Астана қаласындағы Хан Шатыр СОО-да Астанателеком ҚТО тарапынан телекоммуникациялар қызметтерін көрсету сұлбасының жаңа жобасы


7
![]()
8
![]()
9
![]()
10
![]()
Аңдатпа
Осы дипломдық жұмыста Астана қаласындағы «Хан Шатыр» СОО-да
«Астанателеком» ҚТО тарапынан телекоммуникациялар қызметтерін көрсету
сұлбасының жаңа жобасы жасалынған және де оның құрылымдық параметрлері
мен сипаттамалары берілген. Жаңа жобада қолданылатын жабдықтардың
сипаттамалары мен ұсынуға жоспарланған қызметтердің түрлері де көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындау барысында, Астана қаласында қызмет
көрсететін бөгде операторлардың телефония мен мәліметтерді беру бойынша
ұсынатын қызметтеріне де шолулар жасалды. Дипломдық жұмыста жоба
бойынша техникалық және қаржылық есептеулер, технологиялық кешенді
көрсеткіштердің есебі берілген. Және де жобаның тиімділігіне деген
техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, жалпы қауіпсіздік және тіршілік
қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.
Аннотация
В данной дипломной работе произведена разработка нового проекта
схемы предоставления
со стороны ГЦТ «Астанателеком»
услуг
телекоммуникаций в ТРЦ «Хан Шатыр» г. Астана, описаны его конструктивные
параметры и характеристики. Также приведены характеристики используемого
оборудования в новом проекте, а также виды планируемых к предоставлению
услуг. В ходе выполнения дипломного проекта проведен обзор аналогичных
схем предоставления услуг телефонии и передачи данных сторонних
операторов на рынке телекоммуникаций г. Астана. Проведены технические и
финансовые расчеты, расчеты комплексного показателя технологичности.
Также приведено технико-экономическое обоснование разработки и изложены
вопросы безопасности и жизнеобеспечения.
11
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Қазіргі кездегі желіге аналитикалық талдау . . .
1. 1 Іске қосылған желіні талдау және есептің қойылымы . . .
1. 2 Астана қаласындағы іске қосылған телекоммуникациялар
желілерін талдау . . . …12
2 Жобаның техникалық сипаттамасы . . .
2. 1 Нысананың байланыс сұлбасы бойынша қабылданған
техникалық шешім . . .
2. 2 Жоба бойынша техникалық шешім . . .
2. 3 Жаңа жоба бойынша берілетін қызметтер . . .
2. 4 iDPhone негізгі принциптері мен ерекшеліктері . . .
2. 5 iDPhone
. . . 26
артықшылықтары . . . . . .
2. 6 Белгіленген желі . . .
2. 7 Қалааралық және халықаралық телефон байланысы . . .
2. 8 ADSL арқылы Интернетке шығу . . .
2. 9 ADSL технологиясының жалпы сипаттамасы . . .
2. 10 ISDN арқылы Интернетке шығу . . .
3 Есептеу бөлімі . . .
3. 1 Үшарналы тракттың дайын болу коэффициентін және бас тартусыз
жұмыс істеу ықтималдығын анықтау . . . 44
3. 2 Дестені тарату жүйесіндегі қолдану коэффициенті. . 45
3. 3 Дестелер ретін өңдеу алгоритмі . . .
3. 4 Дестені тарату кезіндегі орташа уақытты бағалау . . .
3. 5 Талшықты оптиканың негізгі сипаттамаларын есептеу49
3. 6 Ақпараттық дестенің оптималды ұзындығы. ……. . 52
3. 7 Ең қысқа жолды табу54
3. 8 Сөзді таратудағы кідірісті есептеу. …. 59
3. 9 ADSL технологиясының өткізу қабілетін есептеу . . . 61
4 Өмір тіршілік қауіпсіздігі . . .
4. 1 Еңбек жағдайының талдауы . . . 65
4. 2 Операторлық бөлмедегі ауа алмасу процесі . . .
4. 3 Ауа алмасу жүйесін есептеу . . .
4. 4 Қоршаған ортаны қорғау . . .
5 Бизнес - жоспар . . .
5. 1 Түйін . . .
5. 2 Менеджмент . . .
5. 3 Талдау . . .
5. 4 Қаражат жоспары . . .
12
5. 5 Табысты есептеу . . .
5. 6 Эксплуатациялық шығын есебі . . .
Қорытынды . . .
Қысқартылған сөздер тізімі . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша А . . .
Қосымша В . . .
13
Кіріспе
Қоғамның заманауи деңгейде даму үшін инновациялық жүйелерді енгізу
қажеттігі бәрімізге айқын. Күннен-күнге адам жаңа деңгейдегі қарым-
қатынасты, ақпаратты жіберу және сақтаудың озық түрлерін қажет етуде. Бұл
мәселе қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда да аса өзекті болып тұр.
Сондықтан, телекоммуникациялар нарығының қарқынды дамуы (жаңа
қызметтерді енгізу, жаңа операторлардың пайда болуы, сәйкесінше бәсекенің
өсуі) динамикалы өсіп келе жатқан ортаға Қазақстанның ұлттық байланыс
операторларын бейімделуге мәжбүр етті. Қазақстанның операторларының
байланыс желісінің қазіргі кездегі даму кезеңі, бір жағынан,
инфракоммуникациялық технологияның ілгерлеуі және абоненттерге жақсы
қызмет көрсетуді талап ету, екінші жағынан телефон желісінде әзірге аналогты
жабдықтардың біршама болуы және электр байланысының қарапайым
қызметіне сұраныстың аз болу шарттарында өтуде.
Басқа байланыс
операторлары телекоммуникациялар қызметтерін радиожалғау жүйелерін
қолдану арқылы жеткізіліп жатыр. Ал «Қазақтелеком» АҚ барлық қызмет
түріне сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатымен өзінің желілерін
толығымен белсенді түрде дамыта және жаңарта отырып, басқа технологиялық
негіздерді, қазіргі кездегі қызметтерді енгізуде.
Дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы ретінде «Хан Шатыр» СОО
телекоммуникациялар қызметтерін ұсынудың жаңаша жобасы алынған. Себебі,
маркетингтік зерттеулер нәтижесінде, «Хан Шатыр» СОО қызметкерлері мен
тұтынушылары, қазіргі кезде ұсынылатын байланыс қызметтерінің сапасымен
қанағаттанбайтындығы және аса сапалы да озық қызметтерді көрсетуді талап
етіп отырғандығы белгілі болды.
Осы жобаның басты объектісі - бүкіл әлемге белгілі сәулетші Фостер
Норман жобасымен салынған «Хан Шатыр» сауда-ойынсауық орталығы.
Бүгінгі күні «Хан Шатырда» 180 жуық компаниялар жұмыс істеп жатыр,
сонымен қатар әлемге танымал бренд-бутиктері, екінші деңгейдің банктары, ірі
фуд-корд, СПА-Салон, фитнес-зал, аттракцион, кинотеатр және т. б. орналасқан.
Осы жобаны енгізудегі негізгі мақсат - бұл тұтынушыларды кепілді де
сапалы түрдегі байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады. Өз
кезегінде бұл азаматтардың ақпарат алуға деген конституциялық құқығын
барынша іске асыруға мүмкіндік береді.
Осы тақырыптың өзектілігі жаңа телекоммуникациялық технологияларды
енгізу, оны жетілдіре түсу және жаңа қызметтерді тұтынушыларға ұсыну, және
де бүгінгі күні қолданылатын технологияларды әрі қарай дамыту мен
жаңартуға тікелей байланысты.
Осы дипломдық жұмыста жаңа технологиялар негізінде құрастырылып
ұсынылған телекоммуникациялық жүйе жобаның зерттеу нысаны болып
табылады.
14
1 Қазіргі кездегі желіге аналитикалық талдау
1. 1 Іске қосылған желіні талдау және есептің қойылымы
Бүгінгі күні алдыңғы қатарлы елдердің қуатты трафикті - мультимедианы
(дауыс, мәтін және видео) қолдау үшін ақпараттық инфpақұрылымы болашаққа
қадам басып жатыр. Қазіргі кездегі телекоммуникаяларды, компьютерлі және
аудиовизуалды техниканы біріктіретін ақпараттық-коммуникационды
индустрияның қалыптасқанын көреміз. Жақын арада «электронды» ақпаратпен
сауда жасайтын нарық пайда болады.
Телекоммуникациялар облысындағы маркетингтік мәселелердің бірі,
нарық қандай жаңа қызметтерді қажет ететіні, ал қандай қызметтерді қажет
етпейтінін ешкім болжамдап айта алмайды. Бұл телекоммуникациялық
қызметтерге салынған қаражаттардың өтелімділігіне қауіп тудырады.
Қазіргі кезде ұялы байланыс және ақпарат тарату желілері қарқынды
дамып жатыр, сонымен қатар олардың бір бірімен тығыз байланысын
байқаймыз. Бұл ұялы терминалдар арқылы жоғары жылдамдықпен Интернетке
шығу, сонымен қатар мәтіндік ақпаратапен қоса видеобейнелерді де жіберу
мүмкіндігімен айқындалады. Ақпарат тарату қызметтерінің ішінен «сұраныс
бойынша видео», интерактивті видеоойындар, электронды сауда және банктік
қызметтер озып жатыр. ADSL, опто-талшықтық техника ұсынған қызметтерге
кәсіпкерлік, бизнес клиенттерден болашақта сұранысы азайып қалмайды.
Бизнестің әр түрлі аймақтарында қолданылатын қызметтердің бірнеше түрлері
бар. Мысалы, видеоконференция және электронды құрылғылардың көмегімен
ақпаратты жіберу сияқты.
Қазіргі заманауи даму барысында, байланыс
қызметтердің ұлғаюы және жаңа территорияны қамту мақсатында халықаралық
қаржы және технологиялық ресурстардың интеграциясы болып жатыр. Бұл
үдеріс глобалді ақпараттық инфрақұрылымның жаңаруын талап
етеді. Жаңартулардың тұжырымдамасы ақпараттық технология ресурстарын
және дамыған электробайланыс инфрақұрылымды біріктіруде болып табылады,
бұл кез келген қолданушы қазіргі уақытта, ара қашықтыққа және техникалық
құрылғыларға қарамастан кез келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Маңызды мәселелердің бірі - әлемдік телекоммуникациялар нарық
сегменттерінің арасында әрдайым қайта бөлісу болады. Дәстүрлі
телефонияның есебінен ұялы байланыстың үлесі мен ақпарат тарату үлесі өсіп
жатыр. [6] Интернет желісінің қызметтерін мына негізгі топтарға бөлуге
болады:
-Жоғарғы жылдамдығы бар коммутацияланатын (dial-up) және
белгіленген (on-line) желілері арқылы ақпарат көзіне жету;
-Электронды пошта;
-Корпоративті кәсіпкерлік ақпараттық желілер мен ұйымдарды құру.
15
Соңғы кездері дәстүрлі қызметтермен қоса жаңа заманауи Интернет
желісінің қызметтері кең жайылым тапты: IP-телефония, телебағдарламаларды
тарату, «сұраныс бойынша видео» және т. б.
Мұндай қызметтерді көрсету үшін жоғарғы сапалы ақпарат таратуды,
яғни, кеңжолақты жиілік мен сигналдық кідірістің аз болуын талап етеді. Бұл
талаптарды, басқа сөзбен айтқанда, «кеңжолақты қатынауды» мына
технологиялар көмегімен орындайды:
-Талшықты-оптикалық байланыс желілері (ВОЛС) ;
-Арнайы модемдердің көмегімен (HDSL, ADSL, VDSL) телефондық мыс
желілері арқылы.
Кеңжолақты қатынау нарығының жартысынан көбі бүгінгі күні (DSL)
технологиясына жатады, содан соң кабельді модемдер және сымсыз қатына
желілері. Ғалымдардың болжамы бойынша мұндай жағдай болып ағымдағы
онжылдықтың аяғына дейін сақталады.
Еуропадағы кеңжолақты қатынаудың көлемі жыл сайын 68% өседі, ал
Азия елдеріндегі бұл көрсеткіш жыл сайын 51% кем емес. DSL технолияларды
мен оның қызметтерін таратудағы жеңімпаздары бар. Бірініші орында Қытай -
10, 95 млн. абонент, екінші орынды алып келе жатқан - Жапония 10, 27 млн.,
үшінші орында АҚШ - 9, 12 млн, төртінші орында Оңтүстік Корея -6, 43 млн.
абоненттері бар.
Заманауи дамуындағы тағы да бір бас мәселе
бұл қызметтердің интеграциясы(мультимедиа) болып келеді, ол абонентке бір
желі бойынша телефония, видео және ақпарат тарату мүмкіндігі болады. Әрине,
бұл ақпарат тарату технологиясы да кеңжолақты болу қажет. Әртектілі
трафикті біріктіру мен тарату үшін де көптеген технологиялар бар.
Астана - Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан бас қала.
Қала аумақтығы - 2 мың 71, га. Астананың тұрғындары санының өсуі
01. 01. 2011 жылда 50 мың адам құрады. Қазіргі кезде қалада 693, 5 мыңға жуық
адам тұрады. Астана қаласындағы жанұялардың саны 216 719 б., ал заңды
тұлғалар саны -12 638 б. құрайды. Астанада 100 астам ұлттардың өкілдері
тұрып жатыр. Отбасылық коэффициенті 3, 2-ге тең. Бүгінгі күні Астана
қарқынды дамып келе жатқан ірі аймақтық орталық болып табылады. 2012
жылдың 9 айының ішінде жалпы аймақтық өнімдердің көлемі 3 млн 1 243 376
тенгені құрады.
Бас қаланың еншісіне Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нен 8, 5 үлесі
келеді, бұл республика бойынша үшінші көрсеткіш (Алматы және Атырау
облысынан кейінгі) . 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптік
өндірістер көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 1 млн 111080 тенге құрады.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғандағы физикалық
өнеркәсіптік өнімдер индексі 109, 1 % көлемін құрады.
2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары мен 2011 жылдың басымен
салыстырғандағы өнеркәсіпте өңделетін өндірістерге көлемі 18, 4% үлкейді,
электро- жабдықтау, газ және ауа тазартулар 2, 9% үлкейді. Астананы
16
қаласында орташа кәсіпкерліктің саны 2011ж. басында 137, 3 мыңды құрады
және салыстырғанда 2, 5% үлкейді.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсанда негізгі капитал инвестициялардың
көлемі 3 млн 391 303 тенге құрады. Қаржыландыруларының барлық көздерінiң
есептегенде 1 381 887 метр квадрат тұрғын үйлері енгізілді (пайдалы -1 022 436
метр кв. ), ол 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанның деңгейінен 109, 7 % үлкен.
2010 жылға қаңтар-қарашада орташа номиналды айлық еңбек ақысы 106
271 тенгені құрады және 2009 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда
11, 6% үлкейді. 2010 жылдың қаңтар-қазан айларында бір жанға шаққандағы
номиналды ақшалай табыс 689 335 тенгені құрады және 2009 жылдан қаңтар-
қазанымен салыстырғанда 12, 3 % үлкейді.
Астана қаласында телекоммуникациялар нарығында Қазақстан
Республикасында қызмет көрсетуге лицензия алған барлық операторлар
қатысып жатыр.
«Қазақтелеком»
АҚ
ішкі серіктестіктердің есепке алумен
телекоммуникациялар нарықтың табыстар сыбасының көлемін жалпы алғанда
сурет 1. 1-де көрсетілген. 01. 01. 2011 жылда «Астанателеком» ҚТО ұялы
операторлармен бірге есепке алғандағы нарықтың сыбасы 46% болды.
1. 1-сурет. Ұялы операторларды есепке алуымен
01. 01. 2011 жылда «Астанателеком» ҚТО ұялы операторлардың есепке
алмағандағы нарықтың сыбасы 80, 6% болды.
17
![]()
1. 2-сурет. Ұялы операторларды есепке алмағанда
1. 2 Астана қаласындағы іске қосылған телекоммуникациялар
желілерін талдау
«Астанатранстелеком» АҚ - «Транстелеком» АҚ-ның филиалы, көлік
сала сегментінде негізгі оператор болып келеді - темір жолға қызмет
көрсететін, сонымен бірге нарықта, жақын елдерге сонымен қатар
Ресей,
Өзбекстан, Қырғызстан және ҚХР-ға
белгілі желі
бойынша
телекоммуникациялық қызметтердің беру мүмкіндігі бар. Темір жолдардың
бойымен орналасқан қол жетпейтін тармақтарда байланыстар қызметтерін
көрсетіп жатыр.
«Астанатранстелеком» АҚ өзінің қызметін Астана қаласында да жүзеге
асырады. Магистралдық және таратушы жергілікті желінің ортақ созылымдығы
350 км құрайды, соның ішінде Астана бойынша 200 км жуық. Жергілікті
желілер Астананың көптеген аудандарды «Астанатранстелеком» АҚ қамтиды,
Есілдің сол жағасында желілерді дамытуды жоспарлаған. Телефондалған
объекттердің барлық саны -17 б. құрайды, соның ішінде 2 кәсіпкерлік орталық
та бар. «Астанатранстелеком» АҚ келесі цифрлық АТС-ын қолданып жатыр:
-ESS, Lucent Technologies өндірісті;
-MD -110 Ericsson өндірісті.
Осы цифрлық АТС басқа операторларға қала аралық, халықаралық және
ұялы желіде шығуын қамтамасыз етіп жатыр және қосымша қызмет көрсету
түрлердің қолдану мүмкіндігі бар.
«KazTransCom» АҚ - 2001 жылы наурызында «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ
серіктестік компаниясының негізінде пайда болды. Осы уақытта
Республиканың 7 ірі қалаларында: Атырау, Ақтобе, Павлодар, Орал, Ақтау,
18
![]()
Алматы және Астанада бар. БАҚ ақпараты бойынша «KazTransCom»
компаниясы Батыс Қазақстанның телекоммуникациялық нарықтың 21%
пайызын алып жатыр. Магистралдіқ желілердің орташа ұзындығы 11 мың км
құрап жатыр. Транкингтік желі - 4000 км. Магистралдық Атырау - Ақтау -
Қаламқас желісін пайдаланымға өткізуге дайындалып жатыр. Серіктестіктері
мен негізгі әріптестері - мұнайлы-газды салалар кәсіпорындары.
Астанадағы телекоммуникациялар нарықта «KazTransCom» АҚ филиалы
2002
жылдан
бері
жұмыс істеп жатыр. «KazTransCom»
АҚ
филиалы
қызметтердің келесі түрлерін ұсынады: халықаралық, қалааралық және
бірлескен телефон байланысы;
транкингтік радиобайланыс; спутниктік
байланыс; бірлескен желілердің жасау және қолдау; телекоммуникациялық
жабдықтарды жабдықтауды, монтаждау және күйге келтіру; қолданушыларды
тәулік бойы техникалық қолдау; жергілікті, қалааралық және халықаралық
трафикті, интернет желісіне кіру қызметін көрсетеді.
Бүгінгі
күнге
«KazTransCom» АҚ клиенттері, бәрінен бұрын, серіктестік «ҚазМұнайГаз» ҰК
ЖАҚ және оның барлық ішкі кәсіпорындары болып келеді. Жеке тұлғалар
сегментінде 15 тұрғын кешендер жеткізіліп беріліп жатыр.
«ASTEL»
Серіктестігі
-
1993 жылы
құрылған,
бүгінгі күні
телекоммуникациялар нарығында озық позицияда нық орналасқан компания.
Бастаушы дүниелік өндірушілердің жабдықтарын қолданып, жоғары сапалы
қызметтердің кең спектрін өз клиенттеріне
ұсынып жатыр: спутникті
коммуникациялар және сымсыз рұқсат, телерадиотарату және Интернетке
шығу, және де кез келген күрделі жобалар дайындап, оны іске асыруда.
Орнықты биік көлем болатын клиенттер үшін аймақтық-таралған кеңселер
арасында берілетін мәліметтер, серіктестік сияқты ұлттық -NPL (National
Private Line) Қазақстанның (ішінде мөлдір сандық каналдар) ұйым бойынша
қызметті ASTEL ілігіп жатыр, солай халықаралық басқа елде аяқтаумен - IPL
(International Private Line) .
«Netring Service» ЖШС - корпоративті және операторлық нарықтарында
белсенді жұмыс істеп жатыр. Бүгін «Netring Service» - басты операторлардың
бірі, инновациялық қызметтердің спектрін біртіндеп кеңейтетін, қарқынды
дамудағы серіктестік. Негізгі тұтынушылары ұялы операторлар, интернет
провайдеры, жүйелік интеграторлар, сонымен қатар экономикалық
секторларының ірі кәсіпорындары: халық шаруашылықтар және білімдер
салалар өнеркәсіптері, мұнай және газ, көлік, қалалық және мемлекеттік
инфрақұрылым кәсіпорындары, ұйымдары. «Netring Service» ЖШС қамтыған
тұрғын кешендердің ортақ саны 10 дана. 20014 жылдан бастап «Netring-Service»
ЖШС қызмет көрсететін ТОО "BI-Group" ЖШС, "Достар-2" ТК, "Номад" ТК,
"Шуақты қала" ТК,
"Гүлдер" ТК, "Арман" объектілердің тұрғындарынан
"Астанателеком" ҚТО-ға телекоммуникациялар қызметтерін қосу туралы
мәлімдемелер, шағымдар түсіп жатыр. ГЦТ « Астанателеком » өтініштерді
қанағаттандыру үшін, тұрғын кешендерден кабелді төсеуге техникалық
шарттар беруін сұрады, бірақ жазбаша ақаулар алды. Сонымен бірге
19
тұрғындардың өтініштері ҚР Байланыс Министріне, қала әкім блогына,
«Қазақтелеком» АҚ басқармасына тұрақты түсіп жатыр.
«Элитком» ЖШС - Астана телекоммуникациялар нарығында 2008
жылдан бастап жұмыс істеп жатыр. Толық қызметтер спектрін ұсынады:
телефондық байланыс, Интернет, домофондық желі, жергілікті, қала аралық
және халықаралық цифрлық байланыстар, кабельді телевизор. «Элитком»
ЖШС негізгі тұтынушылары: Winncom Technologies корпорациясы, Орыс
телефон серіктестігі, «» ЖШС және т. б. Тұрғын
кешендердің ортақ саны 11-
ге жуық.
"Астанателеком"
ҚТО-на
телекоммуникациялар қызметтерін қосу туралы «Элитком» ЖШС қызмет
көрсететін "Амангельды" ТК, "Батыр" ТК, "Жастар-3" ТК және т. б.,
тұрғындарынан тұрақты өтініштер түсіп жатыр. Барлығын қанағаттандыру
үшін тұрғын кешендерден
кабелді
төсеуге техникалық шарттар
«Астанателеком» ҚТО сұрады, бірақ жазбаша ақаулар алды.
«BeNetCom» ЖШС - «Базис -А» ЖШС құрылыс компаниясының негізгі
корпоративті операторы болып табылады. 2009 жылы «Астанателеком» ҚТО
«BeNetCom» ЖШС копаниясымен Megaline арқылы жоғарғы жылдамдықты
Интернет желісіне шығудың франчайзинг келісім шартына отырды. Жергілікті
телефон байланыс қызметтерін беруге, жеке желілері арқылы деректерді жіберу
лицензиялар бар. Компанияның негізгі маркетингтік стратегиясы - таңдаулар
үшін сапалы байланыс. «BeNetCom» ЖШС қызмет көрсететін тұрғын үйлер -
элиталық дәрежеге жатады. Объекттердің ортақ саны - 7 бір., соның ішінде 1
бизнес-орталығы.
«КаР-Тел»
компаниясы - Қазақстанда GSM стандарттың ұялы
байланыстың операторы және K-Mobile Beeline саудалық маркалар атынан өз
қызметтерін ұсынып жатыр. 2003 жылы желіні дамытуға отыз миллион евро
жұмсалған, ол коммутациялық сыйымдылықты едәуір кеңейтуге мүмкіндік
берді. Сонымен қатар, серіктестік желінің қайта ұйымдастыруын өткізеді,
"Motorola" негізгі станцияларын GSM стандартты қолдайтын ғана емес, белгілі
француз компаниясының "Alcatel" GPRS жабдықтарына алмастырды.
2004 жылы қыркүйекте компанияны «ВымпелКом» ААҚ-ы сатып алған.
«ВымпелКом» ААҚ келесідей компаниялар кіреді: «КаР-Тел» (Beeline бренді),
«СА-Телком» (Golden Telecom бренді) және "2Day Telecom". "Beeline"
компаниясы өзін «үлкен аймақтарға жақсы қызмет көрсетуін қамтамасыз
ететін, 154 елдерде роуминг, кең спектрлі қызмет көрсетуде өз орнын анықтап
жатыр, соның ішінде 76 елде GPRS қосулуы үшін төлемдер жоқтығы.
«Digital TV» ЖШС - "Тriple Рlay" (дауыс, бейне, мәліметтер) принципі
бойынша қызмет көрсететін «Alem Communications Holding»
ЖШС-гі.
Қызметтері: телефония, кең жолақты Интернетке шығу (кабельді және сымсыз
- WiMax, 4G) және кабелдік теледидар (аналогтык, цифрлық) . Компания 2008
жылы Қазақстанның телекоммуникациялық операторлардың
нәтижесінде біртұтас холдинкке айналды.
біріктіру
Бүгінгі күні
«Alem Communications Holding»
ЖШС-і келесідей
фирмаларды: «Digital TV», TOO «Aksoran (Аксоран) », «Компания «Секател»
20
ЖШС, «G-Media» АҚ және Қазақстанның басқа 12 қалаларында орналасқан
операторларын біріктірумен айналысып жатыр. Осы мақсатта серіктестік
(Triple Play) барлық аумақта дауысты байланыс және теледидар беру
қызметтерін
көрсету үшін жалпыұлттық қазіргі телекоммуникациялық
желілерін дамыту жұмыстарын атқарып жатыр. Негізгі бағыт - осы жоғары
деңгейде өткізу қабілеттілігі бар берілу желілерімен барлық аймақтарды
қамтуға қаралған.
«Астанателеком» ҚТО - «Қазақтелеком» АҚ филиалы. Қазақстан
Республикасының Астана қаласында өзінің қызметтерін жүзеге асырып жатыр.
«Астанателеком» ҚТО дәстүрлі және жаңа қызметтер түрлерін ұсынып жатыр.
01. 01. 2011 жылы «Астанателеком» ҚТО сыйымдылығы Е1 ағындар бойынша
берілетін виртуалды 244 757 нөмірді қосса, соның ішінде құрастырған АТС
сыйымдылығы -233 557, АТС іске қосылған сыйымдылық -177 093, еркін
сыйымдылық -56 464. Сыйымдылықтар қолдану 75, 8% пайызға жетті .
01. 01. 2014 жылы желілер ортақ құрастырған сыйымдылығы 91 837 портты
құрады, іске қосылған сыйымдылық -62 173, еркін сыйымдылық -29 664 бір.,
ADSL нүктелердің іске қосулар-59 837 бір.
Астана қаласындағы телекоммуникациялық қызметтердің қазіргі нарығы
қолданушының
қажеттіктердің сандық және сапалы өзгеріспен, жаңа
технологиялардың шапшаң дамытумен, бәсекелестіктердің қатты күшейтумен
бейнеленіп жатыр. Қазіргі кезде әлемде талшықты оптикалық технология орын
алуда. . АҚШ және Жапонияларға кең қолдану PON технологиясы тапты. Озат
технология арқылы Internet желі ілгері қолданушылары жоғарғы жылдамдық
туралы мәселені шешкен GPON (Gigabit Passive Optical Network) болады. 2013
жылғы «Астанателеком» ҚТО табысы 7 828 млн. тенгені құрады.
Жобаның Бас мақсаты
-
позициялардың тұрақтау және
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz