Күнбағыс дақылын өсіру технологиясы


Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Құсайын Айнұр
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы жағдайында күнбағыс ауруларының түр құрамы және олармен күресу шаралары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин
Алматы 2018 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Беттер саны:
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны: ___
Орындаған:
(аты-жөні)
2016 ж. “” жіберілді.
Кафедра меңгерушісі: (қолы) (аты-жөні)
Жетекші:
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшісі :
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау:
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы:
(қолы) (аты-жөні)
Алматы - 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
мамандығы:
кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент:
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жобада /жұмыста/ қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатыннегізгі әдебиеттер
Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
қолы) (аты, жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі:
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс(жоба) жетекшісі:
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент:
(қолы) (аты, жөні)
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР, ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ж. - жыл
жж. - жылдар
% -пайыз
г- грамм
кг - килограмм
ц - центнер
т - тонна
1 га - 1 гектар
мм - миллиметр
см - сантиметр
м, м 2 - метр, шаршы метр
км 2 - шаршы километр
м/сек- метр/секунтта
к. с. - концентрат суспензиясы
с. ұ. суланатын ұнтақ
к. э. - концентрат эмульсиясы
м. с. с. к. - майлы- сулы сүйық концентраты
л/га - 1 гектардағы литр
кг/т - кг тоннаға
мың га - мың гектар
ºС - Цельсия градус
басқ. - басқалар
т. б. - тағы басқа
* - интернет сайтынан алынған суреттер
Реферат
Дипломдық жұмыс 63 беттен құралған. Ол V бөлімнен тұрады, құрамында 11 кесте, 6 сурет, 2 диаграмма бар, ал әдебиеттер саны 55 тізімі кірістірілген.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы жағдайында күнбағыс ауруларының түр құрамы, биологиялық ерекшеліктері, оларға қарсы бірнеше фунгицидтердің биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділіктері анықталған.
Мазмұны
Кіріспе . . . 9
1 Әдебиеттерге шолу . . . 11
2 Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының ауа райы және топырақ-климат жағдайы . . . 20
3 Негізгі бөлім . . . 30
3. 1Күнбағыс дақылын өсіру технологиясы . . . 30
3. 2Зерттеу әдістерімен материалдары . . . 35
4 Зерттеу нәтижелері . . . 38
4. 1 Күнбағыс егісінде кездескен аурулардың түр
құрамы . . . 38 4. 2 Күнбағыс ауруларының таралуы мен дамуы . . . 43
4. 3Күнбағыс дақылын аурулардан қорғау шаралары және препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі . . . 49
4. 4 Қорғау шараларының экономикалық тиімділігі . . . 52
5Еңбек қорғау . . . 55
Қорытынды . . . 60 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
КІРІСПЕ
Республикадағы майлы дақылдардың ең бастысы - күнбағыс. Күнбағыс астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады, біржылдық күнбағыс (Heliаnthus annuus) екі дербес түрге ажырайды - мәдени күнбағыс (H. a. culfus) және жабайы күнбағыс (H. a. ruderalis) . Мәдени күнбағыс екі түр тармағына - егістік (H. a. c. safivus) және әшекей күнбағысы (H. a. c. ornamentalis) - болып бөлінеді. Шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады: майлы, шағылатын және аралық. Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар[1] .
Оның дәнінде 50-52% май және 16-16, 5% протеин болады. Күнбағыс майы негізінен тағам үшін, яғни маргарин, майонез, балық және көкөніс консервілерін, нан және кондитер өнімдерін шығаруға қолданылады. Сонымен қатар, оның майы сабын қайнату және зәйтүн өндірісінде пайдаланылады. Дәнінің қауызы жақсы отын. Күнбағыс табағының күлте жапырақшаларынан дәрі дайындайды. Күнбағыстың күнжарасында 8-10% май, 1, 1% мал азықтық өлшем болады, сондықтан ол малға бағалы концентратты жем. Күнбағыс балды өсімдік және отамалы дақыл болғандықтан, ауылшаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс. Егіншілікте егіс танаптарында ықтырма дақыл ретінде себіледі. Күнбағыс Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында дән және сүрлем үшін, ал республиканың басқа облыстарында тек сүрлем үшін ғана өсіріледі. Қазақстанда 2006 жылы күнбағыстың егіс көлемі 453, 8 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 30, 0 мың гектарға жетті. Орташа есеппен алғанда, сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6, 3 центнер өнім алынып, ал оның жалпы түсімі 285, 9 мың тонна болды. Қазақстан бойынша 2006 жылы күнбағыстың Арманирец, Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3/24 буданы, Родник, СПК, Солнечный-20, Казахстанский-341 сорттары аудандастырылады.
Әр аймақта таралған көптеген саңырауқұлақ ауруларының әсерінен күнбағыстың сапасы мен оның өніміне анағұрлым ықпал етіп отырады. Қазіргі таңда аурудың жаппай таралуы салдарынан күнбағыстың тағамдық құндылығы 60% асып отыр, сондықтан да дақылды аурулардан қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады
Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының топырақ-климаттық ерекшеліктеріне, оның қатаңдығына қарамастан күнбағыс дақылы технологиялық шараларды дұрыс іске асырған жағдайда үлкен өнім беру мүмкіндігі бар.
Жыл сайын күнбағыстан тұрақты жоғары және сапалы өнім алу үшін, және тұқымдық материалдарды дұрыс өндіруде барлық рессурстарды дұрыс пайдаланып, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан облыстық әр түрлі топырақ-климаттқ ерекшеліктеріне байланысты арнайы ғылыми зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуы қажет.
Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемінің күрт төмендеуіне байланысты жаңа зерттелген деректер өндіріске толығынан енгізілмей жатыр. Бұл кемшілікті жою үшін қазіргі қалыптасқан шаруашылық қожалықтар және басқа да құрылымдарда ғылыми- өндірістік тәжірибелер жүргізіліп, оның нәтижелерін практика жағдайында тексеріп, дұрыс бағытта тұжырымдар жасау керек. Осындай жағдайда ғана барлық ауыл шаруашылық дақылдарын, сонымен қатар күнбағыс өнімін молайтуға болады.
Күнбағыс - республикамызда өсірілетін негізгі майлы дақыл. Майлы дақылдар арасында күнбағыс үлесіне 70% таяу егіс көлемі, барлық жиналған өнімнің 80% және мемлекеттік тұқым сатылымының 90% келеді. Күнбағыс майын негізінен тамаққа және кулинарияда маргарин, майонез, көкөніс және балық консервілерін, кондитер және нан өнімдерін жасауда кеңінен пайдаланады. Өсімдік майының тағамға жарамсыз бөлігінен сабын, түрлі бұйымдар жасайды. Қоректілігі және сіңімділігі бойынша күнбағыс майы жануарлар майынан асып түседі және жоғары калорийлігімен ерекшеленеді. 100 гр күнбағыс майында 929, 1 ккал болса, ал сары майда 780, 2 ккал болады. Күнбағыс майының бір бірлік массасының калорийлігі 2-3 қант, 4-нан, 8- картоп бірлігіне тең[2] .
Жұмыстың негізг і мақсаты күнбағыс дақылының негізгі ауруларының түр құрамы және оларға қарсы фунгицидтердің биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділіктерін анықтау.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Күнбағыс дақылы өзінің табиғаты бойынша Солтүстік Американың құрғақ батпақты алқаптарында өсетін ксерофитті жабайы өсімдік туыстарына жататын өсімдік болып табылған. Кейіннен ТМД елдерінің қолайлы климаттық жағдайларына байланысты күнбағысты мәдени дақыл ретінде қалыптастырып, тауарлық деңгейде өсіріле бастады. Қажетті минералды қоректік элементтер мен жоғары гумусты құнарлы топырақ күнбағыс дақылы үшін ерекше маңызды рөл атқарады. Егер кейбір аймақтарда нашар төменгі құнарлы топырақта өсіру күнбағыстың өнімділігіне әсер етеді[3] .
Сондай ақ вегетациялық кезеңдегі жауын-шашын мен ауа температурасы да маңызды болып табылады. Олар күнбағыс онтогенезіне, әр түрлі аурулар және сұңғыламен залалдануына ықпал етеді. Гидротермиялық коэффициент (ГТК) олардың интегралды көрсеткіші болып саналады. ГТК 0, 5 төмен болса аймақтың әлсіз ылғалдылығын (жоғары құрғақшылық), ал 0, 5-0, 9 -жеткіліксіз (орташа құрғақшылық) 1, 0-1, 5 оңтайлы, ал 1, 6 жоғары болса ол шамадан тыс ылғалдылық болып табылады. ГТК 0, 9- 1, 5 болған жағдайда күнбағыс жақсы өсіп, жоғары өнімділік береді. Алайда ГТК 1, 0 және бірден жоғары болған жағдайда оның шірік және де басқа ауруларға шалдығуы күрт артады. Күнбағыстың өсуі мен дамуына вегетация кезеңіндегі тиімді ауа температурасының деңгейі 2000ºС, бірақ қазіргі уақытта төменгі көрсеткіштерде өсіп жетілетін сорттар мен гибридтері шығарылуда. Сондықтан да күнбағыс өсірілетін ареалдарда оның пісіп жетілуіне тиімді ауа температурасы жеткілікті мөлшерде болуда. Шаруашылықта өте жылдам өсетін сорттар мен гибридтер өсірілуде. Егуден толық пісіп жетілетін кезеңге дейінгі ұзақтығы 70-100 күн болса, ерте пісетіндер 80-120, орташа ерте пісетіндер 85-125 және орташа пісетін 92-132 күн, өте жылдам пісетін күнбағысқа орташа күнделікті тиімді ауа температурасының мөлшері 10ºС жоғары болуды талап етеді, егуден бастап өнімді жинауға дейінгі аралықта 1600-2300ºС жетуі қажет. Күнбағыстың орташа пісетін сорттары жақсы өнімділік пен майлылығы жағынан жоғары болуымен ажыратылады, алайда бұлардың өте жылдам пісетіндерден айырмашылығы олар қыркүйектің екінші онкүндігінде немесе одан да кеш жауын шашын көп түсетін уақытта піседі де, өнім жинар кезеңінде аурулармен қатты залалданады. Құрғақшылық кезде орташа пісетін сорттар өнімді өте жылдам пісетін сорттарға қарағанда 1, 5-2 есеге дейін жоғары береді[4] .
Күнбағысты аурулардан және сұңғыладан қорғау шараларын жоспарлауда тез пісетін сорттар мен гибридтерді дақыл өсірілетін аймақтардың климаттық көрсеткіштеріне қарай оңтайландырып шығару абзал. Оңтайлы ылғалдылық жағдайында жүргізілетін қорғау шаралары кешенді, уақытылы және жан-жақты болуы қажет. Егер вегетация кезеңіндегі ылғалдылықтың жетіспеушілігі салдарынан оларды қорғау шектеулі болуы мүмкін.
Күнбағысты екпес бұрын ауыспалы егісте оған жақсы алғы дақыл бола алатын және сол бір орынға егілген уақытын ескерген жөн. Себебі топырақтағы қалған ылғалдылық пен аурулар мен сұңғыла, арамшөптердің қалдықтарының қорлану деңгейі қайта ауруға шалдығуға әкеліп соқтыруы мүмкін. Күнбағысқа пар, күздік бидай жақсы алғы дақыл болып табылады.
Ол басқа дақылдарға қарағанда топырақ ылғалдылығын арттыра отырып бір мезетте өсімдік қалдықтарындағы қорларды қарқынды түрде топырақта минералдандыруды 1, 2 есеге тездетеді[5] .
Сонымен қатар жүгері, тары, жаздық масақты дақылдарда жақсы алғы дақыл бола алады. Алайда өсімдік қалдықтарындағы жүгері күнбағысты себу мерзіміне алғашқы вегетация кезеңінде оның күтіміне кері әсерін тигізеді.
Күнбағыс тамыр жүйесінің жақсы жетілгендігінен ол 3 м тереңдіктегі ылғалдылықты сіңіре алады, бірақ оны тамыры өте тереңге кетіп топырақтың төменгі қабатынан ылғал сіңіретін жоңышқа, қант қызылшасы, бұршақ, судан шөбі сияқты дақылдардан екпеген дұрыс. Онымен қоса қант қызылша, бұршақ, жоңышқа күнбағыспен бірдей ауруларға шалдығады сол себепті олар жақсы алғы дақыл бола алмайды[6] .
Лукомец және басқа ғалымдардың мәліметтері бойынша майбұршақтан кейін егілген күнбағыс ақ шірік ауруымен 15, 9%, қант қызылшадан кейін -11, 4%, ал астық дақылдарынан кейін егілгенде 5, 2% ғана шалдыққан деп көрсеткен[7] .
Шанскийдің зерттеуі бойынша күнбағысты егуде ауыспалы егісті дұрыс пайдалану егістіктің фитосанитралық жағдайының оңтайлы екенін айтылған. Ауыспалы егіс айналымы 2 жылдан кейін сұңғыламен залалдануы -83%, 4 жылдан соң-31%, 7 жылдан кейін - 13% болған. Өнімділік сәйкесінше 4, 9; 10, 5 және 14, 8ц/га құраған[8] .
Краснодар өлкесінде Игнатьевтің зерттеуінде күнбағысты 7 жылдан кем мерзімде айналдырып себу нәтижесінде жалған ақ ұнтақ ауруының таралуы 74% дейін жеткен, сондықтан да кем дегенде 8-12 жылда ауыспалы егісті қайталағанда ауруға шалдығуы 12% құрағанын дәлелдейді[9] .
Ал кейбір авторлар ауыспалы егісті 6 жылда қайта айналдыру оң нәтиже береді деп санаған. Алайда 4 жылда бір айналдыру өнімділікті 20% төмендеткенін айтады. Егер ауыспалы егістің қысқа айналымында өсірілген күнбағыс егісінің 3-4 егістігі ғана сау болып шығады екен[7] .
Воронеж облысында ғалымдардың зерттеуінде күнбағысты монодақыл ретінде өсіргенде егістікті сұңғыланың басуы орташа есеппен 31, 4%, ал тамырмойнының ақ шірік ауруымен залалдануы 19, 4% жетсе, ауыспалы егістің 8 жылдан кейінгі айналымында сәйкесінше 4, 1-2% құраған. 2 қатарлық ауыспалы егісте(арпа-күнбағыс) егістіктің 50% қамтылған жерінде сұңғыланың басуы 6, 2% асқан болса, 4 қатарлы ауыспалы егісте (қара пар-күздік қара бидай-күнбағыс-арпа) ақ шірік ауруының білінуі 3% аспаған.
Күнбағыс егісі ақ шірік, вертициллезді солу, фузариозды солу және сұңғыламен 5 жылда қайталанған дәнді дақылдар ауыспалы егісінен кейін 20% залалданған, ал 8 жылдағы қайталау кезінде ол 1% төмен көрсеткіш берген. Дәнді масақты дақылдардан кейінгі ауыспалы егіске енгізілген күнбағыстың топырақ инфекциясымен заладануы 50% төмендеген[10] .
Онтогенез процесінде күнбағыс бірнеше морфофизиологиялық сатылардан өтеді: өскін кезеңінен бастап толық пісіп жетілу кезеңіне дейін. Өскін кезеңінде күнбағыс ақ және сұр шірікпен қатты залалданады. Тұқымжарнағы мен 2-4 нағыз жапырақ кезеңінде жалған ақ ұнтақ ауру қарқынды біліне бастайды. Кейде бүршіктену кезеңінде одан кеш білінеді. Сондай ақ осы кезеңдерде жапырақтарында альтернариоз мен фомопсистің алғашқы белгілері, бірлі жарым ақ шірік пен фузариозды солу байқала бастайды.
Күнбағыстың өскін мен бүршіктенге дейінгі кезеңде егістіктің ластануы ауру қоздырғыштардың қарқынды дамуына ықпал етіп, жаппай таралуына әкеліп соқтырады. Оңтайлы ылғалды орта жағдайында өсімдіктің бүршік жару мен гүлдеу фазасында күнбағыс себетінің ақ және сұр шірік қоздырғыштарымен залалдану қауіпі бар. Осы кезеңдегі себеттеріне қарсы химиялық қорғау шараларын уақытылы қолданса, қалыптасып келе жатқан өнім мен оның сапасын сақтап қалуға мүмкіндік болады. Гүлдеу және одан кейінгі фазаларында фомоз, себеттің құрғақ шірігі, солу аурулары біліне бастайды, сондай-ақ альтернариоз және басқа да аурулар қарқынды дамиды. Вегетация соңында, яғни толық пісу және физиологиялық фазасында ылғалды және салқын ауа райы жағдайында ақ шірік аурумен залалдануы жоғары болады, сол себепті өнімді уақытында жинау қажет[11] .
Күнбағысты егу кезінде біркелкі көктемеген жағдайда олардан жақсы өнім алынбайды және жоғарғы өнімде бере алмайды. Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша ірі тұқым себу маңызды болады. Мысалы, ШҚҒЗИ тәжірибелерінде 1000 дәннің массасы 90-80 гр тең болатын тұқым сепкенде 1 гектарға 22, 7 ц, ал массасы 54 гр болғанда 1 гектардың күнбағыс өнімі алынды. Салыстырмалы массасы жоғары болатын тұқым-өміршең және мол өнім береді.
Күнбағыс үшін ең қолайлы топырақ-реакция ортасы бейтарап қара, шалғынды қара және ортасы әлсіз сілтілі (рН-7, 0-7, 2) шалғынды немесе миханикалық кұрамы құмды топырақ болып табылады.
Шығыс елдерінде күнбағыстың жоғарғы түсімділігін таза жұп бойынша күздік бидайды араластыру кезінде алады. Күнбағысты жоңышка егілгеннен кейін себуге болмайды, себебі ол топырақтың төменгі қабатын көтеріп жібереді[12] .
Қазақстанда күнбағысты егу әдетте топырақтың тұқым егілетін тереңдігі +12-15 °С қызғанда басталады. Күнбағысты егудің кең тараған әдісі бойынша тұқымды егудің қалыпты мөлшері 25-50 мың/га дән.
Күнбағыс массасының жоғарғы өнімін алудағы маңызды факторлар мен егудің үйлесімді мөлшері жөнінде кептеген ғылыми жұмыстар мен зертеулер жасалынды. Бірақ олардың нәтижелері қарама-қарсы[13] .
Мысалы, 1985 Шығыс Қазақстанда ұсынылған индустрияларды технология бойынша күнбағысты егу кезінде топырақ тереңдігі 40 см және температурасы +6-8 °С болғанда ерте егілген жағдайда көктеуі кешігеді, егіс арамшөптермен ластанып, соңында сүрлемге орып алуға тура келеді, ал кеш еккенде (18°С) толық өніп шықпай түсімділігі бірден төмендейді [14] .
Күнбағыс Heilianthus annus күрделігүлділер (Asteraceae) тұқымдасына жататын бір жылдык шөптесін өсімдік, біржылдық күнбағыс (Heliаnthus annuus) екі дербес түрге ажырайды - мәдени күнбағыс (H. a. culfus) және жабайы күнбағыс (H. a. ruderalis) . Мәдени күнбағыс екі түр тармағына - егістік (H. a. c. safivus) және әшекей күнбағысы (H. a. c. ornamentalis) - бөлінеді. Шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады: майлы, шағылатын және аралық. Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар[1] .
Біржылдық күнбағыс-шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, топыраққа 2-4 м дейін бойлайды және 100-120 см дейін жан-жағына тарайды. Сабағы - тік өседі, қатты түктермен көмкерілген, ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған, биіктігі 0, 7-4, 5 м дейін (майлы сорттары бұтақтанбайды және 2, 5 м дейін) . Жапырақтары қарапайым, ірі, сағақты, сопақ-жүрек пішінді, қатты түктермен жабылған, ұштары үшкірленіп аяқталады, ара тісті. Төменгі жапырақтары (2-3жұп) қарама-қарсы, ал жоғарғылары кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - диаметрі 15-25 см, дөңгелек пішінді себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, насекомдарды тарту үшін, ал ортасында - қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Олар бірұялы жатыннан және бес аталықтан тұрады. Жемісі-шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000 шекілдеуігінің массасы майлы сорттарында 40-80г, шағылатындарында - 170 г-ға дейін [15] .
Күнбағыстың отаны Солтүстік Американың оңтүстік батыс бөлігі болып саналады. Бұл өсімдікті XVI ғасырда испандықтар Европаға сәндік өсімдік ретінде әкелген. Кейбір ғалымдар тұқымды әкелген адамдарды нақты атап көрсеткен. Негізінен күнбағысты жеуге жарамды дән ретінде еккен тек 19 ғасырдың 30 жылдары Ресейде екінші рет жаңартты, енді май алатын өсімдік ретінде егілді [16] .
ТМД елдерінде-солтүстік Кавказ, Украина, орталық қара топырақты аймақтарда, Поволжье, Молдавия, Қазақстанда және Сібірдің оңтүстік аудандарында өсіріледі [17] .
Шаруашылықта пайдалануына байланысты күнбағыс май, азықтық және шағатын болып бөлінеді. Тұқым мен сүрлемнің ең көп тараған түрі май ретінде алынатын күнбағыс болып табылады [18] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz