Деректер базасының даталогиялық моделі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Уапанов А. Қ.

Темір жол мекемесінде жүк тасымалын ұйымдастыру жүйесін бағдарламалау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыз ету


Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Инженерлік» факультеті

«Ақпараттық технологиялар, математика және физика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Темір жол мекемесінде жүк тасымалын ұйымдастыру жүйесін бағдарламалау

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны ___

Қосымшалар ___

Орындаған Уапанов Аслан Қуанышұлы

2018 ж. «» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

ф. -м. ғ. д., профессор

Серикбаев А. У.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Жетекші

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Дильмагамбетова Б. М.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Арнайы тараулар кеңесшілері:
:
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Экономикалық бөлім

аға оқытушы

:
Серикбаев А. У.: Карымсакова Ж. К.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Еңбек қорғау бөлімі

т. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Жанашев И. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор:

Норма бақылау

ф. -м. ғ. к., қауымдастырылған

профессор

:
Серикбаев А. У.: Киргизбаева Б. Ж.
Кафедра меңгерушісіф. -м. ғ. д., профессор: Сарапшы
:
Серикбаев А. У.:

Алматы 2018 ж.

КІРІСПЕ

Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында алады. Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220-миллион тонна мұнай өнімдері 1, 1 миллиард тонна көмір 60 миллион тоннадан астам қара металл барлығы - 2, 5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылған.

Қазақстан темір жол көлігіне талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан - 2030 стратегиялық Бағдарламасында көрініс тапқан. Олар темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнін талабына сай қайта құру сондай - ақ Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру. Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоған станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі дамытып тасылатын жүктін көлемін жылына 10 млн. тоннаға жеткізу. Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнін талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру барлық көлік және комуникациялық орындардың құрылымдарымен қайтадан қарап жетілдіру.

Темір жол көлігі Қазақстан экономикасының базалық саласы болып есептеліп, жеке бір орынға ие, себебі ол еліміздің әлеуметтік дамуы мен экономикасын көтеруде, дүниежүзілік көлік жүйесі ретінде сипатталады. Оның нақты және нәтижелі жұмысынан мемлекеттің экономикасы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатының жақсы болуына себепші болады. Қазақстандағы темір жол рөлін түсіну үшін бірнеше мысалдарды атап кетуге болады: темір жол жұмысына барлығы 68% жүк тасу және 57%-дан жоғары еліміздің жолаушыларын тасымалдау. Темір жол саласында 150 мың адам жұмыс істейді, ол Қазақстан халқының 1%-ына жуығын құрайды.

Соңғы бірнеше он жыл ішінде есептеуіш техникасының барлық аспектілерінде байқалған прогресс компьютерлерді қолдану облысының елеулі түрде кеңеюіне және олардың қолданушылар санының өсуіне алып келді. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің ажыратылмайтын құрамдас бөлігі болып табылатын ақпаратқа қатынау мен ақпаратты сақтаудың әр түрлі жүйелері қазіргі қоғамның маңызды бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорындағы бар ақпаратты компьютерлік негізге аударудың көптеген себептері бар, себебі клиент/серверлік технологияларды қолдана отырып, деректерді неғұрлым жылдам өңдеу және олардың сақталуын орталықтандыру процесі маңызды құралдарды сақтауға, ең бастысы, қажетті ақпаратты алуға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар деректерге рұқсатты және енгізуді жеңілдетеді.

Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тиімді қолдану процестері кейіннен адам қызметінің барлық бағыттарында табысқа жетудің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта бірде-бір ірі технологиялық мәселені үлкен ақпарат көлемі мен коммуникациялық процестерді өңдеусіз шешу мүмкін емес, сол себепті өндіріске прогрессивті технологияларды қолдану деңгейін анықтайтын ақпараттық жарақталуы қажет.

Сондықтан да жүк тасымалдауды тіркеуді автоматтандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн, себебі жүк тасымалдауды тіркеу жұмысын ұйымдастыру мен реттеу темір жол саласында жұмыс істейтін кәсіпорынның табыстылығына өзінің ықпалын тигізеді. Жүк тасымалдауды тіркеуді автоматтандыру тапсырмасында жедел жинақтылық, ақпараттың бүтінділігі және сақтанушылығы, ақпаратты уақытысында өңдеу, ақпаратты рұқсатсыз қатынаудан сақтауды қамтамасыздандыру, ақпаратқа қатынау мүмкіндігін жоғарылату тапсырманың негізгі өзектілігі ретінде қабылданады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты жүк тасымалдауды тіркеу ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

Зерттеу объектісі - «Қазақстан Теміржолы» жүкті тасымалдайтын ұлттық компаниясы. Дипломдық жоба мақсатымен сәйкес келесі есептер қойылады:

  • пәндік аймақты сипаттау;
  • жүк тасымалдауды тіркеу бойынша деректерді өңдеудің әрекет етуші жүйелерінің ресурстарын меңгеру, олардың кемшіліктерін табу және олардың алдын-алу бойынша шараларды ұйымдастыру;
  • жаңа ақпараттық жүйені құру үшін экономикалық есептің қойылымын құрастыру;
  • келіп түсіп жатқан ақпараттың толықтығына бақылау жасау;
  • деректер базасының негізінде кіріс ақпараттарды құру;
  • жүк тасымалдауды тіркеу ақпараттық жүйесін құрастыру;
  • шығыс есеп берулер мен анықтамаларды жетілдіру;
  • аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдау және негіздеу;
  • жобаның экономикалық тиімділігін есептеу және негіздеу.

Құрастырылатын ақпараттық жүйе жүк тасымалдауды тіркеу жұмысын оңтайландыруға, мәліметтерді белсенді күйде қолдауға, нормативтік-анықтамалық ақпараттарды енгізуді жүзеге асыруға, әр түрлі есеп берулерді дайындауға, сонымен қатар сенімді, әрі толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

1 Талдау бөлімі

1. 1 Автоматтандыру объектісінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы №129 «Қазақстан Республикасы темір жол кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысымен Алматы теміржол бөлімшесі, Тың теміржолы және Батыс Қазақстан теміржолдарының қосылуы нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Теміржолдарды біріктіру арқылы тасымалдау үдерісі, артық құрылымдарды қысқарту, теміржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру көзделеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы наурыздың 15-індегі №310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес кәсіпорындарының бірігуі есебінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

2014 жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы мамырдың 13-інде жарық көрген Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден өткізілді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол саласының тасымалдау үдерісі мен қызметтік міндетін қамтамасыз ететін холдингілік құрылымы бар.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының бірден бір акционері болып «Самұрық -Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы табылады. Ол Ұлттық компанияның оперативтік жұмыстарына араласпай, корпоративтік басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.

Оған қоса Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2001 жылғы желтоқсанның 8-індегі №266-11 «Теміржол көлігі туралы» Заңға сәйкес, өкілетті орган ретінде теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы көлік кешенінің жұмысын үйлестіреді, реттейді, бақылайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. Аталған қызметтер Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» Заңдарымен бекітілген.

Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі.

Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.

Алайда, қазіргі таңда Ұлттық темір жол компаниясы 2011 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байланысты едәуір қиындықтарға кезігіп отыр. 2020 жылдарға дейін компания паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл компания үшін ерекше сынақққа айналғалы тұр.

Теміржол тасымалы отанымыздың көліктік инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, аталмыш проблеманы стратегиялық тұрғыда шешу компанияның ғана емес мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе.

Саланы қазіргі үйлестір моделі мен тарифті көтермей қалыпты ұстап тұру сұраныс иелерінің ұзақ жылдарғы талаптарына жауап бере алмайды. Қазақстан Республикасын стратегиялық дамытудың 2020 жылдарға дейінгі жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдрға арналған Бағдарламасына сәйкес темір жол көлігін дамытуды ойдағыдай аяқтау қажет. Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан саланы реформалаудағы корпоративтік құрылыс мақсаты мен міндеті бір ғана мүддеге бағынышты.

2010 жылығы мамырдың 7-сінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен (№3 хаттама) «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық дамытудың
2020 жылдарға дейінгі жоспары бекітілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ миссиясы: «Инфрақұрылымдық жүйеқұрушы ретінде біз экономиканың тұрақтылығын қалыптастыруда қоғамдағы тұтынушыларға жүк және жолаушы тасымалында, теміржол магистральдық желісінде сапалы да бәсекелестікке сай көліктік лоистикалық қызмет түрлерін ұсынады».

Біз өзімізді тиімділігі аса жоғары, бизнес жүргізудегі әлемдік үздік тәжірибедегі үздіктердің қатарында Бір ғана акционердің талабына жауап бере алатын Қазақстанның ұлттық көлік корпорациясы ретінде көреміз.

Компания қызметкерлері барынша үнемділікке қол жеткізе отырып, инвестициялық ресурстарды өсіру маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осыған орай пайдалану қызметінде сапалық көрсеткіштерді түбегейлі жақсарту : вагон, локомотив өнімділігі, іске аз тартылатын телімдерді оңтайландыру, шикізатты және материалдарды жұмсау нормативін қайта қарау т. т. Компания бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында саланың құрылымдық жаңғыртылуында мынадай стратегиялық мақсаттар бар:

  • жаңа басқару жүйесі талаптарына сай корпоративтік оңтайлы құрылымдау,
  • өндірісті және портфел активін оңтайландыру;
  • өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін кешенді жақсарту;
  • компания сұранысына сай машина құрылысы базасын жасақтау стратегиялық тапсырманы орындау;
  • инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру;

Стратегияны жүзеге асыру ұлттық экономиканың инфрақұрылымдық тұрақты өсу негізін қалыптастыру Қазақстанның бәсекелестікке сай және инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Қазіргі уақытта АҚ «ҰК «Қазақстан Теміржолы» темір жол торабында жалғыз оператор болып саналады, бұл біріккен кешенді ұсына отырып, энерго жабдық пен байланысты, станцияларды, пункттерді, локомотивтерді, жүк және жолаушы вагондары мен контейнерлерді, сонымен қатар орталықтандырылған оперативті-диспетчер басқармасы мен темір жол көлігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде компанияның құрамына орталық аппарат құрылымдық бөлімшелері (департаменттер, өзіндік басқармалар, басқарма және бөлімдер) ; мемлекеттік 9 еншілес кәсіпорындары және олардың филиалдары,
АҚ «ҰК «Қазақстан Теміржолы» филиалдарының құқындағы құрылымдық бөлімшелер кіреді.

«ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ оперативті құрылымына жүк тасымалдайтын, жолаушыларды тасымалдайтын және т. б. қызмет түрлері кіреді.

Жүктерді тасу тарифі көптеген факторларға әсерін тигізеді: локомотивті пайдалану типі мен вагонның, вагонның сыймдылығы мен жүк тасу контейнерлерінің сыйымдылығы және т. б. АҚ «ҰК «Қазақстан Теміржолы» қызметінің үлкен мәні тарифтік жүйеге жеңілдік береді. Аталған тарифтер Қазақстан Республикасының агенттіктерімен бекітіледі және бақыланады.

Темір жол көлігі басқа көлік түрлерімен бәсекеге түсе алады және де ол үшінші орынға ие болып отыр (біріншісі әуе, екіншісі автомобиль көлігі және жүкті тасымалдау барысында өзен және су құбырларынан кейінгі орынды алып отыр) .

Темір жол көлігінің қолайлығы үнемі жүктер мен жолаушыларды уақытында ауа райының жағдайына қарамастан, кез келген жыл айында дұрыс тасымалдап жеткізе алады. Ол жүк пен адамдарды тасымалдау қызметін арзан және осылардың барлығы әлеуметтік қызмет көрсету болып есептеледі. Жолаушылар жүретін төлем ақыны төменгі бағамен ұстап тұрады. Бірақ инфрақұрылым мен қозғалатын құрылымның бағасы өте жоғары.

«ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ Қазақстан Республикасында темір жол транспорт қызмет көрсету тасымалын қамтамасыз етеді. Компанияның тарифтік саясатын мемлекеттік орган реттейді. Қауіп ұлттық валюта девальвациясы өсіп кеткен жағдайда «ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ кірісі азаяды, себебі ол доллар эквивалентімен саналады. Менеджменттің пікірінше компанияға ешқандай қауіп-қатер келмейді.

«ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ - республикамызда ең ірі компания болып табылады, бұнда 85 мыңға жуық адамдар жұмыс істейді. Темір жол жыл сайын 70% жүкті және 60% жолаушыларды тасымалдайды және бұл өте басты рөлді атқара отырып, ең алдымен мемлектіміздің бюджетін, атап айтқанда, төмендегі жүйелерді жетілдіреді:

  • қаржы-экономика көрсеткіштер жүйесінің есебін;
  • кадрлар жүйесінің есебін;
  • негізгі техникалық құралдарының есеп жүйесін;
  • тауарлы-материал құндылығының есебін;
  • электронды құжат айналым жүйесін;
  • аналитикалық жүйесін (басшының ақпараттық жүйесін) ;
  • шаруашылыққа керекті арнайы жүйені және т. б.

Ұлттық компания қызметінің негізгі түрі республика торабындағы темір жол торабы және жүктерді тасымалдау функцияларын орындау болып табылады. Сонымен қатар, компания акционерлік қоғамның пакет акциялары бар, телекоммуникацияны қамтамасыз ету, подъезді жолдарды пайдалану, жүкті тасымалдау және контейнерлі терминалдар әскери күзетпен қамтамасыз етіледі.

«ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ соңғы жылдары ақпараттық технологияларды енгізуге үлкен қадам басты. Әсіресе, соңғы жылдарда байқалған экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстанның темір жол көлігінің дамуы көзден тыс қалған жоқ. Барлық инвестициялық жобаны қоса отыра, жалпы мемлекеттік масштабта қаржыландыру сол саланың өзінен шығады.

«ҰК «Қазақстан Теміржолы» АҚ қажет деген инвестициялық жобасы еліміздің 10 жылдық тәуелсіздігін алғанда ойдағыдай аяқталды. Испан фирмасы «Тальго» вагондарын пайдалана отырып, жылдамдығы тез Алматы-Астана және Алматы-Шымкент поездары ең алғаш жүрген болатын.

Темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндіріс инфрақұрылымын құрайтын қажетті бөлігі болып табылады. Оның нәтижелі жұмысынан мемлекетіміздің экономикасы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің жағдайын жақсарту дәрежесіне жет білді.

Қазақстанның бүгінгі болатты магистралі - бұл 14 мыңға жуық темір жол шаршысы болса, оның ішіндегі 5 мыңы екі жолды, ал 4 мыңы электрифицияланған жолдар болып табылады. Қазақстан темір жол шекарасы Ресей Федерециясымен, Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен шектесуде.

Жыл сайын темір жол көлігінің негізінде еліміздің жалпы ішкі өнімі және мемлекеттің бюджетіне салықтың түсімі түсіп отырады.

Компания қызметінің негізгі мақсаттары:

  • жолаушыларды, поштаны, жүкті және халық жүгін тасымалдау, сондай-ақ экономика тұтынушыларының заттарын сапалы және үздіксіз тасымалдау;
  • пошта және басқа да жүктерді тасымалдау барысында поездардың қақтығыспауын қамтамасыз ету;
  • материалдық-техникалық базасының дамуын кешенді түрде жоспарлау;
  • техника құралдары мен құрылғыларының дұрыс тасымалдауын қадағалау;
  • темір жол көлігін дайындау, құпиялы және қызметтік деректерді қорғауда кешенді түрде дұрыс шараларды қолданала алу және т. б.

Компания келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

  • темір жол торабының магистралін дұрыс пайдалана алуы;
  • темір жол торабының магистраліндегі оператор қызметінің орындалуы;
  • жолаушылар мен темір жол жүктерін тасымалдау;
  • қауіпті жүктерді тасымалдау;
  • темір жолдың жылжымалы құрамына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • аса қауіпті жүктерге арналған арнайы контейнерлерді дайындау;
  • жіберушінің, тосып алушының, тасымалданатын жолаушылардың қажеттілігін қанағаттандырып, олардың жүктерін сақтауды қамтамасыз ету, пошта мен қазіргі тасымалдау пункттерінің тағайындалуы;
  • маркетингтік қызмет;
  • әр түрлі көліктердің қатысуымен аралас және тура жүйелерді ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының жүргізуші потенциалын пайдалана отырып, шараларды қолдана білу;
  • Қазақстан Республикасының коммуникациясы мен көлік Министрімен келісілген темір жол шараларын жетілдірудегі транзитті-көлік жолдарын құру;
  • ішкі экономика қызметі мен басқа елдердің экономикалық қауымдастығымен өнімдерді экспорттау және импорттау бойынша қызмет көрсету және әлемдік нарыққа шығару;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сектор қызметінің техникасын қорғау, сонымен қатар ақпараттарды қорғау құралдарындағы техниканы сақтау, жөндеу, монтаждау, дайындау және өңдеу;
  • ақпараттық қызмет көрсету және т. б.

Компанияның құрамына тасымалдаушы дирекциялары мен магистраль торабы, корпоративті даму, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру департаменттері, заңдық, кадрлық және әлеуметтік жұмыстар, ақпараттандыру, техникалық саясаттың және техника регламенттерінің басқармалары, ұйымдастырланған бақылау, кеңселер және т. б. кіреді.

Компания филиалының құрамына басты есептеуіш орталығы (БЕО) кіреді, ол келесі құрылымдардан тұрады: техникалық бөлімдер, ақпараттық жүйелер мен есептерді пайдалану бөлімдері, жобалау және бағдарламаларды өңдеу, біріккен ақпараттық кешенді қамтамасыз ету, ЭЕМ пайдалану техникалық қызмет көрсету, машинистің маршрутын өңдеу, АЖО пайдалану және енгізу, құжаттардың есеп қоры, ДЭЕМ желісі арқылы деректерді беру, әкімшіліктеу, БЕО филиалдары мен өндірістерді қамтамасыз ету аймақтық есептеу орталықтары.

БЕО қызметі болып өз филиалдарын тиімді басқару, статистикалық есеп берулер мен жетілдірулер, қабылданған ақпараттың толықтығы табылады. Орталық аппарат құрылымдарына ақпараттық нәтижесін өңдеу, оның мерзімі мен берілу сапасының қоғамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ИВЦ ЖА, ТМД елдерінің қауымдастығымен, Литва, Латвия, Эстония және БЕО ААҚ «РЖД» байланысқа түседі.

Сонымен қатар, БЕО бүкіл мемлекеттер арасында ақпараттық қарым-қатынасты орната отырып, ұйымның басты қызметін орындайды, ЕО мен темір жол әкімшілігінің арасында, АЕО ЖА - салалық қордағы алгоритмдерді енгізеді, бағдарламаларды, классификаторларды және нормативтік құжаттарды, автоматтандырылған бағдарламалық жүйені қамтамасыз етеді, қазіргі стандарттар мен басшылық жасайтын әдістемелік құжаттың негізінде компания құрылымдарының құжаттары мен бағдарламалық құралдарын өңдейді.

БЕО қызметіне даму жоспарын өңдеу және филиал жоспарының орындауын бақылау мен шараларды дамыту, жаңа техника мен технологияны енгізу, сонымен қатар компания құрылымдарының тапсырысы бойынша есептеу техника құралдарымен жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыстыру, әкелу, филиалдардың өндірістік жұмыстарының орындалуын бақылау, еңбекті қорғау бойынша кешенді түрде жоспар құру, компанияның басшылығына техника құралдарын мысалға келтіре отыра, өз ұсыныстарын айту және орындалатын жұмыстың көлеміне қарай адамдар өмірін қауіпсіздендіру жүйесіне сәйкес, жанармай-энергетикасын тиімді пайдалану ресурстарын өңдеу, жылу энергиясын және БЕО филиалдарында орындалатын жұмысқа бақылау жүргізіп отыру және т. б. кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МББЖ Access
MS Access
Деректермен жүргізілетін операциялар. мб құрылымын жоспарлау және құру
Деректер базасының модельдері
Мәліметтер базасын басқару жүйесі
ДББЖ MS SQL Server 2012 құралдарымен деректер базаларын құру және ДБ-мен жұмыс үшін клиенттік қосымшаны құру
Деректер базасы және оның объектілері туралы ақпарат
«Кітаптар магазині» мәлеметтер қорын құру
Модельдер және мәліметтер құрылысы
Деректер базасының концептуалдық моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz