Экскаватордың электр жабдығы


11
![]()
12
![]()
13
![]()
14
![]()
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобаның (немесе жұмыстың) мақсаты ЭКГ-5А шөмішті
экскавторының негізгі электр жетектерін басқару жүйесін салыстырмалы
талдау және таңдау болып табылады. Құрылымына айтарлықтай өзгерісті
енгізусіз қолданыстағы машинаны жаңғыртудың алдағы таңдауын жасау.
Жаңа енгізілімнің нәтижесі электр қуатын тұтынудың төмендетілуіне,
өнімнің өзіндік қуатының алдағы уақыттағы төмендеуіне алып келуі тиіс.
15
Аннотация
Целью дипломного проекта является сравнительный анализ систем
управления главными электроприводами ковшового экскаватора ЭКГ-5А. С
последующим выбором для модернизации действующей машины без
внесения значительных изменений в конструкцию.
Результатом нововведения должно стать снижение потребления
электроэнергии. С последующим снижением себестоимости выпускаемой
продукции.
16
Мазұмыны
Қысқартулар мен белгіленулер тізімі
Кіріспе
11
12
1
«БОГУРАЕВНЕРУД» ААҚ Васильевск
карьері туралы жалпы мәлімет
14
1. 1
1. 2
2
2. 1
2. 2
2. 3
3
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
3. 5
4
4. 1
4. 2
4. 2. 1
4. 2. 2
4. 3
4. 3. 1
4. 3. 2
5
5. 1
5. 2
5. 2. 1
5. 2. 2
5. 3
5. 4
Карьердің технологиялық жабдығының сипаттамасы
Экскаватордың жұмыс жабдығы
Экскаватордың электр жабдығы
Электр жабдықтың құрамы мен міндеті
Негізгі электр жетегіне қойылатын талап
Негізгі жетектердің сипаттамасы
Экскаватордардың электр жетектерінің басқару жүйелеріне
шолу және салыстырмалы талдау жасау. Электр жетекті
таңдаудың негіздемесі
Электр жетектерінің жалпы сипаттамасы
Генератор-қозғалтқыш жүйесіндегі электр жетек
Тұрақты токтың тиристорлық түрлендіргіш қозғалтқыш
жүйесі бойынша электр жетек
Жиіліктін статикалық түрлендіргіші - қысқа тұйықталған
роторлы асинхрондық электр қозғалтқыш жүйесі бойынша
электр жетек
Электр жетек нұсқасын таңдаудың негіздемесі
Өмір тіршілік қауіпсіздігі
Еңбек қорғау бойынша ұйымдастыру және техникалық шаралар
Электр тогының адамға әсері. Статикалық электрленуден
қорғану шараларын таңдау
Электр тогының адамға әсері
Статикалық электрленуден қорғану шараларын таңдау
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрт сөндіру жүйесін есептеу
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Өрт сөндіру жүйесін есептеу
Техника-экономикалық бөлім
Еңбек ақы төлеу
Материалдық шығындар
Электр энергиясы
Амортизация
Экономикалық тиімділік
Жобаның ұйымдастыру-техникалық
шараларының экономикалық тиімділігі
Қорытынды
17
15
17
20
20
21
22
27
27
29
36
43
48
49
49
52
52
54
55
55
57
60
60
62
63
65
67
68
70
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қысқартулар мен белгіленулер тізімі
71
БАЖ
ААҚ
МБК
БТ-Қ
Г-Қ
- бұрғылап ату жұмыстары
- “Ашық аксионерлік қоғам”
- “Мемлекеттік біртұтас кәсіпорын”
- басқарылатын түрлендіргіш-қозғалтқыш
- генератор-қозғалтқыш
18
ТТ-Қ - тиристорлы түрлендіргіш-қозғалтқыш
ТЖҚ - төменгі вольтті комплекті құрылғылар
АҚ
- асинхронды қозғалтқыш
ҚҚО - қозғалтқыштың қозу орамдары
ГҚО - генератордың қозу орамдары
ТОБ - ток отсечка блогы
ҚТТБ- қоздыру токтарын тұрақтандыру блогы
СҚҚ - сүзгілік қалпына келтіруші құрылғы
ТЕМТ- Тиристорлық эскаваторлық моноблокты түрлендіргіштер
ТДИ - токтың дербес инверторы
ТЖТ - тікелей жиілікті түрлендіргіш
КДИ - кернеудің дербес инверторы
Кіріспе
Тау-кен өнеркәсібінің техникалық ілгерілеуі әлеуетті, үлкен дара қуатты
жоғары өнімді және жаңа сапалы энергетикалық сипаттамалары бар
жабдықты әзірлеумен, жасаумен және енгізумен байланысты. Мұндай
жабдықты енгізу еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасының артуына
19
мүмкіндік береді, әйтсе де бір мезетте электр қуатын тұтынудың өсуіне
себепші болады, автоматтандырылған электр жетегі мен электр
жабдықтаудың жетілдірілген сұлбасын қолдануды талап етеді. Бұл аршу және
өндіру тау-кен жұмыстары көлемдерінің арттырумен, карьер тереңдігін
арттырумен, кенеусіз кендерді өңдеуге тартумен тікелей байланысты болады.
Электр жабдық жүйелерін тұрақты жетілдіру, қолданылатын электр жабдығы
жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру, жартылай өткізгішті және
микроэлектронды техника негізіндегі жаңа электр жабдығын қолдану талап
етіледі.
Қазіргі уақытта тау-кен өнеркәсіптерінің электр жабдықтау жүйелерінің
сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыратын электр жабдығы мен аппаратурасын
әзірлеу мен меңгеруге айрықша көңіл бөлінуде.
Тау-кен машиналарында өтпелі режимдерде
(тәртіп)
жоғары
тезәрекеттілікті және басқарудың қажетті сапасын қамтамасыз ететін
автоматтандырылған электр жетегінің жаңа жүйелерін қолдану аясы
кеңейтілуде. Бұл экскаватордың синхронды қозғалтқыштарының тиристорлық
қозғаушылары, шарошечті бұрғылау станоктарының айналдырғышының
тиристорлық электр жетегі, карьер экскаваторларының тиристорлық электр
жетегі.
Экскаватордың негізгі механизмдерінің бірі тиристорлық электр жетегі
генераторлар мен Г-Қ жүйесіндегі тұрақты ток қозғалтқыштарын қоздыру
үшін және электромашиналық агрегаттың орнына жиынтықты түрлендіргіш
ретінде қолданылады.
Ашық тау-кен жұмыстарында қолданылатын негізгі машина экскаватор
болып табылады.
Қазіргі заманғы қуатты экскаватор электр жабдығының толыққандығы
бойынша, электр машиналарының жалпы орнатылған қуаты бойынша орташа,
ал кейде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарымен теңесетін күрделі жоғары өнімді
жер қазатын машина болып табылады. Мұндай экскаваторлардың барлық
негізгі механизмдері әдетте, автоматтық реттеудің тұйық жүйесін
сипаттайтын басқарудың сол не басқа сұлбасының басқарылатын
түрлендіргіш-қозғалтқыш жүйесі бойынша жеке электр жетегімен
жабдықталады. Экскаватордың негізгі механизмдерінің маневрлілігі, олардың
жұмыс сенімділігі мен машина өнімділігі негізінен электр жетегі жүйесінің
техникалық мүмкіндіктеріне, жөндеу сапасы мен пайдалану шарттарына
айтарлықтай тәуелді болады.
Жөндеудің жоғары сапасы мен сауатты пайдалану, бір жағынан,
экскаваторлардың негізгі механизмдері электр жетектеріне қойылатын
талаптар жайлы, және де басқа жағынан, электр жетегінің жеке элементтері,
сондай-ақ, электр жетегінің барлық жүйесі туралы жалпы айқын түсінігі
болуы тиіс жөндеушілер мен техникалық қызметкерлердің электр жабдығын
пайдалануға байланысты жақсы дайындықтарын талап етеді.
Дипломдық жобаның мақсаты ЭКГ-5А шөмішті экскавторының негізгі
электр жетектерін басқару жүйесін салыстырмалы талдау болып табылады.
20
Құрылымына айтарлықтай өзгерісті енгізусіз қолданыстағы машинаны
жаңғыртудың алдағы таңдауын жасау.
Жаңа енгізілімнің нәтижесі электр қуатын тұтынудың төмендетілуіне,
өнімнің өзіндік қуатының алдағы уақыттағы төмендеуіне алып келуі тиіс.
1 «БОГУРАЕВНЕРУД» ААҚ Васильевск карьері туралы жалпы
мәлімет
Васильевск карьері Репнянское кен орнынан ашық жолмен құм тасын
шығарады, кен орны 1966 жылдан бері пайдаланылып келеді. Карьер Ростов
облысының Каменское және Красносулинск аудандарының шекараларында
орналасқан.
21
Қыртыс қарапайым құрылысқа ие. Аумақ алаңының тікелей топырақ
қабатында саз балшықты тақтатастар байқалады. Соңғылары жеке телімдерде
созылып жатуы арқылы құм сазды және құмды тақтатастарға өтеді. Құм
тастың жалпы қуаты 23 м-ден 32 м-ге дейін өзгереді, орта есеппен 30 м
құрайды. Ұлғаю шығыс бағытқа қыртыстың құлау жағына қарай байқалады.
Тас-көмір шөгінділерінің астына батқан құм тастың жабынында
разрезінде құм тастың аз қуатты қабаттары мен мен әктастардан (ізбестас)
тұратын тақтатастармен алмасатын саз балшықты тақтатастар байқалады.
Төрттік шөгінділер (қабаттану) саз сияқты балшықтар және топырақ
қабатымен берілген. Балшықтар тығыз, жабысқақ, сарғыш-қоңыр түсті, ізбесті
қосылулардан және тас-көмір жыныстарының сынықатрынан тұрады.
Балшықты топырақтар барлық жерде таралмаған және карбон
жыныстары, соның ішінде, құм тастардың қабаты топырақ қабатымен тікелей
жабылған жеке бытыраңқы телімдерде байқалады. Аршыма жыныстарының
жалпы қуаты 25, 0 м-ден 57, 5 м-ге дейін өзгереді және де орта есеппен 42 м
құрайды. Топырақ-өсімдіктік қабат 0, 2-ден 0, 5 м-ге дейінгі қуатқа ие, орта
есеппен 0, 4 м құрайды және ішінара тас-көмір жыныстарының сынықтарынан
тұрады.
Кен орны жеткіліксіз ылғалды ауданда орналасқан. Жазда ең көп
дегенде жерасты суларының қорегін қамтамасыз ететін нөсер түрінде өткінші
жауын жауады.
Зерттелген тереңдік шегінде аумақта барлық жерде таралуға ие пайдалы
қабаттың құм тасымен ұштасқан бір сулы деңгейжиек ерекшеленеді.
Карьердегі күтілетін ең жоғарғы деңгейдегі су ағыны 3 л/с құрайды.
Минералдау дәрежесі бойынша аумақтың суы тұщы нашар минералдалған
түрге жатады.
Карбонның суы сульфат-гидрокарбонатты кальцийлі су түріне жатады,
шамалы кермек (тұзы көп) . Су технологиялық жолдарды суару үшін
пайдаланылады.
Карьерді (ашық кен) судан құрғату шалағай сутөкпемен жүзеге
асырылады. Тоған карьердің өндірілген кеңістігінің ең төменгі жеріне
салынған.
Құм тас ГОСТ-8267-93 талаптарына жауап беретін құрылыстық
қиыршық тасты жасауда типтік шикізат болып табылады. Қиыршықтастың
ДСЗ-дағы маркасы ГОСТ-тан ауытқуларға ие болмайды және де «600»-ден
«1200»-ге дейін аралықты құрайды.
Кен шығаруды пайдалану жүйесі - көліктік, кен орнының тау-
техникалық шарттарына сай келеді және жобаға сәйкес жүргізіледі.
БАЖ (Бұрғылап ату жұмыстары) көмегімен қопсытылған құм тас ЭКГ-
5А экскаваторымен Белаз 7522 автосамосвалына артылады және одан әрі
өңдеу үшін ДСЗ-ға тасымалданады. Аршыма тау жыныстары, қопсытылған
БАЖ ЭКГ-5А экскаваторымен Белаз 7522 автосамосвалына артылады және
ішкі үйінділерге тасымалданады.
22
Өндіру, аршу және бульдозерлік тау-кен жұмыстары шаруашылық
тәсілмен жүргізіледі. «Богураевнеруд» ААҚ бұл үшін барлық қажетті тау-
көліктік жабдығына ие. Қопарылыс жұмыстары «Волгоградвзрывпром» МБК
мамандандырылған ұйымымен жасалады. Технолгиялық үдерістің сұлбасы 1-
суретте келтірілген.
1. 1 сурет - Технологиялық үдерістің сұлбасы
1. 1
Карьердің
(ашық
кеніш)
технологиялық
жабдығының
сипаттамасы
Карьердің технологиялық жабыдығына бұрғылау станоктары,
экскаваторлар, сутөкпе сорғылары жатады.
Карьердегі негізгі машина экскаватор болып табылады.
ЭКГ-5А экскаваторы шынжыр табанды жүрісте толық бұрылатын электрлік
тік күрекке ие. Ол алдын ала жарылыспен қопсытылған ауыр таулы
жыныстарды қазып алуға және көлікке артуға арналған. ЭКГ-5А экскаваторы
өнеркәсіптік, гидротехникалық және басқа да ғимараттар құрылысы кезінде
ашық тау-кен жұмыстарында пайдаланылады.
1. 1 кесте-ЭКГ-5А экскаваторының техникалық сипаттамалары
23
![]()
1970 жылдардың соңынан бері Оралдық ауыр машина жасау зауытымен
шығарылады. Осы бүкіл уақыт ішінде бұл машиналардың 5 мыңнан астамы
шығарылды. Негізгі мәліметтері 1. 1-кестеде келтірілген.
ЭКГ экскаваторы әртүрлі нұсқаларда шығарылады.
ЭКГ-5В. Қазу кезінде кедергінің артуына орай автоматты түрде іске
қосылатын кіріктірме қысымды тістері бар экскаватор шөміші көсіп алу
үдерісі кезінде тау шоғырын қиратуды қамтамасыз етеді. Жарықшақты
жыныстарды және алдын ала жарылыспен қопсытусыз аз және орташа
қаттылықтағы көмірлерді өңдеуге мүмкіндік береді. Экологиялық және басқа
24
да себептерге байланысты бұрғылап ату жұмыстарын жүргізу мүмкін емес
болған жағдайда бұл машинаны қолдану перспективалы болып келеді.
ЭКГ-5Д. Экскаватордың ерекшелігі электр берілісі жүйелері жоқ болған
жағдайда пайдалы қазбаларды немесе аршу жыныстарын қазып шығару мен
көліктік жабдықтарға артуға мүмкіндік беретін негізгі механизмдердің электр
қозғалтқыштарын қоректендіретін тұрақты ток генераторын айналдырушы
дизельдері болып табылады. Қашықтықтан бақылау жүйесі машинистің
кабинасында отырып дизельдердің жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді.
ЭКГ-5УС. Жұмыс жабдығының ұзартылған сызықтық параметрлері бар
экскаватор биігірек забойларды өтеуге арналғын, жүк көтерімділігі 75-110
тонна блатын ауыр жүкті автосамосвалдарға тау жыныстарын арту
мүмкігдігіне ие.
Карьер жұмысында барлығы төрт ЭКГ-5А экскаваторы іске кірістірілді.
1. 2 Экскаватордың жұмыс жабдығы
«Тік күрек» түріндегі экскаватордың механикалық жабдығы құрамына
кіреді (2-сурет) : жұмыс жабдығы, бұрылатын платформа 4 және қозғалтқыш
арбасы 3. Жұмыс жабдығы стреладан 5, шөмішті 1 тұтқадан 2 және шөміштің
түбін ашатын тетіктен тұрады. Эскаваторды қозғалту тетігі қозғалқыш арбада
орналасқан.
Экскавациялау процесі тау сілемін өңдеуге негізделеді, яғни забойдағы
қазудың циклдық режимімен оны қирату, және шөмішті жүк түсіру орнына
тасу. Шөміш көлемі 2, 5 . . . 5 м3 болатын машиналар үшін циклдың ұзақтығы
5 . . . 32 с құрайды және шөміш пен жұмыс жабдығының геометриялық
өлшемдерінің артуымен бір мезетте өсіп отырады.
Цикл келесі технологиялық операциялардан тұрады: қазу, тиелген
шөмішті бір уақыттағы платформа бұрылысымен түсіру орнына көтеру, жүкті
түсіру және бос шөмішті забойға қайтару.
25
1. 2 сурет - Экскаватордың жұмыс жабдығы
Экскаватордың негізгі механизмдерінің жұмысын қысқаша
қарастырайын. Қазу кезінде бастапқыда шөміш төменгі жағдайда болады;
күнқағар мен шөміштің тістері забой түбімен шөмішті топыраққа ойып
орнатуға жеткілікті бұрыш жасауы үшін жұмыстың ыңғайлылығы шөмішті
осындай жағдайға түсіру мүмкіншілігін талап етеді.
Көтергіш арқанның керілісі және тұтқаны қатар алға шығарудың
әсерінен, барысында шөміш өзінің тау массасы қиратылып және шөміш
толтырылатын жұмыс қимылын іске асырады. Бұл ретте шөміш тістерінде
қажетті күштер мен кесу жылдамдықтары жасалады. Қысымды (тегеурін)
механизммен дамытылған күштер мен жылдамдықтар қазу шөміштің қалыпты
жылдамдығында іске асырылуы үшін жердің қаттылығына байланысты
жоңқаның (жаңқа) қалыңдығын реттеуді қамтамасыз етеді. Тұтқаның
жазықтық тұрыс арқылы өтуі кезінде тұтқаны қысатын көтергіш арқан күшін
жасаушысы күрт артады және тұтқаның үдемелі қозғалысы тоқтатылады.
Қазу процесі кезінде шөміштің топыраққа дұрыс тереңдетліуі ерекше
маңызға ие, өйткені, машинист алдағы жылжыту үшін тегіс алаңды
қамтамасыз етуі керек. Егер қазудан кейін шұңқырлар мен төбешіктер
қалатын болса, онда соңында алаңды тегістеу бойынша қосымша арнайы
жұмыс талап етілетін болады.
Сондай-ақ, шөмішті максималды толтыруға жеткеннен кейін қазуды дер
кезінде тоқтату да маңызды болып табылады.
Қазу аяқталғаннан соң экскаватордың айналмалы бөлігін түсіруге қарай
бұру басталады. Түсіруге қарай бұру уақытында шөміш биіктігі мен радиусы
26
![]()
бойынша түсіруге қажетті орынға жылжытылуы тиіс. Түсіру арнайы электр
қозғалтқышпен ашылатын шөміш түбі арқылы жасалады.
Түсіру орнына жақындап келу кезінде бұрылысты тура түсіру орнының
үстінде аяқтау үшін шөміш қысым білігінің айналасында тұтқаның айналмалы
қозғалысымен сәйкес бір мезетте көтеріледі немесе төмендетіледі.
Түсіруге тасымалдау уақытында құлайтын топырақ соққысын
мүмкіндігінше бәсеңдету үшін шөміш шанақтың үстіне барынша төмен түсуі
керек. Түсіру соңында дәл сол мезетте қазуды бастауға сәйкес жағдайға
қайтару үшін шөмішті түсірумен ілесетін забойға кері бұрылыс басталады.
Забойға бұрылыс тұтқаны тартумен қоса қабаттаса жүреді. Жоғарыда
сипатталған барлық операциялардың үздіксіз ауысымы экскаватордың негізгі
жұмыс процесін - жұмыс циклын құрайды.
Карьер экскаваторының жұмысы жеке операциялардың жылдам
ауысымымен, жылдамдатылған және баяулатылған жұмыс режимдеріне
бірқалыпты, бірақ қарқынды ауысудың нақты шарттарына байланысты талап
етілетін маневр жасаудың қажеттілігімен сипатталады. Сондай-ақ, бір уақытта
жұмыс жасайтын жеке механизмдер жылдамдықтарының үйлесімділігі де
қажет. Көтеру және қысымды механизмдердегі қазу процесі кезінде кездейсоқ
сипатқа ие және топырақтың түріне, забойдың күйі мен жарылыс (қопарылыс)
жұмыстарының жүргізу сапасына тәуелді болатын елеулі шамадан тыс жүктер
туындайды.
Жеке механизмдердің кинематикалық сұлбасы айтарлықтай дәрежеде
осы механизмдердің электр жетектеріне техникалық талаптарды анықтайды.
Кинематикалық сұлбалардың кейбір ерекшеліктеріне тоқталайын.
Қысымды
механизмде кинематикалық сұлбалардың екі түрі
қолданылады: ЭКГ-10 және ЭКГ-15 экскаваторларындағы арқан сұлбасы және
карьер экскаваторларының қалған барлық түрлеріндегі - тісті-рейкалы сұлба.
Арқан тегеурінді экскаваторларда тісті-рейкалы тегеурінді
экскаваторларға қарағанда тоқтату кезінде пайда болатын шамадан тыс артық
жүк аздау болады.
Қысымды механизмдерде шөміштің тұтқамен тығыз байланысуынан
электр жетегімен жүзеге асырылатын шамадан тыс артық жүктен қорғану
кенеттен болатын тоқтатуларда әрқашан да күштердің қажетті шектеуін
қамтамасыз ете бермейді. Сондықтан да бұл механизмде шекті жағдай
жалғастырғышының көмегімен қосымша қорғанысты пайдаланады.
Көтеру және бұру механизмдері кинематикасының ерекшелігі олардың
құрамында элементтері үлкен қаттылықпен сипатталатын бәсеңдеткіштердің
(редуктор) болуында. Мұның салдарынан артық жүкті жіберу кезінде пайда
болатын серпімді уақыттар рауалы (мүмкін) мәндерден асып кетуі мүмкін.
Тісті берілістерде электр жетегі саңылаулардың бірқалыпты таңдауын
қамтамасыз етпеген жағдайдағы соққы жүктеменің әсерінен саңылаулар
болады. Бұрылыс бәсеңдеткіштеріндегі ірі модульдік тісті іліністер металл
құрылымдары, ең алдымен - стрелалар үшін аса қауіпті резонанстық
тербелістерді тудыруы мүмкін. Бұл режимнен қорғану электр жетегінің
27
ерекше «тербелгішке қарсы» сипаттамаларымен, бұрылыс электр
қозғалтқыштарын жалғау сұлбалаларымен және жай жүретін
қозғалтқыштарды қолданумен (беріліс қатынастарының сәйкес азаюы кезінде)
қамтамасыз етілуі мүмкін. Шөміштің шапшаң ауысуы басты электр жетектері
тарапынан үш координаталық әсер ету жүйесімен сипатталады.
Забойды жұмыспен өтеу өлшемі бойынша мерзімді түрде жүріс
механизмін орындайтын экскаваторды жылжыту қажеттігі туындайды.
Негізгілеріне шартты түрде жүк түсіруге қажетті шөміш түбін ашу
механизмінің аз қуатты электр жетегі жатады.
2 Экскаватордың электр жабдығы
2. 1 Электр жабдықтың құрамы мен міндеті
Экскаватордың электр жабдығы: негізгі және қосалқы механизмдерді
қозғалту мен басқаруға, экскаваторды сырттай және іштей жарықтандыруға,
экскаватордың қауіпсіз эксплуатациясы (пайдалану) үшін айнымалы ток
тізбегіндегі, негізгі жетектердің зәкір шынжырларындағы және басқару
тізбектеріндегі оқшаулауды бақылауға, экскаватордың төлқұжатт
параметрлерін қамтамасыз етуге арналған.
Экскаваторлардың электр жабдығы өзгешелігімен, үлкен алуан
түрлілігімен және қуаттардың елеулі шоғырлануымен ерекшеленеді.
Сонымен, экскаватордың платформасында жұмылдырылған: қуатты электр
машиналар тобы, күштік қайта жасаушы жабдық, электрмен жабдықтаудың
жоғары вольтты жүйесі, әртүрлі қосалқы электр жетектері, автоматты және
қашықтықтан басқару жүйелері, жарықтандыру электр жабдығы, ауаның
вентиляциясы (желдету), жылыту және кондициялау.
Негізгі механизмдерге тікелей топырақ экскавациялау процесін іске
асыратындарын жатқызады: көтергіш механизм, бұрамы тетік, қысымды
механизм.
Экскаватор электрмен жабықтаудың карьер желісінен айнымалы үш
фазалы токпен қоректенеді. Сақиналық ток қабылдағыш арқылы электр
энергиясы бұрылу платформасында орналасқан жоғары вольтты тарату
шкабына жіберіледі. Экскаваторлардың, бұрғылау станоктарының орнын
ауыстырумен байланысты операциялар, олардың механикалық бөлігін жөндеу
кезінде жұмыстың жетекшісі тарапынан жұмысты жүргізетін тұлғаның,
экскаваторды басқарушы машинистің іс - қимылын көзбен бақылау болған
жағдайда жүргізіледі.
28
2. 2 Негізгі электр жетегіне қойылатын талап
Ең маңыздысы оның электрлік және механикалық жабдығының
минималды жүктемелері кезіндегі машинаның ең жоғары өнімділігін
қамтамасыз ету талабы болып табылады.
Бұл жалпы талапты орындау үшін электр жетек жүйесі келесі
қасиеттерге ие болуы тиіс:
- электр жетек барлық жұмыс режимдерінде ықтимал тоқтатқыш
мәндермен момент пен токтың сенімді шектеуін қамтамасыз ету керек, яғни
экскаватор әрбір механизмінің (тетік) жұмыс жағдайына байланысты жобалау
мен жөндеу кезіндегі толтыруды кең шамада өзгертуге болатындай
экскаваторлық үлгінің механикалық сипаттамасына ие болуы тиіс;
- электр жетек 4-6 диапазонында жылдамдықты үнемді реттеуді және
бұрамы тетігін тежеу немесе шөмішті түсіру кезіндегі шығарылатын энергия
рекуперациясын қамтамасыз етеді;
-
командоконтроллердің нөлдік жағдайына сәйкес механикалық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz