PON желісі архитектурасы


11
![]()
12
![]()
13
![]()
14
![]()
Аңдатпа
Дипломдық жобада Талдықорған қаласындағы
“Қаратал”
шағын
ауданында GPON технологиясының негізінде Triple Play қызмет түрлерiн
ұсынуын қарастырылады.
GPON (Gigabit Passive optical network, гигабит пассив оптикалық желiсi) -
пассив оптикалық желiлердiң технологиясы. Мыс жұбы арқылы кiріс және
шығыс ағындардың жүктемесінің талдауы үшiн, байланыс торабының
инженерлiк есептеулерi жасалған. Сонымен бiрге (талшықты оптикалық
байланыс торабы) ТОСБ жобалау.
Экономикалық бөлiкте жобаның бизнес-жоспары құралған және тiршiлiк
әрекетiнiң қауiпсiздiгiнiң сұрақтары қарап шыққан.
Аннотация
В данном дипломном проекте рассматривается вопрос, предоставление
услуг Triple Play на базе технологии GPON в городе Талдыкорган в
микрорайоне “Каратал”.
GPON (Gigabit Passive optical network , гигабитная пассивная оптическая
сеть) -технология пассивных оптических сетей. Произведены инженерные
расчеты линии связи для анализа нагрузки входящего и исходящего потоков по
медной паре. А также проектирование ВОЛС.
В экономической части составлен бизнес-план проекта и рассмотрены
вопросы безопасности жизнедеятельности.
15
Мазмұны
Кіріспе . . . 9
1 Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық нарықтың жағдайы . . . 11
1. 1 Талдықорған қаласындағы жалпы жағдай . . . 11
1. 2 Телекоммуникациялық инфроқұрылымның дамуы . . . 13
1. 3 Желі проблеммасы . . . 15
1. 4 PON абоненттік қатынау желісінің даму тенденциясы . . . 16
1. 5 PON-ның физикалық топологиялары . . . 19
2 GPON желісінің құрылуы . . . 23
2. 1 Пассивті оптикалық желілердің әсер ету принципі . . . 23
2. 2 Пассивті оптикалық желілердің басты элементтері мен құрылымы . . . 25
2. 3 FTTx оптикалық қатынау технологиясы . . . 26
3 GPON құрылғылары мен кабельдерді таңдау . . . 30
3. 1 Абонент құрылғысы . . . 30
3. 2 Құрылғы сипатамасы . . . 30
3. 3Ерекшеліктері . . . 32
3. 4 Қолдану аймағы . . . 32
3. 5 Жеткізуші құрылғысы . . . 32
3. 6 Мүмкіндіктері . . . 34
3. 7 Техникалық сипаттамалары . . . 34
4 Жобаланатын GPON желісі есептеулері . . . 36
4. 1 Абоненттік қатынаудың мультисервистік желісінің құрылылымын
есептеу. ҚТС жалпы нөмірлік сыйымдылығын есептеуі . . . 36
4. 2 АҚМЖ параметрлерін анықтау . . . 37
4. 3 ВОЛС инженерлік есептеуі . . . 49
5 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 62
5. 1 САЦ ішіндегі еңбек шарттарына талдау . . . 62
5. 2 Есептеу бөлімі . . . 66
6 Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері . . . 74
6. 1 Жалпы ақпараттар . . . 74
6. 2 Жобаның мақсаты . . . 75
6. 3 Маркетингті жоспар . . . 76
6. 4 Қаржы жоспары . . . 80
Қорытынды . . . 87
Қысқартылып қабылданған тізім . . . 88
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 89
А қосымшасы . . . 90
Б қосымшасы . . . 91
В қосымшасы . . . 96
16
Кіріспе
Қазақстан Республикасында экономикалық белсенділіктің және
халықтың көшіп, қонуының қарқынды дамуына байланысты берілетін
ақпараттың көлемі және
электрондық коммуникацияның сапасына
қойылатын талаптар да өсіп келеді. Ақпараттың берілуі кез -келген
технологиялық прогресстің ажырамас бір бөлігі болып қалыптасып, еңбек
өнімділігіне үлкен дәрежеде ықпал ететін факторға айналып отыр.
Электрлік байланыс өзінің спицификалық күшіне қарай қоғамның
барлық қызмет салаларымен тығыз байланыста: өндіріспен, ауыл
шаруашылықпен, мәдениетпен, қорғаныспен. Электрлік байланыс жүйесінде
бірлескен техникалық құралдардың көмегімен өтетін ақпарат алмасусыз
өмірдегі бір де бір процесс жүзеге аспайды.
GPON архитектурасының басты идеясы -OLT бір ғана қабылдағыш -
таратқыш модульдің көмегімен ONT көп абоненттік құрылғыларға ақпараттың
жіберілуін және олардан ақпаратты қабылдауды ұйыдастыру.
Тұрғылықты аудандарда оптоталшықты жолақтарды орналастыру, 30-40
жыл бойы табыс әкелетін инвестицияларға негізделген.
GPON желi барынша үлкен перспективті түрде құру әрекеті жасалынған,
яғни бүгiнгiге негiзделіп және болашаққа талаптар қоя отырып. Сондықтан
оптикалық кабельдерi үйдің бәрiне салынды, ал оператор мәлiметтерлердiң
телефон соғумен, клиенттерiн мәлімет берудi және кабелдiк теледидармен
қамтамасыз ету үшін. Оптикалық кабельдерде қосымша үйлерге мыс кабелдері
қолданылған. Желiнiң
кеңейтуi болашақта мақсат кабелдiк желлердің
құрылысында ескеру керектігі айтылады.
Тұтынушылар мен мамандардың басты толғандыратын сұрақтары, PON
желілерінің әрекет ету қашықтығы болып табылады. Көптеген мамандардың
пікірінше, PON желілерінің әрекет ету қашықтығы 20 км құрайды. Алайда,
заманауи PON желілерінің әрекет ету аумағы 20 км-ден көп және 100 км-ге
дейін жетуі мүмкін.
Дипломдық жобаның мақсаты GPON технологиясын пайдалана отырып,
Талдықорған қаласында Қаратал тұрғын үй комплексіне желіні ұйымдастыру
жобасын әзірлеу болып табылады.
Берілген дипломдық жобаның өзектілігі абоненттерге қызмет көрсетудің
сапасын жақсарту және «TriplePlay» қызметін көрсету
үшін
GPON
технологиясындағы іс үстіндегі жабдықтарды алмастыру қажеттілігі болып
табылады.
GPON
технологиясын енгізудегі басты артықшылық басқа
технологияларға қарағанда желілік инфроқұрылымның төмен бағасы болып
табылады. GPON желісі -технология, бизнес және реттеудің тиімді үйлесімінің
жемісі.
17
1 Қазақстан Республикасындағы телекомуникациялық нарықтың
жағдайы
1. 1 Талдықорған қаласындағы жалпы жағдай
Алматы
облысы Талдықорған қаласындағы қолданыстағы
телекоммуникациялық желі 1932 жылы 10 наурызда құрылған, қазіргі
Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс
орталығы Талдықорған қаласы Жетісу орталығы Қаратал өзені, Жоңғар
Алатауының етегінде 602 м биіктікте орналасқан. Талдықорған Алматы
обылыстық әкімшілігінің орталығы болып табылады. Қала аумағында, өзінің
жоспарлы құрылымына сай 6 тұрмыстық аудан және жаңа Қаратал тұрғын үй
комплексі орналасқан. Қалада 140, 2 мың тұрғылықты халық өмір сүреді.
Тұрғындар 100 ден астам ұлттар мен ұлыстардан тұрады. Халықтың 71, 5%
қазақтар құрайды.
Экономикалық даму гипотезасы ресурстық потенциал негізінде, өндіріс
саласының тарихи қалыптасқан дамуынан, қаланың Алматы облысының жаңа
әкімшілік орталығы статусына ие болуымен және экономикалық қызыметтің
жаңа саласы - туризм индустриясының дамуымен, Ұлы Жібек жолындағы
мамандандырылған аумақтық
нарық комплекстерінің дамуымен
құрастырылған.
Алдағы уақытта экономиканың мемлекеттік және жеке секторын тиімді
үйлестіру, кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жоспарлануда. Басты жоспар
ретінде олардың экологиялық қауіпсіздігін жоғарылатуды мақсат ететін осы
аумақтардың гратоқұрылысты потенциалын қаланы дамыту мақсатында тиімді
пайдалаанатын өндірістік аумақты қайта ұйымдастыру болып табылады.
Талдықорған қаласында әр түрлі мақсаттағы ірі компаниялардың
кеңселері, қонақүйлер, бизнес орталықтары, супермаркеттер, тұрғын үй
комплекстері, құрылыс нысандары қарқынды жүргізілуде.
Тұрғындардың төлемқабілеттілігі ортадан жоғары деп бағалануда, себебі
Талдықорған қаласы тұрғындарының орташа жалақы мөлшері 55 мың теңгені
құрайды. Қала тұрғындар саны шамамен 140, 2 мың адамды құрайды.
Ішкі және халықаралық туризмнің дамуына байланысты қала тарихи
құнды болып табылады және қала қазіргі құрылған макет бойынша дамуда
және республикамызда ең әсем және жылдам дамушы қалалардың бірі болып
табылады. Халықаралық және қалааралық трафиктің өсімі бақылануда, сондай
ақ ақпарат тарату желісі қызыметінің пайдаланушылар саны артуда.
2007 жылы «Облыстың ауылдық аймақтарын дамыту» және «Барлық
облыс мектептерін телефонизациялау және инвентаризациялау» атты
мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды және ол облыстың барлық
ауылдық аймақтары мен барлық облыс мектептерін байланыспен қамтамасыз
етуге мүмкіндік тудырды.
18
Қазіргі таңда Республикада телекоммуникация жүйелерінің дамуына
әлемдік қауымдастыққа интеграциялаудың шарттары және маңызды факторы
ретінде аса үлкен маңыздылық берілуде. Соңғы бес жылда Қазақстанның
телекамуникациялық жүйесі өзін жылдам дамушы нарықтың бірі ретінде
көрсетті, жылдық өсімнің орташа көрсеткіші 25% құрады. 2010 жылы
телекамуникация нарығы 22% өсіп, 328, 8 млрд. теңгені құрады. Бұл өсім
көрсеткіші алдыңғы жылдың көрсеткішінен жоғары, ол кезде нарық 18 % ға
өскен болатын.
Телекоммуникация нарығының құрылымының ең мықты жағы жыл
сайын беріктеніп келе жатқан мобильді сектор болып табылады. Егер, 2005
жылы мобильді байланыс жалпы нарықтың 35% ғана құраса, 2010 жылы бұл
көрсеткіш 57% құрады.
Алайда ескеретін жайт соңғы жылдары аталған байланыс түрінен түсетін
табыс едәуір төмендеген, егер 2006 жылы нарық 53% өссе, 2010 жылы бұл үлес
небәрі 6% ғана құрады. Қаржылық тұрғыдан нарық көлемі 2010 жылы 217
млрд. тенгені құрады.
Тиянақталған байланыс-ұялы байланыстан кейінгі мазмұны жағынан
телекоммуникациялық нарықтың екінші секторы болып табылады (21%), оның
жалпы көлемі 2010 жылы 82 млрд. тенгені құрады. Соңғы 4 жылда нарықтың
өсу жылдамдығы 13, 6% төмендесе, бұл сектордың үлесі жалпы
телекамуникациялық нарық көлемінде 38%-тен 21%-ке дейін азайды.
Ең жоғарғы өсім көрсеткіші Интернет қызыметіне тіркелген (82%) .
Интернет қызыметі мен ақпарат тарату үлесі жалпы телекоммуникациялық
нарық құрылымында соңғы 4 жылда айтарлықтай өзгерген жоқ және 2010
жылы 11% құрады.
Абсолютті көрсеткіш бойынша нарық көлемі 2010 жылы 11, 6 млрд.
тенгені құрады. Алайда аталған сектор ішіндегі табыс құрылымы айтарлықтай
өзгерді. Интернет қызыметі мен IP-телефониядан түсетін табыс үлесі
айтарлықтай өсті және арнаны жалға алудан түсетін табыс үлесі айтарлықтай
азайды. Абсолютті көрсеткіш бойынша нарық көлемі 2010 жылы 43, 7 млрд.
тенгені құрады.
Телекоммуникация нарығындағы жалпы табыстың 3% ақылы телеарна
құрады. Қызыметтің бұл түрінен түсетін табыс 2010 жылы 11, 6 млрд. теңгені
құрады.
Телекоммуникация қызыметінің 100 жанұяға ену деңгейі бекітілген
телефония сегментінде аса жоғары, нарықта жалпы деңгей 68, 4 отбасын
құрады.
Телекоммуникация нарығында көшбасшы орынды АҚ «Қазахтелеком»
сақтап келеді. 2010 жылы «Қазахтелеком» АҚ нарықтағы Интернет-
қызыметінің дамуына айтарлықтай ықпал жасап ғана қоймай, сонымен қатар
Интернет желісіне қолжетімділікті дамытты және Қазнеттің дамуына үлес
қосты.
Абсолютті көрсеткіш бойынша Интернет-қызыметі нарығының көлемі
2010 жылы 27, 3 млрд. тенгені құрады. Қазахстандағы мобильді байланыстың
19
нарықтағы өсу қарқыны төмендеген соң, 2010 жылы Интернет нарығы өсу
қарқыны жағынан бірінші орынға шықты. 2010 жылы Интернет қызыметі
нарығы қаржылық тұрғыда 2009 жылмен салыстырғанда 82% құрады.
1. 1-к е с т е . Халықты байланыспен қамтамасыздығы
1. 1-сурет. Нарықтың және АО«Қазақтелеком» өсу қарқыны
1. 2 Телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуы
Қазіргі таңда инвестицияның айтарлықтай бөлігі телекоммуникация
желісін дамытуға жұмсалуда. Магистральді желінің дамуы мен
модернизациясына арналған ауқымды инвеститцияның арқасында
Республикамыз ұлттық ауқымдағы жоғарғытехнологиялық дамыған
инфрақұрылымдық желіге ие. Бұл бағытта да «Қазахтелеком» АҚ алдыңғы
қатарда.
Инвеститциялық жобалардың іске асуы Қоғамдағы көптеген мәселелерді
шешуге мүмкіндік берді, соның ішінде компаниялардың еліміздің ішкі
нарығындағы көшбасшы орынын сақтап қалу және транзитті потенциалды
20
![]()
дамытуға, компанияның акционерлік құнының өсуіне және республиканың
телекоммуникация нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Сондай ақ
«Қазахтелеком» АҚ 2010-2015 жылдар аралығындағы кеңтарамды құрылым
Бағдарламасына сәйкес, FTTH технологиясын енгізуді жүзеге асыру.
(Broadband Kazakhstan), Қазахтелеком АҚ кеңтарамды абоненттік
қолжетімділік нарығындағы өз көзқарастарын нығайтуға және нағыз заманауй
қызымет көрсетуші компания беделін жоғарылатуға, толық оптикалық желі
қолжетімділігін құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Алматылық ОДТ облыста орналасқан ауылдық жерлердегі
телекоммуникация қорын қолдауға, қайта қалпына келтіруге, дамытуға және
модернизациялауға арналған іс шараларды жүргізуді жалғастыруда. Ауылдық
телефон байланысын дамыту бағдарламасы бойынша іске асырылған іс
шаралар:
- қолданыстағы барлық ИКМ-15, 30 жабдықтары ауыстырылды;
- алдында телефонмен қамтылмаған 11 елді мекенге АТС орнатылды;
- телефонмен қамтылмаған шалғай елді мекендерді радиоұзартқыш
көмегі арқылы сымсыз байланыс түрімен қамтамсыз ету мәселесі бойынша 64
елді мекен телефонмен қамтылды;
- сандық тарату жүйесін құру арқылы біріншілік СТС желісін
цифровизациялау, аудан орталықтарының
аумағында байланыстырғыш
желідегі арналар санын біруақытта ұлғайту;
Жылдың соңында ҚТЖ желісінде АТС саны 17 дананы құрады және
барлығы сандық болып табылады. 2007 жылмен салыстырғанда АТС саны 3
станцияға өсті және Астана қаласында Broad-Acsess- Мультисервистік нысан (7
шкаф), Ғарышкер ауданында АТС - SI2000 Алматы, АТС -М-200 Даулет және
қаласыртындағы АТСтер орнатылды. Біруақытта уақытша орнатылған аз
сыйымдылықтағы АТС-М-200 қолданысқа берілді және СНП телефонмен
қамтамасыз ету үшін СТС берілді.
Талдықорған қаласындағы 7 жойылған абоненттік нысан блогы
Мультисервистік абоненттік нысан қолданысқа берілді. Жалпы оптикалық
талшықты кабель тартылысы 690, 66 км құрайды.
Алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсім сымдар және қала аралық
телефон сымдары ілінген әуе желісін есепке алумен және жергілікті желідегі
ВОЛС ұлғаюымен түсіндіріледі. Есептік кезең бойынша ГТС желісіндегі
телефондардың тығыздығы 100 адамға 18, 4 сымтетікті құрайды. Қолданыстағы
арналардың санын ұлғайту мақсатында қолданыстағы SDH құрылғыларын
кеңейту жүргізілуде. .
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда кеңсызықты Интернетті
пайдаланушылар үлесі 14, 8%-тен 34, 4%-ке дейін артты. Телекоммуникация
нарығының құрылымының ең мықты жағы жыл сайын беріктеніп келе жатқан
мобильді сектор болып табылады. Егер, 2005 жылы мобильді байланыс жалпы
нарықтың 35% ғана құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 57% құрады.
Талдықорған қаласындағы қолданыстағы байланыс ұйымының сызбасы
1. 2- суретте көрсетілген.
21
1. 2-сурет. Талдықорған қаласындағы қолданыстағы байланыс ұйымының
сызбасы
1. 3 Желі проблемасы
Сұранысы мол абонентке ұсынылу керек қызмет түрлерінің жеткіліксіз
түрде көрсетілуі, мысалы, жеке меншік секторда, GPON технологиясы негізінде
кеңжолақты қатынау қызметтерін дара абонентке ұсыну.
Кері қайтарылмайтын шығындар саны тым көп болғандықтан, бұл қызмет
түрлерімен қамтамасыз ету компанияға тиімсіз. Бұл қызмет түріне қол жеткізу
абонентке де қымбатқа соғады.
Жоспарланатын желі көлемінің шындығында, пайдаланылатын
сыйымдылықпен сәйкес келмейтін жағдайларда орын алады.
Берілген желінің басты проблеммасы болып мыс сым арқылы, аталған
мультимедиялық қызметтер жиынтығымен, қалаушы әрбір абоненттерге
ұсынудың мүмкін еместігі, ол ADSL технологиясы бойынша жіберілу
жылдамдығының небәрі 8 Мбит/с болуымен оңай түсіндіріледі.
Бұл жолақты, өткізу кеңдігі 6 Мбит/с цифрлық теледидарға, интернетке
қатынауға жіберу жылдамдығы 2 Мбит/с сияқты қызметтер көрсетуге бөледі.
Ал құрылғыдан мыс сымға дейінгі максималды ара қашықтық 1, 3 км құрайды.
22
![]()
Бұл диапазонда Талдықорған қаласының барлық абоненттерінің тек 40 пайызы
ғана орналасқан. Яғни оптикалық абоненттік желіге ауысу керек дегенді
білдіреді.
1. 4 PON абоненттік қатынау желісінің даму тенденциясы
Барлық сала сияқты, телекоммуникация саласында да толық
бейберекетсіздік орын алады. Пайда мен мол табысқа қол жеткізу үшін
байланыс операторлары абонентке, неғұрлым толық әрі сапалы байланыс десте
қызметін ұсынуға тырысуда.
Қазіргі заманғы кеңжолақты қатынау желілерінің дамуы, қарапайым
телефон желісінен бастап, заманауи мультимедиялық қызметтерге дейін толық
қызметтер ұсынылуға бағытталған. Бұл желі элементтерін, әр түрлі
аппаратуралар жиынтығы ретінде ғана қарамай, функционалдық қызметтерінде
айқын түрде анықтайды.
Компаниялар мен жеке пайдаланушылардың арасында, сонымен қатар
корпоративті желілерді ұйымдастыруға деген қажеттілік, интернет желісі
арқылы берілетін ақпараттар ағынының ұлғаюы, цифрлық желінің ең «тар»
бөлігі - абоненттік телефон желісі арқылы, қымбат емес жоғарыжылдамдықты
мәліметтер жіберудің цифрлық технологиясын жарыққа шығару қажеттігі туды.
Абоненттік қатынау желісі
-
бұл пайдаланушының бөлмесінде
орналасқан, соңғы абоненттер құрылғысы мен нөмірлеу жоспарына
телекоммуникациялық жүйесіне қосылған терминалдар кіретін,
коммутациялық қондырғы арасындағы техникалық байланыс жиынтығы.
Берілген анықтамадан, абоненттік қатынау желі шекарасы, жіберілетін
ақпарат (аналогтік телефон желісі, ЦСИС қызметі, мәліметтер жіберу және
интернет, радиотарату, теледидар) түріне байланысты айтарлықтай өзгереді
және өзіне дәстүрлі сымды және сымсыз желілердің әр түрлі көріністерін
қамтиды.
Кейбір жағдайларда, бұл жай ғана абоненттік желі ретінде, кейбір
жағдайларда - бұл абоненттік концентраторлар және АТС-қа дейінгі байланыс
желілері, кейбір жағдайларда - xDSL белсенді құрылғысының және мыс немесе
оптикалық байланыс сызығының жиынтығы ретінде қарастырылады.
90-жылдардан бастап кеңжолақты желілерде оптикалық кабель пайдалана
бастады. Оптикалық кабельдердің пайда болуы кеңжолақты қатынаудың
жылдамдығын арттырудан басқа, сигналдың өшулігінің аздығы (яғни, қалалық
және қалааралық байланыс желісін ұйымдастыру мүмкіндігін тудырды),
бөгеуілдерге жоғары тұрақтылық (электрлік бөгеуілдерге және шуларға аз
ұшырау) және жоғары сенімділік сияқты артықшылықтарын атап өтуге болады.
Кеңжолақты қатынаудың оптикалық байланыс желісінің бір түріне PON
желісі жатады.
23
PON (Passive Optical Network) пассивті оптикалық желі - оптикалық
бөлгіш қатынау желісі үшін құрылған технологиясы.
PON FSAN (Full Service Access Network) ұйымы арқылы жүзеге асқан,
қатынаудың желілік инфроқұрылымдық сұлбасын көрсетеді.
FSAN
операторларға арналған стандарттармен айналысады, үлкен мультисервистік
кеңжолақты қатынау желісін құрастырудың неғұрлым тиімді әрі қымбат емес
жолын іздеу үшін ортақ мақсатпен біріккен.
PON технологиясындағы алғашқы қадамдар 1995 жылы жасалған, жеті
компаниядан(BritishTelecom, FranceTelecom, DeutscheTelecom, NTT, KPN,
Telefoniсa және TelecomItalia)
құрылған беделді топ бір талшық арқылы
қатынауды ұйымдастыру жоспарын іске асыру үшін, бір ортақ шешімге келді.
ITU-T ұсынылған ұйым- FSAN деген атауға ие. FSAN ұйымының мақсаты PON
құрылғыларына жалпылама талаптар мен ұсыныстар шығару, яғни
құрылғыларды өндірушілер мен операторлар PON қатынау жүйесінің бәсекелес
нарығында еркін өмір сүру үшін [1] .
PON технологиясы соңғы адресаттардың пассивті оптикалық тарамдағыш
көмегімен магистралді желіге қосылуды жүзеге асырады.
PON технологиясының мәні орталық станцияның OLT (Optical Line
Terminal) қабылдағыш - таратқыш модулі және алшақтанған абоненттік
құрылғы
ONT (Optical Network Terminal) арасында ағаш топологиялы
толығымен пассивті оптикалық желі пайда болады. PON желісінің құрылу
сұлбасы (1. 1 сурет) .
Ағаштың аралық түйіндерінде қызмет көрсетуді және қоректі қажет
етпейтін кішігірім құрылғы - пассивті оптикалық тарамдағыш (сплиттерлер)
орналасады. OLT-ның бір қабылдағыш - таратқыш модулі көптеген ONT-ның
абоненттік құрылғысына ақпарат жіберуге мүмкіндік береді.
Бір OLT-ға қосылған ONT саны қабылдағыш - таратқыш құрылғының
шектік жылдамдығына және қуаттылығына байланысты болады.
GPON әсер ету принципі:
- GPON архитектурасының басты идеясы -OLT бір ғана қабылдағыш -
таратқыш модульдің көмегімен ONT көп абоненттік құрылғыларға ақпараттың
жіберілуін және олардан ақпаратты қабылдауды ұйымдастыру;
- OLT-дан ONT-ға ақпараттар(шығыс) ағынын жіберу үшін - ережеге
сәйкес 1490 нм 1550 нм толқын ұзындығы қолданылады. Керісінше, әр түрлі
абоненттік түйіндерден орталық желіге мәліметтер ағыны, кері ағынды
тудыратын, 1310 нм толқын ұзындығында беріледі.
- OLT және ONT кіріс және шығыс ағымдырға бөлінетін WDM
мультиплексорлері орналасқан.
GPON операторлық класстың желілерін ұйымдастырудың кешенін
көрсетеді, бизнес - комплекстер, жеке меншік секторларға арналған,
интернетке, IPTV және VoIP қатынауды ұйымдастырады. «Соңғы миляны»
толық дуплексті ұйымдастыру операторға ешбір қиындықсыз TriplePlay
қызметтерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар бір мезгілде біріккен
сервистерді ұсынуға мүмкіндік береді.
24
1. 3-сурет. PON желісі құрылуының сұлбасы
Бүгінгі таңда оптикалық кабельді төсеу қатынау желісін ұйымдастыру
үшін өте тиімді болып келеді, ескіні жаңарту үшін де, жаңа қатынау желілерін
ұйымдастыру үшін де тиімді. Талшықты - оптикалық қатынау технологиясын
таңдаудың көптеген нұсқалары бар. Дәстүрлі қолданысқа айналған оптикалық
модемдер, оптикалық Ethernet, MicroSDH (Synchronous Digital Hierarchy)
технологияларынан басқа, пассивті оптикалық PON архитектураны пайдалану
орын алды (1. 3-сурет) .
PON технологиясы - ешбір активті құрауыштарсыз құрастырылады:
оптикалық сигналдарды тарамдау үшін оптикалық қуаттың пассивті бөлгіштері,
яғни сплиттерлер көмегімен жүзеге асады. Бұл артықшылықтың нәтижесі,
жіберудің арақашықтығының жоғары болуы және бөлгіш желінің
модернизациясының қажет болмауы.
PON
технологиясы кабельді
инфроқұрылымда, оптикалық талшықтардың жүргізілуінің жалпы сомасының
азаюы есебінен, яғни орталық станциядан тарамдағышқа дейінгі бөлігінде бір
ғана талшық жұмсалуынан үнемдеуге мүмкіндік беретіні жалпыға мәлім. PON
желілерінің тарамдалуы өте баяу жүреді, PON желісінің құрылысы үшін
«мысты» кеңжолақты қатынау емес, толығымен
жаңа оптикалық сызықты-кабельдік инфроқұрылымды қажет етуімен
түсіндіріледі. Сондықтан PON желілерімен байланысты аспектілер жөнінде сөз
25
![]()
қозғағанда, біріншіден бөлгіш оптикалық кабельді жүйелерге, ал екіншіден
құрылғыларға ерекше көңіл аударылуы тиіс.
1. 4-сурет. PON желісі архитектурасы
PON архитектурасының артықшылығы:
- аралық белсенді түйіндердің болмауы;
- орталық станциядағы оптикалық қабылдағыш - таратқыш үнемділігі;
жаңа абоненттердің қосылуының және қызмет көрсетуінің оңайлығы.
1. 5 PON-ның физикалық топологиялары
GPON (Gigabit Passive Optical Network) қатынау желісі архитектурасын
APON технологиясының шектеулі жалғасы ретінде қарастыруға болады.
PON
желісінің өткізу жолағын артырумен қатар,
әр тектес
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz