Сынақ бағдарламасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

6

7

Аңдат

8

па

Бұл дипломдық жобада ҰБТ-дайындалу курсын автоматтандыруды жүзеге

асыратын программа құрылады.

Ақпараттық жүйені MS SQL Server 2008 ДҚБЖ (дерекқорларды басқару

жүйесінде) жасалған дерекқор және Delphi 2007 (ASP. NET)

бағдарламалық

ортасында құрылған клиенттік қосымша құрайды. Дипломдық жобаны жазу

барысында ақпараттық жүйенің архитектурасын, ДҚ құрылымын және

клиенттік қосымшаны жасау жұмыстары жүргізілген.

Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс бөлмесіндегі ауа алмасу

(вентилияция) жүйесінің есептері келтірілген.

Экономикалық бөлімде енгізілген жүйеден алынған экономикалық

шығындар мен пайданы есептеу жүргізілген.

Аннотация

В данном дипломном проекте рассматривается решение задачи создания

программы для автоматизация курса подготовка к ЕНТ .

Информационная

система представляет собой базу данных, разработанную на СУБД MS SQL

Server 2008 и клиентское приложение, созданное в среде программитования

Microsoft Delphi 2007 (ASP. NET) .

В процессе написания

дипломного проекта

были разработаны

архитектуры

информационной системы, структуры БД и клиентского

приложения.

В части по безопасности жизнедеятельности представлены расчеты

вентиляции в рабочем помещении.

В экономической части произведен расчет полученной экономической

затраты и выгоды от внедряемой системы.

Abstract

In this thesis project is considered the task of creating programs for the

distribution of loads automation courses to UNT . Information system is a database

developed by the DBMS MS SQL Server 2008 and the client application created in

the medium programmitovaniya Delphi 2007 (ASP. NET) . Also addresses the issue of

data security and confidentiality . In the process of writing the thesis project

developed information system architecture, database structure and the client

application.

As part of Health and Safety provides estimates of ventilation in the working

area. In the economic part of a calculation resulting economic costs and benefits of the

implemented system

9

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН КОМПЬЮТЕРЛІ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ, ЖАЛПЫ

ТҮСІНІКТЕР . . . 13

1. 1 Оқушылардың білімін компьютерлі бақылаудың жалпы түсініктері . . . 13

1. 2 Компьютерлі сынақтарды дайындаудың негізгі әдістемелері . . . 14

1. 3 Алматы хореографиялық училищесінің оқушыларының білімін бақылау үрдісін

талдау . . . 18

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУШЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ДАЙЫНДАУ . . . 20

2. 1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің алгоритімін дайындау . . . 20

2. 2 Бағдарламалық кодты дайындау әдістемесінің сипаттамасы . . . 22

3. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ . . . 37

3. 1 Жобаның техника- экономикалық негізі . . . Ошибка! Закладка не определена.

3. 2 Ұлттық бірыңғай тестілеуді автоматтандыруға деген аналитикалық көзқарас

. . . Ошибка! Закладка не определена.

4. ТІРШІЛІК, ЕҢБЕК ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫН ҚОРҒАУ . . . 56

4. 1 Қорғау ережесі . . . 56

4. 2 Өнеркәсіптік зиянды және қауіпті факторлардың әсері . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . Ошибка! Закладка не определена.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . Ошибка! Закладка не определена.

А ҚОСЫМШАСЫ - Листинг бағдарламалар . . . 68

10

Кіріспе

Компьютердің көмегімен оқыту туралы ой өте ертеде пайда болған

болатын. Ең алғашқы талпыныстар 50-шы жылдың соңына болған. Ол кезде

адамның компьютермен "қарым-қатынасы" телефонды құрылғы - телетаспаны

ендіру және шығару қондырғысы ретінде қолдану мүмкіндігі болған.

Сәйкесінше, бағдарламаланған компьютер өз жадына адам телетаспа

пернетақтасына терген сұрақ мәтінін енгізеді, ал бұл мәтінді енгізудің аяғында

оны талдайды және алдын ала дайындалған немесе сәйкес жауап мәтіннің

элементтерінен құрастырып, телетаспада дайындайды. Немесе жеңілдетілген

түрі - компьютер телетаспаға сұрақ мәтінін немесе тапсырма шартын береді де

жауаптың пернетақтадан ендірілуін күтеді, кейін ол бар эталонмен тексеріледі

де дұрыс/дүрыс емес деген баға береді. Сол кезден бастап дүниежүзінде

үздіксіз компьютер көмегімен үйретудің мәселелерін тиімді және арзан

әдістермен шешудің ғылыми ізденістері жүргізіле бастады.

Қазақстан әлемдегі басқа да өркениетті мемлекеттермен бірге бұрын көп

күш, уақыт және құрал кететін заттарды анағұрлым тиімді ететін және

салыстырмалы жеңілдететін ақпараттық технологиялар дәуіріне аяқ басты.

Тапсырмаларды шешудің бір тәсілі кәсіпорынның жұмысын

автоматтандыру болып табылады. Бұл тапсырма әр жұмысшының өмірінде

маңызды рөл ойнайды деп айтсақ болады, себебі кәсіпорынның жұмыс

сапасына әсер ететін, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға да біз мүдделіміз.

Заманауи технологиялар оны жоғары дәлдікпен, жылдамдықпен және тиімді

етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде оқу орнының беделі мен жақсы атағы тек оқытудың жалпы

деңгейімен, әлемге әйгілі ғылыми қызметкерлердің болуымен және

материалды-техникалық негіздің болуымен ғана анықталмайды, сонымен қатар

оқушылардың білімін бақылау жүйесінің тиімділігі

мен сапасымен

анықталынады. Әлбетте оның тез әрі заманауи және объективті формасы

компьютер нұсқасында сынақты бақылау болып табылады.

Мектеп және ЖОО оқытушылары үшін әсіресе компьютерде сынақтарды

құруда сынақ қаптамалары көкейкесті бағдарлама болып табылады. Мұндай

бағдарлама құралдары өте көп және бағдарлама-әзірлеушілер авторлық жүйе

деп аталатын жаңа нұсқалар жасауға дайын. Бірақта бұл бағдарламалық

құралдардың кең таралуы сынақ тапсырмаларын құруда, қаптамалардың "ішін

толтыра алатын" қарапайым және көп еңбекті қажет етпейтін әдістердің

болмауымен тоқтатылуда.

Сынақ тапсырмаларын құруда және оқушылардың білім деңгейін

бақылауда қолдануға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдердің көп саны

белгілі. Бірақ олардың көп бөлімі графикалық және басқа да иллюстрацияларды

11

қолдануға бағытталмаған, немесе ыңғайсыз, немесе қиын болғандықтан басқа

мамандарды тартуды талап етеді.

Оқыту және бақылау құралдарын құру - тәжірибелі оқытушы - дәріс

оқушымен бірге бағдарламалық құралдарды құрушыларды,

бағдаламалшыларды және т. б. талап ететін, қиын және көп жұмысты қажет

ететін жұмыс.

Аталған жұмыстардың ЖОО-да кең ауқымды

жүргізілуіне оны

ынталандыруға қажетті қаражат көзінің болмауы кедергі болады. Нәтижесінде

ол жүйесіз жүргізіледі.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы

-

«ҰБТ-дайындалу курсын

автоматтандыру» зерттеу құралымыз болып табылады.

Жұмыстың мақсаты - әр түрлі деректеме мәліметтерінің негізінде, қазіргі

бағдарламалардан бағасы және жаңалығымен ерекшелінетін оқуышлардың

білімін компьютерлік бақылаудың сынақларын құру.

Берілген жұмыстың өзектілігі қазіргі кезде

барлық ЖОО

компьютерлермен жабдықталған, өз жеке желілері және Internet желісіне кіруге

мүмкіндігі бар, бұл оқытудың және алынған білімнің бағалануының дәстүрлі

әдісінен жаңа оқыту технологияларына өтуіне мүмкіндік береді.

Бағдарлама кез келген оқу орнында қондырылған компьютерлерде

қолдануға арналған. Берілген жұмыс негізінде құрылған дипломдық жоба

білімді бақылауды шешуге көмектеседі және үрдісті жеңілдетеді, үлгерімді

бақылайды және талдайды.

Жұмыстың тиімділігін жоғарлатады, ақпаратты өңдеуге уақыт жібермей

жұмыс істеу мүмкіндігі, үрдістің жүруінің дұрыстығын автоматты бақылау

есебінен қателіктің болу ықтималдығын азайтады. Бақылау жүйесі, толық

ақпаратты және талдауды өте аз уақытта алады және жұмысшылардың аз

санының қатысуын талап етеді. Дипломдық жұмыс бағдарламалық қамтамасыз

ету саласындағы қолданушыларда үлкен қызығушылық тудырады.

12

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН

ӘДІСТЕМЕСІ, ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР


КОМПЬЮТЕРМЕН


БАҚЫЛАУ

1. 1


Оқушылардың


білімін


компьютерлі


бақылаудың


жалпы

түсініктері

Оқу үрдісін жетілдірудің бір бағыты - жұмыста бар кемшіліктерді

көрсетіп және оны қалай жою керек екенін анықтап, оқушылардың білімін әділ

бағалауға мүмкіндік беретін білімді, дағды мен шеберлікті бақылаудың

оперативті жүйесін дайындау болып табылады. Сондықтан білімді бақылау

сұрақтары көптеген ғалымдармен, педагогтарды сондай-ақ

ақпараттық

технологиялар саласындағы мамандарды да қызықтырады. Қазіргі кезде білімді

бағалау мен бақылау жүргізудің әр түрлі дәстүрлі және

компьютермен

оқытудың да бірнеше тәсілдері бар.

Қазіргі кезде қазақстандық оқу орындарында білімді бақылаудың дәстүрлі

әдістелерінен бірнеше артықшылықтары бар, пән бойынша оқушылардың

білімін бақылаудың бір әдісі ретінде педагогикалық сынақты компьютермен

жүргізу әдісі кең қолданылады.

Оқушының жетістігін өлшеу құралы тек оқу пәніне ғана емес сонымен

қатар, оның тапсырмаларына сәйкес және оқу пәнін оқыту жүйесін дамытуға

көмектеседі. Қазақстандағы ЖОО-да оқитын оқушылардың білімін компьютерлі

бақылауын қолдану тәжірибесі жоғары дамымаған, бұл бәлкім мемлекеттегі

тоқсаныншы жылдардың басындағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты

болуы мүмкін, бұл кезде мемлекет жағынан мемлекеттік ЖОО-ның

мұқтаждықтарына қаражат бөлінбейтін

уақыт болатын және бұл еліміздің

жалпы білім беруіне және ЖОО әсер еткен болатын. Осыған байланысты

университтерге өзіндік автоматтандырылған сынақ бағдарламаларын өңдейтін

бағдарламаларды қысқартуларына тура келді.

Бірақ 2000-шы жылдардың басынан бастап және осы күнге шейін бұл

салада ЖОО-ның және мемлекеттің күшімен белсенді зерттеулер жүргізілуде.

Бұл салада Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, KIMEP-те,

Турар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеттерінде жоғары

жетістіктер бақылануда. Бұл университтер ең алғаш жекелей немесе толығымен

оқушыларды компьютерлік сынақтан өткізген, сонымен қатар ең алғаш intranet

жүйесін енгізген болатын ( интернет көмегімен оқушылар өз бағаларын браузер

арқылы қарай алатын жүйе) .

Компьютерлік педагогикалық сынақ әдетте, тек пән бойынша ғана оқу

бағдарламасының әр бөлімін (модульін) оқып болған соң, алынған білімді

объективті бақылау құралы ретінде қолданылады. Студенттің білім деңгейін

13

бағалау, бақылау бір жағынан - студент үлгерімін анықтайтын, оқытудың

сапасының индикаторы, ал екінші жағынан

- дидактикалық жүйенің

тиімділігінің көрсеткіші (оқу үрдісін оқыту және ұйымдастыру әдістемесі) . Оқу

үрдісіне әр түрлі сынақ тапсырмаларының формаларын қосу, оқытуды

автоматтандыруды іске асырады[1, 125 бет] .

Компьютерлік сынақтың бірнеше артықшылықтары бар:

− Нәтижелерді тез алу және оқытушыны сынақ нәтижелерін өңдеу

бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмыстан босату;

− Бағадағы объективтілік;

− Аты-жөнін көрсетпей (анонимді) сынақ кезіндегі құпиялылық;

− Компьютерде сынақ жүргізу дәстүрлі сынақ жүргізу формасымен

салыстырғанда қызықтырақ, бұл студенттерде жақсы уәж (мотивация)

тудырады.

1. 2 Компьютерлі сынақтарды дайындаудың негізгі әдістемелері

Компьютерлік сынақтарды құрау, негізінде қиын жұмыс болып табылады.

Сапалы кәсіби тұрғыда жасалған сынақты атақты-алдандыру журнал

сауалнамаларынан айыра білу өте маңызды болып табылады. Нағыз, ұтымды,

тиімді жұмыс істейтін сынақ - бұл нақты қасиеттер мен сипаттамаларға ие және

заманауи әдістемелердің талаптарына жауап бере алатын соңғы өнім.

Сынақтың құрамы, тұтастығы мен құрылымы бар. Ол тапсырмалардан, оларды

қолдану ережелерінен, әр тапсырманы орындауға берілген бағалар мен сынақ

нәтижелерін түсіндіруден тұрады. Сынақтың тұтастығы сынаққа қосылған,

тапсырмалардың байланысында байқалынады. Ешбір тапсырма оған зиян

келтірмей алмайды. Оның құрылымы тапсырмалардың бір-бірімен байланысы -

әдісі ретінде беріледі[2, 254 бет] .

Сынақ сұрақтарын құрау оқытылатын пәндердің мазмұнын мұқият

талдауды, оқу материалдарын жіктеуді, тақырып аралық және

пән аралық

байланысты орнатуды, дидактикалық бірліктерді бекітумен және оларды

тапсырмалардың келесі элементтері арқылы көрсетуді қарастырады.

Сынақтар екі түрлі болады:

− дәстүрлі;

− дәстүрлі емес.

Дәстүрлі сынақтар арнайы формалары бар, қиыншылықтардың өсуімен

тапсырмалар жүйе түрінде берілген, студенттердің дайындығын бағалауға және

деңгейін сапалы және тиімді өлшеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар сынақ тапсырмаларына неше оқу пәндері қосылуына

байланысты, дәстүрлі сынақтарды біртекті (бір ғана пән бойынша білімді

тексеретін) және біртексіз (бірнеше пән бойынша) деп бөледі.

14

Дәстүрлі емес сынақтар интегративті, бейімделінетін және сынау-бағалау

сынақтары түрінде берілген.

Сынау сынақтары - оқу орнын бітірушінің дайындығын жалпы соңғы

диагностикалауға мақсатталған. Бір сынақта екі немесе бірнеше оқу пәндерден

білім тексеріледі.

Бейімделінетін сынақтар сынақ жауаптарына байланысты берілген

тапсырмаларды қиындығына қарай реттеуге мүмкіндік береді. Жауап дұрыс

болған жағдайда, компьютер алдыңғы сұраққа қарағанда қиынырақ тапсырма

береді, ал сәтсіздік жағдайында - одан да жеңілірек сұрақ береді.

Сынақты-бағалау тесттері оқу дисциплинасының мазмұнының қандай

элементтері меңгеріліп, қайсысы меңгерілмегендігін білу үшін арналған.

Сонымен қатар олар жалпы дисциплинаны қамтитын толық тапсырмалар

жиынтығынан анықталынады.

Сныақ тапсырмаларының үш негізгі түрі болады:

1) Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар. Осындай

тапсырмалардың ішінде келесідей түрлері болады:

-Принцип бойынша бір ғана дұрыс жауап таңдау: бір - дұрыс, қалған

басқалары (бір, екі, үш және т. б) - дұрыс емес.

- Бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау.

- Бір, ең дұрысырақ жауапты таңдау.

2) Ашық түрдегі тапсырмалар.

Тапсырмалар дұрыс жауап болмайтындай етіп құрастырылады; жауапты

өзің құрастырып, арнайы дайындалған орынға өзің жазуың керек.

3) бір көпмүшені басқа көпмүшенің элементімен сәйкестендіру талап

етілетін, сәйкестендіруді орнататын тапсырмалар.

4) дұрыс жүйелікті орнатуға тапсырмалар (есептеу, іс-әрекет, қадам, үрдіс,

анықтамадағы терминдер) .

Сынақтамлар түрінде жүргізілетін, білімді компьютерлі бақылау үшін

көбінесе, бір дұрыс жауапты таңдау тапсырмалары көбірек келеді. Осы

сынақтардың ішінде қазіргі кезде ең кең таралғаны дұрыс жауапты мыналардан

таңдау мүмкіндігі бар сынақтар болатын:

− жауаптың ұсынылған екі нұсқасынан;

− үш ұсынылған нұсқалар.

Форманы таңдау мыналарға байланысты:

− сынақ жүргізудің мақсаты;

− сынақтың мақсаты;

− техникалық мүмкіндіктер;

− білімді

сынақты бақылаудың теориясы мен әдістемелері саласында

оқытушылардың дайындығының деңгейі.

Әр форма білімнің барлық өзіне тән түрлерін тексеруге мүмкіндік береді.

Студенттер тәжірибеде қолдана білетін, білімді сынақтар көмегімен тексерудің

15

маңызы бар. Анықтамалар, сөздіктер, карталар мен кестелерді және т. б.

қолдануды қажет етпейтін, оперативті жадта болатын білімді тексереді.

Компьютерлі

сынақты дайындау кезінде оның жалпы және жеке

тапсырмаларын қиындық деңгейін ойластыру өте маңызды. Дәстүрлі сұрақтар

қиындатылуы бойынша орналастырылады.

Көбінесе пайыздық қатынас

бойынша орташа қиындықты сұрақтар құрастыралады. Тапсырмаларды таңдау

кезінде сынақ тапсырушылардың жалпы дайындықтарының деңгейімен

есептесу керек. Мысалы, сынақтан дайындығы нашар студенттер өткен кезде,

сынақтың қиын тапсырмалары "жұмыс істемейді", себебі, ешбір қатысушы ол

сұрақтарға жауап бере алмайды. Дайындығы жақсы студенттер тобында оңай

тапсырмалар жұмыс істемейтін болады.

Ең жақсы сынақ деп мазмұны кең және терең білім деңгейін қамтитын

сынақтарды айтуға болады. Сынақты дайындаушылар келесі қағидаттарды

ұстанулары қажет:

− сынақ сынақтаманың мақсаттарына сәйкес болуы керек;

− жалпы білімді тексеру жүйесінде тексерілетін білімнің мәнін анықтау

қажет;

− мазмұн мен сынақ форматының арасындағы байланыс қамтамасыз етілу

қажет;

− сынақ

тапсырмалары мазмұны жағынан дұрыс құрастырылған болу

керек;

− сынақ мазмұнында оқу пәнінің мазмұнының көрнекілігі сақталуы керек;

− сынақ ғылымның заманауи деңгейіне сәйкес болу керек;

− сынақтың мазмұны кешенді және тұрақты болуы керек;

Сынақ мазмұны жүйелі, бірақ әр түрлі нұсқалы болуы керек.

Әрбір сынақтың басында сынақты жүргізу бойынша қысқаша нұсқаулық

беріледі, мысалы: "Дұрыс жауапты таңдаңыз . . . ", "анағұрлым дұрыс жауапты

таңдаңыз . . . ", "бос жолда жауапты жазыңыз . . . " және т. б. Егер тапсырма бір

формада келтірілсе, онда барлық сынақ үшін бір ғана нұсқаулық жазылады. Ал

егерде сынақтар әр түрлі тапсырмалардан тұрса, онда әрбір тапсыр алдында

жаңа нұсқаулықтар жазылады. Сынақ тапсырмалары әдетте, үлкен немесе қара

жалпақ әріптермен жазылады, ол тапсырманы жауап нұсқаларынан тез бөліп

қарау үшін қажет.

Сынақ сұрақтарын құрастырғанда "фасеттік" деп аталынатын, яғни

нұсқалары бар тапсырмаларды таңдаған өте ыңғайлы.

Мысалы :

- мыс

- титан

- цирконий … ауыр металлдар тобына жатады

1) жатады;

2) жатпайды .

16

Компьютерлі сынақтан өту кезінде, осы тапсырмалардың көмегімен

студенттер сұрақтарды кездейсоқ тәртіпте алады, бұл олардың қайталану және

көшіру мүмкіндігін жоққа шығарады.

Студенттердің көңілін алаңдату үшін дистракто-жауаптары (ағылшын

тілінен to distract - алаңдату) қолданылады, мысалы:

Абсолютті ылғалдылықты анықтайды

1) гигрометроммен;

2) психрометроммен.

Дұрыс жауап - психрометр, ал бұл кезде бірінші сөздің түбірі "гигро-"

аударғанда "су, ылғал" деп аударылғандықтан жауап берушінің көңілін

аударады. "Гигрометр" сөзі бұл жерде - дистрактор болып табылады.

Дистракторларды іріктеу сынақтың сапасына әсер етеді. Ең жақсы сынақ

деп, ішіндегі дұрыс және дұрыс емес барлық жауаптар бар (дистракторалар)

студенттермен бірдей жиілікте таңдалынатын сынақтар саналады.

Компьютерлік сынақ тапсырмаларының мазмұнын қысқа және ықшамды

жасау қажет. Мазмұнның қысқалығы аз құралдармен тапсырманың максимум

мәнін түсінуге мүмкіндік беретін сөздерді, таңбаларды, графиктерді мұқият

таңдаумен қамтамасыз етіледі. Қайталанылатын, аз түсінікті, сирек

қолданылатын сөздер мүлдем қолданылмау керек, сонымен қатар, шет елдік

сөздер, мағынасы түсініксіз, қатысушыларға белгісіз сөздер де қолданылмайды.

Сынақты жүргізу кезіндегі маңызды талаптардың бірі - ертерек

дайындалған баллдарды қою ережелерінің болуы. Жалпы жағдайда сынақ

жүргізу кезінде әр тапсырмада дұрыс жауапқа бір балл беріледі, ал дұрыс

емеске - нөл. Студенттердің берген барлық баллдар жиынтығы, дұрыс жауап

санын береді. Бұл сан оның білімінің деңгейімен бағаланады және

"сынаушының сынақ баллын" көрсетеді. Бірақ одан да басқа да, күрделі бағалау

сұлбалары бар, мысалы, рейтінгілік.

Сонымен компьютерлі сынақ сұрақтарын құрастыруды келесі ретте

жүргізуге болады:

− білімнің сарапшы мақсатты моделін қалыптастыру;

− сынақ жазықтығының бәсеңдетілген жобасын құру

(немесе төменнен -

жоғары) ;

− сынақ тапсырмаларын құру және толтыру;

− толық компьютерлі сынақны құрау;

− сынақлы тәжірибе жүргізу;

− тиімді сынақны таңдау;

− сынақ тапсырмаларын талдау, түзету және қолдануға дейінгі түрге

жеткізу.

17

1. 3 Алматы хореграфикалық училищесінің оқушыларының білімін

бақылау үрдісін талдау

А. В. Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училищесі 1934 жылы

музыкалық - хореграфиялық мектеп ретінде қалыптасқан болатын. Сонымен

қатар, училище құрудың негізгі мақсаты бұл музыка және хореография

саласында білім беруде қызмет ететін, сондай - ақ мемлекеттегі мәдени

байлықтар мен мәдениетті кешенді дамыту болып табылады.

Оқу орнының құрылуы және дамуы хореографтар мен көркем сурет

жетекшісі А. Александров және А. Селезневтің есімдерімен байланысты. Кәсіби

балет мектебін ұйымдастыру Абай атындағы МАБЖТ-дің қызметімен тығыз

байлынсты. Училище республиканың қолданыстағы өнерінің қалыптасуына

және тәрбиеленуіне себептескен болатын. Училищенің алғашқы бітірушілері

жас театрдың балет труппасының негізін құрды, олар қысқа уақытта бірнеше

балет қойылымдарын қойды, ұлттық балеттің құрылуы мен дамуында маңызды

рөл атқарды.

Училищеде классикалық және заманауи билерді, семинарлар мен

қойылымдарды үйрету әдістемесі бойынша мастер -класс жүргізу үшін әлемдік

хореографияның алдыңғы қатарлы қызметкерлері шақырылады. Жыл сайын

заманауи биден Халықаралық фестиваль өтеді, соның көлемінде заманауи

хореографияның мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер жүргізіледі, мастер -

класстар беріледі. А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі -

заманауи Қазақстанның бірегей көне оқу орны. Оның шежіресі осыдан 70 жыл

бұрын басталған болатын .

Қазіргі кезде Алматы хореографиялық училищесінде оқушылардың

білімін тексерудің екі негізгі бақылау фомалары бар: ауызша сұрау және

жазбаша жұмыс. Әрқайсысың өзіне тән оң жақтарымен қатар бірнеше

кемшеліктері бар. Ауызша сұрау жеке оқушылардың білімін бақылаудың

іріктемелі формасы және сабақтың біраз уақытын алатын түрі болып табылады.

Жазбаша жұмыс аса көп жұмысты қажет етеді және оперативті емес. Көбінесе

оқытушы, оқушылардың жұмысын тексеріп бітпей жатып, студенттердің

алдыңғы материалдардың қандай бөлімін жеткілікті дәрежеде меңгермегенін

туралы ақпаратты білмей келесі сабақты бастап кетеді. Сонымен қатар,

ұсынылған екі әдісте білімді әділетсіз бағалаумен байланысты, жағымсыз

көрінстен арылмаған.

Мұндай кемшіліктері жок бақылаудың түрі сынақ болып табылады. Ол

аралық білімді тексеруде жақсы қолданылады. Осының есебінен жұмысты

оперативті тексеруден, оқытушылар келесі сабақты мазмұндауды уақытылы

түзетіп, аз меңгерілген бөлімдерге көп көңіл бөле алады. Тексеруде көп

жұмысты қажет ететін жазбаша жұмыстың болмауы бақылау жұмыстарын жиі

18

жүргізуге мүмкіндік береді және оқушыларда жаппай білімді бақылаудың

сезімін тудырады.

Сынақ тапсырмалар жүйесінің тағы бір

артықшылығы, студентке әсер ететін шынайы және жалған көрсетілетін

психлогиялық мәселелердің болмауы.

Педагогикалық тәжірибелер тексерудің басқа түрлерімен салыстырғанда,

сынақ

тапсырмаларын қолдану тиімді болып табылатынын көрсетті,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдарының түрін бекіту
Өлшеу және бақылау құралдарын мемлекеттік сынау
Халықаралық деңгейдегі сертификаттау жүйесі
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Мемлекеттік қадағалау
Мен және мені қоршаған орта
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Қиыршық тастың негізгі қасиеттерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz