Төгінді сулардың топыраққа әсері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
УМБЕТОВА З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТӨГІНДІ СУЛАРДЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫН СУҒАРУҒА ПАЙДАЛАНУ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
5В081000 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________
Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________
Орындаған ___________________________________ ________
(аты-жөні)
20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ ______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ __________________________________
Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж _________________
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ______________
___________________________________ _______________________________
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ _________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
1
Төгінді суларды тазарту және ауылшаруашылығында пайдалану ... ... .
10
2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
2.1 Табиғи және климатты жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
21
2.2 Топырақ сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.3 Геологиясы және гидрологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.4 Гидрологиялық режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2. 5 Нысанның орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.6 Алматы қаласының канализациялық коллекторлары мен желілері.
25
2.7 Канализациялық сорғыш станциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25
2.8 Канализациялық тазарту ғимараттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
2.9 Алматы қаласы төгінді суларын тазартудың технологиялық циклының қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
3
Механикалық тазарту технологияларын жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ...
35
3.1 Қалқыма заттарды жинау құрылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
35
3.2 Тұнба өңдеу ғимаратын жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
37
3.3 Сүзгіш торларды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
40
3.4 Тор конструкциясын жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
44
3.5 Тордың тазарту механизмдерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
46
3.6 Торлардағы қалдықтарды гидрожуу мен әкету жүйелері ... ... ... ... .
51
4
Төгінді суды зарарсыздандыруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
53
4.1 Тазартылған төгінді суды зарарсыздандыру әдістері ... ... ... ... ... ...
53
4.2 Төгінді суларды тазалауда инновациялық технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
55
5
Сорбұлақ суының химиялық құрамы және оның егістіктерге пайдалануға жарамдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
5.1 Алматы қаласының төгінді су құрамы бойынша қорытылған сараптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
59
5.2 Төгінді сумен суғаруға болатын малазықтық дақылдарға баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
62
5.3 Төгінді сумен суғару режимін есептеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...
67
6
Жобаның экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
72
6.1 Малазығы дақылдарының өнімділігі және азықтық бірліктері ... ...
72
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
76
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
82
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында су мәселесін алдыңғы қатарға қойып отырғаны бекер емес. Халықты таза сумен қамтамасыз ету бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі екенін білдіреді. ...Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз[1].
Бүкіл дүние жүзінде өндірістің қарқынды дамуы, қоршаған ортаның әртүрлі өнеркәсіптік қалдықтарымен ластануына әкеліп соғады. Әсіресе өнеркәсіптердің белсенділгінің әсерінен сонымен қатар қала халқының көбеюі және әртүрлі коммуналды - тұрмыстық мекемелердің тастаған төгінді суының көлемі ұлғаюы, топыраққа және су көздерінің ластану қауіпін тудырып отыр. Сондықтан осы жиналып қалған төгінді суды залалсыздандырып, ауылшаруашылығында жарамды су ретінде пайдаланудың маңызы зор.
Көптеген ғалымдардың айтуынша егерде суғарлатын дақылды дұрыс таңдай біліп, топырақ, су, өсімдік құрамын үнемі бақылап, санитарлық жағыдайды сақтап отырса, төгінді сумен суғару еш зианын тигізбейді. Қазақстанда төгінді сумен жүгері, беде, жоңышқа тағы сол сияқты көптеген дақылдар суғарылады[5-9].
Қазақстан республикасының оңтүстік шығыс облыстарының құрғақ аридті, ылғал жетіспейтін жерлерінде егілетін мал азықты дақылдарды егіп, олардан жоғары өнім алу үшін суғару жұмысы өте қажет.
Қазіргі таңда қалаларда суды пайдалану деңгейін азайтудың әр түрлі жолдарын қарастырылуда. Олардың ішіндегі өндіріс орындарының суды қайыра пайдалануы, тұрғын үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарында пайдаланатын су мөлшерін шектеу сияқты шаралар қарастырылған. Дегенмен де, жоғарыда аталған тәсілдер қалалардан шыққан төгінді су мөлшерін азайтуға мүмкіндік жасайды деуге болмайды. Қазіргі кезде төгінді сумөлшерін азайтудың басқа да тиімді жолдары қарастырылу керек.
Ауылшаруашылық малазықтық дақылдарын суғару мақсатында төгінді суларды пайдалану табиғи суларды пайдаланудың көлемін азайтудың негізгі тәсілі болып табылады. Суғару алқабына төгінді суды зарасыздандырып, табиғи тазалаудың аяқталған бір бөлігі ретінде қарастырылады. Төгінді суларды толығымен пайдаланған жағдайда көптеген әлеуметтік - экономикалық, экологиялық және техникалық проблемалар шешілер еді.
Төгінді суларды егіс алқаптарын суғаруға пайдалану ашық су көздерін ластанудан қорғаумен қатар, көп көлемде минералдық тыңайтқыштарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын шаруашылықтық - тұрғын үй кешендерінен шыққан төгінді сулардан шамамен 450 мың гектар жайылымдар мен шалғынды жерлерді тыңайтуға жететін 150 мың тонна азот, 50 мың тонна фосфор және 70 мың тонна калий алуға болады[17-19].
Қала маңында жинақталған төгінді суды жаз айларында су тапшылығына байланысты ауыл шаруашылық дақылдарын суғару мақсатында жиі пайдаланылады. Бұл кезде судың химиялық құрамы ескерілмейді, жұмысшылар сақтандырылмайды, суғару технологиясы сақталмайды және ешқандай бақылау жүргізілмейді. Суды осылайша пайлдалану орны толмас жағдайға әкеліп соқтырады. Сондықтан, біз, төгінді суды ауыл шаруашылық дақылдарын суғару мақсатында пайданылу мәселелерін шешуді қарастырып отырмыз.
Осы дипломдық жұмыста ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру үшін төгінді сумен суғару режимін есептеп, оның өнімге және сапасына тигізетін әсерін ғылыми зерттеу арқылы анықтап, қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Дипломдық жұмыста Сорбұлақ төгінді су жинағыш тоғанының суларын механикалық және биологиялық тазартулардан кейін мал азықтық дақылдарының өнімділігін арттыруға пайдалану зерттеулерінің нәтижелері қарастырылған. Алматы қаласы мен облысы жағдайында қала маңайындағы суғару алқаптарында мал азығын дайындау және мал шаруашылығын жетілдіру мақсатында жоңышқа, арпа, тұқымдық жүгері егістіктерінің өнімділігін арттыру үшін Сорбұлақтың суын пайдалану тиімділігі зерттелген.
Тақырыптың өзектілігі.
Алматы қаласы маңында жиналған төгінді суды тазартып, залалсыздандырып, ауылшаруашылығы дақылдарын суғаруға жарамды су ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ауылшаруашылығы дақылдарын, оның ішінде малазықтық дақылдарының өнімділігін арттыруда, жер беті су ресурстарын тиімді пайдалану үшін қалалардан шыққан төгінді суларды пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ауылшаруашылығы дақылдарынан сапалы және жоғары өнім алу үшін, төгінді сулар құрамындағы топыраққа енетін тыңайтқыш элементтерінің рөлі өте маңызды. Қазақстанның көптеген ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, малазықтық дақылдарды суғаруға төгінді суларды пайдалану, әр аймақтарға байланысты, орта шамамен 20-30% аспайды[15-18]. Яғни, төгінді суларды пайдалануды өндіріске енгізу-өзен суларын үнемдеу мен мал азығының өнімін жоғарылату резерві болып табылады.
Сондықтан менің зерттеу жұмыстарым Алматы қаласы маңындағы Сорбұлақтың суын ауыл шаруашылығына пайдаланып, мал азықтық дақылдардың өнімділігін арттыруға арналды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың негізгі мақсаты Алматы қаласының төгінді суларын тазартудың технологиясын қарастырып, Сорбұлақ тоғанының суларын ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігіне тигізетін тиімділігін анықтау және оның Іле өзені алабының суларын үнемдеудегі орынын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Бұл жұмыста қойылған мақсаттарға сай келесі міндеттер іске асырылды:
- қаланың ортақтандырылған сумен жабдықтау және су әкету жүйелерiнің жалпы жағдайын бағалау және зерттеу нысандарын анықтау;
-тазарту әдiстерiн талдау өндiрiстiк қондырғылардың тиiмдiлiгiн, технологиялық сараптау және конструкциялық шешiмдер беру;
- төгінді сулардың құрамын зертханалық жағдайда анықтау;
-төгінді суларды тазарту технологиялары мен құрал-жабдықтарын зерттеу;
- төгінді суларды тазалау және пайдалану технологияларын ұсыну;
- қарастырылған жұмыстарды техника-экономикалық тұрғыда негіздеу.
Жұмыстың практикалық құндылығы
Алматы қаласының төгінді суларын залалсыздандыруда қосымша табиғи цеолит қолдану тиімділігі. Сорбұлақ тоғанының төгінді суларын Алматы облысы шаруашылықтарында малазықтық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында пайдалану тиімділігі қарастырылған.
1 ТӨГІНДІ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау мәселесіне ерекше мән берілгенді. Осыған орай Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы және басқа нормативті-құқықты құжаттар мен қаулылар қабылданды. Қалалық және өндірістік төгінді суларды тазалау ғимараттарын техникалық жабдықтау және қайта құруды жүргізу ең бір қиын инженерлік жұмыстар. Бұл еліміздің әр аймақтарындағы экологиялық жағдайларын жақсартуға, суаттардың төгіндітануы мен құрып кетуіне арналған шаралар. Сондықтан ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы күшіне ену үшін сумен жабдықтау, суды әкету өнеркәсіптерінде ерекше мән берілетін мәселе су қорларын қорғау және тиімді пайдалану, тазарту ғимараттары мен қондырғылардың тиімділігін жоғарылату болып саналады[4].
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай - ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай- ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру , ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны томас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн. Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін туғызады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және төгінді сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын төгінді судың мөлшері 7 млрд деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық төгінді суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі-оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.
Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық - коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған төгінді су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтататын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 км артып, ұзындығы -15км, ені - 8 км, тереңдігі-18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі - 1 млрд. текшеметрден асады.
Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле- Балқаш алабы бұрын сонды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзне бойындығы тоғайлардың төгінді су астында қалу қаупі төнуде.
Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындығы химиялық қоспалар тіршіллікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүние жүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып келіп жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.
Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың көбеюі артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организіміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл.
Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл- ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі - ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі - Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.
Екінші жоба- Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті су қоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара отырып тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу жұмыстары талап етілуде.
Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша - қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып қайта пайдалану.
Келесі бір болашағы зор бағыт Сорбұлақ суын құрылыс ағаштарын өсіруге пайдалану. Бұл мәселе экологиялық жағынан қауіпсіз шаруашылық салалары үшін арзан ағаш материалдарын дайындаудың көзі болмақ. Бұл салада " Мерей- Терек " ЖШС бірлестігі терек өсіруді жоспарлап отыр. Егерде жоспарланған 400 мың га жерге терек отырғызылатын болса онда оған жылына 30 млн м су жұмсалып, Сорбұлақ суының деңгейін тұрақтандыру жүзеге асары сөзсіз. Ал бұл мәселені көкөніс пен дәнді - дақылдар егіп шешуге мүлдем болмайды.
Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық- коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз. Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. urbs латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғанымен урбанизм немесе урбанизация түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды.
Қазақстанда өзінің сумен жабдықтау және суды әкетуге арналған ҚЕмН, ТШ, МЖСТы норматив тік құжаттары мен заңнамалары бар. Онда әлемнің тәжірибелері, қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамуы, қоршаған ортаның жағдайы (атмосфера, гидросфера және литосфера), жаңа әлеуметті-экономикалық шарттар қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа сумен жабдықтау мен суды әкету жүйелері, сұлбалары, технологиялары, жер ресурстарын үнемдеу, экологиялық таза, экономикалық тиімді, техникалық сенімді технологиялары бар[75].
Кейбір жағдайларда қосымша сумен жабдықтау және төгінді су тазарту ғимараттары жоқтығынан тұрғын үй құрылыстары да саябырсиды. Бұл жағдайлар ғимарат алаңын кеңейтуге бос алаңдар жоқтығынан қиындықтар әкеледі. Сонымен қатар, төгінді су тазарту дәрежесіне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты терең тазалау ғимараттарын салуды қажет етеді. Осылардың барлығы тазарту ғимараттарын қайта құру мен кеңейтілуін талап етеді.
Тазарту ғимараттарының жұмысын қарқындатудың негізгі жолдары: олардың өткізу қабілеттілігімен тиімділігін жоғарлату; күрделі және пайдалану шығындарын төмендету, оның ішінде қызмет көрсету мен технологиялық процестің энергиялық көлемін азайту; жер аудандарын тиімді пайдалану.
Адамзат қоғамының дамуына таза су өте қажет. Таза су өндірісте күрделі машиналар мен агрегаттарды салқындатуға, шикі заттарды жуып - шаюға, тұрғын өндірістік мекен - жайларды қамтамасыз ету үшін т.б. жағдайларда кеңінен пайдаланылады. Бір рет пайдаланылған су әр түрлі химиялық, минералық, органикалық қоспа - қалдықтармен ластанып қайта пайдалануға жарамай қалады. Шамамен айтқанда, пайдаланған таза судың шамамен 80... 85 - ы ластанып, төгінді суға айналады. Мұндай сулардың көлемі жыл өткен сайын көбейе түсуде. Қазір жер шарында күн сайын 420 км3 осындай төгінді - лас су шығып отырады екен. Ғылыми болжам бойынша, алдағы 12 - 15 жылда оның көлемі 40...50 ға дейін көбею қауіпі бар[1-5].
Қазіргі кезде, Қазақстан республикасының қалаларынан жыл сайын 6 млд. м3 төгінді су, тек Алматы қаласынан секундына 8 текше метр төгінді су шығуда[15-19]. Ол сулар Алматыдан 50 км қашықтықта орналасқан Сорбұлақ ойпатында жиналуда. Мұндай су жималары республикамыздың облыс орталықтарының бәрінде бар. Сондықтан олар қоршаған ортаға көптеген зиян келтіріп отыр.
Төгінді суларды пайдаланудың тиімді жолдарының бірі - егістіктікті суғару үшін пайдалану. Мұндай жағдайда, өзен суларын ластанудан сақтаумен қатар, көптеген экономикалық және саяси-әлеуметтік мәселелер де шешіледі, яғни егістіктің өнімділігі 1,5 - 2 есе көбейіп, топырақ құнарлығы артады және органикалық тыңайытқыштар да үнемделеді. Егер Қазақстан Республикасының шаруашылық төгінді суларын егістік суаруға пайдаланса, жыл сайын 20 мың тонна азот, 60 мың тонна фосфор және 95 мың тонна калий тыңайтқыштары үнемделген болар еді[23].
Адамдардың төгінді суды егістік суаруға пайдаланғаны ерте заманнан мәлім. Италияның Милан қаласының төңірегінде осыдан 500 жыл бұрын төгінді суды егістікке пайдаланған. Ал Ресейде мұндай сумен суғару 1898 жылы басталған[41,43,46].
Америкада қалалардан шыққан төгінді суды өте тиімді пайдаланады. Егістікке беретін су мөлшері дақылды керекті тыңайытқышпен және ылғалмен қамтамасыз ететін болуы қажет, ал Индияда - темекі, мақта, қант қамысы және мал азықтарын суғаруға тәулігіне 19 млн.м3 механикалық тазартудан өткен сулар пайдаланады[57].
Израил мемлекетінде төгінді суды қажетті тыңайытқышпен қосып суғару үшін алысқа шашатын жаңбырлатқыш өте көп пайдаланылады. Ғалымдардың айтуынша іш ауруын туғызатын микроптардың ең алыс үшатын қашықтығы 350 м екен. Сондықтан, суғармалы жерден тұрғын үйлер 300 ден ары орналасуы керек[52].
Егістік суғару мақсатында төгінді суды үш топқа: шаруашылық - тұрмыстыққ (қалалық) өндірістік және мал қоралардан шыққан ластанған сулар деп бөледі.
Шаруашылық - тұрмыстық (қалалық) төгінді су. Мұндай сулар қалалар мен үлкен қыстақтардағы тұрғын және өндірістік мекен жайлардан,қала ішінде орналасқан майда кәсіпорындардан пайда болады.олардың химиялық құрамы әртүрлі болып келеді.құрамында қоректік заттар мен қатар көптеген тұздардың түрі,әртүрлі химиялық кіржуғыш заттар,микроптар болуы мүмкін. Шаруашылық - түрмыстық төгінді су көп жағдайларда егістік суғаруға жарамды болып табылады[26,27,28].
Өндірістік төгінді су деп - табиғи судың зауыттарда, фабрикаларда технологиялық айналымдарда пайдаланып, ластанып шығуын айтады. Олардың химиалық құрамына қарап, өндірстің қандай өнім шығаратыны анықтауға болады.
Мысалы, целюлоза шығаратын, желім қайнататын жане тоқыма фабрикаларынан шығатын, ластанған сулар қүрамында органикалық заттар көп болады. Оны шаруашлық - тұрмыстық төгінді сумен араластырып егістікке берсе, топырақта биологиялық процестер өте жақсы жүреді.
Мал қоралардан шыққан төгінді сулар - мал ұстау кешендерінен гидравликалық жолмен мал асты қалдықтарын айдап шыққан кезде пайда болады. Солардың құрамында өсімдіктің өсіп - өнуіне қажетті көрсеткіштердің бәрі бар. Әсіресе, азот, фосфор жане калий өте көп. Сондықтан бұл төгінді суды егістік жерлерде тыңайтқыш ретінде қолданған тимді. Қолданар алдында бұл сулар мұқият тазалануы керек сұиық фракцияны қатты фракциядан бөлу, шөп қалдықтарын майдалау т.б. кейбір кездерде биологиялық тазарту жолын пайдаланып, оларды өзенге апарып құяды[26-28].
Төгінді суларды егістікті суғару үшін пайдаланар алдында олардың климаттық құрамын анықтап, ирригациялық баға береді. Егер ол судың тұздылғы 1гл - ден аспаса, ол егістікті суғаруға қауіпсіз деп табылады. Қазақстанның құм - сазды топырақтарнда суғаратын судың тұздылығын 1,5гл-ге дейін жеткізуге болады. Өсімдік үшін ең қауіптісі - натрий тұзы (сода) жане хлар қоспалары болып табылады. Егер натрий тұзы көп болса, онда топыраққа сіңген калций жане магний тұздары азайып кетеді. Бұл өте қауіпті. Егер, суғаруға бөлінген судың құрамында Na және К иондарының Ca және Mg иондарына қатынасы көбейіп кетсе , онда топырақтың сортаңдануы мүмкін[29,30,33].
Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер. Мұндай сулармен суғарған кезде дақылдардың түрін таңдай білу керек.олар топырақтағы биохимиялық процестерді жылдамдату және соған себепкер болуы қажет. Ауыспалы егістіктерден өсімдіктердің түрлері N 3236 - 85, 26.03.85 санитарлық ереже бойынша қабылдауны керек. Бұл ереже бойынша төгінді сумен бір және көпжылдық шөптерді, мал азығын техникалық, дәнді және сүрлемдік дақылдарды және ағаш отырғызып суаруға болады. Ал көкөніс бау - бақша суаруға болмайды[33,34].
Ауыспалы егістіктердің құрамын жасаған кезде көпжылдық шөптің еншісін көбейткен жөн. (65 - ға дейін). Сонымен қатар көп таралған мал азығы дақылдары да едәуір орын алған жөн. Ол таза сумен суғарылғанға қарағанда, төгінді сумен суарған кезде өнімді 30 - 50 - ға дейін көп береді. Жоңышқа,судан шөбі көпжылдық шөп, тппырақ құнарлығын арттрады және топрақтардың жоғарғы қабат құрамынан төменгі деңгейдегі калъций қоспасын әкеліп, топрақтың қатталуына жол бермейді.Сонымен қатар ,жоңышқа тұзға өте төзімді болады да, жапырақтары арқылы топрақтан тұздардың көпшілігін шығарып отырады. Бұл дақыл егілген жерде азот қөрегінің көбейгені байқалады. Алматы, Тараз, Отүстік Қазақстан обылыстарында топырақ ылғалдылығы 70% ЕСС шамасында ұстап тұрса, жоңышқа 5-6 тга көп өнім береді. Жүгері дақылы да көп өнім береді, Ақтөбе облысында жаз кезінде егістікті екі рет суарғанда 1,4 тга қосымша дән береді. Жамбыл обылысында 1литр төгінді су қант қызылшысының тұбіне 11кг қосымша салмақ береді , ал кәдімгі сумен суғарғанда мұндай қосымша салмақ 9 кг гана болған[25,26,27].
Бұлармен қатар отырғызбалары көптеп орын алғаны дұрыс, әсіресе тез өсетін терек тұрлері (Қазақстан, Таң, Қызыл-Қайрат) өте пайдалы. Алматы облысы "Іле" шаруашылық қожалығында "Қазақстан" терегі 8-ші жылы шаруашылық ісіне жарамды болған[29,34,35].
Дәнді дақылдарды (арпа, бидай) төгінді сумен суғару көп тарамағын. Мұндай судағы азот әсерінен бұл дақылдардын сабана өте көп, ал дәні аз болады деген ұғым бар. Бірақ, бұл дақылдардың өнімі олардың сыртына байланысты Вселоподолянс-499 және Харъков-4 бидай сорттарыын төгінді сумен суарғанда 3,6...3,7 тга өнім берсе, Волга бойында Безостая - 1 және Мирон - 808 бидайі, оңтүстік арпа сорттары суғарылмайтын егістікке қарағанда өнімді 4 есе көп берген[19].
Алматы облысында жоңышқа мен жүгеріні төгінді сумен суғарғанда 60-65, ал қант қызылшасы - 50-55 тга өнім берді. Орал қаласынан шыққан төгінді сумен суарғанда таза сумен суарғанға қарағанда қосымша 15,5 тга балауса өнім алынған[16].
Өнімнің жоғарылауы төгінді судың табиғи түрде тазарғанның бірде - бір көрсеткіші болып табылады. Алынған өнімдердің сапасы зоотехникалық санитарлық талаптарға сәйкес болуы керек[75]. Сапасын анықтау үшін, бұрынғы кеңес одағының денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлық эпидемологиялық басқармасының нұсқауын қабылдау керек. Белгілі бір суғару режимі, агротехникалық үрдіс жүргізілсе механикалық және биологиялық тазартулардан өткен төгінді сумен суғарғанда, өсімдіктер ауруға шалдықпай өсіп өнеді және олардың сапасы да зоотехникалық - санитарлық талаптарға толық жауап береді[75].
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, өсімдік өнімінің құрамында протеин, күл, азот крахмал, көбейетіні анықталған.Жалпы өсімдіктер бойына химиялық заттарды зиян тигізбейтіндей мөлшерде ғана сіңіреді. Ал төгінді сумен суарған өсімдіктер судағы сол заттардың көп болғанына қарамастан, мұнда да химиялық кейбір зиянды заттарды қауіпсіз мөлшерде алады екен[65].
Төгінді сулардың топыраққа әсері. Төгінді суды пайдаланғанда кәдімгі таза сумен суғарғанда пайдаланатын жер бетімен, жаңбырлатып және жер қыртысы әдістер тәсілдері қолданылады. Бірақ, олардың көрсеткіштерін төгінді судың ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптарды ескере отырып анықтайды.
Төгінді сумен суарғанда топыраққа көптеген микроорганиздер келіп түседі. Олар топырақтағы биологиялық жұмыстарды тездетіп, топырақта пайдасыз жатқан қоректік заттардың пайдалылығын арттырады. Осының және төгінді сумен келген басқа да қоректі заттардың әсерінен топырақтың қоректік көрсеткіштері көбеиеді.
Кейбір микроорганизімдер (сальмонелла, бактерия, ком т.б.) топырақта өсіп өне алмай, белгілі бір жағдайда жойылып отырады. Ол үшін, әр суғарудың арасы 8 - 15 күн мерзімін ұстап отырғаны жөн. Төгінді судың құрамында ауыр металдар көп болған жағдайда топырақ және өсімдік ауыр металдардың уларымен улануы мүмкін. Сондықтан, мұндай суларды өте сақтықпен пайдалану керек[75,77].
Төгінді сумен суғарғанда ең қауіптісі топырақта тұздың, ауыр маталдардың, химиялық және бактериялық заттардың көбеюі. Түрлі зерттеулерге қарағанда, төгінді сумен суғарғанда тұздың көбеюі алғашқы 2 - 3 жыл ішінде байқалады да, одан кейінгі жылдары оның мәні недәуір қалыптасады. Яғни, күзге таман суғарудың нәтижесінде топырақта көбейеді де, қыс - күз айларындағы жауын - шашынның әсерінен ол тұздар топырақтың төменгі қабаттарына жылжып кетіп отырады[24].
Ең қауіптісі топыраққа сіңген натрйдің көбеюі, ондай жағдайда топырақ сорланып, қатталып қалады да, топыраққа ауа бармай оның құрылысы бұзылады. Сондықтан да, топырақта екі валентті катиондарды ( Ca + Mg ), бір валентті катиондарды ( Na + K ) көп болуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін топыраққа калльций тұзын Гипс түрінде берген жөн. Ол Натрийдің топыраққа сіңуіне жол бермейді. Кейбір жағдайларда топыраққа органикалық заттар беру керек. Олар натри мен хлор тұздарын өте қатты сіңіреді[25].
Су көздерін ластанудан қорғаудың әдісі - төгінді суды тазалау. Қазіргі уақыттағы өнеркәсіптердің даму деңгейіне байланысты бұл әдістің тиімділігі 90 - 95 болғанымен, болашақтағы өнеркәсіп саласының даму қарқынын ескерсек, сол қалған 5 - 10 ең заиалы қалдықтардың ұлғаятынын болжау қиын емес.
Төгінді сумен көптеген дақылдырды суаруға болатындығы ғылыми тұрғыдан негізделіп, тәжірибелрмен дәлелденген. Төгінді судың өзіне тән құрам ерекшеліктеріне байланысты дақылдарды таңдауға бір қатар шектеулер қойылған кезінде дақылдардың төгінді су құрамында кездесетін улы заттарға сезімталдылығы, жоғары су мөлшерінен және судың қаптап басуынан (көлдеп жатуынан) болатын ылғалдылыққа төзімділігі, жыл бойына суғаруға бейімділігі, пайдаланатын утапсидың аумағын және топырақтың түріне, ең бастысы алынған өнімінң белгілі бір мақсатта пайдалануы ескерлуі керек. Өйткені төгінді судың суғаруға жарамдылығын анықтауда ең алдымен егілегн дақылдың биологиялық көрсеткіштеріне және олардың түсімі мен сапасына жете көңіл бөлінеді[27].
Төгінді судың түріне және сапасына байланысты егістік танаптарында техникалық, мал азықтық және екпе ағаштарын өсіруге болады. Қазіргі таңда біздің елімізде жәнк ТМД мемлекеттерінде, төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарын және екпе ағаштарын суаруға пайдалануда мол тәжірибе жинақталған[26,27,28].
Төгінді сумен ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың тиімділігі мынадай дәйектермен дәлелденеді: өндірістік, тұрмыстық төгінді судың құрамында дақылдарға қажетті қоректік элементтердің көптеп кездесетіндігі, ылғалмен және минералды заттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген жағдайлардың өсу қарқынының жақсаруына, топырақтың механикалық құрамының жақсаруы және дақылдардың өздерінің қалдықтарымен (тамыры, жапырағы, сабағы) топырақты органикалық заттармен толығуы.
Төгінді судың басым көпшілігінің құрамында биогендік заттардың, атап айтқанда - азот, фосфор, калий құрамаларының жоғары дәрежеде болуы тән. Мұндай элементтер гидролиздік, крахмал, спирт зауыттарының төгінді суында және мал шаруашылық кешендерінің шайынды ағындарында жоғары дәрежеде кездеседі. Биогендік элементтердің және органикалық заттардың құрамы жоғарылаған сайын, төгінді судың тыңайтқыштық құндылығы жоғарылайды және ауыл шаруашылық дақылыдарының өнімділігі артып, топырақтың құнарлығы жоғарылайды[31].
Өнеркәсіптердің төгінді суын екпе ағаштарды өсіруге пайдалану мақсатында ең көлемді жоба жасалған[47]. Олардың жасаған жобалары бойынша, өндірістік төгінді суды өзен - көлдерге жібермей, екпе ағаштарды өсіруге пайдалана отырып, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды ұсынады. Жобаны жүзеге асыру кезеңінің басында (1991ж). Төгінді суды пайдаланып өсірілген екпе ағаштардың ауданы 550га болса, ал 1998 жылы оның ауданы 1600га - ға дейін өскен[46].
Төгінді сулардың құрамындағы ингридиенттердің қоршаған ортаға әсері. Өндірістік төгінді судың құрамында улы тұздар, ауыр металдар, фенол, фтор, мазут, сынап және көптеген биогендік элементтер болады. Төгінді судың құрамындағы ауыр металдар топырақтың экологиялық ластануына әкеліп соғады.
Ауыр металдарға жататын кобалт, мыс, марганец, молбиденнің аса көп мөлшерде болуы адам өмірі үшін қауыпті, себебі топырақтың ауыр металдар ионымен ластануы олардың, өсімдіктердің бойына сіңуі арқылы, атмосфераға таралуы тірі организімдерге тікелей әсерін тигізеді[48].
Биогенді элементтердің улылығымен қатар пайдалы әсері де бар, мысалы олардың бәрі кобальт В12 витамінің құрамына жатады. Олардың топырақта өсімдіктер сіңре алатын мөлшерден аз болуы, жем - шөптің сапасына әсер етеді. Мұндай жем - шөппен жануарларды асырау олардың В12 синтезінің акобальтезбен әлсіреуіне әкеп соғады. Сонымен қатар биогендік элементтердің қайсысының болмасын шамадан тыс көп болуы топырақтың мелиоратиытік күйінің төмендеуіне және қоршаған ортаның ластануына әсерін тигізеді[22].
Жоғарыда айтылған биогендік элементтердің ішінде фтордың топыраққа, өсімдікке, жан-жануарларға зияны өте жоғары. Соңғы кездерде өндіріс орындарында фторды өндіруге, сонымен қатар ауыл шарушылығында химиялық тыңайтқыштарды пайдалануға байланысты қоршаған ортаның фторы қосындыларымен ластануы етек алуда. Қазіргі уақытта қоршаған ортаны негізгі ластаушы болып өндіріс орындарынан тасталған төгінді сулар мен олардан атмосфераға түскен қалдықтары болып табылады[43].
Әлемдегі барлық мемлекеттердегі өнеркәсіп орындарының қарқынды дамуына байланысты, олардың өндірістік қалдықтары және атмосфераға шыққан қалдықтары ұлғаюда. Әсіресе қоршаған ортаны негізгі ластаушы болып саналатын қалдықтар көлемінің ұлғаюы ғалымдарды қатты алаңдатуда. Фтор қалдықтарды шығаратын өнеркәсіп орындары болып алюминий, фосфор тыңайтқыштары, кірпіш кыш зауттары және көмір жағатын ЖЭС болып саналды, олардың атмосфераға шығаратын қалдықтарында 350 мгм3 дейін қарапайым фтор кездеседі. Алюминий өндіру барысында атмосфераға жылына 480 тонна фторидтер, сондай - ақ SO4, NO2 және т.б. осы сияқты қоршаған ортаны ластайтын әр түрлі элементтер шығарылады. Уақыт өте келе осы атмосфераға шығарылған қалдықтардың басым көпшілігі ауадан өсімдіктерге, тау - тастарға шөгіп, ақырында топыраққа келіп жиналатындығы заңдылық. Қоршаған ортаның фторлы құрылымдармен ластануының жыл сайын ұлғаюына байланысты топырақтағы, судағы және ауадағы фтордың өсімдіктерге тигізер әсерін жете анықтау мақсатында көптеген зерттеулер жүргізілген[7,8,10,12,13,14,]. Зерттеу нәтижелері фторлы қалдықтардың өсімдіктерге әсері, қалдықтардың қосындысының күрделілігі улы қалдықтардың әсер ету мерзімінің ұзақтығына, дақылдардың зиянды қалдықтарға төзімділігіне және олардың физикалық даму сатысына байланыстылығын көрсетеді. Өсімдіктердің бойында фтор органикалық құрылымдврдың белгілі бір мөлшерде болуы, олардың өсімдік тамыры және жапырақтар арқылы аз мөлшерде үнемі келіп түруына байланысты болады. Бұл құбылыс өсімдіктердің тыныс алу және басқа да физиологиялық функцияларына айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бойындағы потологиялық өзгерістер, әрбір өсімдіктің өздерінің бойына келіп жиналатын фтор иондарын залалсыздандыру мүмкіндігі болмаған жағдайда болады[15,16].
Қоршаған ортаны фторлы құрылымдармен негізгі ластанушы жоғарыда аталған зауттардың (аллюминий, метеллургия, фосфор тыңайтқыштарын шығаратын және т.б.) төгінді суының құрамында 2мгл - ден 32 - 45 мгл дейін фтор болады[50].
Суперфосфат және семмофос шығаратын химя завоттарының төгінді суындағы фтордың мөлшері Л.И.Сергиенконың (1985) мәліметтер боиынша 14.2 - 31.8мгл құрайды[16]. Төгінді суды, көп жылдық шөптерді суаруға белгіленгенсуармалау мөлшері ( 500м3 ) бойынша пайдаланып, оны таза сумен үш есе араластырған жағдайдың өзінде ондағы фтордың мөлшері 25мгга - дан 50мгга аралығында болған,фтордың мұндай мөлшерде болыуы топырақтағы (солардың карбонатты топырақтағы мөлшері 15-20кгга аспауы керек) сәйкес келмейді, осы жағдайларға байланысты өндірістік төгінді суды ашық су көздеріне немесе суғармалау танаптарна жіберіуге болмайды. Өйткені фтор құрамалары топрақты, табиғи су көздерін ластап, жануарлар мен өсімдіктерге зианын тіигізеді, ал мұның адам денсаулығына қаншалықты зыянды әсер ететіндігі айтпасада түсінікті. Фторлы төгінді суды тазарту және оны пайдаға асырыу бүгінгі күнде шешімі табылмаған мәселелердің бірі,осы уақытқа дейін өндірістік төгінді суды тазартыудың бір қатар әдістері жасалған[17,18].
Құрамында фтор бар төгінді суды екпе ағаштарды суаруға пайдалануда ВНПО Прогресс мекемесінде мол тәжірибе жинақталған. Көп жылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша, мұндай төгінді судың құрамындағы минералдылықты және фтор құрамының мөлшеріне қойылатын талаптарды сақталған жағдайда, олардың құрамындағы мол мөлшардагі азот пен фосфор екпе ағаштарының жақсы өсіп жетілуіне мүмкіндік береді[29].
Алматы қаласының төгінді суын тазартудан кейін, толық пайдалану үшін жалпы ауданы 30 000 гектардан аса жер керек. Алматы қаласының төгінді суының өзіндік ерекшеліктері бар. Төгінді судың жалпы көлемінің 62 % тұрмыстық, ал 38% өнеркәсіптік болып табылады, бұл төгінді сулардың улы элементтермен қатты ластанбағанын көрсетеді. Сорбұлақтың су көлемі бір млрд. текшеметрден асады және секундына 6 литр мөлшерде су келіп құйылып жатады. Соңғы жылдарда Қазақстанның қалымдары Сорбұлақ жасанды көлінің суымен ауыл шаруышылық дақылдарын, оның ішінде, малазықтық дақылдарын суғаруға болатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді[15-23].
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Табиғи және климатты жағдайлары
Қарастырылып отырған аймақтың ауа райы құбылмалы болып келеді. Қысы өте суық, жазы ыстық. Осы аймаққа ең жақын орналасқан метостанция-Күрті станциясы. Күрті метостанцияның мәліметі бойынша осы аймақтың жылдық орташа ауа орташа температурасы - +7,40С болып, абсолюттік үлкен мәні +450С, ал абсолюттік ең кіші мәні -360С болып келеді. Ең ыстық шілде айында ауа температурасы +25,10С көтеріледі, ал ең суық қаңтар айында -12,70С төмендейді. Жылы күндер саны 238 тәулік шамасында. Наурыз айының ортасынан Қараша айының бірінші онкүндігінің соңына дейін арасында ауаның +100С жоғары темепратура қосындысы 34 - 940С. Аязы жоқ күндер саны 147 тәулік[3].
Жыл он екі айда орта есеппен 275 мм жауын - шашын болып, оның 151 мм жыл уақытта, ал суық кезде 124 мм жауады. Жауын - шашынның ең көп жауатын мезгілі көктем айы.
Ауа ылғалдылығы орташа жылдық мәні 61, ыстық айда 38 құрайды.
Жел жылдамдығы 3,1 мс, қардың қалыңдығы - 15 см. (2.1 кесте).
Кесте 2.1
Аймақтың климаттың көрсеткіштері (Күрті метостанциясы бойынша)
Көрсеткіштер
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жылдық
Температура, [0]С
12,7
-10,2
0,1
10,6
17
22,6
25,1
23,1
16,3
8,0
-1,7
-9
7,4
Жауын - шашын, мм
18
18
29
28
33
25
22
12
9
21
32
27
275
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,
80
81
77
59
52
46
39
40
45
58
76
81
61
Жел жылдамдығы, мс
3
3,1
3,1
3,4
3,4
3,5
3,4
3,2
2,8
2,6
2,9
2,8
3,1
Топырақ температурасы, 0С
-13
-11
1
12
21
28
30
27
19
8
-2
-9
9
2.2 Топырақ сипаттамасы
Құрғақ ауа райына және жер асты суының терең жатуына байланысты топырақ құрлымы боз топырақ болып келеді. Суғармалы егістік көлемінде ашық боз топырақ және құм, құмдақ топырақ көп кездеседі. Механикалық құрамы жағынан боз топырақ құрлысы негізінен құмдақ, құм және жеңіл салмақты құмбалшықтан құралды[3].
Қарой жотасының топырағының біраз ерекшеліктері бар. Кейбір жерлерінде қиыршық тастар, кейбір балшық топырағының біраз ерекшкліктері бар. Олар өте жеңіл жатады. Гипстің мәні 10 - 30 құрайды, ал түздың мөлшері 0,05 - 0,07 жетеді. Суғармалы егістікте тұздалған топырақ жоқ және сонымен бірге шымдылығындағы натрий саны 0,8...1,2, азот 0,03...0,12, жылжымалы фосфор 1,0...2,0 мг100гр, жылжымалы калий 30 - 40 мг100гр. Су өткізгіштігі өте жоғары -1,0 - 2,5 мммин.
2.3 Геологиясы және гидрологиясы
Қаралып отырған жер Күрті және Қаскелең өзендерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz