Күнбағыстың түрлері


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Халидоллаева Ж.
«Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы жағдайында күнбағыс зиянкестеріне қарсы химиялық тәсілдерді қолдану»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантин»
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
факультеті
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Беттер саны
Сызбалар мен көрнекі
Материалдар саны
Қосымшалар
Орындаған
(аты-жөні)
20 ___ ж. “” қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі (қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы - 2018ж.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
мамандығы
кафедрасы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жобада /жұмыста/ қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты, жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты, жөні)
Жұмыс (жоба) жетекшісі
(қолы) (аты, жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты, жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетiктерiнiң қалыптасуымен сипатталады. Реформа жағдайында, бiрiншi кезеңде, елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн, тұрғындарды сапалы тамақ өнiмдерiмен және олардың жалпы әлеуметтiк жағдайының көтерiлуiн қамтамасыз ету жолға қойылды және т. б.
Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлiкпен, өнеркәсiптi шикiзаттармен қамтамасыз ететiн агроөнеркәсiп кешенiнiң негiзгi сферасы - ауыл шаруашылық өндiрiсi әлi де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ. Ауыл шаруашылық өндiрiс көлемi жылдан жылға кемiп, оның себебiнен, өңдеу өнеркәсiбiнде өңделетiн ауыл шаруашылығы шикiзаттары кеміп, өндiрiстiң қуаттылығы толық пайданылмай, тиiмдiлiгi төмендедi. Бұл мәселелердi шешудiң бiрден - бiр жолы агроөнеркәсiп кешенiн нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетiлдiру.
Агроөнеркәсіп кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады. Ауыл шаруашылығында техникалық дақылдар, оның ішінде майлы дақылдарды өндіру үлкен маңызға ие. Себебі, майлы дақылдардан алынатын өнімдер тамақ, электро-химия, авиация, медицина және т. б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде майлы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмауда.
Агроөнеркәсiп өндiрiсiнде майлы дақылдар iшкi кешенiн дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық бiрiккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетiлдiру. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетiктерiн, олардың арасындағы өндiрiстiк экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту агроөнеркәсiп кешенiнiң технологиялық және ұйымдастырушылық бiртұтастығын қамтамасыз етудi қажет етедi.
АӨК-i саласындағы майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастырылмаса, ондағы туындайтын өзара iс-әрекеттерін, майлы дақылдарды өндiру, дайындау, өңдеу, тасымалдау және өткiзу үрдiсiнде оңтайлы ұштастырылу мүмкiндiктерi шектеулi болады және бұл жағдайда, өнiмнiң өзiндiк құнынан төмен бағаға сататын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жағдайы төмендеп, ол өз кезеңiнде өңдеу салаларына әсерiн тигiзедi.
Майлы дақылдар өндірісінде экономикалық өзара қатынастарын қалыптастыру және дамытуда өндiргiш күштердiң, өндiрiстiң қоғамдануының даму деңгейлерiн және интеграциялық бiрiккен салалардың ерекшелiктерiн есепке алу қажет [4, 6, 10] .
Зиянкес организмдердің арасында ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестері болып бунақденелілер (INSECTA ) тобына жататын, олардың көптеген туыстастары және түрлері бар. Олар өсімдіктің тамырларымен, гүлімен, сабағымен, жемісімен, бүршігімен, жапырағымен т. б. ағзаларымен қоректеніп, дақылдың өсуін тежейді. Ақырында өнімділікті төмендетеді, кей кездері зиянкес жаппай көбейген кезде өсімдіктерді мүлдем жойып жібереді.
Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің дүниежүзілік және отандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы негізгі әрі өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты: «Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында өсірілетін күнбағыс дақылы зиянкестерінің түрлік құрамы, биоэкологиялық ерекшеліктері мен қатар, негізгі зиянкес түрлерімен күресу шараларына негіздеме жүргізсек.
- Жарма ауданында өсірілетін күнбағыс дақылынан алынатын өніміне топырағы және климатының әсерін бақылау.
- ауылшаруашылығында күнбағыс дақылын өсіріп мол өнім алудың жаңа технологиясын қарастыру.
- күнбағыс зиянкестерінің дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізу.
- күнбағыс зиянкестерінің табиғи жаулары және энтомофагтарының түрлерін анықтау.
- күнбағыс дақылындағы зиянкестерге қарсы қолданылатын тәсілдердің тиімділерін таңдап қорғау шараларын жүргізу.
- күнбағысты өсіріп-өндіруге кеткен шығынның биологиялық және экономикалық тиімділігіне сараптама жасау.
-диплом жұмысына мәліметтер жинау және зерттеу варианттарын қойған кезде еңбектегі қауіпсіздік ережелерін бұзбау жөніндегі келісімдерді ескеріп, еңбек қорғау бөліміне ұсыныстар енгізілсе.
- диплом жұмысының қорытындысын нақтылау т. б.
Жоғарыда баяндалған мәселелер зерттеу тақырыбын таңдауға ықпал жасап, тақырыптың өзектiлiгi және экономикалық мазмұндылығы анықталды.
- Әдебиеттерге шолу
Зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша күнбағыс дақылының отаны - Солтүстік Америка. Археологиялық қазбалардың растауы бойынша үндістер күнбағысты 2000 жылдан астам уақыт бұрын өсірген. Мәліметтер бойынша күнбағыс дақылы Европадан испандықтарға келген, XVI ғасырдың басында оны мадридтік ботаникалық бақта өсіре бастаған.
Петр I күнбағыс өсімдігін алғаш рет Голландиядан көріп, өзінің жаршысын жіберіп, тұқымын Ресейге алдыртады. Содан бастап біржылдық күнбағыс Ресейде көптеп егілі бастады [1] .
Күнбағыстың тұқымдары мен жемістерінің құрамында өсімдік майы болатын өсімдіктерді майлы дақылдарға жатқызады. Майлы дақылдар ботаникалық көптүрлілігімен ерекшелінеді. Оның ішінде азық - түліктік майлардың ішінде өндірісі бойынша бірінші орынды күнбағыс иеленеді. Сонымен қатар, күнбағыс - бағалы құнарландырылған мал азығы және шөптесін өсімдік болып табылады. Оның сабағының күлінен поташ (калий тыңайтқышы) алынады. Майлы дақылдар өсімдіктерінің көпшілігі - жақсы бал әкелетін өсімдік [2] .
Күнбағыс егінінің өнімділігін арттырудың бірден - бір жолы - бірінші кезекте тұқым шаруашылығында күнбағыстың буданын жақсарту. Күнбағыстың буданы бір мезгілде тез пісетін, өсіру технологиясы қатаң, өнімділігі басқа сорттарға қарағанда жоғары болады.
Күнбағыстың сорты - бұл буданды популяция, ұзақ вегетация кезеңінде пісетін, сабағы биік және тұқымының түсі өзгеше болады. Ол сыртқы ортаның барлық жағдайына, аурулар мен зиянкестерге төзімді, майлылығы және өнімділігі жоғары болады [3, 4] .
Европаға күнбағыс дақылы Солтүстік Америкадан әкелінді, басында испандықтар күнбағысты бірінші рет сәндік мақсатта өсірді. XVI ғасырдың соңында күнбағыстың сәндік түрлері барлық Европада өсіріле бастады. Күнбағыстың Европада таралуы көптеген тәсілдердің тууына, яғни ботаника, медицина және тағы басқа жаңа деректерді ашуға ынталандырды. XIX ғасырда крестяндық А. Д. Бочковой бірінші май алу әрекетін сәтті жүзеге асырды [5] .
Қазіргі кезде күнбағыс шаруашылығының аумағы 115 га. Егуге тек элиталы сорттар қолданылады. Оның 88 га аумағына бірінші және екінші репродукциялы тұқымдар, ал қалған 27 га буданды тұқымдар (F1) қолданылады. Күнбағысты күздік бидай және арпамен араластырып егеді. Көбіне күнбағыс егістігі арамшөптерден зиян шегеді, сондықтан агротехникалық шараларды қатаң сақтау керек [6] .
Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға - қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Бірден кептіру жақсы желдетіліп тұратын қараңғы қоймаларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды Осы заманғы стандарт талаптары бойынша адам бір жылда 8, 47 кг өсімдік майын (май түрінде - 6, 53 л, маргарин - 1, 75 кг өнімдерін) падалануға тиіс. 2002 жылы республикамызда 104630 т күнбағыс майы өндірілді, бұл қажет мөлшерінің 21, 6%, басқаша айтқанда 484, 6 мың т майдың жетіспеген көлемі импорт есебінен толтырылды. Соңғы жылдары елімізде өсімдік шаруашылығында диверсификация үрдерісін кеңінен қолдану нәтижесінде және нарық экономикасының талаптарына сәйкес майлы дақылдар өндірісі артуда [7] .
Д. С. Васильев [8] күнбағыстың вегетациясы 5 кезеңге бөлген сызбасын ұсынды. Бұл кезеңде күнбағыстың вегетациясында сыртқы орта жағдайына қоятын шарттары көрсетілді:
1. Тұқымның өнуі - өскіннің пайда болуы: негізгі өмір сүру процессы - бөрту және тұқымның өнуі, өскіннің пайда болуы - судың сіңіуімен байланысты. Осы кезеңде сыртқы орта жағдайына әсер ететін фактор - температура. Тұқымның өнуіне топырақ қабатының қолайлы температура - 10-12°С құрайды, осы жағдайда өскін 10-14 күнде өсіп шығады.
2. Өскіннің пайда болуы - себеттің құралуы, бұл кезеңде жапырақтардың саны -18-20 жетеді: күнбағыстың өне бастаған себеті 3 этаптан мүшелерінің қалыптасуы, 4 этапта 5-8 жапырақтардың пайда болуы гүл тұғырында гүл төбе салу. Ал 5 этапта органогенез жамылғы және гүлдің генеративті органдарына айналады.
3. Гүлдің түйнегінің - гүлдеуі: бұл кезеңде жердің бетіндегі органдары және тамыр жүйесінің қарқынды өсуі байқалады. Гүлдеудің басында қарқынды өсу бәсеңдейді, ал соңында ол тоқтап қалады. Жапырақтардың орташа ярустарының (14-26 жапырақ) қарқынды өсуі жалғасады. Осы кезеңде генеративті мүшелері өседі.
4. Гүлдену - пісу: гүлдену өскін шыққаннан 50-60 күннен кейін басталады және 20-25 күнге созылады (бір себет 8-10 күнде гүлдейді) . Себеттің максимальды ұлғаюы гүлдегеннен 8-10 күннен кейін өсуі жалғасады. Тұқым түзу фазасы ұрықтанудан 30-35 күннен кейін аяқталады. Пісу кезеңі тұқымның ылғалдылығына байланысты - 36-40%. Себеттің сыртқы жағы сарыға айналады. Биологиялық тұқым процессі тоқтайды. Физикалық суды булау басталады.
5. Толық пісу: толық піскен себет сары - ала түсті, тұқымның ылғалдылығы 12-14% дейін төмендейді.
XIX ғасырда күнбағыс және күнбағыс майы Ресейде ұлттық тағамға айналды. ХХ ғасырдың басында Ресейде миллион гектар аумаққа жетті. Кейіннен ХХ ғасырдың аяғына таман күнбағысты өсірумен Аргентинада айналыса бастады. Көлемі жөнінен 1999 жылы күнбағыс майы 4 орын, рапс пен пальма майын қоспағанда [9] .
Әлем бойынша күнбағыс дақылының егіс алқабы 2013 жылы 22, 33 млн га құрады. Ол Аргентина, АҚШ, Канада, Қытай, Испания, Турция, Франция, Болгария, Украина тағы да басқа елдерде егіледі. В. К. Морозов [10] айтуы бойынша күнбағыстың орташа өнімділігі Ресейде 1т/га құрады. Ал жақсы шаруашылықта 2-3 т\га алды. Потенциальды өнімділік -5т/га. Селекцияның жетістіктері және жақсы тұқым өсіруші мекемелер майлылығы бай тауарлы тұқыммен қамтамасыз етті. 1950 жылдары тұқымдағы май - 30, 4%, ал зауыттан шығатын май - 28%, ал 1981-1985 жылдары - 46, 9% және 45, 5% құрады.
Англияда 1716 жылы алғаш рет күнбағыс майын өндіретін кәсіпорын ашылды. Бір - бірінен көлемі, себеттері мен гүл шоғыры, тұқымындағы майлары арқылы ажыратылатын көптеген сорттары өсіріле бастады. Күнбағыстың селекциясы мен агротехникасына байланысты ерекше жаңалықты академик В. С. Пустовойт [11] әкелді.
Күнбағыс әрі сүрлемді, азықтық және жақсы бал жинағыш өсімдік. Бал арасы балды күнбағыс гүлінің шырыныннан және тозаңыннан жинайды. Украина, Солтүстік Кавказ, Қазақстанда негізгі бал шаруашылығы осы күнбағыстан басталады, сонымен қатар ол балмен қамтамасыз етеді. Балдың жиналу мөлшері ауа райы жағдайына байланысты. Қолайлы жылдары егістен 25 кг\га алуға болады [12] .
Ал қанттылық шырыны - 45 - 79 % аралығында болады. Күнбағыстың балы - алтын түстес, ашық сары кей кездері жасыл түстесте болады [13] .
Жалпы, адамдардың бөжектерге деген қызығушылығы немесе оның пайдалылығы мен зияндылығына көңіл аударуы өте ерте заманнан басталды. Олардан күнделікті тіршілікке керекті азық түлікті (бал арасы), бояу, жібек және дәрілік заттар алуға болатынын, сонымен қатар әртүрлі мәдени дақылдарының зиянкестері мен үй жануарларының паразиттері ретінде белгілі бола бастады. Кейінректе энтомология ғылымы дами келіп, әртүрлі салаларға бөлінді. Мысалы: ара шаруашылығы, жібек шаруашылығы, ветеринария, медициналық және ауылшаруашылық энтомологиясы.
Жануарлардың осы қатарына арналған ғылыми әдебиеттер 18-ші ғасыр шведтің Ұлы ғалымы, табиғатты зерттеуші К. Линнейдің еңбектерімен ерекшеленеді. Оның әлемге әйгілі «Табиғат жүйесі» (Systema naturae) атты еңбегінде бөжектердің жіктелумен қатар басқада көптеген мәліметтер келтірілген. Бөжектердің морфологиясы мен биологиясы жөнінде Р. А. Реомюр (1683-1757) 6 томдық (Memoirs hour servire a l histoire des insectes) еңбек қалдырған [14] .
19-ғасырда өте көп еңбектер бөжектердің биологиясына, морфологиясына, жүйелік жіктелуіне, таралуына және қолданбалы салаларына да арналды. Э. К. Брандтың (1839-1891) еңбектері осы жәндіктердің жүйке жүйесін зерттеуге, Ф. П. Кеппеннің (1833-1908) 3 томдық іргелі еңбегі зиянкес бөжектерге арналды.
Энтомология ғылымы Советтік кезеңде өте жақсы дамыды. Бөжектер классына (табына) кіретін көптеген топтарының мофологиясына, биологиясына, жіктелуіне, таралуына, экологиялық ерекшеліктеріне және зиянды түрлеріне арналған еңбектер көптеп жарық көрді. Соның ішінде, қатты қанаттыларды зерттеу де қарқынды дамыды. Өйткені, бөжектердің осы тобында ағаш тектес өсімдіктер мен ауыл шаруашылқ дақылдарының, жеміс ағаштарының және қойма зиянкестері өте көп екені мәлім болды. Осы кездегі зерттеулердің нәтижесінде Алексеев А. В., Арнольди Л. В., Гурьева Е. Л. т. б-дың 5 томдық «Определитель насекомых Европейской части СССР». М., Л., «Наука» 1965 [15, 16], Б. В. Добровольскидің «Вредные жуки» Ростов-на-Дону, 1951 [17], Ф. А. Зайцетің «Насекомые жесткокрылые», Фауна СССР, 1953 [22], О. Л. Крыжановскидің Жуки жужелицы рода Carabus Cредней Азии. Изд№АН СССР М. -Л., 1953 [19], Б. С. Кузиннің Жуки нарывники Казахстана. Труды Республк. станции защиты растений. Алма-Ата, 1953 [20], C. И. Медведевтің Жесткокрылые, т. Х, вып. 1-5. Пластинчатоусые. Фауна СССР, М. -Л., 1949-1964 [18], Д. А. Оглоблиннің Насекомые жесткокрылые. Т. ХХҮІ, вып. І. Листоеды. Фауна СССР, 1936. т. б. көптеген еңбектер жарыққа шықты.
1950-1990жылдары Қазақстандық ғалымдардың қаттықанатыларды (C OLEOPTERA ) зерттеу жұмыстары айтарлықтай дәрежеде жүргізілді. Атап өтетін болсақ И. А. Костиннің «Стволовые вредители хвойных лесов Казахстана» Алма-Ата, 1964 [23], К. З. Куленованың «Жуки листоеды (Coleоptera, Chrysomelidae) Казахстана» Алма-Ата, Наука, 1986 [24] атты монографиялық еңбегі жапырақ жегіш қоңыздардың морфологиялық, биологиялық даму ерекшеліктері мен ауылшаруашылық дақылдарының, жайылым, орман және дәрілік шөптерінің зиянкес бөжектеріне арналған. Осы еңбекте Қазақстанда кездесетін жапырақ жегіші қоңыздардың 562 түрін анықтайтын кестесі және тізімге енгізілген әр түрдің экологиялық, зоогеографиялық таралуы жөнінде мәліметтерімен қатар, олардың қандай өсімдіктермен қоректенетіндері жайлы деректер келтірілген.
Қазақстан жағдайында күнбағыс дақылына зиян келтіретін 24 түрлі зиянкес кездеседі, олардың ішінде 21 түрі көп қоректі, ал қалған 3 түрі маманданған монофаг болып табылады.
Күнбағыстың зияндылық энтомофаунасы: бастапқы зақымдалу сымқұрттар, жалған сымқұрттар, құм шабанының, қызылшаның сұр және қара бізтұмсығының ересегі, кең кеуделі кравчик қоңызының ересегі, шалғын көбелегінің жұлдызқұртынан келеді. сымқұрттар, жалған сымқұрттар тұқымды, өскінді, тамыр мен сабақтың жер асты бөлігін зақымдап, өнімді төмендетеді. Көктемде күнбағыстың жас өсімдіктерінің жапырақтарын құм шабанының, қызылшаның сұр және қара бізтұмсығының, кең кеуделі кравчик қоңызының ересегі зақымдап, өскіннің өлуіне әкеледі [25] .
Олардың ішінде ең көп зиянды кеш мезгілде себілгендері шегеді. Вегетациядан кейін күнбағысқа өте қауіпті шалғын көбелегінің жұлдызқұрттары яғни, жапырақтарын зақымдайтын, өсімдіктің дамуына басым әсет ететін фотосинтетикалық белсенділігін бұзады. Сабағын күнбағыстың мұртты қоңызы, сонымен қатар, күнбағыс плантациясына қатар өсіп тұрған егістіктен зиянкестер зиян келтіруі мүмкін. Ал күнбағыстың тұқымымен күнбағыстың қан көбелегінің жұлдызқұрты қоректенеді [26] .
Күнбағыстың мұртты қоңызы - Agapanthia dahli ( Richter, 1821 ) . Негізінен күнбағысқа зиян келтіреді, бірақ басқа да өсімдіктермен қоректенеді. Дернәсілдері сабақ ішінде қоректеніп, біртіндеп жол жасап тамыр мойынына қарай жылжиды. Дернәсілдер өскен сайын жіңішке жол кеңейе бастайды. Жерден төмен деңгейде, сабақтың төменгі бөлігінің ішінде алдын ала жолын сабақтың бір бөлшегі тығынмен бітейді, сонда дернәсілдері қыстайды. Көктемге қарсы сабақтан топыраққа жақындай бастайды. Қоңыздары мамыр мен маусым айында ұшады, олар күндіз белсенді болады және қоректенеді. Диаметрі 5-8 мм жұмыртқасын кемірілген сабақтың жоғарғы дөңгелек алаңына салады. Ол сабақты өзегіне дейін кеміріп, тесікке бір жұмыртқадан салған. Өсімталдығы 50 жұмыртқа. Жылына бір ұрпақ береді. Зақымдалған өсімдік ыңғи желден сынып, гүлденуге дейін өледі [27] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz