатаң сезінген жоқ. Себебі, ол уақыттарда тұщы су қоры көбінесе ауыз суға, үй тұрмысында, мал шаруашылығында ғана пайдаланылды. Ол кезде тұщы суды егін шаруашылығында, өнеркәсіпте пайдалану қазіргідей кең етек алған жоқ. Ал, соңғы жылдары тұщы суды халық шаруашылығының кез - келген саласында ысырап пен пайдалану кең етек алып отыр. Аққан өзен мен көл, бұлақ суларын ешкімнің меншігіне жатпайтын қасиетті дүние санаған әркім өз ыдысына құйып алған суды ғана қажетіне жаратқан. Шөл далада су шығарған, айдалаға құдық қазған қалың елді мал - жанымен шөлден аман алып қалған.

Еліміздегі тұщы суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау мәселелері бүкіл халықтық көкейкесті мәселеге, актуальды проблемаға айналып отыр.

Дәл осы кезеңде Асар Мөлтек ауданында орталықтандырылған суландыру құбыры жоқ. Шаруашылық қажетіне және есік алды жерлерін суаруға қолдан қазылған құдық сулары қолданылады.

Су құбырының қазіргі желілері 1967 жылғы, 12 км ұзындықта ДУ-50-150мм құбыр трубалардан жасалған. Олар қазір қауіпті жағдайда, ауыстыруды талап етіп тұр. Барлық су таратушы құбырлар қайта қалпына келмейтінді және ауыстыруды қажет етіп тұр. 2003 жылы қазіргі су құбыры ДУ 63мм полиэтилен құбырлары су айдаушы құбырлармен қосылған. Орталықтандырылған сумен қамту жүйесін пайдалану коммуналды қызметке қаржы жоқтығынан тоқтатылды. Осы жоба арқылы елді мекен көшелерімен су жүргізудің жаңа желілерін қондыру жолымен сумен қамтудың орталықтандырылған жүйесін, сумен қамтамасыз ету жүйесіне қызмет көрсету үшін әкімшілік орын мен бактерицидтік қондырғы орналасатын су жинау құбырының жаңа ғимаратын қалпына келтіру қаралып отыр.

1. 5 Құрылыс алаңының сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергия шығыны
Коагулянтқа арналған ертінді мен шығынды бактердің мөлшерін анықтау
Токты бақылау
Магистральді мұнай құбырының желілік бөлігі
Ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеу принципі
Жөндеу жұмыстарын дайындау
Салқындатқыш машиналар
МҰНАЙ ҚҰБЫРЫ
Магистралды құбырды пайдалану ерекшеліктері
Өндірістегі сұйықтықтың тұндырылу процесінің автоматтандырылуын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz