ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы - оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді - қысқа мерзімді активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.
Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті - экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.
Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір - бірімен сәйкес келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.
Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының айналым ұзақтығына ықпал ете алады.
Ақшаның басы артық бөлігінің жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай - ақ ақшаның шектен тыс көп болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі.Ақша қаражаттар есебі бойынша зерттеу жұмыстары негізінен ақша қаражаттар есебінің қалай ұйымдастырылатыны, ХҚЕС бойынша ерекшеліктері, оны дамыту жолдары және Ақша қаражаттар туралы есептілікті ХҚЕС сай құруға арналған. Бұл зерттеу тақырыбы бойынша Қ.К.Кеулімжаев, В.Л.Назарова, Ә.Ә.Әбдіманапов, С.Б.Баймуханова, В.К.Радостовец, А.Д.Даулетбеков, Э.О.Нұрсейітов, С.Т.Міржақыпова Л.В.Горбатова, В.П.Палий және тағы басқа ТМД елдері мен отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.
Ақшалай қаражаттардың талдау әдістемесі жөнінде ТМД елдер мен еліміздің көрнекті ғалымдары Ж.Ғ.Жұмағалиева, Д.О.Абленов, А.Д. Шеремет, К.Ш. Дүйсенбаев Ф.С.Сейдахметова және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелінген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты ұйымның ақша қаражаттар есебінің Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234-III Заңы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес жүргізілуін қадағалау және ХҚЕС-қа сәйкес ақша қаражаттар есебінің және талдауының ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
oo Ақша ұғымы және оның нарықтық жағдайдағы мәні ;
oo Ақша қаражаттар есебінің ұйымдастыру негіздері;
oo Ұйымда бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшелігі;
oo Ақша қаражаттар есебі мен талдау әдістемесін түсіндіру;
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі мен талдауын зерттеу және жетілдіру болып табылады. Зерттеу объекті ретінде VIP-ГТ ЖШС мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы.Ақша қаражаттар есебінің ұйымдастыру ерекшеліктері және оның талдау әдістемесін нақты мәліметтер негізінде түсіндіру.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар ақша қаражаттар есебі мен талдауын жетілдіруге арналған.
Зерттеу нәтижелерін,ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
0.1 Ақша ағымдарының теориялық сипаттамасы
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай ұйымдар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
oo ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды түлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
oo Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
oo Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
oo Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
oo Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының қаржылық есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
oo Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
oo Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
oo Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, ұйымның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
oo Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу;
oo Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;
oo Бұл енген лимиттерге,қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау;
oo Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу.Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру;
oo Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау;
oo Есеп айырысу -- төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай -- ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау [1].
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында төлем құралы ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:
oo Банк жүйесі арқылы қолма - қол ақшасыз аудару жолымен;
oo Қолма - қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен - күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі орнының ерекше екенін айта отырып, ақша ұғымының экономикалық мәніне тоқтала кеткеніміз жөн.
Бухгалтерлік есептің Халықаралық №7 Ақшаның қозғалысы туралы есеп беру стандарты бойынша ақша - бұл ұйымның кассадағы және банктегі есеп айырысу шоттарындағы нақты ақшасы болып табылады. Ақшаның ағыны ұйымға келіп түскен және шыққан ақшаның қозғалысын сипаттайды.
Ұйымдар Қазақстан Республикасы банкісімен бекітілген ережелер мен нормативтік құжаттарды негізге ала отырып ақшаны сақтау, жұмсау және есепке алуды жүзеге асырады. Осы құжаттарға сәйкес ұйым артық ақшаны банк мекемелерінде сақтауы тиіс. өзге ұйымдардың алдындағы міндеттемелері бойынша есеп айырысу банктер арқылы қолма - қол ақшасыз ҚР Ұлттық банкісінің заңдылықтарына сәйкес қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың басқадай түрлері негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысулар жоспарлы және тұрақты болуы тиіс. Оның негізіне келесі принциптер жатқызылады:
oo ұйымдар өздерінің ақшасын банкте сақтауға міндетті;
oo олардың арасындағы есеп айырысулар қолма - қол ақшасыз жүзеге асырылады;
oo қолма - қол ақшасыз есеп айырысулардың негізі болып табылатын барлық құжаттар банк арқылы төлем жүргізу үшін қолданылады.
Есеп айырысудың мақсаты - нарықтық қатынастарды нығайтуға, жалпы ішкі өнімнің қозғалысына ықпал ету.
Ұйымның банк мекемесі арқылы жүргізген есеп айырысуларын тауарлы және бейтауарлы деп ажыратуға болады.
Тауарлы есеп айырысулар өткізілген өнім, көрсетілген қызмет пен орындалған жұмыстар, сондай - ақ сатып алынған тауарлы - материалды құндылықтар үшін төлемдерді сипаттайды.
Бейтауарлы есеп айырысулар бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен міндетті зейнетақы қорына төлемдерді айқындайды.
Ұйымдағы ақшаның бухгалтерлік есебнің негізгі міндеттеріне жатқызылады:
oo Ақшаның қозғалысы бойынша жүргізілген барлық операцияларды толық және мезгілінде құжаттау;
oo Ақшаның шектеуге сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын қадағалау;
oo Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету;
oo Кассалық және есеп айырысу төлем тәртібінің сақталуын бақылау;
oo Ақшаны түгендеуді өз уақытында жүргізу;
oo Төлемдерді қолма - қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банк арқылы жүргізу.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру - бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді [2].
1.2 Ақша қаражаттарының есебінің мәні, мазмұны
Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың типтік жоспарындағы 1010-1050 шоттарының тобы пайдаланылады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін шоттар, актив есебінен жүргізетін шоттарға жатады, сондықтан шоттың дебетіндегі сальдо, шоттың қалыңдығындағы сомаға тең болады. Дебет бойынша өсуі немесе соманың айналымы, ұйымға қаржының түскенін, немесе ақшаның көбейгенін көрсетеді. Соған сәйкес кредит бойынша айналуы, ақшаның азайғанын көрсетеді. Ақша қаражаты сатылған өнімнің құнынан, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметке төленген ақының есебінен көбейеді. Кемуі - ақша қаражатының құндылықтарды, шикізатты, негізгі қорларды сатып алып, басқа да операциялық немесе инвестициялық мақсаттарға жұмсалғанын көрсетеді [3].
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін [4].
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және қорларды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
oo төлем тапсырмасының нөмірі;
oo төлем тапсырмасының жазылған күні;
oo жіберуші мен бенефициар атауы;
oo жіберуші мен бенефициар ЖСК (БИН);
oo бенефициардың және жіберушінің коды (КБе) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
oo бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
oo жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмір (ЖТК немесе ИИК);
oo бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды төлеуде қойылатын код;
oo валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады [5].
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс ұйымдары ұйымдарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
oo егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
oo чектің мерзімі өтіп кетсе;
oo төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
oo чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
oo чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
oo чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
oo чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
oo чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
oo чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
oo біріншісі - банкте қалса;
oo екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
oo үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
oo төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.
Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.
Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:
oo біріншіден, журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;
oo екіншіден, сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;
oo басқа да ақшалай емес баптардан;
Инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болаған ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан. Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:
oo есепті кезең ішінде қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;
oo тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;
oo инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.
Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.
Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі [6].
Шоттардың типтік жоспарына сәйкес ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000 Ақшалай қаржылар бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
1010 - Кассадағы ақшалай қаржылар;
1020 - Жолдағы ақшалай қаржылар;
1030 - Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар;
1040 - Карт- шоттардағы ақшалай қаржылар;
1050 - Жинақ шоттардағы ақшалай қаржылар;
1.3 Ақша қаражаттары қозғалысын талдаудың мақсаты мен әдістемесі
VIP-ГТ ЖШС-нің ақша қаражаттарының жылжуы туралы есептіліктен ақша қаражаттарының түсуі тауарларды сатумен және сатып алушылардың авнстық төлемдерімен байланысты болып келеді.
Ағымдағы жұмысында алынған несиелер бойынша пайыздар төленіп отырылды.
VIP-ГТ ЖШС-нің ақша қаражаттарының жылжуы инвестициялық қызметінің шегінде жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, материалды емес активтерге, оларды сатумен, басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты.
Кез келген бизнес аздаған ақшалай қаражаттар көлемінен басталады. Олар өз кезегінде өндірістік босалқыларға айналады. Одан кейін айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлы нысанға, ал өткізу сатысында ақшалай нысанға өзгереді. Айналым капиталының айналымы негізгі шаурашылық операцияларымен тікелей бйаланысты:
oo сатып алулар шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың қорлары мен кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді;
oo өндіріс дебиторлық қарыздар мен кассадағы ақшалай қаражаттардың өсуіне алып келеді.
Аталмыш операциялар ұдайы қайталанып отырады және ақшалай түсімдер мен төлемдерге саяды.
Сонымен ақшалай қаражаттардың қозғалысы шикізаттар, материалдар үшін төлемдер жүргізу мен дайын өнімді сатудан ақшалай түсімдердің түсу уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің уақыт аралығына жабдықтаушылардың ұйымды несиелеу кезеңі, ұйымның сатып алушыларды несиелеу кезеңі, шикізаттар мен материалдардың қор түрінде сақталу кезеңі, өндіріс және дайын өнімнің қоймадағы сақталу мерзімі ықпал жасайды.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау 3 Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру формасы арқылы жүзеге асады. Бұл есеп беру формасында ақшалай қаржаттардың қозғалысы үш бағытта ашып көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржылық.(Б қосымшасы)
Алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
7 ХҚЕС-қа сай субъекттер жасаған Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі [7].
Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
1 кесте - Табысты түзету
Таза табысты түзететін операциялар
Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы
Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер
Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді
Ескерту - VIP-ГТ ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.
Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.
Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
oo Негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа ұйымдардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
oo Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;
oo Қаржылық инвестицияларды алу, басқа ұйымдарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.
Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:
Оған мыналар жатады:
oo Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
oo Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Ұйым қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа ұйымның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б.[8].
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:
1. Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;
2. Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;
Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:
oo операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін ұйым қандай әдісті пайдаланады;
oo түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе ұйымның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;
oo ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.[9]
2 ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 VIP-ГТ ЖШС-і технико - экономикалық сипаттамасы
Жеке меншікке негізделген VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі саласы - кеңсе тауарларын алып-сатудан бастаған. Сонымен қатар Серіктестік Ресей, Туркия, Қытай елдерінен әкелінген арнайы кеңсе тауарларын сатып өткізумен айналысады. Жеке ұйым " VIP-ГТ " жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады , дербес балансы , жарғылық қоры бар .(А қосымшасы)
Ұйым қызметінің мақсаты - жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, ең аз шығынды шығарып, табысты көп табу. Кеңсе Ұйымларының қажеттіліктерін қанағаттандыру .
Қазақстан Республикасында ұйымның бірнеше филиалдары бар. Олар: Батыс қазақстандағы Ақтөбе қаласында, Астанада және Алматыда. VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Альянс Банк, және Банк ЦентрКредит ашық акционерлік қоғамында ашылған есеп айырысу шоты бар.Альянс Банктегі есеп айырысу шоты №005477835, БанкЦентрКредиттегі есеп айырысу шоты №008357431.
VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шет елдермен тығыз экономикалық қарым-қатынаста, атап айтсақ N-T Kitap kirtasiye Buro, Түркия, MONARK TRADE Consulting Co Limited CN, Қытай, Ресейдегі Стамм Ұйым.
Салық төлеуші ретінде Әуэзов аудандық салық комитетіне 2005 жылдың аяғында тіркелген, салық төлеу бойынша тіркеу №000678008540.
Басқару органдарына жататындар:
1. Ұйым кеңесі. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы - Қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Ол жылына бір рет сайланады. Оның құрамына басқару аппаратында жұмыс істейтін адамдар кіреді Бұл жоғарғы орган серіктестіктің қызметімен байланысты кез келген мәселені талқылауға құқықты.
2. Функционалдық қызметтер мен бөлімдер.
VIP-ГТ ЖШС-нің ұйымдық құрлымы төмендегі сызбада (1.) келтірілді.
Ұйымды басқару функциясын жүзеге асырушы - бас директор . Ол өз орынбасарын (директор), кеңсе бөлімшелердің басшыларын , қызмет басшыларын және бөлімдерін тағайындайды және жұмыстан босатады. Ұйымның қаржылық жағдайын одан әрі жоғарылату үшін басқадай амалдарды қарастырады.
Директор кеңсе бөлімшелерінің басшыларын, учаскелердің, бөлімшелерінің басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады.
Серіктестік төмендегі құжаттарға сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады:
oo VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы;
oo Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
oo Қазақстан Республикасының серіктестік туралы заңы;
oo Қазақстан Республикасының басқадай заңдары мен нормативтік-құқықтық актілері [10].
1 сызба - VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы.
БАС ДИРЕКТОР
ДИРЕКТОР
ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ
БАС БУХГАЛТЕР АҒА МЕНЕДЖЕР
1-ші бухгалтер 1-ші менеджер
2-ші бухгалтер 2-ші менеджер
Кассир 3-ші менеджер
Бухгалтерия бөлімі. Бас бухгалтердің міндеті:
oo Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына басшылық жасау;
oo Бюджетпен есеп айырысу операцияларына бақылау жасау;
oo Салық бойынша қорытынды есепті, қаржылық есептілікті дайындап тапсыру.
1-ші бугалтердің міндеті:
Ұйымның аванстық есебін есептеп тапсыру, әр күн сайын басқа филиалдардан келіп отыратын қаржылық жағдайын, яғни олардың кассаларында қаншалықта бар нақты ақшаны көрсетіп, директордың алдында есеп беру.
2-ші бухгалтердің міндеті:
Ұйымға әкелінген тауарлардың, бөлшектердің,жабдықтардың құжаттарын қабылдап, 1 С компьютерлік бағдарламадағы тауарларды қабылдау бөліміне еңгізу. Тауарларды сатылған уақытта, сатылғандығы жөнінде накладной толтырып жазып беру. Ұйым директорының, бас бухгалтердің қолы толтырылған құжатта тұруы тиіс.
Кассирдің міндеті:
Кассалық кіріс, шығыс ордері бойынша касса кітабын жүргізеді. Кассадан берілген немесе кассаға түскен нақты ақша қаражатының құжаттарын толтырып, оған ұйым басшысының , бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң қол қояды. Сонымен бірге кассир еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомастары бойынша төлейді. Жұмыс күннің соңында кассир кітап бойынша кіріс және шығыс операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған қалдықты анықтайды, оның ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп көрсетеді.
VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 110000 мөлшерінде жарғылық капитал құрылған.
Қойылған мақсаттардың шешіміне жету үшін ұйым көптеген функцияларын жүзеге асырады. Кеңсе тауарлар өнімдерін ( жұмысты, қызметті) сатып өткізер алдында берілген тариф бойынша немесе сатып алушылармен келіскен бағамен сатады .
Есеп жағына келетін болсақ ұйымға түсетін барлық ақша қаражаттардың, босалқылардың, негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді.
Зерттеу жүргізілген ұйымның құқықтары және міндеттемелері келесідей болады :
1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асырады .
2. Сату , ауыстыру , жалға тапсыру ; ғимаратты басқа ұйымдарға және уақытша пайдалануға беру, жабдықтау, көлік құралдарын жалға беру, сонымен қатар баланстан жойуға құқығы бар,егер олар тозған немесе моральдық ескірген болса.
3. Заттық және ақшалы қорларды тапсыру құқығы бар, сонымен бірге еңбек ұжымының келісуімен басқа ұйымдарға экономикасын ынталандыру үшін және VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмыс орындайтын, қызмет көрсететін ұйымға ақшалай көмек беру.
4. Бекітілген жарғыны, нормативті құжаттарды, меншік иесінің шешімдерін міндетті түрде орындау тиіс.
5. Ұйымның сауда құпиясын міндетті сақтау.
Қызметкерлердің еңбек ақы төлеу ең аз мөлшері Қазақстан Республикасының заң шығаратын актілерінде бекітілген. Атқаратын жұмыс мөлшеріне байланысты еңбек ақы төлеудің мөлшері ұйым басшысы өз еркінмен белгілейді.
Қайта ұйымдастыру ( қосылу , бөліну , бөліс , өзгерту ) және қызмет тоқтату жөніндегі шешім Қазақстан Республикасының заңында бекітілген.
Нарықтық экономика жағдайында ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек (кесте 2).
Қаржылық жағдайына талдау жасауға табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды көрсеткіш қарастырылады (Ә қосымшасы).
Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс ол қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.
Кестеде келтірілген мәліметтерден VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысының 2014 жылды өткен жылмен салыстырғанда 81199117,5 теңгеге көбейгенін көреміз.
Өнімді сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159,6 теңгеге көбейген .
Жалпы табыс - ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты , қызметті) сатып өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген ұйымда есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875,87 теңгеге көбейген [11].
2 кесте - VIP-ГТЖШС қаржы - шаруашылық қызметінің технико - экономикалық көрсеткіштері
№
Көрсеткіштер
Жылдар, мың тенге
Ауытқу
(+,-)
2013
2014
+,-
%
1
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге
490661
330872
-159789
139
2
Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге
54949,4
67432,7
+12483,3
122,7
3
Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге
2582,7
3000,5
+417,8
13,8
6
Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам
60
68
+11
13,9
7
Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге
14896,6
76465,4
+61568,8
80,5
8
Өткізілген өнімдердің (жұмыс,
қызмет) өзіндік құны, мың теңге
7928,6
66705,2
+58776,6
88,1
9
Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+), залал(-)
6968
97602
27922
140,1
10
Қор қайтарымдылығы, теңге
0,2
2,4
+2,2
91,6
11
Қор сыйымдылығы, теңге
4,9
0,4
-4,5
112,5
12
Өткізу рентабельділігі, %
0,5
1,7
-1,2
70,5
Таза пайда (зиян)
-37548,5
-52809,8
-15261,3
28,8

Сонымен жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2013 жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теңгені құраған, ал 2014 жылы 76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша қаражаттары елеулі төмендеген. 2013 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2014 жылы 206484,1 теңгені құқраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2 пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша 2013 жылы 490661 мың теңгеге, ал 2014 жылы 330872 мың теңге, яғни 159789 мың теңгеге төмендеп отыр, бұл көрсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да, зиянмен аяқтап отыр.
1 диаграмма - "VIP-ГТ" ЖШС-нің 2013-2014 жылдардағы технико-экономикалық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш
Ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы.Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес ұйымға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті ұйымның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.
Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
oo шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарын өкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;
oo өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;
oo бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;
oo шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.
VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестік бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны - бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді [12].
VIP-ГТ жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті - оның шаруашылық қызметін мейлінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz