Оперативті технологиялық байланыс жүйелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

6

7

8

9

Аңдатпа

Бұл дипломдық жоба технологиялық байланыс желілерін Қандыағаш-

Никельтау аймағында жетілдіруге арналған. Осы аймақтағы оперативті-

технологиялық байланысқа тура қатынасты сұрақтар қарастырылған.

Берілген техникалық шешім үлкен масштабты және абоненттер

сыйымдылығын біртекті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін желіге

сәйкесінше интерфейсті модульдері бойынша жаңа түйіндер қосып отыру

жеткілікті. Есептеулер мен оптималды жұмыс істеу қолданбалы MathCad

және Microsoft Visio көмегімен жасалды. Жүйе эффективтілігі техникалық-

экономикалық есептемелермен дәлелденді.

Аннотация

Дипломный проект посвящен модернизации сети технологической связи

на участке Кандыагаш-Никельтау. Рассмотрены вопросы неукоснительно

связанные с оперативно-технологической связью на данном участке.

Представленное техническое решение является очень масштабируемым

и позволяет однотипно развивать и увеличивать абонентскую емкость. Для

этого достаточно производить подключение к сети новых узлов с

соответствующим набором интерфейсных модулей. Расчеты и алгоритм

оптимального действия произведены с помощью прикладной программы

MathCadи

MicrosoftVisio.

-

экономическимрасчетом.

Abstract

Thesis project is aimed to the modernization of technological communication

network in the area of Kandyagash - Nikeltau. Issues related to operational

technological networks in current area were revised. Presented technical solution is

very extensive and allows to develop it on the same type and increase subscribers

capacity. For that it is enough to make a connection to a network of new nodes to a

corresponding set of interface modules. Calculations and algorithm for optimal

action produced through the application software MathCad and Microsoft Visio.

Effectiveness of the system is confirmed by the technical and economic calculation.

10

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Оперативті технологиялық байланыс жүйелері . . .

1. 1 Жергілікті елді мекеннің жалпы сипаттамасы . . .

1. 2 Оперативті технологиялық байланыс жүйелері, құрылымдық

желісі . . .

1. 3Қойылған мақсаттар мен міндеттемелер . . .

1. 4 Қазіргі байланыс жүйесіне шолу . . .

1. 5 ОТБ үйлестік цифрлік тораптың технологиялық буынының

құрылымдық желісінің зерттемесі . . .

1. 6 Топты арналар арқылы шұғыл технологиялық байланыстың

диспетчерлік аймақтарды ұйымдастыру . . .

1. 7 Беріліс ортасын (байланыс кабелін) таңдау . . .

2. Арнайы бөлім . . .

2. 1Берілген аймақта тармақты модернизациялау. Қандыағаш-

Никельтау учаскесінде SI3000 ISKRATEL - ге негізделген технологиялық

байланыс жүйесінің техникалық шешімі . . .

2. 2 Жұмыстың технологиясы . . .

2. 3 Негізігі технологиялық байланыстың есептеу жүйесінің

құрылымы . . .

2. 4 Жедел технологиялық байланыстың есептеу жүйесін

ұйымдастыру . . .

2. 5 Бекетаралық байланыс . . .

2. 6 Агрегацияланған ETHERNET орталық коммутаторы . . .

2. 7 Терминалдық құрылғы . . .

3. Есептеу бөлімі . . .

3. 1 Бекеттер атаулары . . .

3. 2 Бекеттер мен диспетчерлік айналымдар . . .

3. 3 Қандыағаштың жұмыс істеу үрдісін оптималды басқару

алгоритімнің блок - схемасы . Тығыздалған пакеттер трафигінің есептелуі . .

3. 4 Кідіріс уақытын есептеу . . .

4. Еңбек қорғау бөлімі . . .

4. 1 Еңбек күзеті және қауіпсіздік техникасы . . .

4. 2 Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды талдау . . .

4. 3Ұйымдастыру шаралары . . .

4. 4 Техникалық шаралар . . .

4. 5 Табиғи жарықтануды есептеу . . .

4. 6 Жұмыс аймақта жасанды жарықтандыруды есептеу . . .

4. 7 Шудан сақтау . . .

4. 8 Өртке қарсы шаралар . . .

5. Экономикалық бөлім . . .

5. 1 Жаңа басқару жүйесін пайдаланудың техникалы -

11

8

10

10

10

11

11

12

13

14

16

16

20

21

28

36

42

44

47

47

47

48

51

58

58

58

60

61

64

67

69

69

71

экономикалық дәлелдемесі . . .

5. 2Автоматтандыру жүйесін өңдеумен пайдалануға

жұмсалатын қаражатты есептеу . . .

5. 3Қосымша эксплуатациялы шығындар . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қысқартылған атаулар тізімі . . .

А қосымшасы . . .

12

71

71

73

75

76

77

78

Кіріспе

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан Республикасының теміржол транспорты

қатынасындағы эксплуатациялық іс-әрекеттерді басқару құрылымындағы

толық жетілдіруді қорыта келе және де тікелей тасымалдауды басқару саласын

қоса есептеген жағдайда:орталық басқару жүйесі ААҚ «ҚТЖ»сатысындағы,

жолдарды басқару орталықтарындағы линиялық жергілікті аудандық басқару

жұмыстарына иформациялық және информациялы басқару технологияларын

кең түрде енгізе отырып жүргізеді. Тасымалдау үрдісін орталықтан басқаруды

жарыққа шығару және қайта ұйымдастыру ААҚ «ҚТЖ» жүйесін тиімді толық

жетілдірумен қатар, тиімді технологиялық байланысты барлық теміржол

транспортының қатынастарының негізгі бөлімінде іс-жүзінде қолдануды

қажет етеді. Тиімді технологиялық байланыты толық жетілдіруді толығымен

қамтамасыз етуге бағыттау арқылы, кардинальды түрде өзгеруіне жол берілсе,

алдыңғы қатарлы телекоммуникациялық ресурстармен ІТ технологиясы

бойынша тасымалдауды басқаруда қолданылып жүрген формалар мен

әдістерді және басқа да барлық технологиялық үрдістеріне тапсырыс беру

арқылы, телефон және басқа да байланыс түрлеріменбарлық технологиялық

бөлімдерді, байланыстың сапасы мен сенімділігін арттыра отырып, жаңа

функцияларды жүзеге асыруды, алдын-ала келісу арқылы технологиялық

басқару үрдістерін қайта құрып, теміржол транспорт қатынасын және

ақпараттарды дәлме-дәл анық жеткізе алуға болады. Болашақта

телекоммуникацияны дамытудың негізгі мақсаты: ААҚ «ҚТЖ» ақпараттық

және телекоммуникациялық ресерустарды алдын-ала озыңқы, қажеттілікті

қанағаттандыратын, теміржол жұмысын қамтамасыз ететін, бәсекелестікке

орын алатын қызмет көрсету арқылы қолданушыларға жоғары деңгейде

қызмет көрсету болып табылады.

Шаруашылық алдындағы стратегиялық мақсаттары:

1. Телекомуникациялық және ақпаратық ресурстар бойынша ААҚ

«ҚТЖ»қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.

2. Басқару жүйесінің тасымалдау және басқа да технoлoгиялық үдерістері

бойынша телекоммуникациялық және ақпараттық басқарудың бірыңғай

жүйесін қалыптастыру.

3. Байланыс қызметін көрсету сапалылығын қамтамасыз етіп және де

ақпараттық қызметті техникалық эксплуaтацияның негізіне орай байланыс

қызметін көрсетіп және есептеу техникасын жоғары деңгейге көтеріп, оның

тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз ету.

4. Қазіргі замана талабына сай ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялар жүйесін негізге ала отырып, бaйланыс желісімен оның жетерлік

жағдайда сенімді болуымен қамтамасыз ету.

5. Шаруашылықтағы іс-әрекетті қаражаттандырудың айқындығын

қамтамасыз ету.

13

6. Теміржол көлігінің сервисті кызмет көрсету деңгейін көтеріп,

бәсекелестікте орын алатын байланыс кызметін қамтамасыз етіп, нарықтағы

телекоммуникациялық және көліктік қызметті қамтамасыз ету.

7. Шаруашылықты басқару жүйесін жоғары сатыға көтеру мақсаттары:

-Телекоммуникациялық және информациялық инфрақұрылымдағы

эксплуатацияны және

техникалқ

қызмет көрсету эксплуатациясының

шығынын төмендету.

-Негізгі фондылардың ескіріп қалу қарқынын төмендету.

-Аз қолданылатын техникалық құралдарды тарату.

-Жүйенің тұрақтылығын және қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз

ету.

Теміржол транспортының байланыс желісін техникалық жабдықтаудың

мақсаты байланыс қызметін көрсетуді қамтамасыз етіп, ІР жүйесін құру болып

табылады.

-SI3000-интегральды байланыс жүйесін дұрыс құруды қамту,

стандартты телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып,

спецификалық міндеттермен алгоритм жұмыс істеуін сақтау.

-Шақыруды абоненттен қабылдауды, индикациялаумен абонентті

шақыру арқылы жабдықтайды.

Администрациялық түрлендіру және мониторинг жүйесі SI3000МN-ді

пайдалануды ұйғарадым. Берілген басқару жүйесі жалпы басқаруды барлық

техникалық элементтер шешімімен құруға мүмкіндік береді, осылайша:

-IР-ТС(SI3000) жүйесінің барлық элементтерімен;

-IР-диспетчер пультімен және IР-кезекшісінің телефон аппаратымен;

-Линейкалық SI3000 және басқа жабдықтармен;

-

SNМР протоколының көмегімен орталық басқару жүйесіне,

алыстатылған элемент жүйелерінің авария жағдайына байланысты ақпараттың

жіберілуі;

-Теміржол байланысының техникалық жүйесі байланыс міндетін талап

ете отырып, абонентке сапалы және тоқтаусыз қызмет етуі.

Жоғары сенімдікті қамтамасыз ету үшін берілген техникалық шешім

бойынша барлық байланыс бөлімдерінде қорландыру аппаратын SI3000

модулі бойынша қарастырдым.

14

1 Оперативті технологиялық байланыс жүйелері

1. 1 Жергілікті елді мекеннің жалпы сипаттамасы

Қазақстандағы

Қандыағаш қаласы Ақтөбе облысының Мұғалжар

ауданында Ақтөбеден оңтүстікке қарай 95 км қашықтықта орналасқан.

Мәскеу- Ташкент және Атырау -Орск теміржол линиясының торабы

өтеді. 17-июнь 1997жылы Қазақстан президентінің указымен Октябрьск

қаласының аты өзгертіліп, Қандыағаш қаласы болды. Жақын орналасқан

қалалар:Ақтөбе, Новотроицк, Орск. Координаттары:49*28, 2, N 57*25, 48, Е

Қазақстандағы

Никельтау ауылы Ақтөбе облысының Хромтау

ауданында орналасқан. Никельтау ауылдық аймағы әкімшілік орталығы және

жалғыз елді мекен. Хромтау орталығынан солтүстік-батысқа қарай 22-км

жерде орналасқан.

1999 жылы елді мекенінде 886-адам(436-ер адам, 547-әйелдер) тұрған.

2012жылғы халық санағы бойынша, ауылда 1132-адам(587-ер адам, 547-

әйелдер) тұрған. Жақын

орналасқан қалалар:Ақтөбе, Новотроицк,

Орск. Координаттары:50*, 23, 47, N, 58*, 13, 53, Е.

1. 2 Оперативті технологиялық байланыс жүйелері, құрылымдық

желісі

ОТБ жүйелерінің даму барысында төменде көрсетілген негізгі мақсаттар

шешілуі қажет:

1. Мүмкіндіккеқарай, көп мөлшерде ОТБ құрлдарын цифрлік технология

жұмыс әдісіне көшіру (ОТБ тармағын цифрлендіру) ;

-ОТБ байланыс бағыттарын аппараттар жиынтығымен жабдықтау (ең

алдымен, қажетті түрде, ҚТЖ ААҚ ның негізгі көлік дәліздері есепке алынуы

керек) жүйе енгізу барысында міндеті түрде негізгі шарттарды ұстанылу

қажет:

- стандартқа сәйкес, сертификатталынған, жалпы байланыс жүйесіне

сәйкес келетін жабдық құралдарды қолдану;

- келешекте, масштабтандыру мүмкіндігі;

- басқару жән мониторинг жүйелерін бірегейлендіру;

- ААҚ ҚТЖ да қолданылып жатқан техникалық жабдықтарды барынша

үйлестігін пайдалану;

- Қазақстан және халықаралық нормативтік құжаттарға сәйкес келетін,

сонымен қатар цифрлік тармақтармен тіркескен универсалды құрылғыларды

ОТБ коммутациялық станция ретінде қолдану мүмкінділігін қарастыру;

15

- шағын бөлімшелерге және кішігірім станцияларға жеңілдетілген,

үнемді, техникалық жыбдықтарды жете зерттеу;

- байланыс жүйесін және дауыс арқылы хабарландыру тармағын

цифрлік, коммутациялық станциялар негізінде, ОТБ аппараттарын жиынтығы

мен қоса сымсыз байланыс әдістерін дамыту;

- диспетчерлік басқару үшін: ОТБ-тің функционалдық мүмкіншіліктерін

ұлғайту, ол үшін:

- аппараттар жиынтығын жете зерттеу барысында, бірқатар темір жол

тармақтарын қамтитын аумақтар құрылып, тасымал

басқаруы

орталықтандырылатыны есте болу керек;

- ҚТЖ ААҚ ның орталық аппараты үшін ОТБ тармағын үлғайту;

- ОТБ-да абоненттік радиобайланысты тәртіппен қолдану ережесін

ескеру керек;

Темір жол көлігінің аппараттық инфрақұрылымының даму барысында

ОТБ-ні тиімді қолдануын қамтамасыз ететін, телекоммуникациялық жаңа

технологияларды қолдану қажет, ол үшін:

-ОТБ-ның коммутациялық тармағында «IP-телефония» технологиясын

қолдану;

-жеке құрал ретінде немесе арнайы жабдықтың бөлшегі болып келетін,

компьютерлік телефония қосалқыларын ОТБ-да қолдану.

1. 3 Қойылған мақсаттар мен міндеттемелер

Дипломдық жобамның мақсаты - Қандыағаш Никельтау аралығындағы

технологиялық байланыс жүйесін ұлғайтып, оны тиімді қолдануын

қамсыздандыру.

Қойылып отырған мақсаттар үшін - міндетті қажеттемелер:

-S 13000 жабдықтарын колдану мүмкіндігін қарастыру;

-Байланыс жүйесін өзгертіп, жаңартуды жете зерттеу;

-Технологиялық байланысты зерттеп онтайландыру;

-Құрал-жабдықтардың орнатылатынын өлшеу, есептеу;

-Құрал-жабдықтарды талғау (таңдау) .

1. 4Қазіргі байланыс жүйесіне шолу

Теміржол бекеттерінің дәрежeсі және олардың әкімшілік-шаруашылық

орны, бекеттерді басқару жүйесінің деңгейіне және технологиялық

өсімталдығына тәуелді оперативті - технологиялық байланыс (ОТБ) .

Байланыс негізін, темір жол тармақтары мен бөлімшелерінде орналасқан

каналдар жүйесі құрайды. Атап айтқанда, жол бөлімшесінде, жүктеу-түсіру

16

және тасымалдау жұмыстары жүргізіледі. Жете зерттеу үшін, бөлімшенің

темір жол торабтарының ұзындығы мен көлемін, сонымен қатар бекеттер

санын, жол басқармасының, торапты және шағын бекеттердің орналасқан

жерлерін анықтау қажет. Жaбалау жұмыстары орынды болу үшін бекеттермен

тораптардың жабдықталуын кесте түрінде көрсеткен дұрыс.

Бекeтермен тораптарда орналасқан ББ, ЖБ, ЭБ, РБО, есептеу

орталықтары, депо байланыс бөлімі, ЭЦ бекеті, телефондық, байланыс

бөлімшесі, жол жұмысшыларының үшінші және темір жол бөлімшелерінің

басқа да техникалық ғимараттарын ескеру қажет. Бекеттің көлеміне қарай -

шағын бекеттер, билет кассалары, жол жұмысшыларының пәтерлері; ЭЦ

бекеті бөлшектің құрамы сияқты белгіленеді. Подстанциялар 30-60 км ара-

қашықта орналасады.

Түйіспелі тармақтарды секцияландыру контейнерлері, 3-5 км

қашықтықта, бекет көмейлерінде орналасады. Тасымалдауды рәсімдеу үшін,

шағын бекеттер құрамына тауар кеңсесі кіруі мүмкін. Үлкен және түйінді

бекеттер ірі елдімекендермен түйіседі. Сол жерде, жол аралығының,

байланыс, қуатпен қамтамасыз ету, іріктеуші төбешіктер, локомотив және

вагон деполары орнатылады.

Жолбасқармасы және жол бөлімшесі әкімшілік аймақтың орталығымен

түйіседі. Жол басқармасында, барлық жобалау топталған жолдардың

тәртіптеуші және атқару бекеттері ұйымдастырылады.

1. 5ОТБ үйлестік цифрлік тораптың технологиялық буынының

құрылымдық желісінің зерттемесі

Темір жол көлігінде оперативті-технологиялық байланыс тікелей

тасымалдау процесін ұйымдастыру, поездардың жүрісін реттеу, бекеттегі

барлық техникалық жабдықтармен құрылымдарды жұмыспен қамтып, оларды

жөндеуге арналған.

Технологиялық буынның арналары темір жол торабымен және соның

құрамына кіретін жол бөлімшелерімен шектеледі. Жол бойында және

бөлімшелерде поездардың жүріс тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстары, техникалық

құрылымдардың жұмысы реттелетін болғандықтан, онда шұғыл-

технологиялық байланыс түрлерінің көбісі қолданылады.

Осы мақсаттардың шешімін табу үшін топты арналардың төменде

көрсетілген түрлері ұйымдастырылады:

- Пойыздар жүрісін басқарудағы арналған байланыс ПДБ (пойыз

диспетчерлік байланысы)

- электрлік қуатпен қамту құрылымдардың техникалық мазмұнын

қадағалайтын байланыс ҚДБ (қуат-диспетчерлік байланысы)

17

- қызметкерлердің өзара хабарласу, бір бірін ескерту, байланыс

құрылымдардың жұмысын жөндеуге, реттеуге арналған байланыс ДҚБ

(қызмет-диспетчерлік байланыс)

- жол шаруашылығының күнделікті жұмыс ағымен қадағалау үшін жол

қызметкерлері бір бірімен хабарласатын байланыс ҰЖБ (ұзындық жол

байланысы)

- бір диспетчерлік аймаққа жататын, шектес бекеттердің кезекшілері

пойыздар жүрісін қадағалау үшін хабарласуға арналған байланыс БАБ

(бекетаралық байланыс) .

- екіаралықтағы жол қызметкерлер, екіаралыққа жататын бекеттер

кезекшілері, сонымен қатар жол диспетчерлері, қуат диспетчерлері,

екіаралықтын құрылымдардың техникалық күйін қадағалап тұруға арналған

байланыс ЕАБ (екіаралық байланыс)

- қозғалмалы составының апат зардаптарын түзету мақсатымен

жүргізілетін келіссөзгеарналған байланыс АБ (апат байланысы)

- аралық учаскелік станция қызметкерлері бір-бірімен және жол бөлімше

қызметкерлерімен хабарласуына арналған

байланыс

ӨАБ

(Өзаралық

байланыс) .

1. 6 Топты арналар арқылы шұғыл технологиялық байланыстың

диспетчерлік аймақтарды ұйымдастыру

Технологиялық буынның шұғыл-технологиялық байланыс үйлескен

цифрлік тармақтың сегменттік желісін құруға ұсынады. Ұзындығы 150-200 км

диспетчерлік аймаққа жататын ДНЦ ББДО пойыздық диспетчері және ДСП,

ДСП-Г, ДСП-У, ДСП-П, жүргіліс диспетчерлерінің арасында ПДБ топты

арнасы құрылады. Бір топты арнаға кіретін атқару бекеттердің саны 30-дан

аспайды. Айтылмыш учаскеде пойыздық диспетчердің бір аймағы

қолданылған оның ұзындығы - 300 км, аймақтың атқару станциялар саны -

19.

Жол байланысын топты арнасы жол басқармасының студиялары, жол

бөлімшелері, түйінді бекеттер арасында, шұғыл мәжіліс өткізу мақсатымен

құрылады. Топтық арна, резервтегі арналар ішінен, мәжіліс өткізу мерзіміне

ғана беріледі. Жобаланып отырған учаскенің ДСС арна саны - біреу, ал

абоненттер саны - шектелмеген.

Қандыағаш - басты - Никельтауучаскесінде МК ДСС-тің бірнеше

студиясы орналасқан. МКЭДБ-ББДО диспетчері, Э қызметінің диспетчерлері,

түйіскен тармақ пунктері, подстанциялар кезекшілері және түйіскен тізбекті

секциялау орындар (ПСКЦ) арасында ұйымдастырылады. МК ЭДБ -

жобаланып жатқан учаске ішінде құрылады.

ПП саны -50 ден аспауы керек (жобаланып отырған учаскеде -9)

18

МК САБ (ЭД, ПД, НИС-Д, ШД сияқты) (диспетчераралық байланыс) . Әр

қызмет диспетчерлері, НИС дирекциясы, ЭБ, ББ, ЖБ, РБО бөлімшелерінің

және жол бөлімшелерінің диспетчерлер арасында ұйымдастырылады.

Жобаланып отырған учаске ішінде бір-бір арна ұйымдастырылады. Атқару

бекеттерінің саны ЭД-4, НИС-Д-3, ШД-4, ПД-5. МК СДС-НИС, СДС-ШЧ бір

жағынан жолбөлімшелерінің ББ, РБО диспетчерлері, екінші жақтан учаскелік

екіаралық бекеттерде орналасқан ББ және РБО бөлімшелер арасында

ұйымдастырылады.

МК СДС саны, жобаланып отырған учаскеде орналасқан, ББ және РБО

санына байланысты тұрады. Жобаланып отырған аймақта СДС-НИС топты

арна саны -1, СДС-Ш топты арна саны -4. Бір топты арнаға енгізілген

абоненттер саны -210 нан аспауы керек.

МК ЛПС жол бөлімше диспетчерлер арасында ұйымдастырылады, бір

жағынан-ПЧ, екінші жағынан - учаскелік кезеңдік бекеттерде орналасқан ПЧ

бөлімшелері, сонымен қатар екіаралықтағы жылы үйшіктер болады. Жол

шаруашылығының жұмысы көбейген сайын МК ЛПС санына өседі. Бір МК

ЛПС-тіңабонеттер саны - 210-нан аспайды. МК ПС-темір жолдың барлық

бөлімшелер абоненттері (сонымен қатар,

шағын учаскелік бекет

қызметкерлерінің пәтерлеріде) арасында ұйымдастырылады. Жол

басқармасымен бөлімшелерде МК ПС-ке қалааралық коммутаторлар кіреді.

Онда телефоншы қыздар қызмет істейді. Жобаланып отырған темір жол

учаскенің МК ПС ке енгізілген абоненттер саны 210 нан аспаса, онда бір МК

ПС ұйымдастырылады.

1. 7 Беріліс ортасын (байланыс кабелін) таңдау

Талшық - оптикалық кабельдің физикалық-механикалық сипаттамасына,

қойылатын талаптары -оның ажырауға қарсы тұра алуы; ылғал өткізбеушілігі;

механикалық кернеуден туындайтын шығындарды азайтатын, жеткілікті

буферлік қорғанысы; ыстыққа төзгіштігі; иілгіштігі және жол бойына, төбеге

іліп қою мүмкіншілігі; орнықтырудың жеңілдігі; жұмыста беріктігі болып

табылады.

Талшық - оптикалық кабельдерге қойылатын негізгі талап - ол ең төмен

өшу және өткізушіліктің тілкемінің кеңдігі.

Талшық - оптикалық кабельдің өткізушілік тілкемі талшықтың түріне

қарай: көп модтық, талшықтар үшін -300 МГЦ∙км, градиенттік талшық үшін -

800 МГц∙км және бір модтық талшықтар үшін -5÷7 ГГц∙км болып табылады.

ОТК талғамына талшық - оптикалын беріліс жүйесінің параметрлері:

тілкемнің кеңдігі немесе берілістің жылдамдығы, оптикалық сәулелену

толқынының ұзындығы,

энергетикалық потенциал, дисперциялық

бұрмаланулардың ықтимал мағынасы, сондай-ақ, елдің жалпы байланыс

жүйесіндегі орны осы талаптарға -ОКМС-А-4/2(2, 4) СП-12 (2) 4 (5) үлгілі

19

талшық - оптикалық кабельсәйкес келеді. Оның мінездемелері төмендегі 1. 1-

кестесінде көрсетілген.

Тарту ортасын ұйымдастыруға арналған кабель: МКСАШ п 4×4×1, 2.

МКС типті кордель-полистирал (стирофлекс) оқшауы бар, қалааралық,

симметриялық кабельдер, байланыс тармақарында кеңінен қолданылады.

1. 1- к е с т е . ОКМС-А-4/2(2, 4) СП-12 (2) /4 үлгі ОТК мінездемесі.

МКС кабелінің электрмагнит өзекшесінің конструкциясының басты

элементтері ол оқшауланған тамыршығы және жұлдызды шиыршық төрттігі.

Кордель-полистирол оқшауы кең диапозондық жиілікте диэлектикалык

шығынның мағынасы төмен болуын қамсыздандырады, жетерлік қаттылығы

бар, ұзындығымен бойлау, оқшауланған өткергіштердің электрикалық

қасиеттерінің біртектестігін қамтамасыздандырады.

Сонымен катар, полиэтилен оқшауы болып келетін полимерлі түтігі де

бар.

20

2 Берілген аймакта тармақты модернизациялау

2. 1. Қандыағаш-Никельтау учаскесінде SI3000 ISKRATELге

негізделген (IP - TC) технологиялық байланыс жүйесінің техникалық

шешімі. Жалпы жағдайлары және жүктелген міндеттемелері

Темір жол көлігінің байланыс тармағын техникалық жабдықтандыру

мақсаты байланыс қызметін атқаратын IT тармағын құру болып табылады.

Цифрлық интегралдық жүйені жүзеге асыру үшін, төменгі факторлармен

санасу қажет, ол:

-пойыздар жүрісінің қауіпсіздігіне үлкен әсер тигізу;

-қолданылып жүрген магистральдар арқылы, жүрдек пойыздарды

жіберуді тәртіптеу, және жаңа жүрдек магистральдарды салу;

-кәсіпорындардың және мекемелердің жұмыс технологиясын қамтуға

қажет шапшаң қабылдау үшін, мәліметтерді толықтай және уақтымен

жеткізілу жұмысын ұлғайту;

-теміржол көлігінің электр

түрдемодернизациялау;

байланыс жүйесін күрделі

-темір жол көлігінде, информациялык

технологияларды,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техналогиялық процестер құрамын басқару
Ақпараттық жүйе мысалдары
ДАЙЫН ТАМАҚ ӨНІМІН САНАУ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУДАҒЫ ОБЪЕКТІНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі
Мұнай құбырларын өлшеу жүйелерін блоктау
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Әр түрлі басқару жүйелеріндегі контроллерлер
Технологиялық ақпараттарды қайта өңдеу
Мамандар бөлімінің менеджерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz