Мүдделер мен талап – тілектер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж о с п а р.

  1. Мүдделер мен талап - тілектер
  2. Бағалау бағдарлары және қоғамдық белсенділік
  3. Дүниетанымның қалыптасуы
  4. Өмірлік жоспарлар және кәсіп таңдау

ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМНЫН ҚАЛЫПТАСУЫ

Мүдделер мен рухани талап-тілектер. Қаізіргі совет жігіттері мен қыздарын олардың 30-40 жылдардағы құрдастарымен салыстырғанда жастардың жалпы мәдени деңгейінің, интеллектілік мүдделерінің көптігі мен жан-жақтылығын аңғармау мүмкін емес. Радио, теледидар, кино, көпшілікке арналған ғылыми басылымдардың арқасында жоғары кластағылар ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін біліп отырады. Жүргізілген психологиялық зерттеу оқу үлгерімі тәуір жоғары класс оқушыларының ғылым, техника, мәдениет пен спорттың ен, жаңа жетістіктері туралы хабардарлығы мұғалімдерден кем түспейтінін, ал кейде ұстаздарынан асып түсетінін көрсетеді. Бұлай болмауы да мүмкін емес: ғылыми-техникалық революция заманында әр-бір келесі ұрпақ өзінен бұрынғыдан білімдірек болуы тиіс. Жастардың бос уақытын өткізуі де аға ұрпақтардан гөрі мазмұндырақ. Жоғары кластағылардың көпшілігі ғылымға, елдің саяси өміріне, халықаралық қатынастарға, спортқа, өнерге өте зор ынта қояды. Олардың сүйікті істері - кітап оқу, кинофильмдер мен телевизия хабарларын көру, спортпен шұғылдану, туризм және т. б. көптеген жайлар. Физикалық-математикалық, химиялық және басқа олимпиадаларға қатысушылардың барған сайын көбеюі жастарда ғылымға деген ынтаның белсенді, творчестволық сипатта екендігін көрсетеді. Жігіттер мен қыздар ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшің айрықша маңызы бар әлеуметтік проблемаларға (қоғамтануға, философияға) ден қояды.

Аланда қазіргі бар жағдайды дәріптей беру қате әрі зиянды болар еді, Аға ұрпақты барынша алаңдататын бірқатар проблемалар бар. Алдымен қалада және деревняда, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік ортада тәрбиеленген жігіттер мен қыздардың даму деңгейі мен мүдделерінің диапазоиында әлі де болса үлкен айырмашылықтар сақталуда. Партия мен үкімет бұл теңсіздікті жою, ең болмағанда азайту үшін барлық жағдайды жасап отыр, бірақ мұндай міндет жылдам шешілуі мүмкін емес Әсіресе қалада мектептің мәдени-тәрбие жұмысынын орталығы ретіндегі ролінің біршама төмендегені аландатады. Мұғалімнің жағдайының өзі де күрделілене түсті. Бір кезде ол деревнядағы ең білімді, ал кейде тіпті жалғыз сауатты адам болып, мұғалім деген атақтың өзі оның беделін барынша көтеретін еді. Бүгіндс ол басқа кәсіптің адамдары сияқты өзіне соншалық қажетті беделге өзінің жеке басының қасиеттерімен жетіп, сақтауға тиіс, ал бұл анағұрлым қиынырақ.

Кейде қазіргі жастардың мүдделерінін ауқымдылығы тым кең емес пе, мұның өзі үстірттікке, жаңғалақтыққа, өзі іздеп табудың орнына дайын білімдерді ен жарлықпен меңгеруге дағдыландырмай ма деген қауіп айтылады. Алайда бұл көбіне : көп оқытудың сипаты мен әдістеріне байланысты. Жоғары кластарда оқитыи жас өспірім жігіттер әдетте оқудын. неғұрлым белсенді және дербес формаларын жақсы көреді, сондықтан мектеп бұл кажеттерді қанағаттандыруға тиіс.

Ойлаудың «техницизмі» және гуманитарлық мәдениетті, әдебиетті, өнерді жете бағаламау елеулі қауіп туғызады. Мұндай тенденция шын мәнін де бар, сондықтан онымен күресу қажет. Жоғары класс оқушылары өнердің өр қилы түрлерінс өте-мөте әркелкі ортақтасады. Бірнеше мүмкіндіктері бар Ленинградтың өзінде жоғары кластар оқушыларының ішінен бірен-сарандары ғана балетті өзінің көркемдік әуестігі деп атаған; бірде-біреуі операны әуестігім деп атамаған. Бегжелеу өнеріне деген ынта біршама төмен. Музыкалық мүдделер саласында жеңіл музыка мен джаз көбіне қалғандарынын бәрін «тықсырып» тастаған. Кітаптар мен кинофильмдерді бағалаудын критерийлері де жоғары кластағылардың көбінде жетілмеген болып келеді.

Алайда бұл проблемалардың бәрінің жасқа қатысты дегенен гөрі әлеуметтік проблемалар екендігін атап көрсеткен жөн. Білім деңгейі мен семья жағдайындағы айырмашылықтар мұнда жасқа байланысты айырмашылықтардан гөрі көлемдірек.

Бағалау бағдарлары және қоғамдық белсенділік. Бұлар жас-
тық - әлеуметтік белсенділіктің едәуір артатын кезеңі. Совет
жігіттері мен қыздар ішкі және халықаралық өмірдің оқиғала-
рына ден қоюмен бірге өздері коммунизм құрылысына белсене
қатысушылар болғысы келеді. Алайда оқушы жастардың ересек-
тердің еңбек өмірінс нақты қатысу шамасы шектеулі. 1906 жылы
туған адамдардың ішінен 16 жаста үштен біріне жуығы "жұмыс
істеген, ал 20 жаста жігіттердің бәрі дерлік еңбек өмірін баста-
ған екен. Бүгінде олардын, құрдастарынан көбі әлі оқып жүр.
Мұның өзі қазіргі жастардың артықшылығы және білімдар
адамдарды керек ететін қоғамның объективтік кажеттілігі. Бір-
ақ қатар бұл әлеуметтік кемелділіктің неғұрлым кем
басталатынын да білдірсді. .

Ересектіктің субъективтік критерийлері сан алуан олардын
ішінде - білім алуды аяқтау, өз алдына еңбек өмірін бастау,
әке-шешесінен материалдық тәуелсіздік, азаматтық кәмелеттік
әскерде қызмет атқару, үйлену, тұңғыш баласының тууы бар.
Бұл оқиғалардың бірден болмайтыны 1 өзінен-өзі түсінікті, сон-
дықтан адам өзінің ересек болғанын. бірден емес, біртіндеп сезі-
неді. Бірақ аталған критерилердің ең маңыздысы қалай деген-
мен еңбек қызметінің басталуы болмақ. Жоғары класс оқушыларының оқу істері көп болса да, олар оған қанағаттанбай, қоғамдық пайдалы еңбекке ұмтылады, оны практикалық пайдасына қоса, өзін орнықтырудың маңызды құралы деп біледі. Жаздағы ауыл шаруашылық жұмыстары меп құрылыстарға қатысу, қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу, қартайғандар мен кіші жастағы мектеп оқушыларына қамқорлық жасау - осының бәрі жігіттер мен қыздардың еңбек өміріне ортақтасуының сан алуан түрлерінің бі-разы ғана. Мектеп комсомолы қызметінін, маңызды саласы - аға ұрпақтардың революциялық дәстүрлерін біліп-үйрену және әскери-патриоттық жұмыс.

Жоғары кластар окушыларының қоғамдық белсенділігінін, өз психодогиялық ерекшелітері бар. Жастық шаққа тән романтизм жастарды көбінесе үлкен істерді қолға алуға ұмтылдырады, үлкен істің ұсақ-түйектен құралатынын олар сырттан көмек болмайынша әлі білс бермейді. Бірақ үлкен қоғамдық бастамалардың нәтижесі көбінесе бірден емес, ұзақ уақыт еткеннен кейін барып көрінеді. Ал жастарға өз еңбегінің нәтижесін міндетті түрде өзі көріп, сезінуі ксрек. Егер ондай нәтижслер болмаса, оңай басталған елігу дәл осылай тез басылып, оның орнын немқұрайдылық басады. Осы ссбептен де Л. С. Макаренконың таяудағы және шалғайдағы перспективаны ұштастыру туралы белгілі нұсқауын ескеру ерекше маңызды.

Романтизм мен мұратқа ұмтылудан жастар барынша күш салу, ерлік пен қаһармандық талап етілетін кез келген бастамаға ерекше ергіш келеді. Мұның өзі жанқиярлық пен батылдық, жамандыққа келіспеушілік секілді асқақ адамгершілік мұраттарды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды. Бірақ елден ерекше болып, жарқырай көрінугс ұмтылу кейде әлеуметтік тұрғыдан зиянды арналарға (батылдығын, елден ерекшслігін көрсету амалы рстіндсгі сотқарлық, бұзакылық) ойысады. Сонымен бірге, жас өспірімдік максимализм, асыра бағалау мен талаптану көбінс шындық болмысты дұрыс, байыптап түсінуге бөгет болады. Жас өспірім көпке дсйін жеткіншектік сыңаржақтылықтан, ымырасыз бірбеткейліктен арыла алмай жүреді. Кейбір жоғары класс оқушыларында өзінше бір гиперкритицизмнін бел-гілері аңғарылады: олар өздері де осы жағдайлардың нәтижесі екендігін ұмытып айналасындағы дүниеге сырттан қарағандай болады. Мұндағы жас өспірімдер алдымен өздерін қанағаттандырмайтын, өздерінің, мұраттарына сай келмейтін жағдайларға назар аударуға бейім тұрады. Ал, міндет кемшіліктерді көруді ғана емес, оларды түзеу үшін күресе білуді де үйренуде болмак.

Кейде мектептегі жағдайлардың өзі осындай ниеттерге ойыс-тырады. Егер комсомол жұмысы мектептің, ішкі істерімен ғана тұйықталса, ол динамизмінен, ауқымдылығы мен тартымдылығынан айрылады. Егер ересектер мектептің комсомол ұйымына әдеп сақтап көмектесудің орнына ұсақ-түйек қамқорлық жасаса одан да жаман. Қоғамдық жұмыс дербсс жұмыс болудан қалса болғаны балалар үшін қызғылықтығынан айырылып, іш пыстыратын ескі сарынға айналады. Мектеп активінің жыныстық құрамының үлксн маңызы бар. Көптеген мектептерде активтің жартысынан көбі қыздар болады: олар өздерімен жасты ер балалардан гөрі көбіне тіл алғыш, мұғалімдерге олармеи жұмыс істеу оңайырақ. Бірақ күштердің мұндай орналасуы ер балалар арасынан лидср болуға лайықтыларын мектеп ішіндегі қызметтен шектетеді де, олардың стихиялық топтар мен байланысын нығайта түседі.

Жас өспірім жігіттер мен қыздардың есеюін жасанды түрде тежеу оларда инфантилизм, немқұрайдылық пен жауапсыздық сезімін туғызады, мұның өзі ересек адамда ерекше қауіпті болатын сапалар. Үнемі қамқорлыққа дағдыланған адамдар тіпті қажет болғанның өзінде жауапкершілікті өзіне ала алмайтын болып шығады. Кейде мұндай бағып-қағу бұзақылық пен жастардың қылмысы түрінде көрініп терең иррационалдық қарсылық туғызады.

Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі мен өз іс-әрекетінен бөлек белсенді өмірлік позицияның қалыптасуы мүмкін емес. Жоғары кластарда комсомол мен оқушылардын, өзін-өзі басқару органдарының ролі ерскше зор.

Дүниетанымның қалыптасуы . Балаң жастық, - дүниетанымның қалыптасуындағы шешуші кезең. Әлбетте дүнисгс көзқарастың негіздері анағұрлым ерте, балалық кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдсттсрді, нұсқауларды, жағымды, жағымсыз жайларды іс жүзінде меңгеруден басталады, бұлар кейіннен ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі бір нормалары мсн принциптеріне айналады. Алайда адам дамуының біршама жоғары сатысында ғана онда бұл принциптерді белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады; ол оған айналасындағы дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниенің қайсыбір жағын немесе өзінің мінез-құлқын болсын біршама асыра бағалаумен қатар жүреді.

Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші - дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбсбап заңдарын танып білугс деген ынтаның өсуі. Мұның өзі кейде «пәлсапа соғу» түрінде болса да, жоғары класс оқушыларын да бұл кезде қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер мен фактілердің жиынтыгын қорытуды барынша қажетсінушілік болады. Қоғамтану сабақтары, сондай-ақ философия жөніндегі факультативтік сабақтар немесе үйірмелер мұндай бір жүйеге келтіруді едәуір оңайлатады.

Дүниеге көзқарасты қалыптастыру танымдык белсенділікке барып саймайды. Бұл процесте көбіне өмірдің мәні туралы сұрақтың төңірегіне топтасатып түбегейлі әлеуметтік-адамгершілік проблемаларды шешу басты орын алады. Бұл сұрақ әдетте жалпыга ортақ, әмбебап формуланы талап ету сияқты жалпы түрінде қалыптасады. Бірақ іс жүзінде жас өспірім биологиялық немссс әлеуметтік эволюцияның жалпы бағыты қандай деген сұрақка ғана емес және бұл сұрақтан гөрі өзінін, өмірін коғамдық маңызы бар мазмұнмен қалай толықтыру керек деген сұраққа жауап іздейді. Нақ осы себептен өмірдің мәні туралы мәселе осындай интимдік әрі эмоциялық маңыз алады және оған дайын жауап болмайды.

Өмірлік жоспарлар және кәсіп таңдау . Жалпы дүниетанымдық ізденістер өмірлік жоспарларда орнығып, нақтыланады. Жеткіншектердің, өмірлік жоспарлары көбіне әлі бұлыңғыр болады және арман дүниесінен әлі бөлінбеген. Жеткіншек өзін алуан түрлі рольдерде қиялдап елестетеді, олардың тартымдылық дәрежелерін салыстырып өлшсйді, бірақ өзі үшін бірдсңені біржолата таңдап алуға батылы бармайды және онға алғанына жету үшін көбіне еш нәрсе істемейді. Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттігі соғұрлым күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғұрлым шынайы әрі қабылдауға келетін бірнеше вариант біртіндеп тұлғаланып, осылардың, арасынан біреуін таңдау керек болады.

Өмірлік жоспар - кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл саласын - моральдық бейнені, өмір стилін, талап-тілектер деңгейін шұғылданатын істерді т. б. қамтиды. Көп жайлардың тек жалпы түрде ғана тұлғаланатыны түсінікті. Жоғары кластағылар үшін кәсіп таңдау ең маңызды, шұғыл әрі қиын іске айналады. Психологиялық тұрғыдан болашаққа ұмтылған және тіпті кейбір аяқталмаған кезеңдерден онша «секіріп те кетуге» бейім жас өспірім мектепті енді ауырлай бастайды; мектептегі өмір оған уақытша, нағыз өмір емес, өзін әрі тартып, әрі біраз жүрексіндіретін басқа бір бай және шынайы өмірдің босағасы секілді болып көрінеді. Ол болашақ бұл өмірдің ең алдымен кәсіпті дұрыс таңдап алуына байланысты екенін жақсы түсінеді. Жас өспірім қаншалық жеңілтек және бейқам болып көрінгенімен, кәсіп таңдау - оның басты және тұрақты қамы.

Бәсеке мен жұмыссыздық дегеннің не екенін білмейтін совет мектеп оқушысы мамандықтың тіршілік құралын беретін кәсіп деп қарамайды, өзінің өмірлік ісі, өз қабілеттерін барынша жүзеге асыра алатын өмірлік мақсаты, іс-әрекет саласы деп карайды. СССР Конституциясының 40-статьясы еңбек ету правосын ғана емсс, сонымен қатар қабілетіне, дарынына, кәсіптік даярлығына, біліміне және қоғамдық қажеттіктеріне сәйкес кәсіп, мамандық пен жұмыс тандау правосына да кепілдік береді. Бір-ақ жас өспірімнің өзін қызықтырған мамандықтардың нақты қасиеттсрін, жұмыс істейтін кісілерге қандай талаптар коятынын және өзінің потенциалдық мүмкіндіктсрін әлі нашар білетіні қиындық келтіреді. Осыдан барын әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бірқатар қайшылықтар туады. Социологиялык анкеталардың белгілі бір кәсіптердің тартымдылық себептер туралы сұрақтарына жауап бергенде жасөсіпірім жігіттер мен қыздар бірінші орысқа еңбектің творчестволық сипатын, екінші орынға кәсіптің қоғамдық маңыздылығын жәнс үшінші орынға жалақының мөлшерін қояды. Бірақ оларға кәсіптің «творчестволық сипаты» болып көрінетін нәрсе іс жүзінде оның қоғамдық пікірдегі дәстүрлі беделінің бейнеленуі ғана болады. Атап айтқанда, кызмет көрсету саласыныц кейбір кәсіптеріне әдетте көптеген жігіттер мен қыздардың менсінбей-жақтырмай қарайтыны кейбір ересектердің нақ сондай көзқарасын қайталау ғана. Орта мектептерді бітірушілердің көбі жоғары оқу орындарына түсуге жәнс жалпы алғанда «интеллсктілік» кәсіптерге бағдарланады. Бірақ елімізге ғалымдар мен инженерлср ғана емес, маман жұмысшылар, шебер малшылар, ксң профильді механизатор-тракторшылар да керек. Осының өзіндс алғашқыларынан гөрі соңғылары анағұрлым көбірек ксрск. Кәсіптің бірегейлігі оның кең тарауына кері қатынаста болады және мұның, өзі кәсіптің беделділігімсн бейнеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдік кезеңдегі қоғамдық, белсенділік және дүниетанымның қалыптасуы
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫНА ЖОБА ӘДІСІНІҢ ӘСЕРІ
Кіші мектеп жасы - мектеп өмірінің басы
Девиация мен әлеуметтік бақылау
Орта деңгей теориясы
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Мемлекеттік басқарудағы демократия
Ортағасырлық ойшылдар
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Конфликтінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz