СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
НАУАТБЕК Ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________
Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________
Орындаған ___________________________________ ________
(аты-жөні)
20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ ______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ __________________________________
Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж _________________
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ______________
___________________________________ _______________________________
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ _________________
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Арал-Сырдария бассейні
5
1.2 Сырдария өзені суының сапасы
8
1.3 Арал теңізінің экологиялық жағдайы
11
1.4 Сырдария өзені аңғарындағы су ресурстарын қорғау
16
2 СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Климаты
20
2.2 Инженерлік-геологиялық сипаттамасы және гидрография
22
3. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Қызылорда облысына жалпы сипаттама
28
4 СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
4.1 Қызылорда қаласы атмосфералық ауасының жағдайын зерттеу нәтежиелері
31
4.2 Сырдария өзені суының сапасын зерттеу
37
4.3 Ауыз су сапасы көрсеткіштері
39
4.4 Қызылорда қаласы мен аудандарының радиациялық фонының дәрежесі
45
4.5 Сырдария өзені маңында өмір сүретін халықтың денсаулығын бағалау
46
ҚОРЫТЫНДЫ
52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
53
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарын үнемді пайдаланудың маңызы зор және 2030 программасында айтылғандай қазіргі мен болашақ ұрпақта жер байлықтарын, су ресурстарын, ауа мен судың таза сақталуына табиғи байлықтарды өндіруді қамтамасыз етуге және адамды қоршаған ортаның жақсаруына қажетті шарттар орындалып жатыр. Қазақстан республикасының даму стратегиясында экологиялық мәселе ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Жаһандық климаттың жылынуы, атмосфераның антропогендік ластануы, жер беті суы сапасының төмендеуі, өндіріс қалдықтарының артуы Сырдария аңғарының экологиялық жағдайына үлкен әсерін тигізеді. Сырдария өзені аңғары экологиясына келетін болсақ, мемлекетіміздің ең ауыр, мүшкіл жағдайдағы экологиялық ауасы ластанған өңір болып табылады. Бұған басты себеп Арал проблемасын үлкен бір апат ретінде айтып өтуге болады. Арал тағдыры тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес, себебі Арал тағдыры әлемдік проблемға жатады. Аралдан атмосфералық ауаға ұшқан тұздары, сонау Анктартида мұздықтарынан табылып жатыр. Сондықтан Сырдария аңғарының экологиялық жағдайын бағалап және сол жердің ауасындағы ластағыш заттарды анықтап табиғи ресурстардың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын қарастыру өзекті мәселе болып табылады.
Сондықтан Сырдария өзені аңғарының экологиялық мәселелерін бағалау арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу қажет..
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Сыр өңірі экологиясын тұрақтандыру бағытында көптеген ірі жұмыстар орындалып жаиыр. Арал теңізін толықтай қалпына келтіріп, оны сақтау қазіргі күнде мүмкін болмағандықтан, Көкарал бөгетін тұрғызу арқылы Арал теңізінің солтүстік бөлігін Кіші Арал теңізі ретінде сақтап қалу жүзеге асырылды. Нәтежиесінде Балық қоры көбейді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, Арал және Қазалы аймақтарының экологиялық ахуалы жақсаруда. Сырдария өзені арнасын реттеу бағытында Ақлақ Әйтек, Қараөзек бөгеттері тұрғызылып, Қызылорда және Қазалы су торабтарына күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды [9].
Дегенмен, қайтқан теңіз табанынан көтерілген құм мен тұз көшкіні аймақты аласапыранға түсіреді. Өңір экологиясын жақсарту, Сыр аймағын шұрайлы орталыққа айналдыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әлі де болса қиыншылықты жеңе алмай тұр [Баймуратов, 1990; Бобылев, Ходжаев, 1997; Досманбетов и др., 1998; Шарипова и др., 2000].
20-шы ғасырдың соңында Қызылорда облысының территориясына экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жүргізілген мониторинг аймақтағы топырақ, су, өсімдік өнімдерінде және жануарлардың ұлпаларында токсиканттардың, ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, гербицидтердің, симметриясыз диметил гидразин және т.б. шекті рауалы концентрациядан айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті [Баевский, 1991; Курманбаев, 2001]. Облыс бойынша адам мен жануарлардың организмдеріне ортаның экстремалды факторларының әсерінің айқындалу деңгейі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта жоғарылайтыны көрсетілген [Колбай, Ибадуллаева, 2001; Бахтиярова и др., 2005].
Сырдария өзені аңғарындағы қоршаған орта жағдайына әсер ететін факторлар:
1) климаттың құрғауы;
2) су ресурстарының аздығы;
3) ауыз судың химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;
4) жердің беткі қабатының тұздануы;
5) табиғи ортаның антропогендік түрлі тастандылармен ластануы.
Сырдария өзені аңғарында тұратын адамдардың қан аурулары және қанжасау органдарының аурулары орташа республикалық көрсеткіш бойынша 3,5 есе жоғары, әйелдердің 90% анемиямен зардап шегуде.
1.1 Арал-Сырдария бассейні
Арал-Сырдария бассейнінің ауданы 345 мың км2 жерді алып жатыр жəне ол Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстарын қамтиды. Бассейн маңындағы халықтың саны 2,6 млн-ға жуық (жалпы Республика халқының 17 %), оның ішінде қала тұрғындары 1,2 млн адам (46 % бассейін бойынша) жəне ауыл халқы 1,4 млн адам (54 %) [41].
Бассейннің негізін Сырдария өзені құрайды. Ол Қазақстаннан тыс жерде Ферғана даласында жатқан Нарын мен Қарадария өзендерінің біріккен жерінен бастауын алады . Біріккен жерінен оның жалпы ұзындығы 2212 км, ал Нарын өзені бастауынан 3019 км. Өзен Қазақстан территориясы бойынша Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін 1627 км-ге созылып жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 346 км, Қызылорда облысында 1281 км-ге созылған. Қазақстан территориясындағы Сырдария өзенінің ірі салалары Келес, Арыс, Бадам, Боролдай жəне Бұғын болып табылады. Сонымен қатар, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен ағып түсетін майда өзендер [102,105].
Сырдария өзен бассейннің су қорлары орта есеппен алғанда 37,9 км2 құрайды. Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы су қорларының 21 - 23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі 9 - 7 % [46].
Су шаруашылық шаралары адам өміріне көп пайдалы әсер етеді, өмір сүру жағдайы көтеріледі және жақсарады. Жаңа аудандар игеріліп, оған көшіп келушілер көбейеді, жұмыс істеу жағдайы, жаңа демалу, денсаулықты жақсарту, саяхат жағдайлары жақсарады.
Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады. Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн. га жерді қамтыды. Коллекторлы-дренаждық сулардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы [32].
Аймақта 1966-1990 жылдары кең ауқымды ауылшаруашылығы және су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде көптеген ірі кемшіліктер орын алған. Олар: игерілген жерлерде ғылыми негізделген коллектор-кәріз жүйелері тұрғызылмаған, дақылдардың суару мөлшерін есептегенде өзен суының тұздылығы ескерілмеген, агротехникалық шаралар толық сақталмаған, ауыспалы танаптар тиісті дәрежеде қолданбаған және т.б. Осыған байланысты су тапшылығы өсіп, алқаптардың экологиялық-мелиоративтік және аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары нашарлаған.
Жалпы Сырдария бассейнінде халық саны 1940 жылдан 2006-ға дейін 4.2 есеге, яғни 10.6 млн. нан 44.9 млн. адамға өскені белгілі [9]. Ал суармалы жерлер осы кезеңде 2.1 есеге (3.8 млн. га-дан 7.95 млн. га). Сонымен жалпы су алу жылына 52.3 км-тен 107.5 км-ке көбейген [2]. Алайда 1 га суармалы егістікке алынатын су мөлшері 12 мың мга болып, бұрынғы деңгейде қалған. 1970-1980 жылдар аралығында адам босына шаққандағы су тұтыну 2 есеге азайған (5000 м-тан 2394 м-қа). Бір ғасыр бойы Сырдария өзенінің суы суармалы егістікке пайдаланылып келді.
Сырдария өзенінің төменгі ағысында судың сапасын сақтау, су көздерін ластанудан қорғау, суды үнемдеу, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері туындап отыр.
Сурет 1.1. Сырдария өзені бассейнінідегі Қазақстан бөлігінің су ресурстары мен су пайдалану графигі
Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі, оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесінде суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Сонымен қатар Сырдария өзені суының сапасына аса көңіл бөлген жөн. Себебі Сырдария өзенінің суының сапсы күннен-күнге нашарлауда.
Бұл бассейнде қайтарылған төгінді сулар су қорларының басым бөлігін құрайды. Соңғы жылдарда суармалы жерлерден тасталған шайынды және дренаж сулары, өндіріс пен муниципалдық пайдаланушылардың төгінді суларынан тұратын қайтарымды ағын судың орташа жылдық мөлшері 13.5 км-тен 15.5 км. Жалпы қайтарылған судың 95% дренаж сулары болса, оның 5% тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сектордан тасталған сулардан тұрады. Дренаж мөлшерінің көп болуы суармалы егістік алынған судың 45-50%-ғана пайдаланатынын көрсетеді [32].
Сырдария бассейнінде ирригация-мелеоративтік құрылыс дамыған. Сырдария өзенінің жоғарғы ағысы гидроэнергетикалық мақсатта пайдаланылады. Жалпы қуаты 776.4 мың кВт ГЭС салынған.
2003 - 2005 жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м3сек жоғарылатылған бос ағызулар түсіргендігін айтып кетуге болады [88].
Қазіргі кезде Отандық және шетелдік ғылымда ауыл шаруашылығына берілетін суды тиімді және ұтымды пайдалану концепциясын құруға көптеген талпыныстар бар. Бірақ, оларды Сырдария өзенінің төменгі ағысына қолдану табиғи климаттық ерекшеліктеріне байланысты мүмкіндік түдырмайды. Сондықтан, қойылған қойылған мақсатқа жету үшін нақты топырақ-климаттық жағдайларды, өзен суының гидрохимиялық құрамын ғылыми негізділігіне, егілетін дақылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егістік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдардың түрлерін дұрыс таңдау, ауыспалы егістік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару технологиясы, топырақ қасиетінің және құрамының өзгеру факторлары, және өнім сапасына көңіл бөлу керек.
Қазіргі таңда Сырдария өзені суы түгілі дерлік халық шаруашылығының түрлі салаларына пайдалануына байланысты өзен геожүйелерінің құрамдас бөліктеріне әсер етущі антропогендік процестерінің шаруашылықтық экологиялық ерекшелігіне сәйкес мұнда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік, техногендік яғни антропогендік факторлардың барлық түрлері дамыған. Сондықтан да өзен геожүйелерінің антропогендік өзгерісіне дұрыс талдау жасау және оны қорғау шараларына ғылыми тұрғыдан баға берудің маңызы зор.
Сонымен қатар аймақ ландшафтысының қарқынды шөлдену мен тұзданудын және эрозиялық процестердің әсеріне ұшырауы себебінен ауыл шаруашылығы айналымындағы жерлердің биологиялық өнімділігі кеміп, өзен бойларында тараған шалғынды-тоғайлы оазистер мен ксерофиттіэфемерлі шөптесін өсімдік жамылғысының жойылып кету қауіпі байқалуда.
Бүгінгі таңда өзен бассейні геожүйелері антропогендік факторлардың әсерінен қарқынды ұшыруына байланысты экологиялық ақуал нашарлап, табиғат апатына ұшыраған аймақтардың біріне айналып отыр.
1.2 Сырдария өзені суының сапасы
Сырдария (ертедегі грек деректеріндегі Laxartes, орта ғасырлық деректерден Сейхун деп аталған) Орта Азиядағы ұзын өзен болып табылған. Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алады және Қарадария мен Нарын өзенінің Ферғана қазаншұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен Сырдария аталап Арал теңізіне келіп құяды [41].
Сырдария - Орта Азиядағы Амудариядан кейінгі екінші су сақтағыш өзен. Су жинау алабы - 219 мың км2. Барлық су қоры - 31,42 км3, соның 21,90 км3 - Өзбекстан Республикасы , 3,39 км3 - Қырғыстан Республикасы өзендерінен келеді [41].
Ферғана аңғарында Сырдарияның тұрақты салалары жоқ. Ертеректе Сырдария өзеніне Қазансай, Чубасай, Чадаксай, Исфайрамсай, Шахимардансай, Исфор және т.б. Шаған өзендер құйған. Ал қазір олардың суы жергілікті жерлердегі суландыруға пайдалынады. Сондықтан бұл өзендердің ешқайсысы Сырдарияға қазір құймайды.
Сырдария өзені ағысының бір бөлігі (300 км-ден) терістігіндегі Шатқал жоталары мен түстігіндегі Түркістан жоталарының арасында кеңінен жойылып жатқан Ферғана жазығымен өтеді.
Сырдария сужинағышының орташа биіктігі Амудариядан əлдеқайда төмен, соның нəтижесінде мəңгі қарлар мен мұздар бұл жерде аз дамыған. Сырдария бассейннің барлық ірі өзендері (Нарын, Қарадария, Шыршық жəне Сырдарияның өзі) қорегін қар мұздықтардан алады. Олардағы судың көп мөлшерде жұмсалуы əсіресе маусым айларында байқалады.
Сырдария өзені Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысын сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Арал теңізінің солтүстік бөлігінің экожүйесін тұрақты ұстап тұру көзі болып табылады.
Сырдария өзенінің суы санитарлық гидробиологиялық, гидрохимиялық шаруашылық іс-әрекетінің әсерінен өзгереді. Соның салдарынан өзін-өзі тазарту қабілеті төмен болғандықтан, қауіпті экологиялық аймаққа жатады.
Сырдария өзеніндегі судың үлкен дәрежедегі минерализациялығы жоғарғы ағыстан көп пайдаланған лас суларды тастағаннан құралады.
Өзен суының химиялық ластануы салдарынан ең ауыр экологиялық, экономикалық және әлеуметтік өсуі төмендеп жатыр.
Қызылорда облысы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, негізінен, Сырдария суын пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Санитарлық ұйымның ақпараты көрсеткеніндей, Сырдария суының Қызылорда тұсында кейінгі он жылдық мәләмет бойынша өзен суының тұздылығы 1,3гл, жалпы кермектілігі 11,6мгэквл ал кейбір тұзды компанентердің қоспасы 1,5-2 есеге артқан [6].
Суару мелиорациясы басталмай тұрған кезде Сырдария суының жалпы тұздылығы жоғары сағасында 0,25 гл болса, төменгі ағысында 0,5-0,60 гл болған. 1950 жылы Сырдария суының тұздылығы 1,0 гл жеткен. 1970...1980 жылдары суармалы жердің көбеюіне байланысты Сырдария суының тұздылығы орта есеппен 1,5-1,7 гл, ал Қазалы маңында 1,8 гл жеткен [93].
Сурет 1.2- Сырдария өзені суының минерализациясы, 1994 жыл
Сурет 1.3-Сырдария өзені суының минерализациясы, 2006 жыл
Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы судың минералдануы кең көлемде ауытқып отырады. 2004-2009 ж. ол 1,5-нан 3,9 гдм3 дейін өзгеріп, 2010 ж. тамыз айындағы шамадан көп болды, ол кезде бұл көрсеткіш 1,0 гдм3 жоғары болмаған.
Сырдария өзенінің су режимінде арнаның екі фазасы көктемгі тасқын су және жазғы су тапшылығы болып белгіленеді. Соңғы жылдардың гидрографиялық анализдің көрсетуі бойынша негізгі ағын көлемі желтоқсан- сәуір аралығында байқалады, орташа мөлшері 50м3с аспайды. Сәуір айының мөлшері күрт азаяды және желтоқсан айының мөлшері 10м3с болып судың таяздағаны байқалады.
Оңтүстік аймақтың сумен қамтамасыз етілуінде Тоқтағұл су қоймасы басты роль атқарып келді. Ол бірнеше жыл бойы су ресурстарының жетіспеушілігінің орнын толтырып отырды. Орталық Азия мемлекеттері егемендік алғанға дейін Сырдария өзеніндегі барлық су шаруашылық нысандары өзара байланыстырылған жүйе ретінде қарастырылған, ал Тоқтағұл су қоймасы негізгі реттеуші функция атқарған және бұл жүйенің тұрақтылығын толығымен қамтамасыз етіп отырған.
Сырдария өзенінің 1960 жылға дейінгі орташа ағысы 31.0 км болған, 50%-тік қамтамасыз етілу жылдарында өзен ағысы 37.4 км болады. Қазіргі күнде өзеннің су ресурстары 37.203 км болса, оның 2.426 км Қазақстанда қалыптасады. Сонымен Қазақстан шекарасына келетін жылдық ағын 34.777 км [93].
Сырдария өзенінің су ресурстарының өзгеруі 1960 жылдан 2000-ға дейінгі аралықта 30-40% азайғаны байқалады, кей жылдарда 2 еседен азайып кеткен [2].
Сырдария өзеніндегі судың үлкен дәрежедегі тұздылығы жоғарғы ағыстан пайдаланған лас суларды тастағаннан құралады. Өзбекстан мен Тәжікстан кәсіпорнының сарқынды сулары Сырдария өзенінің суының сапасына кері әсерін тигізуде.
Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы 3000-ға тарта көлдердің 140-ғана қалған. Шабындық ауданы 4 есеге, сексеуіл алқабы 760 мың гектарға, қамыс өскен жерлер 800 мың га-дан 30-50-ге дейін, тоғайлар 130 мың гектарға қысқарды. Жағалауда мекендеген сүт қоректілер 70-тен 30-ға, құстар түрі 319-дан 168-ге дейін азайып кетті және табиғи балық қорын қайта өндіру тоқтатылды [3,82].
. Өзен арнасының, көлдер мен сазды жерлердің кеуіп кетуі табиғи ресурстарға кері әсерін тигізді: Осы өңірдегі 178 түрлі жануарлардың тек 38-і қалды. Тоғайлар мен қамыстағы көптеген жануарлардың түрлері біржолата жойылып кетті. Балық және су транспорты шаруашылықтары толық тоқтатылды. Арал теңізі бассейніндегі 7,9 млн.гектар суармалы жерлердің 5,2 млн. гектарын тұз басты, оның 4,5 млн. гектарында дренаж жүйесі бар.
Сырдария өзенінің су ресурстары қатты ластанған, Қызылорда облысының территориясына жеткенге дейін, Сырдария өзеніне 140 коллектордан жылына 10-12 км төгінді су тасталады. Сырдарияның төменгі ағысында экологиялық қауіпсіздікті тұрақтандыру, бұл проблеманы Арал бассейнінде тек кешенді түрде қарап, оның ішінде су ресурстарын ықпалдасып басқаруды енгізу, сол арқылы экологиялық апатты болдырмауға қол жеткізуге болады.
1.3 Арал теңізінің экологиялық жағдайы
Арал теңізі - көлемі бойынша әлемдегі төртінші орындағы көл болған. Суы азайып кеткен теңіз өзінің су көлемінің (34) бөлігін жоғалтты, бетінің ауданы 30,0 мың км2 азайып, су деңгейі 19 м дейін төмен т.скен. Теңіз өзінің кебуімен 33,0 мың км2 жалаңаштанған теңіз түбін қалдырды. Бірақ, олар жер шарындағы көкпеңбек су қоймасының жойылуының соңғы куәгері, сонымен бірге, қоршаған орта үшін қауіпті. Аймақтағы кері қайтқан судан қалған мыңдаған тонна тұздар күшті желдің көмегімен жүздеген километрлерге таралып ол ауаға көтеріледі. Пестицидтер мен тыңайтқыштардың қалдықтарымен қоректенетін күріш, мақта, ауыл шаруашылығының тонналаған химикаттары өзен суымен келетін тұзбен беріледі. Бұрынғы теңізбен салыстырмалы аймақтың тұзды шөлінде өмір сүру мүмкін болмай қалды. Ғалымдардың айтуы бойынша, қоршаған аумаққа түскен 30-дан 150 млн. тоннаға дейінгі шаңдар мен тұздар ауылшаруашылығын химикаттармен ластаған.
Сурет 1.4 - Арал теңізі деңгейі мен ауданының азаю динамикасы
Сырдария өзені аңғарындағы аймақтың климаты теңіздің құрғағандығынан өзгеріске ұшырады. Бұрында жаз айларының ыстығында үлкен желдеткіштің қызметін атқаратын, ал қыста, Сібірден келетін салқын желді азайтатын.Теңіздің кебуімен аймақ климаты суық және қарсыз қысымен, жазы-өте ұзақ, ыстық және құрғақ қауырт континентальді болып өзгерді.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі 30-60 м, тұздылығы 10-12% болған..
Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына жылына 50-150 мың балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Теңіз балық шаруашылығы, аң шаруашылығы, көлік және рекреациялық аймақ ретінде пайдаланылған.
Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың.м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың.м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200км-ге дейін азайды [108].
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген болатын. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал-Сырдария бассейнін игеру қолға алынады. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5 есе, Түркменстанда 2,4 есе, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты.осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды [100].
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етті. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударды.
Арал өңірінде адамдардың денсаулығының көрсеткіштері төмен. Соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкеледі. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңіріндегі проблема әлемде жақсы белгілі, оның негізгі себебі су ресурстарын тиімді пайдаланбай, Арал теңізі деңгейінің +53,0 метрден +38,0 метрге дейін төмендеуі.
Арал теңізі бассейніндегі экологиялық дағдарыс өзінің тигізген зардаптарына қарай 449 млн. адамы бар бес мемлекеттің аумағын қамтыған ең ірі апат ретінде сипатталады. Соңғы 40 жыл ішінде Әмудария және Сырдария өзендерінен суармалы егіншілікке қарқынды су алу салдарынан теңіз деңгейі 17-19 м-ге дейін төмендеп, оның су ресурстарының көлемі 75%-ке кеміді. Теңіз суының минерализациясы 10%-дан 60%-ға көтерілді. 80-жылдардың соңында теңіз бұрынғы қалпында мүлдем толмай қалды, жоғалуы 60 км-ден 100 км-ге дейін кеміп кетті. Осының салдарынан аймақ шөл далаға айнала бастады, құрғаған жерлерде эрозия процесстері басталды, табиғат жағдайы мен климат өзгеріске ұшырады. Теңіз суы сапасының төмендеуімен тұз бен құмның ұшуына байланысты халықтың денсаулығы нашарлады [93].
Бұл жағдайдың басқа да салдарлары қауіптілігі жағынан еш кем түспейді:
-өзендегі және жер асты суларының сапасының төмендеуі;
-жердің тұздануымен батпақтануы;
-суармалы жерлердің бұзылуы мен аймақтардың шөлге айналуы;
-су көздерінің су және тұз режимдерінің тұрақсыздығы;
-әртүрлі су көздері мен ландшафтардың биологиялық түрлілігі мен өнімділігінің төмендеуі.
Шекаралас мемлекеттер аумағында, сонымен қатар Қазақстан Республикасында экономика салаларының дамуы нәтижесінде Сырдария өзенінің су ресурстары азаюда.
Ағының ең жоғарғы төмендеуі 1971-1980 және 1981-1990 жылдар аралығында байқалған. Осы кезеңде Арал теңізіне келетін су 2 есеге дейін азайған. Алдағы уақыттарға қарағанда 2001-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына келетін су мөлшері алдағы жылдармен салыстырғанда көбейе бастаған. Бұның себебі суы мол жылдар болуына және мемлекеттердің нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1970-1980 жылдарда Сырдария өзені бойынша Қазақстанға келетін су көлемі 20-30 км болса, 1989-1990 жылдары небәрі 5-8 км болған [1,4].
1960 жылы Арал теңізіне келетін су көлемі 14.0 км құрайды. Сырдария өзенінің Қазақстан бөлігіндегі табиғат кешеніне қажетті су мөлшері жылына 11.1 км болады. Жылына 2.0 км суармалы егіске алынады, ал қалған 8.0 км Арал теңізі маңындағы көлдер жүйесінің қажеттілігі болып отыр. Сонымен Қазақстан бөлігіндегі табиғат кешенінің қажеттілігі жылына 3.1 км болады.
Арал теңізінің тартылуы салдарынан 3,6 млн. га жер теңіздің құрғаған табаны үлкен тұзды шөлге айналды. Нәтижесінде тұщы сулы теңіздің орнына ащы тұзды үлкен көл пайда болды. Үш құмды шөлдің ортасында тұзды шөлдегі.
Сурет 1.5- Арал теңізінің космостан түсірілген қазіргі жағдайы, 2012 жыл
1985-1986 жылдары +41 м БС-да Ұлы теңізден Кіші Солтүстік Арал теңізінің толық бөлінуі орын алды. Бұл ауданы 6000 км2 болатын жаңа шөл даланың пайда болуына әкелді. Оның беткі қабатында 1 мрлд. тоннадан аса тұз қоры бар. Теңіз су деңгейінің 30 м-ге дейін төмендеуі Үлкен теңіздің батыстағы терең бөлігі аралдарымен таяз шығыс бөлігінен толық бөлініп кетті. Үлкен теңізден Кіші теңізінің бөлінгеннен кейін олардың режимі екі түрлі сценариде болды. Сырдария өзенінде соңғы жылдардағы судың мол болуы Кіші теңіздің су деңгейінің көтерілуі мен суының минерализациясының азаюына әсер етті. Солтүстік Арал теңізінің 41-42,5 м белгіге дейін толуы САТ жасаудың дұрыстығын көрсетеді. Бірақ САТ жасау Арал бассейнінің Қазақстан бөлігіндегі пайда болған мәселелерді толығымен шеше алмайды. Сонымен Арал теңізі бұрынғы қалыпта қалпына келмейтіндігі белгілі болды. Теңіз бірнеше жеке көлдерге айналды, олардың өз су-тұз балансы бар және болашағы бес мемлекеттің қандай су саясатын жүргізуіне байланысты.
Арал теңізінің өзіндік ерекшелігі оның әлемдік мұхитпен байланысы жоқтығы және ағынсыздығы акваторий өлшемі болып табылады. Сондықтан теңіздің су және тұздың балансы, гидрологиялық және гидрохимиялық режимі, биологиялық өнімділігі, сонымен қатар теңіздің географиялық нысан ретінде болуы орта Азиялық екі өзен Әмудария мен Сырдарияның ағын суының көлемімен анықталады.
Арал экологиясы - шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті [93].
1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 - 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды.
Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 - 59 ж. ақпан - наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 - 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 - 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 - 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 - 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 - 30%-ға азайды [93].
Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10-12 күн ертерек түсетін болды.
Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 - 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 - 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты [36].
Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 - 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. Арал-2006 бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 - 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 - 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 - 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде [3].
Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. Қызыл кітапқа енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде [3].
Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 - 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері Аралды құтқару қорын ұйымдастырды. Қазақстанның Байқоңыр аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет Арал өңірінің экологиялық картасы жасалды (1992) [82].

Экологииялық талаптарға сайға жүргізілетін шаралар:
- жаңа объектілер, су және қоршаған ортаға зиян келтірмеу;
- су пайдалану мөлшерін азайту, айналмалы және қайта пайдалану жүйесіне көшу;
- пайдаланылған суды тазартып, екінші рет басқа өндіріске пайдалану;
- қазіргі ескі технологияны жаңарту, әр түрлі лас суларды жеке тазалау жүйесіне көшу [8,9];
Қазіргі кезде және келешекте әр түрлі әдіспен табиғи және ластанған суды тазалау негізгі шара болып табылады. Жаңа технологиямен салынған өндірістер негізінен қалдық шығармау жүйесін игере отырып, лас суларды тазалау су қорғау шарасының негізгі бағдарламасы болмақ.
Судың құрамында беттік белсенді заттардың (ББЗ) болуы су көздерінің биохимиялық тазарту процестерін бірден нашарлатады. Су өсімдіктерінің өсуі тоқтап, иісі мен дәмі және т.б. өзгереді [81].
Қазіргі кезде көптеген химиялық заттар мен қосылыстар шығарылып қолданыс табуда. Олардың көбісі зиянсыз өнімдер болса да, суда жиналып аса қауіпті токсинды заттарға айналады. Ауыл шаруашылық өндірісін қарқындату барысында өсімдіктерді аурулар, кескіштер мен арам шөптерден қорғау үшін минералды тыңайтқыштар мен химиялық заттар қолданылады. Оның ішінде пестицид қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы, жер қабатында орналасып әсер беріп, содан кейін суаттар мен өзендерге түсіп, балықтардың өлуіне әкеледі.
Ауыл шаруашылығы су ресурстарының биогенді бүлінуінің негізгі көзі болып табылады. Олар фитопланктондардың тез көбеюіне (судың гүлденуі), эвтрофикация процестерінің тез жүруіне (су құрамындағы тағамдық заттардың құрамы), суаттардағы өзін-өзі тазалау процесінің жүруіне кедергі жасайды. Жер қабатына тыңайтқыштармен түсетін азот тез еріп нитратты форманы қабылдайды. Ол жер асты суының ластануына әкеліп соғады. Қазіргі технологияларға сай суармалы жерлер тыңайтқыштар мен пестицид қосылған ластанған суларды қолданылады [95].
Суды ластаудың үлкен көзі болып мал мен құс фермалары да зиянын тигізуде. Малдан шыққан тастандылардан гельминт жұмыртқалары пайда болғандықтан олардың құрамындағы микроорганизмдер аурудың негізгі көзі болып саналады. Жер беті су көздерінің кеңінен ластануы көк-жасылды балдырлардың өсуіне себеп болып отыр. Негізінен алғанда коммуналды және өндірістік сумен жабдықтау және де балық шаруашылығына да кері әсерін тигізуді. Мұндай кемшіліктерді кетіру үшін коагулянттардың шығындарын көбейту қажет. Тұндырғыштардың аудандарын, микросүзгілерге кететін электр шығындарын т.б. көбейту қажет. Жылу электр бекеттерінде бұл ластар салқындату процесін нашарлатып, сұйықтықтың көп кетуіне әсер етеді. Бұдан басқа рекреация, емделу, спорт және туризмде қолданылатын су ресурстарын пайдалану шарттарын төмендетеді. Жылу энергетикасының дамуы барысында суаттарға түсетін өңделген ыстық судың түсуі кері әсерін тигізеді. Судың температурасы көтерілген жағдайда оның булануы көбейеді, тұздылығы көтеріледі, су өсімдіктерінің тез өсуіне себеп болады, артынша органикалық заттардың жиналуы болады, ал олардың өлуі құрамындағы еріген оттегінің кемуіне, суаттың өмір сүру уақытын азайтады [13].
Соңғы кездері кейбір өнеркәсіп орындарынан пайда болған радиоактивті қоқыстар табиғи суға үлкен қауіп туғызып отыр. Сондықтан оларды жерлеу қажет. Суаттардың ластануы атмосфера арқылы жүзеге асады. Өндірістің газ тәрізді қалдықтарының құрамында азот қышқылы, көміртегі қышқылы, күкірт қышқылы, шаң, күл және т.б. заттарды шығарады. Олар атмосфералық жауын-шашаынмен ауаға тарайды да, жер беті мен суаттарға қышқылды жаңбыр түрінде келеді.
Адам өмірінің іс-әрекеттер салдарының ішінде табиғат өзгерісіне үлкен әсер ететін бұл су шарушылылық жұмыстары. Оның көлемі істеліп отырған істің шамасына және физико-географиялық жағдайға байланысты. Адам қоғамы дамыған сайын су жүйелерінен жеке адамдардың алған аз көлемде су онша табиғатқа әсер етпейді.
Кейінгі жылдарда су шарушылық құрылысы үлкен көлемде жүргізілді. Ірі гидротехникалық кешендері, су қоймалары көптеген каналдар, ғимараттары салынды.
Үлкен суару жүйелері 10-100мың.га суармалы жерлері бар каналдар өзен-бассейнаралық су ғимараттары жүргізілді [49]. Осының салдарынан су шаруашылық шаралар қоршаған ортаға үлкен өзгерістер келтірді, тіпті кей жерлерге экологиялық жүйелерге зардап келтірді. Су шаруашылық шаралар бір жағынан үлкен экономикалық, тұрмыстық пайдалылығы үлкен, екінші жағынан табиғатқа кері әсерімен жағымсыз жағдайларға ұшыратып жатыр. Ол жұмыстардың экономикалық және әлеуметтік пайдалылығын бірнеше нұсқаларды салыстыра отырып, технико-экономикалық әдістермен анықтайды. Ал жағымсыз жақтардың есебін және оны бағалау өте нашар жолға қойылып келді. Осының салдарынан үлкен дағдарысқа және ауруларға әкеліп соқтырды. Қоршаған ортаға су шаруашылық әсері болатын өзгерістер мынандай үш бағытта болады:
- жасанды түрде суды реттеу және алу;
- суды транзитті әкету;
-суды жеткізу және бөлу [57].
Су шаруашылық құрылысының әсері табиғатқа тікелей немесе жанама түрінде болады.
Тікелей әсерге су балансының өзгеруі жерді сумен басу, жер асты су көтерілуі жатады;
Жанама әсері, біраз уақыттан кейін, айлап-жылдап барып әсер етеді, оған-өсімдік, тірі жәндіктердің өзгеруі, өзен, көлдер мен сазды жердің кебуі. Жер асты суларының - төмендеуі немесе көтерілуі, тағы басқа су шаруашылық шара салдары жөндеуге болатын немесе жөндеуге болмайтын жұмыс арқылы дұрыстауға болады. Екінші жағдай экономиканың бұзылуына әкеліп соғады.
Су шаруашылық шаралары, адам өміріне көп пайдалы әсер етеді, өмір сүру жағдайы көтеріледі, жақсарады. Жаңа аудандар игеріліп, оған көшіп келушілер көбейеді, жұмыс істеу жағдайы жаңа дем алу, денсаулықты жақсарту, саяхат жағдайлары жақсарады. Бұның бәрі - істің жақсы жақтары. Санитарлық жағдайдың нашарлауы, ол су қоймасының әсерінен бөлінген су деңгейінің өзгеруі, судың азаюы мен ластануынан болатын зардаптар.
Су қоймаларының ауа - райына әсері, оның географиялық орналасуы, су көлемі, тереңдігі айдынының аумағына байланысты. Оңтүстікте орналасқан су қоймаларының біразы жер бетінің өзгеруіне әсер етеді. Ең үлкен су қоймалары аз да болса, сол жердің температурасының төмендеуіне әсер етеді.
Су ресурстарын жоспарлау, оны пайдалануы мен қорғау, оның сапасы мен саны, жағдайы туралы ақпаратарға негізделеді.
Су шаруашылығы мемлекеттік кадастрында - су объектілерінің барлық көрсеткіштері: гидрографиялық, гидрологиялық, гидробиологиялық, су пайдалану көлемі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz