Күнтізбелік суару жоспары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

ТҰРМАТ А.Т.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра шаруа қожалығына қарасты ауданы 210 га жерді суару жүйесінің жобасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В081000 - Мелиорация, жерді баптау және қорғау мамандығы

Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________

Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________

Орындаған ___________________________________ ____________________
(аты-жөні)

20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы

Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _____________________________________________________

Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген

Дайын жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 20___ж _________________

Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ ________________________________________________________________
___________________________________ _______________________________

Дипломдық жобаны (жұмысты) өңдеуге арналған мәселелер тізімі

___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _____________________________________________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _____________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________

Жобаның (жұмыстың) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жоба жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жоба жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

СУАРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
8

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
9

АНЫҚТАМАЛАР
10

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘНДЕР
11

КІРІСПЕ
12
1
ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
14
1.1
Орналасқан жерi
14
1.2
Жер бедерi
14
1.3
Су көздерi
16
1.4
Топырақ және өсiмдiктері
17
1.5
Климаты
17
1.6
Жауын-шашын
18
2
IШКI ШАРУАШЫЛЫҚ СУ ПАЙДАЛАНУ ЖОСПАРЫН ТҮЗУ

20
2.1
Шаруашылықта су пайдалану жоспары тұзудiң негiзгi шарттары
20
2.2
Iшкi шаруашылық су пайдалану жоспары қажеттi құжаттар, түзу ретi

20
2.3
Күнтізбелік суару кестесін түзу
26
2.4
Каналдардың су өткізу мөлшерін табу
28
2.5
Күнтізбелік суару жоспары
30
2.6
Суару мен өңдеудің жедел жоспары
31
2.7
Суаруға дайындау және ұйымдастыру
31
2.8
Суару кезіндегі еңбек өнімділігін арттыру шаралары
31
2.9
Суды және суарылған жерді есептеуді ұйымдастыру
33
3
СУ ЖҮЙЕСІНІҢ - МЕЛИОРАТИВТІК ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ
34
3.1
Кіріс баптары
34
3.2
Шығыс баптары
35
3.3
Суармалы жердің мелиоративтік жағдайын бақылау
37
4
СУАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАНАЛДАР МЕН ҒИМАРАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

39
4.1
Жүйедегі каналдарды пайдалану
39
4.2
Жүйелік гидротехникалық ғимараттарды пайдалану
39
4.3
Бас сағаны пайдалану
40
4.4
Жоллдарды, байланыс құралдарын пайдалану
41
4.5
Гидрометриялық құрылғыларды пайдалану
42
4.6
Ғимараттар мен каналдарды қыста ұстау
42
4.7
Орман алқаптары
43
4.8
Каналдар мен ғимараттарды қорғау, бақылау
44
5
СУАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
45
5.1
Жөндеулердің жіктелуі
45
5.2
Топырақ ғимараттарды жөндеу
46
5.3
Жүзбелерды тазалау
47
5.4
Шөп - шаламдардан тазалау
48
5.5
Жөндеуді жүргізуге дайындық
49
5.6
Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
50
6
ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

51
6.1
Амортизацияға қаржы бөлу
51
6.2
Пайдалану шығындары
53
7
ЖЕРДІ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

58
7.1
Өртке қарсы шаралар
59
8
ЭКОНОМИКА БӨЛІМІ
62
8.1
Күрделі шығындар
62
9
ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
70
9.1
Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
70
9.2
Қоршаған ортаны қорғау
77

ҚОРЫТЫНДЫ
82

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
83

СУАРУ ЖҮЙЕСIНIҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

1
Орналасқан жерi
Тарбағатай ауданы

2
Суару көзi

3
Ауыспалы егiстiк
күнбағыс

4
Ауыспалы егiстiк құрамы
күнбағыс -90 га

жоңышқа - 70 га

сүрлемдiк жүгерi-60

5
Суару жер көлемi, га: нетто
210

брутто
235

жалпы
342

6
Жердi пайдалану коэфицентi
0,95

7
Жүйенiң пайдалы жер коэфицентi
0,85

8
Суару желiлерi:

су шығыны ұзындығы,м

шаруашылық канал
510 3810

шаруашылық iшкi
502 8720

телiмдiк каналдар
271 7090

9
Бақылаушы ұнғыма
1

10
Ғимараттар саны:

Бас саға
1

өткелi су жiбергiш
10

су өлшегiш
56

құбырлы өткел
66

11
Суару жүйесiне берiлетiн
су мөлшерi, м[3]
4273100

12
жүйенi пайдалану құны, тенге
3433998

13
1 га жерге шаққанда, тенге
4549

14
1 м3 судың құны, тенге
0,8

15
ауыл шаруашылық дақылдарының 1 га жерге шаққандағы құны, тенге
807924

16
жүйеге түсетiн салымды мөлшерi м[3]
1301

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

СниП 2.01.14.83 Определеное расчетных гидрологических характеристик взамен СН 435-72.
СниП 2.02.02-85 Основания гидротехнических сооружений взамен СниП II-7676.
СниП 2.06.01-86 Гидротехнические сооружения. Основные местоположения проектирования. Взамен СниП II -51-74 и СниП II-50-74.
СниП 2.06.04-82 Нагрузки и воздействия на гидротехнические сооружения(волновые,медовые и от судов).
Взамен II-57-75.
СниП 2.06.05-84 Плотины из грунтовых материаов. Взамен СниП II-53-73.

АНЫҚТАМАЛАР

Су ресурстары - белгілі бір территорияның топырақ және атмосфера ылғалын қоса алғанда, пайдалануға жарамды барлық жер астындағы және жер бетіндегі су қорлары.
Су ресурстарын кешенді пайдалану - су ресурстарын халықтың және экономиканың әр түрлі салаларының қажеттерін қанағаттандырып, сарқылтпай пайдалану.
Су шаруашылығы - халықтың және халық шаруашылығының қажетін сумен қамтамасыз етуді, оны тиімді пайдалануды, қорғауды қарастыратын шаруашылық саласы.
Су пайдалану мөлшері - судың пайдаланушыға қажетті мөлшері.
Су жинайтын аудан - жер бетіндегі немесе жер астындағы судың жиналатын орны.
Су жібергіш - су қоймалардан артық суды ағызып шығаратын Суды қорғау шаралары - табиғи су көздерін тиімді пайдалану, таза сақтау, қалдықтармен ластамау шараларының жүйесі.
Бөгет - судың деңгейін көтеру үшін су тоқтататын тосқауыл құрылыс.
Гидротехникалық құрылым.
Пайдалы әсер коэффициенті (пәк) - қуатты өзгертіп пайдалану кезіндегі жүйенің (машина, құрылғы) тиімділігін көрсететін шама.
Табиғат қорғау - өзімізді қоршаған табиғи ортаны сақтауға, тиімді пайдалануға, жаңартуға, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі.
Еңбекті қорғау - еңбек жағдайының адам өміріне, денсаулығына қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Су қоры - еліміздің барлық суларының жинтығы. Су қорларға өзендер, көлдер, су қоймалар, жер бетіндегі су көздер мен суаттар, сондай-ақ жер асты сулары, территориялық сулар, мұздықтар, ішкі теңіздер және т.б. кіреді.
Су алатын құрылым - өзеннен, көлден, су қоймалардан және т.б. су алуға қызмет ететін гидротехникалық құрылыс.
Сумен қамтамасыз ету - суды тұтынушыларға беру.
Су жіберу - су қоймасын немесе арнасын босату үшін салынған гидротехникалық құрылыс.
Су балансы - қарастырылатын нысан үшін таңдалған уақыт аралығындағы су қорының өзгерістерін ескере отырып, оның кірісі мен шығысының арақатынасы.
Гидромодуль - суарылатын аудан бірлігіне бір уақыт бірлігінде берілетін су көлемі.
Жер асты сулары - барлық физикалық күйдегі литосфераның сулары.

БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘНДЕР

АӨК - агроөнеркәсіптік кешен
СШК - су шаруашылық кешені
ҚСД - қалыпты су деңгейі
ӨКД - өлі көлем деңгейі
МК - магистральді канал
ҚӨ - құбыр өсі
АӨК - агро өнеркәсіп кешені
ҚМШ - қалдықтардың мүмкіндік шегі
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ШМК - шекті мүмкіндік концентрациясы

КIРIСПЕ

ХХ ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанның барлық облыстарында суармалы жерлердің ауданы 2,3 млн.гектарға жеткен болатын. Қазіргі кезде суармалы жерлердің ауданы кеміп, 1,4 млн.га жер ғана пайдаланылуда. Оның 1,3 млн.гектары Қазақстанның оңтүстігінде, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағында орналасқан. Қалған облыстарда қолданыстағы суармалы жерлердің ауданы 90 мың га-дан аспайды.
Соңғы жылдары, суармалы жерлердің істен шығуына суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлап, топырақ құнарлылығының төмендеуі себеп болды. Суару жүйелеріндегі топырақ құнарлылығының төмендеуі, қолданыстағы суармалы жерлердің өнімділігінің кемуімен сипатталады. Сондықтан, шаруа қожалықтарының суармалы жерлердегі өндірілген егіннен түсетін пайдалары өте төмен. Қазіргі кезде суармалы жерлерден түсетін өнім, жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарынан түсетін өнімнің 5%-ын құрайды. Ал кезінде 2,3 млн.га суармалы жер Қазақстанның жалпы егін егілетін жерінің 5%-ын құраса да, олардан түсетін өнімнің 30%-ын беретін.
Келтірілген мәліметтерді салыстырмалы сараптау нәтижесі, қазіргі кезде суармалы жерлерден түсетін өнім өткен ғасырдағы өнімділікпен салыстырғанда 6 есеге кемігендігін көрсетеді. Бұл дегеніміз Қазақстанда көкөніс, жүгері, мақта, бау-бақша, жүзім сияқты дақылдар өнімдерінің азайып, республикамызды осы дақылдардың өнімімен толық қамтамасыз ете алмайтындығымызды анықтайды.
Қолдағы бар зерттеу нәтижелерін талдау барысында, оған себеп факторлардың бірі, суармалы жерлердің құнарлылығының төмендеуі екендігі анықталды. Суармалы жерлердің құнарлылығының төмендеуі, топырақтың тамыр өсетін қабатының тұздануына, сортаңдануына, тығыздануына, қоректік заттардың кемуіне, оның су режімінің бұзылуына тікелей байланысты. Сондықтан, суар­малы жерлердің өнімділігін арттыру үшін, осы келтірілген себептерді жойып, топырақтың құнарлы­лығын арттыру қажет.
Шығыс Қазақстан облысыгда суармалы жерлерді пайдаланудағы ұшан-теңіз мүмкіндіктің аздаған бөлігі ғана қажетке жаратылып отыр. Мәселен облыста 205 мың гектардың үстіндегі суармалы жердің 204,7 мың гектары ауыл шаруашылығы алқаптары болса, қазіргі кезде соның 64 мың гектары ғана пайдаланылуда. Бұл - Востокводхоз республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты жерлер. Олар Зайсан, Тарбағатай, Үржар, Жарма аудандарында. Ал сулы, нулы саналатын Күршім өңірінің бұл кәсіпорынға қарасты алқаптары жоқ. Осы аудандағы Сарыөлең кооперативінің шетелдік жобамен салынған каналдарының қызметі халыққа тиімсіз болғандықтан толық пайдаланылмай, ақыры банкротқа ұшырады. Семей өңіріндегі Ертістің суын пайдаланатын шаруашылықтар тәжірибесі суармалы жердің пайдасы қандай екендігін айқын айшықтап тұр деуге болады [1].
Жоғарыда аталған кәсіпорынның қарамағында алты су қоймасы мен 15 су тоспалары (плотина) бар. Олар шаруашылықтарды сумен толық қамтамасыз етуге қуаты жеткенімен, пайдаланылып отырған суармалы алқап көлемі аз. Мәселен, Зайсан ауданында 23 мың гектар алқап болса, оның егістікке жарамдысы 19,6 мың гектар, ал суарылатыны 14 мың гектар. Сол сияқты Тарбағатай ауданында 28000 гектар осындай жер болса, оның 15000 гектары тұрақты суаруға жатқанымен соңғы төрт-бес жылда 6500 - 7000 гектары немесе 49 пайызы ғана игерілуде.
Соңғы кезде Тарбағатай ауданында шаруа қожалықтары суды көбірек алатын болды. Себебі халық егінмен қоса екпе шөп (жоңышқа) өсіруді қолға алды. Осы ауданда су жеткілікті, 2011 жылы 40 миллион текше метр су жинап, соның жартысы ғана сұранысқа ие болды.
Дипломдық жұмыста Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Көкжыра шаруа қожалығына қарасты ауданы 210 га жерді суару жүйесі жобаланып отыр.
Жобаланылатын суарудың су көзі болып Тарбағатай тауынан солтүстікке қарай ағып шығатын Тебеске өзені саналады. Суару телімі су көзіне байланысты жүйектеп алаптап суару түріне жатады.
Жобаланып отырған суару жүйесі атап айтқанда жүйектеп алаптап суару табиғи пішінді жерлерді суаруға пайдаланылады. Жоғырыда айтқандай жобаланатын сегіз танапты егіс алқабы келесідей дақылдардан тұрады. Олар: Күнбағыс, жоңышқа және сүрлемдік жүгері.
Жерді жақсарту жұмыстарын одан әрі дамыту, оның агроөнеркәсіптік құрамында алатын, орнын көтеру, елімізді азық-түлік және шикізатпен тиісті тәртіп бойынша қамтамасыз етудугі маңызының зор екені белгілі.
Осыған орай агроөнеркәсіп кешегінің негізгі серігі - мелиоратордың шаруашылық ішкілік арық-атыз жүйесі мен олардағы арнаулы ғимараттарды техникалық жағынан күтудегі жауапкершіліктері күшейту талап етіледі. Олар егістікке берілетін әрбір текшеметр су арқылы өндірілетін өнімді молайту үшін оны мезгілінде және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Шаруашылықтағы егістік алқабын суару, су пайдалану жоспары негізінде жүргізулуі тиіс.
Міне, осы мәселелердің барлығы дипломдық жобада қарастырылады.
1 ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1.1 Орналасқан жерi
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қазақыстанның шығыс бөлігінде (470 45 146 000 1) солтүстiк ендiкте 820 571-750 501 бойлықта Тарбағатай тау жоталарының шығыс бөлігінде орналасқан.
Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталды.
Аудан Шығыс-Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында Тарбағатай тау жоталары мен Зайсан шұңқырының аралығында орналасқан. Аудан аумағы 23,8 мың кв. км-ге тең, солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 км-ден артық созылып жатыр [2].
Аудан шығыста Зайсанмен, батыста Үржар мен Аягөз, солтүстікте Көкпекті және Жарма аудандарымен шекаралас. Ауданның оңтүстігінен ұзындығы 300 км болатын, ҚХР - мен мемлекеттік шекара өтеді.
Ал жобадағы Көкжыра шаруа қожалығы аудан орталығынан Аксуат кентінен 9,5 км қашықтықта орналасқан.

1.2 Жер бедерi
Оңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді. Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды - соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар. Тарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары 1400-1700 м қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар.
Зайсан қазан шұңқыры - Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр - Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс. Ұзындығы - 225 км, ені 100 - 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай - жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады (1-сурет).

Сурет 1 - Суландыратын жүйе жобаланатын аумақтың топографиялық картасы

Аумақтың біршама бөлiгi iншара жер бетiн тегiстеу жұмыстарын жүргiзудi қажет етiп, ауылшаруашылығы дақылдарын өндiруге жағдай жасайды.
Жер бетiнiң еңкiсi өте қолайлы және суаруға қажеттi су көздерiнiң мөлшерi де жеткiлiктi. Топырақ құрамында барлық iс- әрекеттерге мүмкiндiк бередi. Бұл аумақта бұлақ көздерiнен бастау алатын Қандысу, Тымырсық, Ақсуат, Базар секіденген өзендер жеткiлiктi .
Жер бедерiнiң әртүрлiгiне жерасты ыза суларында әр түрлi тереңдiкте жататынына әсерiн тигiзедi, және олардың минералдық құралдары да әртүрлi болып келедi.

1.3 Су көздерi
Облыстық Тарбағатай тауының солтүстік бөліндегі өзендер негізінен Жайсан көлі су жыйнау алабына кіреді. Бұл маңдағы үлкен өзендердің қатарына Терсайрық, Шет Ласты, Орта ласты, Тебезгі, Базар, Қарабұға өзендері жатады. Бұл өзендер негізінен көктемгі еріген қар суымен қоректенеді. Бұл өңірдегі суы мол өзендер Қарабұға және Базар өзендері, тиісіне жылдық орташа су өтімдері 3,70 және 3,60 м3с құрайды [3].
Қарастырып отырған Тебезгі өзенінің жылдық орташа су өтімі Q = 1,40 м3с, жылдық су ағымы 44 млн. м3, көпжылдық орташа ағын модулі 2,46 лсек, жылдық ағынның құбылмалылық коэффициенті 0,46 тең. Тебезгі өзенінің су жинау алабы 570 км2, ұзындығы 53,6 км болады. 1 кестеде қарастырып отырған Тебезгі өзенінің айлар бойынша көпжылдық орташа су өтімдері берілген (2- сурет).

Кесте 1 - Тебезгі өзенінің таудан шығар жердегі жармасындағы айлар бойынша көпжылдық орташа мәліметтері

І
ІІ
ІІІ
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жылдық
0,28
0,31
0,47
2,12
4,94
3,26
1,41
1,12
1,00
1,15
0,54
0,36
1,40

Сурет 2 - Тебезгі өзені су өтімінің айлар бойынша таралуы
1.4 Топырақ және өсiмдiктері
Облыста 1131,1 мыңға жыртуға жарамды жерлер, бiраз бөлiгi тәлiмдi егiн шаруашылығы үшiн пайдаланылады. Егiн шаруашылығы үшiн пайдаланылатын топырақ аймақтары :
1. Жайсан көліне жақын аумақтағы жерлер, мұнда сары және шалғынды топырақтар .
2. Тарбағатай өзендерінің орта және төменгi ағысындағы алқаптар, мұнда сорлы сары және шалғынды - батпақты топырақтар.
3. Тарбағатай жоталарының солтүстiк бөлiктерi және бұған жақын орналасқан биiк ойлы- қырлы алқаптар. Мұнда сары тастақты және шалғынды сары топырақтар.
4. Ақсуат маңындағы аз корбанатты егiншiлiкке пайдаланылатын шалғынды сары топырақтар.

1.5 Климаты
Облыс климаты тез өзгергiш қатаң континентельдi. Көп жерлерде өте қатал және қысқа мерзiмдi қыс болып келедi, жазы ыстық құрғақты. Жылдың орташа температурасы 2,5оС, орталық бөлiгiнде 2,7оС, таулы аймақтарда 2,3 оС.
Облыстың бұл өңірінде қыста кейбiр жағдайларда өте қатты суықтар болып -40, - 45 оС жетуi мүмкiн.
Ең суық ай қаңтарда қарастырып отырған аумақта -18,2 оС, дейiн жетуi мүмкiн ал өте ыстық екi шiлдеде 22,3оС жетедi.
Жазда кейбiр күндерi температура 45 оС - қа дейiн жетедi (2 - кесте).
Үсiк көктемде сәуiр айының соңы мен мамыр айының соңында тоқтайды. Кейбiр жылдары 20 жылда бiр рет соңғы үсiк елдi мекенiнде мамыр айының ішінде байқалған. Осындай қолайсыз жағдайлар жылуды жақсы көретiн көкөнiстi дақылдардың жетiлуiне мүмкiндiк бермейдi. Қысқы үсiк қыркүйек айының бiрiншi онкүндiгiнде кейбiр жылдары (20 жылда 1 рет) тамыз айының екiншi онкүндiгiнде болуы мүмкiн, облыстың көпшiлiк аудандарында үсiк қыркүйектiң ортасында байқалады (3-кесте).

Кесте 2 - Ақсуат метеорологиялық бекеттің мәліметтері бойынша ауаның көпжылдық орташа температурасы

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XI
жылдық
-18,2
-16,5
-7,3
6,2
14,4
20,3
22,3
20,7
13,6
4,7
-6,2
-15
2,5

Сурет 3 - Ақсуат метеорологиялық станциясының мәліметтері бойынша айлық орташа температура

Кесте 3 - Ақсуат метеорологиялық бекеттің мәліметтері көктемгі және ерте күзгі үсіктер

Бекет
Кеш көктемгі үсіктер
Ерте күзгі үсіктер

күні
температура
күні
Температура
Зайсан
23.V
-5.3
21.IX
-4.6
Боран
27.V
-5.4
5.IX
-4.7
Тополев-Мыс
14V
-4.2
23.IX
-3.6

1.6 Жауын-шашын
Облыста жауын-шашын солтүстiктен оңтүстiкке қарай көбейе түседi.
Тегiс аймақта жылдық жауын-шашын мөлшерi 250-300мм неғұрлым таулы аймаққа жақындаған сайын молая түседi. Мөлшерi 600-850мм тауетегiнде 500-550 мм. Жаздада жауын- шашын мөлшерi жылдық жауын- шашынның 55-75% құрайды. Мамыр айында 20 мм ден 35 мм- ге дейiн болуы мүмкiн. Ал шілде айында көп мөлшерде болады 35 мм-ден 75 мм-ге дейiн жетедi. Кейбiр жылдары құрғақшылық болған кезде тегiс аймақтарда жауын- шашын мөлшерi 200 мм- ден аспайды [4].
Өте ылғалды жылдары жауын- шашын мөлшерi белгiлi мөлшерден 3-4 есе көп жауады.
Жаңбырлы күндер аймақтың тегiс жерлерiнде 5-6, таулы аймақтарда 11-13 тәулiкке жететiн кездер кездеседi. Кей кездерi көктемде тәулiгiне 40-50 мм, таулы жерлерде 60-70 мм-ге жетедi (4-кесте).

Кесте 4 - Ақсуат метеорологиялық бекеттің мәліметтері жауын-шашынның орташа айлық мөлшері.

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XI
жылдық
15
21
21
23
31
32
40
33
23
14
15
16
284

2 IШКI ШАРУАШЫЛЫҚ СУ ПАЙДАЛАНУ ЖОСПАРЫН ТҮЗУ

2.1 Шаруашылықта су пайдалану жоспары түзудiң негiзгi шарттары
Ауыл шаруашылық жұмыстарындағы суармалыдақылдарды күту ең алғаш уақтылы және жоғары дәрежеде суаруды жүргiзуге байланысты. Суаруды жүргiзу және оталатын дақылдарды трактормен өңдеу негiзгi кешендi жұмыс ретiнде қаралуы тиiс және бұл жұмыстар мол өнiм алу үшiн бағытталған болуы тиiс. Осыған байланысты су пайдалану жоспарын түзудiң негiзгi шарттары төмендегiше.
1. Шаруашылыққа берiлген су толық ысырапсыз пайдалануы қажет. Суаруды және суару арасындағы трактормен өңдеу жұмыстары уақтылы өткiзiлiп олар өзара бiр- бiрiмен байланыста болуы қажет.
2. Шаруашылықта суды пайдалануды ұйымдастыру жоғары дәрежедегi икемдiлiктi қамтамасыз ету қажет және суару ең нәтижелi агротехникалық мерзiмде жүргiзiлуi тиiс. Бұл деген шаруашылықтағы әрбiр ауыспалы егiстiк суды үздiксiз ағыспен суару мерзiмiнде (жүргiзiлуi қажет) суды қажеттi мөлшерде алуы тиiс.
3. Шаруашылықтағы су пайдалану жоспары трактор жұмыстарын жүргiзу жоспарымен тығыз байланысты болуы қажет. Тәулiкте суарылатын жер көлемi трактордың тәулiктiк атқаратын жұмыс көлемiне сәйкес болуы тиiс.
4. Судың сүзлуi мол болатын әсер коэфицентi жоғары болуы тиiс. Яғни, суару каналдары мөлшерден тыс аз суды жiбермей , олар есептiк мөлшердегi суды суармалы егiстiкке жеткiзуi қажет.

2.2 Iшкi шаруашылық су пайдалану жоспары қажеттi құжаттар, түзу ретi
2.2.1. Суару режiмiн түзу
Шаруашылық су пайдалану жоспары шаруашылықтың өндiрiстiк жоспарын ың бөлiгiн құрайтын бөлiмi болып есептеледi. Шаруашылық су пайдалану жоспармен алғашқы мiндет шаруашылыққа немесе жекелеген ауыспалы егiстiкке берiлетiн су мөлшерi дұрыс анықтау және күнтiзбелiк суару жоспарын түзу (4-сурет).
Екiншi мiндетi суару арасындағы өңдеу жұмыстарын бригада аралық су айналымымен байланыстарын суару мiндетiн ретiмен орнату.
Iшкi шаруашылыққа су пайдалану жоспарын түзу үшiн кезектегi қажеттi материалдар болуы тиiс.
1. Шаруашылықтың 1:10000 масштабтағы жер пайдалану жоспары. Бұл жоспарда суару жүйесiнiң барлық гидротехникалық бөлiктерi көрсетiлуi тиiс (сызба бөл. № 1)
2. Дақылдарды суару режимi Длимодық жобада суару үшiн режимiн "Гидротехник" анықтамасы оқулығы бойынша қабылдануы.
3. Каналдардың су жiберу мүмкiндiктерi.
4. Iшкi шаруашылық суару каналдарының пайдалы әсер коэфиценттерi.

Сурет 4 - Бас жоспар

Сурет 5 - Суарылатын учаскенің гидроморфиялық сұлбасы
Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимiнiң жинақталмаған гидромодул тiзiмiн түзу қажет. Бұл тiзiмдегi суару мерзiмдерi суармалау нормасы "Гидротехник анықтамасы" оқулығын пайдалана отырып қабылданады.
Тарбағатай ауданында қыс айы ұзаққа созылуына, қардың қалыңдығының көп мөлшерде болуына байланысты мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Сол себептi мал шаруашылығына қажеттi 10 тоналы мал азығы ауыспалы егiстiгi қабылданады. Бұл ауыспалы егiстiктiң құрамына кiретiн дақылдар:
1. Күнбағыс.
2. Жоңышқы.
3. Сүрлемдiк жүгерi.
Ауыспалы сүрлемдiктiң жер көлемi 210 га оның iшiнде күнбағыс 1,4,7,10 талаптарға орнатылған, суармалы жер көлемi 90 га, жоңышқа 2,6,9 талапта 70 га, ал сүрлемдiк жүгерi 3,5,8 талаптарға 60 га жерге орналасқан (5-кесте және 6 -сурет).

Кесте 5 - Ауылшаруашылығы дақылдарының суару режiмiнiң жинақталмаған гидромодулiнің көрсеткіштері

№№
Дақылдар
атауы
Жер көлемi
w га
Дақылдық
қатынасу үлесi
Суару саны
Суару ретi
Суару қалыбы
тмга
Суару нормасы
м3га
Суару мерзiм
басысоңы
Суару
ұзақтығы t тәулiк
Гидромодуль
деңг.q лсек га
Даму фразасы
1
Күнбағыс
90
0,41
3
1
800
2700
20.05
7.06
18
0,21

2
900

8.06
27.06
19
0,22

3
1000

28.06
17.07
19
0,25

2
Жоңыш
қа
70
0,30
3
1
1000
3300
15.05
13.06
29
0,16

2
1100

14.06
6.07
22
0,23

3
1200

7.07
2.08
26
0,21

3
Сүрлем
дiк
жүгері
60
0,29
3
1
1000
3100
20.05
15.06
26
0,18

2
1000

16.06
10.07
24
0,19

3
1100

11.07
8.08
28
0,18

Сурет 6 - Ауылшаруашылығы дақылдарының суару режимiнiң жинақталмаған гидромодулi

Дақылдардың қатынасу үлесi (1.)формуласымен анықталады.

(1)

мұнда Wдақ- әр дақылдың суармалы жер көлемi, га
W- барлық ауыспалы егiстiң жер көлемi, га

Гидромодул деңгейi төмендегi формула бойынша анықталады.

, лсек га
(2)

мұнда -- жинақталмаған дақылдың қатынасу үлесi.
m- суару қалыбы, м3 га
86,4- тұрақты коэфицент, тәулiктегi секунд саны
t- суару ұзақтығы, тәулiк

лс га

Шаруашылықта 5 - кестедегi жинақталмаған гидромодуль бойынша берiлген суару мерзiмiмен ауыспалы егiстiктегi дақылдарды суаруға болмайды. Өйткенi бұл суаруда гидромодуль деңгейлерi әркелкi болып келедi, яғни суаруға берiлетiн судың мөлшерi де әртүрлi мөлшерде болып, суару деңгейi төмендеп пайдалы әсер коэфицентi де бiркелкi болмай әртүрлi болады, суару сомасы төмендейдi. Сол себептi жинақталмаған гидромодульдi жинақтау қажет. Ол үшiн суару мерзiмдерiн өзгертiп бiркелкi қалыпқа түседi. Жинақталған гидромодуль деңгейiн анықтау үшiн төмендегi формуламен пайдаланады.

q жинақталмаған t жинақталмаған
q жинақталған = - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - лс га
t жинақталған
(3)

мұнда q жинақталмаған- жинақталмаған гидромодуль деңгейi (кесте 5; бағана 12) лс га.
t жинақталмаған- дақылдарды жинақталмаған суару кестесi бойынша суару ұзақтығы (кесте - 4 бағана 11) тәулiк
t жинақталмаған- дақылдарды суару мерзiмiн өзгерткеннен кейiнгi суару ұзақтығы тәулiк.
Есептi оңайлату үшiн алдымен әр дақылдың орташа гидромодульдеңгейiн табу қажет, яғни

∑q жинақталмаған
q орт = ----------------------------------- -------- лс га
h
(4)

мұнда : ∑q жинақталмаған - әр дақылдың жинақталмаған гидромодуль деңгейi лс га.
h = әр дақылдың суару саны, рет

0,21+0,22+0,25
q орт күнбағыс = - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - = 0,23 лс га.
одан соң дақылдың әр суарудағы ұзақтығын анықтауға болады:

q жинақталмаған t жинақталмаған
t жинақталған = - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - лс га
q орт

(5)

0,23∙18
t жинақталған Күнбағыс= -----------= 17 тәулiк
0,23

Осы шығарылған есептер бойынша ауылшаруашылығы дақылдарының суару режiмiнiң жинақталған гидромодуль кестесiн түзедi (6-кесте)
Кесте 5 және 6-шы берiлген мәлiметтер бойынша жинақталмаған және жинақталған гидромодуль кестесiн немесе үрдiсiн (7-сурет) тұрғызады. Одан соң барша дақылдардың әр суару мерзiмi бойынша суару жұмысын жүргiзедi.

2.3 Күнтізбелік суару кестесін түзу
Күнтізбелік суару жоспарын түзу үшін жинақталған гидромодуль режимінен сару мерзімін кесте түсіреміз. Күнтізбелік суару жоспарында әр онкүндік және жалпы суару мерзімінде дақылдарды суаруға берілетін су көлемін анықтаймыз (7-кесте).
1. Әр дақылды суарудағы әр суарудың әр ұзақтығын анықтаймыз. Мысалы: Күнбағысты бірінші суарудан мерзімі 20.05-06.06 аралығында бірінші онкүндікте 20-29.05 аралығында суару ұзақтығы 10 тәулік, екінші онкүндікте 30-9.06 аралығында 7 тәулік, барлығы 20.05-06.06 аралығында 17 тәулік.
2. Суару гектар көлемін табу үшін алдымен тәулікте суарылатын жер көлемін анықтаймыз.
Күнбағысны суару үшін 90:17=5,29 га. Бір тәулікте. Бірінші онкүндікте 5,29х10=52,9 га, екінші онкүндікте 90 - 52,9 =37,1 га.

Кесте 6 - Ауылшаруашылығы дақылдарының суару режiмiнiң жинақталған гидромодулiнің көрсеткіштері

№№
Дақылдар
атауы
Жер көлемi w,га
Дақылдар қатынасу
үлесi
Суару саны
Суару ретi
Суару қалыбы
м3 га
Суару нормасы
м3 га
Суару мерзiмi

Басы соңы
Суару ұзақтығы t,
тәулiк
Гидромодуль деңгейi
qлсек га
Даму фазасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
6-кестенің жалғасы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
Күнбағыс
90
0,41
3
1
800
2700
20.05
06.06
17

0,23

2
900

7.06
27.06
20

3
1000

28.06
20.07
22

2
жоңышқа
70
0,30
3
1
1000
3300
15.05
1.06
17
0,20

2
1100

2.06
1.07
29

3
1200

2.07
22.07
22

3
Сүрлемдiк жүгерi
60
0,29
3
1
1000
3100
20.05
10.06
21
0,20

2
1000

11.06
1.07
20

3
1100

2.07
23.07
21

Сурет 7 - Ауылшаруашылығы дақылдарының суару режимiнiң жинақталған гидромодулi
3. Су көлемін табу үшін бірінші суарылымда берілетін суару нормасын әр онкүндікте суарылатын жер көлемдеріне көбейтеміз.
Бірінші онкүндікте: 52,9·800=42320 м3
Екінші онкүндікте: 37,1·800=29680 м3
Тексеру: 42320 +29680 = 72 000м3

2.4 Каналдардың су өткізу мөлшерін табу
Каналдардың су өткізу мүмкіндігін табу үшін жер көлемі мен суару нормасының ең үлкен мөлшері қабылданды және каналдардың ұзындығы есептеледі (8-кесте).
Каналдағы нетто су шығынын мына формула бойынша анықтаймыз.

(6)

мұнда: W - әр жер көлемі, га.
m - суармалау нормасының әр дақыл үшін ең мол мөлшері, м3л
t - каналдың жұмыс істеу ұзақтығы, бұл канал үшін t=4 тәулік көлемінде қабылданады.

Кесте 7 - Күнтізбелік суару кестесі

Дақылдар
W
V
VI
VII

га
I
II
III
I
II
III
I
II
III
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Күнбағыс
90

Жоңышқа
70

Сүрмелдік жүгері
60

Суару ұзақтығы
t тәулік
Күнбағыс

11
64
10
64
10
8

жоңышқа

5
11
19
10
10
10
10
2

сүрмелдік
жүгері

11
10
10
10
10
10
1

∑ t

5
33
30
30
30
30
28
3

үстемелеп
көбеюі

5
38
68
98
128
158
186
189
Суару жер көлемі
w га
Күнбағыс

58
3218
45
2716
41
33

жоңышқа

20
45
522
24
24
32
32
6

сүрлемдік
жүгері

31
29
30
30
28
28
4

∑W

20
76
106
99
97
101
93
10

үстемелеп
көбеюі

20
96
202
301
398
499
592
602

7 - кестенің жалғасы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Суаруға берілетін су
көлемі W м3
Күнбағыс

46400
41800
40500
40300
41000
33000

жоңышқа

20000
45000
29200
26400
26400
35200
38400
7200

сүрмелдік
жүгері

31000
29000
30000
30000
28000
30800
4400

∑W

20000
122400
100000
96900
96700
104200
102200
11600

үстемелеп
көбеюі

20000
142400
242400
339300
436000
540200
642400
654000

Qнт, лс

39
236
193
187
186
201
197
22

Qбр, лс

45
277
227
219
219
236
231
26

Каналдың брутто су шығыны
Qбр=Qкт+Qсүзілу лс
мұнда: Qсүзілу - сүзілу ең шығыны лс

мұнда: Qкт талаптық каналдан нетте су шығыны лс
l - талаптық каналдан ұзақтығы, км
δ - судың сүзілу пайызы, %.

мұнда А және m судың сіңірілуіне байланысты топырағы су сіңіру коэффициенттері (8-9-кесте).

Кесте 8 - Каналдардың су өткізу техникалық мүмкіндігі

Каналдар атауы
Каналдар ұзындығы l км
Су өткізу мүмкіндігі лс
η

Qпт
Qсүзілуі
Qбр
Qкөтеріңкі

К1
0,220
177
3,1
180,1
216,2
0,95
К2
0,230
132
2,3
134,3
161,2
0,95
К3
0,230
160
2,8
162,8
195,4
0,95
К4
0,170
130
2,3
132,3
158,8
0,95

Кесте 9 - А және m коэффициенттерінің мөлшері

А
Топырақтың су өткізгіштігі

күшті
орташа
әлсіз

3,4
1,9
0,7
m
05
0,4
0,3

Qбр=177+3,1=180,1 лс
Qкөтеріңкі=1,2·180,1=216,2 лс

2.5 Күнтізбелік суару жоспары
Суару ұзақтығы 7 формулармен анықталады:

тәулік
(7)
мұнда: W - танаптың жер көлемі, га
m - суару нормасы, м3га
Qпт - танаптық каналдың су өткізу мүмкіндігі, лс

≈4 тәулік
Суару мерзімінің басталуын алғашқы танап үшін кесте 6-ден аламыз, ал соңын суару ұзақтығына (кесте 7) байланысты аламыз, ұзақтық 3 тәулік, сонда күнбағыс үшін басы 20.05 - 24.05.
Ал екінші жоңышқалық танап үшін басы 15.05 соңы суару ұзақтығы 4 тәулік болғандықтан 20.05 болады.

2.6 Суару мен өңдеудің жедел жоспары
Күнтізбелік суару жоспары барлық суару мезігіліне жасалатындықтан дақылдардың судың нақты қажеттілігін анықтай алмайды. Сол себепті су пайдалану жоспарын түзген кезде суару мен өңдеудің жедел жоспарын қосымша түзу қажет. Бұл жоспар суару жүйесін жөнге келтіру үшін 10-15 күнге жасайды. Оны жасау үшін 2-4 тәулік аралығында суарылайды танаптарды қабылдайды. Бұл танаптарды қабылдағанда оларды суару мен суарғаннан соңғы өңдеулермен байланыстыру қажет. Өңдеуді суарғаннан соң 2-3 тәуліктен келіп жердің ылғалдығына байланысты жүргізу қажет. Бұл жобада (жоспар), мысал үшін төртінші танап алынған [5].
Тракторлар саны олардың еңбек өнімділігіне байланысты қабылданады. Орташа еңбек өнімділігі 10-15 га көлемінде қабылданады. Тракторлардың жұмысын 1-2 аусымды етіп қабылдау қажет (күндізгі мезгілде).

2.7 Суаруға дайындау және ұйымдастыру
Суды пайдалану жоспарын іске асырудың негізгі кепілі - жерді суаруға дұрыс және толық дайындау болып саналады.
Жылсайын суарылатын жерді дақылдарды егістен бұрын тармалап немесе жер тегістегіш машиналармен адыр-бұдыр жерлерді тегістеп өту қажет.
Аталатын дақылдар үшін атыздар суарудан 1-2 тәулік бұрын қозу қажет, ал дәнді дақылдармен шөпті өсімдіктерді суару үшін атыздар егін егу кезінде жүргізіледі.
Атыздардың тереңдігі бірінші суарылымда 18см-ден кем емес, ал келесі суарылымда 20-29 см тереңдікте тарту қажет.
Суармалы жерлерді суаруға дайындау үшін жүргізілетін жұмыстар:
-суармалы танаптарда жер бетін тегістеу;
-уақытша тілінетін құлақтарды жер бетін суару атыздарын тілу;
-суару жабдықтарын дайындау және оларды орналастыру;
-каналдарды
-гидротехникалық ғимараттарды жөндеу.
Суару жұмыстарын астамасы бұрын, егер суармалы жер көлемі мол болса, оларды бригадаларға бөліп оның жауапты адамдарын бөліп белгілеу қажет.
Бригадир суыларды бөледі, оларды суаратын танаптармен таныстырады, сулы ағашы белгілейді.

2.8 Суару кезіндегі еңбек өнімділігін арттыру шаралары
Суармалы жерді уақытылы суару мен оның жоғары саналы жүргізілуі шаруашылықта суару жұмыстарын ұйымдасыруға байланысты болады.
Суару жұмыстары білікті сушының басқаруымен жүргізілетін 3-5 адамнан тұратын сушылар бригадасының қатынасуымен жүргізіледі. Суару екі ауысымда жүргізіледі. Бас білікті сумен екі аусымда да суарудың саплы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Суару үшін көп еңбек ету қажет. Суарылатын егістікте суару жабдықтары болмаған жағдайда атызбен суару кезінде сушының еңбек өнімділігі бр аусымды 1 га-дан аспайды, ал алғашқы суару кезінде небәрі 0,3-0,5га болуы мүмкін.
Сушының еңбек өнімділігі ең алдымен жер бетінің тегістігінен және уақытша оқ-арықтар мен атыздардың қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуіне байланысты. Суару жабдықтары сушылардың еңбегін жеңілдету мен қатар суармалы егістікке суды бірқалыпты тарату үшін және суды үнемді пайдалануға сонымен қатар суару техникасының жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Егер суару кезінде атыздарын суару түтікшелерімен, қолқандарен сарандармен қамтамасыз етсе тәжірибелі сушының еңбек өнімділігі 2-3га дейін көтерілуі мүмкін.
Уақытша каналдарда атыздарға суды қатты және тілгіш көмегімен жіберуге болады. Атыздарға су жіберетін сифонмен ұзындығы 80-125см мөлшерінде болады [6].
Сироннан су жіберу мүмкіндігін 10-кесте арқылы анықтауға болады.

Кесте 10 - Сифонның диаметрімен тегеуріш байланысты су жіберу мүмкіндігі

Тегеуіріні, cм
Түтікшенің диаметрі және материалы, см

полиэтилен
темір
озинналы

2
3
4
5
2
3
4
5
2
3
4
4
0,19
0,34
0,79
1,19
0,14
0,32
0,46
0,86
-
-
-
6
0,23
0,51
0,91
1,43
0,17
0,35
0,63
1,10
-
-
-
8
0,26
0,59
1,10
1,65
0,20
0,44
0,79
1,20
-
-
-
10
0,28
0,66
1,18
1,84
0,22
0,50
0,88
1,37
0,4
0,52
0,47
12
0,32
0,72
1,29
2,02
0,24
0,55
0,97
1,46
0,23
0,57
1,05
15
0,36
0,81
1,45
2,25
0,26
0,58
1,05
1,60
0,25
0,62
1,13

Егер ең кіші аз болса сиронның диаметрі 3-5 см, орташа болса - 3см кем болса -2-3 см мөлшерде болады.
Сифон арқылы атызға су жіберу үшн сифон сумен толтырып суға салады. Сифонның екі үлкен су оғын кетпес үшін алақанмен қапсыра жабу керек.
Сифонды оқ арнамен атыздың аралығында (браво) үсстіне қояды, қол сифоннан босатылады. Одан соң ақ-арматаға валды одан әрмен атыздағы қолды босатады. Бұл жұмысты орындау кезінде сифрнға ауа кірмеуін қадағалау қажет. Тәжірибе сушы 50-70 сифонмен су беруге мүмкіндігі болады.
Суару кезіндегі еңбек өнімділігін арттыру шаралары:
-белгілі егістікте жер беретін тегістеу ұзын атыздармен алшақтарды пайдалану кезінде сушының еңбек өнімділігі 2-3 есе ұлғайтады.
Суару жабдықтарын пайдаланған жағдайда атыздарға су бөлу кезінде еңбек еңбек шығыны 2,5-7 есе азаяды.
Уақытша каналдармен оқ-арнаторды тасымалданатын құбырлармен. ПШН-165 суару машиналарымен құбырлармен алмастырғанда еңбек өнімділігі еселей түседі.
Жобада су түйікшілері мен сифондар қабылданған түтікшелердің диаметрі 5см, ал иілген сифондар ддиаметрі 5см-лік қабылданған.

2.9 Суды және суарылған жерді есептеуді ұйымдастыру
Шаруашылыққа берілген судың мөлшері ішкі шаруашылық суды пайдалану жоспарларын сәйкес болуы қажет суды өлшеу және септеу арнайы суөлшегіш құбырларының көмегімен жүргізіледі. Ол үшін арнайы су өлшегіш құбырларын су өлшейтін бекеттеріне орналастырады. Ол бекеттер ішкі шаруашылық каналдарының аз бөлгіш каналдардың каналдардың бас сағасында орналастырылады. Суды шаруашылықтарға сландары жүйесі басқарманың гидротехника бас сағада орналдасқан су өлшегіш бекеттерінің көрсеткіштері бойынша, түзілген ішкі шаруашылық су пайдалану жоспары негізінде бөліп береді [6].
Су өлшегіш бекеті көктемде орнатады. Суару жүйесінің гидротехника немесе гидраметрі тақтайша бекеттерінде дәлдік тексеруді жүргізуді яғни су өтімі мен деңгейінің байланысы орнатады.
Су өлшегіш бекеті орналастын жер түзу және жиектерінен еңкісі көлбеу болуы тиіс. Су өлшегіш тақтайшаның нөлдік деңгейі канал табанының деңгейі мен сәйкес болуы тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде
Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Ақтөбе -- Батыс Қазақстандағы қала
Шаруашылық ішіндегі су пайдалану жоспарларын құру
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
Табиғи климаттық жағдайы_Ауыспалы егіншілік дақылдардың орны
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы
Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қызылағаш LD өндірістік бірлестігінің суару жүйесін жобалау
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Тақталап суару
Пәндер