Сымсыз желі технологиясының дамуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
4

5

6

7

АНДАТПА

Менің жасаған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты Талғар
ауданындағы орталық аудандық аурухананың ақылы бөліміндегі байланыс
құрылғыларын жаңартып, Wi-Fi технологиясын еңгізу.
Берілген дипломдық жобада жалпы сымсыз байланысты, түрлерін және

стандарттарын
қарастырдым.
Зертеулердің
негізінде
IEEE 802.11n

стандартына лайықты құрылғыларды таңдадым.
Байланыс жүйесін құру кезінде өміртіршілік қауіпсіздігі ескере
отырып, өміртіршілік қауіпсіздігіне ыңғайлы жағдай болатынын есептеулер
арқылы көрсеттім.
Дипломдық жобаның бизнес - жоспар бөлімінде, жобаның тиімділігі
және экономикалық пайдасы анықталды.

АННОТАЦИЯ

Главной задачей данного дипломного проекта является обновления
устаревшего оборудования и внедрение Wi-Fi технологии.
В дипломной работе я изучал общие беспроводные сети, их виды и
стандарты. В ходе изучения беспроводной технологии, я решил использовать
оборудования стандарта IEEE 802.11n.
Во время построения беспроводной связи, учитывалась и безопасность
жизнедеятельности.
Бизнес план данного проекта был спланирован и определили значения
пользы от данной работы.

ABSTRACT

The main objective of this diploma project is the update outdated equipment
and the introduction of Wi-Fi technology in the central hospital of Talgar district.
In diploma work, I studied general wireless networks, their types and
standards. During studying of wireless technology
During the construction of wireless communications and life safety was
taken into account. Installed equipment suited to all standards of safety.
Business plan of the project was planned and defined values benefit from
given work.

8

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 НЕГІЗГІ ТЕОРИЯ
1.1 Талғар қаласы
1.2 Талғар ауданының орталық ауруханасы
1.3 Сымсыз желі технологиясының дамуы
1.4 Локалды сымсыз WLAN байлынысы
1.5 Даму тарихы
1.6 Сымсыз желінің компоненті және стандартты архитектурасы
1.7 IEEE 802.11n стандарты
1.8 IEEE 802.11n жоғары жылдамдығының факторы
1.9 Wi-Fi сымсыз желісінің топологиясы
1.10 Сымсыз Wi-Fi желілерінің жұмысына әсер ететін бөгеттер
1.11 IEEE 802.11n стандартындағы жылдамдық мәселелері
1.12 Wi-Fi желісіндегі қолданылатын сымсыз құрылғылар
2 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ
2.1 Талғар ауданының орталық ауруханасының ақылы бөлімі
2.2 Құрылғыларды таңдау
2.3 Негізгі жобалау
3 ЕСЕПТІК БӨЛІМ
3.1 Wi-Fi желісінің жабыну зонасын есептеу
3.2 Изотропты қуат шағылысуның тиімділігін есептеу
3.3 Сигналдың жұмыс істеу аймағын есептеу
3.4 Антенна күшейтуінің коэффициенті
3.5 Антеннаның тиімділік алаңы
3.6 Тікелей көрініс аралығында сигнал тарату
3.7 Сандық жүйелерде сигналшуыл қатынасы
3.8 Френель зонасын есептеу
4 ЖОБАНЫҢ БИЗНЕС ЖОСПАРЫ
4.1 Түйіндеме
4.2 Таңдауды негіздеу және жабдық құрылымы
4.3 Wi-Fi технологиясының қазіргі жағдайы
4.4 Менеджемент
4.5 Қаржылық жоспар
4.6 Бөлім бойынша қорытынды
5 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
5.1 Персоналдың еңбек шарттарын талдау
5.2 Бөлмені жасанды жарықтандыру жүйелерін есептеу
5.3 Өрт қауіпсіздігін талдау
5.4 Өмір тіршіліr қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

9

7
8
8
11
13
15
15
16
19
23
24
26
29
31
36
36
37
42
45
45
47
48
51
52
55
58
59
62
62
62
63
63
64
70
72
72
73
76
78
79
80

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А ҚОСЫМШАСЫ
Ә ҚОСЫМШАСЫ

10

81
82
83

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның негізгі мақсаты аудандық ауруханаға Wi-Fi
технолгиясын еңгізу. Талғар қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстік -
шығысында, Іле Алатауының солтүстігінде, Алматы қаласынан 25 км
қашықтықта орналасқан. Талғар қаласы 1928 жылдан бастап Алматы облысы
Талғар ауданының әкімшілік орталығы. Талғар ауданының орталық
ауруханасының негізгі мақсаты пациенттерді емдеу және жоғарғы дәрежедегі
қызмет көрсету. Бәрімізге белгілі болғандай денсаулық - бірінші байлық,
сәйкесінше деніміз сау болса үлкен жетістікке де жете аламыз
Радиотехниканың дамуы барысында сымсыз (wireless) термині
жалпы радиобайланыстың түсінігін айту үшін қолданылған, яғни ақпараттың
сымсыз жіберілгеннің бүкіл жағдайларында. Уақыт өте келе бұл термин
қолданыстан шығып, сымсыз термины радио (radio) немесе
радиожиілік (RF - radio frequency) терминдеріне эквивалентті деңгейде
қолданыла бастады. WLAN және WPAN байланысының құрылуында, оған
қоса кеңжолақты сымсыз мүмкіндігі (BWA - Broadband Wireless Access)
жүйесінің құрылуында ұқсас технологиялар қолданылады. Локалды сымсыз
байланыстың (WLAN) негізгі бағыты - ғимарат ішінде ақпарат ресурстарын
қолдануға мүмкіндік ұйымдастыру. Маңыздалығы бойынша екінші сатыда
тұрған бағыты - кафе, әуежай, қонақ үй сияқты адам саны көп жерлерде
бәріне қол жетімді ортақ коммерциялық қосылу нүктелерін (hot spots)
ұйымдастыру.
IEEE 802.11n стандартының максималды жылдамдығы классикалық
Wi-Fi-дың өндірімінен шамамен 5 есе асады. IEEE 802.11n стандартында
тарату жылдамдығының көбеюінің себебі, біріншіден каналдың екі есе
кеңеюінен, яғни 20-дан 40 МГц-ға, екіншіден MIMO технологиясының іске
асуынан.

11

1 НЕГІЗГІ ТЕОРИЯ

1.1 Талғар қаласы

Талғар қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында, Іле

Алатауының солтүстігінде,
Алматы қаласынан 25 км

қашықтықтаорналасқан.Талғар қаласы 1928 жылдан бастап Алматы облысы
Талғар ауданының әкімшілік орталығы, 1858 жылы құрылған. Халық саны -
140 000 астам. Халықтың орташа тығыздығы 2,8 адам бір км2. Талғар
қаласында май және нан зауыттары, типография, тұрмыстық қызмет көрсету
комбинаты, үш автокөліктік кәсіпорын, екі құрылыс ұйымы, 18 мектепке
дейін дайындық мекемелері, 16 жылпы білім көрсететін мектеп, бір театр, 5
колледж, 9 емдейтін мекемелер, кірпіш зауыты, киім тігу цехі, 23 кітапхана
бар.

1.1 Сурет - Талғар қаласының Google Maps программасы арқылы
бейнесінің көрінісі

12

Талғардың телекоммуникация түйіні Алматы ОТД-нің құрылымдық
бөлімшесі болып табылады. Талғар қаласы Талғар ауданының орталығы
болып саналады.
01.10.13 жыл бойынша Талғар ауданының мониторлық сыйымдылығы
8610 нөмірді құрайды, қолданыстағы сыйымдылық - 6568 нөмір, бос
сыйымдылық - 2048 нөмір. Әмпебап таксофондар 10. Ауданның абонент
саны - 82 мың адам. 100 адамға ТАН тығыздығы - 6,4 ТАН.

1.1.1 Маркетингтік стратегия
Орталық АТС келесі телекоммуникация қызметтерінің кең спектрін
ұсынады:
жергілікті байланыс қызметі;
ХА және ҚА сойлесуді ұсынады;
20-дан астам қосымша қызмет түрі;
таксофон бизнесінің дамуы;
ақпарат тарату қызметі және тағы басқа.

Жаңа қызметтердің ақпараттарымен таныстырудың ең басты әдісі,
барлық БАҚ-тардағы және ақпараттық тақталарға жарнаманы қою өте тиімді
болып саналады.
Жарнамалық компания 2005 жылдың бюджет жоспары келісімі
бойынша іске асады.
Өнімдердің қолданысы орталық сервис-бюро және 4 сөйлесетін
нүктелері арқылы іске асады.
Телекоммуникация қызметінің тарифтері АҚ Қазақтелеком
прейскурсанттарына байланысты орнатылады.
Орталық АТСЭ-ға 11 сандық және тығыздау аппаратурасы арқылы
кабелдік және әуе жолдарымен ұйымдасқан 11 периферийлік АТС, МСС
қосылған. АТС сипаттамалары 1.1 кестеде берілген.
Талғар ауданының СТС-інде абоненттер үшін бестік нумерация жүйесі
және арнайы қызметтер үшін екілік нумерация жүйесі қабылданған. Сандық
абоненттердің нөмірлерінің алдынғы саны үш деп қабылданған. Талғар
ауданының байланыс ұйымдастыруының құрылымы 1.2 суретінде.
Әлеуметтік - экономикалық қаланы дамыту жоспары бойынша қала
құрылымын дамыту көзделген - жол салу, байланыс дамыту, элект
энергиясымен қамтамасыз ету, кіші және үлкен бизнес тұтыгушыларын
қолдау. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, экономиканы дамытуға үлкен
мүмкіншіліктер береді. Экономика өсуі, жоғары сапалық телекоммуникация
құрылғыларына сұранысты көбейтеді, халықтың байланыс қызметтеріне
қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін, ескі және шаршаған АТС-терін
жаңа сандық коммутациялық жабдықтарына толық ауыстырып құруына тура
келеді.

13

1.1 К е с т е - АТС сипаттамасы

Талғар ауданының құрамына

Белбұлақ,

Тұздыбастау,

Бесағаш,

Гүлдала, Нұра, Талдыбұлак, Рыскұлова, Дәулет, Алтын-Дән, Туғанбай,
Қызыл-ту және тағы басқа осы сияқты ауыл және қала тектес кенттер кіреді.
Осы аталған ауыл және қала тектес кенттер тікелей Талғар қаласына
бағынады және байланыс жүйелері Талғар қаласының орталық АТС-не
тәуелді.

1.2 Сурет - Талғар ауданының байланыс ұйымдастырудың
құрылымдылық сұлбасы

14

АТС түрі
Қала, ауыл
Станция түрі
Нумерация
ЦС
Талғар
STAREX
8616
1-ОС
Белбұлақ
STAREX RSE-01
1500
2-ОС
Тұздыбастау
STAREX TX
1500
3-ОС
Бесағаш
RSE-04
1184
4-ОС
Гүлдала
SI-2000
544
5-ОС
Нұра
SI-320
512
6-ОС
Талдыбұлак
SI-200
594
7-ОС
Рыскұлова
STAREX TX1
256
8-ОС
Дәулет
RSE-07
216
9-ОС
Алтын-Дән
М-200
192
10-ОС
Туғанбай
MC-240
256
11-ОС
Қызыл-ту
SI-320
1500

1.2 Талғар ауданының орталық ауруханасы

Талғар ауданының орталық ауруханасы 1959 жылы құрылған. Талғар
қаласының орталығында орналасқан. Мекен жайы Қонаев көшесі 87 ғимарат.

1.3 Сурет - Талғар ауданының орталық ауруханасының қаладағы орналасқан
ескі жері

2011 жылы Талғар ауданының орталық ауруханасы Талғар қаласының
Павлова көшесі 5а мекен жайындағы орналасқан, арнайы аурухана үшін
салынған ғимаратқа көшеді.

15

1.4 Сурет - Талғар ауданының орталық ауруханасының қаладағы жаңа
орналасқан жері

1.2.1 Орталық аурухана және оның құрылымы

Талғар ауданының орталық ауруханасының
негізгі мақсаты

пациенттерді емдеу және жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсету. Бәрімізге
белгілі болғандай денсаулық - бірінші байлық, сәйкесінше деніміз сау болса
үлкен жетістікке де жете аламыз. Аурухананың өміріміздегі рөлі өте
маңызды және олардың қызмет істеулеріне ешқандай кедергі болмау керек.
Ауруханаға күнделікті 500-600 жуық адам келіп тұрады. Осы адамдарға
жоғары дәрежеде қызмет көрсету үшін, аурухананың ақылы емдеу
бөліміне Wi-Fi қолдану аумағын орнатуды жөн көрдім. Оның керек
қызметтері келесі:
- ауруханада тіркелген ауруларды жалпы базаға, жоғары жылдамдықта
жіберу;
- қағаз жұмысын азайту;
- күніне 24 сағат ғаламторға шығыс;
- әкімшілік қызметкерлері есептемелерін орталыққа ғаламтор арқылы
жіберу;
- әкімшілік қызметкерлері арасындағы байланыс;
- онлайн-консультация және тағы басқа.

16

1.5 Сурет - Аудандық орталық аурухананың бас ғимараты

Аудандық орталық аурухананың құрамына хирургия бөлімі,

перзентхана, балалар бөлімшесі, поликлиника, ЕПМ
(емдеу

профилактикалық мекемелер), амбулатория және тағы басқалары кіреді.
Хирургия бөлімінде 60, перзентханада 40 балалар бөлімшесінде 40 және
поликлиникада 250 адамға арналған жататын орын бар. Орталық
аурухананың қызметкерлер саны 1700 адамға жуық. Олардың 253 дәрігер,
500 жуық орта буынды мадицина қызметкерлері, 800 жуық санитарлар және
қалғаны әкімшілік шаруашылығының қызметкерлері.

1.3 Сымсыз желі технологиясының дамуы

Радиотехниканың дамуы барысында сымсыз (wireless) термині
жалпы радиобайланыстың түсінігін айту үшін қолданылған, яғни ақпараттың
сымсыз жіберілгеннің бүкіл жағдайларында. Уақыт өте келе бұл термин
қолданыстан шығып, сымсыз термины радио (radio) немесе
радиожиілік (RF - radio frequency) терминдеріне эквивалентті деңгейде
қолданыла бастады. Қазір бұл екі түсінік жиілік диапазоны 3 кГц-тен 300
ГГц-ке дейінгі жағдайларда анықталады. Радио термині көбінесе бұрыннан
келе жатқан технологияларды анықтау үшін қолданылады (радиохабар,

17

спутникті байланыс, радиолокация, радиотелефонды байланыс және т.б.). Ал
сымсыз термины қазірге уақытта радиобайланыстың жаңа
технологияларына жатады, мысал ретінде, микроұялы және ұялы телефония,
пейджинг, абонентті рұқсат және сол сияқты.
Сымсыз желінің үш түрінің айырмашылығы (сурет 1.1): WWAN
(Wireless Wide Area Network), WLAN (Wireless Local Area Network) и WPAN
(Wireless Personal Area Network)

1.6 Сурет - Жеке, локалды және ғаламдық сымсыз байланыстарының жұмыс
істеу радиусы

WLAN және WPAN байланысының құрылуында, оған қоса кеңжолақты
сымсыз мүмкіндігі (BWA - Broadband Wireless Access) жүйесінің құрылуында
ұқсас технологиялар қолданылады. Сымсыз байланыстардың бір-бірінен

айырмашылығы (сурет 1.2)
-
жұмыс істеу диапазондары және

радиоинтерфейсінің сипаттамасы. WLAN және WPAN байланыстары
лицензиясыз 2,4 және 5 ГГц жиілік диапазондарында жұмыс істейді, яғни
осы технологияларды құру кезінде сол диапазонда істейтін басқа
радиобайланыстармен келісім және жоспар құруды қажет етпейді.
BWA (Broadband Wireless Access) байланыстары лицензиялы және
сонымен қатар лицензиясыз (2-ден 66 ГГц-ке дейін) диапазондарды
қолданады.

18

1.7 Сурет - Сымсыз технолгияларының классификациясы

1.4 Локалды сымсыз WLAN байлынысы

Локалды сымсыз байланыстың (WLAN) негізгі бағыты - ғимарат

ішінде ақпарат
ресурстарын қолдануға мүмкіндік ұйымдастыру.

Маңыздалығы бойынша екінші сатыда тұрған бағыты - кафе, әуежай, қонақ
үй сияқты адам саны көп жерлерде бәріне қол жетімді ортақ коммерциялық
қосылу нүктелерін (hot spots) ұйымдастыру, сонымен қатар іс-шаралар
(көрмелер, семинарлар) өткізетін жерлерде уақытша байланыс ұйымдастыру.
Сымсыз локалды байланыстар IEEE 802.11 отбасы стандарттарының
негізінде құралады. Бұл байланыстар бізге Wi-Fi (Wireless Fidelity) деген
есіммен белгілі, негізінде бұл стандарттарды Wi-Fi деп атамайды, соған
қарамастан қазіргі уақытта Wi-Fi бренді бүкіл әлем бойынша кең таралуда.

1.5 Даму тарихы

(Wireless Fidelity) 15 жыл бұрын басталған жұмыстың инициаторы
және координаторы болып ІЕЕЕ 802 жергілікті желі стандарттау комитеті
шықты.
Комитеттің 1990 жылы үкімінде сымсыз жергілікті желінің бірінші
құнды стандартын өңдеу кірген арнайы жұмыс тобы ұйымдастырылды.
Дайын өнім шығаруға толық жеті жыл кетті және тек 1997 жылы ғана піскен
ІЕЕЕ 802.11 стандарты халық алдында кең көрсетілді. Тұтынушылар Wi-Fi -
дың болжамасын ешқандай ыңтасыз қарсы алды, мәселесі, технологияның
кешірімсіз көп уақыт өтіп және презентация кезінде стандарт ескіріп үлгерді.
2 Мбитс аспайтын төмен өткізгіштік қасиетінен басқа орташа байланыс
сапасы аз кімді қанағаттандырады. Асықпаушылығы және стандарт өте аз
арақашықтықта жұмыс істеді. Сонымен қатар құрылғының құны жай

19

бірнеше мыңнан асуы керек еді, дегенмен, офис ішінде, қонақ үйде, вокзалда
және аэропортта жергілікті желінің ресурсына және интернетке сымсыз
қосылу ойы көпшіліктен артықшылығымен бағаланады. Кез келген жағдайда
өндірушілер техниканы аяғына дейін жеткізбей тоқтатамыз деген ойда
болған жоқ. 1999ж күзінде 802.11 а және 802.11 в деп аталатын және
максималды өткізгіштік қасиеті сәкесінше 54 МБитс және 11 МБитс
қамтамасыз ететін бір уақытта 2 жаңа өзгешелік шығарды.
Бірінші болып сатуға 802.11 в аралас құрылғы шықты және бұл жолы
халықтың көз қарасы көп күттірткен жоқ. Рекордты аз уақытта Wi-Fi
техникасы дүние жүзілік нарыққа шығуға және Ethernet секілді жергілікті
желілерді ұйымдастырудың классикалық әдісіне байсалды бәсеке құру
қолынан келді. Оған құрылғы бағасының тез түсуі және бірнеше
өзгешіліктерде кездескен жас мәселесі, көпшілігінен құтылу көмектесті.
802.11 станадртын ұстанатын нақты құрылғылар тек 2001 жылы ғана сатуда
пайда болды. Бірақ сауда 802.11 в құрылғыларынан толық болғандықтан
өткізгіштік қасиеті 5 есе өскендігіне қарамастан бірінші уақытта жаңа
спецификация көлеңкеде қалып қойды.
Келесі Wi-Fi эволюциясының орамы 2003 жылы жазда басталды,
өндірушілер екі алдыңғы редакцияның артықшылықтары бар келесі түр
802.11 g стандартын аяқтады. Wi-Fi жұмысына бағытталған қазіргі кездегі
құрылғылардың көп бөлігі 802.11 g модуляциясымен толықтырылады. Және
802.11 n келесі специфика шығуға ұйымдалып жатыр. Онда 802.11 g және
802.11 а-мен салыстырмалы максималды жылдамдық минимум екі есе өседі
және жаңа технологияларды еңгізеді.
ІЕЕЕ 802.11 в стандартында жұмыс істейтін сымсыз желілер көп
прототипті телефондар қолданатын, сымсыз қатты сөйлегіштер және қауіпсіз
құрылғылар жүйесі қолданатын (2,4 ГГц) диапозонын қолданады. Соңғы
кезде компьютерсіз қолдану сымсыз желілер интерференциясында потенциал
көзі болды. Бірақ сымсыз желілердің кішкене радиусы (100 метрден төмен)
қазіргі күні нақты тәуекелді азайтады.

1.6 Сымсыз желінің компоненті және стандартты архитектурасы

IEEE 802.11 стандарты - жергілікті желі режимінде шек қойылған
территорияда сымсыз байланысты ұйымдастыратын стандарт, яғни бірнеше
абоненттік ортақ беріліс каналына тең дәрежелі байланысу мүмкіндігі. 802.11
сымсыз жергілікті желіге арналған бірінші өнеркәсібті стандарт (Wireless
Local Area Networks), немесе WLAN. Стандарт Institute of Electrical and
Electronics Engineers (IEEE) де жасалған, 802.11-ді жай сымды Ethernet
желісінің 802.3 стандартымен салыстыруға болады.
IEEE 802.11 стандарты сымсыз желінің басқару деңгейіндегі ортамен
байланысатын (MAC- деңгейі) және физикалық (PHY) деңгей ұйымдастыру
тәртібін анықтайды.

20

Осы стандарт ішінде іске қосылған желіге кіретін түйінді тексеру үшін
аутенфикация қосатын, сондай-ақ жасырын таңдаудан шифрленіп сақтайтын,
мәліметтер қауіпсіздігі алдын-ала қамтамассыз етілген.
Стандарт физикалық деңгейде радиоарнаның екі типі мен бір инфра
қызыл диапазон құрастырады.
802.11 стандартының негізіне соталық архитектура қойылған. Желі бір
немесе бірнеше ұяшықтардан тұруы мүмкін. Әр сота қосылу нүктесі деп
аталатын (Access Point, AP) базалық стансыларымен басқарылады. Қосылу
нүкте және жұмыс істеу радиус шекарасында орналасқан істейтін станциялар
базалық қызмет ету зонасын құрастырады. (Basic Service Set, BSS) көпсоталы
желінің қосылу нүктелері кабельді байланыс сызықты магистралді сегменттік
эквивалентті болып көрінетін тарату жүйесі (Distribution System, DS) арқылы
бірлесіп әрекет жасайды. Қосылу нүктесінен және тарату жүйесінен тұратын
барлық инфра құрылымы үлкейтілген қызмет ету зонасын (Extended Service
Set) құрастырады.
1 - 802.11 a - жоғарғы жылдамдықты WLAN стандарты. 5 ГГц
диапазон аралығындағы радиоарна 54Мбитс жылдамдықпен мәліметтердің
берілуін қолдайды.
2 - 802.11 b - өте кең таралған стандарт. 2,4 ГГц диапазон
аралығындағы радиоарна 11 Мбитс жылдамдықпен мәліметтердің берілуін
қолдайды.
3 - 802.11 g - 2,4 ГГц жиілігіне арналған модуляцияның толықтау
техникасын орналастырады. 2,4 ГГц диапазон аралығындағы радиоарнада 54
Мбитс жылдамдықпен мәліметтердің берілуін қамтамассыз етуге арналған.
4 - 802.11 n - бүгінгі күнде ойластырылып жатқан, желінің өткізгіштік
қабілетін 100 Мбитс дейін көтеретін перспективалы стандарт. 802.11n
стандарты интектуалы қазірден бастап шешілді, бірақ оның ашық бөліктеріне
келісім әлі қабылданбады.
802.11 b кең таралған 802.11 стандарты 1999 жылы соңғы редакцияда
қабылданды, және лицензиялаудан бос 2,4 ГГц диапазонында бейімделген іс
бағыты арқылы жабдықтауды өндірушілер арасындағы үлкен атаққа ие
болды. Өткізгіштік қабілеті (теорияда 11 Мбитс , шынындда 1 ден 6 Мбитс)
көп қосымшаның талабына жауап береді. Максималды 11 Мбитс
жылдамдықта, төмен жылдамдыққа қарағанда, IEEE 802.11 құрылғысы
жұмыс істеу радиусы аз болғандықтан, 802.11b стандартында дабылдың
сапасы төмендегенде жылдамдықтың автоматты түрде азаюы қарастырылған.
Сымсыз IEEE 802.11а ЛЕЖ стандарты 54 Мбитс жылдамдыққа дейін
мәліметтер берілуін қамтамассыз етеді, сонда 802.11b желісіне қарағанда 5
есе тезірек және IEEE 802.11b желісіне қарағанда үлкен көлемді мәліметтер
беруге рұқсат етеді.
802.11а - ныңкемшіліктеріне 5ГГц жиілікке арналған радиотаратқыштар
үлкен қуат жұмсауы, және кәшкене жұмыс істеу радиусы (2,4 ГГц - ке
арналған құрылғының 300 метрге дейінгі аралықта жұмыс істеуі, ал 5 ГГц -

21

100 метр шамасында ) жатады. Тағы да 802.11а құрал-сайманы қымбат, бірақ
уақыт өткен соң 802.11b мен 802.11а арасындағы бағалық айырмашылығы
азаяды.
IEEE 802.11g сымсыз желілерде мәліметтер таратудың максималды
жылдамдығы 54 Мбитс құрайды. 802.11g стандарты 802.11b-ның дамуы
болып саналады, және 802.11а мен кері тіркеседі. Сәйкесінше 802.11g
картасы қосылған ноурьук жұмыс істеп тұрған 802.11b қосылу нүктелеріне
де, жаңадан шығарылып жатқан 802.11g-ге де қосыла алады. Теорияда
802.11g өзінің негізін салушылардың жетістіктеріне ие. 802.11g
жетістіктерінің ішінде аз қуат жұмсауын, дабылдың жоғарғы өткізгіштік
қасиетін және аса қашықтық жұмыс істеу қасиетін атап кету қажет. Төменгі
жиілікті шығару жеңілдігінен жабдықтардың дұрыс бағасына үміттенуге
болады. Қазіргі кезде сымсыз қосылу құрылғыларын өндірулері ақпаратты,
қауіпсіздіктендіруді қамтамасыз ету үшін 802.11 қолдану бағытын ұстанады.
Оның спецификациясы АЕС шифрлаудың жақсартылған әдісін
қолданушылар аутентификация алгоритмінің сапасын және динамикалық
таралу кілттерінің шифр берілуін қадағалайды.

1.8 Сурет - Сымсыз қосылу желісінің классификациясы

Мен өзімнің жобам үшін жылдамдығы жоғары, құрылуы оңай және
қосылуда қиыншылық тудырмайтын құрылғы алғым келді. Менің
талаптарыма сай келетін құрылғылар 802.11n стандартының құрылғылары
сәйкес келеді. Басқа стандарттармен салыстыруын келесі кесте - 1.2

22

1.2 К е с т е - Сымсыз байланыс стандарттарының салысту кестесі

1.7 IEEE 802.11n стандарты

Бұл стандарт 2009 жылдың 11 қыркүйегінде құпталды. 802.11n

стандарты тарату жылдамдығы бойынша сымды
стандарттардың

жылдамдығына тең. 802.11n стандартының максималды жылдамдығы
классикалық Wi-Fi-дың өндірімінен шамамен 5 есе асады.
802.11n стандартының келесі негізгі артықшылықтарын белгілеп кетсек
болады:
- ақпарат таратудың жоғары жылдамдығы (шамамен 300 Мбитс);
- біркелкі, тұрақты, сенімді және сапалы станцияның жұмыс
зонасының жабуы, жабылмаған аумақтардың жоқтығы;
- Wi-Fi-дың алғашқы стандарттарымен қолайлығы.
Кемшіліктері:
- қуатты көп мөлшерде қолдануы;
- екі жұмыс диапазоны (құрылғының ауыстыру мүмкіндігі);
- күрделі және габаритті аппаратура.
IEEE 802.11n стандартында тарату жылдамдығының көбеюінің себебі,
біріншіден каналдың екі есе кеңеюінен, яғни 20-дан 40 МГц-ға, екіншіден
MIMO технологиясының іске асуынан.
MIMO (Multiple Input Multiple Output) технологиясы бірнеше жіберуші
және қабылдаушы антенналардың қолдануын болжайды. Ұқсатығы бойынша
дәстүрлі жүйелер, яғни бір жіберуші және бір қабылдаушы антенналары бар
жүйелер, SISO (Single Input Single Output) деп аталады.
IEEE 802.11n стандарты OFDM-MIMO (Orthogonal frequency-division
multiplexing) технологиясының негізінде құралған. IEEE 802.11n
стандартының қолданыстағы техникалық бөлшектері көбінесе IEEE 802.11a
стандартынан алынған. Сонымен ғана шектелмей, IEEE 802.11n
стандартының қолданатын жиілік диапазоны, IEEE 802.11 a және IEEE
802.11bg стандарттары қолданатын жиілік диапазондарына сәйкес келеді.

23 Технология
Стандарт
Қолдануы
Өткізу
мүмкіндігі
Тарату
радиусы
Жиілік
Wi-Fi
802.11a
WLAN
54 Мбитс
дейін
100 метрге
дейін
5,0 ГГц
Wi-Fi
802.11b
WLAN
11 Мбитс
дейін
100 метрге
дейін
2,4 ГГц
Wi-Fi
802.11g
WLAN
54 Мбитс
дейін
100 метрге
дейін
2,4 ГГц
Wi-Fi
802.11n
WLAN
300 Мбитс
дейін
100 метрге
дейін
2,4 -- 2,5
немесе 5,0
ГГц

Яғни IEEE 802.11n стандартын қолданатын құрылғылар, 5 ГГц немесе 2,4
ГГц жиілік диапазондарында қызмет көрсете алады.

1.9 Сурет - MIMO технологиясының іске асуы

Жіберілетін ақпарат паралелді ағымдарға бөлінеді, сол бөлінген
ағымдар қабылдауыштар жиналып ақпаратты бастапқы қалпына келтіреді.
Бұл жерде қиыншылықтар туады - әрбір антенна өзіне ғана арналған бір-
бірінен өзгеше суперпозициялы дабылдарды қабылдайды. Сол үшін әрбір

қабылдауыш соңында
дабылды анықтайтын арнайы алгоритмдер

қолданылады. Бұл алгоритм негізі келген өзінің дабылын белгілеп
қабылдауда және дабыл саны көп болғанымен, алгоритм құрылымы күрделі
болады. MIMO технологиясының жалғыз кемшілігі ол оның күрделілігі және
қолайсыздығы, оған қоса энергияның көп мөлшерде қолдануы. MIMO
станцияысның және дәстүрлі станцияларының лайықталығын
қамтамасыздандыру үшін үш жұмыс режимі қарастырылған:
- Мұрагерлік режим (legacy mode).
- Аралас режимі (mixed mode).
- Жасыл алаң режимі (green field mode).
Әр жұмыс режиміне өзінің құрылыс преамбуласы сәйкес келеді -
жіберудің басына бағыт көрсетіп және таратқыш пен қабылдауыштың
синхронизациясы үшін қызмет ететін десте алаңы. Преамбуланың құрамына
дестенің ұзындығы және оның типі, оған қоса модуляцияның түрі, таңдалған
кодтау нұсқасы және кодтаудың барлық параметрлері болады. MIMO және
қалыпты (бір ғана антеннасы бар) станцияларының арасында түсініспеушілік
болмау үшін MIMO станцияларының арасында алмасу кезінде, дестелердің
ерекше преамбулалары және аты болады. Бұл ақпаратты көргеннен кейін
қалыпты станциялар өзінің ақпарат алмасуын, MIMO станцияларының
ақпарат алмасуының бітуіне дейін тоқтатылады. Бұган қоса, преамбула

құрылымы қабылдауыштың алғашқы есептерін анықтайды,
мысалы,

қабылдау дабылдың қуатыен автоматты түрде реттейтін жүйе үшін бағалауы,
дестенің басын анықтау, уақыт және жиілік бойынша ауытқуы.

24

1.7.1 MIMO станциясының жұмыс режимі
Мұрагерлік режимі. Бір антенналы екі станция арасында алмасу үшін
арналған режим. Ақпарат таратуы 802.11а протоколы бойынша іске асады.
Егер де таратушы станция MIMO болып, ал қабылдаушы станция қалыпты
болса, онда таратушы жүйеде тек қана бір антенна жұмыс істейді және
ақпарат алмасу процессі Wi-Fi-дің алғашқы стандарттарындағыдай жүреді.
Егер де ақпарат қалыпты станциядан көп каналдыға барса, онда MIMO
станциясы көп қабылдауыш антенналарын қолданады, бірақ бұл жағдайда
тарату жылдамдығы максималды болмайды. Бұл режимнің преамбула
құрылысы 802.11а нұсқасына ұқсас.
Аралас режимі. Бұл режимде алмасу MIMO жүйелері мен қалыпты
станциялардың өзара алмасуы сияқты. Осы жүйелерге байланысты MIMO
қабылдауыштың түріне қарай екі түрлі пакеттерді жасайды. Қалыпты
станциялармен жұмыс баяу өтеді, себебі олар жоғары жылдамдықта жұмыс
істемейді, ал MIMO арасында - салыстармалы түрде тезірек, бірақ сонын
өзінде жасыл алаң режиміміндегі жылдамдықтан төмен болады. Қалыпты
станцияның дестенің преамбуласы 802.11а стандартына ұқсас, ал MIMO
дестесінде біраз өзгертілген. Таратқыш ретінде MIMO жүйесі болса әрбір
антенна бүтін прамбуланы емес тек қана циклды ауысқандарды жібереді.
Осы себеппен станцияның қолдану қуаты азайып, арна пайдасы көбірек
болады. Бірақ барлық мұрагерлі станциялар бұл режимде жұмыс істемейді.
Өйткені, егер де құрылғының синхронизация алгоритмі келісімді корреляция
негізінде болса, онда синхронизацияның жоғалуына әкеледі.
Жасыл алаң режимі. Бұл режимде MIMO жүйесінің барлық
артықшылығы қолданылады. Тарату егер де мұрагерлі қабылдауыштар бар
болса тек қана көп антенналы станция арасында ғана іске асады. MIMO
жүйесімен алмасу болғанда, қалыпты станциялар арнаның босатылуын
күтеді, қақтығысты болдырмау үшін. Жасыл алаң режимінде алғашқы
айтылған екі схемадан дабылды қабылдау болады, ал оларға таратуға
болмайды. Оның себебі, алмасу процесіне қалыпты станцияларды
қатыстырмау және соның нәтижесінде жұмыс істеу жылдамдығын
жоғарлату. Дестелер тек қана MIMO станциялары қолдайтын
преамбулалармен бірге жүреді. Бұл әрекеттердің бәрі MIMO-OFDM
жүйесінің барлық мүмкіншіліктерін максималды түрде қолдана алу үшін
жасалған.
Аталған барлық жұмыс режимдерінде көрші станция жұмысының
әсерінен дабылдардың бұрмаланбауын алдын алатын қорғаныс қарастырылу
тиіс. OSI (Open Systems Interconnection) моделінің физикалық деңгейінде, ол
үшін преамбула құрылымында арнайы алаңдар қолданылады. Алаңдар
станцияны, басқа ақпарат алмасулар болып жатқанын және біраз күтуін
ескертіп тұрады. Кейбір қорғаныс нұсқалары арнының деңгейінде қабылдана
береді. Жұмыс істеу режимдері қолданатын өткізу жолағына сәйкес келесі
түрлер бойынша классификацияланады:

25

1. Мұрагерлі режим. Бұл режим алғашқы Wi-Fi нұсқаларымен келісім
үшін қажет. Құрылғы ретінде және 20 МГц құрайтын өткізу жолағы бойынша
802.11ag қатты ұқсайды.
2. Екілі мұрагерлі режим. Құрылғы 40 МГц жолағын қолданады,
сонымен қатар бірдей ақпараттар мен деректер жоғарғы және төменгі
(әрқайсының ені 20 МГц) арналар арқылы жіберіледі, бірақ 90°-қа
ауытқуыменен. Құрылымның негізгі бағыты, оның қабылдауышы қалыпты
станция. Дабылдың екі еселенуі, оның бұрмаланбауына және жоғары
жылдамдықпен жетуін қамтамасыз етеді.
3. Жоғарғы өткізу жолақты режимі. Құрылғылар жолақтың екі жиілігін
қолдайды, олар - 20 және 40 МГц. Бұл режимде станциялар тек қана MIMO
дестелерімен ғана алмасады. Желінің жұмыс істеу жылдамдығы максималды.
4. Жоғарғы арна режимі. Бұл режимде 40 МГц диапазонның тек қана
жоғарғы жартысы қолданылады. Станциялар кез-келген дестелермен алмаса
алады.
5. Төменгі арна режимі. Бұл режимде 40 МГц диапазонның тек қана
төменгі жартысы қолданылады. Станциялар кез-келген дестелермен алмаса
алады.

1.7.2Тез әсер ету амалын жоғарлату
Ақпаратты тарату жылдамдығы көп факторларға (кесте 1.3)
байланысты, ал көбінесе жіберу жолағынан. Кең болған сайын, жылдамдық

көбейеді. Екінші фактор
-
паралелді ағымдардың саны. 802.11n

стандартында арналардың максималды саны төртке тең. Модуляцияның түрі
мен кодтау әдісінің маңыздылығы көп. Бөгеуге қарсы кодтар негізінде
желілерде қолданылады, біраз артықшылықтардың еңгізуін болжайды. Егер
де қорғаныс биттер саны көп болса, онда ақпарат тарату жылдамдығы
азаяды. 802.11n стандартында максималды сәйкес кодтау жылдамдығы 56-ға
дейін, яғни бес битті ақпаратқа бір артықшылық арналған. Кесте 1.3-те QAM
және BPSK квадратты модуляцияның алмасу жылдамдығы берілген. Көріп
тұрғанымыздай, модуляцияның бірдей берілген мәндерінде QAM жұмыс
істеудің жоғарғы жылдамдығымен қамтамасыз етеді.

26

1.3 К е с т е - Әртүрлі модуляцияның кезіндегі ақпараттың тарату
жылдамдығы

1.8 IEEE 802.11n жоғары жылдамдығының факторы

802.11n стандарты тарату жылдамдығын көбейту үшін қолданатые
негізгі үш механизмі:
- бірнеше таратқыш - қабылдағыштар және арнайы MIMO атымен бел-
гілі радиодабылын тарату және қабылдау алгоритмдерді қолдану
- дабылдың жолақ жиілігін 20-дан 40 МГц-ке көбейту
- желіге мүмкіндік деңгейіне протоколды оңтайландыру
Әр механизмді дұрыстап қарастырайық.
Бірінші фактор. MIMO көмегімен, бірнеше ақпарат ағымдарын бір
уақытта бірге жібере аламыз, және күрделі алгоритмдердің көмегімен
қабылдауышта оларды бастапқы қалпына келтіреміз. Көлік жолына
ұқсататын болсақ, бұрын А мен Б нүктесін қосатын тек қана бір жол бар деп
айта аламыз. Ал қазір ондай жолдар көп, және жүйенің өткізу мүмкіндігі
көбейді.
Екінші фактор - қолымызда бар жиілікті жолақтың енін көбейту.
Теориялық келетін арна байланысының өткізу мүмкіншілігі тікелей оның
қолданатын жиілікті жолаққа байланысты. Жаңа стандарттың пайда болған
мүмкіншілігі көршілес 20 МГц-ті арналарды қосып, олардың өткізу

27 Модуляц
ия
Сәйкес
кодтау
жылдамды
ғы
Жіберу
жолағы
, МГц
Тасушыл
ар саны
Арна
саны
СР=800 нс
кезіндегі
жылдамды
қ
СР=400 нс
кезіндегі
жылдамдық
BPSK
12
20
52
1
6,5
7,2
64-QAM
56
20
52
1
65
72
BPSK
12
20
52
2
13
14,4
64-QAM
56
20
52
2
130
144
BPSK
12
20
52
3
19,5
21,7
64-QAM
56
20
52
3
195
217
BPSK
12
20
52
4
26
28,9
64-QAM
56
20
52
4
260
289
BPSK
12
40
108
1
13,5
15
64-QAM
56
40
108
1
135
150
BPSK
12
40
108
2
27
30
64-QAM
56
40
108
2
270
300
BPSK
12
40
108
3
40,5
45
64-QAM
56
40
108
3
405
450
BPSK
12
40
108
4
54
60
64-QAM
56
40
108
4
540
600

қабылетін екі есе көбейту. Егер де автомагистральға ұқсататын болсақ, жол
жүру үшін жол санының көбейді десек болады.
Алғашқы екi фактор физикалық арнаға қатысты. өндiрiстiктi көбейтетiн
үшiншi маңызды факторы - ақпарат тарату протоколын ортаға мүмкiндiк
деңгейiнде қолайландыру. Алғашқы нұсқаларда әрбiр жiберiлген кадр
(ақпарат бөлiгi) қабылдағышпен құпталу керек едi. Жаңа нұсқада блогты
құптау мүмкiндiгi енгiзiлдi. Ақпарат қабылдағышы бiрнеше сәттi
қабылданған кадрларға бiр құптауды бiрден жiбередi. Сол себептен, қызмет
хабары арнада өткенде өткiзу мүмкiншiлiгiнiң бітеліп жүктелуден сақтайды.
Оған қоса, кадрлар арасындағы уақыты азайып, сол себептен пайдалы өткiзу
мүмкiншiлiгi көбейдi. Өмiрiмiздегi заттарға ұқсататын болсақ, кадрларды
тауарларды таситын контейнерлерге ұқсатсақ болады. 802.11n
стандартыныңi жаңа ережелерi контейнерлер арасындағы ара қашықтықты
азайтып, диспетчерге әрбiр жүктi бiр-бiрден емес, ал бiрден бәрiн бiрге
қабылдау мүмкiндiгiн бередi.

1.9 Wi-Fi сымсыз желісінің топологиясы

802.11 стандарт байлыныстары келесі топологиялардың әрбірімен
құрала алады:
- Тәуелсіз базалық қызмет ету аймақтары (Independent Basic Service
Sets, IBSSs);
- Базалық қызмет ету аймақтары (Basic Service Sets, BSSs);
- Кеңейтілген базалық қызмет ету аймақтары (Extended Service Sets,
ESSs).

1.9.1 Тәуелсіз базалық қызмет ету аймақтары (IBSS)
IBSS 802.11 стандартына сәйкес бір-бірін жалғастырып қосып жұмыс
істейтін топтарды ұсынады. Сурет 1.10-да берілгендей, 802.11 стандартының
сымсыз желілі интерфейсті карталармен (network interface card, NIC)
қамтамасыз етілген станциялар арасында IBSS құрып және бір-бірімен
байланысқанын көре аламыз.

28

1.11 Сурет - Ad-Hoc желісі (IBSS)

Жеке құрылғы - клиенттер өз-өзін қолдайтын жеке қосылу нүктесін
(AP - Access Point) қолданбайтын желі құрайтын арнайы желі немесе
тәуелсіз базалық қызмет ету аймағы. Бұндай байланыс құру алдын ала
қойылатын жерді зерттеу, алдын ала жоспарлауды қажет етпейді, сондықтан
олардың көлемі үлкен болмайды. Бір-біріне ақпарат тарату жағдайы туатын
кезде, сол ақпаратты жіберіп - қабылдау мүмкіндігі бар шекті аймақтарда
қолданылады.
IBSS-де қосылу нүктесі болмағандықтан, уақытты бөлісу (timing)
орталықталмаған жағдайда жұмыс істейді. IBSS-ге таратуды бастайтын
клиент, маякты дабылдың тарату момент уақытының жиытығын құру үшін
синалды (маякты) интервалды (beacon interval) береді. ТВТТ біткенде, әрбір
IBSS клиенті келесі қадамдарды орындайды:
- Алдыңғы TBTT-ның істемей қалған таймер кідірістерін (backoff timer)
тоқтатады;
- Жаңа кездейсоқ кідірістерді анықтайды;

1.9.2Базалық қызмет ету аймақтары (BSS)
BSS - станцияларды бір-бірімен жалғайтын, 802.11 стандарты
бойынша жұмыс істейтін топ. BSS технологиясы AP (Access Point) қосылу
нүктесі деп аталатын арнайы станцияларды болуын қажет етеді. Қосылу
нүктесі - бүкіл BSS станциялары үшін орталық байланыс жері. Клиенттік
байланыстар бір-бірімен тікелей байланысқа бармайды. Оның орнына олар
қосылу нүктесіне байланысады, ал қосылу нүктесі кадрларды адресатты-
станцияларға жібереді.
Қосылу нүктесінің құрамында шығыс арнаның порты (uplink port)
бола алады, ол арқылы BSS сымды желіге (мысалы, Ethernet шығыс арнасы)
қосылады. Сондықтан, BSS-ті BSS инфраструктурасы деп атайды. 1.11
суретте BSS-тің инфраструктурасы берілген.

29

1.12 Сурет - BSS локалды сымсыз желісінің инфраструктурасы

1.9.3 Кеңейтілген базалық қызмет ету аймақтары (ESS)
BSS инфраструктураның бірнешеуі өздерінің шығыс арна интерфейсі
арқылы бір-бірімен қосыла алады. Стандарт 802.11 істейтін жерде, шығыс
арна интерфейсі BBS-ті тағайындау жүйесімен (Distribution System, DS)
жалғастырады. Тағайындау жүйесі көмегімен бір-бірімен қосылған бірнеше
BSS, кеңейтілген базалық қызмет ету аймақтарын (ESS) құрайды.
Тағайындайтын жүйеге қосылатын шығыс дабыл сымды байланысты
қолдануы міндетті емес. 1.12 суретте ESS-ні практикада қолдануы берілген.
802.11 стандартының спецификациясы бұл арнаны сымсыз жүзінде
қолдануғы мүмкіндік береді. Бірақ көбінесе тағайындау жүйесіне баратын
шығыс дабылдар Ethernet технологиясының сымды арналары ретінде
ұсынылады.

1.13 Сурет - Кеңейтілген базалық қызмет ету аймақтары (ESS)

30

1.10 Сымсыз Wi-Fi желілерінің жұмысына әсер ететін бөгеттер және
олардың себептері

Өзімізге белгілі болғандай, сымсыз байланыстарда дабыл жіберу үшін
радиотолқындар (радиоэфир) қолданылады, сол себептен құрылғылардың
жұмысы және желіде ақпарат тарату кебелдердің қолдануысыз жүзеге асады.
Соған байланысты сымсыз желілердің жұмысына әртүрлі бөгет түрлері
болады. Келесі тізім Wi-Fi (IEEE 802.11bgn) сымсыз байланыстарына әср
ететін бөгеттер:

1.
Сіздің жұмыс істеп отырған радиустағы жұмыс істеп жатқан

басқа Wi-Fi құрылғылары (қосылу нүкте, сымсыз камералар және тағы
басқа). Себебі Wi-Fi құрылғыларға бірдей жиілікте жұмыс істеп жатқан
құрылғылардың кішігірім бөгеті болса да әсер етеді. Сымсыз желіліерде екі
жиілік диапазондары қолданылады - 2,4 және 5 ГГц. 802.11bg стандартының
сымсыз желілері 2,4 ГГц диапазонында, 802.11a стандарты 5 ГГц, ал 802.11n
стандарты 2,4 ГГц және 5 ГГц диапазонында жұмыс істей береді. 2,4 ГГц
жиілікті жолақта сымсыз желілер үшін 13 арна бар, олар ені 20 МГц-ті
(802.11bgn) немесе арасында 5 МГц интервалды 40 МГц-ті (IEE 802.11n).
Wi-Fi қолданатын сымсыз құрылғы 13 жиілікті арнаның бірін қолданса,
көрші арналарға бөгет туғызады. Мысалы қосылу нүктесі 6-шы арнаны
қолданса, қатты бөгеттер 5-ші және 7-ші арналарға әсер етеді, және әлсіздеу
бөгеттер 4-ші және 8-ші арналарға, солай жайыла береді. Арналардың
арасындағы бөгеттерден құтылу үшін арналар бір-бірінен 25 МГц-ке (5 арна
арасындағы интервал) қалып тұру керек.

1.14 Сурет - арнаның спектрі көрсетілген.

Түсті кодтау бір-бірімен кездеспейтін арналарды көрсетеді - [1,6,11],
[2,7], [3,8], [4,9], [5,10]. Бір аймақта орналасқан әр түрлі сымсыз желілерді
бір-бірімен қиылыспайтын арналарда құру қажет.

31

2.

Сіздің Wi-Fi құрылғысы істеп тұрған аймақтағы жұмыс істеп

тұрған Bluetooth құрылғылары.
Bluetooth құрылғылары Wi-Fi құрылғылары істейтін жиілік

диапазонында да жұмыс істейді
-
2,4 ГГц. Сәйкесінше Wi-Fi

құрылғыларының жұмысына әсер тигізуі мүмкін.

3.
Wi-Fi құрылғыларының арасындағы үлкен қашықтық.

Сымсыз Wi-Fi құрылғыларының істеу радиусы шектеулі. Мысалы
802.11bg стандартының Wi-Fi қосылу нүктесінің істеу радиусы 60 м жабық
жерде, ал ашық жерлерде 400 м-ге дейін жетеді. Жабық жерде істеу
қашықтығы бірнеше метрге азаюы мүмкін - бөлменің орналасуына,
қабырғалардың болуы және де басқа да бөгеуілдер.

4.
Бөгеттер

Әртүрлі бөгеулдер (қабырға, жиһаз, металл есіктер және тағы басқа)
Wi-Fi құрылғылары арасында орналасса біраз немесе бірталай кедергі
келтіріп, радиодабылдарды шағып немесе жұтып, дабылдың жартылай
немесе бүтін жоғалуына себепкер бола алады.
Көп қабатты ғимараттарда негізгі кедергі ғимараттардың өздері болып
табылады. Күрделі қабырғалар (бетон+арматура), жапырақты металл,
қабырғадағы штукатурка, сымды негіздер және сол сияқтылардың болуы,
Wi-Fi құрылғыларының жұмысына нашар әсер етіп, радиодабылдың сапасын
төмендетеді.
Жабық жерде кедергінің себепкері айна және тонировка жасалған
терезелер болу мүмкін.
Астыда берілген кестеде әр түрлі ортадан өткен Wi-Fi дабылының
жоғалту әсері

1 . 4 К е с т е - Бөгеттердің тізімі және олардың әсері

Әсерлі қашықтық - ашық аймаққа қарағанда, берілген кедергіден
өткеннен кейін тарату радиусы қаншалықты өзгеретінін білдіреді. Мысалы,

32Бөгеттер
Қосымша жоғалтулар
(dB)
Әсерлі
қашықтық*
Ашық аймақ
0
100%
Таза терезе (металл жабынуы жоқ)
3
70%
Тонировкалы терезе
(металлдыжабынулы)
5-8
50%
Ағаш қабырға
10
30%
Бөлме аралық қабырға (15,2 см)
15-20
15%
Тірегіш қабырға (30,5 см)
20-25
10%
Бетондыедентөбе
15-25
10-15%
Монолитті темір жабынулы
20-25
10%

ашық аймақта Wi-Fi-дің тарату радиусы 400 метр болса, бөлме аралық
қабырғадан өтекеннен кейін ол 400 м * 15% = 60 метрге дейін азаяды. Екінші
қабырғадан кейін тағы да 60 м * 15% = 9 метрге.Үшіншісінен кейін 9 м * 15%
= 1,35 метрге. Сол себептен, үш қабырға арқылы байланыс орнату қиындық
туғызады.
Ашық жерде тарату дабылға аймақта орын алған бөгеуілдер (мысалы,
ағаш, орман, тау етегі).
Атмосфералық бөгеттер (жаңбыр, жауын, қар) де сымсыз байланыстың
дабылына кедергі болады.
Wi-Fi құрылғысы істеп тұрған аймақтағы тұрмыстық техниканың
әсері.Wi-Fi байланысының сапасын төмендеуіне әсер ететін тұрмыстық
техникалардың тізімі:
-Микротолқынды пештер. Олар Wi-Fi дабылын әлсіздендіре алады,
және олар да 2,4 ГГц диапазонында жұмыс істейді.
-Балаларды тыңдайтын рация. Бұл құрылғылар 2,4 ГГц диапазонда
жұмыс істейді, және Wi-Fi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сымсыз желі құрылғылары
LTE Advanced технологиясының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін зерттеу
Тез арада арнадан арнаға ауысуы
Сымсыз байланыс желілері
Аcтана қалаcында WiBro технoлoгияcының негiзiнде кең жoлақты байланыcын oрнату барыcы
Сымсыз желі стандарттары
Сымсыз желілерді кеңейту технологиялары
Базалық станцияны басқарушы сервер
Сымсыз байланыс жүйелері
Сымсыз желілер түсінігі
Пәндер