Дәндерді ұсақтау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
9

10

11

12

Аңдатпа

Дипломдық жоба ұн өндірісінің автоматтандырылған электр жетегі
тақырыбында жазылды. Жобада вальцті станоктың беріліс механизмі

есептелініп
таңдалды. Жобаланған электржетекке статикалық және

динамикалық сипаттамалар жасалды. Техникалық - экономикалық бөлімде
жиілікті реттегіш енгізудің тиімділігі қарастырылды. Өміртіршілік қауіпсіздігі
бөлімінде Вальцті станокпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
көрсетілді.

Аннотация

Дипломный проект был написан на тему:

Автоматизированный

электропривод в мукодобывательной промышленности. В проекте рассчитан
и выбран двигатель для механизма питания продукта. Для разработанного
электропривода построены статические и динамические характеристики. В

технико-экономической
части рассмотрен эффективность
внедрения

инвертора, то есть преобразователя частоты. В части безопасность
жизнедеятельности приведены мероприятий безопасности при работе с
вальцевым станком.

Annotation

This diploma project was written on the theme :"Automatic electric in
manufacturer of flour industry". The project designed and selected for the
mechanism of the engine power of the product. For developed electric built static
and dynamic characteristics. In the techno-economic part deals efficiency of the
inculcation of the inverter, that is, the frequency converter. In the part of life safety
given the measures of safety during operation with roller machine.

13

МАЗМҰНЫ

Кірісп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1 Механизмнің конструкциясы және өндірістің технологиясы ... ... ... ... ... ... ..11
1.1. Дәннің қысқаша технологиясы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2 Дәндерді ұсақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Өндіріс технологияларын суреттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Ұсақтайтын машиналар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
1.5 Дәнді беру механизмінің кинематикалық схемасының суреттелуі ... ... ... .27
2 Электр жетегі механизмінің түрін таңдау және электр қозғалтқыштарының
қуатын алдын - ала есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.1.1 Жүк тиеу диаграммалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2 Электр қозғалтқыштарының қуатын алдын - ала есептеу ... ... ... ... ... ... ... ..32
3 Электр жетегінің статикалық режимін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1 Валды станоктың есептеуге қажетті берілгендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.2 Статикалық қуаты мен моменттерінің анықталуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..39
3.3 Жұмыс машинасының электр жүйесі системасының инерция моментін
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
3.4 Қозғалтқыштың механикалық және жылдамдық характеристикаларын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
4 Электр жетегінің динамикалық тәртібін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
4.1 Жиілікті түрлендіргіштер ЖТ түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
4.2 Жиілікті статорлық түрлендіргіштр ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
4.2.1 автономиялық инверторды кернеумен екі буынды ЖТ ... ... ... ... ... ... ... .55
4.3 жалпы белгілеудің жиілігінің түрлендірушісін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...63
5 Схемалардың суреттелуі және басқаратын аспаптарды таңдау ... ... ... ... ... ..76
5.1 Күш беретін бөлімнің схемасын суреттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
5.2 Вальц станогының білігін қоректендіретін механизмнің электр жетегін
басқарудың құрылымдық схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77
6 Өміртіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83
6.2 Жабдықты нолдеу арқылы есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
6.3 Диірмен зауытындағы шаң-күл аулағыш циклонды есептеу ... ... ... ... ... ...87
7 Экономикалық негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .92
7.1 Инверторы бар электроқозғалтқыш үшін технико - экономикалық жоба
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..93
7.1.1 Реактивті қуаттылықтың орнына төлеуге кеткен капиталды
шығынының жоба есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 94
7.2 Механикалық басқарылатын электр жетегінің технико-экономикалық
есептеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .96
7.2.2 Негізгі қордың капиталды шығыны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 97
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 101

14

Кіріспе

Үлкен электрлендіру программасының іске асуы және ҚР өндірістік
күштер негізінде еліміздің дамуы қоғамның материялдық тұрмыс халының
көтерілуіне әкеледі. Халық шаруашылығының барлық салаларының
электрленуі жұмысшылар еңбегінің жеңілденуіне, ой еңбегі және физикалық
еңбек арасындағы елеулі ерекшеліктеріне әкеледі.
Өндірістік механизмдер, онсыз қазіргі уақытта бірде-бір фабриканы, бірде-
бір заводты елестетуге болмайды, қазіргі заман машинасының түрін қабылдау
үшін өз дамуының ұзақ жолын жүріп өтті, мұнда кемеңгер мен адам еңбегі
өздерінің материялдық жүзеге асуларын тапты.
Электроқозғалтқыштардың және өндірістік процесстердің автомат-
тандырылуы, қазіргі заман регулирлеу және тексерудің автоматты
басқарылуы әдістерінің жасалуы, күрделі автоматтандырылған
электроқозғалтқыштардың және комплексті механизмделгендердің қайта
өндірілуі және өндірістің автоматтандырылуы еңбектің өнімділігінің елеулі
өсуіне әкеледі.
Ұнның, жарманың және комбикормның өндірілуі еліміздің халқын жоғары
сапалы өніммен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді, ал мал шаруашылығын
- жануарлардың, балықтың және құстардың жақсы өсіп - дамуы үшін
қажеттінің бәрі бар жоғары дәрежелі өніммен қамтамасыз етеді.
Ұнның және жарманың өндіру процессінде бидайды ұсақтайды және оны
қаптайтын қабықшаны бұзады, ал эндосперманың беттік қабатын өндеу
арқылы жоғалтады. Комбикормның ингредиентінің көбі ұсақталады. Барлық
осы процесстерді басқару физикалық және физико-химиялық заңдылыққа
негізделеді, материалдар кедергісін оқу кезінде қолданылады.
Ұндық және жарма заводтарындағы технологиялық прцесстердің нақтылы
енгізілуі бидайдың завод ішіндегі транспортының күрделі жүйесінің
организацисымен байланысты. Соңғы екі он жылдықта пневмотранспорт және
аэрозольтранспорт басты түрлері болды, аэродинмикаға негізділген -
физиканың маңызды бөлігінде. Қазіргі замандағы технологиялық
процесстерде бидайдың электрофизикалық, оптикалық және басқа қасиеттері
елеулі мәнге ие және комбикормдардың ингредиенттері, сонымен қатар
олардың өндірулерінің аралық және соңғы өнімдері.
Бидайдың түрліше қасиеттерінің өзара байланысының сұлбасы, ұн және
жарма өндірісінің әсері және дайын өнімнің сапасы (ұнның немесе жарманың
), оптимизациясы сутермиялық өндірілу арқылы қамтамасыз етілетін,

бидайдың технологиялық қасиеттерін анықтайтынын
көрсетеді. СТӨ

процессінде бидайдың түрліше қасиеттерінің бейнеленуі жүргізілді.
Бидайдың технологиялық қасиеттері структуралы-механикалық,
биохимиялық, физико-химиялық, жылу физикалық қасиеттерінің топтарынан
тәуелді, сонымен қатар бидайдың анатомиялы құрылуының ерекшеліктерінен.

15

Бидаыдың биологиялық жүйесі басты жағдайын алады, оның басқарушы
ролін атқарады.
Сызықтармен және бағыттармен бидайдың қасиеттерінің топтары
арасындағы негізгі өзара байланыстар көрсетілген, ал үзік сызықтармен -
негізгілергеқосымша байланыстар.
Бидайдың өзара ішкі байланыстарының осы қиындылықтармен
байланысты, ұн, жарма және комбикорм өндірістерінің технологиясының өз
негізінде қазіргі заманға фундаментальды және қолданбалы ғылыми
комплексін ала алады. Сондықтан технологқа олардың әдісін білу, олардың
аппаратын меңгеру міндетті. Технологияның ендігі дамуы тек қана
биологиялық,органикалық, физико-коллоидно химия, физиканың түрлі
облыстарында, физико - химиялық механиканың жаңа жетістіктерінің
қолданылу негізінде жүргізіледі.

16

1 Механизмнің конструкциясы және өндірістің технологиясы

Жер бетінде көптеген түрлі өсімдіктер өседі, оларды екі топқа бөлуге
блады: жабайы өсетін және мәдени дақылды өсімдіктер.
Жабайы өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері олар тез арада барлық
климаттық жағдайға бейімделіп, тез өседі. Ал мәдени дақылды өсімдіктер
өзінің өсуіне адам көмегін қажет етеді. Мәдени дақылды өсімдіктердің көп
жылдар арасында сан түрлі сорттары пайда болып, осы уақытта адамдардың
қажеттілігіне пайдалануда. Мәдени дақылды өсімдіктердің арасында дәнді
өсімдіктер тобы ерекше орын алады. Біздің алға қойған мақсатымыз осы дәнді
өсімдіктердің сан түрлі сорттарын және өнімдерін халыққа жеткізіп,
халықтың әл-ауқатын көтерумен дүниежүзілік сұранысты қамтамасыз ету.

1.1 Дәннің қысқаша технологиясы

Дәннің құрылымы. Дәннің құрылымды-механикалық жағдайы деп - дәннің
құрылымдық ерекшеліктері мен механикалық күш қолданғандағы жағдайы.
Осы жағдайлар процестің көптеген ерекшеліктерін анықтайды. Олар:
майдалау, ірі дәндерді ажырату және ұнтақтау, дәнді ұнтақтаудың сапасы,
майдалауға кеткен энергия шығыны және т.б.
Дәннің механикалық қасиеті. Дәннің беріктігі. Затқа әсер ету әрекеті
арқасында бұзылуына қарсы тұру қабілеттілігі. Бұл көрсеткіш П Е : F
кДжм2 шығындалған күш қуатын тағы да жеңіл-желпі құрылуын анықтау.
Беріктігінің бағалануы, яғни бұзылу әрекетінің мөлшері немесе күш
салынуы (беріктігінің шектелуі). Осыларды ескере отырып деформацияның
түрлерін ұмытпағанымыз жөн, сондай - ақ кесуге, қосуға т.б. Қарсылық
көптеген заттарға, оның ішінде әсіресе дәндерге ұқсас емес.
Әр түрлі мәдени дәнді дақылдардың беріктілігі 50% жетуі мүмкін. Ұсақ
дәндердің беріктілігі ірі дәндерге қарағанда 30 -- 60%-ке мықты. Дәнді
майдалау кезінде әр турлі құбылыстарды көруге болады. Бұл әсіресе дәннің
сортына және басқа да факторларға байланысты. Дәннің анатомиялық
құрылымыда тез арада өзгереді, қабықшалары әлде қайда эндоспермалық
мықты. Өзіндік дымқылдық қасиеті 14,3 -- 16,0%-ке тең; дән қабықшасының
уақытша шектелуі алейрондық қабықшамен біріккен түрі (88,6 -- 133,2)
·105Па - ға тең; ұрықтық қабықша үшін (110,3 -- 178,8) ·105Па, ал барлық
қабықшалар үшін және алейрондық қабатпен біріккендер үшін (203,3 -- 250,0)
·105Па. Мықтылық: қабықшалар үшін (268 - ден 325,0)·105Па дейін жетуі
мүмкін, эндосперма мықтылығы (10 -- 30)105Па-ға тең болғанда.
Дымқылдану температурасы жоғарылағанда қысылғандағы сығу әрекеті
төмендейді, әсіресе бұған дымқылдық әсер етеді. Осының әсерінен дәннің
майдалану деформациясы көбірек болады, бұл дәннің созылмалылығының
артуын және тез сынғыштығының төмендеуін көрсетеді.
Алайда дәннің бұзылуына дейінгі абсолюттік деформациясы бірқалыпты
жоғарылайды. Осының нәтижесінде дәнді майдалау кедергісі де

17

жоғарылайды. И.А Наумовтың мәліметтері бойынша дәннің дымқылдануы
жоғарылағанда Цезиум бидайы 31 - ден 10,5 - тен 18,0%, ұндылығы көп дәннің
майдалану кедергісі жоғарылағанда 3,8·105 нен 6,0·105 Па дейін, ал шынылық

түрі
- 4,6·105 ден 6,1 · 105 Па дейін. Ал теріс температурада бұзылу әрекеті

жоғарылап, деформациясы төмендейді.
Дәннің қаттылығы. Бұл дәннің жоғарғы қабаттарының жергілікті
деформациялау кедергісінің қабілеттілігін білдіреді.

1.2 Дәндерді ұсақтау

1.2.1 Дәндерді тартуға дайындау мақсаттары

Айқын жүйелілікте өз ара байланысқан машиналар және операциялардың
жиынтығы бидайдың дәндерін тартуға дайындау процесін құрайды. Ол ұн
өндіру кезіндегі негізгі процестердің бірі. Дәндерді дайындау процесінің
нақты ұйымы көбіне оның қолданылу дәрежесін, ұнның шығуын, оның
сапасын және ұн тартатын зауыттардың басқа да жұмыс көрсеткіштерін
анықтайды.
Дән тазалайтын бөлімдердің мақсаты: дәндерді қоспалардан айырып,
олардың беті тазалап қана қоймай, қажетті бағытта олардың қасиеттерін
өзгерту, сонымен қатар қажетті ұн тартатын және нан пісіретін қасиеттерге ие
болатын дәнді қоспа дайындау.
Дәнді тартуға дайындау процесін, әдетте, шартты белгілеулермен машина
және аппараттардың орналасуын көрсететін, олардың маркаларын,
техникалық сипаттамаларын келтіретін, сонымен қатар дәннің және қосымша
өнімдердің қозғалу бағытын көрсететін технологиялық схемаларды
графикалық түрде бейнелейді.

1.2.2 Бидайды тартуға дайындау

Бидайды тартуға дайындаудың технологиялық схемасын дәннің
құрылысты- механикалық қаситеттерінің (бірінші кезекте шынылық түр),
сапасына және дағдыланатын ұн ассортиментіне байланысты тұрғызады.

Обойлы
ұн өндіру кезінде дайындау схемасын дәнді дайындау

схемасындағыдай тұрғызады, яғни дән тазалайтын бөлімде қоспалардан және
қабыршық тазалайтын машиналардағы дәннің бетін тазалауды (элеватордан
алдын - ала тазалаудан басқа) қосады. Нан пісіретін ұндардың бір немесе
бірнеше сорттарын өндіру кезіндегі дайындау схемасы көбірек дамыған. Оған
кіретіндер:
элеваторда (сепаратор және магниттік аппараттар), ұн өндіретін
зауыттардағы дән тазалайтын бөлімдерде қоспалардан дәнді алдын -ала
тазалау;

18

дәнді қабыршықты және щеткалық машиналарда қоспалардан және оның
бетін тазалау;
дәнді гидротермиялық өңдеу;
щеткалық машиналарда дәннің бетін қайтадан тазалау және дәнді
қоспалардан сепараторда тазалау;
дәннің бетін дымқылдау және тартудан бұрын жалғастырмайтын...
Дәнді тартуға жүйелі және параллельді түрде дайындайды. Бірінші тәсілді
өнімділігі шамамен 200 -- 220 тонна тәулігіне ұн тартатын зауыттарда
қолданылады. Бұл жағдайда, алғашында бірінші топтағы жұмсақ бидайды
шынылық түрде дайындайды, сонан соң екінші немесе үшінші топтарды
дайындайды. Дәндерді кейін араластырады.
Параллельді әдісте жұмсақ жоғары шынылы түрдегі және төмен шынылы
түрдегі бидайларды екі секцияда жеке -жеке дайындайды, ал оларды қажетті
пропорция түрінде ... кейін немесе I жүйеден бұрын араластырады. Бұл әдісті
өнімділігі көп емес зауыттардағы шынылық түрдегі әр түрлі топтан болатын
жұмсақ бидайды дайындауға арналған жабдықтаулар толығымен
толтырылмағандықтан, өнімділігі орташа 250 -300 тонна тәулігіне ұн тартатын
зауыттарда қолданылады.
Сонымен қатар күздік (IV топ) және жаздық (I және III топтар) бидайларды
жеке-жеке өткізу ұсынылады.
Бидайды параллельді бөлек технологияларда дайындау кезінде
машиналардың жұмысына технологиялық күшті әсерін тигізеді
(сепаратордағы елеуіштер мен триерлердегі ойықтардың мөлшерін ірі ктеп
алу), сонымен қатар дәндердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты
гидротермиялық өңдеудің (дымдау тәртіптері, препаривание және
отвалаживание уақыттары) үйлесімді тәртіптерін қолдануға болады.

Мәскеудің № 4
мелькомбинатындағы, Николаевскидегі нан өнімдері

комбинатындағы және басқа өнеркәсіптер жасаған тәжірибелер бидайды
шынылық түр бойынша үздіксіз және бөлек отвалаживание тартудың
технологиялық процесінің нәтижелілігінің жоғарылауына жағдай жасайды.
Бұл өндіріс орындарындағы дәнді отвалаживание арналған барлық қамбалар
талассыз схемамен жұмыс істейді. Дәннің дымдау мөлшерін және
отвалаживание уақытын шынылық түр байланысы әрбір сорт үшін тәжірибе
жолымен алады, қамбалар дәннің сорты мен түріне байланысты әр түрлі
топтарға бөлінген. Әр топқа қамбаның саны мен көлемін қоспадағы дәннің
проценттік қатынасымен шынылық түрі, бастапқы және соңғы
ылғалдылықпен есептейді.
Гидротермиялық өңдеудің қолайлы тәртіптерінде өткізілген дәндерді жеке-
жеке дайындау ұн тартатын зауыттың жұмысының жоғары көсеткішін, ұнның
шығуы мен сапасы, сонымен қатар энергияның салыстырмалы шығыны
қамтамасыз етеді. Бидайды бөлек дайындау кезінде алынған ұнның нан пісіру
қасиеті өзінің жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

19

Дәнді тартуға жеке-жеке дайындау тек орналастыру ережелерін қатаң
сақтағанда және бидайды оның физико - химиялық және технологиялық
қасиеттері көрсеткіштері бойынша сақталғанда ғана мүмкін.
Өнімділігі үлкен ұн тартатын зауыттардың тартатын бөлімдерінде бірнеше
секциялар болған жағдайда жеке -жеке дайындауы шынылық түр бойынша
өткізіп қана қоймай, сонымен қатар, әрбір партияны жеке -жеке секцияларда
ұсақтауға болады.

1.2.3 Ұн тарту сортының технологиялық процесінің кезеңдері

Ұн тарту зауыттарында бидайды ұсақтау келесі процестерден тұрады:
жыртықты (жарманың түзілуі), үгітулі (байыту) және қажалу. Әр бір процесс
саны ұн тарту түрімен және өндіріс орнының техникалық жабдықтануынан
анықталатын көптеген жүйелерден тұрады.
Драной процесс. Бұл процестің бастапқы үшінші-төртінші жйелерінде
қабықтардың біраз санымен жарма түріндегі эндосперманың үлкен
бөлшектерінің барынша көп мөлшерін алу қажет. Соңғы екі -үш жүйелерінде
қабықтарды өндіреді, яғни оларды эндосперманың қалдықтарынан
ажыратады. Осы процесте алынған жарма өнімдерінің саны мен сапасына
байланысты технологиялық процесс ары қарай жүреді. Сонымен қатар драной
прцестің жұмысы алынған кебектің сапасына байланысты сипатталады.
Ірі жоғарызольды кебектердің барынша көп алынуына жету қажет. Драной
процесте 78% ұн тартқанда золь 6 % кем болмайтын 14 -16% дейін кебек
алынуы тиіс. Егер аз кебек (10 -11%) алынса және олардың зольы төмен (5%
дейін) болса, онда жарма түзілу процесі дұрыс жүріп жатқан жоқ.
Шлифовочный процесс. Драной процесте алынған жармалардан оларды
ұсақтамай, қабықтардың бітіп кеткен бөлшектерін бөліп алады.
Шлифовочный процесіндегі ұсақтау тәртібінде эндосперманың
түйіршіктерінің бүлінуі аз болады. Түйіршіктерді керексіз ұсқтау кезінде,
олардың қоспасы қабықтардың кішкене бөлшектеріменластана береді және
сондықтан жоғары сортты ұн өндіру үшін бағытталған жоғары сапалы
түйіршіктердің мөлшері азаяды.
Размольды процесс. Эндосперманың таза кішкентай бөлшектері сәйкес
келетін сорттағы және іріліктегі ұнға ұсақталады, сондықтан жаншып үгітетін
станоктар келіп түсетін дунст және жармалардың барынша ұсақталуын
қамтамасыз етуі керек.
Әрбір ұсақтайтын жүйедегі жаншып үгітетін станоктардың қалыпты тиеуін
қамтамасыз етуі үшін барлық ұсақтаушы саңылаудың ұзындығына өнімнің
біркелкі таратылуын ескеру қажет. Бұл оның қоректенуші механизмнен
шығарудың реттеуімен жетеді. өнімнің біркелкі таралуына оның ұсақталу
сапасы тәуелді болады.
Ұн тартатын зауыттардағы дәнді тарту процесі барлық жабдықтаулар бір
уақытта толассыз жұмыс істеуі керек,сондықтан әрбір жүйе дербес емес,
барлық жүйелер тығыз байланыста болуы керек.

20

Осыған байланысты жаншып үгітетін станоктың қандайда бір бөлек
жүйесінің өзгеруі (станокқа түсетін өнім санының артуы немесе азаюы, оның
ұсақталу дәрежесінің өзгеруі және т.б.) берілген жүйенің өнімдері
бағытталған жүйенің жұмысынан көрінеді.
Бөрітпені дұрыс емес реттеуі (ұсақтаушы зонаға түсетін өнімнің мөлшері)
оның ұсақтау тәртібі майдаланбаған ұнтақтық бөлшектері есебінен
кебектердің салмақтық мөлшері өседі.
Ұсақталу прцесі көрсететін талаптары, ұн тарту түрі мен және берілген
шығу көрсеткішімен, ұн сапаларымен ескеріледі. Осы талаптарға байланысты
дәннің ылғалдылығы, оның құрылысты - механикалық қасиеттері (ірілік,
қаттылық), ұсақтаушы машиналардың техникалық сипаттамалары,
жабдықтауға жүкті тиеу және тағы басқа ұн тарту тәртібін орнатады.

1.3 Өндіріс технологияларын суреттеу

Жаңа типтік комбинат кешеніне элеватор тәулігіне өнімділігі 80 тонна
дәнді құрайтын ұн тартатын зауыт кіреді. Жоғары сортты ұнның жоспарлы
шығуы 78% құрайды.
Элеваторға дән автомобильдік немесе теміржол көлігінен түседі.
Қабылданған дәнді қажеттілігінше кептіреді және сақтау үшін силосқа
орналастырады. Элеватордың технологиялық схемасы дәннің ірі, ұсақ және
жеңіл қоспалардан алдын - ала тазартуды, сонымен қатар ұсақ дәндердің
бөлінуін қарастырады.
Дәндерді алдын-ала тазалау үшін қосалқы тік каналдарымен өнімділігі 100
тсағат болатын А1 - БИС- 100 сепараторлары орнатылған. Дәндерді ірі, ұсақ
және жеңіл қоспалардан тазартылғаннан кейін, дәндердің ұсақ фракциясы
(бастапқы дәндегі салмағынан 30% кем емес мөлшерде) бөлінетін пакетті
үлгідегі (А1 - БСФ-50) немесе шкафты үлгідегі (А1. - БСШ) өнімділігі 50
тсағатына болатын сепараторларға түседі. Дәнді ірі қоспалардан алдын -ала
тазалау нәтижелілігі - 100%, ал жеңіл қоспалардан - 70...71% құрайды. Шөп -
шалаң қоспалардан тазалаудың жиынтық нәтижелілігі - 64% құрайды.
А1-БИС-100 және А1-БСФ-50 машиналарында дәнді тазалаудан кейін,
ереже бойынша, ондағы шөп - шалаңның мөлшері 0,4 - тен аспау керек, ал дәнді
- 1,75%, тартуға жіберілетін дәннің талаптарына сәйкес келеді. Тазаланған
тәндерді автоматты таразыларда өлшейді және тобы шынылық түр бойынша
бөлек ұн тартатын зауытқа жібереді. Дәнді тазалайтын бөлімдерде дәнді
дайындау қоспалардан нақты тазалау, дәннің бетін дымқыл және құрғақ
әдістері арқылы тазалау, дымдау, отволаживание және стерилдеуден тұрады.
Технологиялық схема екі типтегі дәнді дайындауды құрастырады. Бірінші
кезеңнің әрбір секциясында әрқайсысының өнімділігі 6 тсағат болатын
параллель екі өріс бойынша жүзеге асады, ал екінші кезеңде екі өріс те біреу
болып бірігеді. Демек, дәнді тазалау, дымдау және отволаживание дәннің
физико- механикалық қасиеттеріне сәйкес технологиялық процесті үйлесімді

21

тәртіпте жүргізуге рұқсат ететін параллель төрт өрісте (әр секцияда екеуден)
жүргізеді.
Дән 6 бункерге түседі. Олардың әрқайсысында өздігінен ағатын құбырмен
байланысқан бір бітіруші тесіктен қарастырылған. Олар дәнді У2 - БВВ
бітіруші воронкасына беріледі. Бункерден дәнді шығаруға арналған бұндай
құрылғы өздігінен сорттайды. Дәнді қоспалардың тығыздық және
арамшөппен біртектілігі жабдықтаудың біркелкі тиеуін
қамтамасыздандырады және өнімнің тұрақты сапасына кепіл болады.
Нәтижесінде ұнтақталу партиялардың құру дәлдігі массасы бойынша +- 1 %
- ке жетеді.
Бункерден дәндер автоматты электронды дозаторлар УРЗ -1 арқылы
магнитті шнектерге, магнитті сепараторға У1 - БМЗ -ге беріледі және ары қарай
тығыздалған пневмотранспортты аудың пневмоқабылдауыштарына
бағытталады. Пневмотранспортерлер мен түсірушілер У2 -БРО арқылы дәндер
порциялы әрекет ететін таразыға жіберіледі. Бұл әр өрістің өнімділігі мен

өңдеуге жіберілетін қабылданған дәннің жалпы
мөлшерін есептеуге

көмектеседі.
Қысқа мерзімде дәнді БПЗ жылытқыштарында жылыту қарастырылған.
Тазалаудың бірінші кезеңі А1-БИС-12 сепараторларында өтеді.
Минералды қоспалардан бөліп алу үшін вибропневматикалық РЗ-БКТ
немесе РЗ - БКТ-100 тастан тазалағыш машиналары қарастырылған. Тастан
тазалағыш машинадан кейін ұсақ қоспалар бөлініп шығатын, ал дән өзінің
тығыздығымен қоспалардың құрамы мен ерекшеленетін фракцияларға
бөлінетін А1 - БЗК -18 концентратор орнатуға болады. Осы жерде қара сұлы
бөлінеді, сондықтан концентратор болған кезде технологиялық схемадан
триер - қара сұлы қабылдағышын алып тастайды.
Негізгі табиғатынан ұзындығы бойынша ерекшеленетін қоспалардан
дәндерді дискті триерларда, куколе - и және қарасұлы қабылдағыш
машиналарында (сәйкесінше А9 -УТК- 6 және А9 -УТО- 6) тазалайды. Ары
қарай У1 - БМП-01 магнитті сепараторлары арқылы дәнді тік қабықты
машиналарға РЗ - БМО- 6 немесе көлденең РЗ - БГО-6 машиналарға бағыттайды.
Бұл машиналарда беткі қабықтарынан біртіндеп бөліп, дәннің беті қарқынды
тазаланады. Ары қарай дәнді пневмотранспорт арқылы тік цилиндірлі РЗ - БСД
пневмосепараторларына жібереді (қабыршақталған өнімдерді бөлу үшін), ал
сонан соң ол ылғалды қабыршақтар үшін А1 - БМШ машинасына жіберіледі.
Осы мақсатта ылғалды қабыршақтарға арналған машинаның А1 - БШУ -1
қарқынды дымдау аппараттарын қолданады. Жабдықтаулар жинағында Ж9 -
БМА жуғыш машиналарын қолдануға болады.
Дымқылданған дән шнектер жүйесіне түседі, онда араласу нәтижесінде
олардың ылғалдылығы теңеледі. Одан кейін оны үздіксіз отволаживание үшін
бункерлерге жібереді.
Суық тазарту процесінде дәнді үш есе дымдау және отволаживание
мүмкіндіктері қарастырылған. Барлық кезеңдегі дымдауға кеткен судың
мөлшерін ротаметрмен бақылайды.

22

Отволаживание кейін бункердегі дән шнектің дозаторлары арқылы
пневмотранспорттық ауларға және ары қарай тазалаудың екінші кезеңі
обоечный машиналарға жіберіледі. Сонан соң РЗ - БЭЗ энтолейторларына
түседі, онда нан қорларының зиянкестері және жасырылып зақымдалған
дәндер құртылады. Энтолейторлардан кейін дән РЗ - БАБ әуе сепараторына
жіберіледі.
Қабықтарға иілгіштік қасиетін беру үшін I драной жүйесінен бұрын
тазаланған дәндерді А1 - БАЗ немесе А1 - БШУ - 2 аппараттарында дымдайды,
ал сонан соң 10 -15 минут ішінде металдық бункерде кептіреді. Одан кейін
дәнді автоматы таразыларда өлшейді. У1-БМП магнитті сепаратордан кейін
I драную жүйесіне түседі.
Ұн тартатын зауыттың тарту бөлімі бір секциядан тұрады. Бұл секцияда 4
А1 - БЗН жаншып үгітетін станогы орнатылған. Жаншып үгітетін сызықтық
салыстырмалы салмағы 204 кг (см · тәулік) құрайды. Драной жүйенің барлық
және соңғы тарту процестерінде кедір -бұдыр вал орнатылған ал қалған тарту
жүйелерінде беті кедір-бұдыр вал қолданады.
Тартудың өнімдері шкафты түрдегі GKE 828 сегіз қабылдағышты себуде
сортталады. Себуші беттің салыстырмалы салмағы 4720 кг(м2 · тәулік)
құрайды. Жарма мен дунст тарту процесін интенсификациялау үшін екі
энтолейтор GIF 75 орнатылған.
Тартылған дәннің сортталған өнімін төзімділікпен байыту бір ситовеечті
машинада GIS 246200 өткізіледі. Ситовеечті машинаның сорттайтын бетінің
салыстырмалы мөлшері тәулігіне аудың ені 1300 кгсм құрайды
эндосперманың бөлшектерін қабықтарын бичевых вымольных
машиналарында GKF 45110 тазалайды.
Вымольный машиналардың елеуіштері арқылы еленген өнімдерді
виброцентрифугада өңдейді, ал қалдықтар кебектерге бағытталады.
Технологиялық процестің схемасы және жабдықтаудың қарастырылуы
қажеттілікке байланысты ұнның тауарлық сортын қалыптастыруға рұқсат
етеді. Бұл секцияда әр түрлі сападағы ұнның үш өрісі қалыптасады. Бірінші
өріске зольность 0,45 - 0,48% болатын 75 %- ға дейін ұн бағытталады. Бұл өріс
барлық сорттарды қалыптастырудағы негізгісі болып табылады. Одан жоғары
сортты ұн қалыптысады және оны белгілі бір қатынаста бірінші және екінші
сорттағы және обойный ұнға қосады. Екінші және үшінші өрістегі (10 -11%)
ұнның сапасы төмен болады. Оны обойный ұнның бірінші және екіші
сорттарын қалыптастыруға қолданады. Ұнтақ жарманы тек қана жоғары
шынылық түрдегі бидайдан өңдейді.
Одан кейін ұн магнитті сепараторларға түседі, GIF 75 энтолейторында
стерилденеді және өлшенеді. Өлшеніп болғаннан кейін ұн өріс бойынша және
кебек пневмотранспортты сызықтар арқылы дайын өнім бөліміне жіберіледі.
Ұн тартатын зауытта - технологиялық процестің тұрақтылығы мен және
жоғары өнімділігі мен, барлық жабдықтауларды пультпен басқаратын, оған
қызмет ету ыңғайлылығын, машиналардың естетикалық түрлерін қамтамасыз
ететін - жаңа жабдықтаулар жинағын қолдану - осының бәрі жұмыс істеу

23

үшін қолайлы шарт

жасайды

және

жоғары

технико-экономикалық

көрсеткіштер көрсетеді.

1.4 Ұсақтайтын машиналар

Жабдықтау жиынтығы мен жабдықталған ұн тартатын зауыттарда дәнді
өнімділігі 250 тсағ болатын екі секцияда тартады. А секциясында - жоғары
шынылық түрлі дәнді, Б секциясында - төмен шынылық түрді дәнді өңдейді.
Дән және өндіргендегі өнімдерді мөлшері 250 X 1000 мм болатын
суытатын вал бар А1 - БЗН жаншып үгітетін станоктарда тартады. Жаншып
үгітетін станоктардың бір тобында төрт - бес машинадан бар. Қоректенуші
кішкене біліктердің келтіруі, жұмысшы валдардың қозғалтқыш механизмі,
салқындату жүйелері және бір бірінің қасында тұрған екі станокты
пневматикалық басқару жүйелері жалпы қаптамамен жабылған. Соңғысы
шудың төмендеуіне арналған экран және қоршалу болып табылады.
Драной процесс төрт жүйеден құралған. IV - драная жүйе - вымальная.
Жарманы және дунст жүйе лі екі кезеңде ұсақтайды: беті кедір - бұдыр валды
А1 - БЗН жаншып үгіткіш станогында және жаншып үгітетін станоктардан
кейін орнатылған РЗ-БЭР энтолейторында және А1-БДГ дегашерында.
Размольный процесс 12 жүйеден тұрады. Соңғы размольді жүйеде кедір-
бұдыр вал жабдықталған. Деташер мен энтолейторда қабықшалар емес
эндосперманың бөлшектері ұсақталады. Сондықтан алынған өнімнің көп
бөлігі өзінің мөлшері бойынша ұнға жататын бөлшектерден тұрады.
Жарма және дунст ұсақтауда екі кезеңді қолдану ұнның жинақталып
шлифовочной шығуын рұқсат етеді. Мысалы: 1 - ші жүйесінде жаншып үгіткіш
станоктан кейін ұнның ұсақталуы 9,5% құрайды (№43 елеуіштің өтуі), ал

жаншып үгіткіш станок пен деташерден кейін
- 17,6% құрайды. 1-ші

размольной жүйесіндегі жаншып үгіткіш станоктан кейінгі ұнның ұсақталуы -
21,5 %, ал жаншып үгіткіш станок пен энтолейтордан кейін ~ 43,5 % құрайды.
Жинақталған жабдықтаумен жабдықталған ұн тартқыш зауыттардағы
драная жүйесіндегі эндосперма бөлшектерін ұқсас фракциялардың
қабықтарынан айыру үшін А1-БВГ вымальная машинасын қолданады.
Жаншып үгітетін станоктар. Жаншып үгітетін станоктардағы дәннің
немесе аралық өнімдердің ұсақталуы сына тәрізді жазықтықта жүреді. Олар
бір-біріне қарама-қарсы әр түрлі жылдамдықпен айналатын, параллель екі
цилиндрлік вальц жазықтықтарында түзіледі. Дәндер қысу және жылжыту түр
өзгертулері (деформациясы) нәтижесінде бүлінеді. Практика жүзінде вальц
буларының Q (тсағат) анықтау үшін көбіне оңайлатылған теңдеуді
қолданады:

Q= qL 24 ·103,

мұндағы: q - вальцтағы салыстырмалы салмақ, кг(см ·тәул,т),
L - вальц ұзындығы, см.

24

Станок өнімділігі, ұсақталу дәрежесі және дәнді ұсақтауға жұмсалатын
энергияның мөлшері бір -бірімен тығыз байланысты және вальцтың айналу
жылдамдығымен, жиаметрімен және вальц геометриялық формаларының
түзулігімен, профиль және рифль сипаттамасымен анықталады. Айналу
жылдамдығын жылдамдату энергияның жұмсалуын жоғарылатқан кезде
өнімділікті арттырады.
Айналу жылдамдығының жаншып үгітетін станоктың технологиялық
нәтижелілігіне әсері екі түрлі: оны жоғарылатқан кезде, бір жағынан -
ұсақталу дәрежесін жоғарылатады, екінші жағынан - дәннің ұсақталуы және
түр өзгерту (деформирования) жылдамдығы азаяды. Айналу жылдамдық
қатынастары өскен сайын, энергияның жұмсалуы жоғарылайды. А1 - БЗН, А1 -
БЗ - 2Н және А1 - БЗ- ЗН жаншып үгітетін станоктарда драных жүйесіндегі
айналу жылдамдығының қатынасы 2,5 шлифочный және размольный
жүйелерінде -- 1,25-ке тең.
Жаншып үгіткіш станогының жұмыс нәтижелілігіне әсер ететін факторлар
- вальц параллельдігі жұмыс уақытындағы олардың арасындағы саңылау
тұрақтылығы, рифль сапасы (еңісті және адым таңдаудың дұрыстығын қоса
алғанда). Вальцтардың жұмыс беті қатаң цилиндрлік формада болуы үшін
рифль кесуінің алдында оларды мұқият өңдейді. Вальц өңдеуін және рифль
кесуін арнайы шлифовально-рифельных станоктарында жүргізеді.
Вальц жұптасып жұмыс жасағанда әр түрлі орналасқан рифльді қолданады.
Рифльдердің ұш- ұшпен орналасқан кезінде ұсақталатын өнімге қарқынды әсер
етеді. Бұл жағдайда бөлшектер негізінен, жылжу нәтижесінде бүлінеді.
Рифльдің бұндай орналасуын 1 см - ге рифль кесуінің тығыздығы 4,1 - 10,2
кезінде қолданады. 1 см - ге рифль кесуінің тығыздығы 15,3 болған кезде ұшы
арқасына орналасуын қолданады.
Жарманы размол мен шлифовка кезінде кедір-бұдырлы вальц қолданады.
Бұл үшін тегіс вальц бетін қайрақ материалдардың механикалық қоспасымен
және пескоструйный аппаратының комегімен қысылған ауамен өңдейді.
Размольный жүйедегі вальц бетінің кедір-бұдырлығы 2,5 мкм құрайды.
А1-БЗН жаншып үгіткіш станогы. Дәннің және тартудағы аралық
өнімдерді ұсақтауға арналған. Оны ұн тартатын зауыттардағы
жабдықтаулардың жинағы құрамында жоғары сортты ұнның көбірек шығуы
үшін қолданады. Станоктардың топталып орналасуы кезіндегі қозғалатын
механизмдердің қоршалуы үшін олардың арасына капоттарды орналастырады.
Станоктарды келтіруге арналған электр жетегін жаншып үгітетін қабат
астында жауып орналастырады. Жаншып үгітетін станок келесі негізгі
түйіндерден тұрады: станина, подшипниктік түйіндермен ұсақтаушы
вальцтың екі жұбы, келтіру және вальц аласындағы берілу, вальцтарды суыту
құрылғылары, бастапқы дәндерді автоматы реттеу арқылы беру құрылғылары,
вальцтарды параллельдік күйге келтіру механизмі және олардың жақындасуы,
тазартқыштар, дәннің деңгейіндегі сигнализатор, вальцтарды өрескел
дабылдауды жергілікті басқару құрылғылары және бос жүрудің сигнал беруі.
Станок автоматы жұмыс істейтін екі жартыдан тұрады.

25

Ұсақтаушы вальцтар 8 (1.1-сурет) екі жағынан да цапфамен престелген
бөшке түрінде көрсетілген. Бөшкелер ортадағы қиылатын машинадан құйып
алады. Бөшкелерге құю үшін ұн тартатын вальцтардағы қуысты бөшкелерді
дайындауға ТУ 14.2440 -- 81 шойындарын қолданады. Кедір -бұдырлы және
тегіс вальцтарға арналған бөшкелердің бетінің қаттылығы, сәйкесінше, 490...
530 және 450...490 НВ құрайды. Бөшкелер мен цапфалар қуыс болып келеді.
Бөшкелердің беткі қабатының тереңдігі 10...20 мм. Бөшкенің номиналды
мөлшері 250 X 1000 мм. Станоктағы вальцтар көкжиекке қарай 30° бұрыш
жасап орналасады.
Өнімді ұсақтаған кезде кедір-бұдыр вальцтарға әсер ететін тарамдалған
және осьтік ауырлық подшипниктерді қабылдайды. Жоғарғы екі вальцтардағы
подшипниктер 1 (станоктың әр жартысында бірден) қапталдыққа болттармен
бекітілген және де олардың екеуі призонные. станоктың әр жартысындағы
төменгі вальц жоғарғыдағыға қатысты орын ауыстыра алады. Бұл
вальцтардың арасындағы тесіктердің мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді,
сонымен қатар I беруді тоқтатқан кезде төменгі вальцтің шапшаң ысырылуын
қамтамасыз етеді; вальцтердің, "рифль - рифль" бойынша қауіпті жұмыс
жасауынан қашуға рұқсат беретін өнім. Осы мақсатта жылжитын
подшипниктердің 6 және 10 денесі бұрыштап орын ауыстыруға мүмкіндік
беретін қапталдықтың саңылауларында престелген цапфада 9
орналастырылған. Жылжитын подшипниктердің денесі алмалы - салмалы
қақпақтарға ие. Жылжитын подшипниктердің денелерінің бірі, айналуымен
ұсақталатын вальцтардың өзара орналасуын өзгертетін және параллельдікке
жететін эксцентрикті втулка 7 арқылы цапфамен жегіледі.
Денелерде ішкі оқтізерлері вальцтің цапфа бөліктеріне отырғызылған
доңғалақ шар тәрәзді подшипниктер 11 орнатылған. Подшипниктерді
цапфаның конусты бөлігінен арнайы гидравликалық съемникпен бөлектейді.
Ол майды вальц цапфасының тесігі арқылы ішкі оқ тізердің конустық бетімен
кездесетін орынға басып тығыздайды. Цапфалардың сол жақ ұшында
қаптаманы 4 жабатын вальц арасынан өткізілетін тісті доңғалақтар 3 және 5
бекітілген.
Электр қозғалтқышынан айналдырушы кезең клиноременной өткізу 13
беріледі. Вальц аралығындағы берілудің қаптамасы тез айналатын вальцті
суытатын құрылғысының 2 денесіне (1.2 - сурет) бекітілген. Консольді тұтқа 1
іші бос вальцтің ішіне кіргізілген және бір жақ соңымен денеге қатты
бекітілген. Дененің ішінде (жеткізуші магистральде) тығындық кран 3
құрастырылған. Ол вальцтің ішкі қуысындағы судың берілуін тоқтатады және
ашады. Денеге вальцтан судың бұрылуы цапфаның резбалы желімбесінің
тесігіне саптау 5 суретіне қамтамасыз етеді. вальцтерді ауыстыру кезінде
судың бұрылуын жеткізуші тік құбырмен нығайтылған вентильмен 4 бітейді.
Дәнді беру құрылғылары I драная жүйе үшін, мөлшерлеуші және аралық
кішкене білік түрінде; кедір -бұдырлы вальцты (12 -ші размольнидан басқа),
қалған жүйелер үшін - мөлшерлеуші кішкене білік пен шнектің қосылуы
түрінде; размольді жүйелер үшін - бөліп тұратын және мөлшерлеуші кішкене

26

біліктің қосылуы түрінде орындалған. Бастапқы дәнді беруді келтіру
құрылғылары тегіс ременді тапсыруды қамтамасыз етеді.

1 - подшипник; 2 - суыту құрылғысының денесі (корпусы); 3,5 - вальц
аралық тапсырулардың тісті доңғалақтары; 4 - қаптама; 6,10 - жылжымалы
подшипниктер; 7 - эксцентрикті втулка; 8 - ұсақтайтын вальцтер; 9 - цапфа;
11 - шар тәрізді подшипник; 12 - шпонка; 13 - УА4500 -6 тар клинді
қайыстарды пайдаланатын шкиф келтірулер. Тісті доңғалақтармен шкиф
шпонкалар арқылы цапфаға бекітілген. Кедір -бұдыр вальцтар үшін жүргізуші
шкивтердің диаметрі 150 мм, ал тегіс вальцтар үшін 132 мм құрайды

1.1 Сурет - Подшипникті түйіндері, келтірулері және вальц аралық
тапсырулары бар ұсақтайтын вальцтар

27

1 - консольді трубка; 2 - дене; 3 - кран; 4 - вентиль; 5 - саптау
1.2 Сурет - Суыту құрылғысы

Драной жүйелерінің және 11-12

- ші размольный жүйесіндегі

станоктарының редуктордың берілетін санының және мөлшерлеуші кішкене
біліктің айналу жиілігінің өзгеруіне тісті доңғалақтары тақтайлық саптары
арқылы басқарылатын сорылатын шпонка механизмін қолданғанда жетеді.
Өнімді тапсыру құрылғыларының басқа орындауларының редукторында
соратын шпонка жоқ. Тегіс ременті тапсыруларының жетегіндегі шкивтерінен
айналуы редукторға, рычаг пен вилкалар арқылы вальцтардың дөрекі
дамылдауымен қосылатын, кулачков муфтасы арқылы беріледі.
Мөлшерлеуші кішкене біліктің 7 үстінде дәннің берілуін (13-сурет)
автоматты түрде реттеу үшін топсаларда жапқыштар 1 ілінген. Ол рычаг,
ролик, кранштейн және екі шторка түрінде орындалған сигнализаторлы 3
қоректенетін кішкене білік арқылы қосылады. Дәннің әсер етуін және
сигнализатордың сезгіштігін реттеу үшін серіппе 4 арналған. Соңғысының түр
өзгертуі бұранда 5 қатысты гайка 6 қозғалысымен өзгереді. Драная жүйесінің
(I және ұсақ IV - тен басқа) станоктары үшін жапқыш жиектері - тісті, ал
қалған жүйелердің станоктары үшін - тегіс болып келеді. За - спешканың
автоматты ауысу диапазонын шектелген бұрандамен 2 реттейді. Дәннің түсу
зонасында (станоктың мойынында) зонд 8 орнатылған.
Вальцтардың параллельдігін және параллельдік жақындауын күйге келтіру
механизмі 1.4 - суретте көрсетілген. Вальцтардың параллельдік күйге келтіру
механизмі төлкелі 26 шпонкамен байланысқан махавиктерден 25 тұрады.
Оның резбалы тесігіне бұранда 27 бұрап кіргізіледі. Тік төртбұрышты
бағыттары бар шеттердің біреуімен эксцентритті біліктің тікенегіне ілінген

28

бұранда рычаг ролигімен 24 байланысады. Рычагқа топсалы түрде салпыншақ
1 ілінген. Онда вальц арасынан 0 - ден 5 - мм- ге дейінгі басқа денелердің басқа
денелердің қауіпсіз етуін қамтамасыз ететін сақтандырғыш серіппелер 23
құрастырылған. Сақтандырғыш серіппенің жоғарғы шетіне жылжымалы
подшипниктердің 31 бос соңы сүйенеді.

1 - жапқыш; 2 - шектік винт; 3 - қоректендіру көрсеткіші; 4 - серіппе; 5 -
винт; 6 - гайка; 7 - мөлшерлеуші кішкене білік; 8 - зонд
1.3 Сурет - Дәннің берілуін автоматты түрде реттеу құрылғысы

Механизм вальцтің күйге келуінен кейін олардың параллельді
жақындасуын қамтамасыз етеді. Вальцтардың дөрекі дамылдауы эксцентрикті
білікті не қолмен (параллельдік жақындасу механизмін тудыр атын 2 және 3
рычагтарымен байланысқан біліктің 7 сабы), не пневмоцилиндірдің 34
штогымен айналдырады.
Бірінші жағдайда рычагтағы 2 ілгешегі 6 тірекпен 4 ілінеді және
вальцтардың жантайған күйін қамтамасыз етеді. Екінші жағдайда
эксцентрикті 5 айналдыру арқылы ілгешектің 6 тірекпен 4 ілінуін шығарады,
ал вальцтардың дамылдауын номиналды қысымы 5·10s Па болатын сығылған
ауамен қамтамасыз етеді. Электропневматикалық клапын 30 арқылы
пневмоцилиндрдің жұмыс қуысы сығылған ауаның магистралімен немесе
атмосферамен қосылуы мүмкін. Цилиндрдегі сығылған ауаның қысымын
басқару пуьтіндегі манометр арқылы басқарады. Вальцтардың дөрекі
ысырылуы серіппемен және вальцтің төменгі массасымен
қамтамасыздандырылады.
Деңгейдің сигнализаторы зондтан, зондтың мойынынан 21 және релейлі
блоктан 28 тұрады. Қоректендіретін трубаны дәнмен толтырған кезде
деңгейдің сигнализаторы вальцтардың дөрекі дамылдауын және
қоректендіретін құрылғылардың айналуын автоматты қосылуын қамтамасыз
29

етеді. Кері процесс қоректендіретін трубаға дәннің түсуін тоқтатқан кезде
автоматты түрде жүреді. Дөрекі дамылдауды жергілікті басқару, сабы
станоктың беткі панелінде орналасқан, ауаны екі жүріспен үлестіруімен
қамтамасыз етеді. Бос жүрістің сигнал беруі беткі панелде орналасқан
лампаның автоматты түрде жануы болып есептеледі.
Қоректендіретін трубаға бидайдың келуі процесінде зондтың 8 электрлік
сиымдылығы өзгереді (1.3 - суретті қара). Зондтың сиымдылығы электрлік
схемадағы зондтың мойынынан 21 (1.4 -суретті қара) релейлі блоктағы реленің
жұмысын басқаратын кернеуге өзгереді. Бұл келтіру механизмі сығылған ауа
магистралін пневмоцилиндірдің жұмыс істеу жазықтығымен қосатын,
электропневматикалық клапынның бірдеме істеуін қамтамасыз етеді. Поршын
штокты жоғары жылжытады, ал одан (бұранда 7 және 2,3 р ычагтары арқылы)
эксцентрикті білік бұрылады. Соңғысының тікенектері жоғары қарай рычагты
24, салпыншақты 1, сақтандырғыш серіппесін 34 және жылжымалы
подшипниктердің 32 соңдарын жылжытады. Вальцтардың дамылдауы болады.
Рычаг 8 бір уақытта рычаг 14 және вилканы 12 босатады. Серіппенің әсерінен
кулачковті муфтаның жетегіндегі жартылай муфта жүргізуші жартылай
муфтамен ілінеді және редуктор арқылы айналуы келесі түрде беріле
бастайды: I драной жүйесінің станоктарында - аралық кішкене білік арқылы
мөлшерлеушіге, қалған жүйелердің кедір - бұдырлы вальцті станоктарында -
шнек пен мөлшерлеушікішкене білік арқылы; тегіс вальцті станоктарда -
дәнді вальц аралықтарында ұсақтауға беру үшін мөлшерлеуші және
үлестіруші кішкене біліктеріне.

30

1 - салпыншақ; 2,3,8,13,14,24 - рычаг; 4 - тірек; 5 - эксцентрик; 6 -
зілгешек ; 7, 19, 27 - винт; 9, 10 - болттар; 11 - шектік винт; 12 - вилка; 15 - ауа
үлестіргіш; 16 - ро ли к ; 17 - кр оншт ей н ; 18 - с еріп пе ; 20 - га йк а ; 21 -
зондтың мойыны; 22 - станоктың қылтасы; 23, 32 - подшипниктердің
қақпақтары; 25 - маховик; 26 - төлке; 28 - релейлі блок; 29 - станинаның

қапталы;
30
-
электропневматикалық
клапын;
31
--
жылжымалы

подшипниктер (41- суреттегі 6 және 10 позициялары ); 33 -- сақтандырғыш
серіппе; 34 - пневмоцилиндр
1.4 Сурет - Вальцтің салқындатылауы мен капоттары алынған станина
қапталдығына А1-БЗН вальцті станогының орналастырылуы

Дәннің салмағының әсерінен қоректендіргіш сигнализаторы 3 (1.3-суретті
қара) серіппенің 18 кедергісін жеңеді және кішкене білік, рычаг, роликтерді
жылжытажы. Нәтижесінде гайка мен бұранда арқылы жапқыш 1 айналады
және сол мен мөлшерлеуші кішкене білік арасындағы саңылауға дән түседі.
Қоректендіретін трубаға түсетін дәннің салмағын азайтса, энергия азаяды.
Нәтижесінде серіппе 18 мен өзінің салмағының әсерінен жапқыш 1 (1.3 -суретке
қара) дәннің берілуін төмендете отырып, мөлшерлеуші кішкене білікке 7
түседі. Егер вальцтердің соңындағы ұсақталу біркелкі болмаса онда маховиктің
25 айналуы арқылы (1.4- суретті қара) жылжымалы подшипник денесінің бос
жақтарын (соңдарын) көтереді немесе түсіреді, яғни вальцтердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұн сорттарын пішіндеу және бақылау
Белгілеулер мен қысқартулар
Керамзитті өндіру әдістері
Диірменде ұнтақтаудың теоретикалық негіздері
Жарма
Этил спиртінің құрамы
Май шикізаты мен оның сақталуы және біріншілік өңдеу
Шоколад өнімдері жайлы
Астық жинайтын комбайн түрлері
Бидай жармасын алудың технологиясы
Пәндер